Об утверждении Правил лицензирования деятельности по оказанию физкультурно- оздоровительных, спортивных услуг, за исключением деятельности в организациях образования Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.07.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесiн бекiту туралы "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Басқа 3. Бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1374 қаулысымен бекiтiлген Бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесi
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзiрлендi әрi жеке және заңды тұлғаларға аталған қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия беру тәртiбi мен шарттарын айқындайды. Бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрi - лицензиаттар) дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызметi лицензиялануы тиiс.
Тармақ 2
2. Заңды тұлғалардың - лицензиаттардың филиалдары мен өкiлдiктерi олардың құрамында лицензияланады.
Тармақ 3
3. Дене шынықтыру және спорт саласындағы орталық атқарушы орган (бұдан әрi - лицензиар) лицензиат осы Ереженiң 2-бөлiмiнде көрсетiлген талаптарға сай болған кезде бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия бередi.
Тармақ 2. 2. Лицензия берудiң тәртiбi мен шарттары
2. Лицензия берудiң тәртiбi мен шарттары
Тармақ 4
4. Бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшiн заңды тұлға лицензиарға мынадай құжаттар ұсынады:
Тармақша 1
1) белгiленген үлгiдегi өтiнiштi;
Тармақша 2
2) құрылтайшылық құжаттардың көшiрмелерi, мемлекеттiк тiркеу туралы (нотариалды куәландырылған) куәлiктердi;
Тармақша 3
3) бюджетке лицензиялық алым төленгендiгiн растайтын құжаттың көшiрмесiн;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының тиiстi заңнамалық талаптарына сәйкес жаттықтырушы-оқытушылар құрамының бiлiмi мен бiлiктiлiгiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн;
Тармақша 5
5) спортшыларға және дене шынықтырумен шұғылданушыларға медициналық қызмет көрсету туралы дәрiгерлiк-дене шынықтыру диспансерiмен және (немесе) медицина қызметкерiмен жасалған шарттың көшiрмесiн;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарына сәйкес меншiктi немесе жалға алынған спорт құрылысының бар екендiгiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн.
Тармақ 5
5. Бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшiн жеке тұлға лицензиарға мынадай құжаттар ұсынады:
Тармақша 1
1) белгiленген үлгiдегi өтiнiштi;
Тармақша 2
2) бюджетке лицензиялық алым төленгендiгiн растайтын құжаттың көшiрмесiн;
Тармақша 3
3) "дене тәрбиесi және спорт" мамандығы бойынша жоғары немесе орта арнаулы дене шынықтыру немесе педагогтiк бiлiмiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн;
Тармақша 4
4) спортшыларға және дене шынықтырумен шұғылданушыларға медициналық қызмет көрсету туралы дәрiгерлiк-дене шынықтыру диспансерiмен және (немесе) медицина қызметкерiмен жасалған шарттың көшiрмесiн;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарына сәйкес меншiктi немесе жалға алынған спорт құрылысының бар екендiгiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн.
Тармақ 6
6. Лицензия Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгiленген мерзiмдерде берiледi.
Тармақ 7
7. Лицензия бiр данада берiледi, лицензия жоғалған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен лицензиат жазбаша өтiнiшi бойынша телнұсқасын алады.
Тармақ 8
8. Лицензия лицензиатқа немесе оның өкiлiне сенiмхаттың негiзiнде берiледi.
Тармақ 9
9. Лицензияға лицензиялық органның басшысы не оның орнындағы тұлға қол қояды және лицензиардың мөрiмен куәландырылады.
Тармақ 3. 3. Лицензиялық алым
3. Лицензиялық алым
Тармақ 10
10. Бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензиялық алымның ставкасы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгiленедi. Лицензиялық қызметпен айналысудың бүкiл кезеңiне лицензия беру лицензия берiлген сәтте бiржолғы лицензиялық алым төленiп жүзеге асырылады.
Тармақ 4. 4. Лицензия беруден бас тарту, оның қолданылуын тоқтату, оны қайта ресiмдеу, қайтарып алу және қолданылуын тоқтата тұру
4. Лицензия беруден бас тарту, оның қолданылуын тоқтату, оны қайта ресiмдеу, қайтарып алу және қолданылуын тоқтата тұру
Тармақ 11
11. Лицензия беруден бас тарту, оның қолданылуын тоқтату, оны қайта ресiмдеу, қайтарып алу және қолданылуын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында көзделген негiздермен жүзеге асырылады.
Тармақ 5. 5. Лицензияның қолданылу мерзiмi
5. Лицензияның қолданылу мерзiмi
Тармақ 12
12. Лицензия қолданылу мерзiмi шектелмей берiледi.
Тармақ 6. 6. Есепке алу және бақылау
6. Есепке алу және бақылау
Тармақ 13
13. Лицензиат берiлген лицензияларда бiрыңғай есепке алуды жүргiзедi.
Тармақ 14
14. Лицензиар осы Ереженiң сақталуын бақылауды жүргiзедi.