Об утверждении ставок туристского взноса для иностранцев на территории Бурабайского района Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бурабай ауданының аумағында шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Бурабай ауданының аумағында шетелдіктер үшін туристерді орналастыру орындарында туристік жарнаның мөлшерлемелері болу құнының 5 (бес) пайызы мөлшерінде бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.