Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочного листа по соблюдению законодательства в сфере оказания государственных услуг Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағын бекіту туралы БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. Қоса берілген:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері осы бірлескен бұйрықтың 1- қосымшасына сәйкес;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту, мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын бағалау және бақылау департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет- ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындауын бақылау мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және бағалау мәселелеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті
Басқа 1. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 4 мамырдағы № 57 мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы 2023 жылғы 4 мамырдағы № 102 Бірлескен бұйрығына 1-қосымша Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс)141-бабы 4, 6 тармақтары және 143-бабы 1-тармағына, сондай- ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 28577) бекітілген Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) тәуекел – мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу ықтималдылығы;
Тармақша 2
2) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары – салалық даму ерекшеліктері мен осы дамуға әсер ететін факторларды ескере отырып, бақылау субъектісінің тікелей қызметімен байланысты, бақылау субъектілерін әртүрлі тәуекел дәрежесіне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;
Тармақша 3
3) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – мемлекеттік қызметтер көрсету саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке бақылау субъектісіне (объектісіне) тікелей байланыссыз бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары
Тармақша 4
4) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары
Тармақша 5
5) бақылау субъектілері – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсететін орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғалар;
Тармақша 6
6) өрескел бұзушылықтар – мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге, көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге, оның ішінде әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтыратын қоғамдық қатынастарды сақтауға айқын кері әсерін тигізетін Заңмен, Заңның 10- бабы 1) тармақшасына сәйкес бекітілетін мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерімен (бұдан әрі – заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер) белгіленген талаптардың бұзушылықтары, сондай-ақ орталық мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекеттік органның жыл сайынғы тиімділігін операциялық бағалау қорытындысы бойынша тиімсіз қызметі;
Тармақша 7
7) елеулі бұзушылықтар – мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге, көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге, оның ішінде әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтықпайтын қоғамдық қатынастарды сақтауға айқын кері әсерін тигізбейтін Заңмен, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен белгіленген талаптардың бұзушылықтары;
Тармақша 8
8) елеусіз бұзушылықтар – мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге, көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге қатысты қоғамдық қатынастарды сақтауға әсерін тигізбейтін Заңмен, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен белгіленген талаптардың бұзушылықтары;
Тармақша 9
9) артық құжаттарды талап ету – заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тізбеде көзделмеген құжаттарды сұрату;
Тармақша 10
10) құжаттар топтамасы толық болмағанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету – заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің талаптарында көрсетілген құжаттар тізбесі немесе ондағы мәліметтер сәйкес келмеген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру;
Тармақша 11
11) мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі – мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекет ету, оның ішінде олардың тиісінше және уақытылы орындауы, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жасау, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалдарының халыққа қызмет көрсету бөлімдерімен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібі;
Тармақша 12
12) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуден негізді бас тарту – Заңда белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту;
Тармақша 13
13) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мерзімдері – заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделген мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну мерзімдері;
Тармақша 14
14) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі – мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сыныпталған тізбесі.
Тарау 2. 2-тарау. Объективті өлшемшарттар
2-тарау. Объективті өлшемшарттар
Тармақ 3
3. Объективті өлшемшарттарды айқындау мынадай:
Тармақша 1
1) тәуекелді айқындау;
Тармақша 2
2) бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша (жоғары және жоғары дәрежеге жатқызылмаған) топтастыру және бөлу кезеңдері арқылы жүзеге асырылады. Тәуекелдерді айқындау көрсетілген мемлекеттік қызметтердің санына, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қолайсыз салдардың туындау ықтималдығына байланысты жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Объективті өлшемшарттар бойынша жоғарғы тәуекелдер дәрежесіне бақылау субъектілері мынадай:
Тармақша 1
1) бақылау субъектісімен бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау кестесін бекітуден алдыңғы соңғы алты ай ішінде мыңнан астам мемлекеттік қызметтер көрсеткен;
Тармақша 2
2) бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау кестесін бекітуден соңғы алты ай ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жеке және (немесе) заңды тұлғалардан арыз келіп түскен;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 465-бабының талаптарын сақтамағаны үшін бір жыл ішінде әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғалар болған;
Тармақша 4
4) бір жыл ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында (оның ішінде, интернет ресурстарында) бақылау субъектілерінің мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қатысты қоғамдық резонансы бар жағымсыз материалдары болған;
Тармақша 5
5) бір жыл ішінде Заңның, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтау бойынша үш немесе одан да көп тексерулер жүргізілген;
Тармақша 6
6) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша есепте мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту фактілері болған жағдайларда жатқызылады. Тәуекелді анықтағаннан кейін бақылау субъектілері екі тәуекел дәрежесіне (жоғарғы және жоғарғыға жатпайтын) бөлінеді. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдің жоғарғы дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне қатысты бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу мақсатында субъектівті өлшемшарттар қолданылады.
Тармақ 5
5. Бақылау субъектілерін тәуекел дәрежесіне жатқызу объективті және субъективті өлшемшарттар негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне қатысты бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.
Тарау 3. 3-тарау. Субъективті өлшемшарттар
3-тарау. Субъективті өлшемшарттар
Тармақ 7
7. Субъективтік өлшемшарттар мынадай ақпарат көздері:
Тармақша 1
1) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның бақылау субъектілеріне алдыңғы тексерулері мен бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері;
Тармақша 2
2) жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына расталған шағымдар мен арыздардың болуы;
Тармақша 3
3) бақылау субъектілері ұсынатын, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері;
Тармақша 4
4) мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарын, бұқаралық ақпарат құралдарын талдау;
Тармақша 5
5) сұрау салу бойынша уәкілетті органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді, есептік деректерді, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторингті талдау нәтижелері негізінде анықталады.
Тармақ 8
8. Субъективті өлшемшарттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы заңнамасының негізінде әзірленіп, тексеру парақтарында атап өтілген, олар үш бұзушылық дәрежесіне бөлінген: өрескел, елеулі және елеусіз. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының талаптарын өрескел, елеулі және елеусіз бұзушылықтарға бөлу осы Өлшемшарттардың қосымшасында келтірілген.
Тармақ 9
9. Осы Өлшемшарттардың 7-тармағында белгіленген ақпарат көздері негізінде осы Өлшемшарттардың қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша бақылау субъектілерінің тәуекел дәрежесінің субъективтік өлшемшарттары белгіленеді. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі мыналарға:
Тармақша 1
1) тәуекел дәрежесі 71-ден бастап 100-ді қоса алғанда дейінгі көрсеткіш кезінде және өзіне қатысты бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілгенде жоғары тәуекел дәрежесіне;
Тармақша 2
2) тәуекел дәрежесі 0-ден 70-қа дейінгі қоса алғанда көрсеткіш кезінде және өзіне қатысты бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілмегенде жоғары дәрежеге жатқызылмаған тәуекел дәрежесіне жатады. Бір өрескел бұзушылық анықталған жағдайда бақылау субъектісіне тәуекел дәрежесінің 100 көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі. Егер, өрескел бұзушылықтар анықталмаса, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және елеусіз дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткіш есептеледі. Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі: SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7, мұнда: SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші; SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны; SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны; Елеусіз бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі: SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3, мұнда: SРн – елеусіз бұзушылықтардың көрсеткіші; SР1 – елеусіз бұзушылықтардың талап етілетін саны; SР2 – анықталған елеусіз бұзушылықтардың саны; Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және елеусіз бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады: SР = SРз + SРн, мұнда: SР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші; SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші; SРн – елеусіз бұзушылықтардың көрсеткіші.
Тарау 4. 4-тарау. Қорытынды ережелер
4-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 10
10. Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу мерзімділігі жылына бір реттен аспауы тиіс.
Тармақ 11
11. Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 10 мамырына дейінгі мерзімде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның басшысының немесе оның міндетін атқарушы адамның бекіткен жартыжылдық тізімдері негізінде бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.
Тармақ 12
12. Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау тізімдері субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің барынша жоғары көрсеткіші бар бақылау субъектісінің басымдығы ескеріле отырып жасалады.
Басқа 2. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша бақылау субъектілерінің тәуекел дәрежесінің субъективтік өлшемшарттары
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына қосымша Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша бақылау субъектілерінің тәуекел дәрежесінің субъективтік өлшемшарттары № Өл­шем­шар­ттар Бұ­зу­шы­лық дә­ре­же­сі Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту са­па­сын ба­ға­лау және ба­қы­лау жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган­ның ал­дың­ғы тек­се­ру­ле­рі мен про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау нәти­же­ле­рі (ауыр­лық дә­ре­же­сі тө­мен­де көр­се­ті­л­ген та­лап­тар­ды сақ­та­ма­ған кез­де бел­гі­ле­не­ді) 1 Бе­кі­ті­ле­тін мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бін ай­қын­дай­тын заң­ға тәу­ел­ді нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­де қам­ти­тын, жа­рия тал­қы­лау ба­ры­сын­да алын­ған же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­дың ес­кер­ту­ле­рі мен ұсы­ны­ста­рын, құқық­та­ры мен заң­ды мүд­де­ле­рін ес­ке­ру бө­лі­гін­де, "элек­трон­дық үкі­мет­тің" веб-пор­та­лын­да, мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­лу­ға жа­та­тын мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бін ай­қын­дай­тын заң­ға тәу­ел­ді нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рі­нің жо­ба­сын жа­рия тал­қы­ла­уды аяқ­тау ту­ра­лы есеп­тің сәй­кес бо­луы Еле­улі 2 Ор­та­лық мем­ле­кет­тік ор­ган­мен бе­кі­ті­ле­тін мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бін ай­қын­дай­тын заң­ға тәу­ел­ді нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді әзір­леу және бе­кі­ту, сон­дай-ақ, өзгер­ту, то­лық­ты­ру және кү­шін жою, оны "элек­трон­дық үкі­мет­тің" веб-пор­та­лын­да және мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған кү­ні­нен ба­стап он жұ­мыс күн ішін­де жа­рия тал­қы­ла­у­ға мін­дет­ті түр­де жа­та­тын мер­зі­мін сақ­тау Еле­улі 3 Ор­та­лық мем­ле­кет­тік ор­ган­мен мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бін ай­қын­дай­тын заң­ға тәу­ел­ді нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді әзір­леу және бе­кі­ту Еле­улі 4 "Элек­трон­дық үкі­мет­тің" веб-пор­та­лын­да және мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ин­тер­нет-ре­сур­сын­да мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі бой­ын­ша ақ­па­рат­ты өзек­тен­ді­ру мер­зі­мін сақ­тау және Бі­рың­ғай бай­ла­ныс-ор­та­лы­ғы­на жол­дау та­ла­бын сақ­тау Еле­у­сіз 5 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­дың сұ­рау са­луы бой­ын­ша мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің орын­да­лу са­ты­сы ту­ра­лы ха­бар­дар ету, сон­дай-ақ көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­ға мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту тәр­ті­бі ту­ра­лы қол­же­тім­ді ны­сан­да то­лық және анық ақ­па­рат ұсы­ну Еле­улі 6 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту са­ла­сын­да­ғы жұ­мыс­кер­лер­дің бі­лік­ті­лі­гін арт­тыр­ғанды­ғы жө­нін­де дәлел­ді құ­жат­тар­дың (сер­ти­фи­кат­тар, ди­плом­дар және бас­қа) бо­луы Еле­у­сіз 7 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­лер­дің ор­на­ла­су жер­ле­рін­де және "Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет" Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы" ком­мер­ци­я­лық емес ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы фи­ли­ал­да­ры­ның ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту бө­лім­де­рін­де мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар ті­зі­мі мен олар­ды тол­ты­ру ны­сан­да­ры үл­гі­ле­рі­нің бар бо­луы Еле­улі 8 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту са­ты­сы ту­ра­лы де­ректер­ді мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мо­ни­то­рин­гі­нің ақ­па­рат­тық жүй­е­сіне ен­гі­зу­ді қам­та­ма­сыз ету Еле­улі 9 Те­гін негіз­де ұсы­ны­ла­тын мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту ке­зін­де тө­лем та­лап ету­ге жол бер­меу Өрес­кел 10 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­дан ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден алы­на­тын құ­жат­тар­ды та­лап ету­ге жол бер­меу Еле­улі 11 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­дан ар­тық құ­жат­тар­ды та­лап ету­ге жол бер­меу Өрес­кел 12 Құ­жат­тар топ­та­ма­сы то­лық бол­ма­ған­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту­ге жол бер­меу Өрес­кел 13 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­мен жұ­мыс мер­зі­мін сақ­тау Өрес­кел 14 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­мен мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бін сақ­тау Өрес­кел 15 Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­ден дәлел­ді бас тар­ту Өрес­кел 16 Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мер­зім­де­рін сақ­тау Өрес­кел 17 Тір­ке­ген күн­нен ба­стап бес жұ­мыс күн­де қа­ра­лу­ға жа­та­тын ша­ғым­дар­ды қа­рау нәти­же­сі ту­ра­лы қыз­мет алушы­лар­ды ха­бар­дар ету бой­ын­ша та­лап­тар­ды, сон­дай-ақ көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­дың ша­ғым­да­рын қа­на­ғат­тан­ды­ру­дың то­лық­тығ­ын сақ­тау Өрес­кел 18 Есеп­тің және есеп­ке тал­да­ма­лық анық­та­ма­ның іш­кі ба­қы­лау бой­ын­ша жұ­мыс ту­ра­лы есеп­тік ны­сан­да көр­се­ті­л­ген мә­лі­мет­тер­ді рас­тай­тын ти­іс­ті ма­те­ри­ал­дар­дың (бұй­рық­тар­дың, хат­та­ма­лар­дың, ше­шім­дер­дің, хат­тар­дың, анық­та­ма­лар­дың, қыз­мет­тік жа­з­ба­лар­дың кө­шір­ме­ле­рі, фо­то­ма­те­ри­ал­дар­дың) бо­луы Еле­улі 19 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­лер­дің, мүд­де­лі же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­дың қа­ты­суы­мен, жыл сай­ын "элек­трон­дық үкі­мет­тің" веб-пор­та­лын­да, ин­тер­нет-ре­сур­стар­да және бас­қа да бұ­қа­ра­лық ақ­па­рат құ­рал­да­рын­да ор­на­ла­сты­ру­ға жа­та­тын мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту са­ла­сын­да­ғы қыз­мет ту­ра­лы есеп­тер­ге жы­лы­на ке­мін­де бір рет жа­рия тал­қы­ла­у­лар өт­кі­зу Өрес­кел Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер са­па­сы­на же­ке және/неме­се заң­ды тұ­лға­лар­дан түс­кен негіз­ді ша­ғым­дар­дың және өті­ніш­тер­дің бо­луы бой­ын­ша 20 Же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­дан түс­кен, мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту са­па­сын ба­ға­лау және ба­қы­лау жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган­мен рас­тал­ған ша­ғым­дар­дың неме­се өті­ніш­тер­дің бо­луы Өрес­кел 21 Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның, "Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет" Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы" ком­мер­ци­я­лық емес ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­ның, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің аты­на ке­ліп түс­кен көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­дың ша­ғым­да­рын бес жұ­мыс кү­ні ішін­де қа­рау мер­зім­де­рін сақ­та­мау Еле­улі Ба­қы­лау субъ­ек­ті­лер­мен ұсы­ны­ла­тын, сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың ақ­па­рат­тық жүй­е­ле­рі­нен алы­на­тын есеп­тер мен мә­лі­мет­тер­ге жүр­гі­зі­ле­тін мо­ни­то­ринг нәти­же­сі бой­ын­ша 22 Тоқ­сан сай­ын есеп­тік ке­зең­нен кей­ін­гі ай­дың 10-шы кү­ніне дей­ін тал­да­ма­лық анық­та­ма­ны қо­са оты­рып, іш­кі ба­қы­лау бой­ын­ша жұ­мыс ту­ра­лы есеп­ті мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту са­па­сын ба­ға­лау және ба­қы­лау жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган­ға бел­гі­лен­ген мер­зім­де ұсы­ну­ды қам­та­ма­сыз ет­пеу Еле­у­сіз 23 Тоқ­сан сай­ын­ғы іш­кі ба­қы­лау бой­ын­ша жұ­мыс ту­ра­лы есеп­ті мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту са­па­сын ба­ға­лау және ба­қы­лау жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган­ға ұсы­ну­ды қам­та­ма­сыз ет­пеу Өрес­кел 24 Ба­қы­лау субъ­ек­ті­ле­рі­нің мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер са­па­сы­на іш­кі ба­қы­лау бой­ын­ша есеп­тік мә­лі­мет­те­рін­де мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мер­зім­де­рін бұ­зуы­ның бо­луы Еле­улі 25 Ба­қы­лау субъ­ек­ті­ле­рі­нің мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер са­па­сы­на іш­кі ба­қы­лау бой­ын­ша есеп­тік мә­лі­мет­те­рін­де мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер са­па­сы­на ша­ғым­дар­дың бо­луы Еле­улі 26 Есеп­тік ны­сан­да­ры­на сәй­кес, мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер са­па­сы­на іш­кі ба­қы­лау бой­ын­ша дұ­рыс және (неме­се) то­лық кө­лем­де есеп­тік мә­лі­мет­тер­ді ұсын­бау Өрес­кел Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың ре­сми ин­тер­нет-ре­сур­ста­рын, бұ­қа­ра­лық ақ­па­рат құ­рал­да­рын тал­дау бой­ын­ша 27 Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі­нің ин­тер­нет-ре­сур­сын­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер са­па­сы­на жүр­гі­зі­л­ген ба­қы­лау нәти­же­ле­рін ор­на­ла­стыр­мау Еле­улі 28 "Элек­трон­дық үкі­мет" веб-пор­та­лын­да, ба­қы­лау субъ­ек­ті­ле­рі­нің ин­тер­нет-ре­сур­ста­рын­да бе­кі­ті­ле­тін мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бін ай­қын­дай­тын заң­ға тәу­ел­ді нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін ор­на­ла­стыр­мау Еле­улі 29 Ба­қы­лау субъ­ек­ті­ле­рі­нің "элек­трон­дық үкі­мет" веб-пор­тал­да, ин­тер­нет-ре­сур­ста­рын­да және бас­қа да бұ­қа­ра­лық ақ­па­рат құ­рал­да­рын­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі қыз­мет ту­ра­лы есеп­ті ор­на­ла­стыр­мау Еле­улі 30 Бе­кі­ті­ле­тін мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бін ай­қын­дай­тын заң­ға тәу­ел­ді нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рі­нің жо­ба­сын жа­рия тал­қы­лау үшін оны "элек­трон­дық үкі­мет­тің" веб-пор­та­лын­да, өзі­нің ин­тер­нет-ре­сур­сын­да және (неме­се) жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­ның ин­тер­нет-ре­сур­ста­рын­да ор­на­ла­стыр­мау Еле­у­сіз 31 "Элек­трон­дық үкі­мет­тің" веб-пор­та­лын­да, өзі­нің ин­тер­нет-ре­сур­сын­да және (неме­се) жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­ның ин­тер­нет-ре­сур­ста­рын­да бе­кі­ті­ле­тін мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бін ай­қын­дай­тын заң­ға тәу­ел­ді нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рі­нің жо­ба­сын жа­рия тал­қы­ла­удың аяқ­тал­ға­ны ту­ра­лы есе­бін ор­на­ла­стыр­мау Еле­у­сіз 32 Бұ­қа­ра­лық ақ­па­рат құ­рал­да­рын­да мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді са­па­сыз көр­се­ту жө­нін­де сы­ни ақ­па­рат­тар­дың бо­луы Өрес­кел Уәкі­лет­ті ор­ган­дар және ұй­ым­дар­мен ұсы­ны­ла­тын мә­лі­мет­тер, есеп­тік ақ­па­рат­тар­ды сұ­ра­туы бой­ын­ша, мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту са­па­сы­ның қо­ғам­дық мо­ни­то­ринг­тің тал­дау нәти­же­ле­рі бой­ын­ша 33 Ақ­па­рат­тан­ды­ру са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган­ның "Мо­ни­то­ринг" ық­пал­да­сты­ры­л­ған ақ­па­рат­тық жүй­е­сі­нің мә­лі­ме­тіне сәй­кес мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мер­зім­де­рін сақ­та­мау Өрес­кел 34 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту са­па­сын ба­ға­лау және ба­қы­лау жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган­ның әле­умет­тік тап­сы­ры­сы бой­ын­ша қо­ғам­дық мо­ни­то­ринг жүр­гі­зу ке­зін­де мем­ле­кет­тік құ­пи­я­лар­ды, ком­мер­ци­я­лық және за­ң­мен қор­ға­ла­тын өзге де құ­пи­я­ны құ­рай­тын ақ­па­рат­ты қо­с­па­ған­да, мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту са­ла­сы­на жа­та­тын сұ­ра­ты­л­ған ақ­па­рат­ты ұсын­бау Еле­улі 35 Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­мен өза­ра іс-қи­мы­лын опе­ра­ци­я­лық ба­ға­лау әді­сте­ме­сіне сәй­кес, ор­та­лық мем­ле­кет­тік ор­ган­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту бой­ын­ша мем­ле­кет­тік ор­ган­ның жыл сай­ын­ғы ти­ім­ді­лі­гін опе­ра­ци­я­лық ба­ға­лау қо­ры­тындысы бой­ын­ша ти­ім­сіз қыз­ме­ті Өрес­кел
Басқа 2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы тексеру
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 4 мамырдағы № 57 мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы 2023 жылғы 4 мамырдағы № 102 Бірлескен бұйрығына 2-қосымша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы тексеру парағы Мемлекеттік органға қатысты_________________________________________________________ ___________________________________________________________________________________ Тексеруді/ бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган____________________________________________ ___________________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________________ Тексеруді/ бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт_____________________________________________________ ___________________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________________ №, күні Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы_________________________________ ___________________________________________________________________________________ Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру нөмірі Орналасқан жерінің мекенжайы_______________________________________________________ ___________________________________________________________________________________ № Талаптар тізімі Талаптарға сәйкес келеді Талаптарға сәйкес келмейді 1 Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде қамтитын, жария талқылау барысында алынған жеке және заңды тұлғалардың ескертулері мен ұсыныстарын, құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін ескеру бөлігінде, "электрондық үкіметтің" веб-порталында, мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырылуға жататын мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерінің жобасын жария талқылауды аяқтау туралы есептің сәйкес болуы 2 Орталық мемлекеттік органмен мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актісін әзірлеу және бекіту, сондай-ақ, өзгерту, толықтыру және күшін жою, оны "электрондық үкіметтің" веб-порталында және мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырылған күнінен бастап он жұмыс күн ішінде жария талқылауға міндетті түрде жататын мерзімін сақтау 3 Орталық мемлекеттік органмен мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту 4 "Электрондық үкіметтің" веб-порталында және мемлекеттік органның интернет-ресурсында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі бойынша ақпаратты өзектендіру мерзімін сақтау және Бірыңғай байланыс-орталығына жолдау талабын сақтау 5 Көрсетілетін қызметті алушылардың сұрау салуы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалу сатысы туралы хабардар ету, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсыну 6 Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттырғандығы жөнінде дәлелді құжаттардың (сертификаттар, дипломдар және басқа) болуы 7 Көрсетілетін қызметті берушілердің орналасу жерлерінде және "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалдарының халыққа қызмет көрсету бөлімдерінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі мен оларды толтыру нысандары үлгілерінің бар болуы 8 Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз ету 9 Тегін негізде ұсынылатын мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде төлем талап етуге жол бермеу 10 Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынатын құжаттарды талап етуге жол бермеу 11 Көрсетілетін қызметті алушылардан артық құжаттарды талап етуге жол бермеу 12 Құжаттар топтамасы толық болмағанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге жол бермеу 13 Көрсетілетін қызметті берушімен жұмыс мерзімін сақтау 14 Көрсетілетін қызметті берушімен мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін сақтау 15 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуден дәлелді бас тарту 16 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мерзімдерін сақтау 17 Тіркеген күннен бастап бес жұмыс күнде қаралуға жататын шағымдарды қарау нәтижесі туралы қызмет алушыларды хабардар ету бойынша талаптарды, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын қанағаттандырудың толықтығын сақтау 18 Мемлекеттік бақылау қағидаларына сәйкес, есептің және есепке талдамалық анықтаманың ішкі бақылау бойынша жұмыс туралы есептік нысанда көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті материалдардың (бұрықтардың, хаттамалардың, шешімдердің, хаттардың, анықтамалардың, қызметтік жазбалардың көшірмелері, фотоматериалдардың) болуы 19 Көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен, жыл сайын "электрондық үкіметтің" веб-порталында, интернет-ресурстарда және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыруға жататын мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге жылына кемінде бір рет жария талқылаулар өткізу Лауазымды адам (-дар) _____________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) __________________________________________________________________ лауазымы қолы Бақылау және қадағалау субъектісінің басшысы_____________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) __________________________________________________________________ лауазымы қолы