Об объявлении чрезвычайной ситуации Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.01.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Төтенше жағдай жариялау туралы Қазіргі кезде облыста бөтеке қызуы безгегі жұқпалы ауруының болуы жағдайды шиеленістіріп отыр. Мұндай жұқпалы індеттің көзі тышқан тұқымдас кеміргіштер болып табылады. Індеттің әрбір ошағын тексерген кезде кеміргіштердің көптігі белгілі болды, мұның өзі облыстың кейбір аудандарының тұрғындары арасында жұқпалы аурудың таралу қаупін күшейте түсуде. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" , "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" , "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" заңдарына, облыс әкімдігінің "Жергілікті атқарушы органдары резервін пайдаланудың Ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 1 тамыздағы N 148 қаулысына (тіркеу N 1728) сәйкес, бөтеке қызуы безгегі жұқпалы ауруының ошақтарын жоюды қамтамасыз ету және осындай індет ошағындағы елді мекендерде жаппай дератизациялық шараларды жүргізу мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бөрлі, Зеленов, Теректі және Шыңғырлау аудандарындағы бөтеке қызуы безгегі жөніндегі қалыптасқан жағдай төтенше деп жариялансын.
Тармақ 2
2. Батыс Қазақстан облыстық қаржы басқармасы жергілікті атқарушы органдар резервінен Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге бөлсін.
Тармақ 3
3. Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы бөлінген бюджет қаржысының мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.П.Качалоға жүктелсін.