Вопросы Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.02.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің мәселелері Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету мақсатында және "Мемлекеттік басқару органдарын одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы N 3986 Жарлығын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің қарауындағы ұйымдардың қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің "Қазпатент" және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Статистика және талдау жөніндегі комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын құрудың мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1552 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 48, 449-құжат) күші жойылған деп танылсын.
Басқа 3. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің қарауындағы ұйымдардың
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 15 желтоқсандағы N 1287 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің қарауындағы ұйымдардың Тізбесі Әкімшілік-шаруашылық басқармасы (заңды тұлға құқығында)