Об утверждении Положения и структуры Национального Банка Республики Казахстан Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы «Қазақстан Республикасының Президентi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 20-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы ереже;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң құрылымы бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратын, оның филиалдарын және өкілдігін қоса алғанда жалпы штат саны 2161 бірлік болып бекітілсін.
Тармақ 3
3. Қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр Жарлықтарының күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы Жарлық 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Басқа 0. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен БЕКІТІЛДІ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Қазақстан Ұлттық Банкі) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, мемлекеттің ақша-кредит саясатын (бұдан әрі – ақша-кредит саясаты) әзірлеуді және жүргізуді, төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесетін, валюталық реттеу мен валюталық бақылауды, статистикалық қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ өз құзыреті шегінде қаржы нарығын, қаржы ұйымдарын және өзге де тұлғаларды және Қазақстан Республикасының қаржылық заңнамасы саласындағы мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді.
Тармақ 2
2. Қазақстан Ұлттық Банкі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережеге (бұдан әрі – Ереже) сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 2-1
2-1. Қазақстан Ұлттық Банкінің толық атауы:
Тармақша 1
1) мемлекеттік тілде: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 2
2) орыс тілінде: Республиканское государственное учреждение «Национальный Банк Республики Казахстан»;
Тармақша 3
3) ағылшын тілінде: Republican state institution «National Bank of the Republic of Kazakhstan».
Тармақ 3
3. Қазақстан Ұлттық Банкі республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері және ерекшелік белгілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген, қазақ және орыс тілдерінде өзінің атауы жазылған мөрлері мен қазақ және орыс тілдерінде өзінің атауы жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері болады. Қазақстан Ұлттық Банкі өзінің филиалдарымен, өкілдіктерімен, республикалық мемлекеттік кәсіпорындарымен (бұдан әрі – Қазақстан Ұлттық Банкінің ұйымдары) бірге тікелей бағыну схемасындағы біртұтас орталықтандырылған құрылымды құрайды. Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалдары (бұдан әрі – филиал) Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесінің шешімімен ашылады, оған есеп береді және өз қызметін Қазақстан Ұлттық Банкі белгілеген өкілеттіктер шегінде жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесі бекітетін филиалдың құрылымына құқықтық мәртебесі мен өкілеттіктері Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалы туралы ережеде айқындалатын бөлімдер мен басқа да бөлімшелер кіруі мүмкін. Филиал өз қызметінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының, Ақша-кредит саясаты комитеті мен Директорлар кеңесінің қаулыларын, Қазақстан Ұлттық Банкінің бұйрықтарын, өкімдерін, осы Ережені және Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалы туралы ережені басшылыққа алады. Филиалды ашу және жабу тәртібі, оның өкілеттіктері, міндеттері мен функциялары Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалы туралы ережеде және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады. Филиалдың қызметіне басшылықты Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы лауазымға тағайындайтын (лауазымнан босататын) оның директоры жүзеге асырады. Филиалдың директоры өз қызметін филиал туралы ереже және Қазақстан Ұлттық Банкінің сенімхаты негізінде жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық Банкінің өкілдіктері Қазақстан Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің шешімімен Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тыс жерлерде де ашылады және Қазақстан Ұлттық Банкі белгілеген өкілеттіктер шегінде Қазақстан Ұлттық Банкінің мүдделерін қорғауды және білдіруді жүзеге асырады. Өкілдіктерді ашу, жабу тәртібі, олардың өкілеттіктері және құқықтық мәртебесі Қазақстан Ұлттық Банкінің өкілдіктері туралы ережелерде айқындалады. Өкілдіктің қызметіне басшылықты Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы лауазымға тағайындайтын (лауазымнан босататын) өкілдік басшысы жүзеге асырады. Өкілдік басшысы өз қызметін өкілдік туралы ереже және Қазақстан Ұлттық Банкінің сенімхаты негізінде жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық Банкінің ішкі қызметіне байланысты өзге де мәселелер Қазақстан Ұлттық Банкінің жұмыс регламентінде, құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерде және Қазақстан Ұлттық Банкінің өзге де құқықтық актілерінде белгіленеді. Қазақстан Ұлттық Банкінің ұйымдары республикалық заңды тұлғалар болып табылады, республикалық мемлекеттік кәсіпорындар нысанында құрылады, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге жатады және Қазақстан Ұлттық Банкінің біртұтас орталықтандырылған құрылымына кіреді. Қазақстан Ұлттық Банкі өзі құратын ұйымдарға қатысты олардың құрылтайшысы және олардың қызметін реттеу және аталған ұйымдардың құқықтық мәртебесін өзгерту туралы шешімдер қабылдау бойынша өкілеттіктерді қоса алғанда, оларға қатысты республикалық меншік құқығы субъектісі функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкі өзі құратын ұйымдар қызметінің нысанасын және мақсаттарын, сондай-ақ олардың түрін (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы) дербес айқындайды, олардың жарғыларын, оларға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді. Қазақстан Ұлттық Банкінің ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту, жарғылық капиталын ұлғайту не азайту, тарату және иеліктен шығару туралы шешімді Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесі қабылдайды. Қазақстан Ұлттық Банкінің ұйымдарын және олардың органдарын құру, қайта ұйымдастыру, тарату тәртібі, олардың қызметінің мәні мен мақсаттары, құқықтық мәртебесі мен жарғылық құзыреті Қазақстан Республикасының заңнамасында, ұйымдардың жарғыларында, осы Ережеде және Қазақстан Ұлттық Банкінің құқықтық актілерінде айқындалады. Қазақстан Ұлттық Банкі ұйымдарының қызметіне басшылықты Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы қызметке тағайындайтын (қызметтен босататын) оның басшысы жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық Банкі ұйымдарының жарғысын Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесі бекітеді. Қазақстан Ұлттық Банкі филиалдарының, өкілдіктерінің және ұйымдарының өз мөрі және белгіленген үлгідегі бланкілері болады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Ұлттық Банкі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастар жасайды.
Тармақ 5
5. Егер Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті болса, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар жасауға құқығы бар.
Тармақ 6
6. Қазақстан Ұлттық Банкі өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының бұйрықтарымен, Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының, Ақша-кредит саясаты комитетінің, Директорлар кеңесінің қаулыларымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымын және жалпы штат санын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Тармақ 8
8. Қазақстан Ұлттық Банкінің орталық аппаратының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z00A9G3, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 64-ғимарат.
Тармақ 9
9. Ереже Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 10
10. Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Қазақстан Ұлттық Банкіне Қазақстан Республикасының заңдарында және осы Ережеде белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Ұлттық Банкінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады. Қазақстан Ұлттық Банкі ақылы негізде банктік операциялар және басқа да көрсетілетін қызметтерді жүргізуге құқылы. Көрсететін қызметтерінің түрлері мен ақысының мөлшерлерін Қазақстан Ұлттық Банкі дербес айқындайды. Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын, өзге де қорлар мен ұйымдардың активтерін басқару бойынша көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметіне және бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органға көрсетілетін банктік және өзге де қызметтер үшін ақы алмайды.
Тарау 2. 2-тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің міндеттері мен өкілеттіктері
2-тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 12
12. Міндеттері:
Тармақша 1
1) ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;
Тармақша 2
2) төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
Тармақша 5
5) ақша-кредит статистикасы, қаржы нарығының статистикасы және сыртқы сектор статистикасы саласында статистикалық қызметті жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де міндеттер.
Тармақ 13
13. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары: өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының аумағындағы қаржы ұйымдарының, басқа да жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау; кез келген жеке және заңды тұлғалардан, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарынан, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарынан, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарынан, Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын шетелдік қаржылық емес ұйымдардың филиалдарынан (өкілдіктерінен), сондай-ақ мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты, оның ішінде қызметтік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге құпияны құрайтын мәліметтерді сұрату және өтеусіз алу; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктер шегінде тексерулер және бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарын жүргізу; Қазақстан Ұлттық Банкінің ішкі қызметін, сондай-ақ ол құрылтайшы (уәкілетті орган) не акционер болып табылатын заңды тұлғалардың қызметін жүзеге асыруға байланысты қатынастарды реттейтін нормативтік және нормативтік емес құқықтық актілерді қабылдау; «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы заң), Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) міндеттері: ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу; қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу; ақша-кредит статистикасы, қаржы нарығының статистикасы және сыртқы сектор статистикасы саласында статистикалық қызметті жүзеге асыру; Қазақстан Ұлттық Банкінің орталық аппаратының бөлімшелеріне, филиалдарына, өкілдіктеріне және ұйымдарына, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкі жалғыз акционері болып табылатын акционерлік қоғамдарға ішкі аудитті және олардың қызметін тексеруді жүзеге асыру; Ұлттық Банк туралы заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де міндеттер.
Тармақ 14
14. Функциялары: Қазақстан Ұлттық Банкі:
Тармақша 1
1) ақша-кредит саясатын әзірлейді және жүргізеді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарады;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының жалғыз эмитенті болып табылады және Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақша айналысын ұйымдастырады;
Тармақша 3-1
3-1) цифрлық теңгенің жалғыз эмитенті болады;
Тармақша 3-2
3-2) Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының айналыстағы ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру тәртібін айқындайды;
Тармақша 5
5) Қазақстан Ұлттық Банкiнде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операцияларды жүргізу тәртібін айқындайды;
Тармақша 6
6) төлем жүйелерінің ұйымдастырылуын және жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 6-1
6-1) төлем жүйелерін реттеуді және оларды қадағалауды (оверсайт), төлем қызметтерінің нарығын реттеуді, оны бақылау мен қадағалауды, сондай-ақ төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын реттеуді Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды тасымалдауды, сақтауды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттардың, монеталардың және құндылықтардың резервтiк мемлекеттік қорларын құрады;
Тармақша 8
8) қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың үй-жайларды жайластыруға қойылатын талаптарды сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) банкаралық ақша аударымдары жүйесін, банкаралық клиринг жүйесін және пайдаланушылар арасында Қазақстан теңгесімен ақша аударымдарын жүргізуді қамтамасыз ететін басқа да төлем жүйелерін реттейді және қадағалауды (оверсайт) жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, төлемдер мен ақша аударымдарын реттеу мақсатында банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары және кәсіпкерлік қызмет субъектілері банктік шоттар бойынша жүзеге асыратын төлемдердің кезектiлiгiн Қазақстан Республикасының Yкiметiмен келiсу бойынша белгiлейді;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасында валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) ұйымдық-құқықтық нысанға қойылатын талаптарды, құрылтайшыларға (қатысушыларға) қойылатын талаптарды, оның ішінде олардың жарғылық капиталға салымдарының шығу көздерін ашуды, жарғылық капиталдың мөлшеріне және оны қалыптастыру тәртібіне, сондай-ақ банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың үй-жайына, техникалық құралдарына, жабдығына және қызметкерлеріне қойылатын талаптарды қамтитын, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;
Тармақша 13
13) екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру тәртібін айқындайды;
Тармақша 14
14) екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарында, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда автомобильмен инкассаторлық тасымалдауды ұйымдастыруды қоса алғанда, кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүзеге асыру тәртібін айқындайды;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының өзге де уәкілетті мемлекеттік органдарымен бірлесіп кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алуын реттеуді жүзеге асырады;
Тармақша 16
16) төтенше жағдай енгізілген кезеңде Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің экономикалық қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында қаржы ұйымдарының, төлем жүйелері операторларының, төлем ұйымдарының төлем қызметтерін көрсетуінің ерекше тәртібі мен шарттарын енгізуді, оның ішінде олар қолданатын комиссияларды реттеуді көздейтін реттеудің арнаулы режим енгізуге құқылы;
Тармақша 17
17) шетел валютасындағы, бағалы металдардағы активтер мен цифрлық активтерді басқаруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 18
18) бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін аффинирленген алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асырады;
Тармақша 19
19) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда бағалы металдардың және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының сынамаларына (үлгілеріне) бақылау сынақтарын жүзеге асырады;
Тармақша 20
20) меншік иелері қаржы ұйымдары, бағалы металдармен және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларымен экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар өзге де тұлғалар болып табылатын, бағалы металдардан жасалған бұйымдарды қоспағанда, бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының сынамаларын (үлгілерін) сақтауды және сынауды жүзеге асырады;
Тармақша 21
21) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (келіп түскен) бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды тасымалдауды, қабылдауды, есепке алуды, сақтауды жүзеге асырады;
Тармақша 22
22) дербес және (немесе) Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарымен бірлесіп, олардың құзыреті шеңберінде жүйелік тәуекелдерді реттеуді жүзеге асырады;
Тармақша 23
23) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен: Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша; Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген Қазақстан Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның өкілеттіктері шеңберінде, оның ішінде Қазақстан Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымында құрылған ақпараттық жүйелерді қоса алғанда, ақпараттық жүйелерге өзара қол жеткізу жолымен ақпарат алмасу арқылы өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады;
Тармақша 24
24) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға қызметтік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге құпияны құрайтын ақпарат пен мәліметтерді қоса алғанда, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі өзінің өкілеттіктерін іске асыруға қажетті әкімшілік деректерді, оның ішінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Қазақстан Ұлттық Банкінің ақпараттық жүйелеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету арқылы береді;
Тармақша 25
25) Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңестің жұмыс органының функцияларын жүзеге асырады, өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңестің функцияларына жататын мәселелер бойынша ұсыныстарды қалыптастырады;
Тармақша 26
26) қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу мақсатында: қаржы жүйесінің тұрақтылығына әсер ететін макроэкономикалық және макроқаржылық факторларға тұрақты мониторинг жүргізеді; макропруденциялық саясатты қалыптастырады; Ұлттық Банк туралы заңда және Қазақстан Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен және шарттарда соңғы сатыдағы қарыздарды береді; екінші деңгейдегі банктермен Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілеген тәртіппен, шарттарда және мерзімдерде туынды қаржы құралдарымен операцияларды жүргізеді;
Тармақша 27
27) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарыздар береді;
Тармақша 28
28) статистикалық әдіснаманы әзірлейді, ақша-кредит статистикасы, қаржы нарығының статистикасы және сыртқы сектор статистикасы (төлем балансы, халықаралық инвестициялық позиция және сыртқы борыш) жөніндегі статистикалық ақпаратты қалыптастырады және таратады;
Тармақша 29
29) сыртқы сектор статистикасы бойынша статистикалық нысандарды әзірлейді, статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізеді; сондай-ақ өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласында бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 30
30) валюталық реттеу және валюталық бақылау, ақша-кредит статистикасы, қолма-қол ақша айналысы, төлемдер және төлем жүйелері, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау мәселелері бойынша және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласында әкімшілік деректерді (қаржылық және өзге де есептілікті) жинауды және өңдеуді жүзеге асырады және оларды ұсыну тәртібін айқындайды;
Тармақша 31
31) Ұлттық Банк туралы заңға, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес құзыреті шегінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарын және өзге де тұлғаларды реттеуді, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарын және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласында бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 32
32) мыналарға: өз қызметін тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға – қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған; банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға – банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға арналған; қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен жасалатын айырбастау операцияларын жүзеге асыру қызметінің айрықша түрі болатын қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторларына цифрлық активтер нарығындағы дилерлік қызметке – қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау, сатып алу және (немесе) сату жөніндегі операцияларға арналған лицензияларды береді (беруден бас тартады), қайта ресімдейді, тоқтата тұрады, олардан айырады;
Тармақша 32-1
32-1) «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушы цифрлық активтер қызметтерінің провайдерлерін қоспағанда, цифрлық активтер қызметтері провайдерлерінің қызметін бақылау және қадағалау шеңберінде тәуекелге бағдарланған тәсілді қолданады;
Тармақша 32-2
32-2) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторларының, цифрлық қаржы активтерінің платформасы операторларының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының, цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымдардың қызметін мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 32-3
32-3) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторларының, цифрлық қаржы активтерінің платформасы операторларының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының, цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымдардың және «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтері эмитенттерінің орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;
Тармақша 32-4
32-4) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді сатып алу, сату және (немесе) айырбастау бойынша операцияларды жүргізу тәртібін айқындайды;
Тармақша 32-5
32-5) цифрлық қаржы активтері платформасының операторларын, цифрлық активтердің сауда платформасының операторларын, төлем ұйымдарын есептік тіркеуді жүзеге асырады;
Тармақша 33
33) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын ескере отырып, Қазақстан Ұлттық Банкіне арналған бухгалтерлік есеп саясаты мен әдістерін айқындайды;
Тармақша 34
34) қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының, бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидаларының талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңнамасының талаптарын сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 35
35) қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушылары – цифрлық активтер қызметтерінің провайдерлерін қоспағанда, цифрлық активтер қызметтері провайдерлерінің, «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтері эмитенттерінің, сондай-ақ цифрлық активтер саласындағы қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Ұлттық Банкінің ерекше реттеу режиміне қатысушылардың және төлем ұйымдарының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар туралы ақпаратты тіркеу, сақтау және беру, клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру, қаржы мониторингіне жататын операцияларды тоқтата тұру және оларды жүргізуден бас тарту, өз қызметі процесінде алынған құжаттарды қорғау бөлігінде сақтауын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ішкі бақылаудың ұйымдастырылуы мен іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 36
36) банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, төлем жүйелерінің операторлары және төлем жүйелерінің операциялық орталықтары болып табылмайтын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасының талаптарын сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 37
37) құзыреті шегінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жүргізетін тексерілетін субъектілердің қызметін тексеруге қатысады;
Тармақша 38
38) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша валюталық операцияларды жүзеге асыратын және қаржы ұйымдары болып табылмайтын резиденттерге және бейрезиденттерге, төлем жүйелерінің операторларына, төлем жүйелерінің операциялық орталықтарына, сондай-ақ банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылмайтын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге шектеулі ықпал ету шараларын, қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қадағалап ден қою шараларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды және өзге де шараларды қолданады және оларды қолдану тәртібін айқындайды;
Тармақша 39
39) ерекше реттеу режимін енгізу және оның күшін жою, ерекше реттеу режимі шеңберінде цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті жүзеге асыру тәртібін айқындайды;
Тармақша 40
40) Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісу бойынша оның мемлекеттік борышына қызмет көрсетуге қатысады және Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік борышына қызмет көрсетеді;
Тармақша 41
41) Қазақстан Ұлттық Банкі айқындайтын тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына қатысты ресми бағамын белгілейді және жариялайды;
Тармақша 42
42) ішкі валюта нарығында шетел валютасына сұраныс пен ұсыныс көздерінің, сондай-ақ оны пайдалану бағыттарының мониторингін жүзеге асырады;
Тармақша 43
43) банк қызметiн, бағалы қағаздар нарығындағы кәсiптік қызметті және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де қызметті тиiстi лицензиялар алмай-ақ жүзеге асырады;
Тармақша 44
44) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының металл шоттарды ашу, жүргізу және жабу тәртібін айқындайды;
Тармақша 45
45) Қазақстан Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалатын сенiмгерлiк басқару туралы шарт негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiк басқаруды жүзеге асырады;
Тармақша 46
46) Қазақстан Ұлттық Банкі заңды тұлғалармен жасайтын сенімгерлік басқару туралы шарттардың негізінде заңды тұлғалардың активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады;
Тармақша 47
47) Қазақстан Ұлттық Банкі мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарт негізінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады;
Тармақша 48
48) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтеріне қатысты кастодиандық қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсетеді;
Тармақша 49
49) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес өзінің ақпараттық жүйелері мен ресурстарынан мәліметтер ұсынады;
Тармақша 50
50) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен қаржы ұйымдары үшiн кадрлар даярлауға қатысады;
Тармақша 51
51) Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын тәртіппен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады;
Тармақша 52
52) банктік сәйкестендіру кодтарын береді, олардың күшін жояды және пайдаланылуын айқындайды, банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кодтарын және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар филиалдарының кодтарын береді және күшін жояды, олардың құрылымын белгілейді, сондай-ақ Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың анықтамалығын қалыптастырады және жүргізеді;
Тармақша 53
53) Қазақстан Ұлттық Банкінің консультативтік-кеңесші органдарын құрады;
Тармақша 54
54) мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдарына көрсетілетін қызметтерді беру үшін пайдаланылатын қаржы нарығы және қаржы ұйымдары жөніндегі ақпараттың толықтығы мен сапасын қамтамасыз ету мақсатында оларға тиесілі ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, өзінің еншілес ұйымдарымен ақпарат алмасуды жүзеге асырады;
Тармақша 55
55) Қазақстан Ұлттық Банкіне бекітіп берілген мүлікті иеліктен шығару және пайдалануға беру тәртібін айқындайды;
Тармақша 56
56) Қазақстан Ұлттық Банкі акционері (қатысушысы, сенімгерлік басқарушысы) болып табылатын мемлекеттің бақылауындағы акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және олар құрған мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын, оларды іске асыруды мониторингтеу мен бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу, бекіту тәртібін айқындайды;
Тармақша 57
57) Қазақстан Ұлттық Банкі қызметінің негізгі бағыттары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүзеге асырады;
Тармақша 58
58) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қаржылық көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;
Тармақша 59
59) Қазақстан Ұлттық Банкінің қаржылық және операциялық тәуекелдерін басқару жүйесінің болуын және оны жаңартуды қамтамасыз етеді;
Тармақша 60
60) Қазақстан Республикасының халықаралық шарты, жасырын ақпаратпен алмасуды көздейтін шарт негізінде және соларға сәйкес құзыреті шегінде басқа мемлекеттердің орталық банктерімен, бақылау және қадағалау органдарымен, халықаралық және өзге де ұйымдармен ынтымақтасады және жасырындылықты сақтай отырып, бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны, банктік құпияны, сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге құпияны құрайтын, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруға қажетті ақпаратпен алмасуға құқылы. Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген өзге де ұйымдар деп банк секторының қызметін, бағалы қағаздар нарығын және сақтандыру нарығын реттеудің бірыңғай стандарттарын әзірлеу мақсатында құрылған басқа мемлекеттердің орталық банктерінің, бақылау және қадағалау органдарының бірлестіктері түсініледі;
Тармақша 61
61) төлем жүйелерінің, көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілердің, төлем ұйымдарының тізілімдерін жүргізеді;
Тармақша 62
62) ақша-кредит саясаты, қаржылық тұрақтылық және өз қызметіне байланысты басқа да бағыттар саласында зерттеулер жүргізеді;
Тармақша 63
63) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының, Қазақстан Республикасының аумағындағы басқа да жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;
Тармақша 64
64) Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 65
65) Ұлттық Банк туралы заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. Қазақстан Ұлттық Банкі бірінші басшысының, оның орынбасарларының, сондай-ақ алқалы органдардың мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Қазақстан Ұлттық Банкі бірінші басшысының, оның орынбасарларының, сондай-ақ алқалы органдардың мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 15
15. Қазақстан Ұлттық Банкін басқаруды Төраға жүзеге асырады, ол Қазақстан Ұлттық Банкіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
Тармақ 16
16. Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасын лауазымға Қазақстан Республикасының Президенті 6 жыл мерзімге тағайындайды және оны лауазымынан Қазақстан Республикасының Президенті босатады. Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады. Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындайды.
Тармақ 17
17. Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Ұлттық Банк туралы заңда және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасына, Ақша-кредит саясаты комитетіне және Директорлар кеңесіне арналған осы Ережеде келісілген өкiлеттiктердi қоспағанда, Қазақстан Ұлттық Банкi қызметiнің барлық мәселелері бойынша жедел және атқарушы-өкiмдік шешімдер қабылдайды;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Президентінің тағайындауы үшін Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы орынбасарларының кандидатураларын ұсынады;
Тармақша 3
3) Қазақстан Ұлттық Банкінен сайланған Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқарма мүшелерін тағайындайды және босатады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Ұлттық Банкінің лауазымды тұлғаларын тағайындайды және оларды жұмыстан шығарады, көзге түскен қызметкерлерді көтермелейді, тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде өз құзыреті шегінде Қазақстан Ұлттық Банкінің атынан өкілдік етеді.
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілері, Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының, Ақша-кредит саясаты комитетінің және Директорлар кеңесінің қаулылары негізінде және (немесе) оларды орындау үшін Қазақстан Ұлттық Банкі қызметінің мәселелері бойынша бұйрықтар мен өкімдер шығарады, Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының, Ақша-кредит саясаты комитетінің және Директорлар кеңесінің қаулыларына қол қояды;
Тармақша 7
7) Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының, Ақша-кредит саясаты комитетінің және Директорлар кеңесінің отырыстарын жүргізеді;
Тармақша 8
8) Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасарлары арасында міндеттерді бөледі, өз орынбасарларының және Қазақстан Ұлттық Банкінің орталық аппараты бөлімшелері, филиалдары, өкілдіктері мен ұйымдары басшыларының тапсырылған жұмыс учаскесіндегі істің жай-күйі үшін жауаптылық дәрежесін белгілейді;
Тармақша 9
9) Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті мен Директорлар кеңесінің құрамын бекітеді;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен Қазақстан Ұлттық Банкінің жалпы штат саны негізінде Қазақстан Ұлттық Банкі орталық аппаратының, филиалдарының және өкілдіктерінің штат кестелерін бекітеді;
Тармақша 11
11) ішкі аудит бөлімшесі туралы ережені қоспағанда, Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалдары, өкілдіктері және орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 12
12) қауіпсіздік бөлімшесі орындаған жұмыс туралы жыл сайынғы есепті қарайды;
Тармақша 13
13) Қазақстан Ұлттық Банкінің атынан шарттар (келісімдер, келісімшарттар) жасасады;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкінің барлық мүлкі мен қаражатына билік етеді, Қазақстан Ұлттық Банкінің атынан сенімхат береді, міндеттемелерге қол қою және сенімхаттар беру тәртібін белгілейді;
Тармақша 15
15) Қазақстан Ұлттық Банкінің орталық аппараты бөлімшелерін, филиалдарын, өкілдіктерін және ұйымдарын, сондай-ақ жалғыз акционері Қазақстан Ұлттық Банкі болып табылатын акционерлік қоғамдарды тексеру нәтижелерін және ішкі аудит нәтижелерін қарайды;
Тармақша 16
16) жұмылдыру дайындығы бойынша іс-шаралардың өткізілуін бақылайды. Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы не оның орынбасары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қаралуы Қазақстан Ұлттық Банкінің құзыретіне жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша әкімшілік жаза қолдану туралы шешім қабылдайды. Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының, Ақша-кредит саясаты комитеті мен Директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне жатпайтын кез келген мәселе бойынша шешім қабылдауға, сондай-ақ өз құзыретіне кіретін жекелеген мәселелерді шешуді өзінің орынбасарларына, Қазақстан Ұлттық Банкі орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің, филиалдарының және өкілдіктерінің басшыларына, Қазақстан Ұлттық Банкінің өзге де лауазымды адамдарына тапсыруға құқылы. Төрағаның орынбасарлары Қазақстан Ұлттық Банкінің атынан сенімхатсыз өкілдік етеді, өз құзыреті шегінде құжаттарға қол қояды, өз құзыреті шегінде сенімхаттарды, оның ішінде соттарда істер қаралған кезде Қазақстан Ұлттық Банкі қызметкерлерінің қатысуы үшін сенімхаттарды береді. Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасарлары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және өздеріне бөлінген функционалдық міндеттері негізінде мәселелерді қарайды және шешімдер қабылдайды. Қазақстан Ұлттық Банкінің орталық аппараты бөлімшелерінің басшылары өз қызметін Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының бұйрығымен бекітілетін осы бөлімшелер туралы ережелер негізінде жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның орнындағы адам жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар қабылдауға міндетті және осы міндетті орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін заңда белгіленген жауаптылықта болады.
Тармақ 18
18. Басқарма, Ақша-кредит саясаты комитеті және Директорлар кеңесі Қазақстан Ұлттық Банкінің алқалы органдары болып табылады.
Тармақ 19
19. Басқарма Қазақстан Ұлттық Банкінің жоғары органы болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының өкілеттіктеріне Ұлттық Банк туралы заңның 15-бабында көзделген өкілеттіктермен қатар: мынадай:
Тармақша 1
1) ең төмен резервтік талаптар туралы;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына қатысты ресми бағамын белгілеу;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстан алынатын және алынған банкноттары мен монеталарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тозған және бүлінген банкноттары мен монеталарын айырбастау;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сатуы және сатып алуы;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының айналыстағы ақша белгiлерiнiң дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру;
Тармақша 8
8) банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылмайтын төлем жүйелерінің операторларына, төлем жүйелерінің операциялық орталықтарына, көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге шектеулі ықпал ету шараларын қолдану;
Тармақша 8-1
8-1) цифрлық қаржы активтері платформасының операторына, цифрлық активтердің сауда платформасының операторына, цифрлық қаржы активтерінің эмитентіне шектеулі ықпал ету шараларын қолдану;
Тармақша 8-2
8-2) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторына қадағалап ден қою шараларын қолдану;
Тармақша 9
9) қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қадағалап ден қою шараларын қолдану;
Тармақша 10
10) қолма-қол ақша белгілерін ақша айналысынан алу;
Тармақша 11
11) екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарында, Ұлттық пошта операторында және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда автомобильмен инкассаторлық тасымалдауды ұйымдастыруды қоса алғанда, кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру;
Тармақша 12
12) тиiстi уәкiлеттi органдармен келісу бойынша екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Ұлттық пошта операторының, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың және қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру;
Тармақша 13
13) ұйымдық-құқықтық нысанға қойылатын талаптарды, құрылтайшыларға (қатысушыларға) қойылатын талаптарды, оның ішінде олардың жарғылық капиталға салымдарының шығу көздерін ашуды, жарғылық капиталдың мөлшеріне және оны қалыптастыру тәртібіне, сондай-ақ банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың үй-жайына, техникалық құралдарына, жабдығына және қызметкерлеріне қойылатын талаптарды қамтитын, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейтін, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия беру;
Тармақша 14
14) Қазақстан Ұлттық Банкінде жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған шетел валютасымен операцияларды жүзеге асыру;
Тармақша 15
15) банкаралық ақша аударымдары жүйесінің жұмыс істеуі;
Тармақша 16
16) банкаралық клиринг жүйесінің жұмыс iстеуі;
Тармақша 17
17) операторы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі не оның еншілес ұйымы болып табылатын төлем жүйелерінің жұмыс істеуі;
Тармақша 18
18) төлем карточкаларының банкаралық жүйесінің жұмыс iстеуі; 18-1) 19.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Президентінің 30.04.2026 № 1251 Жарлығымен.
Тармақша 19
19) Қазақстан Республикасының аумағында чектерді қолдану;
Тармақша 20
20) Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу;
Тармақша 21
21) Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының вексельдерді есепке алуы;
Тармақша 22
22) екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың аударым және жай вексельдермен операциялар жүргізуі;
Тармақша 23
23) төлем карточкаларын шығару қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында оларды пайдалана отырып жүргізілетін операцияларға қызмет көрсету бойынша қызметке қойылатын талаптарды;
Тармақша 24
24) Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілетін операциялар бойынша банкаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру;
Тармақша 25
25) Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын iске асыру шеңберінде аукциондар өткізуі;
Тармақша 26
26) Қазақстан Республикасының аумағында электрондық ақша шығару, пайдалану және өтеу қағидаларын, сондай-ақ электрондық ақша эмитенттеріне және электрондық ақша жүйелеріне қойылатын талаптарды;
Тармақша 26-1
26-1) 19.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Президентінің 30.04.2026 № 1251 Жарлығымен.
Тармақша 27
27) Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын шығару, орналастыру, айналысқа жіберу және өтеу;
Тармақша 28
28) клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу;
Тармақша 29
29) Қазақстан Ұлттық Банкінде заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу;
Тармақша 30
30) экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану;
Тармақша 31
31) Қазақстан Ұлттық Банкі мен банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату;
Тармақша 32
32) банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері, банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату, сондай-ақ банктердің «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушы банктермен корреспонденттік қатынастар орнату;
Тармақша 33
33) төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру;
Тармақша 34
34) алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу орталығының (Қазақстан Ұлттық Банкінің антифрод-орталығы) қызметін ұйымдастыру;
Тармақша 35
35) нысандарын, тiзбесiн, кезеңділігін және ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, ұсыну тәртібі айқындалатын, жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесі операторының немесе операциялық орталығының төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша мәліметтерді ұсынуы;
Тармақша 36
36) Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру;
Тармақша 37
37) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық банктік қызметтерді көрсетуі;
Тармақша 38
38) нысандарын, тiзбесiн, кезеңділігін және ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, ұсыну тәртібі айқындалатын көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтерді ұсыну;
Тармақша 39
39) көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілердің тізілімін жүргізу;
Тармақша 40
40) төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу;
Тармақша 41
41) Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу;
Тармақша 42
42) Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру;
Тармақша 43
43) Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру;
Тармақша 44
44) Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында сұраныс пен ұсыныс көздерін мониторингтеу;
Тармақша 45
45) шетелдік қаржылық емес ұйымдардың Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын филиалдарының (өкілдіктерінің) ақпарат ұсынуы;
Тармақша 46
46) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының металл шоттарды ашуы, жүргізуі және жабуы;
Тармақша 47
47) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша, нысандарын, тiзбесiн, кезеңділігін және ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, ұсыну тәртібі айқындалатын, қаржы ұйымдарының қаржылық есептiлiкті ұсынуы және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының бухгалтерлік есепке алу деректері жөніндегі есептiлiкті ұсынуы;
Тармақша 48
48) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды, кезеңділігі мен ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, ұсыну тәртібі айқындалатын қаржы нарығы субъектілерінің есептілікті ұсынуы қағидаларын бекіту жатады. Осы тармақшаның мақсатында есептілікті ұсынатын қаржы нарығының субъектілеріне қаржы ұйымдары мен олардың ірі қатысушылары, банк холдингтері, банк конгломераттары, сақтандыру холдингтері, сақтандыру топтары, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары, кредиттік бюролар және коллекторлық агенттіктер жатады;
Тармақша 48-1
48-1) нысандарын, кезеңділігі мен ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторларының, цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының, цифрлық қаржы активтері эмитенттерінің Қазақстан Ұлттық Банкіне есептілікті ұсыну;
Тармақша 49
49) Қазақстан Ұлттық Банкінің ерекше реттеу режимі шеңберінде ерекше реттеу режимін енгізуі және оның күшін жоюы, цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті жүзеге асыру;
Тармақша 49-1
49-1) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторларының қызметін жүзеге асыру;
Тармақша 49-2
49-2) цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының қызметін жүзеге асыру;
Тармақша 49-3
49-3) цифрлық қаржы активтерін шығару, оларды орналастыру, айналымға (айналысқа) жіберу және өтеу;
Тармақша 49-4
49-4) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторлары, цифрлық қаржы активтері платформасының операторлары, цифрлық активтердің сауда платформасының операторлары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру;
Тармақша 50
50) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн конвертациялау немесе қайта конвертациялау;
Тармақша 51
51) Қазақстан Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтерін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау және активтерді сыртқы басқаруға беру;
Тармақша 52
52) бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін аффинирленген алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру;
Тармақша 53
53) жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын аффинирленген алтын құймалары етіп аффинаждауға беру және оларды аффинаждалғаннан кейін алу;
Тармақша 54
54) Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату;
Тармақша 55
55) Қазақстан Ұлттық Банкі бюджетінің қаражаты (шығыстар сметасы) есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер жүргізетін қызметтік іссапарлар, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерді оқыту, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы іссапарлар кезіндегі өтемақы төлемдерінің мөлшерлері мен тәртібін айқындау;
Тармақша 56
56) Қазақстан Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы Қазақстан Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді иелену қағидаларын бекіту; мыналарға:
Тармақша 1
1) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалар жүзеге асыратын банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына және екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру қызметіне;
Тармақша 2
2) төлем жүйелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе аумағына әкелінетін вексель қағазының қорғаныш дәрежелеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ вексель қағазына қойылатын техникалық талаптарды;
Тармақша 4
4) банктік шоттың бар екендігі және нөмірі туралы анықтаманы және банктік шот бойынша ақша қалдығы мен қозғалысы туралы үзінді-көшірмені ресімдеуге және олардың мазмұнына;
Тармақша 5
5) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің қауіпсіз және іркіліссіз жұмыс істеуіне;
Тармақша 6
6) төлем ұйымдарына арналған, сондай-ақ қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға арналған, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту;
Тармақша 7
7) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторлары, цифрлық қаржы активтері платформасының операторлары, цифрлық активтердің сауда платформасының операторлары, «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтерінің эмитенттері, цифрлық активтер саласындағы қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Ұлттық Банкінің ерекше реттеу режимінің қатысушылары үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылау қағидаларына;
Тармақша 8
8) базалық активі ақша және олардың баламалары болып табылатын цифрлық қаржы активтеріне қатысты цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымдарға; мыналарды:
Тармақша 1
1) салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын;
Тармақша 2
2) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органмен бірлесіп, валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібін;
Тармақша 3
3) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақша алу сомасының шекті мөлшерлерін, сондай-ақ банктік шоттардан қолма-қол ақша алу жөніндегі талап қолданылмайтын кәсіпкерлік субъектілерін;
Тармақша 4
4) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақша алу, оның ішінде кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны белгіленген шекті мөлшерлерден асырып алу шарттары айқындалатын қағидаларды, сондай-ақ нысандарын, тізбесін және ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны белгіленген шекті мөлшерлерден асырып алуы туралы мәліметтер мен ақпаратты салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ұсыну тәртібін;
Тармақша 5
5) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау туралы құқықтық актіні;
Тармақша 6
6) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Ұлттық Банкі беретін соңғы сатыдағы қарыздар туралы қағидаларды;
Тармақша 6-1
6-1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, әмбебап банк лицензиясы бар банктің, ислам банкінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банкі филиалының цифрлық қаржы активтерімен мәмілелер жасасу тәртібін;
Тармақша 6-2
6-2) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының цифрлық қаржы активтерін ұстаушыларды есепке алу жүйесін жүргізу тәртібін, цифрлық қаржы активтерін ұстаушыларды есепке алу жүйесінде есепке алынуға және сақталуға тиіс өзге де мәліметтердің тізбесін, сондай-ақ цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының цифрлық қаржы активтерін ұстаушыларды есепке алу жүйесінен мәліметтерді орталық депозитарийге беру тәртібін;
Тармақша 6-3
6-3) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, нысандарын, кезеңділігі мен ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымдардың Қазақстан Ұлттық Банкіне есептілік ұсыну қағидаларын;
Тармақша 6-4
6-4) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының мәліметтерді бағалы қағаздардың орталық депозитарийіне ұсыну қағидаларын;
Тармақша 6-5
6-5) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында цифрлық қаржы активтерін шығаруға рұқсат беру мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдарына қойылатын талаптарды, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушыларына цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында цифрлық қаржы активтерін шығаруды жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларын;
Тармақша 6-6
6-6) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен және «Астана» халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитетімен бірлесіп, «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында цифрлық қаржы активтерін шығару үшін Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына рұқсат беру қағидаларын;
Тармақша 6-7
6-7) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2) және 3) тармақшаларында көзделген цифрлық қаржы активтері эмитенттерінің есептілік тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен тәртібін;
Тармақша 7
7) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары бойынша төлемдер мен ақша аударымдары лимитінің мөлшерін;
Тармақша 8
8) маңызды төлем жүйелері өлшемшарттарының көрсеткіштерін;
Тармақша 9
9) көрсетілетін төлем қызметтерін берушіні көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілерге жатқызатын көрсеткіштерді;
Тармақша 9-1
9-1) офшор аймақтардың тізбесін;
Тармақша 10
10) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша қаржы ұйымдарын жүйелік маңызы бар ұйымдар қатарына жатқызу қағидаларын;
Тармақша 11
11) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ведомстволық статистикалық байқау нысандарын және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды;
Тармақша 12
12) барлық қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары, Қазақстанның Даму Банкі орындауға мiндеттi бухгалтерлiк есеп мәселелерi жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердi, оның ішінде бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгі жоспарларын, бухгалтерлiк есеп жүргiзу жөніндегі нұсқаулықтарды, бухгалтерлiк есеп жүргiзудi ұйымдастыру қағидаларын және бухгалтерлiк есеп жүргiзудi автоматтандыру қағидаларын;
Тармақша 13
13) халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарымен реттелмеген мәселелер бойынша қаржылық есептiлiк стандарттарын, сондай-ақ оларға әдiстемелiк ұсынымдарды;
Тармақша 14
Тармақша 15
15) валюталық реттеу, қолма-қол ақша айналысы, төлемдер және төлем жүйелері, қаржылық тұрақтылық, ақша-кредит статистикасын қалыптастыру, қаржы ұйымдарын және олардың үлестес тұлғаларын, кредиттік бюроларды және коллекторлық агенттіктерді, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарын, Қазақстанның Даму Банкін реттеу, бақылау және қадағалау мәселелері бойынша әкімшілік деректерді жинау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді;
Тармақша 16
16) ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасу үшін Қазақстан Ұлттық Банкінің құжаттарды іріктеу өлшемшарттарын және оларды қарау тәртібін;
Тармақша 17
17) бюджетті атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келiсу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiк басқару нәтижелері туралы есепті;
Тармақша 18
18) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясын;
Тармақша 19
19) Қазақстан Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтерін басқару жөніндегі инвестициялық стратегияны;
Тармақша 20
20) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқару операцияларын есепке алу жөніндегі есеп саясатын;
Тармақша 21
21) ішкі аудит бөлімшесі туралы ережені, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінде ішкі аудитті ұйымдастыру және жүргізу тәртібін;
Тармақша 22
22) Қазақстан Ұлттық Банкінің банктік сәйкестендіру кодтарын беруі, пайдалануы және олардың күшін жоюы, сондай-ақ банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кодтарын және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар филиалдарының кодтарын беру және олардың күшін жою, олардың құрылымы, Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың анықтамалығын қалыптастыру және жүргізу туралы нұсқаулықты;
Тармақша 23
23) Қазақстан Ұлттық Банкінің террористік тұрғыдан осал объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты;
Тармақша 24
24) Қазақстан Ұлттық Банкінің регламентін;
Тармақша 25
25) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкінің өзге де құқықтық актілерін бекіту жатады. Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы:
Тармақша 1
1) ақша-кредит саясатын мақұлдайды;
Тармақша 2
2) инфляция бойынша орта мерзімді перспективаға арналған нысаналы бағдарларды белгілейді;
Тармақша 3
3) ең төмен резервтік талаптардың нормативтерін белгілейді;
Тармақша 4
4) макропруденциялық нормативтер мен лимиттерді, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін белгілейді; 4-1) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторы үшін шектеулер мен лимиттерді белгілейді;
Тармақша 5
5) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындайды;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын, оның ішінде басқа елдердің тапсырыстары бойынша банкноттары мен монеталарын дайындау, айналысқа шығару, айналыстан алу, Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының дизайны немесе нысаны өзгерген кезде оларды ауыстыру туралы шешiм қабылдайды;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының дизайны (нысаны) өзгерген кезде олардың қатар айналыста болу кезеңін белгілейді;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тұжырымдама негiзiнде банкноттар мен монеталардың номиналдық құнын және дизайнын айқындайды;
Тармақша 9
9) коллекциялық және инвестициялық монеталарды шығару тақырыбын, дайындау таралымын, қорытпасын, шығарылатын мерзiмдерi мен күнiн айқындайды;
Тармақша 10
10) айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша теңгеге шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілейді;
Тармақша 11
11) қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалар және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болатын заңды тұлғалар үшін жарғылық капиталдың мөлшерін және оларды қалыптастыру тәртібін белгілейді, сондай-ақ төлем ұйымының, қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер операторының, цифрлық қаржы активтері платформасы операторының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторының жарғылық капиталының ең төмен мөлшерін белгілейді;
Тармақша 12
12) шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді, олардың құрылымын қоса алғанда, басқарудың негізгі қағидаттарын айқындайды; 12-1) шетел валютасындағы, бағалы металдардағы активтер мен цифрлық активтердегі басқару жөніндегі, сондай-ақ оларды сыртқы басқаруға беру жөніндегі актілерді қабылдайды;
Тармақша 13
13) монетарлық қызметке жататын қызметті айқындайды;
Тармақша 14
14) Қазақстан Ұлттық Банкі қызмет көрсететін заңды тұлғалардың санаттарын айқындайды;
Тармақша 14-1
14-1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, банктердің және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының банкті реттеу салдарынан туындаған (пайдаланылған) залалдарды (қаражатты) өтеу (жабу) үшін міндетті ақшалай жарналардың мөлшерін, оларды енгізу тәртібі мен мерзімдерін айқындайды;
Тармақша 14-2
14-2) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен және бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, жүйелік маңызы бар банкке реттеу режимін қолдану туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 14-3
14-3) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, жүйелік маңызы бар банкті реттеу кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі және (немесе) ұлттық басқарушы холдинг пайдаланған республикалық бюджеттің қаражатын және (немесе) өзге де қаражатты банктердің және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының міндетті ақшалай жарналары есебінен өтеу туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 14-4
14-4) бюджеттік саясат жөніндегі орталық уәкілетті органмен, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен жəне бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, жүйелік маңызы бар банкті реттеуге бағытталған мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыру тәртібін, сондай-ақ мұндай мемлекеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын мониторингтеуді айқындайды;
Тармақша 15
15) Ұлттық Банк туралы заңда және Қазақстан Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен және шарттарда соңғы сатыдағы қарыздарды беру және мерзімін ұзарту туралы мәселені қарайды;
Тармақша 16
16) орталық контрагентке өтімділік беру тетігін айқындайды;
Тармақша 17
17) дербес не қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың мүдделерін қорғауға бағытталған бағдарламаларды бекітеді;
Тармақша 18
18) ұйымдарды, акционерлік қоғамдарды, оның ішінде Қазақстан Ұлттық Банкінің өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыруына ықпал ететін және (немесе) қаржы нарығы инфрақұрылымының бір бөлігі болып табылатын ұйымдарды құру және олардың қызметіне қатысу, сондай-ақ олардың атауын өзгерту, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімдер қабылдайды;
Тармақша 19
19) Ұлттық Банк туралы заңға сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкінің халықаралық және өзге де ұйымдарға қатысуы туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 20
20) құзыреті шегінде ерекше және (немесе) арнаулы реттеу режимін енгізу туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 20-1
20-1) Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу сомасына қатысты шекті мәнге жеткен кезде Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу мақсаттарын растау жөніндегі талаптар және оны мәлімделген мақсаттарға пайдалану тәртібі қолданылатын шекті мәнді белгілейді;
Тармақша 21
21) құзыреті шегінде ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы үлгі шартты бекітеді;
Тармақша 22
22) құзыреті шегінде ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартты қарайды және мақұлдайды;
Тармақша 23
23) Қазақстан Ұлттық Банкінің консультативтік-кеңесші органдарын құру туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 24
24) аудиторлық тексерулердің орта мерзімді жоспарын және ішкі аудит бөлімшесінің жылдық есебін бекітеді;
Тармақша 25
25) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін есепке алу және сақтау үшін Қазақстан Ұлттық Банкінің шоттары ашылатын шетелдік кастодиандарды айқындайды;
Тармақша 26
26) мынадай: Қазақстан Ұлттық Банкінің клиенттер активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруы; Қазақстан Ұлттық Банкінің брокерлік қызметті жүзеге асыруы; Қазақстан Ұлттық Банкінің дилерлік қызметті жүзеге асыруы; Қазақстан Ұлттық Банкінің туынды қаржы құралдарымен операциялар жүргізуі; Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен операциялар жүргізуі тәртібін айқындайды;
Тармақша 27
27) Қазақстан Ұлттық Банкінің акционерлік қоғамдарының жарғылық капиталын ұлғайтуға және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің жарғылық капиталын ұлғайтуға не азайтуға, сондай-ақ акционерлік қоғамдардың акцияларын, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына қатысу үлестерін үшінші тұлғалардан сатып алуға не үшінші тұлғаларға иеліктен шығаруға келісім береді;
Тармақша 28
28) Ұлттық Банк туралы заңда және Қазақстан Ұлттық Банкінің құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен және шарттарда қарыздар беру және олардың мерзімін ұзарту туралы мәселені қарайды;
Тармақша 29
29) Қазақстан Ұлттық Банкі берген қарыздар бойынша банктердің және басқа да ұйымдардың Қазақстан Ұлттық Банкінің алдындағы берешегін қайта құрылымдау шарттарын айқындайды;
Тармақша 30
30) Қазақстан Ұлттық Банкінің соңғы сатыдағы қарыздар бойынша талаптарын соттан тыс тәртіппен қанағаттандыру мәселелерін қарайды және олар бойынша шешім қабылдайды;
Тармақша 31
31) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару үшін Қазақстан Ұлттық Банкінің комиссиялық сыйақысының шамасын жыл сайын бекітеді;
Тармақша 32
32) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жарғысымен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлері (жалғыз акционері) жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешім қабылдайды;
Тармақша 33
33) Қазақстан Ұлттық Банкі заңды тұлғалармен жасасатын сенімгерлік басқару туралы шарттар негізінде активтерді сенімгерлік басқаруға қабылдау туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 34
34) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiк басқару жөніндегі шешiмдерді жедел қабылдау өкiлеттiгiне кiретiн Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарынан төмен емес деңгейдегi лауазымды адамды (өкiлеттi өкiл) айқындайды;
Тармақша 35
35) Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің құрамына кіргізу үшін Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметшілері болып табылмайтын адамдарға қойылатын талаптарды бекітеді;
Тармақша 36
36) Қазақстан Ұлттық Банкінің жұмысы туралы жылдық есепті, Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымын, жалпы штат санын қарайды, мақұлдайды және Қазақстан Республикасының Президентіне бекітуге ұсынады;
Тармақша 37
37) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымы негізінде Қазақстан Ұлттық Банкінің орталық аппараты бөлімшелерінің, филиалдарының және өкілдіктерінің атаулары бар тізбесін, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкі ұйымдарының жалпы штат санын бекітеді;
Тармақша 38
38) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігін қарайды және бекітеді;
Тармақша 39
39) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бюджетiн (шығыстар сметасын) бекiтеді;
Тармақша 40
40) жарғылық және (немесе) резервтік капиталдарды қалыптастыруға жіберілетін, бөлінбеген таза кірістің мөлшерін белгілейді;
Тармақша 41
41) Қазақстан Республикасының Президентiмен келісу бойынша Қазақстан Ұлттық Банкі қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесiн бекiтеді;
Тармақша 42
42) Қазақстан Республикасының Президентiмен келісу бойынша Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының және оның орынбасарларының лауазымдық айлықақыларының мөлшерлерін бекітеді;
Тармақша 43
43) Қазақстан Ұлттық Банкi және оның ведомстволары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу және әлеуметтiк-тұрмыстық жағынан қамсыздандыру шарттарын бекітеді;
Тармақша 44
44) Қазақстан Ұлттық Банкінің ғимараттарында және оның аумақтық филиалдарында өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды бекітеді;
Тармақша 45
45) жүйелі қаржы дағдарысы туындаған немесе туындау қаупі төнген жағдайда, дербес немесе Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесе отырып, қаржы ұйымдарының банк операцияларының жекелеген түрлерін және басқа да операцияларды жүргізуіне шектеу енгізеді;
Тармақша 46
46) Қазақстан Ұлттық Банкінің бюджеті (шығыстар сметасы) есебінен Қазақстан Ұлттық Банкі қызметінің басым бағыттары бойынша зерттеулер жүргізу үшін гранттар ұсыну қағидаларын бекітеді;
Тармақша 47
47) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен статистикалық әдіснаманы әзірлейді, қалыптастырады және бекітеді;
Тармақша 48
48) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметін қаржыландыру туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 49
49) Ұлттық Банк туралы заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген, Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының құзыретіне жатқызылған өзге де өкілеттіктер мен функцияларды жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы Ұлттық Банк туралы заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және осы Ережеде айқындалған, Қазақстан Ұлттық Банкінің құзыретіне кіретін кез келген мәселені қарауға және ол бойынша шешім қабылдауға құқылы. Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының отырыстары Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес қажеттілігіне қарай өткізіледі. Басқарманың отырыстарын Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы, ол болмаған жағдайда оның орнындағы адам жүргізеді. Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының жұмыс тәртібі оның регламентінде айқындалады.
Тармақ 20
20. Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті ақша-кредит саясаты мәселелері бойынша шешімдер қабылдайтын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) базалық мөлшерлемені белгілейді;
Тармақша 2
2) ақша-кредит саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін белгілейді;
Тармақша 3
3) Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының айрықша құзыретіне жатпайтын ақша-кредит саясатының өзге де мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды. Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің құрамына Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы, оның ақша-кредит саясаты, монетарлық операциялар, қаржылық тұрақтылық мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарлары, функцияларына ақша-кредит саясаты, монетарлық операциялар, қаржылық тұрақтылық мәселелері кіретін Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымдық бөлімшелерінің, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының шешімі бойынша Қазақстан Ұлттық Банкінің өзге де бөлімшелерінің басшылары кіреді. Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің құрамына Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметшілері болып табылмайтын, Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы бекітетін талаптарға сәйкес келетін адамдар енгізілуі мүмкін. Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің құрамы мен жұмыс регламентін Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы бекітеді. Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің отырыстарында Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы төрағалық етеді. Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына бір реттен сиретпей өткізіледі. Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды.
Тармақ 21
21. Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесі Қазақстан Ұлттық Банкінің жедел басқару органы болып табылады және Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының, Ақша-кредит саясаты комитеті мен Төрағасының (немесе оның орынбасарларының) құзыретіне кіретін мәселелерді қоспағанда, Қазақстан Ұлттық Банкінің құзырындағы мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды. Директорлар кеңесінің құрамына Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы, оның орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелердің басшылары және Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының шешімі бойынша Қазақстан Ұлттық Банкінің өзге де лауазымды адамдары кіреді. Қазақстан Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің құрамын Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы бекітеді. Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесінің өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Ұлттық Банкінің орталық аппараты бөлімшелерінің, оның филиалдары мен өкілдіктерінің құрылымын, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкі ұйымдарының жарғыларын және олардың қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу шарттарын бекітеді;
Тармақша 2
2) ішкі аудит және қауіпсіздік бөлімшелерінің есептерін қоспағанда, Қазақстан Ұлттық Банкінің орталық аппараты бөлімшелерінің, филиалдарының және өкілдіктерінің атқарылған жұмысы туралы есептерін тыңдайды;
Тармақша 3
3) Қазақстан Ұлттық Банкінің ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру, атауын және құқықтық мәртебесін өзгерту, жарғылық капиталын ұлғайту не азайту, тарату және иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 4
4) Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалдары мен өкілдіктерін ашу және жабу туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 5
5) қажет болған кезде Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының қарауына шығарылатын мәселелерді алдын ала қарайды;
Тармақша 6
6) Қазақстан Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдары үшін: тізбесін, нысандары мен мерзімдерін қоса алғанда, қаржылық есептілікті ұсыну тәртібін; бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік мәселелері жөніндегі құқықтық актілерді; бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарын; Қазақстан Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдарының бірыңғай есеп саясатын қолдану тәртібін; еншілес ұйымдардың мүлкін түгендеу тәртібін; еншілес ұйымдардың қаржылық есептілігі деректерінің ашықтығы мен анықтығына байланысты мәселелер жөніндегі өзге де актілерді бекітеді;
Тармақша 7
7) Қазақстан Ұлттық Банкіндегі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) Қазақстан Ұлттық Банкіндегі банктік шот нөмірінің құрылымын айқындайды;
Тармақша 9
9) Қазақстан Ұлттық Банкі құрған мемлекеттік кәсіпорындар шығаратын және өткізетін тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бағасын келіседі немесе белгілейді;
Тармақша 10
10) Қазақстан Ұлттық Банкінің чек кітапшасының құнын белгілейді;
Тармақша 11
11) мыналарды: Қазақстан Ұлттық Банкінің техникалық қызметшілері лауазымдарының тізбесін; Қазақстан Ұлттық Банкінің монетарлық қызметі, ішкі қызметі, оның ішінде Қазақстан Ұлттық Банкіне бекітіліп берілген мүлікті пайдалануға, бюджетті (шығыстар сметасын) жасауға және пайдалануға, ол құрылтайшы (уәкілетті орган) не акционер болып табылатын заңды тұлғалардың қызметін жүзеге асыруға, клиенттерге қызмет көрсетуге, қолма-қол ақша айналысын және эмиссиялық-кассалық операцияларды ұйымдастыруға, құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етуге, валюталық операциялардың мониторингі шеңберінде құжаттармен жұмыс істеуге және төлем балансының статистикасын қалыптастыру мақсаттары үшін статистикалық және әкімшілік деректерді жинау бойынша жұмыс істеуге, еңбек қатынастарына және еңбекке тікелей байланысты қатынастарға және Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының айрықша құзыретіне жатқызылмаған өзге де мәселелерге байланысты қызметі мәселелері жөніндегі актілерді; Қазақстан Ұлттық Банкінің бухгалтерлік есебін жүргізу, жеке және шоғырландырылған қаржылық есептілігін, оның ішінде Қазақстан Ұлттық Банкінің бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарын жасау тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарын жасау тәртібін; төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Ұлттық Банкінің операциялық күнін басқару, Қазақстан Ұлттық Банкі операторы болып табылатын төлем жүйелерінде төлем құжаттарын қабылдау және өңдеу, сондай-ақ чек кітапшаларын дайындау, есепке алу, сақтау және беру мәселелері жөніндегі актілерді; Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік кәсіпорындарының бизнес-жоспарларын, даму жоспарларын және олардың орындалуы туралы есептерді, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік кәсіпорындарының аудиторлық ұйым растаған жылдық қаржылық есептілігін; бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін мемлекеттің аффинирленген алтынды сатып алуға басым құқығын іске асыру шеңберінде сатып алынатын аффинирленген құйма алтын бағасына дисконттың (сапасы үшін шегерімдер және жеңілдік) мөлшерлемелерін; Қазақстан Ұлттық Банкінің операциялық күн графигін, Қазақстан Ұлттық Банкі көрсететін қызметтер үшін төленетін ақының түрлері мен мөлшерлерін; Қазақстан Ұлттық Банкі құрған мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісін бөлу қағидаларын; Қазақстан Ұлттық Банкі құрған мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін бизнес-жоспарлау жөніндегі қағидаларды; Қазақстан Ұлттық Банкі қызметкерлерінің қызметтік іссапарлары туралы қағидаларды; Қазақстан Ұлттық Банкі соңғы сатыдағы қарыз бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде кепілге қабылдайтын нарықтық активтердің тізбесі және оларға берілетін дисконттар; Қазақстан Ұлттық Банкі соңғы сатыдағы қарыз бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде кепілге қабылдайтын нарықтық емес активтердің құнына берілетін дисконттарды есептеу және белгілеу әдістемесін; Қазақстан Ұлттық Банкі бөлімшелерінің соңғы сатыдағы қарыздарды беру кезіндегі өзара іс-қимыл тәртібін бекітеді. Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесі Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының және Ақша-кредит саясаты комитетінің айрықша құзыретіне жатпайтын кез келген өзге мәселені қарауға және ол бойынша шешім қабылдауға құқылы. Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесінің отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ айына бір реттен сиретпей өткізіледі. Директорлар кеңесінің отырыстарын Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы, ал ол болмаған жағдайда оның орнындағы адам жүргізеді. Директорлар кеңесі өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды. Директорлар кеңесінің жұмыс тәртібі оның регламентінде айқындалады.
Тарау 4. 4-тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің мүлкі
4-тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің мүлкі
Тармақ 22
22. Қазақстан Ұлттық Банкі өзінің балансындағы мүлікті Қазақстан Ұлттық Банкі айқындайтын тәртіппен иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының атынан дербес жүзеге асырады.
Тармақ 23
23. Қазақстан Ұлттық Банкіне бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 24
24. Қазақстан Ұлттық Банкінің капиталы мен резервтері жарғылық және резервтік капиталдардан, қайта бағалау шоттарынан, провизиялардан (резервтерден) тұрады. Жарғылық және резервтік капиталдарды, қайта бағалау шоттарын, провизияларды (резервтерді) қалыптастыру Ұлттық Банк туралы заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 5. 5-тарау. Қазақстан Ұлттық Банкін қайта ұйымдастыру және жою (тарату)
5-тарау. Қазақстан Ұлттық Банкін қайта ұйымдастыру және жою (тарату)
Тармақ 25
25. Қазақстан Ұлттық Банкін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 26
26. Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының тиісті заңын қабылдау арқылы жойылуы (таратылуы) мүмкін. Қазақстан Ұлттық Банкі жойылған (таратылған) жағдайда, оның мүлкі Қазақстан Республикасының тиісті заңында көрсетілген құқықтық мирасқорына беріледі. _____________________
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ҚҰРЫЛЫМЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ҚҰРЫЛЫМЫ
Тармақ 1
1. Орталық аппарат:
Тармақша 1
1) департаменттер;
Тармақша 2
2) басқармалар
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары:
Тармақша 1
1) орталық филиал (Астана қаласы);
Тармақша 2
2) республикалық маңызы бар қалаларда – Алматы мен Шымкент;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының облыстық маңызы бар қалаларында;
Тармақша 4
4) Алматы қаласындағы кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымдары:
Тармақша 1
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
Тармақша 3
3) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өкілдіктері
Басқа 327. Қазақстан Республикасы Президентiнiң күшi жойылды деп танылған кейбiр Жарлықтарының тiзбесi
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­тiнiң 2003 жы­л­ғы 31 жел­тоқ­сан­да­ғы № 1271 Жар­лы­ғы­мен БЕКIТIЛ­ГЕН Қазақстан Республикасы Президентiнiң күшi жойылды деп танылған кейбiр Жарлықтарының тiзбесi
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188 Жарлығы .
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 20 мамырдағы N 400 Жарлығы .
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 18 сәуiрдегi N 587 Жарлығы .
Тармақ 4
4. "Қаржы рыногын мемлекеттiк реттеудiң бiрыңғай жүйесiн ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 11 шiлдедегi N 654 Жарлығының 4-тармағы.
Тармақ 5
5. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 21 тамыздағы N 668 Жарлығы .
Тармақ 6
6. "Қазақстан Республикасының қаржы нарығын мемлекеттiк реттеудiң бiрыңғай жүйесiн ұйымдастыру мәселелерi" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 17 мамырдағы N 872 Жарлығының 3-тармағы.
Тармақ 7
7. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188 Жарлығына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 15 тамыздағы N 924 Жарлығы .
Тармақ 8
8. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188 Жарлығына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1009 Жарлығы .