О Координационном совете по профилактике и борьбе со СПИДом в Астраханском районе Күшін жойған
Басқа 0
Астрахан ауданында ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы» 1995 жылғы 5 тамыздағы № 1084 қаулысына және әділет басқармасында 2003 ж.17.10. 2059 нөмірмен тіркелген Ақмола облысы әкімдігінің «Ақмола облысында ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы» қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. № 1 қосымшада берілген, Астрахан ауданында ЖҚТБ-ның алдын алу және қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі құрылсын.
Тармақ 2
2. № 2 қосымша бойынша, Астрахан ауданында ЖҚТБ-ның алдын алу және қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 3
3. Астрахан ауданында ЖҚТБ-ның алдын алу және қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесінің жеке құрамы аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітуге енгізілсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет басқармасында тіркелген сәтінен бастап күшіне енеді.
Басқа 5
Аудан әкімдігінің 2003 жылғы
«01» желтоқсан №296 «Астрахан
ауданында ЖҚТБ-ның алдын
алу және оған қарсы күрес
жөніндегі үйлестіру Кеңесі
туралы» қаулысына № 1 қосымша
Астрахан ауданында ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесінің құрамы
1.
Собеский
Виктор Борисович
аудан әкімінің орынбасары, кеңестің төрағасы
2.
Тарасов
Анатолий Алексеевич
ауданның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері
3.
Скрипникова
Валентина Филофьевна
аудан әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы
4.
Есенбаева
Ғалияш Әбенқызы
дерматолог, ЖҚТБ жөніндегі дәрігер
5.
Құсайынова
Қарлығаш Әйтімқызы
аудан әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің бастығы
6.
Айтмағамбетов
Ғинаят Тоқанұлы
аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы
7.
Забудько
Людмила Викторовна
аудандық білім бөлімінің бастығы
8.
Майышева
Күлшара Қанапияқызы
аудандық мәдениет, туризм және спорт бөлімінің бастығы
9.
Жұмақаев
Қайыр Қайноллаұлы
аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы
10.
Чернега
Лидия Петровна
аудандық «Маяк» газетінің редакторы
11.
Мұсайынов
Валерий Шоқышұлы
аудандық мәдениет, туризм және спорт бөлімінің
Басқа 6
Аудан әкімдігінің 2003 жылғы
«01» желтоқсан №296 «Астрахан
ауданында ЖҚТБ-ның алдын
алу және оған қарсы күрес
жөніндегі үйлестіру Кеңесі
туралы» қаулысына № 2 қосымша
Астрахан ауданында ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі (бұдан былай - Кеңес) аудан аймағында АҚТҚ-инфекциясы таратылуының алдын алу бойынша шаралар өткізуде жергілікті атқару органдары, халықаралық және басқа ұйымдармен өзара іс-әрекетті қамтамасыз ету мақсатымен құрылды.
Тармақ 2
2. Кеңес құрамына мүдделі атқару органдарының және басқа ұйымдардың өкілдері кіреді.
Тармақ 3
3. Кеңес өз қызметін ҚР заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Кеңестің негізгі міндеттері мен қызметтері.
2. Кеңестің негізгі міндеттері мен қызметтері.
Тармақ 4
4. Кеңестің негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) АҚТҚ/ЖҚТБ таралуының алдын алу бойынша шаралар өткізу мақсатында басқа ұйымдармен өзара іс-әрекетті қамтамасыз ету және жергілікті атқару органдарының жұмысын үйлестіру.
Тармақша 2
2) АҚТҚ/ЖҚТБ бойынша эпидемиологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған шаралар ұйымдастыру бойынша ұсыныстарды ойластыру болып табылады.
Тармақ 5
5. Кеңестің негізгі қызметі:
Тармақша 1
1) АҚТҚ/ЖҚТБ мәселелері бойынша жергілікті органдар қызметін үйлестіруді жетілдіру;
Тармақша 2
2) АҚТҚ/ЖҚТБ мәселелері бойынша басқа ұйымдармен өзара іс-әрекет және ынтымақтастықты қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 14 қырқүйектегі №1207 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында 2001-2005 жылдарға арналған ЖҚТБ эпидемиясына қарсы іс-әрекет бойынша бағдарламаны жүзеге асыруды қамсыздандыру.
Тармақша 4
4) АҚТҚ/ЖҚТБ алдын алу бойынша жергілікті атқару органдарының тиімді шараларын қамсыздандыру жөніндегі ұсыныстар ойластыру болып табылады.
Тармақ 6
6. Міндеттері жүзеге асыру және өз қызметін атқару үшін кеңес:
Тармақша 1
1) кеңес міндеттерін жүзеге асыру үшін қажет ақпаратты жергілікті атқарушы органдардан және басқа ұйымдардан сұратуға және алуға;
Тармақша 2
2) кеңес құзіретіне кіретін сұрақтар бойынша жергілікті атқару органдарының және басқа ұйымдардың өкілдерін Кеңестің отырысында тыңдауға;
Тармақша 3
3) кеңес құзіретіне жататын басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
Тарау 3. 3. Кеңес қызметін ұйымдастыру.
3. Кеңес қызметін ұйымдастыру.
Тармақ 7
7. Кеңесті аудан әкімінің орынбасары басқарады, ол оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарда төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды және Кеңес шешімдерінің жүзеге асырылуына жалпы бақылау жасайды. Төраға болмаған кезде оның міндетін орынбасары атқарады.
Тармақ 8
8. Кеңес хатшысы отырыстың күн тәртібі бойынша ұсыныстар, қажетті құжаттар мен материалдар әзірлейді, ол өткеннен кейін хаттамаларды ресімдейді.
Тармақ 9
9. Кеңес отырысы хаттамалармен ресімделеді.
Тармақ 10
10. Шешімдер ашық дауыспен қабылданады және ол үшін Кеңес мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыс берсе қабылданған болып есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі.
Тармақ 11
11. Кеңес отырыстары жылына 4 реттен кем өткізілмейді.
Тармақ 12
12. Кеңестің жұмыс органы аудан әкімі аппараты болып табылады.