Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера местного масштаба в городе Петропавловск Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Петропавл қаласында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 2-тармағына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және 50-бабының 2-тармағы 2) тармақшасына, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысының 2023 жылғы 08 мамырдағы № 6 хаттамасы негізінде Петропавл қаласының әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 08 мамырдан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.