О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам наказания в виде ареста, а также введения в действие пожизненного лишения свободы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне қамау түрiндегі жазалау, сондай-ақ өмiр бойы бас бостандығынан айыруды қолданысқа енгiзу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының мына заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiн күшiне енгiзу туралы" 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 212-құжат; 2000 ж, N 6, 141-құжат; 2002 ж., N 18, 158-құжат): 4-бапта: "жазалар" деген сөз "жаза" деген сөзбен ауыстырылсын; ", сондай-ақ өмiр бойы бас бостандығынан айыру" деген сөздер алып тасталсын; "жазалаудың осы түрлерiн" деген сөздер "жазалаудың осы түрiн" деген сөздермен ауыстырылсын; "бiрақ" деген сөзден кейiн "2003" деген цифр "2008" деген цифрмен ауыстырылсын; "2003 жылғы 1 қаңтардан бастап" деген сөздерден кейiн ", өмiр бойы бас бостандығынан айыру туралы ережелерi - 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару кодексiн күшiне енгiзу туралы" 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 24, 338-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат): 4-бапта: "жазалар" деген сөз "жаза" деген сөзбен ауыстырылсын; "бостандығын шектеу және" деген сөздер алып тасталсын; "жазалаудың бұл түрлерiн" деген сөздер "жазалаудың бұл түрін" деген сөздермен ауыстырылсын; "2003" деген цифр "2008" деген цифрмен ауыстырылсын; "2000 жылғы 1 қаңтардан бастап" деген сөздерден кейiн ", бас бостандығын шектеу түрiндегi жазалау туралы ережелерi - 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап, өмiр бойы бас бостандығынан айыру туралы ережелерi - 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап" деген сөздермен толықтырылсын.