Об утверждении Правил разработки текущего и перспективного планов заключения международных договоров Республики Казахстан Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.03.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарын жасасудың ағымдағы және перспективалық жоспарларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарын жасасудың ағымдағы және перспективалық жоспарларын әзірлеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық құқық департаменті заңнамада көрсетілген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Басқа 0. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарын жасасудың ағымдағы және перспективалық жоспарларын әзірлеу қағидалары
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 5 мамырдағы № 11-1-4/214 Бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарын жасасудың ағымдағы және перспективалық жоспарларын әзірлеу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың ағымдағы және перспективалық жоспарларын әзірлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2-1-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың ағымдағы жоспарын (бұдан әрі – ағымдағы жоспар) және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың перспективалық жоспарларын (бұдан әрі – перспективалық жоспар) әзірлеу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Ағымдағы жоспар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алдағы жылға жасалады. Перспективалық жоспар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кейінгі үш жыл мерзімге жасалады.
Тарау 2. 2-тарау. Ағымдағы және перспективалық жоспарларды әзірлеу тәртібі
2-тарау. Ағымдағы және перспективалық жоспарларды әзірлеу тәртібі
Тармақ 3
3. Ағымдағы және перспективалық жоспарлардың жобаларын (бұдан әрі – жоспарлар жобалары) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) орталық мемлекеттік органдар ұсынған халықаралық шарттарды жасасу тұжырымдамасының (бұдан әрі – тұжырымдама) негізінде әзірлейді.
Тармақ 4
4. Орталық мемлекеттік органдар тиісінше ағымдағы немесе перспективалық жоспарлардың жобаларына қосу үшін келесі күнтізбелік жылы не одан кейінгі үш жылда жасасу көзделетін халықаралық шарттар бойынша тұжырымдамаларды жыл сайын 25 қыркүйектен кешіктірмей Министрлікке енгізеді.
Тармақ 5
5. Тұжырымдамалар Министрлікке қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.
Тармақ 6
6. Орталық мемлекеттік органдар жоспарлардың жобаларына қосу үшін тұжырымдамаларды уақтылы ұсынбаған жағдайда, Министрлік оларды қарамай кері қайтарады.
Тармақ 7
7. Жоспарлардың жобаларына қосу үшін халықаралық шарттарды жасасу бойынша ұсыныстар болмаған жағдайда, тиісті мемлекеттік орган көрсетілген мерзімде Министрліктің атына ұсыныстардың жоқ екені туралы хат жібереді.
Тармақ 8
8. Министрлік ұсынылған тұжырымдамаларды 25 қазанға дейін қарап, халықаралық шарттарды жасасудың сыртқы саяси орындылығы туралы қорытынды береді.
Тармақ 9
9. Халықаралық шарт жасасудың сыртқы саяси орындылығы болмаған жағдайда, Министрлік бұл туралы тұжырымдаманы ұсынған орталық мемлекеттік органды хабардар етеді.
Тармақ 10
10. Халықаралық шарт жасасудың сыртқы саяси орындылығы болған жағдайда, Министрлік оны халықаралық шарт жасасудың ұсынылатын мерзіміне байланысты тиісті жоспар жобасына енгізеді.
Тармақ 11
11. Жоспарлардың жобаларын әзірлеу кезінде Министрлік жоғары дәрежедегі халықаралық іс-шаралар барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің қатысуымен өтетін халықаралық іс-шаралар кестелерін ескереді.
Тармақ 12
12. Жоспарлардың жобалары жыл сайын 10 қарашадан кешіктірілмей Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына шығарылады.
Тармақ 13
13. Жоспарлардың жобалары Комиссия туралы ережеде көзделген тәртіппен Комиссия шешімімен мақұлданады.
Тармақ 14
14. Комиссия мақұлдаған ағымдағы және перспективалық жоспарлар 25 қарашадан кешіктірілмей Қазақстан Республикасының Президентіне келісуге жіберіледі.
Тармақ 15
15. Қазақстан Республикасының Президентімен келісілген ағымдағы және перспективалық жоспарлар (бұдан әрі – келісілген жоспарлар) он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Парламентіне, Үкімет Аппаратына және өкілетті мемлекеттік органдарға жіберіледі.
Тармақ 16
16. Келісілген жоспарларға өзгерістер:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің Басшысының тапсырмасы; Орталық мемлекеттік орган келісілген жоспарларда көзделмеген халықаралық шартты жасасу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің Басшысының тапсырмасына бастамашылық жасағанға дейін, аталған орталық мемлекеттік орган Министрлікке келісілген ағымдағы жоспарға өзгеріс енгізу шұғылдығының негіздемесін және тиісті тұжырымдаманы алдын ала жібереді. Министрлік ұсынылған негіздеме мен тұжырымдаманы қарап, оларды алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде халықаралық шарт жасасудың сыртқы саяси орындылығы туралы қорытынды береді. Орталық мемлекеттік орган тиісті өтінішті Қазақстан Республикасының Президентіне немесе Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің Басшысына жіберген кезде Министрліктің халықаралық шартты жасасудың сыртқы саяси орындылығы туралы қорытындысын қоса береді;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша Комиссияның шешімі негізінде енгізіледі.
Тармақ 17
17. Ағымдағы жылы келісілген перспективалық жоспарға енгізілген халықаралық шартқа қол қою туралы ұсыныс енгізілген жағдайда, оны ағымдағы жоспарға көшіру талап етілмейді.
Тармақ 18
18. Егер халықаралық шарттың жобасын шет мемлекетпен немесе халықаралық ұйыммен келісу барысында халықаралық шарттың атауына қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер енгізілген жағдайда, келісілген жоспарлардағы тиісті жобаның атауына өзгерістер енгізу талап етілмейді
Тармақ 19
19. Орталық мемлекеттік органдардың ағымдағы және перспективалық жоспарларды орындауын жалпы бақылауды Министрлік жүзеге асырады.
Басқа 1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың __________ жылға арналған ағымдағы жоспары
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың ағымдағы және перспективалық жоспарларын әзірлеу қағидаларына 1-қосымша Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың __________ жылға арналған ағымдағы жоспары Р/с № Халықаралық шарт жасасуды ұсынатын орталық мемлекеттік органның атауы Жасасу ұсынылатын халықаралық шарттың атауы Халықаралық шарт жасасудың болжамды мерзімдері Халықаралық шарттың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындаудың болжамды мерзімдері Ескертпелер Қазақстан Республикасының атынан жасасу ұсынылатын халықаралық шарттар (мемлекетаралық) Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан жасасу ұсынылатын халықаралық шарттар (үкіметаралық) Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасасу ұсынылатын халықаралық шарттар (ведомствоаралық)
Басқа 2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың __________ жылдарға арналған перспективалық жоспары
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың ағымдағы және перспективалық жоспарларын әзірлеу қағидаларына 2-қосымша Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың __________ жылдарға арналған перспективалық жоспары Р/с № Халықаралық шарт жасасуды ұсынатын орталық мемлекеттік органның атауы Жасасу ұсынылатын халықаралық шарттың атауы Халықаралық шарт жасасудың болжамды мерзімдері Халықаралық шарттың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындаудың болжамды мерзімдері Ескертпелер Қазақстан Республикасының атынан жасасу ұсынылатын халықаралық шарттар (мемлекетаралық) Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан жасасу ұсынылатын халықаралық шарттар (үкіметаралық) Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасасу ұсынылатын халықаралық шарттар (ведомствоаралық)