Об утверждении ставок туристского взноса для иностранцев в городе Курчатов Күшін жойған
Басқа 0
Курчатов қаласында шетелдіктер үшін
туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Курчатов қаласында туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелері 2023 жылы болу құнының 5 (бес) пайызы болып бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.