О мерах по обеспечению в области безопасной эксплуатации газового оборудования на производстве и в быту Күшін жойған
Басқа 0
Облыста газ жабдықтарын өндіріс пен тұрмыста пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 08.05.2001 № 5-120 шешімімен.
Халықты электр энергиясымен және газбен қамтамасыз етудегi қиыншылықтарға байланысты белгiленген тәртiптi бұза отырып толтырған тұрмыстық газ баллондарын алу және оны тұрғын үйлерде пайдалану жағдайлары жиіледi. Газ баллондарын сатумен кей ретте тиiстi рұқсат құжаттары, қажеттi жабдықтары және техникалық қызметкерлерi жоқ кәсiпорындар мен ұйымдар айналысады.
Баллондарды жылжымалы газ толтыру станцияларының толтыру оқиғалары жиіледi, бұл техникалық-нормативтiк нұсқауларға қайшы келедi.
Көптеген елдi мекендерде тұрмыстық газ құралдары мен баллондардың жағдайы тексерiлмейдi.
Газ шаруашылығында тәртiп орнатудың пәрмендi шараларының қабылданбауы 1997 жылғы 20 наурыз күнi Талғар ауданының "Шымбұлақ" балалар туберкулез санаторийi аумағындағы 8 пәтерлi тұрғын үйде баллонның сыздықтап шыққан газдың ауамен қоспасының от алуы салдарынан өрт шығуына әкеп соқты. Үш адам қаза тауып, екi адам күйiк жарақаттарын алды, тұрғын үй iстен шықты.
Газ шаруашылығында тиiстi тәртiп орнату, техникалық және технологиялық тәртiптi жақсарту, тұрмыста және газ пайдаланумен байланысты өндiрiсте газ апаттарының алдын алу және болдырмау мақсатында облыс әкiмi шешім еттi:
Тармақ 1
1. Аудандардың, Қапшағай қаласының, селолық және поселкелiк округтерiнiң әкiмдерi:
- бiр ай мерзiмде газ толтыру станциялары мен газ жабдықтарының техникалық талаптарға сәйкестiгiне тексеру жүргiзсiн. Тәртiп бұзушылық анықталған жағдайда берiлген лицензиялар қайтып алынсын және газ сақтауға тыйым салынсын;
- облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарманың мемлекеттiк қатысуымен меншiктiң барлық түрiндегi кәсiпорындар мен ұйымдардың сұйытылған газды құю, тасымалдау және сату, тұрмыста және магистральдарда газ құралдарымен жұмыс iстеу кезiнде техника қауiпсiздiгi ережелерiн сақтау жөнiндегi жұмысына бақылауды күшейтуге көңiл бөле отырып, тұрмыста және өндiрiсте газ құралдарын пайдаланудың қауiпсiздiк жағдайларын жасау жөнiндегi ұйымдық және техникалық-инженерлiк шараларының кешенiн жасасын және жүзеге асырсын.
Газ шаруашылығында iстейтiн мамандардың барлық топтары үшiн оқулар (бiлiктiлiгiн көтеру) ұйымдастырсын:
- "Алматыгаз" АҚ бiрлесе отырып, екi ай iшiнде кәсiпорындар құрсын, сондай-ақ облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарманың мемлекеттiк қалалық техникалық қадағалау инспекциясының рұқсат және патентi (лицензиясы) бар жеке тұлғаларға үй iшiндегi газ жабдықтарына қызмет көрсетуге мүмкiндiк берсiн. "Алматыгаз" АҚ апат қызметтерi мүмкiн апаттық жағдайларды болдырмау, апаттарды жою жөнiндегi сұраныстарды тегiн атқарады;
- бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындардың арасында тұрмыста газ құралдарын пайдаланудың қауiпсiздiк Ережелерiн сақтау жөнiнде түсiндiрме жұмыстарын үнемi жүргiзiп отырсын;
- газбен жабдықтауды тоқтату және оны қайта беру туралы халықты хабарландыру тәртiбiн анықтасын;
- газ шаруашылығында қолданылатын нормалар мен қауiпсiздiк ережелерiн бұзушы басшылар мен лауазымды адамдарға қатаң шара қолдансын.
Тармақ 2
2. Облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарманың мемлекеттiк қалалық техникалық қадағалау инспекциясы газбен жабдықтау мәселелерiмен айналысатын инженерлiк-техникалық жұмыскерлердiң кәсiптiк даярлығының (аттестациядан дер кезiнде өтуiн, бiлiмiн т.б.) деңгейiн тексерсiн.
Тармақ 3
3. Облыстық iшкi iстер басқармасы газ баллондарының жабдықталмаған автокөлiктiң тасымалдауы жағдайларын және оларды облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармасының мемлекеттiк қалалық техникалық қадағалау инспекциясының рұқсатынсыз, мемлекеттiк лицензиясы жоқ жылжымалы газ толтыру станцияларының газ сатуына бақылау ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Аудандардың әкiмдерi, облыстық iшкi iстер басқармасы, "Алматыгаз" АҚ осы шешiмнiң орындалуы жөнiндегi 1997 жылдың 1 маусымына және 1 қарашасына хабарлама берсiн.
Тармақ 5
5. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармаға жүктелсiн.