Об установлении карантина Күшін жойған
Басқа 0
Карантин белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Темір аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 2-14-07/78 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Темір ауданы Ақсай ауылдық округі Ақсай елді мекені аумағынан қой-ешкі малдары арасынан шешек (оспа) ауруының тіркелуіне байланысты карантин белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Ақтөбе облысы Темір ауданы Ақсай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімді Темір ауданы әкімдігінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.