О введении промежуточной аттестации обучающихся в организациях высшего профессионального образования Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының кәсiптiк жоғары бiлiм беру ұйымдарындағы бiлiм алушыларға аралық аттестаттауды енгiзу туралы
"Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң медициналық мамандықтар бойынша оқудың 3 курсынан, басқа кәсiптiк жоғары бiлiм беру мамандықтары бойынша - 2 курстан кейiн меншiк нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан Қазақстан Республикасының кәсiптiк жоғары білім беру ұйымдарындағы бiлiм алушыларға аралық аттестаттауды енгiзу туралы ұсынысы қабылдансын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының кәсiптiк жоғары бiлiм беру ұйымдарындағы бiлiм алушыларға аралық аттестаттауды енгiзудi қамтамасыз етсiн;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының кәсiптiк жоғары бiлiм беру ұйымдарындағы бiлiм алушыларға аралық аттестаттауды ұйымдастыру және өткiзу ережесiн бекiтсiн;
Тармақша 3
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.