Об утверждении Правил безопасности на городском рельсовом транспорте Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қалалық рельсті көліктегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 30) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қалалық рельсті көліктегі қауіпсіздік қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Басқа 1. Қалалық рельсті көліктегі қауіпсіздік қағидалары
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 12 мамырдағы № 344 бұйрығымен бекітілген Қалалық рельсті көліктегі қауіпсіздік қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қалалық рельсті көліктегі қауіпсіздік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 30) тармақшасына сәйкес әзірленді және рельсті көлікте қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды».
Тармақ 2
2. Қағидалар тасымалдау процесіне қатысушыларға, меншік нысанына қарамастан, қалалық рельстік көлік саласындағы қызметті жүзеге асыратын қалалық рельстік көліктің қосалқы қызметтеріне қолданылады.
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) қалалық рельсті көлік (бұдан әрі – ҚРК) – жолаушыларды қала шекаралары мен қала маңы аймағындағы жолдар бойынша тасымалдауға арналған көлік түрі (метрополитен, трамвай, жеңіл рельсті, монорельсті көлік);
Тармақша 2
2) көлiк кәсiпорны – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес iс-әрекет жасайтын, жүктердi, жолаушыларды, багажды тасымалдау, көлiк құралдарын сақтау, оларға техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнiндегі қызметпен айналысатын заңды тұлға;
Тармақша 3
3) уәкілетті мемлекеттік орган – көлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, Қазақстан Республикасының көлік кешенінің қызметін үйлестіруді және реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 4
4) қозғалыс қауіпсіздігін бұзу – осы Қағидаларға сәйкес жіктелетін, тасымалдау процесін жүзеге асыру кезінде қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі белгіленген талаптардан ауытқу нәтижесінде болған ҚРК жолдарындағы оқиға.
Тарау 2. 2-тарау. ҚРК-де қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
2-тарау. ҚРК-де қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
Тармақ 4
4. Меншік нысанына қарамастан, ҚРК саласындағы қызметті жүзеге асыратын, ҚРК көлік кәсіпорындарына өз құзыреті шегінде ұйымдастыру және техникалық шаралар кешенін көздейтін қозғалыс қауіпсіздігін және Қазақстан Республикасының ҚРК саласындағы қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтайды: :
Тармақша 1
1) ҚРК қозғалысына байланысты лауазымдарға кандидаттарды кәсіби іріктеуді қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) еңбек тәртібін нығайту;
Тармақша 3
3) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 86-бабына және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес монорельсті көлік машинистерін, метрополитенді, қозғалыс трамвай қызметінің жүргізушілерін және ҚРК қозғалысымен тікелей байланысты қызметкерлерді мерзімді міндетті медициналық қарап-тексеруді, сондай-ақ ауысым алдындағы (рейс алдындағы) және ауысымнан кейінгі (рейстен кейінгі) міндетті медициналық қарап-тексеруді жүргізу;
Тармақша 4
4) жаңа техниканы, технологияларды және менеджмент құралдарын енгізуді ескере отырып, ҚРК қызметкерлерінің негізгі кәсіптері қызметкерлерін кәсіптік даярлау, оқыту, біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру, сондай-ақ ҚРК -де қозғалыс қауіпсіздігін бұзу тәуекелдеріне әкеп соғатын стандартты емес жағдайларда іс-қимылдың практикалық дағдыларын пысықтау;
Тармақша 5
5) монорельсті көлік машинистерін, метрополитенге, қозғалыс қызметінің трамвай жүргізушілерін және ҚРК қозғалысына байланысты қызметкерлерді осы Қағидаларды, «Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33003 болып тіркелген) (бұдан әрі – ЖЖҚ), Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 35 бұйрығымен бекітілген Рельстік көлік құралдарын техникалық пайдалану қағидаларын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10329 болып тіркелген) (бұдан әрі – РКҚ ТПҚ), Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 25 шілдедегі № 500 бұйрығымен бекітілген Қалалық рельсті көлікті күтіп-ұстау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу қағидаларын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15585 болып тіркелген) (бұдан әрі – ҚРКҰТҚКжЖҚ) білу мәніне мерзімді тексерістер жүргізу;
Тармақша 6
6) жол мен түйіспелі рельсті, жасанды құрылыстарды, жылжымалы құрамды, сигнал беру және байланыс автоматикасы құрылғыларын, дыбыстық және жарық сигнализациясын, электрмен жабдықтауды, түйіспелі-кабельдік желіні және тартқыш қосалқы станцияларды, электромеханикалық құрылғыларды, ақпараттық технологиялар жүйелерін, жабдықтарды, механизмдерді және техникалық құралдарды жөндеу және күтіп-ұстау сапасын арттыру бойынша тұрақты жұмысты жүзеге асыру;
Тармақша 7
7) дефектоскопия құралдары мен диагностика жүйелерін жарамды күйде ұстау және тиімді пайдалану;
Тармақша 8
8) анықталған кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдай отырып, құрылғылардың, қауіпсіздікті бақылау аспаптарының жай-күйі мен пайдаланылуын тексеруді бекітілген кесте бойынша жүзеге асыру;
Тармақша 9
9) жаңа құрылғыларды, қауіпсіздік аспаптары мен жүйелерін енгізу бойынша тұрақты жұмыс жүргізу;
Тармақша 10
10) қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастырудың жаңа нысандарын іздестіру және енгізу;
Тармақша 11
11) апатсыз жұмыс тәжірибесін жинақтау және тарату;
Тармақша 12
12) жүргізілетін жұмыстардың ерекшелігіне сәйкес техникалық жарамды құралмен және техникалық құралдармен қамтамасыз ету;
Тармақша 13
13) дефектоскопия құралдары мен диагностика жүйелерінің қозғалыс қауіпсіздігі шарттарына сәйкестігін тиімді пайдалана отырып, рельстердің, бағыттамалық бұрмалардың, жылжымалы құрамның айналым және тұндыру жолдарының жарамды жай-күйіне мерзімді тексерулер жүргізу;
Тармақша 14
14) жылжымалы құрамды, жолдарды, тоннельдік құрылыстарды, автоматика, сигнал беру және байланыс құрылғыларын, электрмен жабдықтауды, электромеханикалық құрылғыларды және техникалық құралдарды жөндеу және күтіп-ұстау технологиясын сақтау;
Тармақша 15
15) жоспарлы жөндеу түрлерін, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының жай-күйін орындау, еңбек және демалыс режимін сақтау.
Тармақ 5
5. ҚРК көлiк көлік кәсіпорындарына қамтамасыз етеді: адам өмірі мен денсаулығы, жолаушылардың жол жүруі үшін қауіпсіз жағдайларды; жылжымалы құрамды, бағыттамалық бұрмаларды, теміржолдарды және ҚРК техникалық құралдарын пайдалануды, күтіп-ұстауды, жөндеуді, сервистік қызмет көрсету кезіндегі қозғалыс қауіпсіздігін; экологиялық қауіпсіздікті; өрт қауіпсіздігін; санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Тармақ 6
6. Жолдың жоғарғы құрылымы, жолаушыларды отырғызуға және түсіруге арналған платформалар, түйіспе съездер, метрополитен станциялары, сондай-ақ поездар қозғалысына және маневрлік жұмысқа байланысты басқа да ҚРК объектілері қауіптілігі жоғары аймақтар болып табылады және ЖЖҚ және РКҚ ТПҚ сәйкес сигналдық қоршауы болады.
Тармақ 7
7. Байланыс, электр беру желілерінің және теміржолдарды кесіп өтетін немесе оларға тікелей жақын орналасқан құрылыстардың объектілерінің иелеріне олардың жұмыс істеу қауіпсіздігін және аталған құрылыстарды салу мен пайдаланудың белгіленген нормаларын сақтауды қамтамасыз ету, сондай-ақ уәкілетті органдар мен ҚРК ұйымдарын қозғалыс қауіпсіздігіне қатер төндіретін авариялардың немесе авариялық жағдайлардың туындауы туралы уақтылы хабардар етеді.
Тармақ 8
8. Жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын ҚРК көлік кәсіпорындарына қауіпсіз тасымалдау жағдайларын, авариялық жағдайлар мен олардың салдарын жою үшін құралдар мен авариялық-құтқару қызметтерінің болуын қамтамасыз етеді. Тасымалдау процесінде авариялық жағдай туындаған кезде ҚРК көлік кәсіпорындары аталған авариялық-құтқару қызметтерін оқиға орнына дереу жөнелтуге жәрдемдеседі.
Тармақ 9
9. Өрт қауіпсіздігі: өрт қауіпсіздігі шараларының сақталуын, сондай-ақ жылжымалы құрамның тасымалдау процесіне дайындалуын бақылауды ұйымдастыру; белгіленген өртке қарсы режимді сақтау, өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау бойынша нұсқаулықтан өтпеген адамдарды жұмысқа жібермеу; Эвакуациялау жолдарын, өртке қарсы тосқауылдарды, жарылыстарды, кіреберістер мен жолдарды, өрт сөндіру құралдарын (гидранттарды, ішкі өрт крандарын, өрт сөндіргіштерді) күтіп-ұстауды бақылау және анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдау мақсатында аумақты, ғимараттарды, өндірістік және қызметтік үй-жайларды мерзімді қарап-тексеру жүргізу; өрт сөндіру, өрт дабылы, құлақтандыру және байланыс қондырғыларының жұмыс істеуіне тұрақты дайындығы.
Тармақ 10
10. Қалалық рельсті көлікте қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын сақтамау салдарға байланысты қозғалыс қауіпсіздігін бұзудың мынадай түрлері бойынша бөлінеді (жіктеледі): жұмыстағы ақаудың ерекше жағдайы; жұмыстағы ақау; қозғалыс қауіпсіздігінің басқа да бұзушылықтары.
Тармақ 11
11. Жұмыстағы ақаудың ерекше жағдайларына ҚРК жолдарындағы жылжымалы құрамның соқтығысу, рельстен шығып кету, соның салдарынан адам қаза тапқан және (немесе) жылжымалы құрам оны мүкәммалдан шығарып тасталатын дәрежесіне дейін. зақымдалу жағдайлары жатады
Тармақ 12
12. Жұмыстағы ақау жағдайларына ҚРК жолдарындағы жылжымалы құрамның соқтығысу, рельстен шығып кету, соның салдарынан адам денсаулығына ауыр зиян келтірген және (немесе) жылжымалы құрамның күрделі жөндеу көлемінде зақымдалу жағдайлары жатады.
Тармақ 13
13. Қозғалыс қауіпсіздігінің өзге де бұзушылықтар тізбесіне осы Қағидаларда айқындалған ҚРК жолдарындағы жұмыстағы ақау және жұмыстағы ақаудың ерекше жағдайының салдары болмайтын жағдайлар жатады:
Тармақша 1
1) поезды бос емес жолға қабылдау-келіп түсетін поезды (локомотивтің кем дегенде бір бөлігімен) бағдаршамның рұқсат беретін кіру (маршруттық) сигналына немесе шақыру сигналына апару немесе поезд машинисіне басқа поезд немесе жылжымалы құрам алып жатқан жолға дайындалған маршрут кезінде станцияға баруға рұқсат беру;
Тармақша 2
2) дайын емес бағыт бойынша поезды қабылдау (жөнелту);
Тармақша 4
4) бағдаршамның тыйым салатын сигналының өтуі;
Тармақша 5
5) ҚРК жылжымалы құрамының астындағы бағыттамалық аударманы аудару;
Тармақша 6
6) станцияның негізсіз себеппен тоқтаусыз электр пойызымен өтуі:
Тармақша 7
7) поезд құрамындағы автомобиль тіркемелерін немесе вагондардың тіркеме құрылғыларын өздігінен ажырату;
Тармақша 8
8) поездардың қозғалысы немесе поездың тоқтауын талап ететін жұмыстарды жүргізу үшін кедергі орнын тоқтату сигналдарымен қоршамау;
Тармақша 9
9) тыйым салудың орнына автоматты құлыптау жүйесіндегі бағдаршамның жалған рұқсат беру көрсеткіші;
Тармақша 10
10) қозғалысты басқару кезінде қашықтықтан байланыс негізінде бағдаршамның көрсеткіші жалған рұқсат беру;
Тармақша 11
11) жылжымалы құрамның айдап өтуге немесе тұндыру жолына өздігінен кетуі;
Тармақша 12
12) кедергіге немесе тұйық тіректерге соғылу
Тармақша 13
13) осьтің, доңғалақтың осьтік мойнының, ҚРК жылжымалы құрамының доңғалақ жұбының сынуы;
Тармақша 14
14) ҚРК поезында жылжымалы құрамның автотіркегішінің немесе тіркеме құрылғыларының үзілуі;
Тармақша 15
15) ҚРК жылжымалы құрамының рельстерінің сынуы;
Тармақша 16
16) қалалық рельсті көліктің доңғалақ жұбының кептелуі;
Тармақша 17
17) жылжымалы құрамның, жабдықтың немесе құрылыстардың жақындауының габариттерін бұзу;
Тармақша 18
18) поездар қозғалысының кестесін бұзуға әкеп соққан қалалық рельсті көліктің жылжымалы құрамының бөлшектерінің немесе заттардың жолға түсуі;
Тармақша 19
19) жылжымалы құрамның, жолдың және тоннельдік құрылыстардың, байланыс рельстерінің, электрмен жабдықтау, поездар қозғалысының автоматикасы, телемеханикасы (бұдан әрі – ПҚАТ) және байланыс құрылғыларының, электромеханикалық және техникалық құралдардың ақаулығы, су басу, өрт, сондай-ақ қызмет көрсетуші персоналдың бұзушылықтары мен дұрыс емес әрекеттері салдарынан электр пойыздарының қозғалысындағы 30 минутқа және одан да көп толық үзіліс;
Тармақша 20
20) жолаушылары бар поездың қозғалысы кезінде және (немесе) станциядағы платформадан қарама-қарсы жақтан поездың жылжымалы (тірек-жылжымалы) есіктерін ашу;
Тармақша 21
21) тоннельдерде немесе жер үсті учаскелерінде түнгі жұмыстардан кейін бекітілмеген жабдықты, аспапты және жылжымалы құрамның соқтығысуы мүмкін заттарды қалдыруға жол берілмейді;
Тармақша 22
22) бірінші вагон жолаушыларының түсуіне әкеп соққан «бірінші вагонды тоқтату» ескерту сигналдық белгісінің өтуі;
Тармақша 23
23) шаруашылық поезына қосалқы поезды тағайындау және онымен ілінісу;
Тармақша 24
24) рұқсат беру көрсеткішінен тыйым салуға бағдаршамның кенеттен жабылуына себеп болған ақау (дұрыс емес әрекеттер);
Тармақша 25
25) ұзақтығы бір сағаттан асатын байланыс пен поездық радиобайланыстың диспетчерлік түрлерінің ақаулығы;
Тармақша 26
26) жылжымалы құрам, байланыс рельс жолы, электрмен жабдықтау, ПҚАТ және байланыс құрылғылары, тоннельдік құрылыстар, инженерлік-техникалық құрылғылар жай-күйінің жұмыс қабілеттілігінің бұзылуына байланысты электр пойыздарының қозғалыс кестесін бұза отырып, ҚРК поездарының қозғалысын 5 минутқа және одан да көп уақытқа кешіктіру;
Тармақша 27
27) жол жұмыстары жүргізілетін жердің сигналдық белгілерімен қоршалмауы;
Тармақша 28
28) темір жолға құлау немесе жылжымалы құрамның бөлшектерін ҚРК жолының учаскелерінде сүйреу;
Тармақша 29
29) ҚРК жолдарында адамдардың соқтығысу жағдайлары;
Тармақша 30
30) ҚРК жолдарындағы жол-көлік оқиғасы, атап айтқанда жылжымалы құрамның көлік құралымен соқтығысуы;
Тармақша 31
31) жылжымалы құрамның, жолдың жоғарғы құрылысының тұтану жағдайлары техникалық қамтудың бұзылуының салдары болып табылды;
Тармақша 32
32) табиғи факторлардың (жолдың шайылуы мен әкелінуі) немесе осы учаске бойынша трамвайдың кідіруіне себеп болған бөгде адамдардың әрекеттері нәтижесінде болған жолдың жоғарғы құрылысының құрылғысының бұзылуы;
Тармақша 33
33) бөгде адамдардың поезды шұғыл тежеуді және оның тоқтауын қолдануды тудырған ҚРК жолына заттар салуы;
Тармақша 34
34) қозғалыс қауіпсіздігінің бұзушылықтары, жоғарыда көрсетілген тізбеге түспейтін бөгде себептердің салдары болған жағдайлар.
Тармақша 35
35) ҚРК жолдарындағы жылжымалы құрамның соқтығысу, рельстен шығып кету.
Тарау 3. 3-тарау. Қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуын есепке алу
3-тарау. Қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуын есепке алу
Тармақ 14
14. ҚРК-де қауіпсіздікті бұзу жағдайлары есепке алынуға тиіс.
Тармақ 15
15. Жол берілген қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуы ҚРК көлік кәсіпорындарына есепке алынады.
Тармақ 16
16. ҚРК көлік кәсіпорындарының бірінші басшылары алғашқы есепке алуды толық жүргізуді және қауіпсіздікті бұзу жағдайларын дұрыс жіктеуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 17
17. Қозғалыс қауіпсіздігін бұзудың жіктелуі барлық ҚРК көлік кәсіпорындарының есебінде қолданылады.
Тармақ 18
18.. Бір мезгілде қозғалыс қауіпсіздігін бұзудың бірнеше жағдайы болған кезде неғұрлым ауыр зардаптарға әкеп соққан бұзушылық ескеріледі.
Тармақ 19
19. ҚРК көлiк кәсiпорындары трамвай жолдары мен метрополитен жолдарындағы қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылғаны туралы уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне хабарлайды.