Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера местного масштаба в селе Андроновка Переменовского сельского округа Бородулихинского района области Абай Күшін жойған
Басқа 0
Абай облысы Бородулиха ауданы
Переменовка ауылдық округінің
Андроновка ауылында жергілікті ауқымдағы
техногендік сипаттағы төтенше жағдай
жариялау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі №188-V Заңының 48-бабына, 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, 3-тармағына, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, Бородулиха ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының 2023 жылғы 11 мамырдағы № 6 кезектен тыс жедел отырысының хаттамасы негізінде ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Абай облысы Бородулиха ауданы Переменовка ауылдық округінің аумағындағы Андроновка ауылында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды өткізу үшін өзімді төтенше жағдайды жою басшысы етіп тағайындаймын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 24 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.