Об утверждении тарифов для населения на сбор, транспортировку, сортировку и захоронение твердых бытовых отходов по Казалинскому району Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазалы ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қазалы ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қазалы ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. «Қазалы ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» Қазалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 12 ақпандағы № 276 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6687 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Қазалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 19 шешіміне қосымша Қазалы ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер № Атауы Есептік бірлік Теңге (Қосылған құн салығынсыз) 1 Жайлы үйлер 1 тұрғын айына 210,35 2 Жайлы емес үйлер 1 тұрғын айына 252,42 3 Бір бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф 1м3 2 524,20