Об утверждении Правил выплаты премий по вкладам в жилищные строительные сбережения (премии государства) Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.06.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тұрғын үй құрылыс жинақтауларына салымдар бойынша сыйлық (мемлекет сыйлығы) төлеу ережесiн бекiту туралы "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында бұйырамын:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Тұрғын үй құрылыс жинақтауларына салымдар бойынша сыйлық (мемлекет сыйлығы) төлеу ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік борыш және кредит беру департаменті белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Ғ.Н.Өзбековке жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша сыйлықақы (мемлекет сыйлықақысын) төлеу ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолдану үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жiберсiн.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басшылығының қызметiн қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) және Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау басқармасы (Жерембаев Е.Е.) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша сыйлықақы (мемлекет сыйлықақысын) төлеу ережесiн Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң баспасөз басылымдарында жариялауды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Операция басқармасы (Төлеутаева Ә.Қ.) қабылданған шешiм туралы ақпаратты жариялауға байланысты шығыстарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басшылығының қызметiн қамтамасыз ету басқармасының бюджетi (шығыстар сметасы) есебiнен төлесiн.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Ә.Ғ. Сәйденовке жүктелсiн.
Тармақ 6
6. Осы қаулы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң "Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша сыйлықақы (мемлекет сыйлықақысын) төлеу ережесiн бекiту туралы" бұйрығы ресми жарияланған күннен бастап осы қаулы күшiне енедi.
Басқа 11. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша сыйлықақы (мемлекет сыйлықақысын) төлеу ережесi
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 6 желтоқсандағы № 444 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 439 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша сыйлықақы (мемлекет сыйлықақысын) төлеу ережесi
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi - Заң) талаптарына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақ банктерiндегi тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекет сыйлықақысын (бұдан әрi - мемлекет сыйлықақысы) төлеу тәртiбiн реттейдi.
Тармақ 2
2. Мемлекет сыйлықақысы жыл сайын жылдың қорытындысы бойынша есептеледi.
Тарау 2. 2-тарау. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша сыйлықақы төлеу шарттары
2-тарау. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша сыйлықақы төлеу шарттары
Тармақ 3
3. Салымшы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарттың талаптарын сақтаған жағдайда мемлекет сыйлықақысы салымшыға шарттық соманы төлеу кезiнде жүзеге асырылады, ал салымдар бойынша мемлекет сыйлықақысы жыл сайын, осы Ережеде белгiленген тәртiппен есептеледi.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы азаматтарының, оның iшiнде кәмелеттiк жасқа жетпеген, он сегiз жасқа толмаған азаматтарының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдары бойынша мемлекет сыйлықақысын төлеу тұрғын үй құрылыс жинақ банктерiнде жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Жыл сайынғы мемлекет сыйлықақысының мөлшерi ынталандырылатын салым сомасының жиырма процентiн құрайды. Сыйлықақымен ынталандырылатын салым тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салынған салым сомасынан және ол бойынша есептелген сыйақыдан тұрады.
Тармақ 6
6. Сыйлықақымен ынталандырылатын сома сыйлықақы төленетiн жылы белгiленген алпыс еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аса алмайды. Егер ынталандырылатын салым сомасы алпыс айлық есептiк көрсеткiштен асып кетсе, онда салымның ынталандырылмаған сомасын тұрғын үй құрылысы жинақ банкi келесi жылы сыйлықақы есептеу кезiнде ескередi. Салымшының жинақтау кезеңi аяқталғаннан кейiн шарттық соманы алу кезiнде салымның ынталандырылмаған бөлiгiне сыйлықақы есептелмейдi.
Тармақ 7
7. Мемлекет сыйлықақысы мынадай жағдайларда төленедi және бюджетке қайтарылмайды: салымшы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт бойынша талап ету құқығын немесе жинақталған қаражат сомасын және (немесе) тұрғын үй заемын (аралық тұрғын үй заемын) алу құқығына кепiлдi шарт бойынша ақшаны тұрғын үй iс-шараларына пайдалану кезiнде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын басқа тұлғаға берген жағдайда; тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасының салымшысы қайтыс болған немесе еңбек ету қабiлетiн толық жоғалтқан жағдайда; тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасының салымшысы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартты жасағаннан кейiн заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен жұмыссыз ретiнде тiркелген жағдайда және мемлекет сыйлықақысы төленетiн сәтте алты ай бойы жұмыссыз болған жағдайда; тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасының салымшысы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасын бес жылдан артық мерзiмге жинақтаған жағдайда ғана тұрғын үй заемын алудан бас тартқан жағдайда; салымшының тұрғын үй құрылысы жинақ ақша шотына салым бойынша сыйлықақы есептемеу негiзiнде салымшы шартты бұзған жағдайда.
Тармақ 8
8. Мемлекет сыйлықақысын есептеудiң тәртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен тұрғын үй құрылыс жинақ банкi арасында жасалатын келiсiмде айқындалады.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекет сыйлықақысын төлеу көзi
3-тарау. Мемлекет сыйлықақысын төлеу көзi
Тармақ 9
9. Мемлекет сыйлықақысын төлеуге қажеттi ақша тұрғын үй құрылысы жинақ банкi ұсынған ашылған салымдар бойынша мемлекет сыйлықақысын есептеудiң болжамды есебiнiң негiзiнде, жыл сайын республикалық бюджетте тиiстi жылға қарастырылады.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекет сыйлықақысын есептеу және капиталдандыру тәртiбi
4-тарау. Мемлекет сыйлықақысын есептеу және капиталдандыру тәртiбi
Тармақ 10
10. Мемлекет сыйлықақысы осы Ереженiң 5 және 6-тармақтарында көрсетiлген мөлшерде, есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша есептеледi. Сыйлықақымен ынталандырылатын салым сомасына салым сомасы мен ол бойынша есептелген сыйақы кiредi.
Тармақ 11
11. Салымның ағымдағы жылдағы (мемлекет сыйлықақысы төленетiн жыл) ынталандырылатын сомасы төмендегiдей формуламен есептеледi: Саж = H - Птг, мұндағы Саж - ағымдағы жылы сыйлықақымен ынталандырылатын салым сомасы; H - есептi жылдан кейiнгi жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сыйақыны қосқандағы салым сомасы; Ппг - салымның алдыңғы жылдары ынталандырылған сомасы.
Тармақ 12
12. Банк мемлекет сыйлықақысының сомасын жинақ шоттарына ақшаны нақты есептеу сәтiндегi салымның негiзгi сомасын осы Ережеде белгiленген тәртiппен ұлғайтуға (капиталдандыруға) бағыттайды.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттiң сыйлықақыларын есептеу және төлеу мерзiмдерi
5-тарау. Мемлекеттiң сыйлықақыларын есептеу және төлеу мерзiмдерi
Тармақ 13
13. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi жыл сайын тиiстi жылдың 1 сәуiрге дейiнгi мерзiмде алдағы қаржылық жылы республикалық бюджет қаражаты шығыстарының бюджеттiк өтiнiмiне енгiзу үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне мемлекет сыйлықақысының болжамды есебiн ұсынады.
Тармақ 14
14. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi қаржылық жылдың қорытындысы бойынша келесi жылдың он жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша мемлекет сыйлықақысының түпкiлiктi есебiн ұсынады.
Тармақ 15
15. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi тұрғын үй құрылыс жинақ банкiнен түпкiлiктi есептi алғаннан кейiн, есептi жылдан кейiнгi жылдың 10 ақпанына дейiн тұрғын үй құрылыс жинақ банкiнiң корреспонденттiк шотына мемлекет сыйлықақысының жалпы сомасын аударады.
Тармақ 16
16. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнен жалпы соманы алған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде тұрғын үй құрылыс жинақ банкi мен оның салымшылары - Қазақстан Республикасының азаматтары арасында жасалған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарттар бойынша Заңда және осы Ережеде көзделген тәртiппен мемлекет сыйлықақысын есептейдi.
Тарау 6. 6-тарау. Мемлекет сыйлықақысын төлеудiң шектеулерi
6-тарау. Мемлекет сыйлықақысын төлеудiң шектеулерi
Тармақ 17
17. Салымшы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт бойынша тұрғын үй заемын өтеу талаптарын жүйелi (күнтiзбелiк жыл iшiнде қатарынан үш реттен артық) бұзған, сондай-ақ тұрғын үй заемын мақсатсыз пайдаланған жағдайда, тұрғын үй құрылыс жинақ банкi мемлекет сыйлықақысын Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен республикалық бюджетке қайтару жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асырады және мемлекет сыйлықақысының сомасы салымшыдан келiп түскен күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде оны республикалық бюджетке аударады. Салымды шотқа толық енгiзбеу, енгiзудi кешiктiру, сондай-ақ салымдарды шотқа мерзiмiнен бұрын (толық, iшiнара) салу және тұрғын үй заемын (аралық тұрғын үй заемын) өтеу тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарттың талаптарын бұзу болып табылмайды.
Тармақ 18
18. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасының салымшысына заң нормаларын және (немесе) тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартты бұза отырып төленген сыйлықақы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен республикалық бюджетке қайтарылуы тиiс. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi мемлекет сыйлықақысының сомасы салымшыдан келiп түскен күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде оны республикалық бюджетке аударады.
Тармақ 19
19. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартта айқындалған жинақтау мерзiмi аяқталып, салымшының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салатын қажеттi салым сомасының ең аз мөлшерi жинақталмаған жағдайда, салымшы салымды және оған есептелген сыйақыны алуына болады. Мұндайда мемлекет сыйлықақысы салымшы жинақ ақшаны бес жылдан артық уақыт жинақтаған жағдайда төленедi. Салымшы тұрғын үй құрылысы жинақ банкiнде жинақтауды жалғастыра беруiне болады, мұндайда, жинақталып жатқан бұл ақшаға мемлекет сыйлықақысы төленбейдi.
Тармақ 20
20. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартта айқындалған жинақтау мерзiмi аяқталып, салымшының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салатын қажеттi салым сомасының ең аз мөлшерi жинақталған жағдайда салымшы жинақтау мерзiмiн ұзартуға немесе тұрғын үй құрылысы жинақ банкiнде тұрғын үй заемын алуды кейiнге қалдыруына болады, мұндайда салымшының жинақтаған қаражатының сомасына осы Ережеде көзделген тәртiппен мемлекет сыйлықақысы есептеледi.