Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера объектового масштаба Күшін жойған
Басқа 0
Объектілік масштабтағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды
жариялау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» № 756 қаулысына сәйкес, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша қалалық комиссияның кезектен тыс отырысының 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 10 хаттамасы негізінде, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Екібастұз қаласы Мәшһүр Жүсіп көшесі № 2 көппәтерлі тұрғын үйде болған өртке байланысты объектілік масштабтағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Ануарбек Дюсембаевич Аманов төтенше жағдайды жою басшысы болып тағайындалсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.