Об образовании комиссии по охране историко-культурного наследия при акимате г.Степногорска Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.12.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Степногорск қаласы әкімдігі жанындағы тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі комиссия құру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II ҚРЗ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 15 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-ІІ ҚРЗ «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі № 1488-ХІІ ҚРЗ «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы» Заңына сәйкес Степногорск қаласы әкімдігі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Степногорск қаласы әкімдігі жанындағы тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Комиссия құрылсын.
Тармақ 2
2. Степногорск қаласы әкімдігі жанындағы құрылған тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Комиссияның дербес құрамы қалалық мәслихаттың сессиясына бекітуге енгізілсін (1 қосымша).
Тармақ 3
3. Степногорск қаласы әкімдігі жанындағы құрылған тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Комиссия туралы қосымша беріліп отырған Ереже бекітілсін.
Тармақ 4
4. Степногорск қаласы әкімдігі жанындағы құрылған тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Комиссияның кызметін қамтамасыз ететін жұмыс органы болып қалалық мәдениет бөлімі белгіленсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы Ақмола облысы әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 6
1 қосымша Степногорск қаласы әкімдігінің 13.12.2003 жылғы № а-10/336 «Степногорск қаласы әкімдігі жанындағы тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Комиссия құру туралы» қаулысына. Степногорск қаласы әкімдігі жанындағы тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Комиссияның дербес құрамы Филитович Жанетта Николаевна - Степногорск қаласы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы; Ковцур Иван Павлович - қалалық мәдениет бөлімінін бастығы. комиссия төрағасының орынбасары; Сунарова Фания Рахимьяновна - қалалық тарихи-өлкетану мұражайының меңгерушісі, комиссия хатшысы; Комиссия мүшелері: Бойрабаева Галина Серікқызы - сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық және жол шаруашылығы бөлімінің бастығы; Қасен Базарайым Құлашқызы - қала әкімі аппаратының ішкі саясат, әлеуметтік сала бөлімінің бастығы; Досмағамбетов Марат Өтеуұлы - медико-биологиялық факультетінің деканы; Ператинский Вячеслав Валерьевич - Заводской поселкесінің әкімі; Айтымов Қайыргелді Ислямбекұлы - Қарабұлақ селолық округінің әкімі; Мұқанов Баялы Киженұлы - Шаңтөбе поселкесінің әкімі; Исаев Қайролла Ахметұлы - Бестөбе поселкесінің әкімі; Сабыров Сапар Сабырұлы - Ақсу поселкесінің әкімі.
Басқа 7
Степногорск қаласы әкімдігінің 2003 ж. 13.12. № ә-10/336 «Степногорск қаласы әкімдігі жанындағы тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі комиссия құру туралы» қаулысымен Бекітілген Степногорск қаласы әкімдігі жанындағы тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Комиссия туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Степногорск қаласы әкімдігі жанындағы тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Ақмола облысы Степногорск қаласынын тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғау және күтімін жасау үшін қызмет жасайтын қалалық әкімдік жанындағы кеңес беру-ақылдасу органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы», «Мәдениет туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс кызметі туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасының басқа Заңдарына, Ақмола облысы, Степногорск қаласы өкілетті және атқарушы органдарының нормативтік-құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Комиссияның міндеттері мен өкілеттігі
2. Комиссияның міндеттері мен өкілеттігі
Тармақ 3
3. Комиссия қалалық жергілікті өкілетті және атқару органдардың қарауына ұсыныстар енгізеді:
Тармақша 1
1) тарихи-мәдени мұра нысандарын айқындау, есепке алу, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану;
Тармақша 2
2) тарихи-мәдени құндылықтарға республикалық және жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіш деп мәртебе беру;
Тармақша 3
3) табиғат апаты салдарынан объекті қираған немесе тарихи, ғылыми. көркемдік құндылығынан айырылған жағдайда тарихи және мәдениет ескерткіштерін алып тастау, көшіру немесе қалпына келтіру;
Тармақша 4
4) барлық санаттағы ескерткіштердің сақталуына қауіп төндіретін қызметке тыйым салу;
Тармақша 5
5) республикалық және жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштер тізімінен объектілерді шығару;
Тармақша 6
6) республикалық және жергілікті маңызы бар ескерткіштерді есепке алу, сақтау және қалпына келтіру бойынша жұмыстарды облыстың экономикалық және әлеуметтік даму жоспарына енгізу жөніндегі шараларды әзірлеу;
Тармақша 7
7) тарихи және мәдени ескерткіштер болып табылатын мемлекеттік меншіктегі ғимараттарды, құрылыстарды пайдалануға беру;
Тармақша 8
8) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында тиянақты жобалау, құрылыс жүргізу және өңдеу жобаларын әзірлеген және бекіткен кезде барлық санаттағы тарихи және мәдени ескерткіштерін зерттеу, сақтау, орындау бойынша шараларды іске асыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 9
9) тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау, сақтау және пайдалану саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша мемлекеттік бағдармаларды әзірлеу;
Тармақша 10
10) тарихи және мәдени ескерткіштер бойынша зерттеудің, жобалаудың және қалпына келтіру - сақтауға қою жұмыстарының кез-келген түрлерін жасау;
Тармақша 11
11) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметке тыйым салынатын немесе шектелетін аяда ерекше реттеу шекарасын белгілеу бойынша ұсыныстар енгізу жатады.
Тармақ 4
4. Комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген тәртіпте және оның құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша:
Тармақша 1
1) қала мен поселкелерде тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтауға байланысты сұрақтар бойынша тиісті органдарға ұсыныс енгізуге;
Тармақша 2
2) тарихи, археологиялық, сәулеттік құрылыс және ескерткіштерді қайта қалпына келтіру және пайдалану үдерісінде ұйымдармен консультативтік жұмыс жүргізуге;
Тармақша 3
3) Комиссия құзыретіне жататын сұрақтар бойынша заңды және жеке тұлғаларға қажетті ақпарат беруге;
Тармақша 4
4) Комиссия отырыстарында тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану сұрақтары бойынша жергілікті органдар мен ұйымдардың жауапты өкілдерін, қаланың сараптау және жұмыс топтарының жектекшілерін тыңдауға құқылы.
Тарау 3. 3. Комиссия қызметін ұйымдастыру
3. Комиссия қызметін ұйымдастыру
Тармақ 5
5. Комиссия отырысы қажет болған жағдайда өткізіледі және құқылы болып есептеледі, егер оған оның мүшелерінің жалпы санынан 2/3 қатысса.
Тармақ 6
6. Комиссия шешімдері ашық дауыспен қабылданады және қабылданған болып есептеледі, егер ол үшін көпшілік дауыс берілсе.
Тармақ 7
7. Дауыстар тең түскен кезде комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі. Комиссия мүшелері ерекше пікір айтуға құқылы, ол айтылған жағдайда жазбаша көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Комиссия отырысының өткізілу қорытындысы бойынша отырысына қатысқан мүшелері қол қойған хаттама жасалады. Оған отырыста қаралған барлық құжаттар немесе материалдар қосымша беріледі.
Тармақ 9
9. Комиссияның қызметін қамтамасыз ететін бойынша жұмыс органы Степногорск қалалық мәдениет бөлімі болып табылады.
Тармақ 10
10. Комиссия шешімдері ұсыныс ретінде қабылданады.