Об образовании Общественного совета по средствам массовой информации (информационной политике) при акимате Егиндыкольского района Күшін жойған
Басқа 0
Егіндікөл ауданы әкімдігі жанындағы бұқаралық ақпарат құралдары (ақпараттық саясат) жөніндегі Қоғамдық кеңес құру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңға және Ақмола облыс әкімдігінің 2003 жылдың 20 маусымдағы № а-6/167 Қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Егіндікөл ауданы әкімдігі жанындағы бұқаралық ақпарат құралдары (ақпараттық саясат) жөнінде Қоғамдық кеңес құрылсын.
Тармақ 2
2. Егіндікөл ауданы әкімдігі жанындағы бұқаралық ақпарат құралдары (ақпараттық саясат) жөніндегі Қоғамдық кеңес туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 3
3. Бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі қоғамдық Кеңестің дербес құрамы (қоса беріліп отыр) аудандық мәслихат сессиясының бекітуіне енгізілсін.
Басқа 4. Егіндікөл ауданы әкімдігі жанындағы бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі (акпараттық саясат) Қоғамдық кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ
Егіндікөл ауданы әкімдігінің
«Егіндікөл ауданы әкімдігі
жанындағы бұқаралық ақпарат
құралдары» жөнінде (ақпараттық
саясат) Қоғамдық кеңес куру туралы
2003 жылғы 4 желтоқсандағы
№ а-12/130 қаулысымен бекітілді
Егіндікөл ауданы әкімдігі жанындағы бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі (акпараттық саясат) Қоғамдық кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігі жанындағы бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі (ақпарттық саясат) Кеңес (әрі қарай Кеңес) аудан әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесу органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңестің негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруда, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қоғамдық қатынастарды жетілдіруде аудан әкімдігіне көмек көрсету;
Тармақша 2
2) бұқаралық ақпарат құралдарының қызметіне кешенді де жүйелі талдау жасау және мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асырып, жетілдіру жөнінен аудан әкімдігіне ұсыныстар жасау;
Тармақша 3
3) бұқаралық ақпарат саласындағы заңнамалардың орындалуын жетілдіру, атқарушы органдар мен БАҚ-ның өзара тиімді әрекеттерін камтамасыз ету жөнінен аудан әкімдігіне ұсыныстар жасау, сондай-ақ аймақ пен елдің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аудан әкімдігіне ұсыныстар жасау;
Тармақша 4
4) мемлекттік немесе басқа да органдармен, ұйымдармен қарым-қатынас барысында БАҚ-ы мен олардың қызметкерлерінің мүдделері мен заңды құқықтарын қорғау;
Тармақша 5
5) бұқаралық ақпарат құралдарының қызметінде жоғары этикалық және кәсіби қағидаттардың дамуына жәрдемдесу, бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы даулы мәселелер мен шиеленісті жағдайларды шешуге атсалысу болып табылады;
Тармақ 3
3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, басқа да нормативтік құқықтық актілер мен осы Ережені басшылыққа алады;
Тармақ 4
4. Кеңестің құзыры:
Тармақша 1
1) аудан әкімдігі мен тікелей Кеңеске жолданған БАҚ қызметіне байланысты және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнамалардың сақталуы тұрғысындағы құжаттарды қарауға жәрдемдеседі және қарайды;
Тармақша 2
2) бұқаралық ақпарат құралдары мен ақпараттық кеңестің жай-күйі мен дамуы туралы жыл сайынғы және жедел баяндамаларды жасайды;
Тармақша 3
3) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнамаларды жетілдіру, атқарушы органдар мен БАҚ-ның өзара тиімді әрекет етуін қамтамасыз ету жөнінен сараптау материалдарын дайындап, ұсыныстар жасайды;
Тармақша 4
4) мемлекет саясаты мен аудан әкімдігінің атқарып отырған жұмыстарын түсіндіру, соның ішінде БАҚ үшін, сараптау-ұсыныстық қорытындылар шығарып, ұсыныстар енгізеді;
Тармақ 5
5. Кеңестің өз құзыры шеңберінде:
Тармақша 1
1) өзіне жүктелген міндеттерді орындау барысында мемлекеттік атқарушы органдар мен лауазымды қызметкерлерден ақпарат, құжаттар мен материалдар талап етуге;
Тармақша 2
2) бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамалардың сақталу мәселелері бойынша өз мәжілістерінде мемлекеттік атқарушы органдардың лауазымды қызметкерлері мен БАҚ-ның өкілдерін тыңдауға;
Тармақша 3
3) мемлекеттік атқарушы органдардың, шығармашылық одақтар мен басқа да ұйымдар өткізетін кеңестерге, конференциялар мен семинарларға қатысуға өз өкілдерін жіберуге;
Тармақша 4
4) БАҚ қызметіне байланысты мемлекеттік атқарушы органдардың шешімдеріне баға беріп, осы мәселе бойынша мемлекеттік атқарушы органдарға ұйымдастыру-әдістемелік, ақпараттық және басқа да көмек көрсетуге;
Тармақша 5
5) БАҚ қызметінің әртүрлі салалары бойынша жұмыс комиссияларын құрып, олардың жумысына мекемелер мен ұйымдардың өкілдерін тартуға;
Тармақша 6
6) Кеңестің қызметі туралы республикалық және аймақтық БАҚ-да материалдар жариялауға құқығы бар.
Тармақ 6
6. Кеңес мәжілістерінде қабылданып, аудан әкімдігіне мәлімет үшін жеткізілетін ұсыныстар мен ұйғарымдар (қорытындылар) Кеңес шешімдері болып табылады.
Тармақ 7
7. Аудандық мәслихат сессиясында бекітілетін Кеңестің құрамы Кеңес төрағасынан, хатшысынан және мүшелерінен тұрады. Кеңес төрағасы мен мүшелері оның жұмысына қоғамдық негізде қатысады.
Кеңес мәжілістерін оның төрағасы қажеттігіне қарай, бірақ жарты жылда бір реттен кем емес уақытта шақырады. Кеңестің барлық мүшелерінің үштен екі бөлігі қатысқанда Кеңес мәжілісі өкілетті деп есептеледі. Кеңес мүшелерінің мәжілістерге қатысқанда өз орнын басқа біреумен алмастыруға құқы жоқ.
Кеңес шешімі мәжіліске қатысқан кеңес мүшелерінің басым дауыс беруі арқылы қабылданады.
Тармақ 8
8. Кеңес төрағасы кеңестің шешімдері мен басқа да құжаттарына қол қояды, мәжілісте қарауға енгізілетін мәселелерді анықтайды, басқа да ұйымдастыру - әкімшілік жұмыстарымен айналысады.
Мәжіліске төраға қатыса алмаған жағдайда оның тапсыруы бойынша кеңес мүшелерінің біреуі төрағалық етеді.
Тармақ 9
9. Кеңестің ұйымдастыру және ақпараттық қызметін аудан әкімінің ішкі саясат бөлімі жүзеге асырады.
Басқа 29. Егіндікөл ауданының әкімдігі жанындағы бұқаралық
ақпарат құралдары жөніндегі (ақпараттық саясат) Қоғамдық кеңестің құрамы
Егіндікөл ауданы әкімдігінің
«Егіндікөл ауданының әкімдігі
жанындағы бұқаралық ақпарат
құралдары жөнінде (ақпараттық
саясат) Қоғамдық кеңес құру
2003 жылғы 4 желтоқсандағы № а-12/130
қаулысына қосымша
Егіндікөл ауданының әкімдігі жанындағы бұқаралық
ақпарат құралдары жөніндегі (ақпараттық саясат) Қоғамдық кеңестің құрамы
Тармақ 1
1. Жұматова Зоя Кендыбайқызы - аудан әкімінің орынбасары, кеңес төрайымы
Тармақ 2
2. Менешева Бақытгүл Нәсиқызы - аудан әкім аппаратының ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, кеңес хатшысы
Тармақ 3
3. Гурбанова Светлана Михайловна - «Шұғыла -Целинная нива» газетінің редакторы (келісім бойынша)
Тармақ 4
4. Колесникова Елена Владимировна - аудан әкімінің құқық сұрақтары бойынша кеңесшісі
Тармақ 5
5. Әбілов Бегендік Қуандықұлы - аудан әкім аппаратының мәдениет бөлімінің меңгерушісі