Об обязательном страховании туриста Қолданыста
Басқа 0
Туристі мiндеттi сақтандыру туралы
"Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн", "туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн", "Туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн", "Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн", "туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн" деген сөздер тиісінше "Туристі", "туристі" деген сөздермен ауыстырылды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі);
"туроператордың және турагенттiң", "Туроператордың және турагенттiң", "Туроператор мен турагенттiң", "туроператор мен турагенттiң", "туроператор мен турагент" деген сөздер тиісінше "туроператордың немесе турагенттiң", "Туроператордың немесе турагенттiң", "Туроператордың немесе турагенттiң", "туроператордың немесе турагенттiң", "туроператор немесе турагент" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);
«Электрондық ақпараттық ресурстар», «электрондық ақпараттық ресурстар», «ақпараттық жүйесі», «ақпараттық жүйелерінде» деген сөздер тиісінше «Цифрлық ресурстар», «цифрлық ресурстар», «цифрлық жүйесі», «цифрлық жүйелерінде» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 09.01.2026 № 256-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Осы Заң туристі мiндеттi сақтандыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) ассистанс – ассистанс компанияның сақтандырылушыға сақтандыру жағдайының басталуы салдарынан техникалық, медициналық және өзге де жәрдемдесу арқылы көмекті ұйымдастыруы;
Тармақша 2
2) ассистанс компания – туристі міндетті сақтандыру шарты шеңберінде сақтандырушымен шетелге шығатын туриске (сақтандырылушыға) ассистанс беру туралы шарт жасасқан заңды тұлға;
2-1) 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 16.01.2026 № 259-VIII Заңымен.
Тармақша 3
3) пайда алушы – осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға;
Тармақша 4
4) сақтандыру жағдайы – басталғанынан кейін туристі міндетті сақтандыру шартында сақтандырылушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүзеге асыру көзделетін оқиға;
Тармақша 5
5) сақтандыру омбудсманы – «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға;
Тармақша 6
6) сақтандыру сертификаты – жасалған сақтандыру шартын (сақтандыру полисін) растау үшін сақтандырушы ресімдеген, сақтандырылушыға қатысты қолданыстағы сақтандыру арқылы қорғаудың бар екені туралы куәландыратын және сақтандыруға қабылданатын сақтандыру тәуекелдері бойынша сақтандыруды жабу талаптары туралы ақпаратты қамтитын құжат;
Тармақша 7
7) сақтандыру сомасы – сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы;
Тармақша 8
8) сақтандыру сыйлықақысы – сақтандырушының туристі міндетті сақтандыру шартында айқындалған мөлшерде сақтандырылушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүргізу міндеттемелерін қабылдағаны үшін сақтанушы оған төлеуге міндетті болатын ақша сомасы;
Тармақша 9
9) сақтандыру төлемі – сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырылушыға (пайда алушыға) сақтандыру сомасы шегінде төлейтін ақша сомасы;
Тармақша 10
10) сақтандырушы – «жалпы сақтандыру» саласында немесе «өмірді сақтандыру» саласында сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны алған, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырылушыға (пайда алушыға) шартта айқындалған сома (сақтандыру сомасы) шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті сақтандыру ұйымы;
Тармақша 11
11) сақтандырылушы – шетелге шығатын турист;
Тармақша 12
12) сақтанушы – сақтандырылушының пайдасына сақтандырушымен туристі міндетті сақтандыру шартын жасасқан шығу туризмі саласындағы туроператор;
Тармақша 13
13) турагент – шығу туризмі саласындағы туроператор қалыптастырған туристік өнімді алға ілерілету мен өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 14
14) туристі міндетті сақтандыру – сақтандырылушының осы Заңда көрсетілген оқиғалар салдарынан күтпеген шығыстардың туындау тәуекеліне байланысты мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі қатынастар кешені.
Бап 2. 2-бап. Туристі мiндеттiсақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдары
2-бап. Туристі мiндеттiсақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдары
Тармақ 1
1. Туристі мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Тармақ 3
3. Осы Заңның сақтандырушыға, оның ішінде сақтандыру ұйымына қатысты қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.
Бап 3. 3-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты, міндеттері және қағидаты
3-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты, міндеттері және қағидаты
Тармақ 1
1.
Осы Заңның негізгі мақсаты осы Заңда көрсетілген, сақтандыру жағдайлары ретінде танылатын оқиғалар салдарынан күтпеген шығыстар туындаған жағдайда, сақтандырылушының мүліктік мүдделерін сақтандыру арқылы қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
Тармақ 2
2. Осы Заңның негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) сақтандырылушының мүліктік мүдделерiн қорғауды осы Заңда белгiленген көлемде және тәртiппен қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) шығу туризмі саласындағы туроператордың туристі міндетті сақтандыру шарты болған кезде әрбір туриске қатысты өз қызметін жүзеге асыруы;
Тармақша 3
3) туроператордың және турагенттiң туристiк қызмет көрсету қауiпсiздiгiн арттырудағы экономикалық мүдделiлiгi болып табылады.
Тармақ 3
3. Осы Заңның негізгі қағидаты сақтандырылушының мүліктік мүдделері мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
Бап 4. 4-бап. Туристі міндетті сақтандыру объектісі
4-бап. Туристі міндетті сақтандыру объектісі
Осы Заңда көрсетілген сақтандыру жағдайларының басталуы салдарынан өміріне, денсаулығына зиян келтірілген сақтандырылушының мүліктік мүддесі туристі міндетті сақтандыру объектісі болып табылады.
Тарау 2. 2-тарау. Туристі мiндеттi сақтандыру жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету
2-тарау. Туристі мiндеттi сақтандыру жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету
Бап 5. 5-бап. Туристі мiндеттi сақтандыру саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау
5-бап. Туристі мiндеттi сақтандыру саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау
Тармақ 1
1. Шығу туризмі саласындағы туроператордың осы Заңда белгіленген туристі мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндетті орындауын мемлекеттік бақылауды
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы
жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Сақтандыру ұйымдарының қызметiн мемлекеттiк
бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Шығу туризмі саласындағы туроператордың туристі мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндетті орындауын мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 6. 6-бап. Туристі міндетті сақтандыруды жүзеге асыратын тұлғалар
6-бап. Туристі міндетті сақтандыруды жүзеге асыратын тұлғалар
Сақтандырылушының мүліктік мүдделерін міндетті сақтандыруды шығу туризмі саласындағы туроператор жүзеге асырады.
Бап 7. 7-бап. Шығу туризмі саласындағы туроператордың туристі мiндеттi сақтандыру шартын жасаспай қызметті жүзеге асыруына жол бермеу
7-бап. Шығу туризмі саласындағы туроператордың туристі мiндеттi сақтандыру шартын жасаспай қызметті жүзеге асыруына жол бермеу
Шығу туризмі саласындағы туроператор туристі мiндеттi сақтандыру шартын жасаспай туристiк қызметтер көрсету жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға құқылы емес.
Бап 7-1. 7-1-бап. Туристі міндетті сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшеліктері
7-1-бап. Туристі міндетті сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген заңды тұлға туристі мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны алғанға дейiн:
Тармақша 1
1) «Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртiппен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен қатысу шартын;
Тармақша 2
2) сақтандырылушы уақытша болатын елде (жерде) тәулік бойы жұмыс істейтін көптілді үйлестіру орталығы және өңірлік желісі бар ассистанс компаниямен шетелге шығатын туриске (сақтандырылушыға) осы Заңда көрсетілген сақтандыру жағдайлары ретінде танылатын оқиғалар басталған кезде ассистанс беру туралы шарт жасасуға немесе сақтандырылушыға ұсынылатын қызметтерді көрсетуге лицензиялары бар тасымалдаушылармен, медициналық және өзге де мекемелермен шарттар жасасуға міндетті.
Әрбір сақтандырылушы және сақтандыру жағдайы бойынша ассистанс компания беретін ассистанс көлемі сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемімен айқындалады.
Сақтандырушы сақтандырылушыға ассистанс беру туралы шарт жасасатын ассистанс компанияға қойылатын талаптар, сондай-ақ сақтандырушының ассистанс компаниямен өзара іс-қимыл жасау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Тармақ 2
Тармақ 3
3. Сақтандырушылар туристі міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру тәуекелдері, сақтандыру жағдайлары және сақтандыру төлемдері жөніндегі ақпараттық деректер базасын қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын ұйымды құруға қатысуға құқылы.
Тармақ 4
4. Туристі мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен міндетті жарналарды төлеуге және шартты міндеттемелерді қалыптастыруға міндетті.
Бап 7-2. 7-2-бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл жасау
7-2-бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл жасау
Сақтандыру жағдайының басталу фактісін растау және сақтандырылушының мүліктік мүдделеріне келтірілген зиянды өтеудің мөлшерін айқындау үшін қажетті ақпаратқа ие мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар осы ақпаратты сақтандырушыға, сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға), сақтандыру омбудсманына олар өтініш жасаған кезде беруге міндетті.
Тарау 3. 3-тарау. Туристі мiндеттi сақтандыру шарты
3-тарау. Туристі мiндеттi сақтандыру шарты
Бап 8. 8-бап. Туристі мiндеттi сақтандыру шарты және оны жасасу тәртiбi
8-бап. Туристі мiндеттi сақтандыру шарты және оны жасасу тәртiбi
Тармақ 1
1. Туристі мiндеттi сақтандыру осы Заңға және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) сәйкес сақтанушы мен сақтандырушының арасында сақтандырылушының пайдасына жасалатын шарт негізiнде жүзеге асырылады.
Сақтандырылушының ерікті сақтандыру шартын жасасуы сақтанушыны туристі міндетті сақтандыру шартын жасау жөніндегі міндеттен босатпайды.
Тармақ 2
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырушы сақтанушыға туристі мiндеттi сақтандыру шартын жасасудан бас тартуға құқылы емес.
Тармақ 4
4. Туристі мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеуге, ал сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде осы Заңның талаптарын ескере отырып жасалған сақтандыру шартының негiзiнде, моральдық зиянды және ала алмаған пайданы өтеуге байланысты талаптарды қоспағанда, сақтандырылушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға, сондай-ақ тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттенедi.
Тармақ 5
5. Туристі мiндеттi сақтандыру шарты сақтандырушының сақтанушыға электрондық нысанда сақтандыру полисiн және сақтандыру сертификатын ресімдеуі арқылы жасалады.
Сақтанушы туристі міндетті сақтандыру шартын жасасқан кезде уақытша болатын елге (жерге) және туристік қызмет көрсету шартында көрсетілген саяхат күндерінің санына қарай осы Заңға қосымшада көзделген сақтандыру бағдарламаларының бірін таңдайды, ол бойынша сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемі (сақтандыру сомасы) және өтеуге жататын шығыстардың түрлері туристің өмірі мен денсаулығын сақтандыру бөлігінде халықаралық шарттардың және сақтандырылушы уақытша болатын ел (жер) заңнамасының талаптарына сәйкес келеді.
Сақтандыру сыйлықақысын есептеу және сақтанушыны, сақтандырылушыны сәйкестендіру үшін қажетті деректер қамтылатын сақтанушының өтiнiшi туристі мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн негiз болып табылады.
Туристі мiндеттi сақтандыру шартында көрсетiлуге жататын талаптардың толық болмағаны үшiн сақтандырушы жауапты болады. Сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық болмауы салдарынан дау туындаған жағдайда, дау сақтанушының пайдасына шешiледi.
Сақтанушы тек қана турагент арқылы:
әрбір сақтандырылушыға сақтандыру сертификатын беруге;
сақтандырылушының талап етуі бойынша сақтандыру полисін ұсынуға міндетті.
Тармақ 5-1
5-1. Туристі міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисі мен сақтандыру сертификатының мазмұнына қойылатын және оларды ресімдеу жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленеді.
Тармақ 6
6. Туристі мiндеттi сақтандыруды мiндеттi сақтандырудың осы түрi бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Егер туристі мiндеттi сақтандыру шарты сақтанушы мен сақтандырылушының жағдайын осы Заңда көзделгенмен салыстырғанда нашарлататын талаптармен жасалса, онда сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы сақтанушы мен сақтандырылушының алдында осы Заңда белгiленген талаптар бойынша мiндеттi болады.
Бап 8-1. 8-1-бап. Цифрлық ресурстар алмасу арқылы
туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу және
сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде сақтандырушы мен
интернет-ресурстарға қойылатын талаптар
8-1-бап. Цифрлық ресурстар алмасу арқылы
туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу және
сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде сақтандырушы мен
интернет-ресурстарға қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Туристі міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым, сақтандырушы мен сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында
цифрлық ресурстар алмасу үшін сақтандырушының интернет-ресурсы және (немесе)
цифрлық жүйесі пайдаланылады.
Туристі міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу және сақтандыру жағдайын реттеу үшін өтініш беру кезінде сақтанушыдан мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды пайдалану талап етілмейді.
Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның интернет-ресурсында электрондық нысанда туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу үшін пайдаланылатын сақтандыру ұйымының интернет-ресурсына сілтеме орналастырылады.
Тармақ 2
2. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым мен сақтандырушы, сақтандырушы мен сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында
цифрлық ресурстар алмасу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Тармақ 3
3. Сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып, туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде сақтандырушы:
Тармақша 1
1) сақтанушыға, сақтандырылушыға туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу не оны жасасудан бас тарту (бас тарту себептерін көрсете отырып) туралы хабарламаны электрондық хабар түрінде дереу жөнелтуді;
Тармақша 2
2) реттеу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуды (бас тарту себептерін көрсете отырып) қоса алғанда, сақтандыру жағдайын реттеу процесінің негізгі кезеңдері туралы сақтанушыны (сақтандырылушыны) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен электрондық хабар түрінде хабардар етуді;
Тармақша 3
3) сақтанушының (сақтандырылушының) жасалған туристі міндетті сақтандыру шарты жөніндегі ақпаратты сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында тексеру мүмкіндігін;
Тармақша 4
4) сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) туристі міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы жөніндегі ақпаратты сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында тексеру мүмкіндігін;
Тармақша 5
5) сақтанушы, сақтандырылушы үшін сақтандырушының интернет-ресурсына тәулік бойы қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, электрондық нысанда туристі міндетті сақтандыру шартының және ол бойынша сақтандыру жағдайы жөніндегі ақпараттың сақталуын;
Тармақша 6
6) сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға):
туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу;
туристі міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату;
сақтандыру жағдайының (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиғаның) басталғаны туралы хабардар ету;
осы Заңның 20-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, туристі міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін қажетті электрондық нысандағы ақпаратты (өтініштер, хабарламалар және (немесе) өзге де құжаттар, мәліметтер) жасау және сақтандырушыға жөнелту мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарлама дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан жіберіледі.
Туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарламалардың тәртібі мен мазмұнына қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 4
4. Егер туристі міндетті сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, туристі міндетті сақтандыру шартын
цифрлық ресурстар алмасу арқылы жасасу кезінде сақтанушы сақтандыру шартын сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеген кезден бастап жасады деп есептеледі.
Тармақ 5
5. Туристі міндетті сақтандыру шартын
цифрлық ресурстар алмасу арқылы жасасу кезінде сақтанушы осы Заңда көзделген сақтандыру талаптарымен танысқаннан кейін сақтандыру сыйлықақысын төлейді, сол арқылы ол өзіне ұсынылған талаптармен қосылу шартын жасасуға келісетінін растайды.
Тармақ 6
6. Сақтандырушы сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып, туристі міндетті сақтандыру шарттарын жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу мүмкіндігін тәулік бойы қамтамасыз етеді.
Бап 9. 9-бап. Туристі міндетті сақтандыру шартының қолданысы
9-бап. Туристі міндетті сақтандыру шартының қолданысы
Тармақ 1
1. Туристі міндетті сақтандыру шарты сақтандырылушы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткені туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесі құрылымдық бөлімшесінің белгісін алған кезден бастап, сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлегеннен кейін күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады.
Тармақ 2
2. Туристі міндетті сақтандыру шартының қолданылу мерзімі туристік қызмет көрсетуге арналған шартта айқындалған сапар мерзімінен кем болмайды. Туристі міндетті сақтандыру шарты сақтандырылушы сақтандыру аумағынан шыққан кезде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезге дейін, бірақ турист рейстің кідіру себебінен шетелде қосымша мерзімге болған жағдайды қоспағанда, туристі міндетті сақтандыру шартында көрсетілген сақтандыру мерзімі аяқталған күннен кешіктірілмей қолданылады.
Туристі міндетті сақтандыру шарты бірінші басталған сақтандыру жағдайы бойынша өз қолданысын тоқтатпайды.
Сақтандырылушы Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде болған және туристік қызмет көрсетуге арналған шарт бойынша саяхат күндерінің саны көбейген кезде сақтанушы сақтандырылушының уақытша болатын елде (жерде) қосымша болу күндеріне туристі міндетті сақтандырудың жаңа шартын жасасады.
Тармақ 3
3. Туристі міндетті сақтандыру шартының қолданылу аумағы (сақтандыру аумағы) туристік қызметтер көрсету аумағы болып табылады.
Туристі сақтандырудың міндетті бағдарламалары бойынша сақтандыру аумағы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Егер туристі міндетті сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, мыналар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары баруға ұсынбайтын аумақтар;
Тармақша 2
2) сақтандырылушының уақытша тұруға рұқсаты немесе сақтандыру аумағында 90 күннен астам үзіліссіз болуға рұқсат беретін өзге құжаты болатын мемлекеттер;
Тармақша 3
3) сақтандырылушы азаматы болып табылатын мемлекеттер сақтандыру аумағынан алып тастауға жатады.
Туристі міндетті сақтандыру шарты жасалғаннан кейін сақтандыру аумағы осы тармақтың үшінші бөлігінің 1) тармақшасында белгіленген алып тастауға жататын жағдайларда сақтандыру аумағын алып тастау туралы талап қолданылмайды.
Бап 10. 10-бап. Туристі мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуын тоқтату
10-бап. Туристі мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуын тоқтату
Туристі мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы мына жағдайларда:
Тармақша 1
1) шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанда;
Тармақша 2
2) шарт мерзiмiнен бұрын тоқтатылғанда;
Тармақша 3
3) сақтандырушы сақтандыру төлемiн (сақтандыру төлемдерiн) туристі мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сомасы мөлшерiнде жүзеге асырғанда тоқтатылады.
Бап 11. 11-бап. Туристі мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату
11-бап. Туристі мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату
Тармақ 1
1. Туристі мiндеттi сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген жағдайларда мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.
Тармақ 2
2. Егер туристі мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату оның талаптарын сақтандырушының орындамау кiнәсiнен туындаса, соңғысы сақтанушыға ол төлеген сақтандыру сыйлықақысын толық қайтарады. Туристі мiндеттi сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген мән-жайлар бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтатылған жағдайларда сақтандырушының сақтандыру сыйлықақысының сақтандыру қолданыста болған уақытқа бара-бар бiр бөлiгiн алуға құқығы бар.
Бап 12. 12-бап. Сақтанушының және сақтандырылушының құқықтары мен міндеттері
12-бап. Сақтанушының және сақтандырылушының құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Сақтанушының:
Тармақша 1
1) сақтандырушыдан туристі мiндеттi сақтандырудың талаптары мен тәртiбiн, туристі мiндеттi сақтандыру шарты бойынша өзiнiң құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiрудi талап етуге;
Тармақша 2
Тармақша 3
Тармақша 3-1
3-1) туристі міндетті сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 20-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге;
Тармақша 4
4) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге;
Тармақша 5
5) туристі мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтатуға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Сақтанушы:
Тармақша 1
1) тиісті лицензиясы бар сақтандырушымен туристі міндетті сақтандыру шартын жасасуға;
Тармақша 2
2) туристі міндетті сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру сыйлықақысын төлеуге;
Тармақша 3
3) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы өзіне белгілі болған кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бұл туралы сақтандырушыны хабардар етуге (ауызша, жазбаша) міндетті. Ауызша нысандағы хабар кейіннен жазбаша расталуға тиіс;
Тармақша 4
4) туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандырушыға туристі міндетті сақтандыру шартына енгізу үшін қажетті мәліметтерді ұсынуға;
Тармақша 5
5) өзіне сақтанушы шығу
туризмі саласында туроператор қалыптастырған туристік өнімді өткізген тұлғаны
сақтандырушымен осы тұлғаның пайдасына туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу
туралы хабардар етуге міндетті.
Тармақ 2-1
2-1. Сақтандырылушының:
Тармақша 1
1) туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу үшін сақтандырушыны таңдауға;
Тармақша 2
2) сақтандыру сертификатын және қажет болған кезде сақтандыру полисін алуға;
Тармақша 3
3) сақтандырушыдан және (немесе) сақтанушыдан сақтандыру полисінде және сақтандыру сертификатында көрсетілген туристі міндетті сақтандыру талаптары мен тәртібін, өз құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге;
Тармақша 4
4) туристі міндетті сақтандыру шарты бойынша көрсетілетін қызметтер ұсынылмаған, толық немесе сапалы ұсынылмаған жағдайлар туралы сақтандырушыға хабар беруге;
Тармақша 5
5) сақтандырушы жүргізген сақтандыру төлемінің мөлшерімен танысуға;
Тармақша 6
6) туристі міндетті сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 20-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге;
Тармақша 7
7) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге;
Тармақша 8
8) осы Заңда көзделген жағдайларда сақтандыру төлемін алуға;
Тармақша 9
9) оларды жоғалтып алған жағдайда, сақтандыру сертификатының телнұсқасын және қажет болған кезде сақтандыру полисінің көшірмесін алуға құқығы бар.
Тармақ 2-2
2-2. Сақтандырылушы:
Тармақша 1
1) туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтанушыға туристі міндетті сақтандыру шартына енгізу үшін қажетті мәліметтерді ұсынуға;
Тармақша 2
2) сақтандыру полисінде және сақтандыру сертификатында көрсетілген туристі міндетті сақтандыру шарты бойынша талаптармен танысуға және оларды бұлжытпай сақтауға;
Тармақша 3
3) сақтандыру полисінің (ол болған кезде) және (немесе) сақтандыру сертификатының және сақтандыру жағдайына қатысты растайтын құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 4
4) сақтандыру жағдайынан болатын залалдарды азайту үшін шаралар қабылдауға;
Тармақша 5
5) сақтандыру жағдайы басталған кезде техникалық, медициналық және өзге де көмекті ұйымдастыру, іс-қимылдарды келісу және шығыстарды жүзеге асыру мақсатында болған жағдай туралы ассистанс компанияны сақтандыру сертификатында көрсетілген байланыстың кез келген қолжетімді тәсілімен жеке өзі немесе өкілі арқылы дереу хабардар етуге, ассистанс компанияға сақтандыру сертификаты және (немесе) сақтандыру полисі туралы деректерді хабарлауға;
Тармақша 6
6) сақтандыру жағдайы басталған кезде ассистанс компанияның, сақтандырушының және өзге де құзыретті тұлғалардың, уақытша болатын елдің (жердің) билік органдарының ұсынымдарын, нұсқауларын орындауға;
Тармақша 7
7) сақтандыру жағдайынан келтірілген зиянның сипаты мен мөлшерлері туралы мән-жайларды анықтау үшін қажетті қолда бар құжаттарды сақтандырушыға ұсынуға;
Тармақша 8
8) шұғыл жағдайда медициналық көмек алған және дәлелді себептермен ассистанс компанияны басталған сақтандыру жағдайы туралы дереу хабардар ету мүмкіндігі болмаған кезде ассистанс компанияға болған жағдай туралы екі тәулік ішінде не алғашқы мүмкіндік болған кезде хабар беруге;
Тармақша 9
9) сақтандырушының сұрау салуы бойынша шет тіліндегі құжаттарды қазақ немесе орыс тіліндегі нотариат куәландырған аудармасымен бірге ұсынуға;
Тармақша 10
10) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға керi талап қою құқығының сақтандырушыға өтуiн қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 3
3. Туристі мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының және сақтандырылушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтiн басқа да құқықтары мен мiндеттерi көзделуі мүмкiн.
Бап 13. 13-бап. Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi
13-бап. Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi
Тармақ 1
1. Сақтандырушы:
Тармақша 1
1) туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтанушыдан туристі міндетті сақтандыру шартына енгізу үшін қажетті сақтандырылушы туралы мәліметтерді ұсынуды талап етуге;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардан, олардың құзыретіне орай, сақтандыру жағдайының басталу фактiсiне және сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесiнде келтiрiлген зиянның мөлшерiн анықтауға байланысты құжаттар мен мәлiметтердi сұратуға;
Тармақша 3
3) сақтандырылушылардың осы Заңда көрсетілген сақтандыру жағдайларының басталуы салдарынан келтірілген зиянды өтеу туралы талаптарына байланысты мәселелерді реттеуге қатысуға;
Тармақша 4
4) осы Заңның 19-бабында көзделген жағдайларда, зиян келтiргенi үшiн жауапты тұлғаға керi талап құқығын қоюға;
Тармақша 5
5) осы Заңның 20-бабында көзделген негiздер бойынша сақтандыру төлемiн толық немесе iшiнара жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.
Тармақ 2
2. Сақтандырушы:
Тармақша 1
1) сақтанушыны міндетті сақтандыру талаптарымен және тәртібімен, оның ішінде тараптардың туристі міндетті сақтандыру шартынан туындайтын құқықтарымен және міндеттерімен таныстыруға;
Тармақша 2
2) туристі міндетті сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтандыру полисін және сақтандыру сертификатын ресімдеуге;
Тармақша 2-1
2-1) туристі міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандырып қорғаудың қолданысы кезеңінде басталған сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиға) туралы хабардар етілген кезінде оны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес дереу тіркеуге және осы сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиға) бойынша мәліметтерді дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға ұсынуға;
Тармақша 3
3) сақтандыру жағдайы басталған кезде осы Заңда көзделген тәртіппен және шарттармен сақтандыру төлемін жүргізуге;
Тармақша 4
4) сақтандыру жағдайының басталу фактісін және сақтандырушы өтеуге тиісті зиянның мөлшерін растайтын құжаттар жеткіліксіз болған кезде оларды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жетіспейтін және (немесе) дұрыс ресімделмеген құжаттардың толық тізбесін көрсете отырып, бұл туралы өтініш берушіге хабарлауға;
Тармақша 4-1
4-1) сақтанушыдан, сақтандырылушыдан (пайда алушыдан) өтінішті алған кезде бес жұмыс күні ішінде сақтанушының, сақтандырылушының (пайда алушының) талаптарын қарауға және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып, жазбаша жауап беруге;
Тармақша 4-2
4-2) сақтанушыдан, сақтандырылушыдан (пайда алушыдан) сақтандыру омбудсманына жіберілетін өтінішті алған кезде осы өтінішті, сондай-ақ оған қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына алынған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде қайта жіберуге;
Тармақша 4-3
4-3) сақтандырылушыдан осы Заңның 18-бабында көзделген құжаттарды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындауға және сақтандырылушыға танысуға ұсынуға;
Тармақша 5
5) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге;
Тармақша 6
6) сақтандырылушыға сақтандыру жағдайы кезiнде залалдарды болғызбау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстарын өтеуге;
Тармақша 7
7) туристі міндетті сақтандыру шарты шеңберінде ассистансты қамтамасыз етуге міндеттенетін бір және (немесе) бірнеше ассистанс компаниямен шарттар жасасуға міндетті.
Тармақ 3
3. Туристі мiндеттi сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының заң актiлерiне қайшы келмейтiн өзге де құқықтары мен мiндеттерi көзделуi мүмкiн.
Тарау 4. 4-тарау. Сақтандыру сомасы және сақтандыру сыйлықақысы
4-тарау. Сақтандыру сомасы және сақтандыру сыйлықақысы
Бап 14. 14-бап. Сақтандырушы жауапкершілігінің шегі
14-бап. Сақтандырушы жауапкершілігінің шегі
Тармақ 1
1. Сақтандыру бағдарламалары бойынша сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемі (сақтандыру сомасы), әрбір сақтандыру жағдайы бойынша өтеуге жататын шығыстардың түрлері осы Заңға қосымшада белгіленген.
Тармақ 2
2. Сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемі (сақтандыру сомасы) Америка Құрама Штаттарының (бұдан әрі – АҚШ) долларымен белгіленеді. Сақтандыру төлемінің мөлшерін есептеу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сақтандыру төлемін жүзеге асыру күніне белгілеген бағам бойынша АҚШ доллары пайдаланылады.
Халықаралық шарттарда, уақытша болатын елдің (жердің) заңнамасында, туристі міндетті сақтандыру шартында көзделген жағдайларда сақтандырылушының өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемдері еуромен белгіленеді.
Тармақ 3
3. Залалдарды болғызбау немесе азайту мақсатында сақтандырылушы шеккен шығыстарды сақтандырушы, тіпті, егер тиісті шаралар сәтті болмаса да, егер осындай шығыстар сақтандырушының нұсқауларын орындау үшін қажет болса немесе жүргізілген болса, өтеуге тиіс.
Мұндай шығыстар нақты мөлшерде өтеледі, бұл ретте сақтандыру төлемі мен шығыстар өтемақысының жалпы сомасы туристі міндетті сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасынан аспауға тиіс. Егер шығыстар сақтандырушының нұсқауларын сақтандырылушының орындауы салдарынан туындаған болса, олар туристі міндетті сақтандыру шарты бойынша оған тиесілі болатын сақтандыру сомасына қарамастан, толық мөлшерде өтеледі.
Көрсетілген шығыстарды сақтандырушы шығыс шеккен тұлғаға тікелей өтейді.
Бап 15. 15-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері
15-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері
Тармақ 1
1. Туристі міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшері әрбір сақтандырылушы бойынша әрбір күн үшін жеке есептеледі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі сақтандыру шарты жасалған күнге белгілеген бағам бойынша АҚШ долларымен бір сапар үшін төмендегідей мөлшерлерді құрайды:
Сапар күндерінің саны
1-бағдарлама
2-бағдарлама
3-бағдарлама
10 күнге дейін
1,12
1,51
1,83
11 күннен 20 күнге дейін
1,12
1,48
1,70
21 күннен 40 күнге дейін
1,12
1,43
1,59
41 күннен 60 күнге дейін
1,03
1,40
1,53
61 күннен 90 күнге дейін
1,03
1,35
1,48
91 күн және одан көп
0,95
1,30
1,40
Сақтандыру сыйлықақысын есептеу мақсаттары үшін жолда болу уақытын қоса алғанда, сақтандырылушының уақытша болатын елдің (жердің) аумағында болатын күндердің саны (мерзім) пайдаланылады.
Туристі міндетті сақтандыру шартында сақтандырылушының өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемдері еуромен белгіленген кезде халықаралық шарттарда, уақытша болатын елдің (жердің) заңнамасында көзделген жағдайларда, сақтандыру сыйлықақысының мөлшері әрбір сақтандырылушы бойынша жеке есептеледі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сақтандыру шарты жасалған күнге белгілеген бағам бойынша еуромен жоғарыда көрсетілген мөлшерлерді құрайды.
Тармақ 2
2. Туристі міндетті сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтандырушы осы баптың 1-тармағында көзделген сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін сақтандыру тәуекеліне өзі жүргізген бағалау нәтижелері бойынша ұлғайта алады, бірақ ол екі еседен аспауға тиіс.
Бап 16. 16-бап. Сақтандыру сыйлықақысын төлеу тәртібі
16-бап. Сақтандыру сыйлықақысын төлеу тәртібі
Тармақ 1
1. Сақтандыру сыйлықақысын сақтанушы біржолғы төлеммен төлейді.
Тармақ 2
2. Сақтандырушы сақтандыру сыйлықақысын сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы қолма-қол ақшасыз тәсілмен төлеу мүмкіндігін береді.
Тарау 5. 5-тарау. Сақтандыру жағдайы және сақтандыру төлемі
5-тарау. Сақтандыру жағдайы және сақтандыру төлемі
Бап 17. 17-бап. Сақтандыру жағдайы және сақтандыру төлемінің
мөлшерін айқындау
17-бап. Сақтандыру жағдайы және сақтандыру төлемінің
мөлшерін айқындау
Тармақ 1
1. Туристі міндетті сақтандыру шарты күшіне енгеннен кейін басталған мынадай оқиғалар:
Тармақша 1
1) сақтандыру аумағында болған, сақтандырылушының қайтыс болуына не оның денсаулығына зиян келтіруге алып келген жазатайым оқиға сақтандыру жағдайы деп танылады.
Жазатайым оқиға деп сақтандырылушыға қатысты аяқ астынан, күтпеген жерден орын алған, қасақана болмаған сыртқы оқиға немесе әсер ету түсініледі;
Тармақша 2
2) денсаулығына елеулі зиянды болғызбау немесе өміріне төнген қауіпті жою үшін сақтандырылушыға шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетуді талап ететін, кенеттен қатты ауыру, денсаулық жағдайының күрт нашарлауы және (немесе) созылмалы ауруының асқынуы сақтандыру жағдайы деп танылады.
Тармақ 2
2. Сақтандырушы сақтандыру төлемінің мөлшерін сақтандырылушының іс жүзіндегі шығыстарының сомасын негізге ала отырып, сақтандырылушы не ассистанс компания ұсынған, осы шығыстарды растайтын құжаттар негізінде айқындайды.
Бап 18. 18-бап. Сақтандыру төлемін жүзеге асыру шарттары мен тәртібі
18-бап. Сақтандыру төлемін жүзеге асыру шарттары мен тәртібі
Тармақ 1
1. Сақтандырылушы не сақтандырылушыға ассистанс берілген кезде ассистанс компания сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талапты сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес жазбаша нысанда, оның ішінде сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы қояды.
Өтініш беруші сақтандырушының талап етуі бойынша сақтандырушы қол жеткізе алатын мемлекеттік органдардың дерекқорларында және (немесе)
цифрлық жүйелерінде электрондық нысанда бар құжаттарды қоспағанда, сақтандырушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың түпнұсқаларын беруге міндетті.
Тармақ 2
2. Сақтандыру төлемі туралы өтінішке мынадай құжаттар:
Тармақша 1
1) сақтандырылушының жеке басын куәландыратын құжатының немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесі құрылымдық бөлімшесінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткені туралы белгісі бар паспортының және (немесе) сақтандырылушының сақтандыру аумағында болуына негіз болып табылатын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 2
2) сақтандыру жағдайының басталу фактісін және сақтандырылушының өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянның мөлшерін растайтын құжаттың түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі, оның ішінде:
медициналық көмекке өтініш жасаған күні, сақтандырылушының медициналық көмекке өтініш жасаған кездегі денсаулық жағдайы, диагнозы, дәрігердің тағайындауы (рецепті) туралы, жүргізілген медициналық манипуляциялар және саны, күні мен құны бойынша бөліне отырып, берілген дәрілік заттар туралы мәліметтерді қамтитын, медициналық мекеменің және дәрігердің мекенжайы мен байланыс деректері көрсетілген медициналық құжаттар;
сомасы, валютасы, төлеу күні көрсетіле отырып, сақтандыру жағдайының басталуы салдарынан сақтандырылушыға көрсетілген медициналық және өзге де қызметтердің ақысын төлеу фактісін растайтын құжаттар;
атауы, саны мен құны көрсетіле отырып, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу фактісін растайтын құжаттар (тауар чектері,
шот-фактуралар, ақы төлеу туралы квитанциялар және өзге де құжаттар);
жазатайым оқиға болған кезде – сақтандырылушының психикалық белсенді заттарды тұтыну фактісін және масаң күйін анықтау бойынша медициналық құжаттар;
жазатайым оқиға болған кезде – жазатайым оқиға фактісін және оның орын алу мән-жайын растайтын құқық қорғау, сот органдарының және өзге де құзыретті органдардың құжаттары;
сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда – қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі немесе хабарлама, сот-медициналық сараптаманың қорытындысы немесе патологиялық-анатомиялық ашып қарау хаттамасы;
уақытша болатын елде (жерде) мәжбүрлі түрде анағұрлым ұзақ мерзім болған кезде не сақтандыру жағдайының басталуы салдарынан Қазақстан Республикасының аумағына мерзімінен бұрын оралған кезде – жол жүру құжаттарының (билеттер, отырғызу талондары) күшін жоюды немесе оларды ауыстыруды, қонақ үйде брондалған нөмірден, сондай-ақ шетелде болған мерзімнің пайдаланылмаған бөлігі үшін сақтандырылушыға ұсынылған басқа да туристік көрсетілетін қызметтерден бас тартуды растайтын құжаттар;
сақтандырылушының кәмелетке толмаған балаларын және (немесе) жақын туыстарын тасыған кезде – жол жүру құжаттары (билет, отырғызу талондары);
сақтандыру сертификатында немесе сақтандыру полисінде көрсетілген телефон нөмірлері бойынша сақтандырушыға және ассистанс компанияға телефон соғудың, хабарлардың жүзеге асырылғанын растайтын құжаттар;
залалдарды болғызбау және азайту бойынша шаралар қабылдауға байланысты шығыстарды растайтын құжаттар;
пайда алушының жеке басын және құқықтарын растайтын құжаттар, қажет болған кезде, ұсынылады.
Тармақ 3
3. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы өтiнiш берушiге ұсынылған құжаттардың толық тiзбесiн және олар қабылданған күндi көpceтe отырып, анықтама беруге мiндеттi.
Өтініш беруші сақтандыру төлемі туралы өтінішті электрондық тәсілмен жөнелткен жағдайда сақтандырушы оған осы анықтаманы электрондық нысанда ұсына алады.
Тармақ 4
4. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырған кезде сақтандырушы сақтандырылушыдан (пайда алушыдан) оның сақтандырушыға талап қою құқығын шектейтiн шарттарды қабылдауын талап етуге құқылы емес.
Тармақ 5
5. Сақтандырылушы айқындаған тұлға, ал сақтандырылушы қаза тапқан кезде оның мұрагерлері пайда алушы болып табылады.
Тармақ 6
6. Сақтандырушы сақтандыру төлемін:
осы баптың 2-тармағында көзделген құжаттарды алған күнінен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей, сақтандыру жағдайының басталуы және ассистанс компанияны дәлелді себептермен бұл туралы хабардар етпей сақтандырылушының шұғыл жағдайда медициналық көмек алуы салдарынан сақтандырылушының шығыстарын өтеу;
ассистанс компаниямен келісу бойынша сақтандырылушыға медициналық және өзге де мекеме көрсеткен қызметтер құнын уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен төлеу арқылы жүргізеді.
Тармақ 7
7. Сақтандыру төлемiнiң мөлшерiне туристі мiндеттi сақтандыру шартының тараптары немесе пайда алушы дау айтқан жағдайларда, сақтандырушы сақтандыру төлемiн осы баптың 6-тармағында белгiленген мерзiм iшiнде, аталған тұлғалардың бiрде-бiреуi дау айтпайтын бөлiгiнде жүзеге асыруға мiндеттi.
Сақтандыру төлемiнiң дау айтылатын бөлiгiн сақтандырушы соттың татуласу келiсiмi туралы ұйғарымы немесе, егер сот шешiмдi дереу орындауға жібермесе, соттың осы дау бойынша шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде төлеуге тиiс.
Тармақ 8
8. Туристі мiндеттi сақтандыру шарты қолданылатын кезеңде келтiрiлген зиян үшiн сақтандыру төлемi туралы талап сақтандырушыға сақтандыру жағдайы басталған кезден бастап үш жыл iшiнде қойылуы мүмкiн.
Тармақ 9
9. Сақтандырушы сақтандыру төлемi уақтылы жүзеге асырылмаған кезде сақтандырылушыға (пайда алушыға) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде (Жалпы бөлім) белгiленген тәртiппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттi.
Бап 19. 19-бап. Зиян келтiрген тұлғаға керi талап қою
құқығы
19-бап. Зиян келтiрген тұлғаға керi талап қою
құқығы
Сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушыға сақтандырылушының өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге кінәлі тұлғаға кері талап қою құқығы төленген сома шегінде өтеді.
Бап 20. 20-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босату негiздерi
20-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босату негiздерi
Тармақ 1
1. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы:
Тармақша 1
1) сақтандырылушының сақтандыру жағдайын туындатуға бағытталған не оның басталуына ықпал ететiн қасақана әрекеттерiнiң;
Тармақша 2
2) сақтандырылушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептi байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттерiнiң салдарынан болса, сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан толық немесе iшiнара бас тартуға құқылы.
Тармақ 2
2. Сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тартуы үшiн:
Тармақша 1
1) сақтандырылушының залал келтiруге кiнәлi тұлғадан залалдың тиiстi өтемiн алуы;
Тармақша 2
2) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізілдеді) Заңымен;
Тармақша 3
3) еңсерiлмейтiн күш жағдайлары;
Тармақша 4
4) әрбір жеке сақтандыру жағдайы бойынша іс жүзінде шеккен шығыстар негізге алына отырып ұсынылатын құжаттарды қоспағанда, сақтандырылушының осы Заңның 18-бабының 2-тармағына сәйкес сақтандыру төлемi туралы өтiнiшке қоса берiлетiн құжаттарды сақтандырушыға толық көлемде ұсынбауы;
Тармақша 5
5) сақтандырушының сақтандыру сомасы мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруы;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 839-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер негіз бола алады.
Тармақ 2-1
2-1. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген негіздерден басқа, сақтандырушы мынадай:
Тармақша 1
1) сақтандырылушы кәсіби спортпен айналысқан;
Тармақша 2
2) сақтандырылушының мынадай:
емдеуші дәрігердің нұсқамасы бойынша дәрілік заттарды тұтыну;
құқық қорғау органы және (немесе) сот анықтаған, есірткі, уытқұмарлық заттарды мәжбүрлі түрде тұтыну не олардың күштеп енгізілу жағдайларын қоспағанда, алкогольдік, сондай-ақ есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйдің ауыр дәрежесінде болуы салдарынан басталған оқиға;
Тармақша 3
3) сақтандырылушы уақытша болатын елден (жерден) Қазақстан Республикасына медициналық тасымалдаудан немесе сақтандырылушы сақтандыру жағдайы бойынша өтініш жасауға байланысты алған емдеуші дәрігердің нұсқамаларын орындаудан ерікті түрде бас тартқан жағдайларда, сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатылады.
Тармақ 3
3. Алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізілдеді) Заңымен.
Тармақ 4
4. Сақтандырушы сақтандыру төлемiнен бас тарту үшiн негiздер бар кезде, осы Заңның 18-бабында көзделген құжаттарды алған күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде сақтандыру төлемi туралы өтiнiш берген тұлғаға бас тарту себептерiнiң уәждi негiздемесiмен және
сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) Қазақстан Республикасы
заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып, келіспеушіліктерді реттеу үшін
сақтандыру омбудсманына жүгіну құқығы туралы хабарламамен сақтандыру төлемiнен толық немесе iшiнара бас тарту туралы тиiстi шешiмдi жазбаша нысанда жiберуге мiндеттi.
Тармақ 5
5. Сақтандырушының осы бапта көзделмеген негiздер бойынша сақтандыру төлемiнен бас тартуға құқығы жоқ.
Бап 20-1. 20-1-бап. Туристі міндетті сақтандыру жөніндегі
дауларды реттеу ерекшеліктері
20-1-бап. Туристі міндетті сақтандыру жөніндегі
дауларды реттеу ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Туристі міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дау болған кезде сақтанушы, сақтандырылушы (пайда алушы):
талаптарын көрсетіп және өзінің талабын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша өтінішін сақтандырушыға (оның ішінде сақтандырушының филиалы, өкілдігі, интернет-ресурстарыарқылы) жіберуге не «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, туристі міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін өтінішін сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) немесе сотқа жіберуге құқылы.
Тармақ 2
2. Сақтандырушы сақтанушыдан, сақтандырылушыдан (пайда алушыдан) өтінішті алған кезде оны бес жұмыс күні ішінде қарайды және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып, жазбаша жауап береді.
Тармақ 3
3. Сақтанушы, сақтандырылушы (пайда алушы) сақтандыру омбудсманына өтініш жасаған жағдайда, сақтандырушы сақтанушының, сақтандырылушының (пайда алушының), сақтандыру омбудсманының сұрау салуы бойынша дауды қарауға және шешуге қатысы бар құжаттарды сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.
Тарау 6. 6-тарау. Қорытынды ережелер
6-тарау. Қорытынды ережелер
Бап 21. 21-бап. Дауларды қарау тәртiбi
21-бап. Дауларды қарау тәртiбi
Туристі мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қаралады.
Бап 22. 22-бап. Туристі мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
22-бап. Туристі мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
Туристі мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзуға кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Басқа 0. ТУРИСТІ МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
«Туристі міндетті сақтандыру
туралы» 2003 жылғы
31 желтоқсандағы Қазақстан
Республикасының Заңына
қосымша
ТУРИСТІ МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
р/с
Сақтандыру жағдайы ретінде танылатын оқиғалар және өтеуге жататын шығыс түрлері
Сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемі (сақтандыру сомасы)
(АҚШ долларымен/еуромен)
1-бағдарлама
2-бағдарлама
3-бағдарлама
1.
Жазатайым оқиға:
1.1
медициналық көрсетілетін қызметтерге, емдеуші дәрігер тағайындаған диагностикалық зерттеулерге, дәрілік заттарға, таңу құралдарына және бекіту құралдарына (гипс, бандаж) жұмсалатын шығыстарды қоса алғанда, стационарлық және амбулаториялық емдеу бойынша шығыстар;
сақтандырылушыны шұғыл және кезек күттірмейтін мән-жайлар бойынша медициналық мекемеге тасу бойынша шығыстар;
медициналық персоналдың бірге ілесіп жүруіне жұмсалатын шығыстарды (сақтандырылушының медициналық көрсетілімдер бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы тұратын жеріне өз бетінше қайтуға мүмкіндігі болмаған жағдайда) қоса алғанда, уақытша болатын елден (жерден) Қазақстан Республикасына шұғыл медициналық тасу бойынша шығыстар;
мәйітті ашып қарауға, бальзамдауға және оның мәйітханада болуына, табытты сатып алуға, Қазақстан Республикасының аумағына тасымалдауға арналған құжаттарды ресімдеуге жұмсалатын шығыстарды қоса алғанда, мүрде салынған сауытты немесе мәйiттi (сүйекті) қайтаруды ұйымдастыруға жұмсалатын шығыстар;
10 000
30 000
50 000
1.2
жазатайым оқиға салдарынан болған жарақат алу нәтижесінде стоматологиялық қарап-тексеруге, рентгендік зерттеуге, тістерді жұлуға немесе пломбалауға жұмсалатын шығыстар;
100
300
300
1.3
егер сақтандырылушының денсаулық жағдайын емдеуші дәрігер мен ассистанс компанияның медициналық өкілі ауыр, өміріне қауіп төндіретін деп бағаласа және медициналық мекемеде болу мерзімі күнтізбелік он күннен асатын болса, жалғыз немесе кәмелетке толмаған балаларымен саяхаттап жүрген сақтандырылушының стационарлық емделу орнына кәмелетке толған бір жақын туысының жол жүру құжатына (билетіне) жұмсалатын шығыстар;
800
1000
1200
1.4
сақтандырылушымен болған сақтандыру жағдайының салдарынан сақтандыру аумағында қараусыз қалған сақтандырылушының кәмелетке толмаған балаларын, егде жастағы жақын туыстарын тасу үшін ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар;
800
1000
1200
1.5
сақтандырушының, ассистанс компанияның атына жүзеге асырылатын хабарламаларға, телефон қоңырауларына және өзге де көрсетілетін байланыс қызметтеріне ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар;
сақтандырылушыны стационардан шығарған күннен бастап Қазақстан Республикасының аумағына кеткен күніне дейін оның қонақүйде тұруына (бірақ күнтізбелік бес күннен аспайтын) ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар;
жол жүру құжаттарының күшін жоюға немесе оларды ауыстыруға байланысты шығыстар;
шетелде болу мерзімінің пайдаланылмаған бөлігі үшін қонақүйдегі брондалған нөмірден, сондай-ақ сақтандырылушыға ұсынылған басқа да туристік көрсетілетін қызметтерден бас тартуға байланысты шығыстар.
800
1 000
1 200
2.
Денсаулығына елеулі зиянды болғызбау немесе өміріне төнген қауіпті жою үшін сақтандырылушыға шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетуді талап ететін кенеттен қатты ауыру, денсаулық жағдайының күрт нашарлауы және (немесе) созылмалы ауруының асқынуы:
2.1
медициналық көрсетілетін қызметтерге, емдеуші дәрігер тағайындаған диагностикалық зерттеулерге, дәрілік заттарға, таңу құралдарына және бекіту құралдарына (гипс, бандаж) жұмсалатын шығыстарды қоса алғанда, стационарлық және амбулаториялық емдеу бойынша шығыстар;
сақтандырылушыны шұғыл және кезек күттірмейтін мән-жайлар бойынша медициналық мекемеге тасу бойынша шығыстар;
медициналық персоналдың бірге ілесіп жүруіне жұмсалатын шығыстарды (сақтандырылушының медициналық көрсетілімдер бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы тұратын жеріне өз бетінше қайтуға мүмкіндігі болмаған жағдайда) қоса алғанда, шет мемлекеттен Қазақстан Республикасына шұғыл медициналық тасуға жұмсалатын шығыстар;
мәйітті ашып қарауға, бальзамдауға және оның мәйітханада болуына, табытты сатып алуға, Қазақстан Республикасының аумағына тасымалдауға арналған құжаттарды ресімдеуге жұмсалатын шығыстарды қоса алғанда, мүрде салынған сауытты немесе мәйiттi (сүйекті) қайтаруды ұйымдастыруға жұмсалатын шығыстар;
10 000
30 000
50 000
2.2
медициналық көрсетілетін қызметтерге, жүктілік кезінде асқыну болған жағдайда сақтандырылушыны шұғыл және кезек күттірмейтін мән-жайлар бойынша медициналық мекемеге тасуға жұмсалатын шығыстарды қоса алғанда, амбулаториялық емдеу бойынша шығыстар;
300
500
600
2.3
егер сақтандырылушының денсаулық жағдайын емдеуші дәрігер мен ассистанс компанияның медициналық өкілі ауыр, өміріне қауіп төндіретін деп бағаласа және медициналық мекемеде болу мерзімі күнтізбелік он күннен асатын болса, жалғыз немесе кәмелетке толмаған балаларымен саяхаттап жүрген сақтандырылушының стационарлық емделу орнына кәмелетке толған бір жақын туысының жол жүру құжатына (билетіне) жұмсалатын шығыстар;
800
1000
1200
2.4
сақтандырылушымен болған сақтандыру жағдайының салдарынан сақтандыру аумағында қараусыз қалған сақтандырылушының кәмелетке толмаған балаларын, егде жастағы жақын туыстарын тасу үшін ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар;
800
1000
1200
2.5
сақтандырушының, ассистанс компанияның атына жүзеге асырылатын хабарламаларға, телефон қоңырауларына және өзге де көрсетілетін байланыс қызметтеріне ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар;
сақтандырылушыны стационардан шығарған күннен бастап Қазақстан Республикасының аумағына кеткен күніне дейін қонақүйде тұруына, бірақ күнтізбелік бес күннен аспайтын күнге ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар;
жол жүру құжаттарының күшін жоюға немесе оларды ауыстыруға байланысты шығыстар;
шетелде болу мерзімінің пайдала-нылмаған бөлігі үшін қонақүйдегі брондалған нөмірден, сондай-ақ сақтандырылушыға ұсынылған басқа да туристік көрсетілетін қызметтерден бас тартуға байланысты шығыстар.
800
1 000
1 200