Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов, тарифов на сбор, транспортировку, сортировку и захоронение твердых бытовых отходов по Сайрамскому району Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сайрам ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экология кодексінің 365 бабы 3 тармағының 2) және 3) тармақшаларына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 2 қыркүйекте №24212 болып тіркелген) бұйрығына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі «Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 16 қыркүйекте №24382 болып тіркелген) бұйрығына, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Сайрам аудандық мәслихатының 2019 жылғы 2 мамырдағы №40-257/VI «Сайрам ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №5050 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын..
Тармақ 2
2. Сайрам ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Сайрам ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Сайрам ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
Сайрам аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 мамырдағы № 2-18/VIII шешіміне 1-қосымша Сайрам ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары № Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер Есептік бірлік Жылдық жинақталу нормасы, м³ 1 Жайлы үйлер 1 тұрғын 0,826 Жайлы емес үйлер 0,835 2 Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар 1 орын 0,203 3 Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері 1 орын 1,261 4 Балабақшалар, бөбекжайлар 1 орын 0,130 5 Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері 1 қызметкер 0,297 6 Емханалар 1 келіп кету 0,029 7 Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері 1 төсек-орын 0,111 8 Мектептер және өзге де оқу орындары 1оқушы 0,135 9 Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері 1 отыратын орын 0,261 10 Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойын автоматтарының залдары 1 отыратын орын 0,036 11 Мұражайлар, көрмелер Жалпы алаңы 1м² 0,022 12 Стадиондар, спорт алаңдары Жоба бойынша 1 орын 0,074 13 Спорт, би және ойын залдары Жалпы алаңы 1м² 0,08 14 Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер Сауда алаңы 1м² 0,172 15 Машиналардан сату Сауда орны1м² 0,149 16 Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер Сауда алаңы 1м² 0,092 17 көтерме базалар, өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының қоймалары Жалпы алаңы 1м² 0,019 18 Тұрмыстық қызмет көрсету үйі, халыққа қызмет көрсету Жалпы алаңы 1м² 0,031 19 Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар Жалпы алаңы 1м² 0,07 20 Дәріханалар Сауда алаңы 1м² 0,138 21 Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар 1 машина-орын 3,792 22 Автомобиль шеберханалары 1 жұмысшы 2,463 23 Шаштараздар, косметикалық салондар 1 жұмыс орны 0,622 24 Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі Жалпы алаңы 1м² 0,11 25 Зергерлік, аяқ қиімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары Жалпы алаңы 1м² 0,036 26 Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар) 1 жұмыс орны 0,029 27 Моншалар, сауналар Жалпы алаңы 1м² 0,132 28 Ауданның аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар 1000 қатысушы 0,013
Басқа 6. Сайрам ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтері
Сайрам аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 мамырдағы № 2-18/VIII шешіміне 2-қосымша Сайрам ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтері р/с № Атауы Есептік бірлік Баға, теңгемен 1 Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкету тарифтері 1.1 Жайлы үйлер 1 тұрғын 244,21 1.2 Жабдықталмаған үйлер 1 тұрғын 246,87 2 Тұрмыстық қатты қалдықтарды көму және кәдеге жарату тарифтері 1 текше метр (ҚҚС қоспағанда) 1 110,63 3 Тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеуге арналған тарифтерi 1 текше метр (ҚҚС қоспағанда) 302,02