Об утверждении Положения государственного учреждения «Отдел жилищной инспекции Каркаралинского района» Күшін жойған
Басқа 0
«Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қаулысына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 наурыздағы №91 «Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы қаулысы жойылсын.
Тармақ 3
3. «Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын барлық қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарқаралы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының
тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
Қарқаралы ауданының әкімдігінің
2023 жылғы «12» мамырындағы
№ 118 қаулысымен бекітілді
«Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының
тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыратын және тұрғын үй қорын басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідей бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 4
4. «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 5
5. «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 6
6. «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарында және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 100800, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласы, Ә.Бөкейханов көшесі, 55 құрылыс.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік мекеменің толық атауы: мемлекеттік тілінде - «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде - государственное учреждение «Отдел жилищной инспекции Каркаралинского района Карагандинской области».
Тармақ 10
10. Осы ереже «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік мекеменің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
2. Мемлекеттік мекеменің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Тармақ 13
13. Миссиясы:
Тармақша 1
1) ауданның тұрғын үй қорын басқару, жеңілдік санатындағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету.
Тармақ 14
14. Міндеттері:
Тармақша 1
1) азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) жекешелендіру шарттарын жасау;
Тармақша 3
3) кондоминиум қатысушыларының ортақ мүлкін тексеру арқылы тұрғын үй қоры саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
Тармақша 4
4) тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау саласында мемлекеттік бақылау;
Тармақша 5
5) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалау
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) ауданның мемлекеттік тұрғын үй қорын жедел басқару;
Тармақша 2
2) ауданның мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтау;
Тармақша 3
3) ауданның мемлекеттік тұрғын үй қорына түгендеу бойынша іс-шаралар ұйымдастыру және жүргізу;
Тармақша 4
4) белгіленген тәртіпте тұрғын үй жайды алу үшін жалдау шартын жасау және беру, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін жекешелендіру, жалдау шартын ордерлердің түпнұсқасын беру;
Тармақша 5
5) тұрғын үй жағдайын жақсартуды талап ететін азаматтардың есебі жағдайын талдау және сәйкес ұсыныстарды аудан әкіміне қарауға ұсыну;
Тармақша 6
6) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға азаматтарды кезекке қою;
Тармақша 7
7) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға азаматтардың бөлек тізімдерін жүргізу;
Тармақша 8
8) иесіз тастанды пәтерлерді сот тәртібімен Қарқаралы ауданының коммуналдық меншігіне беру;
Тармақша 9
9) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге құқығынан айырылған тұлғаларды сот тәртібімен растау;
Тармақша 10
10) мемлекеттік тұрғын үй қорынан заңсыз тұрып жатқан азаматтарды шығару;
Тармақша 11
11) өз құзыреті аясында ақпараттық жүйелерді қолдану арқылы электрондық қызметтерді пайдалану заңнамасына сәйкес қолдану.
Тармақша 12
12) кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін техникалық тексеруді ұйымдастыру;
Тармақша 13
13) кондоминиумның ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесін, кезеңдерін және кезектілігін айқындау;
Тармақша 14
14) тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын кондоминиум объектісін басқару органдарына ұсынылған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасын келісу;
Тармақша 15
15) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу;
Тармақша 16
16) авариялық және ескі үйлерді бұзу;
Тармақша 17
17) кондоминиум объектілеріне техникалық паспорттар мең жерге орналастыру құжаттары дайындау;
Тармақша 18
18) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және хаттамаларды жасау;
Тармақша 19
19) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 42-бабында қарастырылған жағдайда кондоминиум объектілерін басқару органының функцияларын жүзеге асыратын қызмет көрсететін ұйымды айқындау;
Тармақша 20
20) кондоминиум объектісінің үй-жайларының (пәтерлерінің) меншік иелері өтініш жасаған кезде кондоминиум объектісін басқару жөніндегі есептің бар-жоғына тексеру жүргізу.
Тармақша 21
21) елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттiк бақылау, сондай-ақ елді мекендердің шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қадағалау субъектілеріне қатысты қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалау.
Тармақ 16
16. Құқықтары мен міндеттері:
Тармақша 1
1) облыс, аудан әкімі аппаратында және мекемелерде өткізілетін отырыстарға, кеңестерге, іс-шараларға қатысу;
Тармақша 2
2) кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелерден өзіне жүктелген міндеттерді орындауға қажетті ақпараттар, құжаттар және басқа да материалдарды сұрату және алу;
Тармақша 3
3) мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар және ұйымдармен қызметтік хат алмасу;
Тармақша 4
4) аудан аумағында орналасқан ұйымдар, мекемелер және кәсіпорындардың басшыларын проблемалық мәселелерді шешуге қатыстыру;
Тармақша 5
5) «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте мәжілістерді шақыру;
Тармақша 6
6) «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жанында комиссиялар, кеңес беру және қоғамдық кеңестер, сараптамалық топтарды белгіленген тәртіпте құру;
Тармақша 7
7) қолданыстағы заңнама аясында азаматтарды кезекке қою және тұрғын үй ауданын ұсынуға қажетті мәліметтер мен құжаттарды талап ету;
Тармақша 8
8) «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыреті аясында заңнамаға сәйкес қабылдауға болжамданған нормативтік - құқықтық актілерді әзірлеу және жетілдіруді жоспарлау;
Тармақша 9
9) ауданның тұрғын үй қорын сақтау және қорғау бойынша іс-шаралар жүргізу;
Тармақша 10
10) «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарауына жатқызылған салада бюджетті қалыптастыру және іске асыру, әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды әзірлеу және орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
Тармақша 11
11) мемлекеттік сатып алу және қызмет көрсету шарттарын орындау, соның ішінде бөлінген бюджеттік қаражатты игеру үшін тұрақты бақылау және мониторингті қамтамасыз ету;
Тармақша 12
12) шарттық жұмыстарды тұрақты іске асыру;
Тармақша 13
13) өзінің құзыреті аясында қадағалау органдарының нормативтік-құқықтық актілерін қарастыру, бұзушылықты болдырмау және құқықтық актілер ұсыныстарына сәйкес жауаптарды дайындау;
Тармақша 14
14) облыс әкімінің, аудан әкімінің және облыс және аудан әкімдігінің тапсырмаларын орындау және тиісінше орындамағаны үшін жауапты болу;
Тармақша 15
15) өз құзыреті аясында мемлекеттік мүлікті басқару бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 16
16) талап етуші және жауап беруші ретінде талап өтініштер беру және соттарда қатысу;
Тармақша 17
17) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзу жөніндегі жағдайлар анықталған кезде ордерлерді, шарттарды, құқық белгілейтін құжаттарды ресімдеуді және беруді тоқтату;
Тармақша 18
18) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға азаматтардан құжат қабылдау;
Тармақша 19
19) ауданның тұрғын үй қорын күтіп ұстау және қорғау бойынша шаралар жүргізу;
Тармақша 20
20) азаматтармен тұрғын жайларды жекешелендіруге шарттар жасау;
Тармақша 21
21) мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдалануды және қолдануды бақылау;
Тармақша 22
22) мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді беру үшін азаматтардың тұрғын үй жайларын тексеру;
Тармақша 23
23) бос тұрған, иесіз пәтерлерді тексеріс өткізу бойынша анықтау;
Тармақша 24
24) мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру, аудан бойынша жекешелендірілген тұрғын үйдің есебін жүргізу, жекешелендіру шарттарының және ордерлердің телнұсқаларын беру;
Тармақша 25
25) тұрғын үй беру туралы, қызметтік, жатақханалардан пәтерлер шығару туралы, қызметтік тұрғын үйге теңестірілген қызметтік тұрғын үй беру туралы аудан әкімдігі қаулыларының жобаларын дайындау және әкімдік отырысына енгізу;
Тармақша 26
26) тексеру жүргізу кезінде қызметтік куәлігін көрсеткен кезде тексерілетін объектіге баруға;
Тармақша 27
27) тексеру жүргізу кезінде кез келген ақпаратты сұратуға, тексеру нысанасына қатысты құжаттардың түпнұсқаларымен танысу;
Тармақша 28
28) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 43-бабына сәйкес уәкілетті орган бекітетін біліктілік талаптарына сәйкес үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің жалпы жиналысына кооператив басқармасының төрағасы лауазымына кандидатура ұсыну;
Тармақша 29
29) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасын және басқа да нормативтік құқықтық актілерін бұзуға кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы мәселе қарастыру;
Тармақша 30
30) 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес тексеріс жүргізу;
Тармақша 31
31) тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін объектінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеу;
Тармақша 32
32) тексеру жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 33
33) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау ережелерін бұзу туралы актілер жасау;
Тармақша 34
34) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау ережелерінің бұзушылықтарын жою бойынша орындалу үшін міндетті нұсқамалар енгізу;
Тармақша 35
35) тұрғын үйлерді, кондоминиум объектісіне іргелес аумақты күтіп-ұстау сапасын бақылау және коммуналдық қызметтер көрсету жөніндегі нормативтік және әдістемелік құжаттарды дайындауға қатысу, сондай-ақ бақылаудағы объектілердің иелеріне, тұрғын үйлер мен үй маңындағы аумақтарды пайдалануды жүзеге асыратын кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе азаматтарға консультациялық көмек көрсету;
Тармақша 36
36) конструкциялардың нормативтік беріктігіне және инженерлік жүйелердің тұрақты жұмыс істеуіне қауіп төндіретін немесе адамдардың тұру қауіпсіздігіне қатер төндіретін тұрғын үйлердің өзге де зақымдануына әкеп соғатын субъектілер тарапынан ықтимал бұзушылықтардың жолын кесу жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
Тармақша 37
37) қауіпті техникалық құрылғыларды, атап айтқанда 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен және (немесе) 115 Цельсий градустан астам судың қайнау температурасы кезінде (жылумен жабдықтау ұйымдары) жұмыс істейтін бу және су жылыту қазандықтарын, 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды, жүк көтергіш механизмдерді, эскалаторларды, аспалы жолдарды, фуникулерлерді, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі лифтілерді, траволаторларды, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға (мүгедектерге) арналған көтергіштерді қауіпсіз пайдалануға мемлекеттік қадағалауды.
Тармақша 38
38) әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қоюды және есептен шығаруды.
Тармақ 17
17. Елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде мемлекеттік бақылауды, сондай елді мекендердің шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру кезінде жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында:
Тармақша 1
1) мемлекеттік бақылау және мемлекеттік қадағалау объектілері мен субъектілері туралы;
Тармақша 2
2) тексеру кестелері және олардың нәтижелері туралы;
Тармақша 3
3) анықталған кемшіліктер туралы, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау туралы жасалған актілер мен шығарылған нұсқамалар туралы;
Тармақша 4
4) елді мекеннің шегінде құрылған жай серіктестіктердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу туралы ақпаратты орналастыру жолымен өз қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді.
Тармақша 37
37) «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды, келіп түскен ұсыныстарды, өтініштерді, азаматтардың өтініштерін қарауды ұйымдастырады;
Тармақша 38
38) «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарағанды облысының Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесін құрудың мәні мен мақсатына сәйкес келмейтін қызметпен айналысуға құқығы жоқ;
Тармақша 39
39) «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен жүктелген басқа да құқықтарды жүзеге асыру.
Тармақ 17
17. «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне жүктелген өкілеттіктерге сәйкес мемлекеттік бақылаудың мынадай функцияларын жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) кондоминиум объектісінде және кондоминиум объектісіне іргелес аумақтарда үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің ортақ мүлкін пайдалану, күтіп-ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуын;
Тармақша 2
2) тұрғын үйлерде үйге ортақ жылу, энергия, газ және су ресурстарын есептеу аспаптарының болуын;
Тармақша 3
3) кондоминиум объектісіндегі үй-жайлар иелерінің ортақ мүлкінің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйіне, қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалық құжаттарға сәйкес оны күтіп-ұстау және жөндеу жөніндегі жұмыстардың уақтылы орындалуын;
Тармақша 4
4) тұрғын үйді маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруын;
Тармақша 5
5) анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шешімдер мен нұсқамалардың орындалуын;
Тармақша 6
6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстардың сапасын.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру
3. Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру
Тармақ 18
18. «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 20
20. «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
Тармақша 2
2) барлық ұйымдарда «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүддесін қорғайды;
Тармақша 3
3) заңнамамен бекітілген шекте мүлікке билік жүргізеді:
Тармақша 4
4) шарттар жасайды;
Тармақша 5
5) сенімхаттар береді;
Тармақша 6
6) барлық қызметкерлерге міндетті бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 8
8) «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жазалау және ынталандыру шараларын қолданады;
Тармақша 9
9) «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің қызметтік міндеттемелерін бекітеді;
Тармақша 10
10) «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін бекітеді;
Тармақша 11
11) оған заңнамамен, осы Ережемен және уәкілетті органмен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
«Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігін, ол жұмыс орнында болмаған кезде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік мекеменің мүлкі
4. Мемлекеттік мекеменің мүлкі
Тармақ 21
21. «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен қарастырылған жағдайда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Тармақ 22
22. «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған, «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің балансына көрсетілетін өз қызметінің салдарынан алынған мүліктер (ақшалай қаражатты қосқанда) өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 23
23. «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 24
24. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атына бекітілген мүліктен өз еркімен немесе басқа әдіспен, қаржыландыру жоспары бойынша берілген, қаражатқа сатып алынған мүлікті өз бетімен беруге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік мекеменің қайта ұйымдастыру және қысқарту
5. Мемлекеттік мекеменің қайта ұйымдастыру және қысқарту
Тармақ 25
25. «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.