О проведении областного конкурса «Лучшие сельхозтоваропроизводители области» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.12.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Облыстың ең үздік ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері» облыстық конкурсын өткізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Облыстың ең үздік ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері» облыстық конкурсы өткізілсін.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) «Облыстың ең үздік ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері» облыстық конкурсы туралы Ереже;
Тармақша 2
2) «Облыстың ең үздік ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері» облыстық конкурсының жеңімпаздарын анықтау жөніндегі Комиссия құрамы бекітілсін.
Тармақ 3
3. «Облыстық қаржы басқармасы» ММ (Ж. Аманбаев) 272.31.00. «Жергілікті деңгейде шағын кәсіпкерлікті қолдауды ұйымдастыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша «Облыстық кәсіпкерлікті қолдау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (Н. Махамбетов) 1355,0 (бір миллион үш жүз елу бес) мың теңге көлемінде қаржы бөлсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары Ә. Н. Қартовқа жүктелсін.
Басқа 7
Облыс әкімиятының 2003 жылғы 8 желтоқсандағы № 316 қаулысымен Бекітілген «Облыстың ең үздік ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері» облыстық конкурсын өткізу туралы ЕРЕЖЕ.
Бөлім 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы ереже Ақтөбе облысының 2003-2005 жылдарға арналған Аграрлық азық-түлік бағдарламасын және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің 2003 жылғы 10 қарашадағы № 574 бұйрығын жүзеге асыру мақсатында әзірленді.
Тармақ 2
2. Ереже «Облыстың ең үздік ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері» (одан әрі- «Конкурс») облыстық конкурсын әзірлеу және өткізу тәртібін анықтайды
Тармақ 3
3. Конкурс «Облыстың ең үздік ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері» атаулары және 1 - қосымшадағы өлшемдер бойынша өткізіледі.
Тармақ 4
4. Ақтөбе облысының «Ауыл шаруашылығы Департаменті» мемлекеттік мекемесі Конкурсты ұйымдастырушы болып табылады.
Бөлім 2. 2. Конкурстың мақсаты мен міндеттері
2. Конкурстың мақсаты мен міндеттері
Тармақ 5
5. Ең үздік ауыл шаруашылығы кәсіпкерлерін анықтау және оларды ынталандыру конкурстың мақсаты болып табылады.
Тармақ 6
6. Облыс халқын және ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) арқылы ауыл шаруашылығының салаларында биік көрсеткіштерге қол жеткізген ең үздік ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен таныстыру конкурстың міндеті болып табылады.
Бөлім 3. 3. Конкурсқа қатысу шарттары
3. Конкурсқа қатысу шарттары
Тармақ 7
7. Конкурсқа қатысуға ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын кәсіпкерлер жіберіледі.
Бөлім 4. 4. Конкурсты өткізудің тәртібі
4. Конкурсты өткізудің тәртібі
Тармақ 8
8. Аудандық және қалалық әкімияттар, аудандық және қалалық ауыл шаруашылығы бөлімдері облыстық комиссияға үміткерлерді «Облыстың ең үздік ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері» атаулары бойынша ұсынады.
Тармақ 9
9. Облыстық конкурстық комиссия оларды аудандық және қалалық әкімияттар, аудандық және қалалық ауыл шаруашылығы бөлімдері ұсынған үміткерлер негізінде іріктейді.
Тармақ 10
10. Конкурстың қорытындысы конкурстық комиссия отырысының хаттамасымен рәсімделеді.
Бөлім 5. 5. Қорытынды ереже
5. Қорытынды ереже 11. Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар Алғыс Хатпен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. «Облыстың ең үздік ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері» конкурсын өткізу жөніндегі Ережеге № 1 Қосымша Өлшемдер тізбесі Конкурсанттарды бағалау мына өлшемдер бойынша аныкталады:
Тармақ 1
1. Жалпы өлшемдер: Шығарылатын өлшемдер көлемі; шығарылатын өнімдердің, атқарылатын жұмыстардың, көрстілетін қызметтердің сапасы; бюджетке міндетті төлемдерді төлеу бойынша бережақтарының жоқтығы; мемлекеттік органдарға берілетін барлық есептер нысандарының уақытында тапсырылатыны;
Тармақ 2
2. Арнайы өлшемдер: Өз қаржысынан негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі; еңбек ететіндер санының өсу динамикасы; ауыл шаруашылығы өндірісінің рентабельділігі; орындалған жұмыс, қызмет көлемі; жанар-жағар май материалдарын үнемдеу; бекітілген мал басының сақталуы; малдың өнімділігі;
Басқа 25
Облыс әкімиятының 2003 жылғы «8» желтоқсандағы қаулысымен бекітілген № 316 «Облыстың ең үздік ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері» облыстық конкурсын өткізу жөніндегі комиссия құрамы Қартов Әлібек Намимұлы Ақтөбе облысы Әкімінің орынбасары, комиссияның төрағасы Әжібаев Ерсайын Ысқақұлы «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы департаменті» ММ бастығы, комиссия төрағасының орынбасары Комиссия мүшелері Махамбетов Нұрлан Жәнібекұлы «Облыстық кәсіпкерлікті қолдау басқармасы» ММ бастығы Орынбаев Серік Шаңгерейұлы «Облыстық қаржы басқармасы» ММ бастығының орынбасары Литовченко Владимир Арсентьевич «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы департаменті» ММ бастығының орынбасары