Об утверждении Перечня экологически опасных видов хозяйственной деятельности и Правил их обязательного государственного лицензирования Күшін жойған
Басқа 0
Шаруашылық қызметтiң экологиялық қауіпті түрлерiнiң тiзбесiн және Оларды мiндеттi мемлекеттiк лицензиялау ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасының " Лицензиялау туралы " 1995 жылғы 17 сәуiрдегi және " Қоршаған ортаны қорғау туралы " 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған:
Тармақша 1
1) Шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерінің тiзбесi;
Тармақша 2
2) Шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн мiндеттi мемлекеттiк лицензиялау ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Лицензиялауға жататын қызметтің түрлерiне, лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде:
3-бағандағы "Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi" деген реттiк нөмiрi 43-жол мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерi";
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Санитарлық, экологиялық және тау-кен техникалық қадағалау органдарының, сондай-ақ мемэнергияқадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерінің тiзбесiнде:
"Санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерінің тiзбесi" деген І бөлiм мынадай мазмұндағы 27-тармақпен толықтырылсын:
"27. Шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрлері";
"Тау-кен техникалық қадағалау қорытындысы қажет, лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерінің тізбесі" деген ІІІ бөлім мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
"11. Шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрлері (мұнай операциялары мен минералдық шикізатты қайта өңдеуді жүзеге асыру бөлігінде)".
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.
Басқа 6. Шаруашылық қызметтің экологиялық қауiптi түрлерiнiң ТIЗБЕСI
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 8 қаңтардағы
N 19 қаулысымен
бекiтілген
Шаруашылық қызметтің экологиялық қауiптi түрлерiнiң ТIЗБЕСI
Жер пайдалану
Тармақ 1. Су ресурстарын пайдалану
1. Улы, радиоактивтi және басқа да қауiптi зиянды ластанған жерлердi қайта өңдеу.
Су ресурстарын пайдалану
Тармақ 2
2. Су объектiлерiнiң ластануы мен қоқысталуына әкеп соғатын ықтимал қауiптi химиялық әрi биологиялық заттарды және радиоактивтi материалдарды өндiрiстiк мақсатта пайдаланатын су жинау алаңдарында кәсiпорындар мен құрылыстар салу әрi орналастыру.
Тармақ 3. Мұнай операцияларын жүзеге асыру және техногендік минералдық құралымдарды пайдалану
3. (3-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.04.12. N 340 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
Мұнай операцияларын жүзеге асыру және техногендік минералдық құралымдарды пайдалану
Атмосфералық ауаға, Жердiң климаты мен озон қабатына әсер ету
Тармақ 7
7. 1-2 қауiптiлiк сыныбындағы зиянды (ластаушы) заттардың атмосфераға шығарындыларымен бiрге жүретiн өндiрiстiк процестердi жүзеге асыру.
Тармақ 8
8. Құрамында озон қабатын бүлдiретiн заттарды пайдаланып жұмыстар жүргiзу, сондай-ақ құрамында озон қабатын бүлдiретiн заттар бар жабдықтарды жөндеу, монтаждау, оларға қызмет көрсету.
Тармақ 9. Өндiрiс қалдықтарын өңдеу, сақтау және жою
9. Экологиялық талаптар мен нормативтердi сақтай отырып, Қазақстан Республикасының Озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясы және Озон қабатын бүлдiретiн заттар жөнiндегi Монреаль хаттамасы бойынша мiндеттемелерiн орындауға байланысты озон қабатын бүлдiретiн заттар мен құрамында сондай заттар бар өнiмдердi Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету.
Өндiрiс қалдықтарын өңдеу, сақтау және жою
Тармақ 10
10. Қауiптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды жоюды бақылау туралы Базель конвенциясы бойынша Қазақстан Республикасының мiндеттемелерiн орындаумен байланысты 1-3 қауіптілік сыныбындағы қауіптi өндiрiс қалдықтарын өртеу, химиялық өңдеу, сақтау және көму, трансшекаралық тасымалдау.
Тармақ 10-1. Шаруашылық қызметтiң басқа да экологиялық қауiптi түрлерi
10-1. Қоршаған ортаға Зиянды әсерiн тигізетiн техногендiк минералдық құралымдарды сақтау.
Шаруашылық қызметтiң басқа да экологиялық қауiптi түрлерi
Тармақ 11
11. Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiндегi мемлекеттiк қорықтық аймақ шегiндегi кәсiпорындарды, құрылыстарды орналастыру, салу және қайта жаңарту және өзге де объектілердi пайдалану.
Тармақ 12
12. Қоршаған ортаға зиянды әсерiн тигiзетiн химиялық және биологиялық заттарды өндiру.
Басқа 17. Шаруашылық қызметтің экологиялық қауiптi түрлерiн мiндетті мемлекеттiк лицензиялау ережесi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 8 қаңтардағы
N 19 қаулысымен
бекiтiлген
Шаруашылық қызметтің экологиялық қауiптi түрлерiн мiндетті мемлекеттiк лицензиялау ережесi
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн мiндеттi мемлекеттiк лицензиялау ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының " Лицензиялау туралы " 1995 жылғы 17 сәуiрдегi және " Қоршаған ортаны қорғау туралы " 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңдарына сәйкес әзiрлендi, шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыру құқығына заңды және жеке тұлғаларға лицензиялар берудің тәртiбi мен шарттарын айқындайды.
Тармақ 2
2. Олар белгiленген талаптарды сақтаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларына лицензия берiледi.
Егер заңнамалық кесiмдерде өзгеше көзделмесе, шетелдiк заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларына белгiленген сондай шарттармен әрi сондай тәртiппен лицензия алады.
Тармақ 3
3. Шаруашылық қызметтің экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыру құқығына лицензия басты болып табылады әрi иелiктен айырылмайды.
Лицензия мерзiмi белгiленбей берiледi және оның күшi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына қолданылады.
Озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясы мен Озон қабатын бүлдiретiн заттар жөнiндегi Монреаль хаттамасы бойынша Қазақстан Республикасының мiндеттемелерiн орындауға байланысты озон қабатын бүлдiретiн заттар мен олардың құрамындағы өнiмдердi Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге бiржолғы лицензия беріледi.
Тарау 2. 2. Уытты, радиоактивтi және басқа да қауiптi зиянды заттармен ластанған жерлердi техникалық қайта құнарландыруды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектілерге қойылатын білiктілiк талаптары
2. Уытты, радиоактивтi және басқа да қауiптi зиянды заттармен ластанған жерлердi техникалық қайта құнарландыруды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектілерге қойылатын білiктілiк талаптары
Білiктілiк талаптары:
Тармақша 1
1) тиiстi жоғары білiмi және мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы немесе тиiстi орта арнаулы білiмi және мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар инженер-техник қызметкерлердiң - жауапты орындаушылардың;
Тармақша 2
2) жұмыстардың түрлерiне байланысты:
білiктілiк талаптарында көрсетілген жұмыстардың түрлерi бойынша өлшемдер жүргiзу құқығына техникалық реттеу жөнiндегi уәкілеттi орган тiркеген не белгiленген тәртiппен тiркелген зертханаларда (орталықтарда) өлшемдер жүргiзу құқығына шарты бар зертханалармен (орталықтармен):
техникаға қызмет көрсететiн қажетті паркпен, сондай-ақ оны ұстауға және сақтауға арналған өндiрiс алаңдарымен;
белгіленген тәртiппен тексерiлген жұмыстарды жүзеге асырудың сапасын бақылауға арналған аспаптармен және жабдықпен;
қолданыстағы нормалар мен ережелерде белгіленгендерден төмен емес радиациялық қауiпсiздiк деңгейiне қол жеткiзудi және оны ұстап тұруды қамтамасыз ететiн технологиялармен, ұйымдастыру және техникалық шаралармен;
мәлiмделiп отырған қызметті жүргiзу қауiпсiздiгiне кепiлдiк беретiн инженерлiк-техникалық қамтамасыз етумен (өндiрiстiк кешендер, технологиялық учаскелер, қондырғылар, қалдықтар мен материалдарды орналастыру пункттерi, мәлiмделiп отырған қызмет жүзеге асырылуы мүмкiн басқа да объектілер);
жұмыстардың сұратылған түрлерi бойынша нормативтердiң, нормативтiк-анықтамалық және техникалық құжаттаманың жиынтығымен, қауiптi зиянды заттарды сақтау үшiн арнайы жабдықталған қоймалармен, үй-жайлармен және сыйымдылықтармен жарақталған тиiстi материалдық-техникалық және өндiрiстік базаның;
Тармақша 3
3) денсаулықты, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн қызметтердiң;
Тармақша 4
4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық органымен (бұдан әрi - аумақтық орган) келiсілген өндiрiстiк мониторинг бағдарламасының;
Тармақша 5
5) санитарлық-эпидемиологиялық, тау-кен техникалық қадағалау мемлекеттік органдары мен өтiнiш берушiнiң білiктілiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын аумақтық орган қорытындыларының;
Тармақша 6
6) аумақтық органмен келiсілген табиғатты қорғау iс-шаралары жоспарының;
Тармақша 7
7) уәкілеттi органмен келiсілген қоршаған ортаның ластануына әкеп соқтыратын немесе әкеп соқтыруы мүмкiн аварияларды жою жоспарларының;
Тармақша 8
8) қоршаған ортаға әсердi бағалау жобасына мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындыларының;
Тармақша 9
9) мiндеттi экологиялық сақтандыру жөнiндегi сақтандыру полисiнiң болуын қамтиды.
Тарау 2-1. 2-1. Су объектілерiнiң ластануына әкеп соқтыратын ықтимал қауiптi химиялық және биологиялық заттар мен радиоактивтi материалдарды өндiрiстік мақсаттарда пайдаланатын кәсiпорындар мен құрылыстардың су жинау алаңдарында салуды және орналастыруды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектілерге қойылатын білiктілiк талаптары
2-1. Су объектілерiнiң ластануына әкеп соқтыратын ықтимал қауiптi химиялық және биологиялық заттар мен радиоактивтi материалдарды өндiрiстік мақсаттарда пайдаланатын кәсiпорындар мен құрылыстардың су жинау алаңдарында салуды және орналастыруды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектілерге қойылатын білiктілiк талаптары
Бiлiктілiк талаптары:
Тармақша 1
1) тиiстi жоғары білiмi және мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы немесе тиiсті орта арнаулы білiмi және мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар инженер-техник қызметкерлердiң - жауапты орындаушылардың;
Тармақша 2
2) жұмыстардың түрлерiне байланысты:
бiлiктілiк талаптарында көрсетілген жұмыстардың түрлерi бойынша өлшемдер жүргiзу құқығына техникалық реттеу жөнiндегi уәкілеттi орган тiркеген не белгіленген тәртiппен тiркелген зертханаларда (орталықтарда) сынақтар жүргiзу құқығына шарты бар зертханалармен (орталықтармен);
техникаға қызмет көрсететiн қажетті паркпен, сондай-ақ оны ұстауға және сақтауға арналған өндiрiс алаңдармен;
белгіленген тәртiппен тексерiлген жұмыстарды жүзеге асырудың сапасын бақылауға арналған аспаптармен және жабдықпен;
қолданыстағы нормалар мен ережелерде белгіленгендерден төмен емес қауiпсiздiк деңгейiне қол жеткiзудi және оны ұстап тұруды қамтамасыз ететiн технологиялармен, ұйымдастыру және техникалық шаралармен;
мәлiмделiп отырған қызметті жүргiзу қауiпсiздiгiне кепiлдiк беретiн инженерлiк-техникалық қамтамасыз етумен (өндiрiстiк кешендер, технологиялық учаскелер, қондырғылар, радиоактивтi қалдықтар мен материалдарды орналастыру пункттерi, мәлiмделiп отырған қызмет жүзеге асырылуы мүмкiн басқа да объектілер);
жұмыстардың сұратылған түрлерi бойынша нормативтердiң, нормативтiк-анықтамалық және техникалық құжаттаманың жиынтығымен;
аумақтық органмен келiсілген өндiрiстiк мониторинг бағдарламаларымен;
санитарлық-эпидемиологиялық, тау-кен техникалық қадағалау мемлекеттiк органдары мен өтiнiш берушiнiң білiктілiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын аумақтық орган қорытындыларымен;
су ресурстарын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органның қорытындысымен жарақталған тиiсті материалдық-техникалық және өндiрiстiк базаның;
Тармақша 3
3) денсаулықты, еңбектi және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн қызметтердiң;
Тармақша 4
4) аумақтық органмен келiсілген табиғатты қорғау iс-шаралары жоспарының;
Тармақша 5
5) уәкілеттi органмен келiсiлген қоршаған ортаның ластануына әкеп соқтыратын немесе әкеп соқтыруы мүмкiн аварияларды жою жоспарларының;
Тармақша 6
6) шектi жол берiлген төгiнділер, қоршаған ортаға әсердi бағалау нормативтерiнiң жобаларына мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындыларының;
Тармақша 7
7) мiндеттi экологиялық сақтандыру жөнiндегi сақтандыру полисiнiң болуын қамтиды.
Тарау 2-2. 2-2. 1-2 қауiптілiк сыныбындағы зиянды (ластаушы) заттардың атмосфераға шығарындыларымен бiрге жүретiн өндiрiстiк процестердi жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектілерге қойылатын білiктiлiк талаптары
2-2. 1-2 қауiптілiк сыныбындағы зиянды (ластаушы) заттардың атмосфераға шығарындыларымен бiрге жүретiн өндiрiстiк процестердi жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектілерге қойылатын білiктiлiк талаптары
Білiктілiк талаптары:
Тармақша 1
1) тиiстi жоғары білiмi және мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы немесе тиiстi орта арнаулы білiмi және мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар инженер-техник қызметкерлердiң - жауапты орындаушылардың;
Тармақша 2
2) жұмыстардың түрлерiне байланысты:
білiктілiк талаптарында көрсетiлген жұмыстардың түрлерi бойынша өлшемдер жүргiзу құқығына техникалық реттеу жөнiндегi уәкілеттi орган тiркеген не белгіленген тәртiппен тiркелген зертханаларда (орталықтарда) сынақтар жүргiзу құқығына шарты бар зертханалармен (орталықтармен);
белгіленген тәртiппен тексерілген жұмыстарды жүзеге асырудың сапасын бақылауға арналған аспаптармен және жабдықпен;
шектi жол берiлген шоғырланудан аспайтын деңгейлерге қол жеткiзудi қамтамасыз ететiн технологиялармен, ұйымдастырушылық және техникалық шаралармен;
жұмыстардың сұратылған түрлерi бойынша нормативтердiң, нормативтiк-анықтамалық және техникалық құжаттаманың жиынтығымен;
аумақтық органмен келiсілген өндiрiстiк мониторинг бағдарламаларымен;
санитарлық-эпидемиологиялық, тау-кен техникалық қадағалау мемлекеттік органдары мен өтiнiш берушiнiң білiктілiк талаптарына сәйкестігiн растайтын аумақтық орган қорытындыларымен жарақталған тиiстi материалдық-техникалық және өндiрiстiк базаның;
Тармақша 3
3) денсаулықты, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн қызметтердiң;
Тармақша 4
4) аумақтық органмен келiсілген табиғатты қорғау iс-шаралары жоспарының;
Тармақша 5
5) уәкiлетті органмен келiсілген қоршаған ортаның ластануына әкеп соқтыратын немесе әкеп соқтыруы мүмкiн аварияларды жою жоспарларының;
Тармақша 6
6) шектi жол берілген төгiнділер мен қоршаған ортаға әсердi бағалау нормативтерiнiң жобаларына мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындыларының;
Тармақша 7
7) мiндеттi экологиялық сақтандыру жөнiндегi сақтандыру полисiнiң болуын қамтиды.
Тарау 2-3. 2-3. Озон қабатын бүлдiретiн заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізудi, сондай-ақ құрамында озон бүлдiретiн заттары бар жабдықтарды жөндеудi, монтаждауды, оларға қызмет көрсетудi жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектілерге қойылатын білiктілiк талаптары
2-3. Озон қабатын бүлдiретiн заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізудi, сондай-ақ құрамында озон бүлдiретiн заттары бар жабдықтарды жөндеудi, монтаждауды, оларға қызмет көрсетудi жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектілерге қойылатын білiктілiк талаптары
Білiктілiк талаптары:
Тармақша 1
1) тиiстi жоғары білiмi және мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы немесе тиiстi орта арнаулы білiмi және мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар, техникалық пайдалануды қолдану ережелерiн және қауiпсiздiк ережелерiн білуге білiктілiк тексерiсiнен өткен, озон қабатын бүлдiретiн заттармен жұмыс iстеу құқығына рұқсаты бар инженер-техник қызметкерлердiң - жауапты орындаушылардың;
Тармақша 2
2) құрамында озон қабатын бүлдiретiн заттар бар жабдықтардың технологиялық регламенттерi мен техникалық паспортының;
Тармақша 3
3) озон қабатын бүлдiретiн заттарды алу және қайта өңдеу жөнiндегi өндiрiстік-техникалық базаның, мамандандырылған өндiрiстiк ғимараттардың, жабдықтардың;
Тармақша 4
4) құрамында озон қабатын бүлдiретiн заттар бар өнiмдердi сақтауға арналған арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлар мен сыйымдылықтардың;
Тармақша 5
5) жабдықтарды пайдалануды, оларға техникалық қызмет көрсетуді, озон қабатын бүлдiретiн заттарды есепке алу және тасымалдауды қамтамасыз ететiн қызметтердiң;
Тармақша 6
6) мiндеттi экологиялық сақтандыру жөнiндегi сақтандыру полисiнiң;
Тармақша 7
7) өтiнiш берушiнiң бiлiктілiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын аумақтық органның оң қорытындысының болуын қамтиды.
Тарау 2-4. 2-4. Озон қабатын бүлдiретiн заттарды және олар құрамында бар өнiмдердi Қазақстан Республикасына әкелудi және Қазақстан Республикасынан әкетудi жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектілерге қойылатын білiктілiк талаптары
2-4. Озон қабатын бүлдiретiн заттарды және олар құрамында бар өнiмдердi Қазақстан Республикасына әкелудi және Қазақстан Республикасынан әкетудi жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектілерге қойылатын білiктілiк талаптары
Білiктілiк талаптары:
Тармақша 1
1) озон қабатын бүлдiретiн заттарды және олар құрамында бар өнiмдердi жеткiзуге келiсiм-шарт, шарт көшiрмелерiнiң;
Тармақша 2
2) озон қабатын бүлдiретiн заттарды әкелудiң болжалды көлемi мен олар құрамында бар өнiмдердiң мөлшерi (өрнегiн, сауда және химиялық атауын, СЭҚ ТН сауда нөмiрiнiң кодын, өнiм әкелiнетiн елдi көрсете отырып) туралы мәліметтердің;
Тармақша 3
3) мiндеттi экологиялық сақтандыру жөнiндегi сақтандыру полисiнiң;
Тармақша 4
4) өтiнiш берушiнiң бiлiктілiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын аумақтық органның оң қорытындысының болуын қамтиды.
Тарау 2-5. 2-5. Қауiптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясы бойынша Қазақстан Республикасының мiндеттемелерiн орындаумен байланысты 1-3 қауiптілiк сыныбындағы өндiрiстiк қалдықтарды өңдеудi, сақтауды және жоюды, трансшекаралық тасымалдауды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектілерге қойылатын бiлiктілiк талаптары
2-5. Қауiптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясы бойынша Қазақстан Республикасының мiндеттемелерiн орындаумен байланысты 1-3 қауiптілiк сыныбындағы өндiрiстiк қалдықтарды өңдеудi, сақтауды және жоюды, трансшекаралық тасымалдауды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектілерге қойылатын бiлiктілiк талаптары
Білiктілiк талаптары:
Тармақша 1
1) тиiстi жоғары білiмi және мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы немесе тиiсті орта арнаулы білiмi және мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар инженер-техник қызметкерлердiң - жауапты орындаушылардың;
Тармақша 2
2) жұмыстардың түрлерiне байланысты:
білiктілiк талаптарында көрсетілген жұмыстардың түрлерi бойынша өлшемдер жүргiзу құқығына техникалық реттеу жөнiндегi уәкілетті орган тiркеген не белгiленген тәртiппен тiркелген зертханаларда (орталықтарда) сынақтар жүргiзу құқығына шарты бар зертханалармен (орталықтармен);
техникаға қызмет көрсететiн қажетті паркпен, сондай-ақ оны ұстауға және сақтауға арналған өндiрiс алаңдарымен;
белгiленген тәртiппен тексерілген жұмыстарды жүзеге асырудың сапасын бақылауға арналған аспаптармен және жабдықпен;
қолданыстағы нормалар мен ережелерде белгіленгендерден төмен емес радиациялық қауiпсiздiк деңгейiне қол жеткiзудi және оны ұстап тұруды қамтамасыз ететiн технологиялармен, ұйымдастыру және техникалық шаралармен;
мәлiмделiп отырған қызметтi жүргiзу қауiпсiздiгiне кепілдiк беретін инженерлiк-техникалық қамтамасыз етумен (өндiрiстiк кешендер, технологиялық учаскелер, қондырғылар, радиоактивті қалдықтар мен материалдарды орналастыру пункттерi, мәлiмделiп отырған қызмет жүзеге асырылуы мүмкiн басқа да объектілер);
жұмыстардың сұратылған түрлерi бойынша нормативтердiң, нормативтiк-анықтамалық және техникалық құжаттаманың жиынтығымен;
аумақтық органмен келiсілген өндiрiстік мониторинг бағдарламаларымен;
санитарлық-эпидемиологиялық, тау-кен техникалық қадағалау мемлекеттік органдары мен аумақтық органның өтiнiш берушiнiң білiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын қорытындыларымен жарақталған тиiстi материалдық-техникалық және өндiрiстік базаның;
Тармақша 3
3) денсаулықты, еңбектi және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн қызметтердiң;
Тармақша 4
4) аумақтық органмен келiсiлген табиғатты қорғау iс-шаралары жоспарының;
Тармақша 5
5) уәкiлетті органмен келiсілген қоршаған ортаның ластануына әкеп соқтыратын немесе әкеп соқтыруы мүмкiн аварияларды жою жоспарларының;
Тармақша 6
6) зиянды (ластаушы) заттарды, өндiрiстік қауiпті қалдықтарды орналастыру, тасымалдау, тазалау және залалсыздандыру жөнiндегi объектілердің және қондырғылардың;
Тармақша 7
7) өндiрiстік қалдықтарды орналастыру (жобада көзделген), қоршаған ортаның өндiрiстік қалдықтармен ластануы деңгейiн бағалау жобаларына мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысының;
Тармақша 8
8) өндiрiстiң қауiптi қалдықтарын сақтауға арналған паспорттардың болуын қамтиды.
Өндiрiстiң қауiптi қалдықтарын трансшекаралық тасымалдау кезiнде:
Тармақша 1
1) өндiрiстік қалдықтарды пайдалану, қолдану туралы мәлiметтердiң;
Тармақша 2
2) өндiрiстің қауiптi қалдықтарын тасымалдауға арналған лицензиялардың;
Тармақша 3
3) мiндеттi экологиялық сақтандыру жөнiндегi сақтандыру полисiнiң;
Тармақша 4
4) қауiптi жүктердi тасымалдау кезiнде қауiптi заттарды есепке алу туралы ақпараттардың;
Тармақша 5
5) өндiрiстiң қауіптi қалдықтарын қабылдауға кәсiпорындармен, ұйымдармен жасалған келiсiм-шарттар көшiрмелерiнiң болуын қамтиды;
Тармақша 9
9) мiндеттi экологиялық сақтандыру жөнiндегi сақтандыру полисiнiң;
Тарау 2-6. 2-6. Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлігіндегі мемлекеттік қорықтық аймақтың шегіндегi кәсiпорындарды, құрылыстарды орналастыруды, салу мен қайта жаңартуды және өзге де объектілердi пайдалануды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектілерге қойылатын білiктiлiк талаптары
2-6. Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлігіндегі мемлекеттік қорықтық аймақтың шегіндегi кәсiпорындарды, құрылыстарды орналастыруды, салу мен қайта жаңартуды және өзге де объектілердi пайдалануды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектілерге қойылатын білiктiлiк талаптары
Біліктілiк талаптары:
Тармақша 1
1) тиiстi жоғары білiмi және мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы немесе тиiсті орта арнаулы білiмi және мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар инженер-техник қызметкерлердiң - жауапты орындаушылардың;
Тармақша 2
2) жұмыстардың түрлерiне байланысты:
білiктілiк талаптарында көрсетілген жұмыстардың түрлерi бойынша өлшемдер жүргiзу құқығына техникалық peттeу жөнiндегi уәкілетті орган тiркеген не белгiленген тәртiппен тiркелген зертханаларда (орталықтарда) сынақтар жүргiзу құқығына шарты бар зертханалармен (орталықтармен);
техникаға қызмет көрсететін қажетті паркпен, сондай-ақ оны ұстауға және сақтауға арналған өндiрiс алаңдарымен;
белгіленген тәртiппен тексерiлген жұмыстарды жүзеге асырудың сапасын бақылауға арналған аспаптармен және жабдықпен;
қолданыстағы нормалар мен ережелерде белгiленгендерден төмен емес қауiпсiздiк деңгейiне қол жеткiзудi және оны ұстап тұруды қамтамасыз ететiн технологиялармен, ұйымдастыру және техникалық шаралармен;
мәлiмделiп отырған қызметті жүргізу қауiпсiздiгiне кепiлдiк беретiн инженерлiк-техникалық қамтамасыз етумен (өндiрiстiк кешендер, технологиялық учаскелер, қондырғылар, қалдықтар мен материалдарды орналастыру пункттерi, мәлiмделiп отырған қызмет жүзеге асырылуы мүмкiн басқа да объектілер);
жұмыстардың сұратылған түрлерi бойынша нормативтердiң, нормативтік-анықтамалық және техникалық құжаттаманың жиынтығымен;
аумақтық органмен келiсілген өндiрiстiк мониторинг бағдарламаларымен;
санитарлық-эпидемиологиялық, тау-кен техникалық қадағалау мемлекеттiк органдары мен өтiнiш берушiнiң бiліктілік талаптарына сәйкестiгiн, растайтын аумақтық орган қорытындыларымен;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның қорытындыларымен жарақталған тиiстi материалдық-техникалық және өндiрiстік базаның;
Тармақша 3
3) денсаулықты, еңбектi және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн қызметтердiң;
Тармақша 4
4) шекті жол берiлген шығарындылар, шектi жол берiлген төгiнділер, қоршаған ортаға әсердi бағалау нормативтерінің жобаларына мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындыларының;
Тармақша 5
5) аумақтық органмен келiсiлген табиғатты қорғау iс-шаралары жоспарының;
Тармақша 6
6) уәкілетті органмен келiсiлген қоршаған ортаның ластануына әкеп соқтыратын немесе әкеп соқтыруы мүмкiн аварияларды жою жоспарларының;
Тармақша 7
7) мiндеттi экологиялық сақтандыру жөнiндегi сақтандыру полисiнiң болуын қамтиды.
Тарау 2-7. 2-7. Қоршаған ортаға зиянды әсерін тигiзетiн химиялық және биологиялық заттар өндiрудi жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектілерге қойылатын білiктiлiк талаптары
2-7. Қоршаған ортаға зиянды әсерін тигiзетiн химиялық және биологиялық заттар өндiрудi жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектілерге қойылатын білiктiлiк талаптары
Білiктілiк талаптары:
Тармақша 1
1) тиiстi жоғары білiмi және мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы немесе тиiсті орта арнаулы білiмi және мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар инженер-техник қызметкерлердiң - жауапты орындаушылардың;
Тармақша 2
2) жұмыстардың түрлерiне байланысты:
білiктiлiк талаптарында көрсетілген жұмыстардың түрлерi бойынша өлшемдер жүргiзу құқығына техникалық реттеу жөнiндегi уәкiлеттi орган тiркеген не белгiленген тәртiппен тiркелген зертханаларда (орталықтарда) сынақтар жүргiзу құқығына шарты бар зертханалармен (орталықтармен);
техникаға қызмет көрсететiн қажетті паркпен, сондай-ақ оны ұстауға және сақтауға арналған өндiрiс алаңдарымен;
белгіленген тәртіппен тексерiлген жұмыстарды жүзеге асырудың сапасын бақылауға арналған аспаптармен және жабдықпен;
қолданыстағы нормалар мен ережелерде белгіленгендерден төмен емес қауiпсiздiк деңгейiне қол жеткiзудi және оны ұстап тұруды қамтамасыз ететiн технологиялармен, ұйымдастыру және техникалық шаралармен;
мәлiмделiп отырған қызметтi жүргізу қауiпсiздiгiне кепiлдiк беретiн инженерлiк-техникалық қамтамасыз етумен (өндiрiстiк кешендер, технологиялық учаскелер, қондырғылар, қалдықтар мен материалдарды орналастыру пункттерi, мәлiмделiп отырған қызмет жүзеге асырылуы мүмкiн басқа да объектілер);
жұмыстардың сұратылған түрлерi бойынша нормативтердiң, нормативтiк-анықтамалық және техникалық құжаттаманың жиынтығымен;
аумақтық органмен келiсiлген өндiрiстік мониторинг бағдарламаларымен;
санитарлық-эпидемиологиялық, тау-кен техникалық қадағалау мемлекеттiк органдары мен аумақтық органның өтiнiш берушiнiң білiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын қорытындыларымен жарақталған тиiстi материалдық-техникалық және өндiрiстік базаның;
Тармақша 3
3) денсаулықты, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн қызметтердiң;
Тармақша 4
4) аумақтық органмен келiсілген табиғатты қорғау iс-шаралары жоспарының;
Тармақша 5
5) уәкілетті органмен келiсiлген қоршаған ортаның ластануына әкеп соқтыратын немесе әкеп соқтыруы мүмкiн аварияларды жою жоспарларының;
Тармақша 6
6) химиялық және биологиялық заттарды өндiру жөнiндегi жобаларға мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындыларының;
Тармақша 7
7) мiндеттi экологиялық сақтандыру жөнiндегi сақтандыру полисiнiң болуын қамтиды.
Тарау 3. 3. Шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыруға арналған лицензия алу үшiн қажеттi құжаттар
3. Шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыруға арналған лицензия алу үшiн қажеттi құжаттар
Тармақ 6
6. Лицензия алу үшiн өтiнiш берушi лицензиарға:
Тармақша 1
1) нысанын Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн белгiленген үлгiдегi өтiнiштi;
Тармақша 2
2) заңды немесе жеке тұлға туралы мәлiметтер - заңды тұлға үшiн мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктің немесе заңды тұлға құрмай жұмыс iстеушi жеке кәсіпкердің мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгiнiң көшiрмесiн;
Тармақша 3
3) өтiнiш берушінің бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды;
Тармақша 4
4) бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжатты тапсырады.
Тармақ 7
7. Егер заңнамалық кесiмдерде өзгеше белгiленбесе, барлық құжаттармен бiрге өтiнiш берілген күннен бастап лицензия бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей, ал шағын кәсіпкерлiк субъектiлерi үшiн он күн мерзiмнен кешіктiрілмей беріледi.
Тармақ 8
8. Қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алым төлеудiң ставкаларын, есептеу мен төлеу және төленген сомаларды қайтару тәртiбi Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес айқындалады.
Тарау 4. 4. Лицензиялар беру тәртiбi мен шарттары
4. Лицензиялар беру тәртiбi мен шарттары
Тармақ 9
9. Шаруашылық қызметтің экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыру құқығына лицензияны қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган бiліктілiк деңгейi осы қызмет түрiне қойылатын талаптарға сай субъектiге бередi.
Тармақ 10
10. Лицензия қатаң есеп беру құжаты болып табылады әрi мемлекеттiк және орыс тілдерінде бiр данада ресімделедi.
Тармақ 11
11. Жеке тұлғаның тегi, есiмi, әкесiнiң есiмi өзгерген жағдайда ол бұл туралы көрсетiлген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса беріп, бiр ай мерзімде лицензиарға жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi.
Тармақ 12
12. Атауы (Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, оның ішiнде ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерсе) өзгерген, заңды тұлғаның орналасқан жерi өзгерген (егер ол лицензияда көрсетiлсе) жағдайда ол бiр ай iшiнде көрсетiлген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса берiп, лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтініш бередi.
Лицензияны қайта ресімдеу лицензиат өтiнiшi тiркелген күннен бастап он күн iшiнде жүргiзiледi. Лицензияны қайта ресiмдегенi үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртiппен және мөлшерде лицензиялық алым алынады.
Тармақ 13
13. Лицензия жоғалған жағдайда лицензиат оның телнұсқасын алуға құқылы. Лицензиар лицензиаттың жазбаша өтiнiшi бойынша лицензия телнұсқасын берудi он күн iшiнде жүргiзедi. Бұл ретте лицензиат қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алым төлейдi.
Тармақ 14
14. Егер:
Тармақша 1
1) субъектiлердiң осы санаты үшiн заңнамалық кесiмдермен қызметтiң белгiлi бiр түрiн жүзеге асыруға тыйым салынса;
Тармақша 2
2) осы Ереженiң 6-тармағына сәйкес талап етiлетiн құжаттар түгел тапсырылмаса. Өтiнiш беруші көрсетiлген кедергiлердi жойса, өтiнiшi жалпы негiздерде қаралады;
Тармақша 3
3) қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алым енгiзiлмесе;
Тармақша 4
4) өтiнiш беруші белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сай келмесе;
Тармақша 5
5) өтiнiш берушiге қатысты оған осы қызмет түрiмен айналысуға тыйым салатын сот шешімi болса, лицензия берілмейдi.
Лицензия беруден бас тартылған кезде өтiнiш берушiге лицензия беру үшiн белгiленген мерзiмде жазбаша түрде уәждi жауап беріледi.
Тармақ 15
15. Мынадай:
Тармақша 1
1) лицензиядағы талаптарды лицензиат орындамаған;
Тармақша 2
2) лицензияда белгiленген қызмет түрiн лицензиаттың жүзеге асыруына сот тыйым салған;
Тармақша 3
3) лицензиар лицензияның қолданылуын тоқта тұрған себептер жойылмаған;
Тармақша 4
4) лицензия алу кезiнде лицензиат көпе-көрiнеу жалған ақпарат берген жағдайларда лицензия қайтарып алынуы мүмкін.
Тармақ 16
16. Лицензиар себептерiн көрсетiп, лицензияның қолданылуын алты ай мерзiмге дейiн тоқтата тұрады.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн лицензияның қолданылуын тоқтата тұруды сот лицензиардың, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың өтiнiшi бойынша жүргiзедi.
Лицензиат лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiмге сот тәртiбiмен шағым беруге құқылы. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың орындылығы туралы сот шешiмi болған кезде оның қолданылуын тоқтата тұру мерзiмi лицензиар осындай шешiмдi қабылдаған күннен бастап есептеледi.
Олар бойынша лицензияның қолданылуы тоқтата тұрылған себептер жойылғаннан кейін лицензия қолданылуы жаңартылады.
Тармақ 17
17. Мынадай:
Тармақша 1
1) лицензия берiлген мерзiм аяқталған;
Тармақша 2
2) лицензия жүзеге асыруға берiлген іс-әрекет толық көлемде жасалған;
Тармақша 3
3) лицензия қайтарылған;
Тармақша 4
4) заңды тұлға оның бip түрiнен екiншi түрiне қайта құрылған (ұйымдық құқықтық нысаны өзгерген) жағдайларды қоспағанда, лицензия беру тәртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне сәйкес белгiленетiн жағдайлардан басқа, азамат кәсiпкерлiк қызметi тоқтатқан, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайларда;
Тармақша 5
5) лицензия лицензиарға өз еркімен қайтарылған жағдайда лицензия күшiн тоқтатады.
Тарау 5. 5. Есепке алу және бақылау
5. Есепке алу және бақылау
Тармақ 18
18. Лицензияларды есепке алуды, сондай-ақ лицензия ережелерiн сақталуын лицензиар жүзеге асырады.
Бiлiктiлiк талаптары мен белгiленген ережелердiң сақталуын лицензиар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүргiзедi.
Тарау 6. 6. Ереженi бұзғаны үшін жауапкершілiк
6. Ереженi бұзғаны үшін жауапкершілiк
Тармақ 19
19. Мемлекеттiк органдар (лицензиарлар) мен олардың лауазымды адамдары лицензиялау туралы заңнаманы бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгіленген жауапкершiлiкке тартылады.