Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жалағаш аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2023 жылғы 18 мамырдағы №120 ұсынысына сәйкес Таң ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Жалағаш ауданы, Таң ауылдық округінде орналасқан Мүсірәлі баба көшесі №9/1, №5/2, №2/1, №1/1, Манақ батыр көшесі №5, №11, №13, №8, Ш.Уәлиханов көшесі №9, №11, №28, №10, №6, №4, Қ.Құлманов көшесі №4 және Қоқыбай болыс көшесі №9А, №4, №10/2, №12/1, №12/2, №14/1 үйлердің ұсақ малдардың арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.