Об утверждении Правил согласования объемов внешних займов квазигосударственного сектора Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 199-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Басқа 0. Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу қағидалары
Бұйрықпен бекітілген Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу қағидалары
Тармақ 1
1. Осы Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу қағидалары Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 199-бабына сәйкес әзірленді және топішілік қаржыландыру жөніндегі мәмілелерді және мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында белгіленген шектеулер шеңберінде квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган құратын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жанындағы Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау мәселелері жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) ұсынымдары ескеріле отырып, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау арқылы жүзеге асырылады. Квазимемлекеттік сектордың жоспарланатын кезеңге арналған сыртқы қарыздарының көлемі туралы ұсыныстарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Комиссияның ұсынымдарын алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына жібереді. Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыз алу көлемі туралы ұсыныстар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 10 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысына шығарылады.
Тармақ 3
3. Оларға қатысты сыртқы борыштың шекті көлемі айқындалатын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тізбесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітеді.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 199-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметімен келісілген квазимемлекеттік сектордың жоспарланатын қаржы жылына арналған сыртқы борышының шекті көлемін бекітеді.
Тармақ 5
5. Бюджет параметрлері өзгерген жағдайда немесе квазимемлекеттік сектордың түзетілген қарыз алу жоспарлары негізінде квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының бекітілген шекті көлемін түзетуге жол беріледі.
Тармақ 6
6. Квазимемлекеттік сектор субъектілері өз міндеттемелерін орындауды сыртқы қарыз алу шеңберінде дербес қамтамасыз етеді.