О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам обращения лекарственных средств Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.01.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне дәрілік заттар айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақ 1
1. "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; N 23, 416-құжат; N 24, 452-құжат; 1999 ж., N 20, 721, 727-құжаттар; N 21, 787-құжат; N 22, 791-құжат; N 23, 931-құжат; N 24, 1066-құжат; 2000 ж., N 10, 248-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52, 54-құжаттар; N 13-14, 173, 176-құжаттар; N 23, 321-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 15, 151-құжат; N 19-20, 165-құжат; 2003 ж., N 1-2, 2-құжат; N 4, 25-құжат; N 6, 34-құжат; N 10, 50, 51-құжаттар; N 11, 69-құжат; N 14, 107-құжат): 9-баптың 1-тармағының 28) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "28) фармацевтикалық қызмет: дәрілік заттарды өндіру, дайындау, оларды көтерме, бөлшек саудада сату;".
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" 1997 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 10, 109-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 24, 434-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат; N 23, 927-құжат; 2002 ж., N 6, 71-құжат):
Тармақша 1
1) 5-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: "дәрілік заттарға нормаларды, дәрілік заттардың жіктемесін, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясын бекітеді; Қазақстан Республикасының заңында белгіленген медициналық көмектің тегін кепілді көлемі шеңберінде тегін дәрілік көмек көрсетуге арналған негізгі (өмірлік маңызы бар) дәрілік заттардың тізімін бекітеді; Дәрілік заттарды мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді және оларға арналған нормативтік құжаттарда көрсетілмеген, адам денсаулығына қауіпті олардың жанама әсерлері анықталған жағдайда мемлекеттік тіркеу туралы шешімді қайтарып алу тәртібін айқындайды.";
Тармақша 2
2) 34-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: "2. Дәрілік заттарды өткізуді мемлекеттік тіркеуден өткен, дәрілік заттарды өткізуге лицензия алған және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген сәйкестік сертификаты бар дәрілік заттар айналымы саласындағы субъектілер жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Фармацевтикалық қызметті мемлекеттік қадағалауды және дәрілік заттардың қауіпсіздігін, тиімділігі мен сапасын бақылауды дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады."; 3) 42-баптың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: " негізгі дәрілік заттарды өндіру мен сатып алуды ұйымдастыруға;".