Об утверждении Типового положения об участковых комиссиях, а также критериев определения нуждаемости в государственной адресной социальной помощи по результатам обследования материального положения заявителя Қолданыста
Басқа 0
Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені,
сондай-ақ өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру
нәтижелері бойынша атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждықты
айқындау өлшемшарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 124-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа1-қосымшаға сәйкес Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ереже;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждықты айқындау өлшемшарттары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 1. Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ереже
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 23 мамырдағы
№ 167 бұйрығына
1-қосымша
Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Үлгілік ереже) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 124-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне және Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 11-бабының 17) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес әзірленді және учаскелік комиссиялардың мәртебесі мен өкілеттігін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Үлгілік ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
мансап орталығы – еңбек мобильділігі орталығының функцияларын аудандарда, астанада, облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда орындауды жүзеге асыратын филиалы;
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті орган – астананың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы;
учаскелік комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп-қарау жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия.
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 11-бабының 17) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асырады. Комиссия әлеуметтік көмекке жүгінген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп-қарау жүргізеді.
Тармақ 3
3. Комиссиялар тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. Комиссиялар өз жұмысын ашықтық, жариялылық, алқалылық және бейтараптық қағидаттарында ұйымдастырады.
Тармақ 4
4. Комиссиялар өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, осы Ережені, сондай-ақ өтініш берушінің материалдық жағдайын зерттеп-қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттарын басшылыққа алады.
Тарау 2. 2-тарау. Комиссиялардың міндеттері мен функциялары
2-тарау. Комиссиялардың міндеттері мен функциялары
Тармақ 5
5. Комиссиялардың негізгі міндеті мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті органға, ал ауылдық жерлерде – кент, ауыл, ауылдық округ әкімдеріне халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – атаулы әлеуметтік көмек) немесе «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына сәйкес жергілікті өкілетті органдар бекітетін Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес көрсетілетін әлеуметтік көмек көрсету, олардың атаулылығын арттыру жөніндегі қызметіне жәрдемдесу болып табылады.
Тармақ 6
6. Комиссияның негізгі функцияларына:
Тармақша 1
1) Қағидаларға сәйкес ұсынылатын атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға немесе әлеуметтік көмек көрсетуге жүгінген адамның (отбасының) материалдық жағдайын зерттеп-қарау (бұдан әрі – зерттеп-қарау);
Тармақша 2
2) атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген адамның (отбасының) материалдық жағдайын зерттеп-қарауға қажетті жетіспейтін мәліметтерді алу үшін тиісті органдарға сұрау жіберу;
Тармақша 3
3) атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға немесе Қағидаларға сәйкес көрсетілетін әлеуметтік көмек алуға жүгінген адамның (бұдан әрі – өтініш беруші) материалдық жағдайын тексеру актісін жасау;
Тармақша 4
4) ұсынылған құжаттардың және/немесе тексеру нәтижелерінің негізінде осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 11-бабының 17) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес ұсынылатын әлеуметтік көмек немесе атаулы әлеуметтік көмек берудің қажеттілігі немесе қажеттіліктің болмауы туралы қорытынды дайындау жатады.
Тарау 3. 3-тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
3-тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
Тармақ 7
7. Комиссияның ережесі осы Үлгілік ереженің негізінде әзірленеді, жергілікті өкілетті органдарымен келісіп, облыстардың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен бекітіледі.
Тармақ 8
8. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі уәкілетті орган, ал ауылдық жерлерде – кент, ауыл, ауылдық округтың әкімі Комиссияның қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар жасайды (отырыс өткізуге арналған жеке бөлме беру, нормативтік құқықтық актілермен, техникалық құралдармен қамтамасыз ету).
Тармақ 9
9. Комиссияның құрамы жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, мүлік иелері бірлестіктерінің, көппәтерлі тұрғын үйлердің, халықтың, білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары мен уәкілетті органдарының өкілдерінен, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен құралады.
Комиссия төрағадан, хатшыдан және Комиссия мүшелерінен тұрады. Комиссияның жалпы құрамы бес адамнан кем болмауға тиіс.
Тармақ 10
10. Төраға Комиссияның жұмысын ұйымдастырады және Комиссияға осы Үлгілік ережеде жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуы үшін дербес жауаптылықта болады.
Тармақ 11
11. Өтініш берушіні отырыстың өткізілетін күні туралы хабардар етуді, Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар, Комиссия отырысына қажетті құжаттарды, материалдар даярлауды және оны өткізгеннен кейін хаттаманы рәсімдеуді Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Өтініш беруші қалауы бойынша Комиссияның отырысына қатыса алады.
Тармақ 13
13. Комиссия:
мансап орталығынан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар және (немесе) атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер өтініш берушінің материалдық жағдайын зерттеп-қарау нәтижелері негізінде қорытынды дайындап, оны мансап орталығына немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне береді;
құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш білдірген адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акт жасайды, Қағидаларға сәйкес адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы немесе мұқтаждығының болмауы туралы қорытынды әзірлейді және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкіміне жібереді.
Тармақ 14
14. Комиссияның шешімдері оның құрамы жалпы санының үштен екісі болған кезде заңды болады.
Тармақ 15
15. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және Комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының даусы шешуші болып саналады.
Тармақ 16
16. Комиссия қабылдаған шешім қорытынды түрінде ресімделеді, өтініш беруші онымен танысып, қол қояды.
Тармақ 17
17. Комиссия қорытындысымен келіспеген жағдайда өтініш беруші оған Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабында көзделген тәртіппен шағымдануға құқылы.
Басқа 2. Өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждықты айқындау өлшемшарттары
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 23 мамырдағы
№ 167 бұйрығына
2-қосымша
Өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждықты айқындау өлшемшарттары
Тармақ 1
1. Мыналар мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждықты айқындау өлшемшарттары болып табылады:
Тармақша 1
1) жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтығының, қандас, босқын, шетел азаматының және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адам мәртебесінің болуы;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 12-бабының 5) тармақшасының он жетінші абзацына сәйкес уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларының 7-тармағына сәйкес мансап орталығы немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі растаған мәліметтердің болуы;
Тармақша 3
3) өтініш берушінің материалдық жағдайын зерттеп-қарау қорытындысы бойынша дайындалған Комиссияның атаулы әлеуметтік көмек беру қажеттігі туралы қорытындының болуы.
Тармақ 2
2. Мынадай өлшемшарттардың бірі Комиссияның өтініш берушіге және (немесе) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 120-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес келетін адамдарға атаулы әлеуметтік көмек беруге қажеттіліктің болмауы туралы қорытынды шығаруы үшін негіз болып табылады:
Тармақша 1
1) барлық тұрғынжайдың жалпы пайдалы алаңы отбасының бір мүшесіне 18 шаршы метрден аспайтын жағдайларды, сондай-ақ тиісті актімен расталатын авариялық жағдайдағы тұрғын үйлерді қоспағанда, өтініш берушінің өзінің (өздерінің) меншік құқығына тиесілі, оның ішінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға жүгінгенге дейін соңғы бес жыл ішінде иеліктен шығару жүргізілген, тұруға жарамды оған (оларға) меншік құқығымен тиесілі біреуден көп тұрғынжайдың болуы;
Тармақша 2
2) оның (олардың) жеке меншігінде, иелігінде және (немесе) қолданысында тұрақты тұрудан басқа табыс алу үшін мақсаттарда қолданылатын жеке жайдың болуы;
Тармақша 3
3) жергілікті атқарушы органдармен жеке меншікке жер телімін ақысыз түрде беру жағдайын қоспағанда, оның (олардың) жеке меншік тұрғын үйінің бар болуы кезінде оның (олардың) сатып алған жеке тұрғын үй құрылысына арналған жеке меншікте жер телімінің бар болуы;
Тармақша 4
4) көпбалалы отбасыларды және мүгедектігі бар балалар, бірінші және екінші топ мүгедектігі бар адамдары бар отбасыларды қоспағанда оның (олардың) жеке меншігінде және (немесе) уақытша иелігінде, қолданысында біреуден астам жеңіл автокөлігі бар болуы;
Тармақша 5
5) жеке меншігінде және (немесе) уақытша иелігінде, қолданысында техникалық жарамды жағдайда ауыл шаруашылық техникасы және (немесе) автобустың және (немесе) микроавтобустың және (немесе) жүк автокөлігінің және (немесе) троллейбустың және (немесе) арнайы бейімделген және (немесе) арнаулы автомобильдердің және (немесе) теңіз және (немесе) ішкі су және (немесе) әуе көліктерінің бар болуы.
Басқа 3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 23 мамырдағы
№ 167 бұйрығына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
Тармақ 1
1. «Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені, сонымен қатар өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 29-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 5562 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 29-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 326-Ө-М бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 8611 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. «Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 29-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 716 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 19808 болып тіркелген).
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 5 тамыздағы № 291 бұйрықтың қосымшасының 1 тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 29047 болып тіркелген).