Об утверждении Правил заключения налогоплательщиком соглашения о производстве шоколада, сахаристых кондитерских изделий, печенья и мучных кондитерских изделий длительного хранения Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Салық төлеушінің ұзақ сақталатын шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру туралы келісім жасасу қағидаларын бекіту туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 411-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Салық төлеушінің ұзақ сақталатын шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру туралы келісім жасасу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Салық төлеушінің шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұзақ сақталатын ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру туралы келісім жасасуы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 138 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22611 болып тіркелген) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 1. Салық төлеушінің ұзақ сақталатын шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру туралы келісім жасасу қағидалары
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі 2023 жылғы 24 мамырдағы № 202 бұйрығымен бекітілген Салық төлеушінің ұзақ сақталатын шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру туралы келісім жасасу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Салық төлеушінің ұзақ сақталатын шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру туралы келісім жасасуы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 411-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және салық төлеушінің ұзақ сақталатын шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру туралы келісім жасасуы тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Ұзақ сақталатын шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру туралы келісім (бұдан әрі – келісім) салық төлеушінің бастамасы бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) мен салық төлеуші арасында осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес үлгілік нысан бойынша жасалады.
Тармақ 3
3. Келісім қосылған құн салығының қосымша сомасын есепке жатқызуға салық төлеушінің заңды мүмкіндігін іске асыру үшін негіз болып табылады.
Тармақ 4
4. Келісімде:
Тармақша 1
1) келісімнің қолданылу кезеңінде Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының азаматтары үшін қолда бар жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру;
Тармақша 2
2) ұзақ сақталатын шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндірісінің көлемін ұлғайту;
Тармақша 3
3) кондитерлік индустрияға инвестициялар тарту жөніндегі көрсеткіштер бекітіліп беріледі. Келісімнің көрсеткіштерін қол жеткізу бөлігіндегі шарттарын орындамау немесе тиісінше орындамау келісімді елеулі бұзу болып танылады
Тарау 2. 2-тарау. Келісім жасасудың тәртібі мен шарттары
2-тарау. Келісім жасасудың тәртібі мен шарттары
Тармақ 5
5. Келісім жасасу үшін салық төлеуші жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұзақ сақталатын шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру туралы келісім жасасуға арналған өтінім (бұдан әрі – өтінім) береді. Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
Тармақша 1
1) келісім жобасы;
Тармақша 2
2) салық төлеушінің құрылтай құжаттарының көшірмелері;
Тармақша 3
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы;
Тармақша 4
4) салық төлеушінің қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 5
5) салық төлеушінің соңғы екі жыл ішіндегі, ал егер кәсіпорын екі жылдан кем жұмыс істесе, өтінім берудің алдындағы қызметінің барлық кезеңіндегі өз өндірісінің көлемін жазбаша растауы;
Тармақша 6
6) алдағы жылдарға арналған өндіріске инвестициялар жоспар.
Тармақ 6
6. Өтінім және өтінімге қоса берілетін құжаттар 2 (екі) данада ұсынылады, олар нөмірленеді, тігіледі және салық төлеуші басшысының қолымен расталады. Жергілікті атқарушы орган салық төлеушінің өтінімін нөмірленетін, тігілетін және жергілікті атқарушы органның мөрімен бекітілетін осы Қағидалардың 3-қосымшасындағы нысанға сәйкес салық төлеушіні тіркеу журналына тіркейді.
Тармақ 7
7. Жергілікті атқарушы орган өтінімді алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын қарайды және тексереді. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда, қайтару себептерін көрсете отырып, өтініш берушіні жазбаша түрде хабардар етеді. Қайтару себептері жойылғаннан кейін өтінім беруші өтінімді жергілікті атқарушы органға қайта енгізеді.
Тармақ 8
8. Жергілікті атқарушы орган өтінім берушіден құжаттардың толық топтамасымен бірге өтінімді алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өтінімді және өтінімге қоса берілген құжаттарды қарайды және келісім жасасу туралы не келісім жасасудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Келісім жасасудан бас тарту туралы шешім қабылдау үшін жергілікті атқарушы орган келісім жасасудың мүмкін себептерін негіздей отырып, келісім жасасудан бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша салық төлеушіге позициясын білдіру үшін тыңдауды өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы салық төлеушіні хабардар етеді. Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес жүргізіледі. Тыңдауды өткізу нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы орган келісім жасасу туралы шешім қабылдайды, не келісім жасасудың мүмкін болмау себептерін негіздей отырып, салық төлеушіге келісім жасасудан бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.
Тармақ 9
9. Өтінімді және өтінімге қоса берілген құжаттарды қарау қорытындылары бойынша өтінімді қарау аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінім берушімен келісім жасалады.
Тармақ 10
10. Келісім мемлекеттік және орыс тілдерінде үш данада, келісім тараптарының әрқайсысы үшін бір-бір данадан жасалады, бір данасы мемлекеттік кірістер органына ұсынуы үшін салық төлеушіге беріледі. Жасалған келісімдерді тіркеуді және есепке алуды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. Жасалған келісім мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, жергілікті атқарушы орган келісім бұзылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде бұл туралы салық төлеушінің тіркелген жері бойынша мемлекеттік кірістер органына тиісті жазбаша хабарлама жіберу арқылы хабарлайды.
Тармақ 12
12. Келісім жасасу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органның шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану ҚР ӘРПК 91-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 1.1. Ұзақ сақталатын шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру туралы үлгілік келісім
Салық төлеушінің ұзақ сақталатын шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру туралы келісім жасасуы қағидаларына 1-қосымша Нысан Ұзақ сақталатын шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру туралы үлгілік келісім ______________________________________________________________ (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың атауы көрсетіледі) ___________________________________ (күні, айы, жылы) Бұдан әрі «Жергілікті атқарушы орган» деп аталатын _____________________________________________________________________________ облысының (қаласының) _______________________________________________________ басқармасының атынан ________________________________________________________ негізінде әрекет ететін ________________________________________________________ (өкілеттігін растайтын құжат) __________________________________________________________________________ (басшының немесе оның міндетін атқарушы адамның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) бір тараптан және бұдан әрі «Салық төлеуші» деп аталатын ____________________________________________________________________________ (Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының атауы) атынан________________________________________негізінде әрекет ететін (өкілеттігін растайтын құжат) _______________________________________________________________________, (бірінші басшының немесе өзге уәкілетті адамның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар, төмендегілер туралы осы Ұзақ сақталатын шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру туралы келісімді (бұдан әрі – келісім) жасасты.
Тарау 1. 1-тарау. Келісімнің нысанасы
1-тарау. Келісімнің нысанасы
Тармақ 1
1. Осы келісімнің нысанасы Салық төлеушінің ұзақ сақталатын шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру саласын дамытуға бағытталған міндеттемелерді қабылдауы, Салық төлеушінің Жергілікті атқарушы органға тиісті есептерді дайындауы және беруі, Жергілікті атқарушы органның Салық төлеушінің міндеттемелерінің орындалуы туралы есептер мен ақпарат алуы болып табылады.
Тармақ 2
2. Осы келісім «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Кодекс) 411-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және Кодекстің 411-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін Салық төлеушінің ұзақ сақталатын шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру туралы келісім жасасуы қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес жасалды.
Тарау 2. 2-тарау. Тараптардың міндеттері мен құқықтары
2-тарау. Тараптардың міндеттері мен құқықтары
Тармақ 3
3. Салық төлеуші келісімнің қолданылуы кезеңінде:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумағында шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру саласында Қазақстан Республикасының азаматтары үшін қолда бар жұмыс орындарын сақтауға және (немесе) ________ мөлшерде жаңа жұмыс орындарын құруға;
Тармақша 2
2) ұзақ сақталатын шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндірісінің көлемін ______ мөлшерде ұлғайтуға;
Тармақша 3
3) кондитерлік индустрияға инвестициялар тартуға;
Тармақша 4
4) жыл сайын есепті жылдан кейінгі айдың бесінші күніне дейінгі мерзімде Жергілікті атқарушы органға басшысының немесе ол уәкілеттік берген адамның қолы қойылған, осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген міндеттемелердің орындалуы туралы жазбаша есепті беруге;
Тармақша 5
5) Жергілікті атқарушы органның сұранымдарды бойынша белгіленген мерзімде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген міндеттемелердің орындалуын растау үшін барлық қажетті құжаттарды беруге міндеттенеді.
Тармақ 4
4. Жергілікті атқарушы орган:
Тармақша 1
1) көрсетілген өзгерістер мен толықтыруларды көздейтін тиісті қосымша келісім жасаспай, осы келісімнің шарттарын біржақты тәртіппен өзгертпеуге;
Тармақша 2
2) Салық төлеушінің осы келісімнің 3-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген міндеттемелердің орындалуы туралы есептерін қарауға;
Тармақша 3
3) келісімнің іске асырылуына мониторинг жүргізуге міндеттенеді.
Тармақ 5
5. Салық төлеуші:
Тармақша 1
1) қосылған құн салығын есепке жатқызуға заңдық мүмкіндікті іске асыру үшін мемлекеттік кіріс органына жүгінуге;
Тармақша 2
2) өзіне алған міндеттемелерді іске асыру үшін осы келісімнің шарттарына қайшы келмейтін кез келген іс-қимылдарды қолдануға;
Тармақша 3
3) Жергілікті атқарушы органды алдын ала хабардар ете отырып, осы келісімді мерзімінен бұрын бұзуға құқылы.
Тармақ 6
6. Жергілікті атқарушы орган:
Тармақша 1
1) Салық төлеушіден келісімді орындау бойынша қажетті ақпаратты сұратуға;
Тармақша 2
2) тиісті қосымша келісім жасасу арқылы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге;
Тармақша 3
3) осы келісімде көзделген негіздер бойынша осы келісімді сот тәртібімен мерзімінен бұрын бұзуға бастамашылық жасауға құқылы.
Тарау 3. 3-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
3-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
Тармақ 7
7. Келісімді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
Тарау 4. 4-тарау. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары
4-тарау. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары
Тармақ 8
8. Егер, қандай да бір міндеттемелерді орындамау немесе орындау кезіндегі кідіріс еңсерілмейтін күш мән-жайларынан туындаса, тараптардың ешқайсысы келісім бойынша мұндай бір міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапты болмайды.
Тармақ 9
9. Еңсерілмейтін күш мән-жайларына әскери қақтығыстар, табиғи апаттар, төтенше жағдайлар кезінде мемлекеттік органдар қабылдайтын шектеу шаралары, дүлей апаттар (өрт, ірі авариялар, коммуникациялардың бұзылуы және сол сияқты өзге де мән-жайлар) және өзге де төтенше және тойтаруға келмейтін оқиғалар жатады. Бұл ретте еңсерілмейтін күш мән-жайларының сипаты, әрекет ету кезеңі, басталу фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталады.
Тармақ 10
10. Еңсерілмейтін күш мән-жайларының кесірінен келісімнің шарттары бұзылған жағдайда, Тараптар қалыптасқан жағдайды реттеудің ықтимал тәсілдері туралы ұсыныстар енгізеді.
Тармақ 11
11. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған кезде зардап шеккен Тарап олар туындаған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде оқиғаның басталу күнін көрсете және еңсерілмейтін күш мән-жайларын сипаттай отырып, жазбаша хабарлама тапсыру арқылы бұл туралы басқа тараптарды хабардар етеді.
Тармақ 12
12. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған жағдайда, Тараптар қалыптасқан жағдайдың шешімін іздеу үшін дереу келіссөздер жүргізеді және осындай жағдайлардың салдарын барынша азайту үшін барлық құралдарды пайдаланады.
Тарау 5. 5-тарау. Құпиялылық
5-тарау. Құпиялылық
Тармақ 13
13. Тараптар осы келісімді іске асыру жөніндегі жұмысқа қатысты барлық құжаттар, ақпарат және есептер бойынша құпиялылық шарттарын оның қолданылу мерзімі ішінде сақтайды.
Тармақ 14
14. Тараптардың ешқайсысының басқа Тараптың жазбаша келісімін алмай, келісімнің мазмұнына қатысты ақпаратты немесе осы келісімнің ережелерін іске асыруға байланысты өзге де құпия ақпаратты ашуға құқығы жоқ, бұған мынадай жағдайлар кірмейді:
Тармақша 1
1) ақпарат сот талқылауы барысында пайдаланылады;
Тармақша 2
2) ақпарат келісім бойынша Тараптардың бірі қызмет көрсететін үшінші тұлғаларға осындай үшінші тұлға осындай ақпараттың құпиялылық шарттарын сақтау және оны Тараптар белгілеген мақсаттарда және Тараптар айқындаған мерзімде ғана пайдалану міндеттемесін өзіне алған жағдайда беріледі;
Тармақша 3
3) ақпарат банкке немесе келісім бойынша Тарап қаражат алатын өзге қаржы ұйымына осындай банк немесе қаржы ұйымы осындай ақпараттың құпиялылық талаптарын сақтау міндеттемесін өзіне алған жағдайда беріледі;
Тармақша 4
4) ақпарат кез келген, оның ішінде Салық төлеушінің кез келген банк шоттарына жататын, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жердегі шетелдік банктерде ашылған, банк құпиясы болып табылатын ақпаратқа рұқсаты бар Қазақстан Республикасының салық немесе өзге де уәкілетті мемлекеттік органдарына беріледі.
Тарау 6. 6-тарау. Дауларды реттеу
6-тарау. Дауларды реттеу
Тармақ 15
15. Осы келісімді түсіндіруге немесе қолдануға қатысты Тараптар арасындағы кез келген дау консультациялар мен келіссөздер арқылы шешіледі.
Тармақ 16
16. Реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.
Тарау 7. 7-тарау. Келісімді бұзу тәртібі
7-тарау. Келісімді бұзу тәртібі
Тармақ 17
17. Осы келісім мынадай жағдайларда бұзылуы мүмкін:
Тармақша 1
1) Тараптардың келісімі бойынша;
Тармақша 2
2) Жергілікті атқарушы органды алдын ала хабардар ете отырып, Салық төлеушінің бастамасы бойынша;
Тармақша 3
3) Салық төлеуші осы келісімнің 3-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген міндеттемелердің кез келгенін бұзған кезде;
Тармақша 4
4) Салық төлеушінің осы келісімді жасасу кезінде дұрыс емес ақпарат беруі фактісі анықталған кезде;
Тармақша 5
5) Салық төлеуші осы келісімнің 3-тармағы 4) тармақшасында көрсетілген мерзімде Жергілікті атқарушы органның талап етуі бойынша есепті ұсынбаған кезде сот тәртібімен;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда.
Тармақ 18
18. Салық төлеушінің бастамасы бойынша осы келісім Жергілікті атқарушы органға алдын ала хабарлама жіберіле отырып, бұзылуы тиіс.
Тармақ 19
19. Салық төлеуші келісімді бұзу себептерін негіздей отырып, бұзу күніне дейін 10 (он) жұмыс күні бұрын келісімді бұзу туралы хабарламаны Жергілікті атқарушы органға береді.
Тармақ 20
20. Жергілікті атқарушы орган 5 жұмыс күні ішінде Салық төлеушінің келісімді бұзу туралы хабарламасын қарайды және 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұзу туралы тиісті қосымша келісім дайындайды.
Тармақ 21
21. Жергілікті атқарушы орган Салық төлеушінің осы келісімнің 3-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген міндеттемелердің кез келгенін бұзуы фактілерін анықтаған жағдайда, сондай-ақ Салық төлеуші осы келісімнің 3-тармағы 4) тармақшасында көрсетілген мерзімде есепті ұсынбаған кезде, Жергілікті атқарушы орган Салық төлеушіге анықталған бұзушылықтарды көрсете отырып, бұзушылықтарды жою қажеттігі туралы жазбаша нысанда хабарлама жібереді. Салық төлеуші бұзушылықтарды жоюды хабарлама алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Бұзушылықтар жойылмаған немесе тиісінше жойылмаған жағдайда, Жергілікті атқарушы орган осы келісімді бұзу туралы талаппен сотқа жүгінеді.
Тармақ 22
22. Осы келісімді жасасу кезінде Салық төлеушінің дұрыс емес ақпарат беру фактісін анықтаған жағдайда, Жергілікті атқарушы орган өздігінен осындай факт туралы белгілі болған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей, осы келісімді бұзу туралы талаппен сотқа жүгінеді.
Тарау 8. 8-тарау. Келісімді тоқтату тәртібі
8-тарау. Келісімді тоқтату тәртібі
Тармақ 23
23. Келісімнің қолданысы мынадай жағдайларда тоқтатылады:
Тармақша 1
1) осы келісімнің 24-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін;
Тармақша 2
2) келісім мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда.
Тарау 9. 9-тарау. Қорытынды ережелер
9-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 24
24. Осы келісім ______ жылғы «__» _______ дейін жасалады.
Тармақ 25
25. Осы келісім барлық Тараптардың уәкілетті өкілдері келісімге қол қойған сәттен бастап жасалған болып есептеледі.
Тармақ 26
26. ______ жылғы «__» ________ ___________ қаласында әрқайсысы бірдей заңды күші бар _______ тілдерінде үш данада, Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан және Салық төлеушінің мемлекеттік кірістер органына беруі үшін бір данадан жасалды. Осы келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер болған жағдайда, Тараптар __ тіліндегі мәтінге жүгінеді. Жергілікті атқарушы орган ____________________ Салық төлеуші ________________
Басқа 1.2. Салық төлеушінің ұзақ сақталатын шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру туралы келісім жасасуға арналған өтінім
Салық төлеушінің ұзақ сақталатын шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру туралы келісім жасасуы қағидаларына 2-қосымша Нысан (кімге):___________________________________________________________ (ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесінің толық атауы) (кімнен)__________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы) Өтінім берген сәтте мемлекеттік кірістер органдарында өтінім берушінің тіркеу есебінің орны ________________________________________________________________________ Салық төлеушінің ұзақ сақталатын шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру туралы келісім жасасуға арналған өтінім ____ және ____ жылдар аралығына қосылған құн салығының қосымша сомасын есепке жатқызу мақсатында ұзақ сақталатын шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру туралы келісім жасасуды сұраймын.
Тармақ 1
1. Заңды тұлға деректері: атауы __________________________________________________________ қызмет түрі (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптаушы бойынша код)_______________________________________________________________ бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН)__________________________ басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі_____________________________________________________________ мекенжайы: _______________________________________________________ телефон нөмірі (факс): __________________________________________
Тармақ 2
2. Ұйымның екінші деңгейдегі банктегі ағымдағы шотының мәліметтері БСН _________________________________________________________ бенефициар коды______________________________________________ банк деректемелері: ____________________________________________ банктің атауы: _________________________________________________ банктік сәйкестендіру коды______________________________________ жеке сәйкестендіру коды ________________________________________ Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беремін. Басшы ___________________________________ _____________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы) Күні: 202_ жылғы «___» _________
Басқа 1.3. Салық төлеушіні тіркеу журналы
Салық төлеушінің ұзақ сақталатын шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру туралы келісім жасасуы қағидаларына 3-қосымша Нысан Салық төлеушіні тіркеу журналы № р/с Заң­ды тұл­ға­ның ата­уы, биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі Тір­кеу кү­ні Құ­жат­тар­ды қа­был­да­ған адам­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са), қо­лы 1 2 3 4