Об утверждении тарифов для населения на сбор, транспортировку, сортировку и захоронение твердых бытовых отходов по городу Павлодар Күшін жойған
Басқа 0
Павлодар қаласы бойынша халық үшін қатты
тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға,
сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Павлодар қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Павлодар қалалық мәслихатының 2020 жылғы 15 маусымдағы «Павлодар қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге (кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді есепке алмай) арналған тарифтерді бекіту туралы» № 494/66 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6853 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Павлодар қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды
жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Павлодар қалалық
маслихатының 2023 жылғы
29 мамырдағы № 32/3
шешіміне қосымша
Павлодар қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды
жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Атауы
Есептік бірлік
Қызметтердің құны (қосылған құн салығын қоса алғанда) теңге
Жайлы үйлер
1 тұрғыннан айына
490
Жайлы емес үйлер
1 тұрғыннан айына
554
Бірлік (көлем) үшін жылдық тариф
1 м3
2132