О повышении эффективности управления государственной собственностью Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттiк меншiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру туралы Қазақстан Республикасының Президентiндегi кеңесте Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, кәсiпорындары мен ұйымдарының басшы қызметкерлерiнiң қатысуымен қабылданған 1997 жылғы 19 маусымдағы N И-192 хаттамалық шешiмнiң 3-тармағына сәйкес, мемлекеттiк меншiктi және оның жекешелендiрiлу барысын жүйелi түрде есепке алу мен олардың мониторингiн, ақпаратты жинау мен өңдеу тәртiбiн жүйелеудi және әртүрлi мемлекеттiк органдар қалыптастыратын деректер базаларын бiрегейлендiрудi енгiзудi көздейтiн "1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң iс-қимыл бағдарламасын" орындау мақсатында, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру және оның пайдаланылуына бақылау жасау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.03.21. N 246 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi (бұдан әрi - Департамент) Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекет қатысатын шаруашылық серiктестiктерiнiң тiзiлiмiн қалыптастыруға тартылған басқа мемлекеттiк органдармен бiрлесе отырып, 1997 жылдың 1 қазанына дейiн мерзiмде қолда бар деректер базасына түгендеу жүргiзсiн және жоғарыда аталған Тiзiлiмдi Ережеге сәйкес қалыптастырсын.
Тармақ 3
3. Министрлiктер, ведомстволар және Қазақстан Республикасының өзге де уәкiлеттi мемлекеттiк органдары ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк кәсiпорындар мен өзге де ұйымдардың жартыжылдықтардың нәтижесi бойынша қаржы шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы әрбiр кәсiпорынға (ұйымға) шаққандағы есебiн Департаментке және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң Қаржы бақылау комитетiне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бекiткен нысан бойынша тұрақты түрде ұсынуын қамтамасыз етсiн. Департамент акционерлер жиналысының қарауына акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi шаруашылық серiктестiктерiнiң қаржы шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы ақпаратты ұсыну туралы мәселенi белгiленген тәртiппен енгiзсiн. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1997 жылдың 15 тамызына дейiн мерзiмде жоғарыда аталған есептердi ұсыну нысандарын бекiтiп, олар туралы министрлiктердi, ведомстволарды және өзге де уәкiлеттi мемлекеттiк органдарды хабардар етсiн.
Тармақ 4
4. Департамент және басқа да уәкiлеттi мемлекеттiк органдар Департаменттiң келiсiмi бойынша ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк кәсiпорындардың (ұйымдардың) бiрiншi басшыларымен кәсiпорындардың (ұйымдардың) қызметiнiң қаржылық көрсеткiштерiне және олардың республикалық бюджеттiң кiрiсiне жасаған аударымдарына (салық және өзге де мiндеттi төлемдердi қоспағанда) қарай оларға еңбекақы төлеудiң шарттарын белгiлей отырып, келiсiм-шарттар жасауды (бұрын жасалғандарын қайта қарауды) қамтамасыз етсiн. Департамент акционерлер жиналысының қарауына осы тармақтан туындайтын өзгерiстердi акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi шаруашылық серiктестiктерiнiң бiрiншi басшыларымен жасалған өз күшiндегi келiсiм-шарттарға өзгерiс енгiзу туралы мәселенi белгiленген тәртiппен енгiзсiн және осындай әдiстi жаңадан сайланған басшылармен келiсiм-шарт жасасуда пайдалануды ұсынсын.
Тармақ 5
5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.30. N 1504 қаулысымен.
Тармақ 6
6. Департамент Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржы бақылау комитетi қызметкерлерiнiң шаруашылық серiктестiктерiнiң тексеру комиссияларының құрамына 3-қосымшаға сәйкес тұрақты негiзде қатысуын заңдарда белгiленген тәртiппен қамтамасыз етсiн. Жоғарыда аталған шаруашылық серiктестiктерiнде жүргiзiлген әрбiр тексерудiң нәтижелерi туралы ақпарат Департаментке ұсынылуға тиiс деп көзделсiн.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржы бақылау комитетi қызметкерлерiнiң мемлекет қатысатын шаруашылық серiктестiктерiнiң тексеру комиссиясының құрамында қатысу тәртiбi туралы ереженi әзiрлеп, бекiтсiн; Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекет қатысатын шаруашылық серiктестiктерiнiң тiзiлiмiн ұйымдастыру және оны жүргiзу жөнiндегi 1997 жылға арналған жұмыстарды қаржыландыруға қажеттi қаражатты қарастырсын; 1998 жылдан бастап тiзiлiм қызметтерiн қаржыландыруға қажеттi қаржыны бөлудi көздесiн.
Тармақ 8
8. Департамент Мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен келiсе отырып, саудаластыққа бiрнеше рет қойылғаннан кейiн сатылмаған шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң тiзбесiн айқындап, "Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру мен тарату жөнiндегi агенттiк" акционерлiк қоғамының қатысуымен оларды қайта ұйымдастыру мен таратуды жүзеге асырсын.
Тармақ 9
9. Департамент тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Үкiметiне осы қаулының орындалу барысы туралы есеп ұсынатын болсын.
Басқа 10. Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк қатысу үлесi бар шаруашылық серiктестiктерiнiң тiзiлiмi туралы ЕРЕЖЕ
1-қо­сым­ша Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкi­метiнiң 1997 жы­л­ғы 1 та­мы­зда­ғы N 1207 қа­улы­сы­мен бекiтiл­ген Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк қатысу үлесi бар шаруашылық серiктестiктерiнiң тiзiлiмi туралы ЕРЕЖЕ 📌 Ескерту. Күшi жойылды – ҚР Үкіметінiң 1998.03.21. N 246 қаулысымен.
Басқа 11
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкi­метiнiң 1997 жы­л­ғы 1 та­мы­зда­ғы N 1207 қа­улы­сы­на 2 қо­сым­ша 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.30. N 1504 қаулысымен.
Басқа 12. Тексеру комиссиясының құрамына мемлекеттiк өкiлдер енгiзiлетiн акционерлiк қоғамдардың тiзбесi
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкi­метiнiң 1997 жы­л­ғы 1 та­мы­зда­ғы N 1207 қа­улы­сы­на 3 қо­сым­ша Тексеру комиссиясының құрамына мемлекеттiк өкiлдер енгiзiлетiн акционерлiк қоғамдардың тiзбесi 📌 Ескерту. Тізбе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.06.28 N 702 қаулысымен.
Тармақ 1
1. "ҚазМұнайГаз" ҰК" ЖАҚ
Тармақ 2
2. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.06.28 N 702 қаулысымен.
Тармақ 3
3. "KEGOS" АҚ
Тармақ 4
4. "Эйр Қазақстан" ЖҮАҚ
Тармақ 5
5. "Шұбаркөл кенiшi" АҚ
Тармақ 6
6. "Борлы" АҚ
Тармақ 7
7. "Батыскөлiкгаз" АҚ
Тармақ 8
8. "Алаугаз" АҚ
Тармақ 9
9. "Павлодармұнайөңдеу заводы" АҚ
Тармақ 10
10. "Атакент" АҚ
Тармақ 11
11. "Заңғар" Сауда үйi" АҚ
Тармақ 12
12. "Балалар әлемi" "Әмбебап дүкенi" АҚ
Тармақ 13
13. "405 ГА авиажөндеу заводы" АҚ
Тармақ 14
14. "406 ГА авиажөндеу заводы" АҚ
Тармақ 15
15. "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ
Тармақ 16
16. "Үлбi металлургия заводы" АҚ
Тармақ 17
17. "Жезқазғантүстiмет" АҚ
Тармақ 18
18. "Оңтүстiк Топар кен басқармасы" АҚ
Тармақ 19
19. "Шалқия кен басқармасы" АҚ
Тармақ 20
20. "Соколов-Сарыбай КБӨП" АҚ
Тармақ 21
21. "Қостанайхимжiбек" АҚ
Тармақ 22
22. "Екiбастұзшахтықұрылыс" АҚ
Тармақ 23
23. "Жезкент КБК" АҚ
Тармақ 24
24. "Химфарм" АҚ
Тармақ 25
25. "Қазақстан алюминий" АҚ
Тармақ 26
26. "Қазхром" КҰҚ
Тармақ 27
27. "Целинный кен-химия комбинаты" АҚ
Тармақ 28
28. "Шығыс Қазақстан мыс-химия комбинаты" АҚ
Тармақ 29
29. "Ертiс химия-металлургия заводы" АҚ
Тармақ 30
30. "Ақбақай КБК" АҚ
Тармақ 31
31. "Суперфосфат заводы" АҚ
Тармақ 32
32. "Нодфос" АҚ
Тармақ 33
33. "Қаратау" АҚ
Тармақ 34
34. "Сарытас" АҚ
Тармақ 35
35. "Промтранс" АҚ
Тармақ 36
36. "Қазжөндеуэнерго" АҚ
Тармақ 37
37. "Ақтөбе ЖЭО" АҚ
Тармақ 38
38. "Талдықорған ЖЭО" АҚ
Тармақ 39
39. "Теплоцентраль (Қызылорда ЖЭО-6)" АҚ
Тармақ 40
40. "Шымкент ЖЭО" АҚ
Тармақ 41
41. "Ақтөбе ТЭК" АҚ
Тармақ 42
42. "Қызылорда ТЭК" АҚ
Тармақ 43
43. "Солтүстiк Қазақстан ТЭК" АҚ
Тармақ 44
44. "Батыс Қазақстан ТЭК" АҚ
Тармақ 45
45. "Жамбыл ТЭК" АҚ
Тармақ 46
46. "Маңғыстау ТЭК" АҚ
Тармақ 47
47. "Павлодар ТЭК" АҚ
Тармақ 48
48. "Талдықорған ТЭК" АҚ
Тармақ 49
49. "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" АҚ
Тармақ 50
50. "Қазақстан Халықтық Банкi" АБ
Тармақ 51
51. "Тұран Әлем" АБ