Об определении видов общественных работ для лиц, осужденных к отбыванию наказания в виде привлечения к общественным работам Күшін жойған
Басқа 0
Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталған адамдарға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 43 бабының 1 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес, Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталаған адамдарға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері ретінде қала аумағын көріктендіру мен тазалау белгіленсін.
Тармақ 2
2. Түркістан қаласы бойынша қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталған адамдардың жазаны өтеу орындары болып Түркістан қаласы әкімдігінің инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің «Жасыл Түркістан» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Түркістан жарық-тазалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі таңдалсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б. Оразбековке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.