Об утверждении Правил поступлений от передачи в конкурентную среду активов национальных управляющих холдингов, национальных холдингов, национальных компаний и их дочерних, зависимых и иных юридических лиц, являющихся аффилированными с ними, в Национальный фонд Республики Казахстан Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 22-бабының 2-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің қағидалары
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі 2023 жылғы 29 мамырдағы № 90 бұйрығымен бекітілген Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 22-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 және «Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулыларында айқындалған тізбелер (бұдан әрі – тізбелер) бойынша ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін (бұдан әрі – компаниялардың активтері) бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына (бұдан әрі – Ұлттық қор) түсетін түсімдердің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) мемлекет тікелей қатысатын компаниялар – Қазақстан Республикасының Үкіметі не Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік орган, жергілікті атқарушы орган мемлекеттің атынан жалғыз акционері болып табылатын компаниялар;
Тармақша 2
2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган – стратегиялық және экономикалық жоспарлау, бюджет саясатын әзірлеу және қалыптастыру саласындағы, сондай-ақ өңірлік даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Тарау 2. 2-тарау. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін қаражат түсімдерінің тәртібі
2-тарау. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін қаражат түсімдерінің тәртібі
Тармақ 3
3. Мемлекет тікелей қатысатын компаниялардың активтерін бәсекелес ортаға беруден түсетін қаражатты Ұлттық қорға жіберу мемлекет тікелей қатысатын компанияның жалғыз акционерінің шешімі негізінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор) тобының активтерін бәсекелес ортаға беруден және (немесе) жария орналастыру шеңберінде компаниялар акцияларының қосымша эмиссиясы нәтижесінде түскен қаражатты қоспағанда, мемлекет тікелей қатысатын компаниялардың таза кірісін бөлу түрінде және 100 % (жүз пайыз) мөлшерде жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Қор тобының активтерін бәсекелес ортаға беруден түскен қаражат мыналарды:
Тармақша 1
1) Қор тобы борыштық міндеттемелерді өтеуге (Ұлттық қор алдындағы міндеттемелерді өтеуді есепке алмағанда) және (немесе) «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген міндеттерді іске асыруға жіберетін, Қорға келіп түскен қаражаттың 50 %-нан (елу пайызынан) аспайтын қаражатты;
Тармақша 2
2) Қор республикалық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуге жіберетін қаражатты;
Тармақша 3
3) Қор жергілікті атқарушы органдар іске асыратын жобаларды қаржыландыруға жіберетін қаражатты қоспағанда, 100 % (бір жүз пайыз) мөлшерде таза кірісті бөлу түрінде Ұлттық қорға аударылады. Осы тармаққа сәйкес жіберілетін Қор қаражатының мөлшері мен нысаналы пайдаланылуы Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес айқындалады. «Қазақстан инжиниринг» (Kazakhstan Еngineering) ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының активтерін бәсекелес ортаға беруден түсетін қаражат есебінен Ұлттық қорға аударылатын қаражат мөлшері Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес ішкі борышты өтеу үшін қажетті сомаға түзетіледі. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қор тобының активтерін бәсекелес ортаға беруден түскен қаражатты Ұлттық қорға жіберу түсімдер сомасының 100% (бір жүз пайызын) құрайды. Қор тобы Ұлттық қорға аударатын қаражаттың мөлшері:
Тармақша 1
1) Қор тобы борыштық міндеттемелерді өтеуге (Ұлттық Қор алдындағы міндеттемелерді өтеуді есепке алмағанда) және (немесе) Заңның 4-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген міндеттерді іске асыруға жіберетін қаражат;
Тармақша 2
2) Қор республикалық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуге жіберетін қаражат;
Тармақша 3
3) Қор жергілікті атқарушы органдар іске асыратын жобаларды қаржыландыруға жіберетін қаражат сомасының 50% (елу пайызына) дейін азайтылуы мүмкін. Осы тармаққа сәйкес жіберілетін Қор қаражатының мөлшері мен нысаналы пайдаланылуы Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес айқындалады. «Қазақстан инжиниринг» (Kazakhstan Engineering) ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының активтерін бәсекелес ортаға беруден түсетін қаражат есебінен Ұлттық қорға аударылатын қаражаттың мөлшері Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес ішкі борышты өтеу үшін қажетті сомаға түзетіледі.
Тармақ 5
5. Ұлттық қорға Қор тобы жіберетін қаражат акционерлердің жалпы жиналысы қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдаған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде аударылады. Активтерді бәсекелес ортаға беруден түскен, ұлттық басқарушы холдингтер (Қорды қоспағанда), ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалар Ұлттық қорға жіберетін қаражат сатушының шотына түскен күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде аударылады.
Тармақ 6
6. Мемлекет тікелей қатысатын компаниялар тиісті қаржы жылы аяқталғаннан кейінгі бесінші айдан кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға:
Тармақша 1
1) әрбір ұйым бөлінісінде, оның ішінде мемлекет тікелей қатысатын компаниялардың өздерінің активтерін сатудан түскен іс жүзіндегі түсімдерінің мөлшері туралы есепті кезеңдегі ақпаратты;
Тармақша 2
2) егер актив қаражатты бөліп төлеу шартымен сатылған болса, тізбелерде көрсетілген компаниялардың активтерін бәсекелес ортаға беруден түсетін қаражат түсімдерінің кестелерін ұсынады.
Тармақ 7
7. Мемлекет тікелей қатысатын компаниялар мемлекет тікелей қатысатын компаниялардың таза кірісі есебінен түсетін түсімдер ретінде Ұлттық қорға аударатын қаражат Бірыңғай бюджеттік сыныптаманың тиісті коды бойынша жалғыз акционердің шешімі негізінде қолма қол ақшасыз нысанда аударылады.
Тармақ 8