Об образовании Комиссии по охране историко-культурного наследии при акимате Астраханского района Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Астрахан ауданы әкімдігі жанында тариғи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі комиссия құру туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» және «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы» Заңдарына және Ақмола облысы әділет басқармасында 2003 жылғы 29 қазанда 2080 нөмірмен тіркелген, Акмола облысы әкімдігінің 2003 жылғы 7 қазандағы №а-10/270 қаулысына сәйкес, Астрахан ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. №1 қосымша бойынша, Астрахан ауданы әкімдігі жанындағы тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Комиссия құрылсын.
Тармақ 2
2. Астрахан ауданы әкімдігі жанында құрылған тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Комиссияның дербес құрамы аудандық мәслихаттың сессиясында бекітуге енгізілсін.
Тармақ 3
3. №2 қосымша бойынша, Астрахан ауданы әкімдігі жанында құрылған тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Комиссия туралы қосымша беріліп отырған Ереже бекітілсін.
Тармақ 4
4. Астрахан ауданы әкімдігі жанында құрылған тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Комиссияның қызметін қамтамасыз ететін жұмыс орғаны болып аудандық мәдениет, туризм және спорт бөлімі белгіленсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы Ақмола облысы әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 6
Астрахан ауданы әкімдігінің 2003 ж. «23» желтоқсан №320 қаулысына №1 қосымша Астрахан ауданы әкімдігі жанындағы тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Комиссия 1.Собеский Виктор Борисович аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы 2. Майышева Күлшара Қанапиякызы мәдениет, туризм және спорт бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары 3. Шаламова Светлана Николаевна балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Үйінің директоры, комиссия хатшысы 4. Құсайынова Қарлығаш Әйтімқызы аудан әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің бастығы 5. Герасимова Наталья Анатольевна сәулет, құрылыс және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы 6. Сәркенов Аманжол Қайыржанұлы «Астрахан мәдениет үйі» МКҚК директоры 7. Аббасова Зоя Михайловна Астрахан аудандық кітапханалар жүйесінің директоры 8. Садауов Сейітжан Әбенұлы Қазақстан жypнaлиcтep Одағының мүшесі (келісім бойынша) 9. Тәменова Сартай Зикенқызы № 4 Жалтыр орта мектебінің директоры
Басқа 7
Астрахан ауданы әкімдігінің 2003 ж. «23» желтоқсан №320 қаулысына №2 қосымша Астрахан ауданы әкімдігі жанындағы тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Комиссия туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Астрахан ауданы әкімдігі жанындағы тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Комиссия (бұдан былай - Комиссия) Астрахан ауданының тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғау және күтімің жасау үшін қызмет жасайтын аудандық әкімдік жанындағы кеңес беру-ақылдасу органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы», «Мәдениет туралы», Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының сәулет; қала құрылысы және құрылыстық қызмет туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасының басқа Заңдарына, Ақмола облысы және Астрахан ауданы өкілетті және атқарушы органдарының нормативтік-құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Комиссияның міндеттері мен өкілеттігі
2. Комиссияның міндеттері мен өкілеттігі
Тармақ 3
3. Комиссия аудандық жергілікті өкілетті және атқару органдардың қарауына ұсыныстар енгізеді:
Тармақша 1
1) тарихи-мәдени мұра нысандарын айқындау, есепке алу, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану;
Тармақша 2
2) тарихи-мәдени құндылықтарға республикалық және жергілікті маңызды мәртебе беру;
Тармақша 3
3) табиғат апаты салдарынан объекті қираған немесе тарихи, ғылыми, көркемдік құндылығынан айрылған жағдайда тарихи және мәдениет ескерткіштерін алын тастау, көшіру немесе қалпына келтіру;
Тармақша 4
4) барлық санаттағы ескерткіштердің сақталуына қауіп төндіретін қызметке тиым салу;
Тармақша 5
5) республикалық және жергілікті маңызды тарихи және мәдени ескерткіштер тізімінен объектілерді шығару;
Тармақша 6
6) республикалық және жергілікті маңызы бар ескерткіштерді есепке ал сақтау және қалпына келтіру бойынша жұмыстарды ауданның экономикалық және әлеуметтік даму жоспарына енгізу жөніндегі шараларды әзірлеу;
Тармақша 7
7) тарихи және мәдени ескерткіштер болып табылатын мемлекеттік меншіктегі ғимараттарды, құрылыстарды пайдалануға беру;
Тармақша 8
8) тиісті әкімшілік-аймақтық бірлік аймағында тиянақты жобалау, құрылыс жүргізу және өңдеу жобаларын әзірлеген және бекіткен кезде барлық санаттағы тарихи және мәдениет ескерткіштерін зерттеу, сақтау, орындау бойынша шараларды іске асыруды қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 9
9) тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау, сақтау және пайдалану саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу;
Тармақша 10
10) тарихи және мәдени ескерткіштер бойынша зерттеудің, жобалаудың және қалыпқа келтіру-сақтауға қою жұмыстарының кез келген түрлерін жасау;
Тармақша 11
11) сәулет, қала құрылысы және құрылыстық қызметке тыйым салынатын немесе шектелетін аяда ерекше реттеу шекарасын белгілеу бойынша ұсыныстар енгізу жатады.
Тармақ 4
4. Комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген тәртіпте және оның құзіретіне кіретін сұрақтар бойынша:
Тармақша 1
1) ауданда тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтауға байланысты сұрақтар бойынша тиісті органдарға ұсыныс енгізуге;
Тармақша 2
2) тарихи, археологиялық, сәулеттік құрылыс және ескерткіштерді қайта қалпына келтіру және пайдалану үрдісінде ұйымдармен консультативтік жұмыс жүргізуге;
Тармақша 3
3) комиссия құзіретіне жататын сұрақтар бойынша заңды және жеке тұлғаларға қажетті ақпарат беруге;
Тармақша 4
4) Комиссия отырыстарында тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану сұрақтары бойынша жергілікті органдар мен ұйымдардың жауапты өкілдерін, қаланың сараптау және жұмыс топтарының жетекшілерін тыңдауға құқылы.
Тарау 3. 3. Комиссия қызметін ұйымдастыру
3. Комиссия қызметін ұйымдастыру
Тармақ 5
5. Комиссия отырысы қажет болған жағдайда өткізіледі және егер оған оның мүшелерінің жалпы санының 2/3 бөлігі қатысса, құқылы болып есептеледі.
Тармақ 6
6. Комиссия шешімдері ашық дауыспен қабылданады және ол үшін көпшілік дауыс берілсе ғана қабылданған болып есептеледі.
Тармақ 7
7. Дауыстар тең түскен кезде комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі. Комиссия мүшелері ерекше пікір айтуға құқылы, ол айтылған жағдайда жазбаша көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Комиссия отырысының өткізілу қорытындысы бойынша мүшелері қол қойған хаттама жасалады. Оған отырыста қаралған барлық құжаттар немесе материалдар қосымша беріледі.
Тармақ 9
9. Комиссия кызметін қамтамасыз ету бойынша жұмыс органы ауданның мәдениет, туризм және спорт бөлімі болып табылады.
Тармақ 10
10. Комиссия шешімдері ұсыныс ретінде қабылданады.