Об утверждении Правил проведения социальной профессиональной ориентации Қолданыста
Басқа 0
Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 105-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрлігі
Басқа 0. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу қағидалары
Министр труда и
социальной защиты
населения Республики
Казахстан от 30 мая 2023 года
№ 190 бұйрықпен
бекітілген
Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Әлеуметтік кәсіптік бағдарлауды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 105-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыздар, қандастар, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептердің студенттері, жоғары сынып оқушылары үшін әлеуметтік кәсіптік бағдарлауды жүргізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) әлеуметтік еңбек саласындағы бірыңғай ақпараттық жүйе – уәкілетті мемлекеттік органның, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, еңбек мобильділігі орталықтарының, мансап орталықтарының, Еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған ақпараттандыру объектісі;
Тармақша 2
2) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау – кәсіп таңдауда, қызмет түрін ауыстыруда және кәсіптік білімді, дағдыларды, жеке басының мүдделерін және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып біліктілігін арттыруға практикалық көмек көрсетуге бағытталған өзара байланысты іс-шаралар кешені;
Тармақша 3
3) бос орын – жұмыс берушідегі бос жұмыс орны (лауазым);
Тармақша 4
4) еңбек нарығы – жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын сала;
Тармақша 5
5) жұмыссыз – жұмыс іздеуші және жұмысқа кірісуге дайын жеке тұлға;
Тармақша 6
6) жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген, еңбек делдалдығын көрсететін жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 7
7) жұмыс іздеуші адам – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін мансап орталығына жүгінген жеке тұлға;
Тармақша 8
8) кәсіптік ақпараттандыру – еңбек нарығының жай-күйі, Жалпыұлттық дерекқордың мәліметтері, бар мамандық бойынша жұмысқа орналасу, қатысушының кәсіптік біліктілігіне сәйкес қайта оқытудан, біліктілік арттырудан өту немесе кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу мүмкіндігі туралы ақпарат беру;
Тармақша 9
9) кәсіптік бейімдеу – қатысушының өндіріске, еңбек жағдайларына және нақты мамандықтың ерекшеліктеріне бейімделу процесі;
Тармақша 10
10) кәсіби консультация – жұмыс орнын және белгілі бір мамандық таңдауда қатысушының психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін, қабілетін, кәсіби қызығушылығын ескере отырып, оған көмек көрсету;
Тармақша 11
11) кәсіби іріктеу – қатысушының нақты кәсіпке, мамандыққа, жұмыс орнына кәсіби бейімділігінің дәрежесін айқындау;
Тармақша 12
12) қандас – бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тиісті мәртебе алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелері;
Тармақша 13
13) мансап орталығы – еңбек мобильділігі орталығының аудандарда, астанада, облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда оның функцияларын орындауды жүзеге асыратын филиалы;
Тармақша 14
14) студент – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымында оқитын адам;
Тармақша 15
15) Электрондық еңбек биржасы – Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыс іздеуді және персоналды іріктеуді, жұмыспен қамту саласында электрондық және проактивті форматта қызметтер көрсетуге жәрдемдесуді қамтамасыз ететін, іздеушілер мен жұмыс берушілерге арналған жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық тұғырнамасын білдіретін ақпараттандыру объектісі.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудың негізгі мақсаты қатысушының жеке қызығушылықтарына, қабілеттеріне, бейімділігіне және нарық қажеттіліктеріне сәйкес кәсіп таңдау процесін оңтайландыру болып табылады.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлауды «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» және «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес өңірлік кәсіпкерлер палатасын (ӨКП) және жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерін және (немесе) өзге ұйымдарды тарта отырып, мансап орталықтары, білім беру ұйымдары жүргізеді.
Тарау 2. 2-тарау. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлауды жүргізу тәртібі
2-тарау. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлауды жүргізу тәртібі
Тармақ 1. 1-параграф. Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды және қандастарды әлеуметтік кәсіптік бағдарлау
1-параграф. Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды және қандастарды әлеуметтік кәсіптік бағдарлау
Тармақ 5
5. Мансап орталығы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін жүгінген жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды және қандастарды кәсіптік бағдарлауды жүргізеді.
Тармақ 6
6. Мансап орталығы:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» және «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін жүгінген жұмыс іздеп жүрген адамдарға, жұмыссыздарға және қандастарға әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу үшін жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері арасында іріктеу жүргізеді;
Тармақша 2
2) іріктеу қорытындылары бойынша жұмыспен қамтудың жекеше агенттігімен жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін жүгінген жұмыс іздеп жүрген адамдарға, жұмыссыздарға және қандастарға өтеулі негізде әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу туралы шарт жасасады;
Тармақша 3
3) жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі ұсынымының негізінде қатысушыны кәсіби іріктеуді жүргізеді, ол қатысушының жеке-психологиялық ерекшеліктерін диагностикалауды, нақты мамандық талаптарына оның жеке қасиеттерінің сәйкес келуін және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу мүмкіндігін бағалауды қамтиды.
Тармақ 7
7. Мансап орталығы және/немесе жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі:
Тармақша 1
1) өңірдегі еңбек нарығының жай-күйі туралы кәсіптік ақпараттандыруды жүргізеді, семинарлар, тренингтер және түрлі кәсіп өкілдерінің қатысуымен кездесулер ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) жүгінген адамдардың жеке тілектерін, психологиялық ерекшеліктерін және еңбек нарығындағы нақты ахуалды ескере отырып, кәсіби консультация береді;
Тармақша 3
3) Электрондық еңбек биржасы бойынша бос орындардың болуын және қатысушы таңдаған кәсіп бойынша оның кейіннен жұмысқа орналасуы үшін кадрларға қажеттілікті айқындайды;
Тармақша 4
4) дағдыларды айқындау үшін тестілеуді ұйымдастырады;
Тармақша 5
5) тестілеу және кәсіптік консультация нәтижелері бойынша кәсіптік іріктеуден өту қажеттілігі туралы ұсынымдар дайындайды;
Тармақша 6
6) кәсіптік оқытудан өту үшін адамдардың тізімін жасайды;
Тармақша 7
7) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен, ӨКП және кәсіпорындармен, ұйымдармен, мекемелермен бірлесіп, қатысушы таңдаған кәсіпке дайындалу процесімен және таңдалған мамандық бойынша жұмыс орындарын таныстыру бойынша жұмыс жүргізеді, кәсіптік бейімдеуді ұйымдастырады.
Тармақ 8
8. Жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін жүгінген жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды және қандастарды әлеуметтік кәсіптік бағдарлау мансап орталықтарының алаңында жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Мансап орталықтары жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерімен, ӨКП және жұмыс берушілермен бірлесіп, болашақ мамандығын таңдап қойған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін ұйымдастырады.
Тармақ 2. 2-параграф. Студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары арасында әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу тәртібі
2-параграф. Студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары арасында әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу тәртібі
Тармақ 10
10. Мансап орталығы студенттерге және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына еңбек нарығының жай-күйі, білікті кадрларға экономиканың болжамды қажеттіліктері туралы консультациялар береді.
Тармақ 11
11. Білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу үшін студенттер, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары қатарынан контингентті айқындайды және мансап орталығына ұсынады.
Тармақ 12
12. Білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган:
Тармақша 1
1) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу жоспарын құрады, оны мансап орталығымен және өңірлік кәсіпкерлер палатасымен келіседі;
Тармақша 2
2) жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларын кәсіптермен таныстыру және әлеуметтік кәсіптік бағдарлау рәсімдерін жүргізу үшін жоғары және арнайы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын айқындайды;
Тармақша 3
3) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізуге жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына алдын ала даярлық жұмыстарын жүргізеді.
Тармақ 13
13. Мансап орталығы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» және «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары арасында әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізуге жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері арасында іріктеу өткізеді;.
Тармақ 14
14. Іріктеу нәтижелері бойынша мансап орталығы мен жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі арасында студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары арасында өтеулі негізде әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізуге шарт жасалады.
Тармақ 15
15. ӨКП экономиканың әртүрлі салаларындағы қызметтермен студенттерді және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларын таныстыру бойынша кәсіптік бағдарлау жүргізу үшін ұйымдар мен кәсіпорындардың тізбесін ұсынады.
Тармақ 16
16. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлауға іріктеуден өткен жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі:
Тармақша 1
1) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау өткізу жоспарына сәйкес білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органмен, мансап орталығымен бірлесіп, ата-аналардың, жұмыс берушілердің және кәсіптік білім беру ұйымдары өкілдерінің қатысуымен оқу орындарында кәсіптік бағдарлау бойынша жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары үшін негізгі ұйымдар мен кәсіпорындарда кәсіптер презентацияларын, экскурсиялар, ашық есік күндерін өткізу кестесін жасайды;
Тармақша 3
3) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу жоспарына сәйкес дағдыларды айқындауға қатысушыларға тестілеу жүргізіп, тестілеу нәтижелері бойынша студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына одан әрі кәсіби дамуы үшін консультация береді;
Тармақша 4
4) мансап орталықтарымен бірлесіп студенттер арасында жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Тармақ 17
17. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудың және жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі консультациясының қорытындылары бойынша кейіннен жұмысқа орналастыру мақсатында оқыту үшін қысқа мерзімді курстарға жіберу мақсатында болашақ кәсібін әлі таңдамаған оқушылардың тізімі қалыптастырылады.
Тармақ 18
18. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау кездесулер, дөңгелек үстелдер, семинар-тренингтер және кәсіптік экскурсиялар нысандарында жүргізіледі.