Газды қауіпсіз пайдалану жөніндегі айлық өткізу туралы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.11.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Газды қауіпсіз пайдалану жөніндегі айлық өткізу туралы Сұйытылған газды тұрмыс пен өндірісте қауіпсіз пайдалану Ережелерін кеңінен насихаттау, газдандырылған объектілердің техникалық пайдалануын жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Үстіміздегі жылдың 15 қарашасынан 15 желтоқсан аралығында облыста «Газ және біздерге арналған ережелер» атты қауіпсіздік айлығы өткізілсін.
Тармақ 2
2. Аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдері, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы (Қ.Қайруллаев келісім бойынша) айлық өткізу кезеңінде облыс тұрғындары арасында газды қауіпсіз пайдалану әдістерін белсенді насихаттасын, газдандырылған объектілердің қауіпсіз және апатсыз пайдаланылуына бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Облыс аумағында газды тарататын және біліктілік талаптарға сәйкес мемлекеттік лицензиялары бар шаруашылық субъектілерінің басшыларына бағынысындағы жұмыскерлердің техникалық нормалар, техника қауіпсіздігі Ережесі мен технологиялық нұсқаудың талаптарын сақтау жөніндегі жұмысты күшейту, газдандырылған объектілерге профилактикалық қызмет жасаудың сапасына бақылау, газды қауіпсіз пайдалану тәртібі жөнінде нұсқаулық беру мен тұрғындардың кеңінен қамтылуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Меншік түріне қарамастан ұйымдар мен мекемелердің басшыларына айлық өткізу кезеңінде газдандырылған объектілерді қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Облыстық «Сыр бойы» (Ж.Рахматуллаев ), «Кызылординские вести» (И.В.Корнилов) газеттерінің редакцияларына облыстық телерадиокомпания (О.Әлжік келісім бойынша) газды пайдалану қауіпсіз айлығы туралы кеңінен насихаттауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Облыстық білім басқармасы (М.Өтемұратов) мектептер және оқу орындарының оқушылары арасында облыс аумағында газды таратумен айналысатын шаруашылық субъектілері өкілдерінің қатысуымен газ пайдалану Ережелерін кеңінен насихаттауды ұйымдастырсын.
Тармақ 7
7. Аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдері, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы (Қ.Қайруллаев келісім бойынша), газды таратумен айналысатын шаруашылық субъектілері басшылары осы қаулыны орындау бойынша атқарған жұмыстары туралы ақпаратты облыс әкімінің аппаратына 2003 жылғы 25 желтоқсанға дейін берсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.Ретаевқа жүктелсін.