Облыстың ауылшаруашылық жануарларын бірдейлендіріп (идентификация) паспорттау туралы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.11.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстың ауылшаруашылық жануарларын бірдейлендіріп (идентификация) паспорттау туралы “Ветеринария туралы” Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10, 25, 32 баптарына сәйкес облыстағы төрт түлік малды бірдейлендіріп (идентификация), паспорттау мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандар мен Қызылорда қаласында ауылшаруашылық жануарларының барлық түрлері бойынша бірдейлендіру және паспорттау жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Облыстағы ауылшаруашылык жануарларын бірдейлендіру және паспорттау жөніндегі облыстық жұмысшы тобының құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б.Мұхамедовке жүктелсін.
Басқа 4
Облыс әкімиятының 2003 жылғы 26 қарашадаға N 662 қаулысына қосымша Облыстағы ауылшаруашылық жануарларын бірдейлендіріп, паспорттауды ұйымдастыратын облыстық жұмысшы тобының құрамы:
Тармақ 1
1. Мұхамедов Бағдат Бахтиярұлы - облыс әкімінің орынбасары, топ жетекшісі;
Тармақ 2
2. Балкеев Пернебай Ақтайұлы - ҚР АШМ-гі облыстық аумақтық басқармасының бастығы (келісім бойынша)
Тармақ 3
3. Жолдасбаев Нұрлыбек Қалжатайұлы - облыстық ауылшаруашылығы басқармасының бастығы
Тармақ 4
4. Сапар Бақыт Инаятұлы - облыстық статистика және талдау басқармасының бастығы (келісім бойынша)
Тармақ 5
5. Тұңғышбаев Серікбол Қуатбайұлы - облыстық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары
Тармақ 6
6. Баймаханов Қожахмет Мәдібайұлы - Қызылорда қаласының әкімі
Тармақ 7
7. Мұсабаев Нажмадин Түрікпенұлы - Жаңақорған ауданының әкімі
Тармақ 8
8. Мұстафаев Ерлан Төлегенұлы - Шиелі ауданының әкімі
Тармақ 9
9. Хожбанов Әріп Битілеуұлы - Сырдария ауданының әкімі
Тармақ 10
10. Ибраев Жұпарбай Өткелбайұлы - Жалағаш ауданының әкімі
Тармақ 11
11. Төребаев Шахизат Хамитұлы - Қармақшы ауданының әкімі
Тармақ 12
12. Пұсырманов Болатбек Жүсіпбекұлы - Қазалы ауданының әкімі
Тармақ 13
13. Қодаманов Бақытжан Шегенұлы - Арал ауданының әкімі