Қолданыстағы ред. 29.11.2003

Облыс аумағында карантиндік аймақтар белгілеу туралы от 29.11.2003 г. № 665 (Облыс аумағында карантиндік аймақтар белгілеу туралы)

0

Облыс аумағында карантиндік аймақтар белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының “Өсімдіктер карантині туралы” 1999 жылғы 11 ақпандағы №344-1 Заңының 14 бабы негізінде және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қызылорда облыстық аумақтық басқармасының ұсынысын қарап, облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Карантиндік арамшөптердің таралуына байланысты Қызылорда облысының аумағы кекіре және сары шырмауық бойынша карантиндік аймақ деп белгіленсін.

2

2. Жаңақорған және Шиелі аудандарының аумақтары колорад қоңызы бойынша карантиндік аймақ деп белгіленсін.

3

3. Дәнді дақылдар және жоңышқаны облыс аумағынан, ал картопты Жаңақорған және Шиелі аудандары аумағынан тасымалдауға карантиндік объектілерден толық тазартылған, немесе фумигация жасалған жағдайда және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қызылорда облысы аумақтық басқармасы берген фитосанитарлық немесе карантиндік сертификат болғанда рұқсат етілсін.

4

4. Аталған карантиндік объектілермен күрес шараларын қатайту Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық басқармасына ұсынылсын.

5

5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б.Мұхамедовке жүктелсін.