«Арал-Сарыбұлақ су құбырын пайдалану басқармасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының мүліктік кешенін республикалық меншікке беру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қазандағы № 148-II Заңына, «Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы №81 қаулысына сәйкес және облыстың Арал және Қазалы аудандары халқын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Арал-Сарыбұлақ су құбырын пайдалану басқармасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының мүліктік кешенін республикалық меншікке беру туралы от 19.12.2003 г. № 710 («Арал-Сарыбұлақ су құбырын пайдалану басқармасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының мүліктік кешенін республикалық меншікке беру туралы)
0
1
1. «Арал-Сарыбұлақ су құбырын пайдалану басқармасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының мүліктік кешені коммуналдық меншіктен республикалық меншікке берілсін.
2
2. Облыстық сәулет, құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы (К. Нұрекешов) Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысы қабылданғаннан кейін белгіленген тәртіпте алыс-беріс актісі бойынша мүліктік кешенді коммуналдық меншіктен республикалық меншікке беруді жүзеге асырсын.
3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С. Ретаевқа жүктелсін.