Об утверждении типовой формы договора о доверительном управлении пенсионными активами, типовой формы кастодиального договора, заключенного между единым накопительным пенсионным фондом, управляющим инвестиционным портфелем и банком-кастодианом Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттың үлгілік нысанын, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, инвестициялық портфельді басқарушы және кастодиан-банк арасында жасалған кастодиандық шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 37-бабының 3 және 11-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мына:
Тармақша 1
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттың үлгілік нысаны;
Тармақша 2
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, инвестициялық портфельді басқарушы және кастодиан-банк арасында жасалған кастодиандық шарттың үлгілік нысаны бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актісінің жекелеген құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 1. Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттың үлгілік нысаны
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2023 жылғы 26 мамырдағы № 30 Қаулыға 1-қосымша Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттың үлгілік нысаны 20 __ жылғы «___» _________ _______________________________________ (елді-мекеннің атауы) Осы зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт (бұдан әрі – Шарт) мынадай тараптардың (бұдан әрі – Тараптар): арасында жасалды. Шартта мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады: зейнетақы активтері – Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 37-бабына сәйкес Басқарушыға сенімгерлік басқарушыға берілген Қордың зейнетақы активтері; зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару – Басқарушының өзінің атынан пайда алушының (Қордың) мүддесі үшін оның иелік етуіне, пайдалануына және иленуіне берілген зейнетақы активтерін өз атынан басқаруды жүзеге асыру міндеттемесі; зейнетақы активтерінің шартты бірлігі – инвестициялық портфельді басқарушыны сенімгерлік басқару нәтижесінде олардың өзгеруін сипаттау үшін пайдаланылатын зейнетақы активтерінің үлестік шамасы; инвестициялық декларация – инвестициялау объектілерінің тізбесін, зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің мақсаттарын, стратегияларын, талаптарын және шектеулерін, зейнетақы активтерін хеджирлеу және әртараптандыру талаптарын айқындайтын құжат; инвестициялық кіріс – зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижесінде алынған (алынуға тиіс) ақша; инвестициялық портфель – зейнетақы активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдарының жиынтығы; инвестициялық портфельді басқарушы – өзінің атынан және мүддесі үшін және клиенттің есебінен «Бағалы қағаздар рыногы туралы» (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген лицензия негізінде инвестициялық басқару бойынша қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыру үшін уәкілетті органның талаптарына сәйкес келетін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы; кастодиан-банк – уәкілетті органның кастодиандық қызметке лицензиясы бар екінші деңгейдегі банк; уәкілетті орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Тарау 1. 1-тарау. Шарттың мәні
1-тарау. Шарттың мәні
Тармақ 1
1. Қор Шартта, инвестициялық декларацияда, Әлеуметтік кодексте және Бағалы қағаздар рыногы туралы заңда айқындалған тәртіппен және талаптармен Басқарушыға зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруға береді, ал Басқарушы қабылдайды және өз атынан, Қор мүддесіне орай және оның есебінен Қор берген зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырады.
Тарау 2. 2-тарау. Негізгі ережелер
2-тарау. Негізгі ережелер
Тармақ 2
2. Басқарушы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келеді.
Тармақ 3
3. Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын инвестициялық декларацияны Басқарушы әзірлейді және оны Басқарушының басқару органы бекітеді.
Тармақ 4
4. Зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі, сондай-ақ зейнетақы активтерімен жүзеге асырылатын операциялардың түрлері Әлеуметтік кодексте және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9248 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 қаулысымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру қағидаларында белгіленеді.
Тармақ 5
5. Зейнетақы активтерін Шарт бойынша сенімгерлік басқаруға беру оларға меншік құқықтарының Басқарушыға өтуіне әкеп соқпайды.
Тармақ 6
6. Басқарушының зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі құқықтары мен міндеттері Шарт күшіне енген сәттен бастап туындайды.
Тармақ 7
7. Қор зейнетақы активтерін Басқарушыға сенімгерлік басқаруға беруді Әлеуметтік кодекстің 15-бабының 9) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру және зейнетақы активтерін бір инвестициялық портфельді басқарушыдан басқа инвестициялық портфельді басқарушыға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беру қағидалары мен мерзімдерінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Шарттың ережелері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы әлеуметтік қорғау және бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, сондай-ақ Тараптардың бастамасы мен өзара келісімі бойынша қайта қаралады.
Тармақ 9
9. Басқарушы өзінің сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін Әлеуметтік кодекстің 37-бабының 7-тармағына сәйкес басқа тұлғаға сенімгерлік басқаруға беруге құқылы емес.
Тармақ 10
10. Тараптар олардың қызметінің нәтижесінде алынған ақпараттың конфиденциалдылығын қамтамасыз ету жөніндегі барлық талаптарды сақтауға міндеттенеді.
Тарау 3. 3-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
3-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
Тармақ 11
11. Қор:
Тармақша 1
1) Әлеуметтік кодекстің 37-бабының 5 және 6-тармақтарында, сондай-ақ Әлеуметтік кодекстің 15-бабының 9) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен, Зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру және зейнетақы активтерін бір инвестициялық портфельді басқарушыдан басқа инвестициялық портфельді басқарушыға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беру қағидалары мен мерзімдерінде белгіленген тәртіппен зейнетақы активтерін Басқарушыға сенімгерлік басқаруға беруге;
Тармақша 2
2) Шарт жасалған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны өзінің интернет-ресурсында, сондай-ақ Әлеуметтік кодекстің 35-бабы 2-тармағының 9) және 10) тармақшаларына сәйкес уәкілетті орган бекіткен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді, инвестициялық портфельді басқарушылар туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қағидаларында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде Басқарушы туралы ақпаратты орналастыруға;
Тармақша 3
3) Әлеуметтік кодекстің 35-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына және 57-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарында есепке алуды жүргізу қағидаларында белгіленген тәртіппен Басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарының жеке есебін жүзеге асыруға;
Тармақша 4
4) Әлеуметтік кодекстің 15-бабының 10) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен, инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең төмен мәні арасындағы теріс айырманы есептеу қағидаларында, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының теріс айырманы өз капиталы есебінен өтеу қағидалары мен мерзімдерінде белгіленген мерзімдерде және тәртіппен зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құнын есептеуге;
Тармақша 5
5) тиісті есептеулер жүргізілген күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, Басқарушымен зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің есептік құнын салыстырып тексеруді жүргізуге;
Тармақша 6
6) Басқарушының сенімгерлік басқаруына берілген зейнетақы активтерін сақтау және есепке алу үшін кастодиан-банкпен кастодиандық шарт жасасуға;
Тармақша 7
7) Басқарушыны қол қою құқығы бар лауазымды тұлғаларының ауысқаны туралы, Қордың мекенжайларының, байланыс телефондарының, БСН, банк деректемелерінің өзгергені туралы осындай өзгерістер басталған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жазбаша хабардар етуге;
Тармақша 8
8) Қор, Басқарушы және кастодиан-банк арасында жасалған кастодиандық шартта көзделген тәртіппен және мерзімдерде Басқарушыда сенімгерлік басқарудағы зейнетақы активтерінің ағымдағы құнын Басқарушымен және кастодиан-банкпен салыстырып тексеру жүргізуге;
Тармақша 9
9) Әлеуметтік кодекстің 217-бабы 2-тармағының 19) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен зейнетақы активтерін есепке алу мен бағалауды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес бағалаушы жүргізген Басқарушының сенімгерлік басқаруындағы қаржы құралдарын бағалау нәтижелері туралы ақпаратты Қор қаржы құралдарының осы бағасын алған сәттен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде Басқарушыға және кастодиан-банкке беруге;
Тармақша 10
10) Басқарушының зейнетақы активтерімен жасасқан кастодиандық шартқа сәйкес бастапқы құжаттармен расталатын және ай сайын үш жақты салыстыру актісінде тіркелетін мәмілелері бойынша ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарықтарында қаржы құралдарын сатып алуға немесе сатуға байланысты брокерлік комиссияларды, биржалық алымдарды және өзге де шығыстарды төлеуге байланысты шығыстарды зейнетақы активтері есебінен төлеуге міндетті.
Тармақ 12
12. Қор:
Тармақша 1
1) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға қатысты кез келген ақпарат пен құжаттарды (инвестициялық портфельдің құрамы, зейнетақы активтерімен жасалған мәмілелер, операциялар және т.б.) сұратуға;
Тармақша 2
2) Әлеуметтік кодекстің 15-бабының 10) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналды кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең төмен мәні арасындағы теріс айырманы есептеу қағидаларына, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының теріс айырманы өз капиталы есебінен өтеу қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес есептелген Басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі мәні арасындағы теріс айырманы өтеуді Басқарушыдан талап етуге;
Тармақша 3
3) Әлеуметтік кодекстің 15-бабының 9) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру және зейнетақы активтерін бір инвестициялық портфельді басқарушыдан басқа инвестициялық портфельді басқарушыға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беру қағидалары мен мерзімдерінде көзделген тәртіппен және жағдайларда Басқарушыдан зейнетақы активтерін басқа инвестициялық портфельді басқарушының немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына аударуды талап етуге;
Тармақша 4
4) Шартты бұзуға;
Тармақша 5
5) Шарттың 13-тармағының 11) тармақшасында көзделген жағдайда Басқарушының Қордың зейнетақы активтерін қайтаруы бойынша сотқа дейінгі және талап қою жұмысына қатысуға құқылы.
Тармақ 13
13. Басқарушы:
Тармақша 1
1) берілген зейнетақы активтерін қатаң түрде инвестициялық декларацияға, Әлеуметтік кодекске, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңға және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9248 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 қаулысымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларына сәйкес, осы Шарт бойынша өзіне сеніп тапсырылған зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-әрекеттерді басқа тұлғаға тапсыру құқығынсыз тиісінше сенімгерлік басқаруды жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) уәкілетті органды және Қорды инвестициялық портфельді қалыптастырудың таңдалған өлшемшарты, немесе оның өзгеруі туралы таңдалған өлшемшартқа сәйкес инвестициялық портфельді қалыптастыруға көшу басталғанға дейін күнтізбелік отыз күн бұрын уәкілетті органға және Қорға ресми хат жіберу арқылы хабардар етуге;
Тармақша 3
3) инвестициялық декларацияны әзірлеуге және бекітуге;
Тармақша 4
4) Басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасында теріс айырма туындаған кезде Әлеуметтік кодекстің 15-бабының 10) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналды кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы есептеу қағидаларына, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының теріс айырманы өз капиталы есебінен өтеу қағидалары мен мерзімдерінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы теріс айырманы Қорға өз капиталының есебінен өтеуге;
Тармақша 5
5) Басқарушының қол қою құқығы бар лауазымды тұлғаларының ауысқаны, мекенжайларының, байланыс деректерінің, БСН, банктік деректемелерінің өзгергені туралы Қорға осындай өзгерістер басталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлауға;
Тармақша 6
6) Шарт бойынша сенімгерлік басқаруға берілген зейнетақы активтерін өз мүдделері үшін пайдаланбауға;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Шарт талаптарын орындау нәтижесінде немесе оған байланысты алынған ақпаратты өз мүдделері үшін пайдаланбауға және үшінші тұлғаларға бермеуге;
Тармақша 8
8) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8796 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 214 қаулысымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келетін тәуекелдерді басқару жүйесінің болуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 9
9) зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қажетті бағдарламалық-техникалық құралдар мен өзге де жабдықтардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;
Тармақша 10
10) Басқарушы сенімгерлік басқаруға қабылдаған зейнетақы активтері бойынша номиналдық кірістілік деңгейін зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәнінен төмен емес инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы есептеу қағидаларында, сондай-ақ Әлеуметтік кодекстің 15-бабының 10) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен инвестициялық портфельді басқарушының меншікті капиталы есебінен теріс айырманы өтеу қағидаларында белгіленген тәртіпте және мерзімдерде қамтамасыз етуге;
Тармақша 11
11) зейнетақы активтерімен мәмілелерді номиналдық ұстау, оларға қызмет көрсету және зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдарын есепке алу жөніндегі шоттарды жүргізу бойынша қызметтер көрсететін кастодиан банк ұсынған шоттарды, сондай-ақ Шарттың 11-тармағының 10) тармақшасында көзделген шығыстарды қоспағанда, қызметтері зейнетақы активтерін басқару үшін қажет үшінші тұлғаларды тартуға байланысты шығыстарды төлеуге;
Тармақша 12
12) бағалы қағаздар бойынша міндеттемелердің орындалмауына жол берген эмитенттерге қатысты, сондай-ақ Шарт бойынша Басқарушыға сенімгерлік басқаруға берілген Қордың зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліндегі салымдар бойынша міндеттемелердің орындалмауына жол берген екінші деңгейдегі банктерге қатысты сотқа дейінгі және талап қою жұмысын жүзеге асыруға;
Тармақша 13
13) эмитенттің бағалы қағаздар бойынша міндеттемелерді орындамауы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің Қордың зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліндегі салымдар бойынша міндеттемелерді орындамауы анықталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы жағдайларды шешу жөніндегі Басқарушының жоспарланған шаралары туралы құжаттарды қоса бере отырып, Қорды хабардар етуге;
Тармақша 14
14) Қордың талабын алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға қатысты барлық қажетті ақпарат пен құжаттарды (инвестициялық портфельдің құрамы, зейнетақы активтерімен жасалған мәмілелер, операциялар және т.б.) беруге;
Тармақша 15
15) Әлеуметтік кодекстің 15-бабының 9) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен Зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру және зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді бір басқарушыдан басқа инвестициялық портфельді басқарушыға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беру қағидалары мен мерзімдерінде белгіленген тәртіппен Қордың талап етуі бойынша Қордың зейнетақы активтерін басқа инвестициялық портфельді басқарушыға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сенімгерлік басқаруға аударуға;
Тармақша 16
16) осындай мән-жайлар туындаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Басқарушыға қатысты қолданылған қадағалап ден қою шаралары, санкциялар және қолданылған әкімшілік жазалар туралы Қорды жазбаша хабардар етуге;
Тармақша 17
17) сенімгерлік басқаруда тұрған, берілген зейнетақы активтерінің ағымдағы құнын Қордың, Басқарушының және кастодиан-банктің арасында жасалған кастодиандық шартта көзделген тәртіппен және мерзімде Басқарушымен және кастодиан банкпен салыстырып тексеруді жүргізуге;
Тармақша 18
18) апта сайын Қорға және кастодиан банкке зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліндегі қаржы құралдарының нарықтық бағалары бойынша ақпаратты аптаның бірінші жұмыс күнінен кейінгі жұмыс күні сағат 11:00-ден кешіктірмей беруге;
Тармақша 19
19) Әлеуметтік кодекстің 15-бабының 10) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құнын инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы есептеу қағидаларында, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының меншікті капиталы есебінен теріс айырманы өтеу қағидаларында белгіленген мерзімдерде және тәртіппен есептеуге;
Тармақша 20
20) тиісті есеп айырысулар жүргізілген күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің есептік құнын қормен салыстырып тексеруді жүргізуге;
Тармақша 21
21) қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттарды қолдану мақсатында салықтық нысандарды толтыруға жәрдемдесуге, нарықтарында инвестициялар жүзеге асырылатын шетелдік салық органдарына беру үшін жаһандық шетелдік кастодиандар талап ететін салықтық нысандарды, өтініштерді, декларацияларды және басқа да нысандарды толтыруға міндетті. Шарттың 13-тармағының 21) тармақшасында көрсетілген нысандарға Қор қол қояды;
Тармақша 22
22) салық салудан босатуды алу, жеңілдікті салық салуды қолдану немесе шетелдік эмитенттер төлейтін кірістерден салықтың артық ұсталған сомаларын қайтару үшін қажетті салықтық нысандарды, сертификаттарды және басқа да құжаттарды тұрақты жаңарту мәселелері бойынша жаһандық шетелдік кастодиандармен жұмыс жүргізуге;
Тармақша 23
23) эмитенттердің міндеттемелерін қайта құрылымдау шеңберінде жүргізілетін қаржы құралдарын есептен шығару/есепке алу операциялары бойынша өкімді Қорға және кастодиан банкке өкімде көрсетілген операцияларды жүргізу болжамдалған жұмыс күні сағат 11:00-ден кешіктірмей ұсынуға;
Тармақша 24
24) шетелдік эмитенттердің міндеттемелеріне қайта құрылымдау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға;
Тармақша 25
25) Басқарушының басқару органы осындай шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде осы Шарттың 15-тармағында көрсетілген комиссиялық сыйақы мөлшерінің өзгергені туралы Қорға жазбаша хабарлауға;
Тармақша 26
26) Әлеуметтік кодекстің 217-бабының 2-тармағы 19) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен зейнетақы активтерін есепке алу мен бағалауды жүзеге асыру қағидаларында көзделген қаржы құралдарын қайта сыныптау туралы Қорға және кастодиан банкке өкім беру, олар бойынша ИПБ жұмыс күні сағат 11:00-ден кешіктірмей қаржы құралдарын қайта сыныптау туралы шешім қабылдаған, онда қаржы құралдарын есепке алудың бір санатынан екіншісіне ауыстыру болжанады;
Тармақша 27
27) Шартты өз бастамасы бойынша бұзған жағдайда: Қорды, кастодиан банкті және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды шартты бұзудың жоспарланған күніне дейін күнтізбелік бір жылдан кешіктірмей шартты бұзу жоспарланғаны туралы жазбаша хабардар етуге және бір мезгілде Басқарушының корпоративтік интернет-ресурсында тиісті хабарландыруды орналастыруға; ақша түрінде сенімгерлік басқарудағы зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына толық көлемде қайтаруға; Басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы инвестициялық портфельді қалыптастыру өлшемшартына қарай қатарынан 12 (он екі), 36 (отыз алты) немесе 60 (алпыс) айды құрайтын зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару кезеңінен кейінгі жылдың 1 қаңтарына қалыптасқан теріс айырманы (бар болса) толық көлемде өтеуге міндетті.
Тармақ 14
14. Басқарушы:
Тармақша 1
1) Шарттың 4-тарауында белгіленген жағдайларда және мөлшерде зейнетақы активтерін сенімгерлік басқарудан комиссиялық сыйақы алуға;
Тармақша 2
2) инвестициялық портфельді қалыптастыру өлшемшартын таңдағаннан кейін немесе өзгерткеннен кейін инвестициялық портфельді қалыптастыру өлшемшартына қарай қатарынан 12 (он екі), 36 (отыз алты) немесе 60 (алпыс) айды құрайтын зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару кезеңінің аяқталуынан ерте болмайтын уақытта инвестициялық портфельді қалыптастыру өлшемшартын өзгертуге. Бұл ретте Басқарушы Басқарушының алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтерінің кірістілігінің ең аз мәні арасындағы инвестициялық портфельді қалыптастыру өлшемшартына қарай қатарынан 12 (он екі), 36 (отыз алты) немесе 60 (алпыс) айды құрайтын зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару кезеңінен кейінгі жылдың 1 қаңтарына қалыптасқан теріс айырманы (бар болса) толық көлемде өтейді;
Тармақша 3
3) Шарттың 13-тармағының 27-тармақшасында көзделген талаптармен Шартты бұзуға;
Тармақша 4
4) кастодиан-банкке Тараптардың өзара келісімі бойынша және Қор, Басқарушы және кастодиан-банк арасында жасалған кастодиандық шартқа сәйкес Шарттың 13-тармағының 21) және 22) тармақшаларында айқындалған міндеттемелерді орындауын тапсыруға құқылы.
Тарау 4. 4-тарау. Комиссиялық сыйақы
4-тарау. Комиссиялық сыйақы
Тармақ 15
15. Басқарушы зейнетақы активтерін басқарғаны үшін ай сайын зейнетақы активтерін сенімгерлік басқарудан алынған инвестициялық кірістің __________ пайызы мөлшерінде комиссиялық сыйақы алады.
Тармақ 16
16. Басқарушының комиссиялық сыйақысының шамасы Әлеуметтік кодекстің 58-бабына сәйкес жылына 1 (бір) рет қана өзгеруі мүмкін.
Тармақ 17
17. Комиссиялық сыйақының шамасы Шарт жасалған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде, сондай-ақ күнтізбелік жыл басталғанға дейін бір айдан кешіктірмей Қордың және Басқарушының интернет-ресурстарына орналастырылады.
Тармақ 18
18. Басқарушының комиссиялық сыйақысының шамасы өзгерген жағдайда Тараптар Шартқа тиісті қосымша келісімге қол қояды.
Тарау 5. 5-тарау. Зейнетақы активтерін сақтау және есепке алу
5-тарау. Зейнетақы активтерін сақтау және есепке алу
Тармақ 19
19. Басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері Қордың кастодиан банктегі шоттарында сақталады және есепке алынады, оны таңдауды Басқарушы жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Бір Басқарушыға инвестициялық басқаруға берілген зейнетақы активтерін сақтауды және есепке алуды бір кастодиан банк жүзеге асырады.
Тарау 6. 6-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
6-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
Тармақ 21
21. Басқарушы инвестициялық декларацияға сәйкес Қордан сенімгерлік басқаруға алынған зейнетақы активтерін нысаналы орналастыру үшін жауапкершілікте болады.
Тармақ 22
22. Басқарушы сенімгерлік басқару шеңберінде зейнетақы активтері есебінен жүргізілген мәмілелер және (немесе) операциялар бойынша жүргізілген есеп айырысулар үшін жауапкершілікте болады.
Тармақ 23
23. Қор осы Шартта белгіленген өз міндеттемелерін тиісінше орындамағаны немесе орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласында әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.
Тарау 7. 7-тарау. Дүлей күш жағдайлары
7-тарау. Дүлей күш жағдайлары
Тармақ 24
24. Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін, егер ол дүлей күштің: табиғи апаттар, әскери іс-қимылдар, төтенше жағдайлар және Тараптар Шарт бойынша алдын ала болжауға мүмкіндік болмаған өзге де жағдайлар салдарынан болса, жауапкершіліктен босатылады, Шарттың қолданысы осындай жағдайлар орын алған кезеңге тоқтатыла тұрады.
Тармақ 25
25. Дүлей күштің әсеріне ұшыраған және осының салдарынан Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауға мүмкіндігі болмаған Тарап басқа Тарапқа осындай жағдайлардың басталуы, ұзақтығы және болжамды орын алу уақыты туралы барынша қысқа мерзімде хабарлайды.
Тарау 8. 8-тарау. Шарттың қолданыс мерзімі және оны бұзу тәртібі
8-тарау. Шарттың қолданыс мерзімі және оны бұзу тәртібі
Тармақ 26
26. Шарт зейнетақы активтерінің кастодиан банкке Қордың шотына түскен күннен бастап күшіне енеді және белгіленбеген мерзімге жасалады.
Тармақ 27
27. Шарт:
Тармақша 1
1) Басқарушы уәкілетті орган белгілеген мерзімде қадағалап ден қою шараларын қолдануға негіздерді жоймаған;
Тармақша 2
2) Басқарушы Әлеуметтік кодекстің 15-бабының 7) тармақшасына сәйкес зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыру үшін уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келмеген (Басқарушыны зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыру үшін уәкілетті органның талаптарына сәйкес келетін инвестициялық портфельді басқарушылардың тізілімінен алып тасталған жағдайда);
Тармақша 3
3) Басқарушының сенімгерлік басқаруында зейнетақы активтері мен олар бойынша міндеттемелер болмаған жағдайда Басқарушының бастамасы бойынша;
Тармақша 4
4) Басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін сақтау және есепке алуды жүзеге асыратын кастодиан банктің лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған не лицензиядан айырылған және кастодиан банктің лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған не лицензиядан айырылған күннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде басқа кастодиан банкпен жаңа кастодиандық шарт жасалмаған жағдайларда бұзылады.
Тармақ 28
28. Шарт бұзылған жағдайда Басқарушы Әлеуметтік кодекстің 15-бабының 9) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру және зейнетақы активтерін бір инвестициялық портфельді басқарушыдан басқа инвестициялық портфельді басқарушыға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беру қағидалары мен мерзімдерінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен келісім бойынша, зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына беру рәсімдерін жүзеге асырады.
Тармақ 28-1
28-1. Шарттың 27-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда Шартты бұзған кезде Басқарушы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9248 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 қаулысымен бекітілген, Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде Шартты бұзу және зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына қайтару туралы хабарлама бойынша рәсімдерді жүзеге асырады.
Тармақ 29
29. Шартты бұзуға бастамашы Тарап, Шарттың 13-тармағының 27) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, басқа Тарапқа болжамды бұзу күніне дейін кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күн бұрын ескертеді.
Тарау 9. 9-тарау. Басқа да талаптар
9-тарау. Басқа да талаптар
Тармақ 30
30. Тараптар Шарттың мәніне қатысты және Шарт бойынша Тараптардың қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтауға міндеттенеді.
Тармақ 31
31. Шарт әр Тарапқа бір данадан, заң күші бірдей, мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жасалды.
Тармақ 32
32. Шарттың талаптары Тараптардың арасында жеке немесе бірге жасалған кез келген өзге шарттың немесе келісімнің талаптарына қайшы келетін болса, Шарттың ережелері басым болып табылады және Тараптар бірінші кезекте осы Шарттың ережелерін басшылыққа алатын болады.
Тармақ 33
33. Шартқа өзгерістер мен толықтырулар Тараптардың жазбаша келісімі бойынша, Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша келісімдерге қол қою арқылы енгізіледі.
Тармақ 34
34. Шарт бойынша Тараптардың арасындағы реттелмеген дауларды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының соттары өз құзыретіне сәйкес қарайды.
Тарау 10. 10-тарау. Тараптардың деректемелері және қолдары
10-тарау. Тараптардың деректемелері және қолдары Қор Басқарушы _______________________________ _______________________________ (Қордың деректемелері, БСН, пошталық мекенжайы, телефондары, банктік сәйкестендіру коды (БСК), жеке сәйкестендіру коды (ЖСК), бенефициар коды) _______________________________ (Қор өкілінің лауазымы, қолы) мөр орны (бар болса) ________________________________ ________________________________ (Басқарушының деректемелері, БСН, телефондары, пошталық мекенжайы, банктік сәйкестендіру коды (БСК), жеке сәйкестендіру коды (ЖСК), бенефициар коды) ________________________________ (Басқарушы өкілінің лауазымы, қолы) мөр орны (бар болса)
Басқа 2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, инвестициялық портфельді басқарушы және кастодиан-банк арасында жасалған кастодиандық шарттың үлгілік нысаны
Қаулыға 2-қосымша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, инвестициялық портфельді басқарушы және кастодиан-банк арасында жасалған кастодиандық шарттың үлгілік нысаны 20 __ жылғы «___» _________ _______________________________________ (елді-мекеннің атауы) Осы Кастодиандық шарт (бұдан әрі – Шарт) мынадай тараптардың арасында жасалды: «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ __________________________________________________________________________________, («Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ты мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің нөмірі және күні), бұдан әрі «Қор» деп аталады, жарғы немесе сенімхат негізінде іс-әрекет жасайтын ____________________________________________________________________________ арқылы, (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)) Инвестициялық портфельді басқарушы _______________________________________________________________________________, (Инвестициялық портфельді басқарушының атауы, лицензия нөмірі мен берілген күні), бұдан әрі «Басқарушы» деп аталады, жарғы және сенімхат негізінде іс-әрекет жасайтын _____________________________________________________________________________ арқылы, (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)) Кастодиан-банк ________________________________________________________________________________, (банктің атауы, лицензия нөмірі, берілген күні) бұдан әрі «Кастодиан» деп аталады, жарғы немесе сенімхат негізінде іс-әрекет жасайтын ______________________________________________________________________________ арқылы (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)). Шартта мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады: зейнетақы активтері – Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 37-бабына сәйкес Басқарушының сенімгерлік басқаруына берілген Қордың зейнетақы активтері; зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару – Басқарушының оның иелігіне, пайдалануына және басқаруына берілген зейнетақы активтерін пайда алушының (Қордың) мүддесінде өз атынан басқаруды жүзеге асыру міндеттемесі; инвестициялық кіріс – зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижесінде алынған (алынуға тиіс) ақша; инвестициялық портфель – зейнетақы активтері құрамына кіретін қаржы құралдарының жиынтығы; инвестициялық портфельді басқарушы – «Бағалы қағаздар рыногы туралы» (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензияның негізінде өз атынан және клиенттің мүддесінде және соның есебінен инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын, сондай-ақ зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыру үшін уәкілетті органның талаптарына сәйкес келетін бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы; кастодиан-банк – уәкілетті органның кастодиандық қызметке лицензиясы бар екінші деңгейдегі банк; уәкілетті орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Тарау 1. 1-тарау. Шарттың мәні
1-тарау. Шарттың мәні
Тармақ 1
1. Кастодиандағы банктік және баланстан тыс шоттардағы зейнетақы активтерін өз атынан, зейнетақы активтері есебінен және Қордың мүддесінде инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын Басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін жауапты сақтау және есепке алу бойынша Кастодианның қызмет көрсетуі шарттың мәні болып табылады.
Тармақ 2
2. Қор, Басқарушы және Кастодиан шарт бойынша тараптар болып табылады.
Тарау 2. 2-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
2-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
Тармақ 3
3. Кастодиан:
Тармақша 1
1) Қорға Шарттың 3-тарауында сипатталған шот режимінде теңгедегі инвестицияларға арналған банктік инвестициялық шот (бұдан әрі – теңгедегі банктік инвестициялық шот) ашуға және жүргізуге;
Тармақша 2
2) Қорға Шарттың 4-тарауында сипатталған шот режимінде шетел валютасындағы инвестицияларға арналған банктік инвестициялық шот (бұдан әрі – шетел валютасындағы банктік инвестициялық шот) ашуға және жүргізуге;
Тармақша 3
3) Қорға Шарттың 5-тарауында сипатталған шот режимінде бағалы қағаздарды және зейнетақы активтерін инвестициялауға рұқсат етілген басқа да қаржы құралдарын есепке алу және сақтау үшін баланстан тыс шоттарды (бұдан әрі – қаржы құралдарын есепке алуға арналған шоттар) ашуға және жүргізуге;
Тармақша 4
4) операциялық күн ішінде банктік инвестициялық шотқа зейнетақы активтері бойынша түсімдерді және зейнетақы активтерінің аударымдарын теңгемен және (немесе) шетел валютасында есепке алуға;
Тармақша 5
5) Басқарушыға және Қорға келесі операциялық күннің сағат 09:00-ден кешіктірмей операция түрлері бойынша теңгедегі және шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттардағы ақша қозғалысы туралы хабарламалар, сондай-ақ келіп түскен төлем тапсырмаларын беруге;
Тармақша 6
6) зейнетақы активтерін инвестициялаған кезде Басқарушының теңгедегі банктік инвестициялық шоттан және шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттан контрагенттердің теңгедегі және шетел валютасындағы тиісті банктік шоттарына ақша аударымы жөніндегі төлем тапсырмаларын орындауға және қаржы құралдарын есепке алу шоттарынан (шоттарына) бағалы қағаздарды есептен шығаруды (есепке жатқызуды), сондай-ақ ақшаны банк салымдарына (салымдарынан) орналастыруды (қайтаруды) жүргізуге;
Тармақша 7
7) теңгедегі банктік инвестициялық шот пен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған теңгемен зейнетақы жарналарының ағымдағы шоты арасында зейнетақы активтерін аудару бойынша Қордың төлем тапсырмаларын орындауға;
Тармақша 8
8) теңгемен банктік инвестициялық шоттан басқа Басқарушылардың басқаруындағы теңгемен банктік инвестициялық шоттарға зейнетақы активтерін аудару бойынша Қордың төлем тапсырмаларын орындауға;
Тармақша 9
9) теңгемен банктік инвестициялық шоттан қателесіп түскен зейнетақы жарналарын қайтару бойынша Қордың төлем тапсырмаларын орындауға;
Тармақша 10
10) Басқарушы, Кастодиан және Қор арасындағы үш жақты салыстырып тексеру актісінің негізінде теңгедегі банктік инвестициялық шоттан Қордың банктік шотына зейнетақы активтерінен және теңгедегі банктік инвестициялық шоттан Басқарушының банктік шотына инвестициялық кірістен ұсталған комиссиялық сыйақыны аудару бойынша төлем тапсырмаларын орындауға;
Тармақша 11
11) Басқарушыға және Қорға бағалы қағаздар есепке жазылған (есептен шығарылған) күннен кейінгі жұмыс күнінің сағат 10:00-ден кешіктірмей хабарлауға және қаржы құралдарымен мәмілелердің орындалғаны туралы есеп және қаржы құралдарын есепке алу бойынша жеке шоттан үзінді-көшірмелер беруге;
Тармақша 12
12) зейнетақы активтердің сақталуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 13
13) зейнетақы активтердің қозғалысымен байланысты операцияларды күн сайын есепке алуды қамтамасыз етуге;
Тармақша 14
14) зейнетақы активтері бойынша есептілікті, сондай-ақ зейнетақы активтерді есепке алу бойынша бастапқы құжаттарды Қор, Кастодиан мен Басқарушы арасында жасалған Шарт бұзылған күннен бастап бес жыл бойы сақтауға;
Тармақша 15
15) өткен операциялық күндегі есептелген инвестициялық кірісті және Басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерінің ағымдағы құнын күнделікті салыстырып тексеруді жүзеге асыру арқылы Кастодиан, Басқарушы мен Қор жүзеге асыратын ағымдағы операциялық күнгі сағат 15:00-ден кешіктірмей зейнетақы активтерін есепке алудың және бағалаудың сәйкестігін қамтамасыз етуге;
Тармақша 16
16) Бағалы қағаздар рыногы туралы заңда, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8692 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 184 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидаларында және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9876 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 210 қаулысымен бекітілген Эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді, эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі эмитенттердің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын беруді номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде және бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесінде тіркеу, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген тұлғаның жеке шотынан үзінді- көшірмені беру және номиналды ұстаушының номиналды ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы ақпаратты орталық депозитарийдің және эмитенттің талап етуі бойынша табыс ету қағидаларында (бұдан әрі – № 210 қағидалар) айқындалған көлемде нақтылы ұстаушының қызметтерін көрсетуге;
Тармақша 17
17) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Бағалы қағаздар рыногы туралы заңға сәйкес Қордың банктік инвестициялық шоттары және қаржы құралдарын есепке алу шоттары туралы мәліметтердің конфиденциалдылығын сақтауға;
Тармақша 18
18) Шарттың 7-тарауында көзделген тәртіппен деректерді қарама-қарсы салыстырып тексеруді үнемі жүргізуге;
Тармақша 19
19) уәкілетті органнан Басқарушы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы ресми хабарлама алған сәттен бастап және уәкілетті органнан Басқарушы лицензиясының қолданысын жаңарту туралы ресми хабарлама алған сәтке дейін Басқарушының теңгедегі немесе шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттарынан ақша аудару және қаржы құралдарын есепке алу шоттарынан бағалы қағаздарды есептен шығару туралы бұйрықтарын орындамауға;
Тармақша 20
20) Қордан Басқарушыға Қор мен Басқарушы арасында жасалған зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттың қолданысын тоқтата тұру немесе оны бұзу туралы жазбаша хабарлама жіберуі туралы хабарламаны алған сәттен бастап Қордың жазбаша тапсырмаларына сәйкес іс-қимыл жасауға;
Тармақша 21
21) Басқарушыға және Қорға өзінің кастодиандық қызметті жүзеге асыруға лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрғаны (тоқтатылғаны) немесе Кастодианның зейнетақы активтерін сақтау және есепке алу құқықтарын өзгертуге әкелетін басқа да жағдайлар туралы уәкілетті органның ресми шешімін алған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде жазбаша хабар беруге;
Тармақша 22
22) Қордың және Басқарушының жазбаша сұратуларына 5 (бес) жұмыс күн ішінде жауап беруге;
Тармақша 23
23) қаржы құралдары бойынша сомалардың келіп түсуін бақылауды жүзеге асыруға міндетті. Борыштық және үлестік бағалы қағаздар бойынша есептелген купондық сыйақы және (немесе) дивиденттер және (немесе) негізгі борыш сомасы уақтылы өтелмеген және (немесе) толық өтелмеген, салым немесе өзге де қаржы құралдары бойынша салым және (немесе) сыйақы сомасы уақтылы қайтарылмаған жағдайда міндеттемелерді уақтылы өтемеу фактісі анықталған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей, Қор мен Басқарушыны олар тиісті түзету шараларын қолдану үшін хабардар ете отырып, аталған фактілердің туындау себептерін анықтау бойынша тиісті жұмыс жүргізуге;
Тармақша 24
24) қаржы құралдары бойынша алынған кірістерді Кастодианның корреспонденттік шотына кіріс түскен күні Қордың банктік инвестициялық шотына аударуға, сондай-ақ бастапқы құжаттарға сәйкес жасалған мәмілелер бойынша алынған сомаларды есепке жатқызуға, өзге сомаларды аудару Кастодианға сомалардың түскенін растау фактісі бойынша жүзеге асыруға;
Тармақша 25
25) зейнетақы активтерімен мәмілелердің Әлеуметтік кодекстің талаптарына сәйкестігін, оның ішінде зейнетақы активтерін нысаналы орналастыруын (пайдалануын) бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 26
26) егер мәміле оның сауда жүйесінде жасалса, уәкілетті органды, Қорды, Басқарушыны, сондай-ақ қор биржасын жасалған мәміленің Әлеуметтік кодекске және Бағалы қағаздар рыногы туралы заңға сәйкес келмейтіні жөнінде дереу хабардар етуге міндетті.
Тармақ 4
4. Кастодиан:
Тармақша 1
1) Басқарушыдан Шарттың 6-тарауына сәйкес Кастодиан ұсынған тиісті төлем шоттарына сәйкес өзінің қызметтері үшін ай сайын ақы алуға;
Тармақша 2
2) Шарттың 10-тарауында көзделген талаптармен және тәртіппен Шартты бұзуға;
Тармақша 3
3) Қор мен Басқарушының арасында жасалған зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартқа сәйкес Басқарушыға Кастодианның номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын тиісті ұйымдардың қызметтеріне ақы төлеу бойынша, зейнетақы активтерімен мәмілелерге қызмет көрсету және қаржы құралдарын есепке алу жөніндегі шоттарды жүргізу шығыстарын өтеуге шоттар ұсынуға;
Тармақша 4
4) теңгемен немесе шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттардан, аталған шоттарда ағымдағы түсімдерді есепке алғанда осындай төлем тапсырмаларын орындау үшін жеткілікті сомалар болмаған кезде, сомаларды есептен шығару жөніндегі Басқарушының немесе Қордың төлем тапсырмаларын орындамауға;
Тармақша 5
5) Қорды және Басқарушыны бұл туралы 30 (отыз) жұмыс күні бұрын алдын ала жазбаша хабардар ете отырып, тарифтерді өзгертуге;
Тармақша 6
6) Басқарушының зейнетақы активтерімен мәмілелер бойынша брокерлік комиссияларды, биржалық алымдарды және ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында қаржы құралдарын сатып алуға немесе сатуға байланысты басқа шығыстарды төлеуге байланысты шығыстар сомасын теңгемен және (немесе) шетелдік валютамен банктік инвестициялық шоттан акцептсіз тәртіппен есептен шығаруға құқылы, олар бастапқы құжаттармен расталады және ай сайын Шарттың 7-тарауына сәйкес салыстырып тексерудің үш жақты актісімен тіркеледі;
Тармақша 7
7) Қордың зейнетақы активтерін есепке алу және сақтау мақсатында шоттарды шетелдік кастодиандарда ашуға;
Тармақша 8
8) қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттарды қолдану мақсатында Тараптардың өзара келісімі бойынша нарықтарында инвестициялар жүзеге асырылатын шетелдік салық органдарына беру үшін жаһандық шетелдік кастодиандар талап ететін салық нысандарын толтыруға жәрдемдесуге, салық нысандарын, өтініштерді, декларацияларды және басқа да нысандарды толтыруға құқылы. Шарттың 4-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген нысандарға Қор қол қояды;
Тармақша 9
9) Тараптардың өзара келісімі бойынша салық салудан босату, жеңілдетілген салық салуды қолдану немесе шетелдік эмитенттер төлейтін кірістерден салықтардың артық ұсталған сомаларын қайтару үшін қажетті салық нысандарын, сертификаттарды және басқа да құжаттарды тұрақты жаңарту мәселелері бойынша жаһандық шетелдік кастодиандармен жұмыс жүргізуге құқылы.
Тармақ 5
5. Қор:
Тармақша 1
1) Басқарушымен және Кастодианмен бірлесіп өткен операциялық күндегі есептелген инвестициялық кірісті және Басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерінің ағымдағы құнын күнделікті салыстырып тексеруді жүзеге асыру арқылы ағымдағы операциялық күнгі сағат 15:00-ден кешіктірмей зейнетақы активтерін есепке алудың және бағалаудың сәйкестігін қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) Кастодианға заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің, жарғының, акциялар шығарылымы проспектісінің және акцияларды орналастырудың қорытындылары туралы есептің (Қор акционерлік қоғам нысанында тіркелген жағдайда) көшірмелерін, сондай-ақ аталған құжаттарға барлық өзгерістер мен толықтырулардың көшірмелерін оларды берген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей беруге;
Тармақша 3
3) Кастодианды және Басқарушыны уәкілетті және/немесе мемлекеттік органдар тарапынан Қорға салынған барлық санкциялар туралы немесе Қордың қызметін жүзеге асыру құқығын өзгертуге әкелетін өзге де жағдайлар туралы тиісті мемлекеттік органның шешімін алған күні хабардар етуге;
Тармақша 4
4) Кастодианға Шарттың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген шоттарды ашу үшін Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14422 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысымен бекітілген Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларында және № 210 қағидаларда айқындалған құжаттар топтамасын беруге;
Тармақша 5
5) Кастодианды барлық өзгерістер туралы (төлем құжаттарына қол қою құқығы бар басшы қызметкерлердің ауысуы, мекенжайлардың, телефондардың өзгеруі) Кастодианға тиісті құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде бере отырып, өзгерістер басталған күннен кейінгі күннен кешіктірмей жазбаша хабардар етуге;
Тармақша 6
6) Шарттың 7-тарауында көзделген тәртіппен деректерді қарсы салыстырып тексеруді тұрақты түрде жүргізуге міндетті.
Тармақ 6
6. Қор:
Тармақша 1
1) өз қызметі үшін Әлеуметтік кодекске сәйкес комиссиялық сыйақы алуға;
Тармақша 2
2) Шарттың 10-тарауында көзделген талаптар мен тәртіпте Шартты бұзуға;
Тармақша 3
3) Кастодианнан және Басқарушыдан Шарттың 7-тармағында көзделген тәртіппен Басқарушы жүзеге асыратын зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызмет туралы ақпарат алуға құқылы.
Тармақ 7
7. Басқарушы:
Тармақша 1
1) Басқарушы бағалы қағаздар нарығында брокердің қызметін көрсету жөніндегі шартты жасаған, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның (ұйымдардың) (бұдан әрі – брокер-дилер) деректемелерін шарт жасалған күні Кастодианға хабарлауға;
Тармақша 2
2) Шарттың 7-тарауында көзделген тәртіппен деректерді қарама-қарсы салыстырып тексеруді тұрақты түрде жүргізуге;
Тармақша 3
3) Кастодианға және Қорға инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия көшірмесін, Басқарушының атынан Кастодианның жазбаша тапсырмаларына қол қою өкілеттіктері бар Басқарушының басшы қызметкерлерінің нотариат куәландырған қол қою үлгілері бар құжатты беруге;
Тармақша 4
4) Кастодианға және Қорға жазбаша нысанда кем дегенде 2 (екі) ай бұрын Басқарушыны болжанатын тарату немесе қайта ұйымдастыру туралы хабарлауға;
Тармақша 5
5) Зейнетақы активтерін инвестициялауды жүзеге асыруға және көрсетілген деректемелер бойынша ақша аудару жөніндегі төлем құжаттарын және бағалы қағаздарды қаржы құралдарын есепке алу шоттарына (шоттарынан) есепке алу (есептен шығару) және ақшаны банктік салымдарға (салымдардан) орналастыру (қайтару) бойынша бұйрықтарды Кастодианға жіберуге;
Тармақша 6
6) бір мезгілде зейнетақы активтерінің қатысуымен мәмілелер жасауға тапсырыстардың түпнұсқаларын брокер-дилерге бере отырып, осындай тапсырыстардың көшірмелерін (ақы төлеуге сенімхат, ақша аударуға өкімді) және Кастодианның операциялық күні шегінде қаржы құралдарын есепке алу шотына (шотынан) бағалы қағаздарды есепке жатқызуға (есептен шығаруға) арналған бұйрықтарды Кастодианға жіберуге, сонымен Кастодианның ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасалатын мәмілелерді растау жүйесіне қатысуын және мәмілелердің орындалуын және зейнетақы активтердің мақсатты орналастырылуын бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге;
Тармақша 7
7) Басқарушының брокер-дилер ретінде бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілелеріне дербес қатысқан кезде – сауда-саттыққа қатысу және оның нәтижелері туралы Кастодианды бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілесін жасау күні хабардар етуге;
Тармақша 8
8) Қорға зейнетақы активтерімен жасалған мәмілелер туралы есепті ағымдағы операциялық күнгі сағат 10:00-ге дейін мәмілелер жасалғаннан кейінгі келесі жұмыс күніне беруге;
Тармақша 9
9) Қорға инвестициялық қызметтің нәтижелері туралы ақпаратты ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5 (бесінші) жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынуға;
Тармақша 10
10) Кастодианға және Қорға екінші деңгейдегі банктермен жасалған банктік салым туралы шарттардың көшірмелерін олар жасалған күні беруге;
Тармақша 11
11) Кастодиан Шарттың 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ұсынған төлем шотын шотты ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде төлеуге;
Тармақша 12
12) Қормен және Кастодианмен бірлесіп өткен операциялық күндегі есептелген инвестициялық кірісті және Басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерінің ағымдағы құнын күнделікті салыстырып тексеруді жүзеге асыру арқылы ағымдағы операциялық күнгі сағат 15:00-ден кешіктірмей зейнетақы активтерін есепке алудың және бағалаудың сәйкестігін қамтамасыз етуге;
Тармақша 13
13) өзінің инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясының қолданысын тоқтата тұру (тоқтату) және Басқарушының зейнетақы активтерін инвестициялауға құқықтарын өзгертуге әкелетін басқа да жағдайлар туралы Кастодианды және Қорды уәкілетті органның шешімін алған күні хабардар етуге;
Тармақша 14
14) Кастодианды барлық өзгерістер туралы (төлем құжаттарына қол қою құқығы бар басшы қызметкерлердің ауысуы, мекенжайлардың, телефондардың, сәйкестендіру нөмірінің өзгеруі) Кастодианға тиісті құжаттарды 2 (екі) жұмыс күн ішінде бере отырып, өзгерістер басталған күні жазбаша хабардар етуге;
Тармақша 15
15) Кастодианға Басқарушы мен Қордың арасында жасалған зейнетақы активтерін басқару жөніндегі шарттың көшірмесін, сондай-ақ оған барлық өзгерістер мен толықтырулардың көшірмесін оны (оларды) жасаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынуға міндетті.
Тармақ 8
8. Басқарушы:
Тармақша 1
1) Шарттың 10-тарауында көзделген талаптар бойынша және тәртіпте Шартты бұзуға;
Тармақша 2
2) Қор мен Басқарушының арасында жасалған зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі шартқа сәйкес қызметтер үшін ақы алуға құқылы.
Тарау 3. 3-тарау. Теңгемен банктік инвестициялық шоттың режимі
3-тарау. Теңгемен банктік инвестициялық шоттың режимі
Тармақ 9
9. Теңгемен банктік инвестициялық шот зейнетақы активтері аударымдарын, есептен шығарылған зейнетақы активтерін, зейнетақы активтері бойынша түсімдерді, зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижесінде қаржы құралдары бойынша пайда болған кірістерді есепке жатқызуға, бағалы қағаздарды өтеуге, банктік салымдарға салуға және екінші деңгейдегі банктерде ұлттық валютада орналастырылған банктік салымдар бойынша қайтарылған сомаларды алуға, сондай-ақ зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдарын өткізуге және басқа да түсімдер мен шығыстар үшін арналған.
Тармақ 10
10. Шартқа сәйкес теңгемен банктік инвестициялық шотты басқару құқығы Басқарушыға және Қорға тиесілі.
Тармақ 11
11. Теңгемен банктік инвестициялық шоттағы ақша Шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, кепіл объектісі, Басқарушы немесе Қор кепілдіктерінің, кепілдемесінің және басқа да міндеттемелерінің қамтамасыз етуі болып табылмайды.
Тармақ 12
12. Егер Кастодиан ақша жөнелтушінің банкі болып табылған жағдайда, Кастодиан, егер төлемді тағайындаудан төлемнің/аударымның Шарттың 9-тармағында белгіленген банктік инвестициялық шот режиміне сәйкес келмейтіндігі немесе мұндай төлем тапсырмаларын орындауға Шарттың 3-тармағының 6) – 11) және 20) тармақшаларына сәйкес жол берілмейтіндігі анықталған жағдайда төлемді немесе аударымды жүргізуден бас тартуға құқылы.
Тарау 4. 4-тарау. Шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттың режимі
4-тарау. Шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттың режимі
Тармақ 13
13. Шетел валютасындағы банктік инвестициялық шот олар бойынша талап ету құқықтарын іске асыру шетел валютасында жүргізілетін зейнетақы активтері бойынша түсімдерді есепке жазуға, шетел валютасында номинирленген бағалы қағаздарды сатып алуға жұмсалатын зейнетақы активтері есебінен шетел валютасын сатып алуға, шетел валютасын сатуға, құны шетел валютасында көрсетілген қаржы құралдары бойынша алынған кірістің түсуіне, бағалы қағаздарды өтеуге, екінші деңгейдегі банктерде шетел валютасында орналастырылған салымдар бойынша қайтарылған сомаларды банктік салымдарға орналастыру мен алуға және шетел валютасындағы басқа да түсімдер мен шығыстар үшін арналған.
Тармақ 14
14. Шартқа сәйкес шетел валютасындағы банктік инвестициялық шотты басқару құқығы Басқарушыға және Қорға тиесілі.
Тармақ 15
15. Шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттағы ақша Шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, кепіл объектісі, Басқарушы немесе Қор кепілдіктерінің, кепілдемесінің және басқа да міндеттемелерінің қамтамасыз етуі болып табылмайды.
Тармақ 16
16. Егер Кастодиан ақша жөнелтушінің банкі болса, Кастодиан, егер төлемді тағайындаудан төлемнің/аударымның Шарттың 13-тармағында белгіленген банктік инвестициялық шот режиміне сәйкес келмейтіндігі немесе мұндай төлем тапсырмаларын орындауға Шарттың 3-тармағының 6) және 20) тармақшаларына сәйкес жол берілмейтіндігі анықталған жағдайда төлемді немесе аударымды жүргізуден бас тартуға құқылы.
Тарау 5. 5-тарау. Қаржы құралдарын есепке алу жөніндегі шоттың режимі
5-тарау. Қаржы құралдарын есепке алу жөніндегі шоттың режимі
Тармақ 17
17. Қаржы құралдарын есепке алуға арналған шот бағалы қағаздарды және зейнетақы активтері есебінен сатып алынған басқа да қаржы құралдарын есепке алуға арналған Қордың баланстан тыс шоты болып табылады.
Тармақ 18
18. Қаржы құралдарын есепке алуға арналған шотты басқару құқығы Басқарушыға тиесілі.
Тармақ 19
19. Қаржы құралдарын есепке алуға арналған шоттағы қаржы құралдары кепіл объектісі, Басқарушы немесе Қор кепілдіктерінің, кепілдемесінің және басқа да міндеттемелерінің қамтамасыз етуі болып табылмайды.
Тарау 6. 6-тарау. Кастодианның қызметтеріне ақы төлеу мөлшері және тәртібі
6-тарау. Кастодианның қызметтеріне ақы төлеу мөлшері және тәртібі
Тармақ 20
20. Басқарушы Кастодианның шоттарын шот түпнұсқасын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күн ішінде Шартқа сәйкес төлейді.
Тармақ 21
21. Шартқа қосымшада көрсетілген Кастодианның тарифтері осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады. Кастодианның тарифтері өзгерген жағдайда осы өзгерістер қосымша келісім түрінде ресімделеді.
Тарау 7. 7-тарау. Есептіліктің нысаны және кезеңділігі
7-тарау. Есептіліктің нысаны және кезеңділігі
Тармақ 22
22. Кастодиан келесі есепті айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша қаржы құралдарын есепке алу шотына (шотынан) бағалы қағаздарды есепке алу (есептен шығару) және салымдарды орналастыру (қайтару) туралы үзінді көшірмені, сондай-ақ «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» акционерлік қоғамының және шетелдік кастодианның үзінді көшірмелерін Басқарушыға және Қорға есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
Тармақ 23
23. Кастодиан есепті айдан кейінгі айдың 5 (бес) жұмыс күні ішінде:
Тармақша 1
1) инвестициялық портфельдің ағымдағы құны;
Тармақша 2
2) теңгедегі және шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттардағы ақша қозғалысы;
Тармақша 3
3) Әлеуметтік кодекстің 58-бабының 1-тармағына сәйкес есептелген зейнетақы активтерінен комиссиялық сыйақыны есептеу үшін қажетті сома;
Тармақша 4
4) инвестициялық кірістен комиссиялық сыйақыны есептеу үшін есептелген инвестициялық кіріс сомасы;
Тармақша 5
5) зейнетақы активтерден Қордың комиссиялық сыйақы сомасы;
Тармақша 6
6) инвестициялық кірістен Басқарушының комиссиялық сыйақы сомасы;
Тармақша 7
7) есептелген комиссиялық сыйақы бойынша дебиторлық берешек сомасы;
Тармақша 8
8) Шарттың 4-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген шығыстар сомасы туралы деректерді электрондық түрде қалыптастырады және салыстырып тексеру үшін Басқарушыға және Қорға жібереді.
Тармақ 24
24. Басқарушы сенімгерлік басқарудағы зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілік коэффициенттері туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында жариялаған күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде электрондық түрде қалыптастырады және Басқарушы алған зейнетақы активтерінің нақтылы кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі мәні арасындағы теріс айырманы өтеу сомасы туралы деректерді салыстырып тексеру үшін Кастодианға және Қорға жібереді.
Тармақ 25
25. Шарттың 23-тармағының 1)-8) тармақшаларында көрсетілген деректер бойынша салыстырып тексеруді Қор, Басқарушы және Кастодиан 3 (үш) жұмыс күн ішінде жүзеге асырады және үш жақты салыстырып тексеру актісімен ресімделеді, оған Кастодианның, Басқарушының және Қордың уәкілетті өкілдері есепті айдан кейінгі айдың 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірмей қол қоюға тиіс. 24-тармақта көрсетілген соманы салыстырып тексеруді Қор, Басқарушы және Кастодиан жүзеге асырады және үш жақты салыстырып тексеру актісімен ресімделеді, оған Кастодианның, Басқарушының және Қордың уәкілетті өкілдері инвестициялық портфельді басқарушының теріс айырманы меншікті капиталы есебінен өтеу тәртібі мен мерзімдерін айқындайтын уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленген мерзімде қол қояды. Салыстырып тексеру актісінде:
Тармақша 1
1) салыстырып тексеру жүзеге асырылатын салыстырып тексеру актісін жасау күні және кезеңі;
Тармақша 2
2) зейнетақы активтерінен және инвестициялық кірістен түскен есептелген сыйақы; есептелген жиынтық кіріс немесе шығын сомалары туралы салыстырып тексеру жүзеге асырылатын кезеңге ақпарат;
Тармақша 3
3) инвестициялық шоттардағы ақша қаражат қалдығы туралы салыстырып тексеру актісін жасау күнге ақпарат;
Тармақша 4
4) Шартта көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Тармақ 26
26. Зейнетақы активтерге қатысты инвестициялық қызметті жүзеге асыруға байланысты өзге де шығыстар туындаған кезде, Кастодиан, Басқарушы және Қор осындай шығыстарды салыстырып тексереді.
Тарау 8. 8-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
8-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
Тармақ 27
27. Кастодиан Басқарушының немесе Қордың, олар Шарттың талаптарына сәйкес жіберген тапсырмаларын (бұйрықтарын) уақтылы орындамаған жағдайда, Кастодиан тапсырмасы (бұйрығы) мерзімінде орындалмаған тарапқа, төлеу күнін қоса алғанда әрбір кешіктірілген күн үшін мерзімінде орындалмаған тапсырмада көрсетілген сомаға есептелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем жасалған күніне белгілеген 1,5 базалық мөлшерлеме мөлшерінде айыппұл төлейді.
Тармақ 28
28. Шарттың 4-тармағының 3) тармақшасында және 7-тармағының 11) тармақшасында көрсетілген шот-фактураларды уақтылы төлемеген жағдайда, Қор және (немесе) Басқарушы Кастодианға Қор мен Басқарушының арасында жасалған инвестициялық портфельді басқару жөніндегі шартқа сәйкес, төлеу күнін қоса алғанда, әрбір мерзімі өткен күніне төленбеген сомаға есептелетін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем жасау күніне белгілеген 1,5 базалық мөлшерлеме мөлшерінде айыппұл төлейді.
Тармақ 29
29. Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамау, дұрыс орындамау немесе уақтылы орындамау нәтижесінде басқа тарапқа немесе тараптарға зиян келтірген тарап осындай жағдайлар туындағаннан кейін бес жұмыс күн ішінде осы тарапқа немесе тараптарға зиянды өтеуге және әр тараптың зиян сомасына жеке есептелетін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем жасау күніне белгілеген ___________базалық мөлшерлемесінің мөлшерінде айыппұл төлеуге міндетті.
Тармақ 30
30. Егер айыппұлдардың туындау негіздері Шарттың 9-тарауында көрсетілген еңсерілмейтін күш жағдайларына тікелей байланысты болса, тараптар Шарттың 27, 28 және 29-тармақтарында көрсетілген айыппұлдарды төлеуден босатылады.
Тармақ 31
31. Басқарушы Кастодианға Қазақстан Республикасының бастапқы, қайталама бағалы қағаздар нарықтарында және халықаралық нарықтарында жасалатын мәмілелер бойынша есеп айырысу бойынша төлем тапсырмаларын, сондай-ақ орталық депозитарийдің қағидалар жиынтығына сәйкес келетін бұйрықтарды немесе Шартқа сәйкес келмейтін төлем тапсырмаларын уақтылы бермегені үшін жауапкершілік атқарады.
Тарау 9. 9-тарау. Еңсерілмейтін күш жағдайлары
9-тарау. Еңсерілмейтін күш жағдайлары
Тармақ 32
32. Егер қандай да бір тарапқа Шарттың 32-тармағында көрсетілген еңсерілмейтін күш жағдайлары Шарт бойынша міндеттемелерді орындауға бөгет, кедергі жасайтын, кешіктіретін жағдайда, осы тараптың Шарт бойынша міндеттемелерін орындау еңсерілмейтін күш жағдайлары созылатын уақытқа мөлшерлес және олар жоғарыда аталған міндеттемелерді орындауға бөгет, кедергі жасаған немесе кешіктірген деңгейде тоқтатыла тұрады.
Тармақ 33
33. Еңсерілмейтін күш жағдайлары, мыналарды қоса алғанда, бірақ бұлармен шектелмейтін кез келген жағдайларды: өртті, су тасқынын, жер сілкінісін, соғысты (жарияланған және жарияланбаған), көтерілістерді, ереуілдерді, азамат соғысын немесе тәртіпсіздіктерді, Шартта көрсетілген қызмет түрлеріне тікелей немесе жанама тыйым салатын заңдарды, уәкілетті және (немесе) мемлекеттік органдардың қаулыларын, шешімдерін және өзге де актілерін білдіреді.
Тармақ 34
34. Еңсерілмейтін күш жағдайлары туындаған күні Шарт бойынша міндеттемелерін орындауда кедергілер болған тарап басқа тараптарды еңсерілмейтін күш жағдайларының басталғаны және өзінің осындай міндеттемелерді орындауына еңсерілмейтін күш жағдайларының әсер ететіні туралы жазбаша хабардар етуге тиіс. Егер тарап осы тармақта белгіленгендей еңсерілмейтін күш жағдайлары туралы хабарлама жасамаса, осындай тарап, еңсерілмейтін күш жағдайларының салдарынан басқа тараптарға хабарлама жіберуге мүмкіндік болмаған жағдайларды қоспағанда, Шарттың 35-тармағында ескертілген құқықты жоғалтады.
Тармақ 35
35. Еңсерілмейтін күш жағдайлары тоқтағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде оған ұшыраған тарап басқа тараптарды еңсерілмейтін күш жағдайларының тоқтағаны туралы жазбаша хабардар етіп, Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауды жалғастырады. Егер еңсерілмейтін күш жағдайлары басталғаннан кейін бір айдан астам мерзімге созылса, кез келген тарап Шарттың қолданылуын Шарттың 10-тарауына сәйкес тоқтатуға құқылы.
Тарау 10. 10-тарау. Шарттың қолданыс мерзімі және оны бұзу тәртібі
10-тарау. Шарттың қолданыс мерзімі және оны бұзу тәртібі
Тармақ 36
36. Шарт оған тараптар қол қойған сәттен бастап жасалған деп саналады және мерзімсіз қолданыста болады.
Тармақ 37
37. Шарт бойынша міндеттемелерді тоқтатудың жалпы негіздерімен қатар, осы Шарт мынадай:
Тармақша 1
1) Қордың шешімі бойынша;
Тармақша 2
2) Басқарушының талап етуі бойынша;
Тармақша 3
3) Кастодианның шешімі бойынша;
Тармақша 4
4) Басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін сақтауды және есепке алуды жүзеге асыратын Кастодианның лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе лицензиядан айырылған және басқа кастодиан банкпен кастодиан лицензиясының қолданысы тоқтата тұрған немесе лицензиядан айырылған күннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде жаңа кастодиандық шартын жасамаған жағдайлардың бірінде бұзылады.
Тармақ 38
38. Шартты бұзудың бастамашысы Шартты бұзу белгіленген күнінен күнтізбелік отыз күн бұрын Шарттың тараптарын хабардар етуге міндетті.
Тармақ 39
39. Қордың зейнетақы активтерін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жаңа Кастодианға беру рәсімі аяқталғаннан кейін Шарт бұзылды деп саналады.
Тармақ 40
40. Шарт Кастодианның бастамасы бойынша бұзылған жағдайда ол Шарт бойынша өз міндеттемелерін Қор мен Басқарушы уәкілетті органның кастодиандық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар басқа банкпен кастодиандық шартқа қол қою сәтіне дейін орындауға міндетті.
Тарау 11. 11-тарау. Басқа да талаптар
11-тарау. Басқа да талаптар
Тармақ 41
41. Тараптар Шарттың нысанасына қатысты және Шарт бойынша тараптардың қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға міндеттенеді.
Тармақ 42
42. Шарт әр тарапқа бір данадан, заң күші бірдей, мемлекеттік және орыс тілдерінде үш данада жасалды.
Тармақ 43
43. Шарттың талаптары тараптардың арасында жеке немесе бірге жасалған кез келген өзге шарттың немесе келісімнің талаптарына қайшы келетін болса, Шарттың ережелері басым болып табылады және тараптар бірінші кезекте Шарттың ережелерін басшылыққа алатын болады.
Тармақ 44
44. Шартқа өзгерістер мен толықтырулар тараптардың жазбаша келісімі бойынша, Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша келісімдерге қол қою арқылы енгізіледі.
Тармақ 45
45. Шарт бойынша тараптардың реттелмеген даулары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.
Тармақ 46
46. Тараптардың ешқайсысы Шарт бойынша өзінің құқықтарын немесе міндеттемелерін үшінші тұлғаларға беруге құқылы емес.
Тарау 12. 12-тарау. Тараптардың деректемелері және қолдары
12-тарау. Тараптардың деректемелері және қолдары Қор Басқарушы ____________________________ (Қордың деректемелері, бизнес сәйкестендіру нөмірі, пошталық мекенжайы, телефондары, банктік сәйкестендіру коды, жеке сәйкестендіру коды, бенефициар коды) ________________________________ (Қор өкілінің лауазымы, қолы) мөр орны (бар болса) __________________________ (Басқарушының деректемелері, бизнес сәйкестендіру нөмірі, телефондары, пошталық мекенжайы, банктік сәйкестендіру коды, жеке сәйкестендіру коды, бенефициар коды) ________________________________ (Басқарушы өкілінің лауазымы, қолы) мөр орны (бар болса) Кастодиан _______________________________________________ _______________________________________________ (Кастодианның деректемелері, пошталық мекенжайы, телефондары, банктік сәйкестендіру коды, жеке сәйкестендіру коды, бенефициар коды) _______________________________________________ (Кастодиан өкілінің лауазымы, қолы) мөр орны (бар болса)
Басқа 3. Кастодиандық қызмет көрсету тарифтері
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, инвестициялық портфельді басқарушы және кастодиан-банк арасында жасалатын үлгілік кастодиандық шартқа қосымша Кастодиандық қызмет көрсету тарифтері № Опе­ра­ци­я­ның ата­уы Өн­ді­ріп алы­на­тын ко­мис­сия Ес­керт­пе … … … …
Басқа 4. Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актісінің жекелеген құрылымдық элементтерінің тізбесі
Қаулыға 3-қосымша Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актісінің жекелеген құрылымдық элементтерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен инвестициялық портфельді басқарушы арасында жасалған зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттың үлгі нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 9 ақпандағы № 15 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22194 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, инвестициялық портфельді басқарушы және кастодиан-банк арасында жасалған кастодиандық шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 9 ақпандағы № 17 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22202 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 66 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29609 болып тіркелген) бекітілген Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 4 және 5-тармақтары.