О создании комиссии по государственным символам при акиме Южно-Казахстанской области Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.12.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң жанындағы мемлекеттiк нышандар жөнiндегi комиссияны құру туралы "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 24 қаңтардағы № 2797 Конституциялық заң күшi бар Жарлығын және "Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi жанындағы мемлекеттiк нышандар жөнiндегi комиссиялар туралы үлгi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 12 қарашадағы № 1131 қаулысын жүзеге асыру мақсатында Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң жанынан мемлекеттiк нышандар жөнiндегi комиссия құрылсын.
Тармақ 2
2. Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң жанындағы мемлекеттiк нышандар жөнiндегi комиссияның ережесi бекiтiлсiн (қоса тiркеледi).
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары Ә.Ә.Бектаевқа жүктелсiн.
Басқа 4. Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң жанындағы мемлекеттiк нышандар жөнiндегi комиссия туралы ЕРЕЖЕ
"Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң жанындағы мемлекеттiк нышандар жөнiндегi комиссияны құру туралы" Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмиятының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 671 қаулысына қосымша Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң жанындағы мемлекеттiк нышандар жөнiндегi комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң жанындағы мемлекеттiк нышандар жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмi жанындағы мемлекеттiк нышандарды зерделеу, насихаттау және қолдану саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан "Республикасының мемлекеттiк нышандары туралы" 1996 жылғы 24 қаңтардағы № 2797 Конституциялық заң күшi бар Жарлығына сәйкес мемлекеттiк қалыптастыру және оларды қолдану практикасын қорыту бойынша ұсыныстар әзiрлеу жөнiндегi консультациялық-кеңесшi орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмi лауазымы бойынша Комиссия төрағасы болып табылады. Комиссияның дербес құрамы заңнамада белгiленген тәртiппен белгiленедi.
Тарау 2. 2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi
2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi
Тармақ 4
4. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
Тармақша 1
1) халықтың арасында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандарына құрмет қатынастарын қалыптастыру;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандарын насихаттау және қолдану мәселелерi, Оңтүстiк Қазақстан облысы аумағында мемлекеттiк стильдi қалыптастыру жөнiнде ұсынымдар мен ұсыныстар әзiрлеу;
Тармақша 3
3) мемлекеттiк бiрдейлендiру нышандарын қолданудың нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу болып табылады.
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандарын қолданудың нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу болып табылады.
Тарау 3. 3. Комиссияның өкiлеттiлiгi
3. Комиссияның өкiлеттiлiгi
Тармақ 5
5. Осы Ережемен анықталған мiндеттердi iске асыру үшiн Комиссия:
Тармақша 1
1) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға мемлекеттiк нышандарды насихаттау және қолдану жөнiндегi мәселелердi шешуде консультациялық көмек көрсетедi;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк бiрдейлендiру нышандары мен геральдикалық белгiлердi жасаудың және енгiзудiң әлемдiк тәжiрибесiн зерделейдi және мемлекеттiк нышандар жөнiндегi республикалық комиссияға Қазақстан Республикасында оларды қолданудың нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
Тармақша 3
3) Оңтүстiк Қазақстан облысы аумағында ресми iс-шаралар өткiзу кезiнде нышандарды қолданудың рәсiмдiк ережелерiн әзiрлеуге қатысады;
Тармақша 4
4) мемлекеттiк нышандарды насихаттау және мемлекеттiк стильдi қалыптастыру жөнiндегi жұмысты жетiлдiруге бағытталған зерттеулердi жүргiзуге бастамашылық жасайды;
Тармақша 5
5) геральдикалық белгiлер жобаларын қарайды және сараптама қорытындыларын дайындауды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) Комиссия құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша азаматтардың жазбаша өтiнiштерiн қарайды;
Тармақша 7
7) Комиссия өз өкiлеттiктерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асыру кезiнде жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық бiрлестiктермен, басқа да мүдделi ұйымдармен өзара iс-қимыл жасайды.
Тармақ 6
6. Комиссия:
Тармақша 1
1) өз құзыретi шеңберiнде жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан, мүдделi ұйымдар мен лауазымды тұлғалардан жұмысқа қажеттi ақпаратты және өзге де материалдар мен мәлiметтердi сұрауға және алуға;
Тармақша 2
2) өздерiнiң отырыстарында жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларын олардың құзыретi шеңберiнде Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiн орындау жөнiнде жүргiзген жұмыстары туралы тыңдауға;
Тармақша 3
3) Оңтүстiк Қазақстан облысы аумағында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандарын насихаттау және қолдану мәселелерi бойынша жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметiне уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың тексеру жүргiзуiне бастамашылық жасауға;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қаражат шегiнде және сол қаражат есебiнен мемлекеттiк нышандарды насихаттау және қолдану мәселелерi жөнiнде кең ауқымды акциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, мәжiлiстер өткiзуге;
Тармақша 5
5) мемлекеттiк нышандар жөнiндегi республикалық комиссияға, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға, мүдделi ұйымдар мен қоғамдық бiрлестiктерге Комиссия қызметiнiң нәтижесi болып табылатын ұсынымдық сипаттағы талдау, әдiстемелiк және өзге де ақпараттық материалдарды жолдауға;
Тармақша 6
6) Комиссия құзыретiне жататын сараптамалық талдау зерттеулерiн жүргiзу үшiн сараптама кеңесiн құруға құқылы.
Тарау 4. 4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 7
7. Комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарларынан, хатшыдан және Комиссия мүшелерiнен тұрады.
Тармақ 8
8. Комиссия жұмысы қоғамдық негiзде жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Комиссияның төрағасы:
Тармақша 1
1) Комиссияға жалпы басшылық етудi жүзеге асырады, Комиссия отырыстарында төрағалық етедi;
Тармақша 2
2) Мемлекеттiк нышандар жөнiндегi республикалық комиссия төрағасын Комиссияның қызметi туралы тұрақты түрде хабардар етедi және оған мемлекеттiк нышандарды насихаттау және қолдану жөнiнде жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
Тармақша 3
3) Комиссияның сараптама кеңесiнiң құрамын бекiтедi;
Тармақша 4
4) Комиссия мүшелерi арасында тапсырмаларды бөледi;
Тармақша 5
5) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға, мүдделi ұйымдарға және лауазымды тұлғаларға Комиссия отырыстарына материалдар, өзiнiң атына келiп түскен ұсыныстар бойынша қорытындылар дайындауды тапсырады;
Тармақша 6
6) Комиссия отырыстарының хаттамаларына, жұмыс жоспарларына қол қояды;
Тармақша 7
7) Комиссияның жұмысын жетiлдiру және оның құзыретiне кiретiн өзге де мәселелер бойынша Комиссия мүшелерiнiң ұсыныстарын қарайды;
Тармақша 8
8) Комиссия отырыстарының күн тәртiбiн анықтайды.
Тармақ 10
10. Комиссия төрағасының орынбасарлары:
Тармақша 1
1) Төраға тапсырмаларының және Комиссия ұсынымдарының орындалуын бақылауды қамтамасыз етедi;
Тармақша 2
2) Комиссияның ағымдағы және перспективалық жұмыс жоспарларын Комиссия төрағасына бекiтуге енгiзедi;
Тармақша 3
3) Комиссия отырыстарын дайындау үшiн жалпы бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) Комиссия төрағасының келiсiмiмен Комиссия хатшысына немесе мүшелерiне Комиссия құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша материалдарды, азаматтардың жазбаша өтiнiштерiн қарауға жiбередi;
Тармақша 5
5) осы Ережеге сәйкес Комиссия төрағасының өзге де тапсырмаларын орындайды.
Тармақ 11
11. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгiнiң Оңтүстiк Қазақстан облыстық ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасының бастығы лауазымы бойынша Комиссияның жұмыс органына басшылықты жүзеге асыратын Комиссия хатшысы болып табылады.
Тармақ 12
12. Комиссияның мүшелерi:
Тармақша 1
1) халық арасында мемлекеттiк нышандарға құрмет қатынастарын қалыптастыруға жәрдемдеседi, бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде және қаражат есебiнен насихаттауға қатысады;
Тармақша 2
2) Комиссия отырыстарына қатысады;
Тармақша 3
3) Комиссия төрағасының және төраға орынбасарларының тапсырмаларын орындайды;
Тармақша 4
4) Комиссия құзыретiне жататын мәселелер бойынша ұсынымдар, сараптама қорытындыларын дайындауға қатысады;
Тармақша 5
5) Комиссияның жұмыс органынан Комиссия отырыстарына қажеттi материалдар алады;
Тармақша 6
6) Комиссияның ағымдағы және перспективалық жұмыстарын жоспарлауға қатысады;
Тармақша 7
7) жазбаша түрде баяндалатын, хаттамаға қоса берiлетiн ерекше пiкiрге құқығы бар.
Тармақ 13
13. Оңтүстiк Қазақстан облыстық ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасы Комиссияның жұмыс органы болып табылады. Жұмыс органы:
Тармақша 1
1) Комиссияның жұмысын жалпы ұйымдастыруды және оның мүшелерiнен қалыптасатын сараптама кеңесiнiң қызметiн үйлестiрудi жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк нышандарды қолдану және насихаттау мәселелерi қарауына жататын Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппаратының лауазымды тұлғаларына әдiстемелiк көмек көрсетедi;
Тармақша 3
3) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан ақпарат жинауды, өңдеудi, мемлекеттiк нышандарды қолдану және насихаттау практикасын талдауды, бұл саладағы жұмыстарды жетiлдiру жөнiндегi ұсынымдар жасауды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға және өзге мүдделi ұйымдарға Комиссия ұсынымдарын түсiндiредi және жолдайды;
Тармақша 5
5) бұқаралық ақпарат құралдарымен Оңтүстiк Қазақстан облысы аумағында мемлекеттiк нышандарды насихаттауға және қолдануға бағытталған Комиссия қызметiн жариялау жөнiнде өзара iс-қимылды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) өз өкiлеттiктерi шегiнде өтiнiш бiлдiрушiлерге олар енгiзген ұсыныстар бойынша қорытынды жолдайды;
Тармақша 7
7) Комиссия отырыстарына материалдарды, Комиссияның ағымдағы және перспективалық жұмыс жоспарларының жобаларын дайындауды жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) Комиссия мүшелерiнiң Комиссия жұмысын жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарын қорытады;
Тармақша 9
9) Комиссия құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен, лауазымды тұлғалармен және мүдделi ұйымдармен қызметтiк хат алмасу жүргiзедi;
Тармақша 10
10) iс жүргiзуге жауап бередi, Комиссия материалдарын сақтауды және оларды мұрағатқа өткiзудi жүзеге асырады.
Тармақ 14
14. Комиссия отырыстарын қажеттiгiне қарай, жылына кемiнде екi рет Төраға шақырады.
Тармақ 15
15. Комиссия отырысы, егер оның мүшелерiнiң жартысынан көбi қатысқан болса заңды деп саналады.
Тармақ 16
16. Комиссияның шешiмдерi ұсынымдық сипатқа ие. Қажет болған жағдайда олар Комиссия Төрағасының - облыс әкiмiнiң өкiмiмен ресiмделедi.
Тармақ 17
17. Шешiмдер оның отырысына қатысушылар санының кемiнде үштен екiсiнiң даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған кезде, Комиссияның отырысын төрағалық етушi дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.
Басқа 73. Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң жанындағы мемлекеттiк нышандар жөнiндегi комиссияның құрамы
"Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң жанындағы мемлекеттiк нышандар жөнiндегi комиссияны құру туралы" Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмиятының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 671 қаулысына қосымша Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң жанындағы мемлекеттiк нышандар жөнiндегi комиссияның құрамы Жылқышиев Болат Әбжапарұлы Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi, комиссия төрағасы; Бектаев Әли Әбдiкәрiмұлы Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары; Сәдiбеков Ұласбек Сәдiбекұлы Оңтүстiк Қазақстан облысы жастар iсi және iшкi саясат жөнiндегi департаментiнiң бастығы, комиссия төрағасының орынбасары; Байғұт Мархабат Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша ақпарат басқармасының бастығы, комиссия хатшысы (келiсiмi бойынша); Жүмжаев Ғалым Құралбекұлы Шымкент қаласының әкiмi; Атжан Қалыбек Жапайұлы Облыстық теле-радиокомпанияның директоры, Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты (келiсiмi бойынша); Әшiрбаев Бақытжан Құдайбергенұлы Оңтүстiк Қазақстан облысы сәулет және аумақтарда құрылыс салу басқармасының бастығы; Жалмұрзаев Батырбек Қаратайұлы Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппараты әлеуметтiк-мәдени кешен бөлiмiнiң меңгерушiсi. Жүзенов Бегiмше Бексүлтанүлы Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша мемлекеттiк қадағалау басқармасының бастығы (келiсiмi бойынша); Кирюхин Юрий Георгиевич "Южный Казахстан" облыстық қоғамдық-саяси газетiнiң бас редакторы (келiсiмi бойынша); Тасқүлов Иса Омарұлы "Оңтүстiк Қазақстан" облыстық қоғамдық-саяси газетiнiң бас редакторы (келiсiмi бойынша); Сарманов Әбдiмәлiк Әбдiсаттарұлы "Жанубий Қозоғистон" облыстық қоғамдық-саяси газетiнiң бас редакторы (келiсiмi бойынша); Тұрғараев Мұхит екетұлы Оңтүстiк Қазақстан облыстық әдiлет департаментi бастығының орынбасары (келiсiмi бойынша); Бишiмбаев Уәлихан Қозыкеұлы М.Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiнiң ректоры, Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты (келiсiмi бойынша); Шалабаев Исмаилбек Ыбырайұлы Оңтүстiк Қазақстан облысы қаржы және коммуналдық меншiк департаментi бастығының орынбасары.