Об утверждении Методики определения гарантированной суммы, предоставляемой в качестве возмещения стоимости товаров и (или) услуг, услуг по перевозке лиц с инвалидностью на инватакси, приобретаемых лицами с инвалидностью через портал социальных услуг Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 12-бабы 5) тармақшасының жиырма алтыншы абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау әдістемесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мыналардың:
Тармақша 1
1) «Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2022 жылғы 20 қаңтардағы № 20 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26601 болып тіркелген);
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушысының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2022 жылғы 9 тамыздағы № 298 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29077 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 3-тармағының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызмет көрсету департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігінің Ұлттық статистика бюросы
Басқа 0. Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау әдістемесі
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 2 маусымдағы № 199 бұйрығымен бекітілген Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау әдістемесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 12-бабы 5) тармақшасының жиырма алтыншы абзацына сәйкес әзірленді және мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау мақсатында қолданылады.
Тармақ 2
2. Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) арнаулы жүріп-тұру құралдары – мүгедектігі бар адамның жүріп-тұруын қамтамасыз ететін техникалық көмек түрі;
Тармақша 2
2) 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 02.04.2026 № 117 бұйрығымен;
Тармақша 3
3) әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орталық мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 4
4) инватакси – мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған такси;
Тармақша 5
5) мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган – мемлекеттік сатып алу саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 6
6) 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 02.04.2026 № 117 бұйрығымен;
Тармақша 7
7) техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар: протездік-ортопедиялық құралдар – аяқ-қолдың жоқтығын немесе дененің басқа да мүшелерін алмастыратын, аурудың немесе денсаулыққа зақым келудің салдарынан организмнің бұзылған немесе жоғалтқан функцияларының орнын толтыратын құралдар; сурдотехникалық құралдар – есту қабілетінің бұзылуын түзеуге және оның орнын толтыруға арналған техникалық құралдар, сондай-ақ дыбысты күшейтетін байланыс және ақпарат беру құралдары; тифлотехникалық құралдар – мүгедектігі бар адамдардың көру қабілетінің бұзылуы салдарынан жоғалтқан мүмкіндіктерін түзеуге және олардың орнын толтыруға бағытталған құралдар; міндетті гигиеналық құралдар – табиғи физиологиялық мұқтаждықтарды және қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған құралдар;
Тармақша 8
8) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган – облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы бағыттарын айқындайтын жергілікті атқарушы органы;
Тармақша 9
9) электрондық дүкен – мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша бірыңғай оператор айқындайтын талаптарға сәйкес келетін электрондық сауда алаңдарында орналастырылған деректердің агрегациясын қамтамасыз ететін веб-порталдың кіші жүйесі.
Тарау 2. 2-тарау. Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау
2-тарау. Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау
Тармақ 3
3. Кепілдік берілген сома Кодекстің 12-бабы 5) тармақшасының жиырма бесінші абзацына сәйкес әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орталық мемлекеттік орган бекіткен Мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және санаторий-курорттық емдеудің әрбір түрі үшін айқындалады.
Тармақ 4
4. Кепілдік берілген соманы айқындауға арналған ақпарат дереккөздеріне мыналар жатады:
Тармақша 1
1) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталының деректері (бұдан әрі – бірінші дереккөз) – өткен қаржы жылындағы бағалардың орташа мәні.
Тармақша 2
2) электрондық дүкеннің деректері (бұдан әрі – екінші дереккөз) – саудаға қатысушылардың үш ең төмен бағасының ішіндегі ең жоғарысы.
Тармақ 5
5. Екі дереккөздің біреуінің деректері болмаған жағдайда кепілдендірілген соманы анықтау екі дереккөздің біреуінің деректері негізінде жүзеге асырылады. Бірінші және екінші дереккөздердің деректері болмаған жағдайда кепілдендірілген соманы анықтау бюджеттік заңнамаға сәйкес тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді (прайс-парақтар) жеткізушілердің әлеуетті өнім берушілерінің коммерциялық ұсыныстары негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 1. 1-параграф. Бағалардың орташа мәнін есептеу
1-параграф. Бағалардың орташа мәнін есептеу
Тармақ 6
6. Бағаның орташа мәні мынадай формула бойынша есептеледі: БОМ = (Б1* D1 + ... Б∞ * D∞), мұндағы: БОМ – бағаның орташа мәні; Б1 – бір бағамен сатылған тауардың/қызметтің бір түрі үшін баға; D1 – сатылған тауардың/қызметтің бір түрінің жалпы санынан бір баға бойынша өткізілген тауардың/қызметтің бір түрі санының үлесі (бұдан әрі – үлес). Үлес мынадай формула бойынша есептеледі: D1... ∞ = C1... ∞/∑C, мұндағы: С1 – бір бағамен сатылған тауардың/қызметтің бір түрінің саны; ∑С – сатылған тауардың/қызметтің бір түрінің жалпы саны. Бағаның орташа мәнін есептеу кезінде сатылған тауардың/көрсетілетін қызметтің саны сатудың жалпы санының 5 % - ынан кем болатын ең төмен және ең жоғары бағалардан басқа, бірінші көздің деректері пайдаланылады.
Тармақ 2. 2-параграф. Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы есептеу
2-параграф. Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы есептеу
Тармақ 7
7. Тауардың және (немесе) көрсетілетін қызметтің бірлігі үшін кепілдік берілген сома Әдістеменің 4-тармағында көрсетілген дереккөздердің деректері негізінде мынадай формулалардың бірі бойынша есептеледі:
Тармақша 1
1) барлық екі дереккөздің деректері болған кезде тауарларға және (немесе) көрсетілетін қызметтерге кепілдік берілген сома мынадай формула бойынша есептеледі: КБС = ( БОМ1+ ЕТБ2)/2, мұндағы: КБС – кепілдік берілген сома; БОМ1 – екінші дереккөз бойынша деректер бағасының орташа мәні; ЕТБ2 – берушілерінің ұсынған үш коммерциялық ұсынысының ішіндегі ең төмен баға;
Тармақша 2
2) бірінші дереккөз бойынша деректер болмаған кезде тауарға және (немесе) қызметке кепілдік берілген сома мынадай формула бойынша есептеледі (екіншісінің деректері негізінде): КБС = ЕТБ2* ТБИ, мұндағы: КБС – кепілдік берілген сома; ЕТБ2 – берушілерінің ұсынған үш коммерциялық ұсынысының ішіндегі ең төмен баға; ТБИ – тұтыну бағасының индексі ТБИ мынадай формула бойынша есептеледі: ТБИ = ТБИt/100+1, мұндағы: ТБИt – Қазақстан Республикасының келесі жылға әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес инфляция; 1 – коэффициент.
Тармақша 3
3) бірінші дереккөз бойынша деректер болмаған кезде тауарға және (немесе) қызметке кепілдік берілген сома мынадай формула бойынша есептеледі (біріншінің деректері негізінде): КБС = БОМ1*ТБИ, мұндағы : КБС – кепілдік берілген сома; БОМ – бірінші дереккөз бойынша деректер бағасының орташа мәні; (данные портала социальных услуг); ТБИ – тұтыну бағасының индексі. ТБИ = ТБИt/100+1, мұндағы: ТБИt – Қазақстан Республикасының келесі жылға әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес инфляция; 1 – коэффициент.
Тарау 3. 3-тарау. Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік көрсететін қызметтер порталы арқылы сатып алатын жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының қызметтеріне құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау
3-тарау. Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік көрсететін қызметтер порталы арқылы сатып алатын жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының қызметтеріне құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау
Тармақ 8
8. Жеке көмекшінің бір сағаттық қызметтеріне кепілдік берілген сома тиісті қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы Заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 13,64 пайызы есебінен айқындалады. КБС = АЕК*13,64 %, мұндағы: КБС – кепілдік берілген сома; АЕК – айлық есептік көрсеткіш. Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепілдік берілген сомадан міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарын төлеуге шығыстар ұсталады.
Тармақ 9
9. Ымдау тілі маманының бір сағаттық қызметтеріне кепілдік берілген сома тиісті қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы Заңда белгіленген 2,1 айлық есептік көрсеткіш есебінен айқындалады. КБС = 2,1*АЕК, мұндағы: КБС кепілдік берілген сома; 2,1 – коэффициент; АЕК – айлық есептік көрсеткіш.
Тарау 4. 4-тарау. Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алатын мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау
4-тарау. Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алатын мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау
Тармақ 9-1
9-1. Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді көрсеткені үшін машина-сағаттың құны негізінде кепілдік берілген сома мынадай формула бойынша есептеледі: КС = МС (ММ) * С (М), мұндағы: МС - бір машина-сағаттың құны (теңге); ММ - бір машина-минутының құны (теңге); С – жұмсалған сағат саны; М – жұмсалған минут саны.
Тармақша 1
1) Бір машина-сағаттың құны: МС = ∑Ш _жалпы/ ∑С _ай, мұндағы: МС - бір машина-сағаттың құны (теңге); ∑Ш_жалпы - айына 1 машинаға арналған жиынтық шығыстар (теңге); ∑С _ай - айына машина-сағаттарының жалпы саны. Айына жиынтық шығыстар формула бойынша есептеледі: ∑Ш _жалпы = тікелей шығындар + жанама шығындар, мұндағы: тікелей шығындар: - қыметкерлердің жалақысы; - еңбекақы төлеу қорына салынатын салықтар; - автомобильдің амортизациясы; - сақтандыру; - жалға алу (бар болса), диспетчерлеу; - абоненттік байланыс ақысы. жанама шығындар: - жанармай; - техникалық қызмет көрсету; - шығын материалдары; - GPS жүйесінің шығындары. Айына машина-сағаттардың жалпы саны мына формула бойынша есептеледі: ∑С _ай = күніне сағат × айдағы күндер.
Тармақша 2
2) Бір машина-минутының құны: ММ = МС/60 мин, мұндағы: ММ - бір машина-минутының құны (теңге); МС - бір машина-сағаттың құны (теңге).
Тармақ 10
10. Осы Әдістеменің 4-тарауында көзделген мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, келесі қаржы жылына арналған кепілдік берілген соманы айқындауды әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орталық мемлекеттік орган құратын комиссия ағымдағы қаржы жылының 25 желтоқсанынан кешіктірмей жүзеге асырады. Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге келесі қаржы жылына арналған кепілдік берілген соманы айқындауды халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган құратын комиссия ағымдағы қаржы жылының 25 желтоқсанынан кешіктірмей жүзеге асырады.