О создании комиссии по делам семьи и женщин при акиме города Усть-Каменогорска Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.11.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Өскемен қаласы әкімі жанында отбасылардың және әйелдердің істері бойынша комиссия құру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының 14, 17 тармақшаларына сәйкес, отбасылардың мүдделерін қорғау, қаланың әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өміріне әйелдердің қатысуларын кеңейтуге жағдай жасау мақсатында Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ етеді:
Тармақ 1
1. Қала әкімінің жанында отбасылардың және әйелдердің істері бойынша комиссия құрылсын.
Тармақ 2
2. Қала әкімінің жанындағы отбасылардың және әйелдердің істері бойынша комиссияның құрамы 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Өскемен қалалық мәслихатының кезекті сессиясында қала әкімінің жанындағы отбасылардың және әйелдердің істері бойынша комиссияның дербес құрамы бекітілсін.
Тармақ 4
4. Қала әкімінің 2000 жылғы 19 желтоқсанындағы N 3448 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы шешімге бақылау жасау қала әкімі аппаратының жетекшісі Г.Е.Богатиковаға жүктелінсін.
Басқа 6. Өскемен қаласының әкімі жанында Отбасы және әйелдер істері жөнінде комиссия туралы
Өскемен қаласы әкімінің 2003 жылғы 27 қарашадағы N 2611 қаулысына қосымша Өскемен қаласы әкімінің 2003 жылғы 27 қарашадағы N 2611 қаулысымен Бекітілген Өскемен қаласының әкімі жанында Отбасы және әйелдер істері жөнінде комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Өскемен қаласының әкімі жанында отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдары, Қазақстан Республикасы Президенті мен Їкіметінің актілері, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілері, облыс және қала әкімдіктерінің қаулылары, сондай-ақ осы Ереже құрайды.
Тармақ 2. 2. Комиссияның негізгі міндеттері
2. Комиссияның негізгі міндеттері
Тармақ 3
3. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі Ўлттық комиссия туралы анықтаған басымдықтары мен ұсынымдарына сәйкес кешенді аумақтық (облыстық және қалалық) отбасы, әйелдер мен балаларға қатысты мәселелер жөнінде бағдарламалар жасау;
Тармақша 2
2) отбасы, әйелдер мен балаларды әлеуметтік экономикалық, заңдық және психологиялық тұрғыда қолдаудың қалалық бағдарламасын әзірлеп және жүзеге асыруға қатысу;
Тармақша 3
3) халықтың өсіп-өну процестері мен денсаулығының жай-күйін, әйелдер мен балалардың денсаулығын қорғау, отбасылардың әлеуметтік-экономикалық тұрмыс жағдайларын сипаттайтын көрсеткіштерге кешенді талдау жүргізу;
Тармақша 4
4) отбасының, әйелдер мен балалардың жағдайын жақсартуға бағытталған заң және өзге де нормативтік құқықтық актілер жобаларын дайындап, қарауға қатысу;
Тармақша 5
5) отбасы, әйелдердің және балалардың әлеуметтік, экономикалық саяси және мәдени  өміріндегі ақиқат жағдайын анықтау мәселелері бойынша ақпараттық базаны қалыптастыруға қатысу;
Тармақша 6
6) жергілікті өкілетті органдарға және атқару органдарына әйелдер өкілдерінің көбеюіне ықпал ету;
Тармақша 7
7) шағын және орта бизнесті дамытуға әйелдерді тарту мәселесі бойынша ұсыныстарды өңдеу және қатысу;
Тармақша 8
8) отбасының, әйелдер мен балалардың жағдайын жақсартуға бағытталған жергілікті өкілетті және атқару органдарының, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің (келісім бойынша) шешімінің жобалары мен ұсыныстарын қарауға қатысу;
Тармақша 9
9) көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларын әлеуметтік қолдау, мектепте жалпы білім беруді қамтамасыз ету, жетім балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру және тағы да басқа отбасы, әйелдер және балалар мәселелері жөніндегі әлеуметтік жобаларын жүзеге асыру;
Тармақша 10
10) жергілікті өкілдік және атқару органдары үшін комиссия құзыретіне жататын сұрақтар бойынша ұсынымдар мен ұсыныстарды дайындау;
Тармақша 11
11) қалада отбасы, әйелдер мен балалар мәселелеріне жағдайының толық және объективті ашу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекетте болу;
Тармақша 12
12) өз құзыреті шегінде барлық мүдделі органдармен ықпалдастық, сондай-ақ отбасы, әйелдер мен балалар жағдайының мәселелері жөнінде конференциялар, кеңестер мен семинарлар өткізу.
Тармақ 3. 3. Комиссияның өкілеттігі
3. Комиссияның өкілеттігі
Тармақ 4
4. Комиссия құзыреті шегінде мыналарға құқылы:
Тармақша 1
1) өз отырыстарына әкімге тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшыларын шақыруға және тыңдауға;
Тармақша 2
2) өз іс-әрекетін жүзеге асыру үшін бекітілген тәртіпте қажетті құжаттарды, материалдар мен ақпаратты сұратып алуға; тиісті жергілікті мемлекеттік органдар басшыларынан отбасы, әйелдер мен балалар мәселелеріне қатысты заңдарды бұзу фактілері мен реттеулер бойынша тексерулер мен қызметтік тексерістер жүргізуді талап етуге;
Тармақша 3
3) басшы қызметтерге әйелдер кандидатураларының ұсынылуына ықпал ету;
Тармақша 4
4) отбасы, әйелдер мен балалар мәселелері бойынша статистикалық, талдау, әдістемелік және өзге де ақпараттық материалдарды мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктерге жолдауға хақылы.
Тармақ 4. 4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 5
5. Комиссия өз қызметін Өскемен қаласы әкімдігінің қаулысымен бекітілген Ереженің негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Комиссияны төраға басқарады. Комиссия төрағасының орынбасары болады.
Тармақ 7
7. Комиссия құрамына жергілікті мемлекеттік органдардың және басқада ұйымдардың өкілдері кіреді. Комиссия төрағасының ұсынысы бойынша әкім комиссияның сандық және жеке құрамын белгілейді.
Тармақ 8
8. Комиссия отырыстары қажеттігіне қарай, бірақ тоқсанына бір мәртеден сиретілмей өткізіледі.
Тармақ 9
9. Комиссия отырысқа қатысқан Комиссия мүшелері санының жай көпшілік дауысымен шешімдер қабылдайды. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады. Егер Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3 бөлігі қатысса комиссия отырыстары құқылы болып саналады. Комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді.
Тармақ 10
10. Комиссия төрағасы:
Тармақша 1
1) Комиссияның қызметін ұйымдастырады және оған басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) Комиссия отырыстарының күн тәртібін айқындайды;
Тармақша 3
3) Комиссия отырыстарын шақырады және оларда төрағалық етеді. Комиссия төрағасы болмаған жағдайда, оның төрағасы орынбасары немесе комиссия мүшелерінің бірі төрағалық етеді;
Тармақша 4
4) Комиссия мүшелерінің ішінен Комиссия отырысында қаралатын нақты мәселе бойынша баяндамашыны айқындайды;
Тармақша 5
5) Тоқсан сайын әкімнің және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық Комиссия төрағасының алдында комиссия жұмысының қорытындысы  туралы есеп береді.
Тармақша 6
6) Өскемен қаласының әкімдігі қаулысымен қарастырылған басқа да өкілдіктерді жүзеге асырады. Қала әкімі аппаратының жетекшісі