Об установлении мест для массового отдыха, туризма и спорта на водных объектах и водохозяйственных сооружениях области Абай Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Абай облысының су объектілері және су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм және спортқа арналған орындарды белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Су кодексінің 94-бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Абай облысының су объектілері және су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм және спортқа арналған орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар Министрлігінің Абай облысы бойынша экология департаментінің басшысы ____________________ С. Сарбасов 2023 жылғы «_____» _____________ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы ____________________ Н. Ноғайбаев 2023 жылғы «_____» _____________ Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы басшысы ____________________ Р. Иманбет 2023 жылғы «_____» _____________ Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы басшысының міндетін атқарушы ____________________ Е. Мадиев 2023 жылғы «_____» _____________
Басқа 7. Абай облысының су объектілері және су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм және спортқа арналған орындар
Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы « 1 » маусымдағы № 104 қаулысымен бекітілген Абай облысының су объектілері және су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм және спортқа арналған орындар № р/с Су объектінің/су шаруашылығы құрылысының атауы Жүзудің белгіленген шекараларындағы халықтың жаппай демалатын орындары Орналасқан жері Абай ауданы 1. Оспанкөл көлі Көпшіліктің демалуы үшін пайдаланылатын жағажай (49017′55.95″С; 79028′65.10″В) Кеңгірбай би ауылдық округі Аягөз ауданы 2. Аягөз өзені Көпшіліктің демалуы үшін пайдаланылатын жағажай (47.94747 С, 80.41599 В) Аягөз қаласы Бесқарағай ауданы 3. «Шошқалы» көлі Көпшіліктің демалуы үшін пайдаланылатын жағажай, жүзу аймағының шекараларында қоршауымен (қалқымалар, арқандар) белгіленген (51.28049,78.69898) Қарабас ауылдық округі 4. Канонерка көлі Көпшіліктің демалуы үшін пайдаланылатын жағажай (50.723594, 79.670603) Канонерка ауылы 5. Ертіс өзені Көпшіліктің демалуы үшін пайдаланылатын жағажай (50056.63.44С; 79059,71.22 В) Долон ауылдық округі Долон ауылы 6. Ертіс өзені Көпшіліктің демалуы үшін пайдаланылатын жағажай (50056.63.44С; 79059,71.22 В) Долон ауылдық округі Бөдене ауылы 7. Ертіс өзені Көпшіліктің демалуы үшін пайдаланылатын жағажай (50041.15 С; 79006,44 В) Долон ауылдық округі Мостик ауылы 8. Ертіс өзені Көпшіліктің демалуы үшін пайдаланылатын жағажай (50029.09.11 С; 79052,50.81 В) Долон ауылдық округі Черемушка ауылы Бородулиха ауданы 9. Шүлбі су қоймасы «Жанай» демалыс базасы «Нұрсұлтан» демалыс базасы (50°38'55"04С; 81°12'01"34В) Жерновка ауылдық округі, аудан орталығы Бородулиха ауылынан 65 км қашықтықта орналасқан 10. Жерновски көлдері «Адал компани» демалыс базасы (50.49281, 81.10660) Жерновка ауылдық округі, аудан орталығы Бородулиха ауылынан 35 км таспалы реликті бордың тереңдігінде орналасқан 11. Михайловски көлдері «Кристалл» балалардың сауықтыру лагері (50.66471, 80.67570) Подборный ауылдық округі, Семей қаласынан 40 км қашықтықта орналасқан. «Семей Орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында 12. Большое көлі Көпшіліктің демалуы үшін пайдаланылатын жағажай (50076′50.73′′С; 80094′58.92′′В) Бородулиха ауылы 13. Ертіс өзенінің оң жағалауы Шүлбі су қоймасы «Шығыстүстімет» демалыс орыны (50.398123, 81.102654) Бородулиха ауылы 14. Үбі өзенінің Ертіс өзеніне құятын саласы Көпшіліктің демалуы үшін пайдаланылатын жағажай (50.337224С, 81.643450В) Бородулиха ауданы Уба-Форпост ауылы Жарма ауданы 15. Арасан көлі «Жарма Арасан» сауықтыру орталығы (49.26444,81.74206) Қалбатау ауылдық округі, Қалбатау ауылынан 12 км солтүстік-шығысқа қарай 16. Шар су қоймасы Көпшіліктің демалуы үшін пайдаланылатын жағажай, жүзу аймағының шекараларында қоршауымен белгіленген (49°14'26"N; 81°48'22"E) Қалбатау ауылдық округі, Қалбатау ауылынан18 км онтүстік шығысқа қарай Мақаншы ауданы 17. Алакөл көлі Көпшіліктің демалуы үшін пайдаланылатын жағажай, жүзу аймағының шекараларында қоршауымен (қалқымалар, арқандар) белгіленген (46°07'28.03"С; 82°03'25.23"В) (46°06'87.93"С; 82°03'39.65"В) Қабанбай ауылдық округі 18. Алакөл көлі «Дарабоз» балалар лагері (46.082462, 82.028680) Қабанбай ауылдық округі Семей қаласы 19. Ертіс өзені «Заря» коммуналдық жағажайы, жүзу аймағының шекараларында қоршауымен (қалқымалар, арқандар) белгіленген (50°383777,80°254869) Понтон көпірінің сол жағалауы, Мелькомбинат ауданы 20. Ертіс өзені «Пристань» коммуналдық жағажайы, жүзу аймағының шекараларында қоршауымен (қалқымалар, арқандар) белгіленген (50°425027,80°218422) Пристань ауданы 21. Дамба Көпшіліктің демалуы үшін пайдаланылатын жағажай (50.439419,80.214012) Затон шағын ауданы 22. Бобровка аралы «Еркеназ» демалыс орыны (50.459392,80.196359) Бобровка шағын ауданы Курчатов қаласы 23. Ертіс өзені № 1 қалалық жағажай (50.759306,78.547800) Маяк қонақ үйі ауданында 24. Ертіс өзені № 2 қалалық жағажай (50.750946, 78.557102) № 2 ЖОББМ, № 1 ЖОББМ ауданында 25. Ертіс өзені № 3 қалалық жағажай (50.721729, 78.649879) Саяжай алабы ауданында Көкпекті ауданы 26. Көкпекті өзені Көпшіліктің демалуы үшін пайдаланылатын жағажай (48.762731,82.378569) Көкпекті ауданы