Об утверждении Правил возмещения стоимости товаров и услуг, услуг по перевозке лиц с инвалидностью на инватакси из средств государственного бюджета при реализации их лицам с инвалидностью через портал социальных услуг Қолданыста
Басқа 0
Мүгедектігі бар адамдарға тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 12-бабы 5) тармақшасының жиырма үшінші абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мүгедектігі бар адамдарға тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызмет көрсету департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 1. Мүгедектігі бар адамдарға тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 6 маусымдағы
№ 205 бұйрығына
1-қосымша
Мүгедектігі бар адамдарға тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мүгедектігі бар адамдарға тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 12-бабы 5) тармақшасының жиырма үшінші абзацына сәйкес әзірленді және мүгедектігі бар адамдарға тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) - электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз етудің «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
Тармақша 2
2) арнаулы жүріп-тұру құралдары – мүгедектігі бар адамның жүріп-тұруын қамтамасыз ететін техникалық көмек түрі;
Тармақша 3
3)
12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 02.04.2026 № 117 бұйрығымен;
Тармақша 4
4)
12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 02.04.2026 № 117 бұйрығымен;
Тармақша 5
5) жеке көмекші – жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды бірге алып жүру және объектілерге барған кезде көмек көрсету бойынша қызметтер көрсететін адам;
Тармақша 6
6) 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 02.04.2026 № 117 бұйрығымен;
Тармақша 7
7) инватакси – мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған такси;
Тармақша 8
8) протездік-ортопедиялық көмек – мүгедектігі бар адамдарды протездiк-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету жөніндегі медициналық-техникалық көмектің мамандандырылған түрі және оларды пайдалануды үйрету;
Тармақша 9
9) техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар (бұдан әрі – ОТҚ):
протездік-ортопедиялық құралдар – аяқ-қолдың жоқтығын немесе дененің басқа да мүшелерін алмастыратын, аурудың немесе денсаулыққа зақым келудің салдарынан организмнің бұзылған немесе жоғалтқан функцияларының орнын толтыратын құралдар;
сурдотехникалық құралдар – есту қабілетінің бұзылуын түзеуге және оның орнын толтыруға арналған техникалық құралдар, сондай-ақ дыбысты күшейтетін байланыс және ақпарат беру құралдары;
тифлотехникалық құралдар – мүгедектігі бар адамдардың көру қабілетінің бұзылуы салдарынан жоғалтқан мүмкіндіктерін түзеуге және олардың орнын толтыруға бағытталған құралдар;
міндетті гигиеналық құралдар – табиғи физиологиялық мұқтаждықтарды және қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған құралдар;
Тармақша 10
10) порталдағы тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді берушілер (бұдан әрі – өнім берушілер) – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар және жеке тұлғалар;
Тармақша 11
11) уәкілетті орган – облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы;
Тармақша 12
12) ымдау тілі маманы – мүгедектігі бар адамдар үшін қандай да бір тілден дактильді әліпбиге және (немесе) ымдау тілінде сурдоаударма жасау бойынша қызмет көрсететін маман;
Тармақша 13
13) 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 02.04.2026 № 117 бұйрығымен.
Тармақ 3
3. Өнім берушілерге портал арқылы сатылған ОТҚ-ның, арнаулы жүріп-тұру құралдарының (бұдан әрі – тауарлар), сондай-ақ жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының көрсетілетін қызметтерінің, санаторийлік-курорттық емдеудің, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтер) құнын өтеуді уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тарау 2. 2-тарау. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді портал арқылы өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу тәртібі
2-тарау. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді портал арқылы өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу тәртібі
Тармақ 4
4. Өнім берушіге тауарлар мен қызметтердің құнын өтеу:
Тармақша 1
1) жеке көмекшінің қызметтері;
Тармақша 2
2) ымдау тілі маманының қызметтері;
Тармақша 3
3) санаторийлік-курорттық емдеу;
Тармақша 4
4) арнаулы жүріп-тұру құралдары;
Тармақша 5
5) ОТҚ;
Тармақша 6
6) мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін кепілдік берілген сома шегінде жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Уәкілетті орган тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құнын өнім берушіге өтеуді Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша алушының өнім берушіге кепілдік берілген соманы өтеуге арналған өтініші (бұдан әрі – өтініш) және порталда ұсынылған және өнім берушінің ЭЦҚ-мен расталған өнім берушінің растайтын мына құжаттары негізінде жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) «Бастапқы есепке алу құжаттарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 562 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8265 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 562 бұйрық) бекітілген нысан бойынша жеке көмекшінің ілесіп жүру парақтарын, ымдау тілі маманының ілесіп жүру парақтарын, санаторийлік-курорттық емделуден өткен тізімдерін, протездік-ортопедиялық құралдарға арналған ведомостарын, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8950 болып тіркелген, бұдан әрі – № 859 бұйрық) бекітілген Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсету қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша портал арқылы инватакси қызметтерін көрсетудің маршруттық парағын қоса бере отырып, орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісі;
Тармақша 2
2) № 562 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша кассалық чекті және/немесе өнім берушінің жеткізгенін растайтын құжатты, арнаулы жүріп-тұру құралдары, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар, протездік-ортопедиялық құралдар үшін шот–фактураларды қоса бере отырып, тауарды (ларды) қабылдау-беру актісі.
Өнім берушілер «Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда шот-фактураны жазып беру қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы» 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 370 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары-Қазақстан Республикасы Қаржы министрі міндетін атқарушының бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18583 болып тіркелген) сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда шот-фактураларды, сондай-ақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексі 412-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда онда «Қосымша мәліметтер» жолында кепілдендірілген сомаға және қосымша ақы сомасына бөле отырып, тауарлардың және/немесе қызметтердің құны (бұдан әрі – шот-фактура) көрсетілетін қағаз жеткізгіштегі шот-фактуралар жазып береді.
ОТҚ-ны және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарын курьер жеткізген кезде порталда Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша курьердің тауарды алушыға жеткізгенін растайтын құжат (бұдан әрі – жеткізуді растайтын құжат) қалыптастырылады.
Тармақ 6
6. Өнім беруші уәкілетті орган тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу үшін құжаттарды қарауға қабылдағанға дейін, қажет болған кезде себептерін көрсете отырып, құжаттарды кері қайтарып алады және оларды пысықтайды.
Тармақ 7
7. Уәкілетті орган Е-Собес-ге тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеуге құжаттар келіп түскен күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде (жеке көмекшінің қызметтерін қоспағанда) оларды қарайды және қабылдайды немесе Қағидалардың 14, 17 және 20-тармақтарына сәйкес себептерін көрсете отырып, өнім берушіге түзетуге қайтарады.
Порталдағы «Өнім берушінің жеке кабинеті» модуліне және өнім берушінің ұялы байланысының абоненттік нөміріне құжаттарды пысықтауға қайтару туралы ақпарат жіберіледі.
Тармақ 8
8. Өнім беруші қайтару туралы ақпаратты алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті органның қайтару себептерін жоя отырып, тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеуге құжаттарды қайта жібереді.
Тармақ 9
9. Тауарды алушы жеткізушіге қайтарған жағдайда, өнім беруші тауардың құнын уәкілетті органға қайтаруды тауар қайтарылған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде жүзеге асырады.
Тармақ 1. 1-параграф. Жеке көмекші қызметтерінің құнын өтеу тәртібі
1-параграф. Жеке көмекші қызметтерінің құнын өтеу тәртібі
Тармақ 10
10. Жеке көмекшінің қызметтерін беруші ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 (оныншы) күнінен кешіктірмей уәкілетті органға мыналарды:
Тармақша 1
1) № 562 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша өнім беруші орындаған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісін;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 288 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32994 болып тіркелген) бекітілген Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке көмекшінің сүйемелдеу парағын;
Тармақша 3
3) өтеу сомасын есептеу үшін өнім берушінің банктік деректемелерін;
Тармақша 4
4) шот-фактураны заңды тұлғалар ұсынады.
Тармақ 10-1
10-1. Жеке көмекшінің қызметтерінің құнын өтеуді уәкілетті орган Мемлекеттік корпорация арқылы кепілдік берілген сома шегінде ай сайын жүргізеді.
Уәкілетті орган Е-Собес-ге жеке көмекшінің қызметтерінің құнын өтеуге құжаттар келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды, Қағидалардың 11-тармағына сәйкес оларды қабылдайды немесе себебін көрсете отырып, өнім берушіге қайта қарау үшін қайтарады.
Қабылданған құжаттардың негізінде оларды қарау аяқталғаннан кейін уәкілетті орган Е-Собес-ге жеке көмекшілердің көрсетілетін қызметтерін жеткізушілер туралы мәліметтер енгізіледі. Өтемақы туралы ақпарат автоматты түрде Е-Собес-ден ОДҚ-ға жіберіледі.
ОДҚ-ға келіп түскен мәліметтер негізінде Мемлекеттік корпорация ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 17-күні жеке көмекшінің қызметтерінің құнын өтеуге бюджет қаражатына қажеттілікті қалыптастырады.
Мемлекеттік корпорация мәліметтер келіп түскеннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға жеке көмекшінің көрсеткен қызметтерінің құнын өтеуге қажеттілік сомасы туралы өтінім жібереді.
Төлем айына қажеттілікті қалыптастырғаннан кейін пайда болған сомалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке көмекшінің қызметтерінің құнын өтеу мерзімін көрсете отырып, одан кейінгі айға қосылуы тиіс.
Уәкілетті орган жеке көмекшінің көрсеткен қызметтерінің құнын өтеуге қажеттілік сомасы туралы өтінім келіп түскеннен кейін екі жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға жеке көмекшінің көрсеткен қызметтерінің құнын өтеуге қажеттілік сомасы туралы өтінімде көзделген сомалар шегінде ақшалай қаражат аударады.
Мемлекеттік корпорация жеке көмекшінің көрсеткен қызметтерінің құнын өтеу сомасы түскеннен кейін екі жұмыс күні ішінде төлем кестесіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен айқындалған форматта төлем тапсырмасын қалыптастырады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14419 болып тіркелген) және қаражатты өнім берушінің банктік шотына аударуды жүзеге асырады.
Тармақ 10-2
10-2. Жеке көмекші қызметтерінің құнын өтеу сомасы қайтарылған кезде Мемлекеттік корпорация қайтарылғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей ОДҚ арқылы Е-Собес-ге жеке көмекші қызметтерінің құнын өтеу сомасын қайтару туралы мәліметтерді жібереді.
Е-Собес жеке көмекші қызметтерінің құнын өтеу сомасын қайтару туралы мәліметтер келіп түскеннен кейін бір жұмыс күні ішінде өнім берушінің жеке кабинетінде көрсете отырып, оның банктік деректемелерінің дұрыс емес екені туралы ақпаратты порталға жібереді.
Е-Собес порталдан өнім берушінің банктік деректемелеріндегі өзгерістер келіп түскеннен кейін бір жұмыс күні ішінде қайта қаржыландыру үшін ОДҚ-ға жібереді.
Мемлекеттік корпорация ағымдағы айдан кейінгі айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға өнім берушілерге жіберілмеген жеке көмекші қызметтерінің құнын өтеу қайтарымдарының сомаларын жібереді.
Банк қызметтеріне ақы төлеу Мемлекеттік корпорация мен уәкілетті органдар арасында жасалатын шарт негізінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Жеке көмекші қызметтерінің құнын өтеуге арналған құжаттарды өнім берушінің пысықтауға кері қайтарып алу және уәкілетті органның өнім берушіге пысықтауға қайтару себептері:
өтеуге арналған өтінішке қол қойған алушыға орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісінің және (немесе) жеке көмекшінің бірге еріп жүру парағының болмауы;
орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісінде және (немесе) жеке көмекшінің бірге еріп жүру парағының сканерленген көшірмелерін ұсынған кезде оларда қойылған қолдың (қолдардың) болмауы;
жеке көмекшінің қызметтер көрсету кезеңі және (немесе) сағаттары дұрыс көрсетілмеген орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісін және (немесе) жеке көмекшінің бірге еріп жүру парағын ұсыну;
өтеу сомасын есептеу үшін өнім берушінің банктік деректемелері дұрыс көрсетілмегені болып табылады.
Жеке көмекшінің қызметтерін көрсетуге өнім беруші құжаттарды пысықтайды және ағымдағы айдан кейінгі айдың 10 (оныншы) күнінен кешіктірмей қайта жібереді.
Тармақ 12
12. Жеке көмекші қызметтерінің құнын өтеу уәкілетті орган Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген жеке көмекші қызметтерінің құнын өтеуге құжаттарды қабылдаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Тармақ 2. 2-параграф. Санаторийлік-курорттық емдеу құнын өтеу тәртібі
2-параграф. Санаторийлік-курорттық емдеу құнын өтеу тәртібі
Тармақ 13
13. Санаторийлік-курорттық емдеуді беруші уәкілетті органға мынадай құжаттардың топтамасын:
Тармақша 1
1) № 562 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісін;
Тармақша 2
2) алушы кепілдік берілген сома мен санаторийлік-курорттық емдеудің нақты құны арасындағы айырманы өз қаражаты есебінен дербес төлеген жағдайда шот-фактураны, сондай-ақ чекті ұсынады.
Тармақ 14
14. Санаторийлік-курорттық емдеу құнын өтеуге арналған құжаттарды өнім берушінің пысықтауға кері қайтарып алу және уәкілетті органның өнім берушіге пысықтауға қайтару себептері:
өтеуге өтінішке қол қойған алушыға Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынбау;
Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген құжаттардағы ұсынылған мәліметтердің дәйексіздігі.
Тармақ 15
15. Санаторийлік-курорттық емдеу құнын өтеу уәкілетті орган Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген санаторийлік-курорттық емдеу құнын өтеуге құжаттарды қабылдаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Тармақ 3. 3-параграф. ОТҚ мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының құнын өтеу тәртібі
3-параграф. ОТҚ мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының құнын өтеу тәртібі
Тармақ 16
16. ОТҚ және арнаулы жүріп-тұру құралдарының өнім берушісі уәкілетті органға мынадай құжаттардың топтамасын:
Тармақша 1
1) № 562 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша ОТҚ-ны және арнаулы жүріп-тұру құралдарын өз бетінше алып кеткен жағдайда – тауарды босату фактісін растайтын қорларды басқа жаққа беруге арналған жүкқұжатты;
Тармақша 2
2) алушы кепілдік берілген сома мен ОТҚ және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарының нақты құны арасындағы айырманы өз қаражаты есебінен дербес төлеген жағдайда – шот-фактураны, сондай-ақ чекті ұсынады.
Тармақ 17
17. ОТҚ және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарының құнын өтеуге арналған құжаттарды өнім берушінің пысықтауға кері қайтарып алу және уәкілетті органның өнім берушіге пысықтауға қайтару себептері:
өтеуге өтінішке қол қойған алушыға Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынбау;
Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген құжаттардағы ұсынылған мәліметтердің дәйексіздігі.
Тармақ 18
18. ОТҚ және арнаулы жүріп-тұру құралдарының құнын өтеу Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген ОТҚ және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарының құнын өтеуге арналған құжаттардың немесе жеткізілгенін растайтын құжаттың негізінде күнтізбелік 14 (он төрт) күн өткеннен кейін, бірақ уәкілетті орган құжаттарды қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Тармақ 4. 4-параграф. Протездік-ортопедиялық көмек көрсету құнын өтеу тәртібі
4-параграф. Протездік-ортопедиялық көмек көрсету құнын өтеу тәртібі
Тармақ 19
19. Өнім беруші протездік-ортопедиялық құралдарды жеке сипаттамалар бойынша дайындаған кезде уәкілетті органға мынадай құжаттардың топтамасын:
Тармақша 1
1) № 562 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісін;
Тармақша 2
2) протездік-ортопедиялық құралдарды жеке сипаттамалар бойынша дайындаған жағдайда «Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32993 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша протездік-ортопедиялық бұйымдарға тапсырыс бланкісін;
Тармақша 3
3) стационарлық протездеу – стационар жағдайында протездік-ортопедиялық құрал дайындау жағдайларында протездеу тарихынан үзінді көшірмесін;
Тармақша 4
4) алушы протездік-ортопедиялық көмектің кепілдік берілген сомасы мен нақты құны арасындағы айырманы өз қаражаты есебінен дербес төлеген жағдайда – шот-фактураны, сондай-ақ чекті ұсынады.
Тармақ 20
20. Протездік-ортопедиялық көмектің құнын өтеуге арналған құжаттарды өнім берушінің пысықтауға кері қайтарып алу және уәкілетті органның өнім берушіге пысықтауға қайтару себептері:
өтеуге өтінішке қол қойған алушыға Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынбау.
Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген құжаттардағы ұсынылған мәліметтердің дәйексіздігі.
Тармақ 21
21. Протездік-ортопедиялық көмектің құнын өтеу уәкілетті орган Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген протездік-ортопедиялық көмектің құнын өтеуге арналған құжаттарды қабылдаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Тармақ 5. 5-параграф. Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтер көрсету құнын өтеу тәртібі
5-параграф. Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтер көрсету құнын өтеу тәртібі
Тармақ 22
22. Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің өнім берушісі ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 (оныншы) күнінен кешіктірмей уәкілетті органға мынадай құжаттар топтамасын ұсынады:
Тармақша 1
1) № 562 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісі;
Тармақша 2
2) № 859 бұйрықпен бекітілген 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша маршруттық парақ;
Тармақша 3
3) шот-фактура.
Тармақ 23
23. Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын өтеуге арналған құжаттарды өнім берушінің пысықтауына кері қайтарып алу және уәкілетті органның өнім берушіге пысықтауға қайтаруы:
өтеуге арналған өтінішке қол қойған алушыға осы Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген құжаттардың толық емес топтамасын ұсынуы;
осы Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген құжаттарда ұсынылған мәліметтердің дұрыс еместігі негіз болып табылады.
Тармақ 24
24. Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің өнім берушісі құжаттарды пысықтайды және ағымдағы айдан кейінгі айдың 10 (оныншы) күнінен кешіктірмей қайта жібереді.
Тармақ 25
25. Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу уәкілетті орган осы Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын өтеуге арналған құжаттарды қабылдаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Тармақ 25-1
25-1. Өнім берушіге төлем елді мекен шегінде нақты көрсетілген уақыт үшін есеппен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар және кресло-арбамен қозғалатын екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар болып табылатын жұмыс істейтіндерге бір сапардың 30 (отыз) минут ең аз ұзақтығына сүйене отырып айына жиырма бес сағат;
Тармақша 2
2) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
кресло-арбамен қозғалатын екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар болып табылатын білім алушыларға, білім беру ұйымдарында мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілеріне бір сапардың 30 (отыз) минут ең аз ұзақтығына сүйене отырып айына жиырма бес сағат;
Тармақша 3
3) № 859 бұйрықпен бекітілген Тізбеге сәйкес бағыттар бойынша мүгедектігі бар өзге адамдарға бір сапардың 30 (отыз) минут ең аз ұзақтығына сүйене отырып айына алты сағат.
Бұл ретте мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге көзделген сағат санын және бір сапардың ұзақтығын көбейтуге № 859 бұйрықтың 28-тармағына сәйкес жергілікті бюджеттің мүмкіндіктерін ескере отырып, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жол беріледі.
Ағымдағы айда пайдаланылмаған сағаттар келесі айға ауыстырылмайды.
Мүгедектігі бар адамдарды басқа санатқа ауыстыру ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскеннен немесе өтініш берілгеннен кейін келесі айдан бастап жүргізіледі.
Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтер көрсету мынадай жағдайлар туындаған күннен бастап тоқтатылады:
мүгедектік тобының өзгеруі;
тұрақты тіркеу орнын ауыстыру;
Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға баруы;
мүгедектігі бар адамның қайтыс болуы.
Тармақ 6. 6-параграф. Ымдау тілі маманы қызметтерінің құнын өтеу тәртібі
6-параграф. Ымдау тілі маманы қызметтерінің құнын өтеу тәртібі
Тармақ 26
26. Ымдау тілі маманының қызметтерін беруші ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 (оныншы) күнінен кешіктірмей уәкілетті органға мыналарды:
Тармақша 1
1) № 562 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша өнім беруші орындаған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісін;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 286 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32992 болып тіркелген) Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну қағидаларының 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ымдау тілі маманының қызметтер көрсету парағын;
Тармақша 3
3) шот-фактураны – заңды тұлғалармен ұсынылады.
Тармақ 27
27. Ымдау тілі маманы қызметтерінің құнын өтеуге арналған құжаттарды өнім берушінің пысықтауға кері қайтарып алу және уәкілетті органның өнім берушіге пысықтауға қайтару себептері:
өтеуге арналған өтінішке қол қойған алушыға орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісінің және (немесе) ымдау тілі маманының қызметтер көрсету парағының болмауы;
орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісінде және (немесе) ымдау тілі маманының қызметтерін көрсету парағының сканерленген көшірмелерін ұсынған кезде оларда қойылған қолдың (қолдардың) болмауы;
ымдау тілі маманының қызметтер көрсету кезеңі және (немесе) сағаттары дұрыс көрсетілмеген орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісін және (немесе) ымдау тілі маманының қызметтер көрсету парағын ұсыну.
Ымдау тілі маманының қызметтерін беруші құжаттарды пысықтайды және ағымдағы айдан кейінгі айдың 10 (оныншы) күнінен кешіктірмей қайта жібереді.
Тармақ 28
28. Ымдау тілі маманы қызметтерінің құнын өтеу уәкілетті орган Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ымдау тілі мамандары қызметтерінің құнын өтеуге арналған құжаттарды қабылдаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Басқа 1.1. Өнім берушіге кепілдік берілген соманы өтеуге өтініш
Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тауарлар мен қызметтердің, инватакси арқылы тасымалдау қызметтерінің құнын өтеу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
_______________________
_______________________
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
басқармасы/бөлімі
Өнім берушіге кепілдік берілген соманы өтеуге өтініш
Мен, ___________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
мүгедектігі бар адам немесе оның заңды өкілі) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 168-бабына сәйкес, төменде көрсетілген өнім берушіге кепілдік берілген соманы:
өнім берушінің атауы ____________________________________________
өнім берушінің ЖСН/ БСН ______________________________________
БСК ______________________________________________
ЖСК /IBAN (банктік шот нөмірі) ___________________________________
банк атауы ___________________________________________
өнім беруші уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен Мүгедектігі бар адамдарға тауарлар мен қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерінің әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларына сәйкес растайтын құжаттарды ұсынған кезде
№ _______________ тапсырыс
саны _________ ______________
(саны) (өлшем бірлігі) _______________________________________
(тауардың, көрсетілетін қызметтің, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен
тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерінің атауы)
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 168-бабының 4-тармағына сәйкес:
1.___________________________ теңге (сома);
2. _____________________________ теңге (сома) кепілдік берілген соманы (керегін белгілеу) өтеуді сұраймын.
Менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде және кепілдік берілген соманы өтеу үшін ұсынылған құжаттарда қамтылған мәліметтерді пайдалануға, инватакси қызметтерін ұсынуды бақылау мақсатында инватаксиде жүріп-тұру бағытын қадағалауға келісім беремін.
Мынадай шарттар сақталған жағдайда:
- мобильді азаматтар базасында тіркелген нөмірі бар ұялы телефонның (смартфонның) болуы;
- инватакси қызметтерін ұсыну үшін мобильді қосымшаны жүктеу;
- Интернет желісі арқылы мобильді қосымша арқылы таксиге тапсырыс беру;
- сапарды бағалаумен аяқтау бойынша инватакси қызметтерін ұсыну туралы хабардар етілді.
Жалған мәліметтер мен жалған құжаттарды ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы ескертілді.
Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларымен таныстым.
Күні 20__ жылғы «__» ____
Алушының/заңды өкілдің ЭЦҚ
Ескерту:
Аббревиатураларды декодтау:
ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі;
БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
БСК - банктік сәйкестендіру коды;
ЖСК - жеке сәйкестендіру коды;
IBAN - банктік шот нөмірі.
Басқа 1.2. Алушыға тауарды курьердің жеткізуі туралы деректер
20__ жылғы «___» _______ № _________ тапсырыс
Алушы туралы мәліметтер
Мүгедектігі бар адамдарға тауарлар мен қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Алушыға тауарды курьердің жеткізуі туралы деректер
20__ жылғы «___» _______ № _________ тапсырыс
Алушы туралы мәліметтер
Алушының ЖСН
_________________________________________
Алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)______________________________________
Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында сатып алынған тауар туралы мәліметтер
Тауардың атау___________________________
Саны(дана)__________________________________
Тапсырыс сомасы _________ теңге
Кепілдік берілген сомасы _______ теңге
Қосымша ақы (сомасы) _____ теңге
Трек тапсырыс номері_____________________
Тауарды жеткізу туралы мәліметтер ____________________________
(жеткізу мәртебесі)
Жеткізу күні 20__ жылғы "___" _______
Жеткізу мекенжайы ____________________
Құнын өтеуді жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме туралы деректер
(халықты әлеуметтік қорғау саласындағы жергілікті атқарушы органдар)
БСН/ ЖСН __________________________
Байланыс телефоны +7 ____________________
Мемлекеттік ұйымның атауы_______________________________________
Мемлекеттік ұйымға қызмет көрсететін банктің атауы __________________________________
БСК ____________________________________
БеК _______________________________
Өнім беруші туралы мәліметтер
БИН/ ИИН ____________________________
Байланыс телефоны +7 ( __________________
Ұйымның атауы _________________________
Өнім берушінің БеК ______________________
Өнім берушінің БСК ______________________
Өнім берушінің ЖСY / IBAN ______________
Өнім берушінің ТМК ______________
Ескертпе:
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
БСК – банктік сәйкестендіру коды;
БеК – бенефициардың коды немесе алушының коды;
IBAN – банк шотының нөмірі;
КНП – төлем мақсатының коды.
___________________________
Басқа 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі 2023 жылғы
6 маусымдағы № 205 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Тармақ 1
1. «Мүгедектігі бар адамдарға тауарлар мен қызметтерді әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидалары» 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 14 Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 19902 болып тіркелген);
Тармақ 2
2. «Мүгедектерге тауарлар мен қызметтерді әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатқан кезде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 14 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 1 ақпандағы № 38 Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 26730 болып тіркелген);
Тармақ 3
3. «Мүгедектерге тауарлар мен қызметтерді әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатқан кезде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 14 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 363 Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 29640 болып тіркелген).