Об утверждении правил организации и проведения закупа лекарственных средств, медицинских изделий и специализированных лечебных продуктов в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, дополнительного объема медицинской помощи для лиц, содержащихся в следственных изоляторах и учреждениях уголовно-исполнительной (пенитенциарной) системы, за счет бюджетных средств и (или) в системе обязательного социального медицинского страхования, фармацевтических услуг Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 15-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту қағидалары
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 110 бұйрығына қосымша Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту қағидалары
Бөлім 1. 1-бөлім. Негізгі ережелер
1-бөлім. Негізгі ережелер
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабының 15-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді есепке алу ақпараттық жүйесі – амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде рецепттер жазып беруді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің өнім берушісінің дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды босатуын есепке алуды автоматтандыру үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ақпараттық жүйе;
Тармақша 2
2) ауыспалы қалдық – бірыңғай дистрибьютор қоймаларындағы бұрын, оның ішінде төмендемейтін қор шеңберінде сатып алынған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қалдығы;
Тармақша 3
3) әлеуетті өнім беруші – осы Қағидаларға сәйкес шарт жасасуға үміткер, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, егер олар үшін Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе);
Тармақша 4
4) әлеуетті өнім берушінің үлестес тұлғасы – әлеуетті өнім берушiнiң шешiмдерiн тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) ол қабылдайтын шешімдерге, оның iшiнде шартқа немесе өзге де мәмiлеге байланысты ықпал етуге құқығы бар жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзіне қатысты осы әлеуетті өнім берушiнiң осындай құқығы болатын жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 5
5) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – қор) – аударымдар мен жарналарды жинақтауды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілері көрсететін қызметтерді сатып алу мен оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
Тармақша 6
6) бекітілген баға – дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның сатып алу нәтижелері бойынша айқындалған бағасы, өнім беруші дәрілік затты немесе медициналық бұйымды бірыңғай дистрибьюторға сол бойынша беруге міндеттенеді;
Тармақша 7
7) бірлесіп орындаушы – өнім беруші фармацевтикалық қызметтерді көрсету туралы шартты бірлесіп орындау үшін тартатын денсаулық сақтау субъектілері;
Тармақша 8
8) бірыңғай дистрибьютор – қызметін Кодекстің 247-бабына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 9
9) бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың тізбесі (бұдан әрі – бірыңғай дистрибьютордың тізбесі) – денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін, мыналар: дәрілік заттардың халықаралық патенттелмеген атауы және қысқаша сипаттамасы; медициналық бұйымдардың атауы (құрамы) және қысқаша сипаттамасы қамтылатын, бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың тізбесі;
Тармақша 10
10) бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесі – бірыңғай дистрибьютор айқындайтын, бірыңғай дистрибьютордың қызметін автоматтандыратын және дистрибуция процесінің барлық мүдделі тараптарымен электрондық құжат алмасу жүргізуге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе;
Тармақша 11
11) бірыңғай дистрибьютордың прайс-парағы – «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауына немесе медициналық бұйымның техникалық сипаттамасына шекті бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 4 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-96 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24253 болып тіркелді) (бұдан әрі – 96 бұйрық) және «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-77 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23886 болып тіркелді) (бұдан әрі – 77 бұйрық) сәйкес бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағасын ескере отырып, бірыңғай дистрибьютор бекітетін, сипаттамалары, өлшем бірліктері, өлшеп-оралуы, өндірушінің атауы, өндірілген елі, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалатын, бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағасы ескерілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың халықаралық патенттелмеген атауына шекті бағадан және саудалық атауына шекті бағадан аспайтын бағалары көрсетілген бірыңғай дистрибьютор сатып алған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесі қамтылған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға баға ұсынысы;
Тармақша 12
12) бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағасы – бірыңғай дистрибьютор сатып алатын дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың беру шартында көрсетілген бағасына денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін үстеме;
Тармақша 13
13) дәрілік зат – затты не заттардың комбинациясын білдіретін немесе қамтитын, адам организмімен байланысқа түсетін, адамның ауруларын емдеуге, олардың профилактикасына немесе оның физиологиялық функцияларын фармакологиялық, иммунологиялық не метаболизмдік әсер ету арқылы қалпына келтіруге, түзетуге немесе өзгертуге немесе адамның аурулары мен жай-күйінің диагностикасына арналған зат;
Тармақша 14
14) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарты – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бірыңғай дистрибьютор Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан дәрілік заттарды немесе медициналық бұйымдарды өндірушімен не патенттелген бірегей дәрілік заттардың келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісімен, сондай ақ медициналық бұйымдарды келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушілерімен дәрілік заттарды немесе медициналық бұйымдарды беруге не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың өндірісін құруға немесе қолданыстағы өндірісін жаңғыртуға ниеті бар дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектімен он жылға дейінгі мерзімге үш жылға дейін ұзарту құқығымен жасасатын азаматтық-құқықтық шарт;
Тармақша 15
15) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды келісімшарттық өндіріс (бұдан әрі – келісімшарттық өндіріс) – дәрілік заттар үшін тиісті өндірістік практика (GMP) және медициналық бұйымдарды өндірушілер үшін сапаны басқару жүйесінің халықаралық стандарты (ISO 13485) талаптарының толық сақталуын қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің өндірістік қуаттарында келісімшарттық негізде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың өндірісі;
Тармақша 16
16) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың электрондық қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай көзін беретін ақпараттық жүйе;
Тармақша 17
17) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – бірыңғай оператор) – денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайтын заңды тұлға;
Тармақша 18
18) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымы (бұдан әрі – сараптама ұйымы) – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, тиімділігі мен сапасын қамтамасыз ету бойынша денсаулық сақтау саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік монополия субъектісі;
Тармақша 19
19) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың төмендемейтін қоры – «Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-88 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24078 болып тіркелген) (бұдан әрі – 88 бұйрық) сәйкес денсаулық сақтау субъектілері дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың мәлімдеген көлемінің жиырма бес пайызына дейінгі көлемде бірыңғай дистрибьютор белгілейтін және жоспарлы түрде өз қаражаты есебінен толықтыратын, үздіксіз дәрілік қамтамасыз ету үшін қажетті дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қоры;
Тармақша 20
20) дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауы – дәрілік заттың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған атауы;
Тармақша 21
21) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 22
22) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімі – Қазақстан Республикасында тіркелген және медициналық қолдануға рұқсат етілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар туралы мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурс;
Тармақша 23
23) денсаулық сақтау субъектілері – денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ жеке медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалар;
Тармақша 24
24) жылжымалы медициналық кешен – ауылдық жерлердің және шалғайдағы елді мекендердің халқына көрсетілетін медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және тізбесін кеңейту үшін не қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мүддесінде пайдаланылатын, қажетті медициналық жабдықпен жарақтандырылған автомобиль көлігі базасындағы мобильді клиникалар (кабинеттер);
Тармақша 25
25) инвестициялық жоба – тиісті өндірістік практика (GMP) стандарттарына сәйкес дәрілік заттардың және ISO сапаны басқару жүйесінің стандарттарына сәйкес медициналық бұйымдардың жаңа өндірістерін құруға және (немесе) жұмыс істеп тұрғандарын жаңғыртуға инвестицияларды көздейтін іс-шаралар кешені;
Тармақша 26
26) келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісі – Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өндірушімен келісімшарттық өндірісі бар және онымен дәрілік затты және (немесе) медициналық бұйымның келісімшарттық өндірісіне шарт жасасқан (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшін өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда) заңды тұлға;
Тармақша 27
27) клиникалық-техникалық негіздеме – сұратылған медициналық техникаға мұқтаждық пен денсаулық сақтау ұйымының оны қолдануға әзірлігі туралы ақпарат қамтылған құжат;
Тармақша 28
28) клиникалық хаттама – пациенттің белгілі бір ауруы немесе жай-күйі кезінде профилактика, диагностика, емдеу, медициналық оңалту және паллиативтік медициналық көмек бойынша ғылыми дәлелденген ұсынымдар;
Тармақша 29
29) Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізімі – халықаралық конвенциялар негізінде нөмірленген және тиісті кестелер мен тізімге біріктірілген, Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізбесі;
Тармақша 30
30) медициналық бұйымдар – медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника;
Тармақша 31
31) медициналық мақсаттағы бұйымдар – функционалдық мақсатына және өндірушінің нұсқаулығына сәйкес медициналық көмек көрсету үшін пайдаланылатын материалдар, бұйымдар, ерітінділер, реагенттер, жиынтықтар, жинақтар;
Тармақша 32
32) медициналық техника – функционалдық мақсатына және өндіруші белгілеген пайдалану сипаттамаларына сәйкес медициналық көмек көрсету үшін жеке немесе өзара үйлесімде қолданылатын аппараттар, аспаптар, жабдық, кешендер, жүйелер;
Тармақша 33
33) медициналық тапсырма – тапсырыс беруші (өтініш беруші) денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативіне, медициналық ұйымның бейініне және сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы сатып алуға арналған клиникалық хаттамаға сәйкес қажет диагностикалық зерттеулерді және (немесе) медициналық манипуляцияларды көрсете отырып, қалыптастыратын құжат;
Тармақша 33-1
33-1) медициналық бұйымның жиынтықтауышы – функционалдық мақсатына, пайдалану сипаттамаларына, өндірушінің сервистік қызмет көрсету жөніндегі нұсқауына сәйкес пайдалану үшін өндіруші көздеген, медициналық бұйымның дербес медициналық бұйым болып табылмайтын бөлігі, оның ішінде блоктар, бөлшектер, бұйым элементтері, материалдар, қосалқы бөлшектер;
Тармақша 34
34) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары – денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының орындалуын қамтамасыз ететін және Кодекстің 13-бабына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;
Тармақша 35
35) орфандық (сирек) дәрілік препарат (бұдан әрі – орфандық препарат) – жиілігі Қазақстан Республикасында ресми белгіленген деңгейден аспайтын орфандық (сирек) ауруларды диагностикалауға, этиопатогенетикалық немесе патогенетикалық емдеуге арналған дәрілік препарат;
Тармақша 37
37) өндірістік алаң – дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды өндірушінің аумақтық оқшауланған, дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды өндірудің барлық процесін және (немесе) бір бөлігін немесе оның белгілі бір сатыларын орындауға арналған кешені;
Тармақша 38
38) өнім беруші – осы Қағидаларға сәйкес сатып алуды ұйымдастырушымен, тапсырыс берушімен, лизинг берушімен немесе бірыңғай дистрибьютормен нысанасы дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды беру, фармацевтикалық қызметтер көрсету болып табылатын шарт (ұзақ мерзімді шарт, келісім, меморандум, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қаржы лизингі шарты, өзге мәміле) жасасқан, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшін өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда);
Тармақша 39
39) өтініш беруші – медициналық техниканы сатып алуға арналған техникалық ерекшелік сипаттамаларының әртүрлі өндірушілердің кемінде екі моделіне сәйкестігіне қорытынды беру үшін өтініш, құжаттар мен материалдарды беруге құқылы жеке немесе заңды тұлға, не облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер, бірыңғай дистрибьютор арқылы медициналық техниканы сатып алуды жүзеге асыру үшін өтінімдерді жіберетін медициналық қызметтер көрсететін ведомстволық бөлімшелер (ұйымдар);
Тармақша 40
40) өнім беру шарты – осы Қағидаларға сәйкес бір тараптан бірыңғай дистрибьютор, сатып алуды ұйымдастырушы немесе тапсырыс беруші және екінші тараптан өнім беруші арасында дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алуға жасалған, тараптар веб-порталда немесе бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде қол қойған және тараптардың электрондық цифрлық қолтаңбаларымен куәландырылған шарт (ұзақ мерзімді шарт, келісім, меморандум, өзге мәміле);
Тармақша 41
41) фармацевтикалық көрсетілетін қызметке ақы төлеу – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде фармацевтикалық көрсетілген қызметтер үшін іс жүзіндегі шығындарын өтеу;
Тармақша 42
42) өтінім – сатып алу туралы хабарландыру немесе шақыру шарттарына және осы Қағидалардың шарттарына сәйкес өнім беруші болып танылу мақсатында сатып алуға қатысуға ұсыныс;
Тармақша 43
43) сараптамалық бағалау – «Медициналық бұйымдардың оңтайлы техникалық сипаттамалары мен клиникалық-техникалық негіздемесіне сараптамалық бағалауды жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 қаңтардағы № ҚР ДСМ-1 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22040 болып тіркелді) сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымы жүзеге асыратын бағалау;
Тармақша 44
44) медициналық техниканы сатып алуға арналған техникалық ерекшелік сипаттамаларының әртүрлі өндірушілердің кемінде екі моделіне сәйкестігіне қорытынды – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету кезінде пайдаланылатын медициналық техниканы сатып алуды жоспарлау және ұйымдастыру үшін осы Қағидаларға сәйкес сараптама ұйымы берген құжат;
Тармақша 45
45) сарапшы – әлеуетті өнім беруші ұсынатын дәрілік заттар және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдар сипаттамасының немесе медициналық техниканың техникалық ерекшелігінің хабарландыру немесе сатып алуға шақыру шарттарына және осы Қағидаларда белгіленген шарттарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы сараптамалық қорытынды беру үшін тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы не бірыңғай дистрибьютор өтеусіз негізде тартатын, сатып алу өткізілетін саладағы арнаулы және (немесе) техникалық білімі, кемінде бес жыл тәжірибесі бар және біліктілігі тиісті құжаттармен (дипломдармен, сертификаттармен, куәліктермен және басқа да құжаттармен) расталған жеке тұлға;
Тармақша 46
46) сатып алу – тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының, лизинг берушінің және бірыңғай дистрибьютордың, осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен және тәсілдермен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;
Тармақша 47
47) сатып алу шарты – осы Қағидаларға сәйкес дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алуға бірыңғай дистрибьютор мен тапсырыс беруші арасында жасалған, тараптар қол қойған немесе бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған және тараптардың электрондық цифрлық қолтаңбаларымен куәландырылған шарт;
Тармақша 48
48) сатып алу шарты – осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алуға тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында жасалған, тараптар қол қойған немесе тараптардың электрондық цифрлық қолтаңбаларымен куәландырылған шарт;
Тармақша 49
49) сатып алуды ұйымдастырушы – тапсырыс беруші айқындаған, осы Қағидаларда көзделген тәсілдермен сатып алуды ұйымдастыратын және сатып алу қорытындысын тапсырыс берушіге сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге шарт жасасу үшін жіберетін тұлға;
Тармақша 50
50) сатып алудың үшжақты шарты – медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шарты шеңберінде бірыңғай дистрибьютор, тапсырыс беруші және өнім беруші арасында жасалатын шарт;
Тармақша 51
51) сервистік қызмет көрсетудің ұзартылған мерзімі – медициналық техниканы беруді, орнатуды, сервистік қызмет көрсетуді, оның ішінде пайдаланылған құрамдас бөліктерді ауыстыруды, медициналық техниканың жекелеген бөліктерін ауыстыруды немесе қалпына келтіруді, осы медициналық техникаға тән медициналық техниканы баптауды және реттеуді, тазалауды, майлауды және қажет болған жағдайда негізгі тетіктер мен тораптарды қайта жинауды, медициналық техника корпусының оның құрамдас бөліктерінің сыртқы және ішкі беттерінен (ішінара блоктық-тораптық бөлшектеумен) шаңды, кірді, коррозия мен тотығу іздерін кетіруді қамтитын жұмыстардың толық циклі және пайдалану құжаттамасында көрсетілген медициналық техниканың нақты түріне тән өзге де операциялар;
Тармақша 52
52) сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы беру шарты – медициналық техникаға тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында медициналық техниканы беруге, орнатуға, сервистік қызмет көрсетуге 10 жылға дейінгі мерзімге жасалатын шарт;
Тармақша 53
53) сараптама тобы – сұрау салынатын медициналық техниканың бейіні бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын және жыл сайын бірыңғай дистрибьютор бекітетін мамандар тобы;
Тармақша 54
54) тапсырыс берушілер – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер, медициналық қызметтер көрсететін ведомстволық бөлімшелер (ұйымдар), сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді көрсететін денсаулық сақтау субъектілері;
Тармақша 55
55) тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының, лизинг берушінің немесе бірыңғай дистрибьютордың үлестес тұлғасы – тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы, лизинг беруші немесе бірыңғай дистрибьютордың шешімдерін тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) олар қабылдайтын шешімдерге, оның ішінде шартқа немесе қаржы лизингі шартына байланысты ықпал етуге мүмкіндігі бар тұлға (берілген өкілдіктер шеңберінде оның қызметін реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда), сондай-ақ өзіне қатысты тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының немесе лизинг берушінің немесе бірыңғай дистрибьютордың осындай мүмкіндігі болатын кез келген тұлға;
Тармақша 56
56) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның саудалық атауына арналған шекті баға (бұдан әрі – саудалық атауға шекті баға) – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сатып алуды одан жоғары бағамен жүргізуге болмайтын, Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның саудалық атауына арналған баға;
Тармақша 57
57) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауына немесе медициналық бұйымның техникалық сипаттамасына шекті баға (бұдан әрі – халықаралық патенттелмеген атауға шекті баға) – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сатып алуды одан жоғары бағамен жүргізуге болмайтын, Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауына немесе медициналық бұйымның техникалық сипаттамасына арналған баға;
Тармақша 58
58) тендер – әлеуетті өнім берушілер арасындағы сатып алудың осы Қағидаларға сәйкес жеңімпазды анықтауға бағытталған тәсілі;
Тармақша 59
59) фармацевтикалық көрсетілетін қызмет – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуды, тасымалдауды, сақтауды, есепке алу мен өткізуді қоса алғанда, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілердің халықты амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етумен байланысты қызметі;
Тармақша 60
60) фармацевтикалық көрсетілетін қызметті беруші – осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен және тәсілдермен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органымен немесе бірыңғай дистрибьютормен шарт негізінде халықты рецепттер бойынша дәрілік заттармен және (немесе) медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсететін денсаулық сақтау субъектісі;
Тармақша 61
61) фармацевтикалық қызмет – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру және (немесе) дайындау және (немесе) көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу бойынша денсаулық сақтау саласында жүзеге асырылатын, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алумен (иеленумен), сақтаумен, әкелумен, әкетумен, тасымалдаумен, сапасын бақылаумен, ресімдеумен, бөлумен, пайдаланумен және жоюмен, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін қамтамасыз етумен байланысты қызмет;
Тармақша 62
62) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтер туралы шарт – осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тапсырыс беруші мен фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді берушілер арасында жасалған, тараптар қол қойған немесе тараптардың электрондық цифрлық қолтаңбаларымен куәландырылған шарт;
Тармақша 63
63) шетелдік тауар өндіруші – шет мемлекеттің аумағында құрылған және Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын, тұтынуға (қолдануға) дайын дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде өндіруді немесе қайта өңдеуді жүзеге асыратын және оларды экспорттаушы елдегі құзыретті органдар берген шығу тегі туралы сертификаттармен растайтын шетелдік заңды тұлға;
Тармақша 64
64) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
Тармақша 65
65) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;
Тармақша 66
66) DDP ИНКОТЕРМС 2020 – тауар тапсырыс берушіге шартта көрсетілген межелі жерге барлық кеден баждары мен тәуекелдерінен тазартылып жеткізетін, Халықаралық сауда палатасы әзірлеген және айқындаған халықаралық сатып алу-сату шарттарының стандартты талаптарының халықаралық сауда термині;
Тармақша 67
67) болжамды баға – инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу, сондай-ақ төтенше жағдайларды болғызбау және олардың салдарын жою мақсатында дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алу үшін бөлінетін шамалас баға;
Тармақша 68
68) аналогты медициналық техника – сипаттамалары мен жиынтығының ұқсас болуы бірдей функцияларды орындауға және бірін-бірі алмастыруға мүмкіндік беретін медициналық техника;
Тармақша 69
69) қаржы лизингі шарты – лизинг беруші осы Қағидаларға сәйкес өнім берушіден лизинг алушы көрсеткен лизинг нысанасын жеке меншігіне сатып алуға және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес осы лизинг нысанасын лизинг алушыға уақытша иеленуге және пайдалануға ақылы түрде беруге міндеттенетін үшжақты шарт;
Тармақша 70
70) лизинг беруші – тартылған және (немесе) өз ақшасы есебiнен лизинг нысанасын меншiгіне сатып алатын және оны лизинг алушыға қаржы лизингі шартының талаптарымен беретiн мемлекеттің жарғылық капиталына жүз пайыз қатысатын заңды тұлға (лизинг мәмiлесiне қатысушы). Бір лизинг мәмілесінің шеңберінде лизинг беруші бір мезгілде оның басқа қатысушысы ретінде iс-қимыл жасауға құқылы емес;
Тармақша 71
71) лизинг алушы – лизинг шартының талаптарына орай лизинг нысанасын қабылдайтын лизинг мәмiлесiне қатысушы;
Тармақша 72
72) лизинг төлемдерi – лизинг шартын жасаған кездегi баға бойынша лизинг нысанасы құнының барлық немесе елеулi бөлiгiнiң өтелуiн ескере отырып есептелуге тиiс және лизинг шартының қолданылу мерзiмi бойына жүзеге асырылатын, лизинг шарты қолданылуының бүкiл мерзiмi iшiнде лизинг шарты бойынша төлемдердiң жалпы сомасын бiлдiретiн мерзiмдiк төлемдер, оған мыналар енедi:
Тармақша 1
1) лизинг шартына сәйкес лизинг берушiге лизинг нысанасын сатып алуға жұмсалған шығындарды және лизинг нысанасын сатып алуға, жеткiзiп беруге және нысаналы түрде пайдаланылуы үшiн оны жұмыс iстейтiн күйге келтiруге тiкелей байланысты кез келген басқа шығындарды өтеу;
Тармақша 2
2) лизинг бойынша сыйақы;
Тармақша 73
73) лизинг мерзімі – лизинг нысанасы қаржы лизингі шартына сәйкес лизинг алушыға уақытша иеленуге және пайдалануға берiлетiн мерзiм, бұл ретте лизинг берушiде лизинг нысанасына меншiк құқығының сақталуы кезiнде қаржы лизингі шартының мерзiмiнен бұрын бұзылуы лизинг мерзiмiн өзгертуге әкеп соқпайды.
Тармақ 3
3. Сатып алу мынадай қағидаттар сақтала отырып өткізіледі:
Тармақша 1
1) әлеуетті өнім берушілерге сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру;
Тармақша 2
2) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік;
Тармақша 3
3) сатып алу процесінің жариялылығы мен ашықтығы;
Тармақша 4
4) қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау.
Тармақ 4
4. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру құралдарын сатып алу үшін бөлінетін бюджет қаражатын оңтайлы және тиімді жұмсау мақсатында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қоспағанда, 96 бұйрықта және 77 бұйрықта, «Дәрілік заттың саудалық атауына өндірушінің шекті бағаларын, бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 27 тамыздағы № ҚР ДСМ-94 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24229 болып тіркелген) (бұдан әрі – 94 бұйрық) белгілегеннен аспайтын бағамен сатып алынады.
Тармақ 5
5. Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы мынадай тәсілдердің бірімен жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) тендер;
Тармақша 2
2) баға ұсыныстарын сұрату
Тармақша 3
3) бір көзден алу;
Тармақша 4
4) бірыңғай дистрибьютордан оның тізімі бойынша сатып алу;
Тармақша 5
5) осы Қағидаларда көзделген жағдайларда бірыңғай дистрибьютор арқылы;
Тармақша 6
6) ерекше сатып алу; Фармацевтикалық қызметтерді көрсету үшін әлеуетті өнім берушінің бірлесіп орындаушыны тартуына жол беріледі. Әлеуетті өнім беруші бірлесіп орындаушының осы Қағидаларда белгіленген шарттарға сәйкестігі туралы ақпаратты техникалық ерекшелікте көрсетеді.
Тармақ 5-1
5-1. Лизинг беруші қаржы лизингі шарттарында денсаулық сақтау ұйымдарына кейіннен беруге арналған медициналық техниканы сатып алуды осы Қағидалардың 3-бөлімінің 1-тарауына сәйкес жүзеге асырады. Осы Қағидалардың 3-бөлімінің 12-тарауында көзделген сатып алу 2025 жылғы 30 қыркүйекке дейін қағаз жеткізгіштерде жүргізіледі.
Тармақ 5-2
5-2. Тапсырыс берушілер осы Қағидалардың 3-бөлімінің 1, 3, 4, 4-1-тарауларына сәйкес 88 бұйрыққа енгізілмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуды жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Арнайы емдік өнімдерді сатып алуды тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Бірыңғай дистрибьютор сатып алуды мынадай тәсілдердің бірімен жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) веб-портал арқылы тендер;
Тармақша 2
2) веб-портал арқылы бір көзден;
Тармақша 3
3) қазақстандық және шетелдік тауар өндірушілерден немесе Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылымдық бөлімшелері арқылы;
Тармақша 4
4) берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша.
Тармақ 8
8. Егер:
Тармақша 1
1) әлеуетті өнім берушінің бірінші басшыларының және (немесе) әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туыстары өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не өткізілетін сатып алуда тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының, лизинг берушінің немесе бірыңғай дистрибьютордың өкілі болып табылса;
Тармақша 2
2) әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің қаржы-шаруашылық қызметі тоқтатыла тұрса, әлеуетті өнім беруші сатып алуға қатыспайды.
Тармақ 9
9. Сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім беруші мынадай шартттарға сәйкес келеді:
Тармақша 1
1) құқық қабілеттілігі (заңды тұлғалар үшін), азаматтық әрекетке қабілеттілігі (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін);
Тармақша 2
2) тиісті фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға құқық қабілеттілігі;
Тармақша 3
3) комиссияның (комиссиялардың) мүшелерімен және хатшысымен, сондай-ақ тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының, лизинг берушінің немесе бірыңғай дистрибьютордың тікелей және (немесе) жанама түрде шешімдер қабылдайтын және (немесе) комиссия (комиссиялар) қабылдайтын шешімдерге ықпал ететін өкілдерімен үлестес болмауы;
Тармақша 4
4) бюджетке, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегінің болмауы;
Тармақша 5
5) банкроттық не таратылу рәсіміне жатпауы;
Тармақша 6
6) өзінің үлестес тұлғасымен бір лот бойынша тендерге қатысушы болып табылмауы. Осы тармақтың шарттары шетелдік тауар өндірушілерден және Біріккен Ұлттар Ұйымы құрған халықаралық ұйымдар арқылы сатып алуды жүзеге асыру кезінде қолданылмайды.
Тармақ 10
10. Әлеуетті өнім беруші хабарландыру немесе сатып алуға шақыру шарттары бойынша жиынтықта болуы талап етілетін жағдайды қоспағанда, бір лот бойынша сатып алу шеңберінде дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның бір саудалық атауын ұсынады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23885 болып тіркелді) кіретін, бірақ бірыңғай дистрибьютордың тізбесіне кірмейтін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар үшін;
Тармақша 2
2) медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулығында балаларға қолдануға қарсы көрсетілімдер туралы нұсқамасы бар дәрілік зат сатып алынған жағдайда балаларды қамтамасыз ету мақсатында;
Тармақша 3
3) пациенттің жеке өзіне жақпаған кезде дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдарының шешімінің негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. Сатып алынатын және босатылатын, оның ішінде фармацевтикалық көрсетілетін қызметтер сатып алынған кезде, дәрілік заттарға және медициналық бұйымдарға мынадай шарттар қойылады:
Тармақша 1
1) дәріханаларда дайындалған дәрілік препараттарды, Қазақстан Республикасының аумағына қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде әкелінген, тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар құрамына кіретін, дербес бұйым ретінде пайдаланылмайтын жиынтықтаушыларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеудің болуы. Арнайы көлік құралында медициналық техниканы сатып алу кезінде – Қазақстан Республикасында бірыңғай жылжымалы медициналық кешен ретінде мемлекеттік тіркеудің болуы. Жиынтықтаушы медициналық техниканы (өнім беру жиынтығын) тіркеудің қажет болмауы сараптама ұйымының немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның хатымен расталады; Бұл ретте медициналық техниканың ұсынылатын функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларының техникалық ерекшелік талаптарынан асыруға жол беріледі;
Тармақша 2
2) сипаттаманың немесе техникалық ерекшеліктің хабарландыру немесе сатып алуға шақыру шарттарына сәйкестігі. Бұл ретте медициналық техниканың ұсынылатын функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларының техникалық ерекшелік талаптарынан асыруға жол беріледі;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының аумағына денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде әкелінген, тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қоспағанда, бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағасын (бірыңғай дистрибьютор сатып алған жағдайда), хабарландырудағы немесе сатып алуға шақыртудағы бағаны ескеріп, 96 бұйрықпен және 77 бұйрықпен бекітілген халықаралық патенттелмеген атауы және саудалық атауы (бар болған жағдайда) бойынша шекті бағадан асырмау;
Тармақша 4
4) «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-19 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22230 болып тіркелген) сәйкес олардың қауіпсіздігін, тиімділігі мен сапасын сақтауды қамтамасыз ететін жағдайларда сақтау және тасымалдау;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасына тіркелмеген дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды әкелу жағдайларын қоспағанда, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың таңбалануын, тұтыну қаптамасының және оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі;
Тармақша 6
6) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарамдылық мерзімі өнім беруші тапсырыс берушіге берген күні: қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде елу пайызын (жарамдылық мерзімі екі жылдан аз болса); қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде он екі айын (жарамдылық мерзімі екі жыл және одан көп болса) құрайды;
Тармақша 7
7) өнім беруші бірыңғай дистрибьюторға берген күні сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарамдылық мерзімі: дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар сатып алу жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың қараша, желтоқсан және басталған қаржы жылының қаңтар кезеңінде жеткізілген кезде қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде алпыс пайызын (жарамдылық мерзімі екі жылдан аз болса) және қаржы жылы ішінде келесі жеткізілген кездерде кемінде елу пайызды; дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар сатып алу жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың қараша, желтоқсан және басталған қаржы жылының қаңтар кезеңінде жеткізілген кезде қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде он төрт айын (жарамдылық мерзімі екі жыл және одан көп болса) және қаржы жылы ішінде келесі жеткізілген кездерде кемінде он екі айды құрайды;
Тармақша 8
8) бірыңғай дистрибьютор тапсырыс берушіге берген күні дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарамдылық мерзімі: қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде отыз пайызын (жарамдылық мерзімі екі жылдан аз болса); қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде сегіз айын (жарамдылық мерзімі екі жыл және одан көп болса) құрайды;
Тармақша 9
9) бірыңғай дистрибьютор тапсырыс берушіге берген күні вакциналардың жарамдылық мерзімі: қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде қырық пайызын (жарамдылық мерзімі екі жылдан аз болса); қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде он айын (жарамдылық мерзімі екі жыл және одан көп болса) құрайды;
Тармақша 10
10) бірыңғай дистрибьютордың тапсырыс берушіге жарамдылық мерзімі өткенге дейін мақсаты бойынша пайдалану үшін берілетін дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарының ауыспалы қалдықтары үшін осы тармақтың
Тармақша 8
8) және 9) тармақшаларында көрсетілген жарамдылық мерзімінен аз;
Тармақша 11
11) медициналық техниканың жаңалығы, оның пайдаланылмауы және жеткізу сәтінің алдындағы жиырма төрт ай кезеңінде өндірілуі;
Тармақша 12
12) өлшеу құралдарына жататын медициналық техниканың Қазақстан Республикасының өлшем бірлігі туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының өлшем бірлігі мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілуі. Медициналық техниканы Қазақстан Республикасының өлшем бірлігі мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізудің қажет болмауы Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес расталады;
Тармақша 13
13) шарт талаптары бойынша өнім беру немесе фармацевтикалық қызмет көрсету санын, сапасын және мерзімдерін сақтау.
Тармақ 12
12. Осы Қағидалардың 11-тармағының 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12) және 13) тармақшаларында көзделген шарттарды өнім беруші өнім беру, сатып алу немесе қаржы лизингі шартын орындау кезінде растайды.
Тармақ 13
13. Тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы, бірыңғай дистрибьютор дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға осы Қағидаларда көзделмеген шарттарды белгілемейді. Лизинг беруші медициналық техникаға осы Қағидаларда көзделмеген шарттарды белгілемейді.
Тарау 2. 2-тарау. Қазақстандық тауар өндірушілерді және (немесе) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өндірушілерін қолдау
2-тарау. Қазақстандық тауар өндірушілерді және (немесе) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өндірушілерін қолдау
Тармақ 14
14. Егер лот бойынша сатып алуға қазақстандық тауар өндіруші және (немесе) Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттердің өндірушісі болып табылатын, хабарландыру немесе сатып алуға шақыру шарттарына және осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келетін өтінім берген бір әлеуетті өнім беруші қатысса, мұндай әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады, мұндай әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады, ал Бірыңғай дистрибьютор арқылы жүзеге асырылатын бірлігі үшін құны 20 жиырма миллион теңгеден жоғары медициналық техниканы сатып алуды қоспағанда, басқа әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері автоматты түрде қабылданбайды. Бірыңғай дистрибьютор арқылы жүзеге асырылатын бірлігі үшін құны 20 000 000 (жиырма миллион) теңгеден жоғары медициналық техниканы сатып алған кезде, лот бойынша сатып алуға қазақстандық тауар өндіруші және (немесе) Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттердің өндірушісі болып табылатын, хабарландыру немесе сатып алуға шақыру шарттарына және осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келетін өтінім берген бір әлеуетті өнім беруші қатысқан жағдайда, мұндай әлеуетті өнім берушіге сатып алу бағасынан аукцион кезеңінде 20% мөлшерінде шартты жеңілдік беріледі.
Тармақ 15
15. Егер лот бойынша сатып алуға өтінімдері хабарландыру немесе сатып алуға шақыру шарттарына және осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келетін қазақстандық тауар өндірушілер және (немесе) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өндірушілері болып табылатын екі және одан көп әлеуетті өнім беруші қатысса, онда олардың арасындағы жеңімпаз аукцион қорытындысы бойынша ең төмен бағамен айқындалады, ал басқа әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері автоматты түрде қабылданбайды.
Тармақ 16
16. Сатып алуды өткізу кезінде әлеуетті өнім берушінің қазақстандық тауар өндіруші мәртебесі мынадай құжаттармен расталады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды өндіру бойынша фармацевтикалық қызметке лицензия;
Тармақша 2
2) Қазақстандық тауар өндірушіні өндіруші ретінде көрсете отырып, «Дәрілік затты немесе медициналық бұйымды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22175 болып тіркелген) сәйкес берілген дәрілік затқа немесе медициналық бұйымға тіркеу куәлігі. Шарт немесе берудің ұзақ мерзімді шартына қосымша келісім жасасу шеңберінде тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютор өнім берушінің қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінде болуын тексереді.
Тармақ 17
17. Әлеуетті өнім беруші – ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер өндірушісінің мәртебесі мынадай құжаттармен расталады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды өндіру бойынша фармацевтикалық қызметтер көрсетуге лицензия;
Тармақша 2
2) «Медициналық қолдануға арналған дәрілік заттарды тіркеу және сараптама қағидалары туралы» ЕАЭО кеңесінің 2016 жылғы 3 қарашадағы № 78 шешіміне және «Медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін тіркеу және сараптама қағидалары туралы» ЕАЭО кеңесінің 2016 жылғы 12 ақпандағы № 46 шешіміне сәйкес келетін тіркеу куәлігі;
Тармақша 3
3) ISO 13485 сертификаты, (медициналық бұйымдар үшін 2а (стерильді) қауіпсіздік класы және 2б және 3 қауіпсіздік класы).
Тарау 3. 3-тарау. Кәсіпкерлік бастаманы қолдау
3-тарау. Кәсіпкерлік бастаманы қолдау
Тармақ 18
18. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес объектінің:
Тармақша 1
1) дәрілік заттарды сатып алу және дәрілік заттарды берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу кезінде тиісті өндірістік практика (GMP);
Тармақша 2
2) дәрілік заттарды және фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде тиісті дистрибьюторлық практика (GDP);
Тармақша 3
3) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде тиісті дәріханалық практика (GPP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификат алған әлеуетті өнім берушілер шарттар жасау артықшылығына ие болады.
Тармақ 19
19. Сатып алу шартын немесе өнім беру шартын жасасуға артықшылық алу үшін өтінімге:
Тармақша 1
1) қазақстандық тауар өндірушілер дәрілік заттарды сатып алу және дәрілік заттарды берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасау кезінде объект пен өндірістің тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификатты қоса береді;
Тармақша 2
2) әлеуетті өнім берушілер дәрілік заттарды сатып алу кезінде объектінің тиісті дистрибьюторлық практикаға (GDP) сәйкестігі туралы сертификатты қоса береді;
Тармақша 3
3) әлеуетті өнім берушілер және (немесе) олардың бірлесіп орындаушылары фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде объектінің тиісті дәріханалық практикаға сәйкестігі (GPP) туралы сертификатты қоса береді.
Тармақ 20
20. Егер лот бойынша сатып алуға хабарландыру немесе сатып алуға шақыру шарттарына және осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келетін өтінім мен объектінің тиісті өндірістік практика (GMР) немесе тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификатты берген бір әлеуетті өнім беруші ғана қатысса, мұндай әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады, ал басқа әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері автоматты түрде қабылданбайды.
Тармақ 21
21. Егер лот бойынша сатып алуға хабарландыру немесе сатып алуға шақыру шарттарына және осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келетін тендерлік өтінім және объектілердің тиісті өндірістік практика (GMР) немесе тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификаттарды берген екі және одан көп әлеуетті өнім беруші қатысса, олардың арасында жеңімпаз аукцион қорытындысы бойынша ең төмен бағамен айқындалады, ал басқа әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері автоматты түрде қабылданбайды. Егер лот бойынша сатып алуға дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімінің деректеріне толық әрі дәл сәйкес келетін тіркеу куәлігін немесе дәрілік затты және (немесе) медициналық бұйымды Қазақстан Республикасына әкелуге денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган рұқсатының (қорытындысының) нөмірін ұсынған екі және одан көп әлеуетті өнім беруші қатысса, басымдық тіркеу куәлігін ұсынған әлеуетті өнім берушілерге беріледі, бұл ретте олардың арасындағы жеңімпаз аукцион қорытындысы бойынша ең төмен бағамен айқындалады, ал басқа әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері автоматты түрде қабылданбайды.
Тарау 4. 4-тарау. Сараптама
4-тарау. Сараптама
Тармақ 21-1
21-1. Тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютор сатып алу үшін (қажет болған жағдайда) сарапшыны немесе арнайы білімді және (немесе) техникалық білімді талап ететін мәселелер бойынша бейінді мамандықтардың сарапшыларын тартады. Тапсырыс беруші және (немесе) сатып алуды ұйымдастырушы фармацевтикалық қызметтің, дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың хабарландырудағы немесе шақырудағы сипаттамаларға немесе техникалық ерекшеліктерге сәйкестігі мәніне өтінімдерді сараптама жүргізу үшін бейінді мамандықтар бойынша қаржы жылына сарапшыларды айқындайды. Бұл ретте тапсырыс берушілер және (немесе) сатып алуды ұйымдастырушылар сарапшылардың осы Қағидалардың 2-тармағының 45) тармақшасына сәйкес келуіне жауапты болады. Бірыңғай дистрибьютор үшін жеке қаржы жылына арналған бейінді мамандықтар бойынша сарапшылардың тізімдерін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды. Ұсынылатын дәрілік заттарды сараптау үшін клиникалық фармакология саласындағы сарапшылар қосымша тартылады. Құны 20000000 (жиырма миллион) теңгеден жоғары медициналық техниканы сатып алу кезінде тендерлік өтінімдерді сараптау үшін уәкілетті орган қаржы жылы ішінде өзара алмасуды қамтамасыз ету үшін кемінде екі сарапшыны айқындайды.
Тармақ 21-2
21-2. Мыналар:
Тармақша 1
1) сатып алу рәсімдерінің нәтижесіне мүдделі (бірыңғай дистрибьютордың, әлеуетті өнім берушінің өкілдері);
Тармақша 2
2) бірыңғай дистрибьютордың, тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшысының жақын туысы, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаты болып табылатын адам сарапшы бола алмайды.
Тармақ 21-3
21-3. Сатып алу туралы шешім қабылдаған кезде сарапшының дауыс беруге құқығы жоқ. Сараптамалық қорытынды ұсынымдық сипатта болады және сатып алу туралы шешім қабылдаған кезде ескеріледі.
Тармақ 21-4
21-4. Веб-порталда сатып алу үшін сарапшы тартылған жағдайда сараптама жүргізу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) сарапшылар веб-порталда оның пайдаланушылары ретінде тіркеледі;
Тармақша 2
2) комиссия мүшесі веб-портал арқылы хатшыға дауыс беру хаттамасын жариялау мерзімі аяқталғанға дейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті лот бойынша сараптамалық қорытынды алу қажеттігі туралы хабарлама жібереді;
Тармақша 3
3) комиссия хатшысы веб-портал арқылы сараптамалық қорытындыны алу қажеттігі туралы хабарламаны алғаннан кейін тиісті сарапшыға лот бойынша сараптамалық қорытындыны ұсыну қажеттігі туралы хабарламаны дереу жібереді. Сол бір лот бойынша тендерлік комиссияның басқа мүшесінен сарапшының қорытындысының қажеттігі туралы хабарлама келіп түскен кезде сарапшыға қайта хабарлама жіберілмейді. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу кезінде хабарлама тартылатын сарапшылардың зерделеуіне жататын мәселелерді нақтылаумен жіберіледі.
Тармақша 4
4) сарапшы қол қойғаннан кейін комиссия мүшелеріне сараптамалық қорытындыны веб-портал автоматты түрде жібереді.
Тармақ 21-5
21-5. Қағаз жеткізгіште өткізілетін сатып алу үшін сарапшы тартылған жағдайда сараптамалық қорытынды жазбаша түрде ресімделеді, сарапшы қол қояды және комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі. Сараптамалық қорытындыны хатшы тіркейді және кері қайтарып алуға және (немесе) ауыстыруға жатпайды.
Тармақ 21-6
21-6. Комиссия мүшесі сараптамалық қорытындымен келіспесе оны назарға алмайды. Егер сараптамалық қорытынды әлеуетті өнім берушінің өтінімін қабылдамауға негіз болса, оны хатшы дауыс беру хаттамасымен бір мезгілде жариялайды.
Тармақ 21-7
21-7. Сараптамалық қорытындыны кейінгі сатып алуды өткізу кезінде күнтізбелік 12 (он екі) ай ішінде пайдалануға жол беріледі.
Бөлім 2. 2-бөлім. Тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
2-бөлім. Тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
Тарау 1. 1-тарау. Сатып алуды ұйымдастырушыны айқындау тәртібі
1-тарау. Сатып алуды ұйымдастырушыны айқындау тәртібі
Тарау 2. 2-тарау. Тендер өткізу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
2-тарау. Тендер өткізу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
Тарау 3. 3-тарау. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу
3-тарау. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу
Тарау 4. 4-тарау. Бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
4-тарау. Бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
Тарау 5. 5-тарау. Медициналық техниканы сатып алуды жоспарлау және ұйымдастыру
5-тарау. Медициналық техниканы сатып алуды жоспарлау және ұйымдастыру
Тармақ 1. 1-параграф. Медициналық техниканы сатып алуды жоспарлау
1-параграф. Медициналық техниканы сатып алуды жоспарлау
Тармақ 91
91. Тапсырыс берушілер 15 қаңтардан кешіктірмей медициналық техниканың тізбесін мынадай растайтын құжаттармен денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға келісу үшін:
Тармақша 1
1) «Медициналық бұйымдардың оңтайлы техникалық сипаттамалары мен клиникалық-техникалық негіздемесіне сараптамалық бағалауды жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 қаңтардағы № ҚР ДСМ-1 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22040 болып тіркелген) сәйкес клиникалық-техникалық негіздеме.
Тармақша 2
2) әртүрлі өндірушілерден кемінде үш коммерциялық ұсыныс жібереді.
Тармақ 92
92. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган 15 ақпаннан кешіктірмей тапсырыс берушілерге, бірыңғай дистрибьюторға және сараптама ұйымына құны 20 000 000 (жиырма миллион) теңгеден жоғары медициналық техниканың келісілген тізбесін жібереді.
Тармақ 93
93. Тапсырыс берушілер денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органнан құны 20 000 000 (жиырма миллион) жоғары медициналық техниканың келісілген тізбесін алғаннан кейін ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешіктірмей облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының келісіуімен сараптама ұйымына:
Тармақша 1
1) «Денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандырудың ең төмен стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы №ҚР ДСМ-167/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21560 болып тіркелген) бекітілген (бекітілген стандарт болған кезде) медициналық техниканың техникалық ерекшелігінен салыстырылатын параметрлерін және медициналық техниканың техникалық ерекшелігінің стандарттарына сәйкес олардың мәндерін көрсетуді ескере отырып, осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;
Тармақша 2
2) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімінің деректеріне толық сәйкес ұқсас медициналық техниканың техникалық сипаттамалары туралы мәліметтерден тұратын құжаттар мен материалдарды;
Тармақша 3
3) №ҚР ДСМ-1 бұйрығына сәйкес берілген медициналық техниканың клиникалық-техникалық негіздемесіне сараптамалық бағалау жүргізу нәтижелері бойынша ұсынылатын қорытындының көшірмесін жібереді. Медициналық техниканы сатып алуға арналған техникалық ерекшелік сипаттамаларының әртүрлі өндірушілердің кемінде екі моделіне сәйкестігіне қорытынды беру үшін өтініш беруші ұсынған әртүрлі медициналық техниканы өндірушілердің кемінде екі моделінің техникалық сипаттамаларымен техникалық ерекшеліктің функционалдық параметрлеріне салыстырмалы талдау жүргізіледі. Өтініш беруші ұқсас техниканы таңдағанда салыстырылатын модельдердің техникалық сипаттамаларын, мүмкіндіктері мен жиынтығын ескереді. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету кезінде медициналық техниканы орталықтандырылған сатып алуды ұйымдастыру үшін тіркелген медициналық техникаға қорытынды беріледі.
Тармақ 94
94. Сараптама ұйымы осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш тіркелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде салыстырмалы талдау қорытындылары бойынша әртүрлі өндірушілердің кемінде екі моделіне медициналық техниканы сатып алуға арналған техникалық ерекшелік сипаттамаларының сәйкестігіне қорытынды беруді жүзеге асырады. Әртүрлі өндірушілердің кемінде екі моделіне медициналық техниканы сатып алуға арналған техникалық ерекшелік сипаттамаларының сәйкестігіне қорытынды беру кезінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімінің материалдары және тиісті тіркеу дерекнамасының құжаттары ескеріледі.
Тармақ 95
95. Осы Қағидаларға 7-қосымшаның 93-тармағына және (немесе) тиісті тіркеу дерекнамасының материалдарына сәйкес ұсынылған құжаттарға ескертулер болған кезде сараптама ұйымы анықтаған ескертулерді және оларды ескертулер жіберілген сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жою қажеттігін көрсете отырып, өтініш берушіге жауап (еркін нысанда) жібереді. Ескертулерді жоюға берілген уақытта, өтінішті қарау мерзімдері тоқтатыла тұрады. Өтініш беруші ескертулерді жоймаған кезде сараптама ұйымы өтініш берушіге өтінішті қарауды тоқтату туралы хабарлама (еркін нысанда) жібереді.
Тармақ 96
96. Сараптама ұйымы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары жіберетін әртүрлі өндірушілердің кемінде екі моделіне медициналық техниканы сатып алуға арналған техникалық ерекшелік сипаттамаларының сәйкестігіне қорытынды беруді жүзеге асырады.
Тармақ 97
97. Өтініш беруші ұсынылған құжаттардың дұрыстығын, толықтығын және мазмұнын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Қағидаларға сәйкес қамтамасыз етеді. Өтініш берушінің дәйексіз деректерді ұсынуы қорытынды беруден бас тартуға негіз болып табылады. Әртүрлі өндірушілердің кемінде екі моделіне медициналық техниканы сатып алуға арналған техникалық ерекшелік сипаттамаларының сәйкестігіне қорытындының қолданылу мерзімі оны берген күннен бастап 12 айдан аспайды.
Тармақ 98
98. Тапсырыс берушілер құны 20 000 000 (жиырма миллион) теңгеден аспайтын медициналық техниканы сатып алуды осы Қағидалардың 3-бөліміне сәйкес бюджеттік бағдарлама әкімшісімен келісу бойынша жүзеге асырады. Бұл ретте құны 20 000 000 (жиырма миллион) теңгеден төмен медициналық техникаға әртүрлі өндірушілердің кемінде екі моделіне медициналық техниканы сатып алуға арналған техникалық ерекшелік сипаттамаларының сәйкестігіне қорытынды талап етілмейді.
Тармақ 99
99. Тапсырыс беруші құны 20000000 (жиырма миллион) теңгеден жоғары медициналық техниканы бірыңғай дистрибьютор арқылы сатып алады.
Тармақ 99-1
99-1. Құны 5 000 000 (бес миллион) теңгеден бастап 200 000 000 (екі жүз миллион) теңгеге дейінгі медициналық техника денсаулық сақтау субъектілері берген өтінімге сәйкес лизинг берушінің жеке қаражаты және (немесе) тартылған қаражат есебінен сатып алынады. Егер лизингтік төлемдерді, сондай-ақ бастапқы жарнаны (бар болса) өтеу жергілікті бюджет қаражаты немесе республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен көзделген жағдайда денсаулық сақтау субъектілері берген өтінімге сәйкес лизинг беруші сатып алатын медициналық техника құнының жоғарғы шегі 200 000 000 (екі жүз миллион) теңгеден асуына жол беріледі.
Тармақ 100
100. Тапсырыс берушілер бір бірлігінің құны 20 000 000 (жиырма миллион) теңгеден жоғары медициналық техниканы бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесі арқылы бірыңғай дистрибьюторға жыл сайын осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 1 маусымнан кешіктірмей өтінім беру жолымен жүзеге асырады, ол:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынатын медициналық техниканың тізбесінен;
Тармақша 2
2) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық ерекшеліктен (техникалық ерекшелікті дайындаған кезде тапсырыс беруші оған медициналық техниканың функционалдық мақсатына әсер ететін, жоқ болуы оны мақсатына қарай қолданудың мүмкін болмауына алып келетін параметрлерді қосады); «Денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандырудың ең төмен стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы №ҚР ДСМ-167/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21560 болып тіркелген) бекітілген медициналық техниканың мәлімделетін атауына техникалық ерекшелік стандарты болған кезде техникалық ерекшелікті тапсырыс беруші бекітілген техникалық ерекшелік стандартына сәйкес қалыптастырады;
Тармақша 3
3) әртүрлі өндірушілердің кемінде екі моделіне медициналық техниканы сатып алуға арналған техникалық ерекшелік сипаттамаларының сәйкестігіне қорытындыдан («Денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандырудың ең төмен стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы №ҚР ДСМ-167/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21560 болып тіркелген) (бұдан әрі – №ҚР ДСМ-167/2020 бұйрығы) бекітілген техникалық ерекшелік стандарты жоқ медициналық техникаға) тұрады. Бұл ретте облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының қарамағындағы тапсырыс берушілер өтінімді бекіту және одан әрі бірыңғай дистрибьюторға ақпараттық жүйе арқылы жіберу үшін өз аумақтық бірлігі денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына береді. Тапсырыс берушілер және (немесе) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары медициналық техниканың техникалық сипаттамасы бойынша бірдей сатып алуға өтінімдер болған кезде мұндай өтінімдерді бір позицияға (бір лотқа) біріктіреді. Бірдей техникалық сипаттамалары бар медициналық техниканы сатып алуға өтінімдер болған кезде бірыңғай дистрибьютор оларды бір лотқа біріктіреді. Лоттың бағасы тапсырыс берушілер ұсынған бірдей өтінімдердің ең аз бағасымен айқындалады. Бұл ретте медициналық техниканы беру мерзімін бірыңғай дистрибьютор 15 желтоқсаннан кешіктірмей күнтізбелік 90 күн белгілейді. Алдын ала төлем мөлшері 0% мөлшерінде белгіленеді.
Тармақ 101
101. Өтінімдегі мәліметтердің дұрыстығы тапсырыс берушілерге (өтініш берушілерге) жүктеледі.
Тармақ 102
102. Бірыңғай дистрибьютор бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесі арқылы өтінімді алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өтінімді ұсынылған мәліметтердің толықтығына қарайды. Әртүрлі өндірушілердің кемінде екі моделіне медициналық техниканы сатып алуға арналған техникалық ерекшелік сипаттамаларының сәйкестігіне қорытындыда көрсетілген (медициналық техниканың мәлімделетін атауына арналған техникалық ерекшеліктің бекітілген стандарты болмаған кезде) медициналық техниканың техникалық ерекшелігінің параметрлерінің мәніне тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігі сәйкес келмеген кезде тапсырыс берушінің өтінімі пысықтауға кері қайтарылады. №ҚР ДСМ-167/2020 бұйрығымен бекітілген техникалық ерекшелік стандартына (бекітілген стандарт болған кезде) сәйкес қалыптастырылған тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігі сәйкес келмеген кезде тапсырыс берушінің өтінімі пысықтауға кері қайтарылады. Тапсырыс беруші өтінімді 10 (он) жұмыс күні ішінде сәйкестендіруге және бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесі арқылы бірыңғай дистрибьюторға қайта енгізуге жол береді.
Тармақ 103
103. Тапсырыс берушінің қайта енгізілген техникалық ерекшелігі 10 (он) жұмыс күнінен асырылмай қаралады.
Тармақ 104
104. Ескертулердің жойылмауы не толық жойылмауы тапсырыс берушінің өтінімін қабылдамауға негіз болып табылады.
Тармақ 105
105. Медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыруды осы Қағидалардың 3-бөлімнің 1-тарауына сәйкес бірыңғай дистрибьютор жүзеге асырады.
Тармақ 106
106. Ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде тапсырыс берушілер (өтініш берушілер) бірыңғай дистрибьюторға осы Қағидаларға 9-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құны 20 000 000 (жиырма миллион) теңгеден жоғары медициналық техниканы беру шарттарын жасасу және медициналық техниканы беру туралы ақпаратты, сондай-ақ өнім берушілердің шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу фактісі бойынша растайтын құжатты ұсынады. Бірыңғай дистрибьютор тапсырыс берушілер (өтініш берушілер) ақпарат ұсынғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға осы Қағидаларға 9-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алу нәтижелері туралы есеп береді.
Тарау 6. 6-тарау. Сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсету шартын жасасу
6-тарау. Сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсету шартын жасасу
Тармақ 107
107. Тапсырыс беруші тендер қорытындысы шығарылған күннен не сатып алуды ұйымдастырушыдан сатып алу қорытындысын алған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде әлеуетті өнім берушіге қол қойылған сатып алу шартын немесе осы Қағидалардың 5 және (немесе) 6-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша жасалатын фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шартты жібереді.
Тармақ 108
108. Шартты алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде тендер жеңімпазы оған қол қояды не тапсырыс берушіні оның талаптарымен келіспейтіні немесе қол қоюдан бас тартатыны туралы жазбаша хабардар етеді.
Тармақ 109
109. Көрсетілген мерзімде қол қойылған шартты немесе талаптармен келіспеу туралы хабарламаны ұсынбау шарт жасасудан бас тарту болып есептеледі. Келіспеушілікті қарау мерзімі шарт жасасудан бас тартуды ұсынған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен аспайды.
Тармақ 110
110. Сатып алу шарты немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шарт тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
Тармақ 111
111. Егер тендердің жеңімпазы белгіленген мерзімде сатып алу шартына немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шартқа қол қоюдан жалтарса немесе тапсырыс берушіге оның талаптарымен келіспейтіні туралы хабарламаса, онда тапсырыс беруші осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келетін және баға ұсынысы жеңімпаздың ұсынысынан кейін екінші болып табылатын тендерге қатысушымен шарт жасасады.
Тармақ 112
112. Шартқа өнім берушіні таңдау үшін негіз болып табылған ұсыныстың мазмұнын өзгертетін қандай да бір өзгерістерді және (немесе) жаңа талаптарды енгізуге (дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың бағасын, көлемін азайтуды қоспағанда), оның ішінде шартта көрсетілген саудалық атауды басқа саудалық атаумен ауыстыруға жол берілмейді.
Тармақ 113
113. Өнім берушіні таңдауға негіз болған дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымның құрамы немесе сипаттамасы өзгермеген жағдайда жасалған шартқа:
Тармақша 1
1) тараптардың өзара келісуі бойынша дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың бағасын және тиісінше шарттың бағасын азайту бөлігінде;
Тармақша 2
2) тараптардың өзара келісуі бойынша дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің көлемін азайту бөлігінде өзгерістер енгізуге жол беріледі.
Тармақ 114
114. Тапсырыс берушінің не сатып алуды ұйымдастырушының аудио және бейне тіркеуді қолданып, сатып алу шартына және фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шартқа қол қойғанға дейін дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың не фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің бағасын азайту мақсатында тендер жеңімпазы деп танылған әлеуетті өнім берушімен келіссөз жүргізуге жол беріледі. Әлеуетті өнім беруші өз қалауы бойынша дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің бағасын азайтуға келісетіні немесе келіспейтіні туралы шешім қабылдайды, бұл тапсырыс берушінің не сатып алуды ұйымдастырушының тендер жеңімпазы болып танылған әлеуетті өнім берушімен шартқа қол қоюдан бас тартуы үшін негіз болып табылмайды.
Тарау 7. 7-тарау. Шарттың орындалуын кепілдікті қамтамасыз ету
7-тарау. Шарттың орындалуын кепілдікті қамтамасыз ету
Тарау 8. 8-тарау. Бірыңғай дистрибьютордан сатып алу
8-тарау. Бірыңғай дистрибьютордан сатып алу
Тармақ 1. 1-параграф. Бірыңғай дистрибьютордың тізбесі
1-параграф. Бірыңғай дистрибьютордың тізбесі
Тармақ 120
120. Тапсырыс берушілер 88 бұйрыққа енгізілген, бірыңғай дистрибьютордан дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуды жүзеге асырады.
Тармақ 121
121. Бірыңғай дистрибьютор сатып алу қорытындысы шығарылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға сатып алу нәтижелері туралы есеп береді.
Тармақ 2. 2-параграф. Бірыңғай дистрибьютордың тізбесі бойынша дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алу
2-параграф. Бірыңғай дистрибьютордың тізбесі бойынша дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алу
Тармақ 122
122. Бірыңғай дистрибьютордың тізбесі бойынша сатып алуды жүзеге асыру үшін «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету қағидаларын, сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-89 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24069 болып тіркелген) сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілік қалыптастырылады.
Тармақ 123
123. Өтінімдер халықаралық патенттелмеген атауға шекті бағалар бойынша қалыптастырылады.
Тармақ 124
124. Тапсырыс берушілердің сатып алу шартын жасасу сәтіне дейінгі өтінімдері олардың дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сатып алуды жүзеге асыруға келісімін білдіру нысаны болып табылады.
Тармақ 125
125. Амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету бойынша бюджеттік өтінімді облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары бірыңғай дистрибьюторға жібереді.
Тармақ 126
126. Бірыңғай дистрибьютор жыл сайын 1 мамырдан кешіктірмей төмендемейтін қордың көлемін ескере отырып, дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алуды:
Тармақша 1
1) жедел, стационарлық, стационарды алмастыратын көмек көрсету және аурулардың профилактикасы үшін тапсырыс берушілер қалыптастырған өтінімдердің;
Тармақша 2
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары қалыптастырған амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету жөніндегі бюджеттік өтінімнің негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 127
127. Бірыңғай дистрибьюторға:
Тармақша 1
1) сол қаржы жылында тиісті қаржы жылына дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алу кезінде тапсырыс берушілер мәлімдеген дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың көлемін барабар азайту қажеттігі туындағанда;
Тармақша 2
2) тапсырыс берушілер мәлімдеген дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың көлемін беруге әлеуетті өнім берушілерден ұсыныстар болмағанда ішінара сатып алуды жүзеге асыруға жол беріледі.
Тармақ 128
128. Сатып алу өткізілгеннен кейін бірыңғай дистрибьютор тиісті қаржы жылына арналған прайс-парақты бекітеді және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға, қорға, тапсырыс берушілерге прайс-парақты жібереді.
Тармақ 129
129. Амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде бірыңғай дистрибьютор мен қор арасында денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бөлген сома шегінде Кодекстің 69-бабының 3-тармағына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнын төлеу шарты жасалады.
Тармақ 3. 3-параграф. Жедел, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету және аурулардың профилактикасы үшін сатып алу
3-параграф. Жедел, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету және аурулардың профилактикасы үшін сатып алу
Тармақ 130
130. Тапсырыс берушілер прайс-парақты алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде тиісті қаржы жылына арналған алдын ала өтінімді түзетеді және түзетілген өтінімді бірыңғай дистрибьюторға жібереді.
Тармақ 131
131. Дәрілік заттарға және (немесе) медициналық бұйымдарға түзетілген өтінімді ресімдеу кезінде тапсырыс берушілер олардың сапасын сақтау мақсатында мәлімделетін дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың санын жалпы жылдық көлемнен ең аз қаптаманың еселенген санына дейін дөңгелектейді. Түзетілген өтінімдегі дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың санын тапсырыс берушілер алдын ала өтінімдерде көрсетілген санның 10 (он) пайызына дейін азайту жағына қарай өзгертуі мүмкін. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның немесе қордың келісімі бойынша дәрілік заттардың (немесе) медициналық бұйымдардың санын 10 (он) пайыздан жоғары азайтуға: дәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес балаларға қолдануға қарсы көрсетілімдер болған; тапсырыс берушінің бірінші басшысының қатысуымен дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негізінде пациенттің жеке өзіне жақпаған, қайта ұйымдастырылған, таратылған және қаржыландыру қысқартылған кезде жол беріледі.
Тармақ 132
132. Тапсырыс берушілер шарт жасасу үшін бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесіне: тапсырыс беруші басшысының (оны алмастыратын адамның) атқаратын лауазымын растайтын құжаттың нөмірі мен күні; сатып алу жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарламаның нөмірі мен атауы; төлем деректемелері, дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды беру орны (мекенжайы) бар ақпаратты енгізеді. Сондай-ақ құрылтай құжаттарының көшірмесін, мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы, басшыға арналған бұйрықтың көшірмесін, қормен жасалған шарттың көшірмесін, қажет болған кезде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы лицензияны ұсынады.
Тармақ 133
133. Бірыңғай дистрибьютор тапсырыс берушілерден түзетілген өтінімді алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шарттарды тапсырыс берушілерге қол қоюға жібереді.
Тармақ 134
134. Тапсырыс берушілер бірыңғай дистрибьютордан шартты алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей, мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, шартқа қағаз жеткізгіште қол қоятын, мөрмен бекітетін және оларды қабылдау-беру актісі бойынша бірыңғай дистрибьюторға беретін тапсырыс берушілерді қоспағанда, оған бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде қол қояды.
Тармақ 135
135. Тапсырыс берушілерде сол қаржы жылында қосымша қажеттілік туындаған кезде тапсырыс берушілер бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған сатып алуға арналған қосымша өтінімдерді бірыңғай дистрибьюторға ұсынады.
Тармақ 4. 4-параграф. Амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету үшін сатып алу
4-параграф. Амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету үшін сатып алу
Тармақ 136
136. Бірыңғай дистрибьютор осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бөлінген бюджет қаражаты шеңберінде бірыңғай дистрибьютордың прайс-парағы бекітілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарымен шарт жасасады.
Тармақ 136-1
136-1. Жөнелтуге өтінім ай сайын бөлінген бюджет қаражаты шегінде ұлғаю жағына қарай түзетіледі.
Тармақ 136-2
136-2. Бірыңғай дистрибьютор жөнелтуге өтінімді кейіннен түзете отырып, қалдықтарды талдауды ескеріп, жөнелтуді жүзеге асырады.
Тармақ 136-3
136-3. Түзету шеңберінде қажеттілікті қамтамасыз ету дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың төмендемейтін қорынан жүзеге асырылады.
Тармақ 137
Тармақ 138
Тармақ 139
Тармақ 140
Тармақ 141
Тармақ 142
142. Бірыңғай дистрибьютор ай сайын уәкілетті органға фармацевтикалық қызметтер көрсету жөніндегі шарттық міндеттемелердің орындалуы туралы ақпарат жібереді.
Тармақ 143
143. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.06.2025 № 58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тарау 15. 15-тарау. Фармацевтикалық көрсетілетін қызметтер берушілерге шығындарды өтеу тәртібі
15-тарау. Фармацевтикалық көрсетілетін қызметтер берушілерге шығындарды өтеу тәртібі
Тармақ 144
144. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары фармацевтикалық қызметтерді көрсету туралы шартта белгіленген дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың құнын және дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды тасымалдау, сақтау, есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін фармацевтикалық қызметтерді көрсету туралы шартта белгіленген, пайыздық арақатынаста көрсетілген сыйақы мөлшерін фармацевтикалық көрсетілетін қызметтер берушілерге ай сайын өтейді. Бұл ретте дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың құны халықаралық патенттелмеген атауға шекті бағалардан және саудалық атауға шекті бағалардан аспайды.
Тармақ 145
145. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары фармацевтикалық көрсетілетін қызметтер берушілерге іс жүзінде көрсетілген қызметтер үшін шығындарды қамтамасыз етілген тізілімдер (рецепттер тізілімі) туралы ұсынылған деректерді бөлінген қаражат шегінде амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді есепке алу жүйесіндегі деректермен салыстырып тексеру негізінде орындалған жұмыстардың актілеріне сәйкес өтейді. Шарт сомасы қызметтердің іс жүзінде көрсетілетін көлемі есепке алынып түзетіледі.
Бөлім 3. 3-бөлім. Сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
3-бөлім. Сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
Тарау 1. 1-тарау. Бірыңғай дистрибьютор, тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы немесе лизинг беруші веб-портал арқылы жүзеге асыратын тендер
1-тарау. Бірыңғай дистрибьютор, тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы немесе лизинг беруші веб-портал арқылы жүзеге асыратын тендер
Тармақ 1. 1-параграф. Тендерді жүзеге асыру тәртібі
1-параграф. Тендерді жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 146
146. Тендерге осы Қағидалардың 8 және 9-тармақтарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер қатысады.
Тармақ 146-1
146-1. Бірыңғай дистрибьютор:
Тармақша 1
1) қазақстандық және шетелдік тауар өндірушілерден сатып алу өтпеді деп танылған;
Тармақша 2
2) құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды сатып алған кезде осы Қағидалардың 3-бөлімінің 1-тарауына сәйкес тендер тәсілімен сатып алуды жүзеге асырады.
Тармақ 146-2
146-2. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның тапсырмасымен дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды үш жылдық қажеттілік көлемінде сатып алуды жүзеге асыруға жол беріледі.
Тармақ 147
147. Тендер мынадай жүйелі кезеңдерден тұрады:
Тармақша 1
1) тендерлік комиссияның әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін хабарландыру шарттары мен осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігі тұрғысынан қарауы және кворум негізінде өтінімдерді қабылдамау немесе бәсекелес емес лоттар бойынша тендер жеңімпаздарын айқындау және бәсекелес лоттар бойынша аукционға жіберу туралы шешімдер қабылдауы, сондай-ақ егер лот бойынша бәсекелестеріне қазақстандық тауар өндірушілерге және (немесе) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өндірушілеріне немесе кәсіпкерлік бастамаға қолдау көрсетілетін болса, комиссия қабылдаудан бас тартпаған әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін веб-порталдың автоматты түрде қабылдамауы;
Тармақша 2
2) комиссия аукционға жіберген әлеуетті өнім берушілер арасындағы аукцион, веб-портал тендер жеңімпаздарын және екінші орын алған өнім берушілерді автоматты түрде айқындауы және қорытындылар шығаруы, ал барлық өтінімдер қабылданбаған немесе лоттар бойынша бәсекелестік болмаған жағдайда веб-порталдың автоматты түрде қорытынды шығаруы.
Тармақ 148
148. Бірыңғай дистрибьютордың, тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының шешімімен комиссия құрамына, басшыны немесе оның міндетін атқарушы адамды қоса алғанда, саны тақ кемінде үш адамнан тұратын жұмыскерлері енгізіледі. Тендерлік комиссия оны құру туралы шешім күшіне енген күннен бастап әрекет етеді және қорытындылар хаттамасы жарияланғаннан кейін өз қызметін тоқтатады.
Тармақ 148-1
148-1. Медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырған жағдайда лизинг беруші үшін тендерлік комиссияның төрағасы болып лизинг берушінің бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам айқындалады. Комиссияның құрамына денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның (келісуі бойынша), оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының (келісуі бойынша) және лизинг берушінің жұмыскерлері кіреді.
Тармақ 149
149. Бірыңғай дистрибьютордың, тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының немесе лизинг берушінің штаттық жұмыскері тендерлік комиссияның хатшысы болып айқындалады, ол:
Тармақша 1
1) веб-порталда тендер өткізу туралы хабарландыруды жариялауды;
Тармақша 2
2) тендерлік комиссия мүшесінің қандай да бір лот бойынша сараптамалық қорытынды беру туралы талабы бойынша тиісті сарапшыға сараптамалық қорытынды беру қажеттігі туралы хабарлама жіберуді;
Тармақша 3
3) тендерлік комиссияның дауыс беруінің қорытындысы бойынша танысу үшін дауыс беру хаттамасының жобасын қалыптастыруды, ал комиссия мүшелерінің бірінің талап етуі бойынша веб-порталда дауыс беруді қайта бастауды;
Тармақша 4
4) дауыс беру хаттамасын веб-порталда жариялауды;
Тармақша 5
5) тендерді тоқтату немесе жарамсыз деп тану туралы шешім қабылданған жағдайда, көшірмесін қоса тіркей отырып, веб-порталда оны тұтастай немесе қандай да бір лот бойынша тоқтатуды;
Тармақша 6
6) шарттар жасасу үшін тендердің қорытындысы туралы хабардар етуді уақтылы қамтамасыз етеді.
Тармақ 150
150. Тендер өткізу туралы хабарландыру бірыңғай дистрибьютор, тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы немесе лизинг беруші шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде веб-порталда қазақ және орыс тілдерінде жарияланады және веб-порталда тіркелген барлық әлеуетті өнім берушілерге хабарлама тартылады, онда:
Тармақша 1
1) хабарландырудың атауы, нөмірі және орналастыру уақыты;
Тармақша 2
2) бірыңғай дистрибьютордың немесе лизинг берушінің атауы, заңды мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру коды, банктік шоты;
Тармақша 3
3) дәрілік заттың және (немесе) медициналық бұйымның нөмірі, атауы, медициналық техниканың техникалық ерекшелігімен қоса, оның сипаттамасы, өлшем бірлігі, саны, бөлінген бағасы және жалпы сомасы көрсетілген лоттар;
Тармақша 4
4) фармацевтикалық көрсетілетін қызметті жеткізу немесе көрсету орны;
Тармақша 5
5) фармацевтикалық көрсетілетін қызметті жеткізу немесе көрсету мерзімдері;
Тармақша 6
6) қалған уақыттың кері есептей отырып, өтінімдерді қабылдаудың басталу және аяқталу уақыты;
Тармақша 7
7) комиссия мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және лауазымы;
Тармақша 8
8) комиссия хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы, телефоны мен электрондық поштасы бар ақпарат қамтылады.
Тармақ 151
151. Өтінімдерді қабылдау тендер туралы хабарландыру жарияланған күннен кейінгі бірыңғай оператордың жұмысы күні сағат 9.00-де басталады және:
Тармақша 1
1) елу және одан көп лот сатып алынған кезде – жеті жұмыс күні;
Тармақша 2
2) елу лоттан аз сатып алынған кезде – үш күннен бес жұмыс күніне дейін;
Тармақша 3
3) осы Қағидалардың 3-бөлімінің 4-тарауында көзделген сатып алу өткізілген кезде бір күннен бес жұмыс күніне дейін;
Тармақша 4
4) медициналық техника сатып алған кезде он жұмыс күні өткен соң бірыңғай оператордың өтінім қабылдау уақыты сағат 10.00-де аяқталады. Өтінімдер болмаған кезде веб-портал ашу және қорытынды хаттамаларын автоматты түрде және бір мезгілде жариялайды.
Тармақ 152
152. Өтінімдерді қабылдау мерзімі өткеннен кейін веб-портал оларды қарау үшін қолжетімді етеді және ашу хаттамасын оның нөмірін, жариялану уақыты мен мәртебесін көрсете отырып, автоматты түрде жариялайды, онда:
Тармақша 1
1) тендердің нөмірі мен атауы;
Тармақша 2
2) бірыңғай дистрибьютордың, тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының немесе лизинг берушінің атауы, БСН және заңды мекенжайы;
Тармақша 3
3) хабарландырудағы лоттардың тізбесі;
Тармақша 4
4) әлеуетті өнім берушілердің атауы, БСН (ЖСН), ССН, ТЕН, заңды мекенжайлары, өтінімдерді ұсыну уақыты мен күні;
Тармақша 5
5) өтінімдері ұсынылмаған лоттар;
Тармақша 6
6) баға ұсыныстарының деректері көрсетілген лоттар және өтінімдер ұсынған әлеуетті өнім берушілердің атаулары қамтылады.
Тармақ 153
153. Комиссия әлеуетті өнім берушілердің елу лотқа дейінгі тендердегі өтінімдерін 5 (бес) жұмыс күні ішінде, елу және одан көп лотты 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды. Медициналық техниканы сатып алу өткізілген кезде әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін тендерлік комиссия лоттардың санына қарамастан, 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарайды.
Тармақ 154
154. Өтінімдерді қарау мерзімі аяқталатын уақытқа қарай тендерлік комиссия хатшысы веб-порталда тендерлік комиссия мүшелерінің дауыс беруі негізінде дауыс беру хаттамасының жобасын қалыптастырады, тендерлік комиссия дәлелді себептермен дауыс бермегендерді қоспағанда, танысқаннан кейін оған қол қояды.
Тармақ 155
155. Тендерлік комиссияның хатшысы веб-порталда оның нөмірін, жарияланған уақытын және мәртебесін көрсете отырып, дауыс беру хаттамасын жариялайды, ол:
Тармақша 1
1) тендердің нөмірі мен атауын;
Тармақша 2
2) бірыңғай дистрибьютордың, тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының немесе лизинг берушінің атауын, БСН және заңды мекенжайын;
Тармақша 3
3) тендерлік комиссияның әрбір мүшесінің өтінімді тұтастай немесе лот бойынша жіберу немесе қабылдамау, қазақстандық тауар өндірушілерге және (немесе) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өндірушілеріне қолдау көрсету туралы шешімдерін немесе кәсіпкерлік бастаманы көрсете отырып, лоттар бөлінісінде тендерлік комиссияның дауыс беру нәтижелерін;
Тармақша 4
4) хабарландыру шарттарына немесе осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келмеуіне байланысты өтінімдері тендерлік комиссия қабылдамаған лоттар мен әлеуетті өнім берушілердің атауларын;
Тармақша 5
5) қазақстандық тауар өндірушілерге және (немесе) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өндірушілеріне қолдау көрсету лоты бойынша бәсекелестеріне немесе кәсіпкерлік бастамаға байланысты веб-портал өтінімдерін автоматты түрде қабылдамаған лоттар мен әлеуетті өнім берушілердің атауларын;
Тармақша 6
6) осы баға ұсыныстарын егжей-тегжейлі көрсете отырып, қазақстандық тауар өндірушілер немесе ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өндірушілері болып табылатын бәсекелестік жоқ лоттар және әлеуетті өнім берушілердің атауларын;
Тармақша 7
7) осы баға ұсыныстарын егжей-тегжейлі көрсете отырып, өтінімдерін тендерлік комиссия хабарландыру шарттарына және осы Қағидалардың шарттарына сәйкес деп таныған, бәсекелестік жоқ лоттар және әлеуетті өнім берушілердің атауларын қамтиды.
Тармақ 156
156. Ескертулерді жою уақыты дауыс беру хаттамасы жарияланған күннен кейінгі бірыңғай оператордың жұмысы күні сағат 9.00-де басталады және:
Тармақша 1
1) елу және одан көп лот сатып алынған кезде – 3 (үш) жұмыс күні;
Тармақша 2
2) елуден кем лот сатып алынған кезде – 2 (екі) жұмыс күні;
Тармақша 3
3) медициналық техника сатып алынған кезде лоттардың санына қарамастан 5 (бес) жұмыс күні өткеннен кейін бірыңғай оператордың жұмысы күні сағат 10.00-де аяқталады.
Тармақ 157
157. Тендерде әлеуетті өнім берушілердің өтінімдеріне толықтыруларды бірыңғай дистрибьютордың, тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының немесе лизинг берушінің тендерлік комиссиясы: елу лотқа дейін – 3 (үш) жұмыс күні ішінде, елу және одан көп лотқа – 5 (бес) жұмыс күні ішінде; медициналық техника сатып алынған кезде лоттардың санына қарамастан, 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарайды.
Тармақ 158
158. Осы Қағидалардың 3-бөлімінің 4-тарауында көзделген сатып алу бойынша тендер өткізілген кезде өтінімдерге толықтырулар ұсынылмайды.
Тармақ 159
159. Тендерлік комиссияда әлеуетті өнім берушілердің өтінімдеріне ескертулер болмаған кезде, сондай-ақ дауыс беру хаттамасында көрсетілген әлеуетті өнім берушілердің тендерлік өтінімдерін оларды осы Қағидалардың шарттарына толық сәйкестендіру және ескертулерді жою тұрғысынан қайта қараған кезде, оның нөмірі, жарияланған уақыты, мәртебесі көрсетіле отырып, веб-порталда жарияланатын рұқсат беру хаттамасы жасалады және:
Тармақша 1
1) тендердің нөмірі мен атауы;
Тармақша 2
2) бірыңғай дистрибьютордың, тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының немесе лизинг берушінің атауы, БСН және заңды мекенжайы;
Тармақша 3
3) тендерлік комиссияның әрбір мүшесінің өтінімді жалпы немесе лот бойынша жіберу немесе қабылдамау, қазақстандық тауар өндірушілерді және (немесе) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өндірушілерін немесе кәсіпкерлік бастаманы қолдау туралы шешімдерін көрсете отырып, лоттар бөлінісінде тендерлік комиссияның дауыс беру нәтижелері;
Тармақша 4
4) хабарландыру шарттарына немесе осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келмеуіне байланысты өтінімдерін тендерлік комиссия қабылдамаған лоттар мен әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
Тармақша 5
5) қазақстандық тауар өндірушілерге және (немесе) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өндірушілеріне қолдау көрсету лоты бойынша бәсекелестеріне немесе кәсіпкерлік бастамаға байланысты веб-портал өтінімдерін автоматты түрде қабылдамаған лоттар мен әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
Тармақша 6
6) осы баға ұсыныстарын егжей-тегжейлі көрсете отырып, қазақстандық тауар өндірушілер немесе ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өндірушілері болып табылатын бәсекелестік жоқ лоттар және әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
Тармақша 7
7) осы баға ұсыныстарын егжей-тегжейлі көрсете отырып, өтінімдерін комиссия хабарландыру шарттарына және осы Қағидалардың шарттарына сәйкес деп таныған бәсекелестік жоқ лоттар және әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
Тармақша 8
8) аукционның бастапқы бағаларын көрсете отырып, бәсекелестік лоттар мен өтінімдерін тендерлік комиссия аукционға жіберген әлеуетті өнім берушілердің атаулары қамтылады.
Тармақ 160
160. Рұқсат беру хаттамасы жарияланғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей өтінімдерде ұсынылған бағаларды төмендетуге аукцион өткізіледі.
Тармақ 161
161. Өтінімдер болмаған, тендерлік комиссия барлық өтінімдерді қабылдамаған, лоттар бойынша немесе аукцион қорытындылары бойынша бәсеке болмаған кезде веб-портал автоматты түрде нөмірін, жарияланған уақыты мен мәртебесін көрсете отырып, қорытындылар хаттамасын қалыптастырады және жариялайды, онда:
Тармақша 1
1) тендердің нөмірі мен атауы;
Тармақша 2
2) бірыңғай дистрибьютордың, тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының немесе лизинг берушінің атауы, БСН және заңды мекенжайы;
Тармақша 3
3) лоттар, аукционға қатысушылардың атаулары, беру уақыты мен аукцион қадамдарының мөлшері көрсетілген аукцион нәтижелері;
Тармақша 4
4) бәсекелес лоттар және аукцион нәтижесінде веб-порталда өтінімдері автоматты түрде қабылданбаған екінші орын алғандарды қоспағанда, әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
Тармақша 5
5) бәсекелес лоттар және баға ұсыныстарының деректері егжей-тегжейлі көрсетілген аукциондағы тендер жеңімпаздары;
Тармақша 6
6) бәсекелес лоттар және баға ұсыныстарының деректері егжей-тегжейлі көрсетілген аукционда екінші орын алған әлеуетті өнім берушілер;
Тармақша 7
7) бәсекелестік лоттар және баға ұсыныстарының деректері егжей-тегжейлі көрсетілген қазақстандық тауар өндірушілер немесе ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өндірушілері болып табылатын тендер жеңімпаздарының атаулары қамтылады.
Тармақ 162
162. Веб-порталды пайдалануға мүмкіндік бермейтін немесе хаттамаларды дұрыс қалыптастырмайтын техникалық ақаулар туындаған кезде бірыңғай оператор бұл туралы веб-порталдың тиісті бөлімінде дереу хабарландыру жариялайды, онда тендерге қатысушылардың бәріне автоматты түрде тиісті хабарламалар жіберіледі. Бұл ретте тендер мерзімдері техникалық ақауларды жою үшін қажетті уақытқа тең мерзімге жылжиды. Жарияланған қате хаттаманы бірыңғай оператор веб-порталдан алып тастамай, оған «жарамсыз» деген мәртебе береді. Жаңадан қалыптастырылған дұрыс хаттаманы бірыңғай оператор веб-порталда «жарамды» деген мәртебемен жариялайды. Хаттама ауыстырылған кезде тендерге қатысушыларға веб-портал автоматты түрде тиісті хабарлама жібереді.
Тармақ 163
163. Медициналық техниканы сатып алу жүзеге асырылған кезде бірыңғай дистрибьютор тендер қорытындысының хаттамасын және жеңімпаздардың техникалық ерекшелігін тендер қорытындысы шығарылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тендер жеңімпаздарымен сатып алу шарттарын жасасу үшін тапсырыс берушілерге (өтініш берушілерге) жібереді. Егер жалпы тендер немесе медициналық техниканы сатып алу жөніндегі қандай да бір лот осы Қағидалардың 3-бөлімінің 1-тарауында көзделген жағдайларда өтпеді деп танылса, бірыңғай дистрибьютор тапсырыс берушіге тиісті хабарлама жібереді. Тапсырыс беруші жалпы тендердің немесе қандай да бір лоттың өтпегені туралы хабарламаны алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде қайталама тендер өткізу туралы шешім қабылданған жағдайда осы Қағидалардың 3-бөлімінің 1-тарауына сәйкес қайталама тендер жариялау үшін бірыңғай дистрибьюторға тиісті хабарлама жібереді. Бұл ретте тапсырыс берушілер тендерлік рәсімдерді жүргізуге, тауарларды беруге және қабылдауға қажетті мерзімдерді ескеруі тиіс.
Тармақ 2. 2-параграф. Әлеуетті өнім берушінің тендерге қатысуы
2-параграф. Әлеуетті өнім берушінің тендерге қатысуы
Тармақ 164
164. Әлеуетті өнім беруші тендерге қатысуы үшін веб-порталда оның пайдаланушысы ретінде тіркеледі және мынадай құжаттарды:
Тармақша 1
1) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған фармацевтикалық қызметке және (немесе) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға тиісті лицензияның және (немесе) медициналық бұйымдарды көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның көшірмелерін;
Тармақша 2
2) мына сертификаттардың көшірмелері болған жағдайда: объектінің және өндірістің тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына сәйкестігі туралы; объектінің тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) талаптарына сәйкестігі туралы; объектінің тиісті дәріханалық практика (GРP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификаттардың көшірмелерін орналастырады. Осы тармақта көзделген құжаттар қажетіне қарай өзектілендіріліп тұрады. Веб-портал әлеуетті өнім берушінің осы тармақта көзделген құжаттарды орналастырған уақыты мен күнін хронологиялық тәртіппен көрсетеді және оларды өзектілендірілгеннен кейін де алып тастауға мүмкіндік бермейді.
Тармақ 165
165. Тендер шеңберінде әлеуетті өнім беруші бір тендерлік өтінім береді, ол хабарландыру шарттарына сәйкес келеді және онда:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 2 және (немесе) 14-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша баға ұсынысы;
Тармақша 2
2) банк кепілдігі немесе төлем тапсырмасы түріндегі кепілдікті қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық техника немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызмет сатып алынған кездегі техникалық ерекшелік (фармацевтикалық қызмет көрсетуге бірлесіп орындаушыларды тарту туралы бүкіл ақпарат техникалық ерекшелікте көрсетіледі);
Тармақша 4
4) тіркеу куәлігінің немесе қорытындының (рұқсат беру құжатының) қолданылу мерзімі өткен кезде – егер тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі өткенге дейін Қазақстанға әкелінсе немесе оның аумағында өндірілген болса, дәрілік заттың және (немесе) медициналық бұйымның хабарландыруға сәйкес көлемде әкелінгенін немесе өндірілгенін растайтын құжат;
Тармақша 5
5) медициналық техниканы жеткізу жиынтығының құрамында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жиынтықтаушы болған жағдайда сараптама ұйымының немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның тіркеу қажеттігі жоқ екенін растайтын хаты;
Тармақша 6
6) өлшем құралдарына жататын медициналық техника берілген кезде техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган берген сертификаттың көшірмесі, егер медициналық техника өлшем құралдарына жатпайтын болса, Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес техникалық құралдардың өлшем құралдарына тиесілігі белгіленгенін растайтын құжат;
Тармақша 7
7) сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы сатып алу кезінде қаржылық тоқсан шегінде (күнтізбелік 15 күннен аспайтын) медициналық техниканың рұқсат етілген тоқтап қалу мерзімін көрсете отырып, әлеуетті өнім берушінің хаты қамтылады.
Тармақ 166
166. Әлеуетті өнім беруші дәрілік затты және (немесе) медициналық бұйымды жеткізуге баға ұсынысында:
Тармақша 1
1) тіркеу куәлігінің немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның дәрілік затты және (немесе) медициналық бұйымды Қазақстан Республикасына әкелуге рұқсатының (қорытындысының) www.elicense.kz «электрондық үкімет» ақпараттық жүйесінің деректерімен толық әрі дәл сәйкес келетін нөмірін;
Тармақша 2
2) саудалық атауын;
Тармақша 3
3) қысқаша сипаттамасын (медициналық техника сатып алынса қысқаша сипаттаманың орнына «қоса беріліп отырған техникалық ерекшелікке сәйкес» деген жазба қойылады);
Тармақша 4
4) өлшем бірлігін;
Тармақша 5
5) өндірушіні;
Тармақша 6
6) өндірілген елін;
Тармақша 7
7) бірлігі үшін бағаны көрсетеді.
Тармақ 167
167. Жиынтықтағы дәрілік зат және (немесе) медициналық бұйым сатып алынса әлеуетті өнім беруші қосымша дәрілік затқа және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымға баға ұсынысында:
Тармақша 1
1) дәрілік заттың және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымның мемлекеттік тізілімінің деректеріне сәйкес келетін тіркеу куәлігінің нөмірін немесе дәрілік затты және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымды Қазақстан Республикасына әкелуге денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган рұқсатының (қорытындысының) www.elicense.kz «электрондық үкімет» ақпараттық жүйесінің деректеріне сәйкес келетін нөмірін;
Тармақша 2
2) саудалық атауын;
Тармақша 3
3) қысқаша сипаттамасын;
Тармақша 4
4) өлшем бірлігін;
Тармақша 5
5) өндірушіні көрсетеді.
Тармақ 168
168. Дәрілік зат және (немесе) медициналық бұйым оның белгілі бір мөлшері тегін негізде жеткізу шартымен сатып алынған кезде әлеуетті өнім беруші баға ұсынысы деген жолда осындай жеткізу туралы қысқаша сипаттамасымен тиісті жазба жасайды. Фармацевтикалық көрсетілетін қызмет сатып алынған кезде оның құны дәрілік заттың бағасына қатысты пайызбен және теңгемен бөлек жолдарда көрсетіледі.
Тармақ 169
169. Баға ұсынысының деректері веб-порталда ашу қорытынды хаттамаларында және жасалатын шарттарда автоматты түрде көрсетіледі.
Тармақ 170
170. Веб-портал әлеуетті өнім берушіге автоматты түрде:
Тармақша 1
1) дәрілік заттың және (немесе) медициналық бұйымның бір бірлігі үшін хабарландырудағы лоттың бағасынан жоғары баға ұсынуға;
Тармақша 2
2) баға ұсынысында дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың санын және беру графигін өзгертуге;
Тармақша 3
3) өтінім ашылғаннан кейін оны қайтарып алуға;
Тармақша 4
4) хабарландыруда көзделген мерзім өткеннен кейін өтінім беруге мүмкіндік бермейді.
Тармақ 171
171. Өтінім әлеуетті өнім берушіге веб-портал хабарлама жіберген кезде берілді деп есептеледі және әлеуетті өнім беруші оны ашылған сәтке дейін өзгертеді немесе кері қайтарып алады.
Тармақ 3. 3-параграф. Кепілдікті қамтамасыз ету
3-параграф. Кепілдікті қамтамасыз ету
Тармақ 172
172. Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету әрбір лотқа жеке енгізіледі және мыналарды:
Тармақша 1
1) дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу үшін хабарландырудағы лот сомасының кемінде бір пайызын;
Тармақша 2
2) медициналық техниканы сатып алу үшін хабарландырудағы лот сомасының кемінде үш пайызын құрайды.
Тармақ 173
173. Әлеуетті өнім беруші тендерге қатысуға өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді мынадай нысандардың бірімен ұсынады:
Тармақша 1
1) өтінімге төлем тапсырмасының көшірмесі қоса берілген және төлем мақсатында тиісті лоттың нөмірі көрсетілген бірыңғай дистрибьютордың немесе лизинг берушінің банктік шотына ақшалай жарна;
Тармақша 2
2) осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктің уәкілетті тұлғаларының электрондық цифрлық қолтаңбаларының көмегімен тікелей веб-порталда банк беретін электрондық банк кепілдігі.
Тармақ 174
174. Бұл ретте банк кепілдігінің көшірмесі веб-порталдағы өтінімге қоса тіркеледі.
Тармақ 175
175. Осы Қағидалардың 3-бөлімінің 4-тарауында көзделген сатып алу кезінде өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету енгізілмейді.
Тармақ 176
176. Әлеуетті өнім берушінің өтінімін кепілдікті қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі қорытындылар хаттамасына сәйкес ол қабылданбаған не сатып алу жеңімпазы жасалған шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету шараларын уақтылы ұсынған кезде аяқталады.
Тармақ 177
177. Кепілдікті қамтамасыз ету:
Тармақша 1
1) әлеуетті өнім берушінің өтінімі қабылданбаса;
Тармақша 2
2) жеңімпаз тендердің қорытындысы бойынша жасалған шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету шараларын уақтылы ұсынса;
Тармақша 3
3) тендер немесе жеке лотты сатып алу тоқтатылса;
Тармақша 4
4) тендер немесе жеке лотты сатып алу жарамсыз деп танылса;
Тармақша 5
5) кепілдік енгізілген, бірақ тұлға тендерге қатыспаса қайтарылады.
Тармақ 178
178. Әлеуетті өнім берушінің өтінімі қабылданбаған кезде:
Тармақша 1
1) веб-портал әлеуетті өнім берушіге және бірыңғай дистрибьюторға немесе лизинг берушіге веб-порталда көзделген нысан бойынша веб-портал арқылы ақшаны қайтару туралы хабарламаны автоматты түрде жібереді, ал бірыңғай дистрибьютор немесе лизинг беруші әлеуетті өнім берушінің банктік шотына ақша аудару жолымен бес жұмыс күні ішінде ақшалай жарнаны қайтарады;
Тармақша 2
2) веб-портал электрондық банк кепілдігін берген банкке және әлеуетті өнім берушіге веб-порталда көзделген нысан бойынша оның қолданылуын тоқтату туралы хабарламаны автоматты түрде жібереді.
Тармақ 179
179. Тендер жеңімпазы осы Қағидаларда көзделген мерзімдерді бұза отырып:
Тармақша 1
1) шарт жасасудан бас тартса немесе жалтарса;
Тармақша 2
2) шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету шарасын ұсынбаса өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету ұсталады.
Тармақ 180
180. Бірыңғай дистрибьютор, тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы немесе лизинг беруші электрондық банктік кепілдік түріндегі кепілдікті қамтамасыз етуді ұстап қалса веб-портал арқылы банкке және тендер жеңімпазына (мәлімет үшін) веб-порталда көзделген нысан бойынша оны төлеу туралы талап жібереді.
Тармақ 181
181. Банк кепілдігін төлеу туралы талап банкке оны төлеу үшін негіз басталған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде қойылады.
Тармақ 4. 4-параграф. Сараптама
4-параграф. Сараптама
Тармақ 182
182. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.06.2025 № 58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тармақ 183
183. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.06.2025 № 58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тармақ 184
184. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.06.2025 № 58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тармақ 185
185. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.06.2025 № 58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тармақ 186
186. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.06.2025 № 58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тармақ 187
187. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.06.2025 № 58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тармақ 188
188. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.06.2025 № 58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тармақ 189
189. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.06.2025 № 58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тармақ 190
190. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.06.2025 № 58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тармақ 5. 5-параграф. Тендерлік комиссияның дауыс беру және шешім қабылдау тәртібі
5-параграф. Тендерлік комиссияның дауыс беру және шешім қабылдау тәртібі
Тармақ 191
191. Тендерлік комиссияның мүшелері тендер жарияланған сәтте өтінімді қарау үшін веб-порталда оны пайдаланушылар ретінде тіркеледі, шешімді веб-порталға қою арқылы әлеуетті өнім берушінің өтінімін қабылдау немесе қабылдамау үшін дауыс береді, өтінім қабылданбаған кезде оны электрондық цифрлық қолтаңбалардың көмегімен осы Қағидалардың нормаларымен негіздейді.
Тармақ 192
192. Тендерлік комиссия мүшелері қазақстандық тауар өндірушілерді және (немесе) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өндірушілерін немесе кәсіпкерлік бастаманы қолдау туралы шешімдер қабылдаған кезде әлеуетті өнім берушінің веб-порталдағы парақшасындағы және Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі құжаттарды, ал өтінімнің хабарландыру шарттарына және осы Қағидалардың дәрілік заттарға және (немесе) медициналық бұйымдарға қойылатын шарттарына сәйкестігі тұрғысынан әлеуетті өнім беруші өтінімде ұсынған құжаттарды қарайды. Веб-портал осы Қағидаларға сәйкес негіздемемен өтінімге берілетін ескертулерді таңдауды қамтиды. Қажет болған кезде тендерлік комиссияның мүшесі өзіне веб-портал ұсынатын нұсқаларды пайдаланбай, өтінімге өзінің ескертуін негіздейді.
Тармақ 193
193. Тендерлік комиссия мүшелерінің дауыстары өзара тең. Тендерлік комиссияның шешімі комиссияның дауыс берген мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде тендерлік комиссия төрағасы немесе ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Тармақ 194
194. Дауыс беру хаттамасына қол қою дәлелді себептермен дауыс бермеген тендерлік комиссия мүшелері есепке алынбай жүргізіледі. Дәлелді себеппен дауыс бермеген тендерлік комиссия мүшесі комиссияның хатшысына дауыс беруге қатысудың мүмкін еместігін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады.
Тармақ 195
195. Комиссия мүшелерінің бірі оның шешімімен келіспесе, оның ерекше пікірі қорытындылар хаттамасына қоса тіркеледі.
Тармақ 196
196. Веб-портал дауыс беру хаттамасында тендерлік комиссияның әрбір мүшесінің әр лот бойынша дауыс беру нәтижелерін веб-порталдағы шешімге сәйкес себебін негіздей отырып, автоматты түрде:
Тармақша 1
1) «дауыс берген жоқ»;
Тармақша 2
2) «қабылданды»;
Тармақша 3
3) «қабылданбады» деген мәртебелердің бірімен көрсетеді.
Тармақ 197
197. Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды сатып алуды қоспағанда, комиссия өтінімін хабарландыру шарттарына және осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келеді деп таныған әлеуетті өнім беруші лот бойынша бәсекелес болмаған кезде өткізілмеген лоттар бойынша қайталама тендер өткізу кезінде жеңімпаз деп танылады. Хабарландыру шарттарына және осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келетін лот бойынша жалғыз өтінімді ұсынған кезде қайталама тендер өткізіледі. Лизинг беруші медициналық техниканы сатып алуды жүзеге асырған кезде комиссия өтінімін хабарландыру шарттарына және осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келеді деп таныған әлеуетті өнім беруші лот бойынша бәсекелес болмаған кезде жеңімпаз деп танылады.
Тармақ 198
198. Тендер тәсілімен сатып алу немесе оның қандай да бір лоты мынадай негіздердің бірі бойынша:
Тармақша 1
1) тендерлік өтінімдердің болмауы;
Тармақша 2
2) әлеуетті өнім берушілердің барлық тендерлік өтінімдерінің қабылданбауы;
Тармақша 3
3) егер тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігі әлеуетті өнім берушілер лот бойынша ұсынғандардың ішінен бір өндірушінің бір моделіне ғана сәйкес келсе;
Тармақша 4
4) осы Қағидалардың 197-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, хабарландыру шарттарына және осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келетін лот бойынша жалғыз өтінім берілген жағдайда өткізілген жоқ деп танылады.
Тармақ 6. 6-параграф. Өтінімді қабылдамау негіздері
6-параграф. Өтінімді қабылдамау негіздері
Тармақ 199
199. Егер әлеуетті өнім беруші осы Қағидалардың шеңберінде сатып алынатын дәрілік заттарға және (немесе) медициналық бұйымдарға қойылатын шарттар бойынша дәйексіз ақпарат ұсынса, әлеуетті өнім берушінің өтінімі толық қайтарылады.
Тармақ 200
200. Мына жағдайларда:
Тармақша 1
1) баға ұсынысы ұсынылмаса немесе онда: баға 96 бұйрықпен бекітілген халықаралық патенттелмеген атауға, ал бірыңғай дистрибьютор сатып алған кезде әлеуетті өнім берушінің бағасына бірыңғай дистрибьютордың бекітілген үстеме бағасын қосуды есепке алғанда, медициналық техниканы сатып алуды қоспағанда, шекті бағадан асса; баға 77 бұйрықпен бекітілген саудалық атауға, ал бірыңғай дистрибьютор сатып алған кезде әлеуетті өнім берушінің бағасына бірыңғай дистрибьютордың бекітілген үстеме бағасын қосуды есепке алғанда, медициналық техниканы сатып алуды қоспағанда, шекті бағадан асса; баға 94 бұйрықпен бекітілген дәрілік заттың саудалық атауына өндірушінің шекті бағасынан, бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағадан, ал бірыңғай дистрибьютор сатып алған кезде әлеуетті өнім берушінің бағасына бірыңғай дистрибьютордың бекітілген үстеме бағасын қосуды есепке алғанда, медициналық техниканы сатып алуды қоспағанда, шекті бағадан асса; тіркеу куәлігінің немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның әкелуге немесе өндіруге, оның ішінде жиынтықтағы дәрілік затқа және (немесе) медициналық бұйымға рұқсатының (қорытындысының) нөмірі көрсетілмесе; тіркеу куәлігінің немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның әкелуге немесе өндіруге берген рұқсатының (қорытындысының) хабарландыру шарттарына сәйкес келмейтін нөмірі көрсетілсе; дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізіліміне немесе Еуразиялық экономикалық одақтың тіркелген дәрілік заттардың Бірыңғай тізілімін сәйкес келмейтін немесе онда жоқ тіркеу куәлігінің нөмірі көрсетілсе; денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган әкелуге немесе өндіруге берген рұқсаттың (қорытындының) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде жоқ нөмірі көрсетілсе; денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның хабарландырудағы санға жеткіліксіз көлемде әкелуге немесе өндіруге берген рұқсаты (қорытындысы) көрсетілсе; саудалық атауы, сипаттамасы немесе өлшем бірлігі хабарландыру шарттарына сәйкес келмесе; саудалық атауы, қысқаша сипаттамасы, өлшем бірлігі, өндірушісі немесе өндіруші елі көрсетілмесе немесе дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімінің деректеріне сәйкес келмесе; фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің құны пайызбен немесе теңгемен көрсетілмесе; дәрілік заттың және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымның сипаттамасы сараптамалық қорытындыға сәйкес келмесе;
Тармақша 2
2) медициналық техниканың немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің техникалық ерекшелігі ұсынылмаса немесе егер: медициналық техниканың немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің техникалық ерекшелігі хабарландырудағы техникалық ерекшелікке, оның ішінде сараптамалық қорытындыға сәйкес келмесе; лизинг беруші жүзеге асыратын сатып алуды қоспағанда, тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігі әлеуетті өнім берушілер лот бойынша ұсынғандардың ішінен бір өндірушінің бір моделіне ғана сәйкес келсе;
Тармақша 3
3) өтінімнің кепілдікті қамтамасыз етуі ұсынылмаса немесе егер: төлем тапсырмасында сома лот сомасының бір пайызынан кем болса немесе төлем мақсатында лоттың нөмірі көрсетілмесе; төлем тапсырмасы бойынша ақшалай жарна дауыс беру хаттамасы қалыптастырылатын кезде бірыңғай дистрибьютордың, тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотына түспесе; электрондық банктік кепілдік осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілмесе;
Тармақша 4
4) әлеуетті өнім беруші осы Қағидаларда көзделген шарттарға сәйкес келмесе әлеуетті өнім берушінің өтінімі қабылданбайды.
Тармақ 7. 7-параграф. Аукцион
7-параграф. Аукцион
Тармақ 201
201. Аукционға рұқсат беру хаттамасына сәйкес комиссия рұқсат берген әлеуетті өнім берушілер қатысады.
Тармақ 202
202. Аукцион рұқсат беру хаттамасы жарияланғаннан кейін бір жұмыс күнінен кейін бірыңғай оператордың жұмысы күні сағат 10.00-де басталады және веб-порталда нақты уақыт режимінде қашықтан өткізіледі.
Тармақ 203
203. Веб-портал аукционға қатысушыларға, комиссияның мүшелері мен хатшысына аукционның басталғаны туралы хабарламаны автоматты түрде жібереді және веб-порталда әрбір лот бойынша аукцион уақытының басталғаны туралы ақпаратты «Аукцион» бөлімінде көрсетеді.
Тармақ 204
204. Аукцион оған қатысушылардың лот бойынша бағаны әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті тұлғаларының электрондық цифрлық қолтаңбаларының көмегімен бастапқы бағадан бастап біртіндеп төмендетуі жолымен өткізіледі. Ең төмен өтінімінен әлеуетті өнім берушінің бағасы, ал аукционға жіберілген бірнеше бәсекелестің ең төмен бағасы сәйкес келген кезде – басқаларынан бұрын берілген өтінімнен алынған баға ұсынысы аукционның бастапқы бағасы болып табылады. Лот бойынша бәсекелестің аукцион уақыты басталған немесе бәсекелесі кезекті баға ұсынысын берген сәттен бастап отыз минут ішінде бастапқы немесе ең төменгі бағаны бір рет төмендету мүмкіндігі аукцион қадамы болып табылады.
Тармақ 205
205. Аукцион қадамының уақытын есептеу бір лот бойынша аукционға рұқсат берілген бәсекелестердің біреуі баға ұсынысын берген сәттен басталады. Веб-портал аукцион қадамы аяқталғанға дейін қалған отыз минуттық уақытты минуттармен және секундтармен санауды көрсетеді.
Тармақ 206
206. Аукцион баға туралы ағымдағы ұсынысты аукцион қадамының ең төмен бастапқы бағасынан бастап ең төмен бастапқы бағасының 1 (бір) пайызынан 5 (бес) пайызына дейін құрайтын төмендету жолымен өткізіледі. Қазақстандық тауар өндіруші медициналық техниканың аукционына қатысқан жағдайда соңғысына сатып алу бағасынан (аукционның ағымдағы бағасынан) 20 (жиырма) пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік беріледі. Аукционда лот бойынша қадамдар саны шектелмейді. Веб-портал аукционға қатысушыларға бағаны сәйкес келмейтін шамаға төмендетуге автоматты түрде мүмкіндік бермейді және бағаны төмендету үшін аукцион қадамының мөлшерін пайызбен немесе теңгемен таңдауды көздейді. Аукционға қатысушы лот бойынша бәсекелестердің бірі баға ұсынысын бермес бұрын кезекті баға ұсынысын бере алмайды.
Тармақ 207
207. Аукционды өткізу басталғаннан кейін отыз минут ішінде аукционға қатысушылардың бірде-біреуі бастапқы бағаны төмендетуге баға ұсынысын бермесе, осы лот бойынша аукцион аяқталады және баға ұсынысы лот бойынша аукционның бастапқы бағасы ретінде қабылданған әлеуетті өнім беруші аукцион жеңімпазы болып танылады. Егер бірнеше әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы бастапқы баға үшін бірдей болса, өтінімі веб-портал арқылы бұрын берілген өнім беруші жеңімпаз болып айқындалады. Веб-портал аукционның қорытындысы бойынша ең төмен баға ұсынысын берген аукцион жеңімпазын автоматты түрде айқындайды. Аукцион жеңімпазы сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы сатып алуды қоспағанда, тендер жеңімпазы болып табылады.
Тармақ 208
208. Веб-портал екінші орын алған әлеуетті өнім берушіні жеңімпаздың аукционға қатысқан бәсекелестерінің арасынан ғана жеңімпаздың бағасынан кейінгі ең төмен баға бойынша автоматты түрде айқындайды.
Тармақ 209
209. Егер жеңімпаздың бағасынан кейінгі баға лот бойынша бірнеше бәсекелестің бағасына сәйкес келсе, бағаны бәсекелестерінен бұрын төмендеткен әлеуетті өнім беруші екінші орын алған болып айқындалады.
Тармақ 8. 8-параграф. Тендерді өтпеді деп тану
8-параграф. Тендерді өтпеді деп тану
Тармақ 210
210. Тендер немесе оның қандай да бір лоты өтпеді деп танылған кезде бірыңғай дистрибьютор, тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы тендердің мазмұны мен шарттарын өзгертуге, медициналық техниканы сатып алуды қоспағанда және сатып алуды осы Қағидалардың 3-бөліміне сәйкес өткізуге жол беріледі.
Тарау 2. 2-тарау. Қазақстандық және шетелдік тауар өндірушілерден немесе Біріккен Ұлттар Ұйымы құрған халықаралық ұйымдар арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу
2-тарау. Қазақстандық және шетелдік тауар өндірушілерден немесе Біріккен Ұлттар Ұйымы құрған халықаралық ұйымдар арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу
Тармақ 1. 1-параграф. Қазақстандық және шетелдік тауар өндірушілерден немесе Біріккен Ұлттар Ұйымы құрған халықаралық ұйымдар арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу негіздері
1-параграф. Қазақстандық және шетелдік тауар өндірушілерден немесе Біріккен Ұлттар Ұйымы құрған халықаралық ұйымдар арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу негіздері
Тармақ 211
211. Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу:
Тармақша 1
1) қазақстандық және шетелдік тауар өндірушілерден;
Тармақша 2
2) Біріккен Ұлттар Ұйымы құрған халықаралық ұйымдар арқылы: тендер немесе қайталама тендер тәсілімен сатып алу өтпеді деп танылған кезде; Біріккен Ұлттар Ұйымы құрған халықаралық ұйымдармен келісімдер шеңберіндегі тізбе бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 2. 2-параграф. Қазақстандық немесе шетелдік тауар өндірушіден дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу тәртібі
2-параграф. Қазақстандық немесе шетелдік тауар өндірушіден дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу тәртібі
Тармақ 212
Тармақ 213
213. Қазақстандық және (немесе) шетелдік тауар өндірушілерден дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алуды жүзеге асыру мақсатында бірыңғай дистрибьютор комиссия құрады және оның құрамын бірыңғай дистрибьютордың жұмыскерлерінен тұратын тақ санда бекітеді және құрамы төрағадан, төрағаның орынбасарынан және комиссия мүшелерінен тұрады. Комиссия оны құру туралы шешім күшіне енген күннен бастап әрекет етеді және қорытындылар хаттамасына қол қойылғаннан кейін өз қызметін тоқтатады.
Тармақ 214
214. Бірыңғай дистрибьютор өзінің интернет-ресурсында 10 (он) жұмыс күніне тең қабылдау мерзімімен баға ұсыныстары мен құжаттарды қабылдаудың басталу және аяқталу күні мен уақытын көрсете отырып, сатып алу рәсімдерін өткізу туралы хабарландыруды орналастырады.
Тармақ 215
215. Қазақстандық және (немесе) шетелдік тауар өндіруші хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) халықаралық патенттелмеген атауы, дәрілік заттар үшін дәрілік нысаны (сипаттамасы), медициналық бұйымдар үшін техникалық сипаттамасы, өлшем бірлігі, өлшем бірлігі үшін бағасы, саны, жалпы сомасы, тіркеу куәлігінің нөмірі, Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның рұқсаты (қорытындысы), саудалық атауы, өндірушісі, беру графигі, Инкотермс 2020 халықаралық қағидаларына сәйкес беру шарттары көрсетілген баға ұсынысы;
Тармақша 2
2) қазақстандық тауар өндіруші үшін – мемлекеттік тіркеу туралы анықтама, шетелдік тауар өндіруші үшін – шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын растайтын шетелдік тауар өндірушінің құжаты, немесе егер шетелдік тауар өндірушінің Қазақстан Республикасының аумағында өкілдігі (филиалы) не уәкілетті өкілі болса, онда өкілдікті (филиалды) не уәкілетті өкілді мемлекеттік тіркеу туралы анықтама және өкілдік немесе уәкілетті өкіл туралы ереже;
Тармақша 3
3) дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды өндіру және (немесе) өткізу құқығын растайтын құжаттар: рұқсат (лицензия), GMP және GDP және GPP сертификаты (дәрілік заттар үшін бар болса) және (немесе) медициналық бұйымдарды өндірушілер үшін сапаны басқару жүйесінің халықаралық стандартының (ISO 13485) талаптарына объектінің сәйкестігі туралы сертификат (медициналық бұйымдар үшін бар болса);
Тармақша 4
4) шетелдік және (немесе) қазақстандық тауар өндіруші өкілінің сатып алуға қатысуға және өнім беру шартын (келісімін) жасасуға өкілеттіктері туралы құжат. Бұл ретте шетелдік тауар өндірушілер осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың заңдастырылған немесе қазақ және (немесе) орыс тілдеріне нотариат куәландырған аудармасын апостиль қойылған көшірмелер түрінде ұсынады. Ағымдағы жылы шетелдік және (немесе) қазақстандық тауар өндірушімен шарт қолданылған болса, осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар ұсынылмайды.
Тармақ 216
216. Шетелдік заңды тұлғаның филиалынан не Қазақстан Республикасында шетелдік тауар өндірушінің заңды тұлғасы ретінде тіркелген еншілес компаниядан немесе фармацевтикалық компанияның тобына кіретін және Қазақстан Республикасының аумағына дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды экспорттауға уәкілеттік берілген заңды тұлғадан сатып алуды жүзеге асырған кезде бірыңғай дистрибьютор фармацевтикалық компанияның тобына кіретін және дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына экспорттауға уәкілетті шетелдік тауар өндірушінің заңды тұлғасы немесе заңды тұлға ретінде Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың шетелдік тауар өндірушісінің шетелдік заңды тұлғаның филиалын не еншілес компания құрғанын растайтын құжаттарды қосымша сұратады.
Тармақ 217
217. Комиссия қазақстандық және (немесе) шетелдік тауар өндірушінің құжаттарын хабарландыру шарттары мен осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігі тұрғысынан 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде қарайды. Комиссия баға ұсыныстарын қабылдау аяқталғаннан кейін ұсынылған баға ұсыныстарын Комиссия қарамайды. Қазақстандық және (немесе) шетелдік тауар өндірушіге комиссияның ескертулері бойынша ұсынылған құжаттарды толықтыру мүмкіндігі беріледі. Қосымша құжаттар қосымша құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы хабардар етілген кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылады. Комиссияның шешімі дауыс берген комиссия мүшелерінің жай көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде комиссия төрағасы немесе ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Қарау қорытындысы бойынша комиссия рұқсат беру хаттамасын қалыптастырады. Хабарландыру шарттары мен осы Қағидаларға сәйкес құжаттарды және ең аз баға ұсынысы ұсынған өндіруші келіссөздерге жіберіледі. Ең аз баға ұсынысын берген өндіруші жеңімпаз болып танылады. Егер баға ұсынысында шетел валютасы көрсетілсе, онда ол баға ұсыныстары мен құжаттарды қабылдау басталған күнімен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің сайтында көрсетілген шетел валютасының теңгеге бағамы бойынша есептеледі. Бірнеше өндірушілер хабарландыру шарттарына және осы Қағидаларға сәйкес келетін құжаттар мен бірдей баға ұсыныстары ұсынған кезде, баға ұсынысы ертерек келіп түскен өндіруші келіссөздерге жіберіледі. Беру графиктері бойынша жалпы саны мен саны хабарландырудан өзгеше бір лот бойынша, сондай-ақ осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келетін құжаттармен бір ғана баға ұсынысын ұсынған кезде мұндай өндіруші келіссөздерге жіберіледі.
Тармақ 218
218. Комиссия ұсынылған құжаттардың хабарландыру шарттарына сәйкестігін бағалау үшін қажет болған жағдайда арнайы білімді және (немесе) техникалық танымды талап ететін мәселелер бойынша тиісті салалардан сарапшыны (сарапшыларды) тартады.
Тармақ 219
219. Комиссия шешім қабылдаған кезде сарапшының дауыс беруге құқығы жоқ. Сараптамалық қорытынды жазбаша түрде ресімделеді, оған сарапшы қол қояды, комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі, бұл ұсынымдық сипатта болады және өтінімдерді бағалау кезінде ескеріледі.
Тармақ 220
220. Комиссия аудио- және бейнетіркеуді қолдана отырып, рұқсат беру хаттамасының негізінде дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың түпкілікті бағасын, беру және ақы төлеу шарттарын төмендету бойынша жеңімпазбен келіссөздер жүргізеді. Келіссөздер кезінде, егер баға шетел валютасында белгіленсе, онда ол баға ұсыныстары мен құжаттарды қабылдау басталған күні Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің сайтында көрсетілген теңгеге шетел валютасының бағамы бойынша есептеледі. Бір лот берілген кезде комиссия сатып алынатын дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың беру графиктері бойынша жалпы санын, санын айқындау жөнінде қосымша келіссөздер жүргізеді. Бірыңғай дистрибьютор сатып алынатын дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың санын олардың сапасын сақтау мақсатында қайталама қаптамаға дейін дөңгелектеуге жол береді. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды шетелдік тауар өндірушіден сатып алу туралы шешімді комиссия бос ақша қаражаты қорының болуын ескере отырып қабылдайды. Келіссөздер қорытындысы бойынша сатып алу қорытындыларының хаттамасына қол қойылады.
Тармақ 221
221. Сатып алу қорытындылары хаттамаларының негізінде бірыңғай дистрибьютор осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша цифрлық қолтаңба арқылы электрондық форматта қазақстандық тауар өндірушімен өнім беру шартын жасасады. Бұл ретте қазақстандық тауар өндіруші бірыңғай дистрибьюторға осы Қағидалардың 3-бөлімінің 2-тарауына сәйкес жасалған беру шарттары бойынша өз міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынбайды. Шетелдік тауар өндірушіден сатып алған кезде бірыңғай дистрибьютор қағаз жеткізгіште және (немесе) электрондық форматта электрондық цифрлық қолтаңба арқылы азаматтық-құқықтық шарт жасасады. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның шешімімен шетелдік тауар өндірушіден дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды үш жылдық қажеттілік көлемінде сатып алуға жол беріледі.
Тармақ 222
222. Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды беру шарты (келісімі) шетелдік валютада жасалған кезде өнім беру шартының осы валютамен бағасы жоспарланатын қаржы жылына соңғы келіссөздер күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша бекітіледі. Бұл ретте шарттың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша есептелген ұлттық валютадағы бағасы тиісті лот бойынша сатып алуға бөлінген сомадан және халықаралық патенттелмеген атау және саудалық атау бойынша 96 бұйрықта және 77 бұйрықта белгіленген шекті бағадан аспайды.
Тармақ 223
223. Тапсырыс берушінің қосымша өтінімдері бойынша бір көзден алу тәсілімен сатып алу шетелдік тауар өндірушіден өнім беру шартында көрсетілген валютада тіркелген баға бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте тапсырыс берушілер үшін прайс-парақтағы баға валюта бағамына және тиісті қаржы жылына арналған сатып алу шарты бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін шетелдік тауар өндіруші ұсынатын жеңілдікке қарамастан, тиісті қаржы жылына арналған сатып алу шарты бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін өзгеріссіз қалады.
Тармақ 224
224. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.06.2025 № 58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тармақ 225
225. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган өнім беру шартын (келісімді) орындау барысында дәрілік заттың және (немесе) медициналық бұйымның халықаралық патенттелмеген атауына және (немесе) саудалық атауына шекті бағаны азайтқан кезде бірыңғай дистрибьютор қазақстандық немесе шетелдік тауар өндірушімен дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды беру шартының бағасын азайту жөнінде келіссөздер жүргізеді. Қазақстандық немесе шетелдік тауар өндіруші бағаны азайтуға келіспеген не келіссөздер жүргізуден бас тартқан жағдайда, бірыңғай дистрибьютор шетелдік немесе қазақстандық тауар өндірушімен беру шартын бұзуға және сатып алуды осы Қағидаларда белгіленген тәсілдермен жүргізуге құқылы.
Тармақ 226
226. Қазақстандық немесе шетелдік тауар өндірушімен жасалған дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды беру шарты (келісімі) мынадай:
Тармақша 1
1) тараптардың бірі міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған;
Тармақша 2
2) дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар бірыңғай дистрибьютордың тізбесінен алып тасталған;
Тармақша 3
3) осы Қағидалардың 225-тармағында көзделген келіссөздерді жүргізуден бас тартқан не бағаны азайтуға келіспеген кезде бұзылуға тиіс.
Тармақ 227
227. Қазақстандық немесе шетелдік тауар өндірушіден дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алу мынадай:
Тармақша 1
1) шетелдік және (немесе) қазақстандық тауар өндірушілер құжаттарды ұсынбаған;
Тармақша 2
2) комиссия ұсынылған құжаттарды осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келмейді деп таныған;
Тармақша 3
3) комиссия беру мерзімдері және ұсынылатын дәрілік заттың және (немесе) медициналық бұйымның саны келісілмеген кезде өндірушінің сатып алуға одан әрі қатысуынан бас тартқан;
Тармақша 4
4) шетелдік және (немесе) қазақстандық тауар өндіруші сатып алуға қатысудан жазбаша бас тартқан кезде өтпеді деп танылады.
Тармақ 228
228. Қазақстандық немесе шетелдік тауар өндірушіден дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алу өтпеді деп танылған кезде бірыңғай дистрибьютор сатып алуды тендер тәсілімен өткізеді.
Тармақ 3. 3-параграф. Біріккен Ұлттар Ұйымы құрған халықаралық ұйымдар арқылы бір көзден алу тәсілімен сатып алу тәртібі
3-параграф. Біріккен Ұлттар Ұйымы құрған халықаралық ұйымдар арқылы бір көзден алу тәсілімен сатып алу тәртібі
Тармақ 229
229. Бірыңғай дистрибьютор Біріккен Ұлттар Ұйымы құрған халықаралық ұйымдар арқылы сатып алуды осы Қағидалардың 211-тармағының 2) тармақшасында айқындалған жағдайларда жүзеге асырады. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның тапсырмасымен дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды үш жылдық қажеттілік көлемінде сатып алуды жүзеге асыруға жол беріледі.
Тармақ 230
230. Бірыңғай дистрибьютор арнайы білім және (немесе) техникалық таным талап етілетін мәселелер бойынша қажет болған кезде бейінді мамандықтардың сарапшысын (сарапшыларын) тартады.
Тармақ 231
231. Сараптамалық қорытынды ұсынымдық сипатта болады және оны бірыңғай дистрибьютор шешім қабылдау кезінде ескереді. Сараптамалық қорытынды жазбаша түрде ресімделеді, оған сарапшы қол қояды және бірыңғай дистрибьюторға жіберіледі.
Тармақ 232
232. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның тапсырмасымен бірыңғай дистрибьютордың тізбесіне кірмейтін дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды:
Тармақша 1
1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығына қауіп туындаған кезде;
Тармақша 2
2) орфандық ауруларды емдеу үшін сатып алуға жол беріледі. Бұл ретте бірыңғай дистрибьютордың тізбесіне кірмейтін, осы тармақта көзделген жағдайларда сатып алынатын дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың тізімін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жібереді және дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың сипаттамаларын, сондай-ақ дәрілік заттар үшін – халықаралық патенттелмеген атауын немесе құрамын, медициналық бұйым үшін – атауын немесе құрамын көрсетуді қамтиды.
Тармақ 233
233. Біріккен Ұлттар Ұйымы құрған халықаралық ұйым арқылы сатып алуды жүзеге асыру кезінде ол дәрілік заттың және (немесе) медициналық бұйымның бағасын, сондай-ақ беруге байланысты барлық шығыстарды өтеу үшін қажетті, бірақ 96 бұйрықта және 77 бұйрықта белгіленген шекті бағадан аспайтын қосымша алымдарға арналған шығындарды көрсете отырып, баға ұсынысын береді.
Тармақ 234
234. Біріккен Ұлттар Ұйымы құрған халықаралық ұйымдар арқылы тәсілмен сатып алу тапсырыс берушінің қосымша өтінімдері және (немесе) бірыңғай дистрибьютордың төмендемейтін қоры бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы құрған халықаралық ұйымда дәрілік заттың және (немесе) медициналық бұйымның бағасын көрсете отырып, баға ұсынысы бойынша, сондай-ақ берумен байланысты барлық шығыстарды өтеу үшін қажетті, бірақ денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген шекті бағадан аспайтын қосымша алымдарға арналған шығындар ескеріле отырып, жүзеге асырылады.
Тармақ 235
235. Біріккен Ұлттар Ұйымы құрған халықаралық ұйым арқылы сатып алынған дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды беруді жүзеге асыру кезінде осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген талаптар қойылмайды.
Тармақ 236
236. Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды Біріккен Ұлттар Ұйымы құрған халықаралық ұйымдар арқылы сатып алу кезінде беру туралы шартта (келісімде) көрсетілген сома мөлшерінде алдын ала төлеуге жол беріледі. Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды шетел валютасында беру шартын жасасу кезінде беру шартының бағасы Біріккен Ұлттар Ұйымы құрған халықаралық ұйымдардың баға ұсыныстарын қарау күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша жоспарланатын қаржы жылына осы валютада тіркеледі, беру туралы шартта (келісімде) көрсетілген сома мөлшерінде алдын ала төлеуге жол беріледі. Біріккен Ұлттар Ұйымы құрған халықаралық ұйымдардың шоттарында бірыңғай дистрибьютордың игерілмеген ақшалай қаражаты болған кезде бірыңғай дистрибьютор Біріккен Ұлттар Ұйымы құрған халықаралық ұйымдармен басқа міндеттемелер бойынша төлем жүргізеді.
Тармақ 237
237. Біріккен Ұлттар Ұйымы құрған халықаралық ұйым арқылы беру кезінде берумен байланысты қосарлас қызметтер көрсету үшін үшінші тұлғаларды тартуға, сондай-ақ көліктік қаптамаға дейін дөңгелектеуге жол беріледі.
Тармақ 237-1
237-1. Біріккен Ұлттар Ұйымы құрған халықаралық ұйымдар арқылы дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алу өтпеді деп танылған кезде сатып алу осы Қағидалардың 3-бөлімінің 2-тарауының 2-параграфына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3-тарау. Бірыңғай дистрибьютор, тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы бір көзден алу тәсілімен сатып алу
3-тарау. Бірыңғай дистрибьютор, тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы бір көзден алу тәсілімен сатып алу
Тармақ 1. 1-параграф. Бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру негіздемесі
1-параграф. Бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру негіздемесі
Тармақ 238
238. Дәрілік затты және (немесе) медициналық бұйымды бір көзден алу тәсілімен сатып алу қолданыстағы шарт бойынша өнім берушімен тікелей қосымша келісім жасау жолымен:
Тармақша 1
1) ағымдағы қаржы жылы ішінде қажеттілік ұлғайған кезде;
Тармақша 2
2) төмендемейтін қорды қалыптастыру немесе толықтыру үшін;
Тармақша 3
3) инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу үшін;
Тармақша 4
4) төтенше жағдайларды болғызбау және олардың салдарын жою үшін жүзеге асырылады.
Тармақ 238-1
238-1. Дәрілік затты және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымды бір көзден алу тәсілімен сатып алу осы Қағидалардың 3-бөлімнің 9-1-тарауында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 295-2-бабына сәйкес дәрілік заттарды және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру жөніндегі инвестициялар туралы келісім жасасқан әлеуетті өнім берушімен тікелей беру шартын жасасу жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 2. 2-параграф. Бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
2-параграф. Бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 239
239. Бір көзден алу тәсілімен сатып алуда мынадай іс-шаралар көзделеді:
Тармақша 1
1) қолданыстағы өнім беру шарты немесе тиісті негіздемесі бар берудің ұзақ мерзімді шарты шеңберінде тиісті қаржы жылына жасалған қосымша келісім бойынша өнім берушіден шартқа қосымша келісімді тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен сатып алуды өткізу туралы шешім қабылдау;
Тармақша 2
2) өнім берушіге шартқа қосымша келісімді, келісім немесе меморандум шеңберінде тиісті қаржы жылына жасалған шартқа немесе қосымша келісімге тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен сатып алу туралы хабарлама жіберу, бұл ретте хабарламада сатып алынатын позициялардың шектеусіз саны болады;
Тармақша 3
3) өнім берушінің өнім беру мөлшері мен мерзімдерін көрсете отырып, сатып алуға қатысуы туралы растауын не ресми бас тартуды алу. Өнім беруші бірыңғай дистрибьютор, тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы ұсынғаннан ерекшеленетін беру мерзімі мен графигін (бір беру графигінен артық) ұсынған кезде бірыңғай дистрибьютор осы ұсынысты 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды. Бұл ретте бірыңғай дистрибьютор, тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы сатып алу үшін өнім беру мөлшері мен графигін дербес өзгертуге не өнім беруші ұсынған өнім беру мөлшері мен графигінен бас тартуға жол беріледі;
Тармақша 4
4) шартқа қосымша келісімге немесе берудің ұзақ мерзімді шарты, келісім немесе меморандум шеңберінде тиісті қаржы жылына жасалған қосымша келісімге қол қою. Бұл ретте егер ол берудің ұзақ мерзімді шарты шеңберінде тиісті қаржы жылына жасалған шартты немесе қосымша келісімді жасасумен бірдей нысанда жасалса, қол қою күші болады. Веб-портал арқылы жасалған қолданыстағы шарт немесе ұзақ мерзімді шарт болған кезде осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген іс-шаралар веб-портал арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 240
240. Бір көзден алу тәсілімен сатып алу рәсімін тараптар тауарлардың санын, шекті бағасын, сомасын және беру графигін көрсете отырып, сатып алуға қатысқаны туралы өнім берушінің растауын алған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде аяқтайды.
Тармақ 241
241. Тараптар белгіленген мерзімдерде ұзақ мерзімді шарт, келісім немесе меморандум шеңберінде тиісті қаржы жылына жасалған қолданыстағы шартқа қосымша келісімге немесе қосымша келісімге қол қоймаған кезде сатып алу өтпеді деп танылады. Егер сатып алу өтпеді деп танылса, бірыңғай дистрибьютор, тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
Тармақша 1
1) бір көзден сатып алуды қайта өткізу туралы;
Тармақша 2
2) веб-портал арқылы тендер тәсілімен сатып алуды өткізу туралы қабылдайды. Егер бір көзден алу тәсілімен сатып алу өткізілмесе, онда сатып алынбаған дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алу бағасы, егер әлеуетті өнім берушінің өтінімінде (баға ұсынысында) көрсетілген саудалық атауы, сипаттамасы, өлшем бірлігі, өндіруші және өндіруші елі сатып алынатын дәрілік заттарға және (немесе) медициналық бұйымдарға ұқсас болған жағдайда, тиісті қаржы жылына арналған сатып алу бағасынан аспауға тиіс бір көзден алынған тәсілмен өтпеді деп танылды.
Тармақ 241-1
241-1. Өнім беруші қосымша көлемді беруден толық немесе ішінара бас тартқан жағдайда, сондай-ақ ағымдағы қаржы жылында бірыңғай дистрибьютор өнім беру шартын біржақты тәртіппен бұзған жағдайда, қайта сатып алу осы қаржы жылында бұрын жасалған өнім беру шартында белгіленген бағадан аспайтын баға бойынша жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4-тарау. Бірыңғай дистрибьютордың, тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды ерекше сатып алуы
4-тарау. Бірыңғай дистрибьютордың, тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды ерекше сатып алуы
Тармақ 242
242. Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды ерекше сатып алу:
Тармақша 1
1) инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу;
Тармақша 2
2) төтенше жағдайларды болғызбау және олардың салдарын жою мақсатында жүзеге асырылады. Ерекше сатып алу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның тапсырмасының негізінде жүзеге асырылады, онда: дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесі мен саны; болжамды бағасы; қаржыландыру көзі айқындалады.
Тармақ 243
243. Сатып алу мынадай тәсілдердің бірімен:
Тармақша 1
1) өнім берушілерден қолданыстағы беру шарттары немесе берудің ұзақ мерзімді шарты шеңберінде тиісті қаржы жылына жасалған қосымша келісімдер бойынша бір көзден алу тәсілімен;
Тармақша 2
2) осы Қағидалардың 3-бөлімінің 1-тарауына сәйкес өтінімдерді толықтыру мүмкіндігінсіз тендер тәсілімен өткізіледі. Бұл ретте тендерлер шексіз мәрте өткізілуі мүмкін;
Тармақша 3
3) осы Қағидалардың 3-бөлімінің 2-тарауына сәйкес қазақстандық немесе шетелдік тауар өндірушілерден өткізіледі.
Тармақ 244
244. Ұсынылатын дәрілік затты және (немесе) медициналық бұйымды беру мерзімдері мен саны келіссөздер нысанасы, ал егер ұсынылатын шарттар комиссияны қанағаттандырмаса, өтінімді қабылдамауға негіз болып табылады.
Тармақ 245
245. Беру шарттарында (келісімдерде) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша шарт бағасының 100 (жүз) пайызына дейінгі мөлшерде алдын ала ақы төлеуге жол беріледі.
Тарау 4-1. 4-1 тарау. Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуы
4-1 тарау. Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуы
Тармақ 245-1
245-1. Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) біртекті дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды құндық мәнде сатып алудың жылдық көлемі тиісті қаржы жылына арналған заңнамада белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспағанда;
Тармақша 2
2) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік органдардың шешімі негізінде Қазақстан Республикасында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұрғанда (қажеттіліктің екі айлық көлемі сатып алынады);
Тармақша 3
3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес балаларда қолдануға қарсы көрсетілімдер болған кезде дәрілік заттарды сатып алуды жүзеге асырғанда;
Тармақша 4
4) дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негізінде пациенттің жеке өзіне жақпаған кезде дәрілік заттарды сатып алуды жүзеге асырғанда;
Тармақша 5
5) тендер қорытындысы бойынша дәрілік заттарды және немесе медициналық бұйымдарды сатып алу өтпеді деп танылғанда;
Тармақша 6
6) бірыңғай дистрибьютордан: бірыңғай дистрибьютор мен тапсырыс беруші арасында жасалған сатып алу шарты бойынша бірыңғай дистрибьютордың өнім беру мерзімдерін бұзуына; осы Қағидаларда айқындалған тәсілдермен бірыңғай дистрибьютор жүргізетін дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметті сатып алудың өтпеуіне байланысты хабарлама алынғанда. Бұл ретте сатып алу дәрілік заттардың немесе медициналық бұйымдардың алпыс күндік қажеттілігіне дейін, сондай-ақ фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің тоқсан күндік қажеттілігіне дейін жүргізіледі;
Тармақша 7
7) медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта балаларда қолдануға қарсы көрсетілімдер туралы нұсқау бар дәрілік затты бірыңғай дистрибьютор сатып алғанда жүзеге асырылады.
Тармақ 245-2
245-2. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілін қолдану мақсатында қаржы жылы ішінде жылдық көлемді бөліктерге бөлуге жол берілмейді.
Тармақ 245-3
245-3. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарландыру тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей веб-порталда қазақ және орыс тілдерінде жарияланады, онда:
Тармақша 1
1) хабарландырудың атауы, нөмірі және орналастыру уақыты;
Тармақша 2
2) атауы, заңды мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру коды, банк шоты;
Тармақша 3
3) дәрілік заттың және (немесе) медициналық бұйымның нөмірі, атауы, медициналық техниканың техникалық ерекшелігімен қоса, оның сипаттамасы, өлшем бірлігі, саны, бөлінген бағасы және жалпы сомасы көрсетілген лоттар;
Тармақша 4
4) фармацевтикалық көрсетілетін қызметті жеткізу немесе көрсету орны;
Тармақша 5
5) фармацевтикалық көрсетілетін қызметті жеткізу немесе көрсету мерзімдері;
Тармақша 6
6) қалған уақытты кері есептей отырып, өтінімдерді қабылдаудың басталу және аяқталу уақыты бар ақпарат қамтылады.
Тармақ 245-4
245-4. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысын беруі осы Қағидаларда көзделген талаптарды сақтай отырып, оның беруді жүзеге асыруға келісімін білдіру нысаны болып табылады. Баға ұсыныстарын беру мерзімі аяқталғаннан кейін веб-портал баға ұсыныстарын автоматты түрде салыстыруды және баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындыларын шығаруды жүргізеді. Ең аз баға ұсынысын берген әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып танылады. Ең аз баға ұсынысын бірнеше әлеуетті өнім беруші ұсынған жағдайда, баға ұсынысы басқа әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарынан бұрын келіп түскен әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып танылады. Екінші орын алған әлеуетті өнім беруші ең төменгі баға ұсынысынан кейінгі баға негізінде анықталады.
Тармақ 245-5
245-5. Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды әлеуетті өнім берушілер бірде-бір баға ұсынысын ұсынбаған кезде өткізілмеген деп таниды. Веб-портал нөмірін, жарияланған уақытын және мәртебесін көрсете отырып, қорытынды хаттамасын автоматты түрде қалыптастырады және жариялайды.
Тармақ 245-6
245-6. Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу өтпеді деп танылған кезде бірыңғай дистрибьютор, тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен қайта сатып алуды жүзеге асырады.
Тармақ 245-7
245-7. Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы қорытындыларды шығарған күннен бастап 1 (бір) күн ішінде өнім берушіге осы Қағидалардың 5 және (немесе) 6-қосымшасына сәйкес тәртіппен және нысанда жасалатын қол қойылған шартты жібереді.
Тарау 5. 5-тарау. Бірыңғай дистрибьютордың, тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының беру шарттарын жасасуы және орындауы
5-тарау. Бірыңғай дистрибьютордың, тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының беру шарттарын жасасуы және орындауы
Тармақ 1. 1-параграф. Веб-портал арқылы беру шартының жобасын қалыптастыру
1-параграф. Веб-портал арқылы беру шартының жобасын қалыптастыру
Тармақ 246
246. Сатып алу қорытындысы бойынша веб-порталда осы Қағидаларға 5, 6 немесе 17-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша: хабарландыруға сәйкес:
Тармақша 1
1) дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның халықаралық патенттелмеген атауы, сипаттамасы, өлшем бірлігі және саны;
Тармақша 2
2) беру графигі немесе мерзімі;
Тармақша 3
3) беру орны немесе орындары; әлеуетті өнім берушінің ең төмен баға ұсынысына сәйкес:
Тармақша 1
1) тіркеу куәлігінің немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның дәрілік затты және (немесе) медициналық бұйымды Қазақстан Республикасына әкелуге рұқсатының (қорытындысының) нөмірі;
Тармақша 2
2) саудалық атауы;
Тармақша 3
3) қысқаша сипаттамасы;
Тармақша 4
4) өлшем бірлігі;
Тармақша 5
5) өндірушісі;
Тармақша 6
6) өндірілген елі;
Тармақша 7
7) бір бірлік үшін бағасы;
Тармақша 8
8) жалпы сомасы;
Тармақша 9
9) медициналық техниканы сатып алу кезіндегі техникалық ерекшелік қамтылатын қосымшамен шарттың жобасы қалыптастырылады.
Тармақ 247
247. Веб-порталда шарт жобасының қалыптастырылғаны туралы веб-портал автоматты түрде шарт тараптарына тиісті хабарлама жібереді.
Тармақ 2. 2-параграф. Беру шартының бағасын азайту бойынша келіссөздер
2-параграф. Беру шартының бағасын азайту бойынша келіссөздер
Тармақ 248
248. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.06.2025 № 58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тармақ 249
249. Шарттың бағасын азайту туралы ұсыныс қорытынды хаттама жарияланған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы жіберіледі.
Тармақ 250
250. Жеңімпаз шарт бағасын азайту туралы ұсынысты алғаннан кейін:
Тармақша 1
1) шарт бағасын азайту туралы келіссөздерге қатысуға;
Тармақша 2
2) келіссөздерге қатысудан және шарт бағасын азайтудан бас тартуға құқылы.
Тармақ 251
251. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.06.2025 № 58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тармақ 252
252. Шарттың бағасын азайту туралы келіссөздер қорытындысы бойынша жеңімпаз 1 (бір) жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьюторға веб-портал арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша түпкілікті баға көрсетілген баға ұсынысын жібереді. Бірыңғай дистрибьютор түпкілікті баға көрсетілген баға ұсынысын алғаннан кейін веб-порталда бағасы өзгертілген шарттың жобасы автоматты түрде қалыптастырылады, ол тараптарға қол қою үшін жіберіледі.
Тармақ 253
253. Жеңімпаз келіссөздерге қатысудан және шарттың бағасын азайтудан бас тартқан кезде ол бірыңғай дистрибьюторға веб-портал арқылы тиісті негіздемемен бас тартуды жібереді.
Тармақ 3. 3-параграф. Шарт жасасу
3-параграф. Шарт жасасу
Тармақ 254
254. Тараптар сатып алу қорытындылары шығарылған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы өнім беру шартына қол қояды.
Тармақ 255
255. Шарт жасасудан бас тартқан кезде жеңімпаз тиісті негіздемемен шартқа қол қоюдан бас тартуды жібереді.
Тармақ 256
256. Жеңімпаз шарт жасасудан бас тартқан немесе жеңімпаз осы Қағидаларда көзделген мерзімдерде шартқа қол қоймаған кезде бірыңғай дистрибьютор, тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы веб-порталда шарттың жаңа жобасын қалыптастырады және оны екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге (қорытынды хаттамасында бар болған жағдайда) жібереді.
Тармақ 257
257. Сатып алынатын дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың санын шарт жасасу кезінде олардың сапасын сақтау мақсатында олардың санын ұлғайту не азайту жағына қарай қайталама қаптамаға дейін дөңгелектеуге жол беріледі.
Тармақ 258
258. Жасалған беру шартына:
Тармақша 1
1) дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың бағасы және тиісінше шарттың бағасы азайған;
Тармақша 2
2) осы Қағидалардың шарттарына сәйкес дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың көлемі өзгерген;
Тармақша 3
3) өндірушісі, тіркеу куәлігін ұстаушысы немесе өндіріс орны (өндірістік алаң) өзгерген;
Тармақша 4
4) тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі өткен және дәрілік заттың және (немесе) медициналық бұйымның қалған партиясы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның рұқсаты (қорытындысы) негізінде Қазақстан Республикасына әкелінген кезде өзгерістер енгізуге жол беріледі.
Тармақ 259
259. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган беру шартын орындау барысында дәрілік заттың және (немесе) медициналық бұйымның халықаралық патенттелмеген атауының және (немесе) саудалық атауының шекті бағасын өзгерткен кезде беру шартының қолданылуы тараптар бұрынғы баға бойынша міндеттемелерін толық орындағанға дейін күшін сақтайды. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган беру шартын орындау барысында дәрілік заттың және (немесе) медициналық бұйымның халықаралық патенттелмеген атауына және (немесе) саудалық атауына шекті бағаны азайту жағына қарай өзгерткен кезде бірыңғай дистрибьютор өнім берушімен дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды беру шартының бағасын азайту жөнінде келіссөздер жүргізеді. Өнім беруші беру шартының бағасын азайтуға келіспеген не келіссөздер жүргізуден бас тартқан кезде бірыңғай дистрибьютор беру шартын бұзуға және сатып алуды осы Қағидаларда белгіленген тәсілдермен жүргізуге құқылы.
Тармақ 260
260. Өнім беру шартын біржақты тәртіппен бұзу үшін:
Тармақша 1
1) өнім берушінің шарт бойынша тауарды не тауардың қандай да бір партиясын беру мерзімін ұзақтығы күнтізбелік 45 (қырық бес) күн үздіксіз бұзуы;
Тармақша 2
2) өнім берушінің шарттағы график бойынша желтоқсан айында тауарды беру мерзімін бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілдеріне ағымдағы қаржы жылы аяқталғанға дейін тауарды өнім берушіден уақтылы қабылдауға және оны бірыңғай дистрибьютордың тапсырыс берушілеріне беруге мүмкіндік бермейтіндей бұзуға жол беруі;
Тармақша 3
3) қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінде өнім берушінің болмауы;
Тармақша 4
4) шарт жасасу алдындағы сатып алу рәсімі кезінде Қағидалар бойынша оны қабылдамауға негіз болып табылатын өнім берушінің үлестес болу фактісінің анықталуы;
Тармақша 5
5) өсімпұлды және (немесе) айыппұлды төлеуді кешіктіруі күнтізбелік 15 (он бес) күннен асып кетуі;
Тармақша 6
6) өнім берушінің шарттың орындалуын қамтамасыз етуді осы Қағидалардың 261-тармағын бұза отырып ұсынуы;
Тармақша 7
7) беру шартының бағасын азайтуға келіспеуі немесе осы Қағидалардың 259-тармағында көзделген келіссөздерді жүргізуден бас тартуы негіз болып табылады.
Тармақ 4. 4-параграф. Беру шарты бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету
4-параграф. Беру шарты бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету
Тармақ 261
261. Өнім берушінің беру шарты бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз етудің мөлшері беру шарты бағасының 3 (үш) пайызын құрайды және өнім беру шартына тараптар веб-порталда қол қойған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылуға тиіс.
Тармақ 261-1
261-1. Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы сатып алуды жүзеге асырған кезде әлеуетті өнім берушінің кепілдікті қамтамасыз етуі сатып алу шартының немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шарттың бағасынан үш пайызды құрайды және:
Тармақша 1
1) тапсырыс берушіге қызмет көрсетілетін банкке орналастырылатын ақшалай қаражат түріндегі кепілдік жарна;
Тармақша 2
2) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес берілген банк кепілдігі түрінде ұсынылады. Ақшалай қаражатты кепілдік жарна түріндегі кепілдікті қамтамасыз етуді әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушінің тиісті шотына енгізеді.
Тармақ 261-2
261-2. Егер сатып алу шартының немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шарттың бағасы тиісті қаржы жылына арналған айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспаса, тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы сатып алуды жүзеге асырған кезде әлеуетті өнім берушінің кепілдікті қамтамасыз етуі енгізілмейді.
Тармақ 261-3
261-3. Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы сатып алуды жүзеге асырған кезде, сатып алу шартының немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шарттың орындалуын кепілдікті қамтамасыз етуді өнім беруші, егер басқаны көздемесе, шарт күшіне енген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей енгізеді.
Тармақ 262
262. Өнім беруші беру шартын жасасу кезінде шарт бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету шарасы ретінде міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етудің мынадай тәсілдерінің бірін ұсынады:
Тармақша 1
1) бірыңғай дистрибьютордың банктік шотына ақшалай кепілдік жарна;
Тармақша 2
2) осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктің уәкілетті тұлғаларының электрондық цифрлық қолтаңбаларының көмегімен тікелей веб-порталда банк беретін электрондық банк кепілдігі.
Тармақ 263
263. Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету:
Тармақша 1
1) өнім беруші беруден бас тартқан;
Тармақша 2
2) бірыңғай дистрибьютор осы Қағидалардың 260-тармағына сәйкес шартты біржақты тәртіппен бұзған;
Тармақша 3
3) өнім берушінің шартта көзделген дәрілік затты немесе медициналық бұйымды беру мерзімдерін бір немесе бірнеше рет бұзуы дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның мерзімінде берілмеген көлемдеріне қарамастан, жиынтық мәнде күнтізбелік 90 (тоқсан) күн мерзімін өткізуге жеткен жағдайларда ұсталады.
Тармақ 263-1
263-1. Сатып алу шартының немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шарттың орындалуын кепілдікті қамтамасыз етуді тапсырыс беруші өнім берушіге:
Тармақша 1
1) өнім берушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты сатып алу шарты немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шарт бұзылған;
Тармақша 2
2) сатып алу шарты бойынша өзінің міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған (беру мерзімінің бұзылуы және шарттың басқа да талаптарының бұзылуы);
Тармақша 3
3) орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін сатып алу шартында немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шартта көзделген айыппұл санкциясын төлемеген кезде кері қайтармайды.
Тармақ 264
264. Бірыңғай дистрибьютор кепілдікті қамтамасыз етуді:
Тармақша 1
1) ақшалай жарна түрінде ұсталған кезде ақшаның ұсталғаны туралы хабарлама жібереді;
Тармақша 2
2) электрондық банктік кепілдік түрінде ұсталған кезде веб-портал арқылы банкке және әлеуетті өнім берушіге (мәлімет үшін) оны төлеу туралы талап жібереді.
Тармақ 265
265. Бірыңғай дистрибьютор банк кепілдігін төлеу туралы талапты банкке шарт бұзылған немесе қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде қояды.
Тарау 6. 6-тарау. Дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар өндірісін құруға және (немесе) жаңғыртуға ниеті бар әлеуетті өнім берушілер арасында берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасуға веб-портал арқылы конкурс
6-тарау. Дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар өндірісін құруға және (немесе) жаңғыртуға ниеті бар әлеуетті өнім берушілер арасында берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасуға веб-портал арқылы конкурс
Тармақ 1. 1-параграф. Дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар өндірісін құруға және (немесе) жаңғыртуға ниеті бар әлеуетті өнім берушілер арасында берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу тәртібі
1-параграф. Дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар өндірісін құруға және (немесе) жаңғыртуға ниеті бар әлеуетті өнім берушілер арасында берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу тәртібі
Тармақ 266
266. Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасуға конкурс өткізу мақсатында дәрілік заттар, медициналық бұйымдар номенклатурасының жобасы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жыл сайын 5 желтоқсаннан кешіктірмей дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар бойынша денсаулық сақтау жүйесінің қажеттілігін талдау негізінде қалыптастырады және Кодекстің 264-бабының 2-тармағына сәйкес жұмыс істейтін формулярлық комиссияның қарауына жыл сайын 31 қаңтарға дейін жібереді.
Тармақ 267
267. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьюторға дәрілік заттар, медициналық бұйымдар номенклатурасының жобасын жібереді.
Тармақ 268
Тармақ 269
269. Номенклатура жобасы Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярға енгізілген дәрілік заттардың атауларын қамтиды.
Тармақ 270
270. Номенклатураға қазақстандық тауар өндірушілер тіркеген, сондай-ақ өнім берудің ұзақ мерзімді шарты жасалған дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар енгізілмейді.
Тармақ 271
271. Конкурсқа осы Қағидалардың 8 және 9-тармақтарында көзделген шарттарға сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер қатысады.
Тармақ 272
272. Өнім берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасуға конкурс өткізу үшін бірыңғай дистрибьютор комиссия құрады және оның құрамын бекітеді.
Тармақ 273
273. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды, кемінде тоғыз адамды құрайды әрі төрағадан, төрағаның орынбасарынан және:
Тармақша 1
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның фармацевтикалық өнеркәсіпке жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшенің басшысынан төмен емес біреуден аспайтын жұмыскерін (келісу бойынша);
Тармақша 2
2) инвестицияларды тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі басшысынан төмен емес біреуден аспайтын жұмыскерін (келісу бойынша);
Тармақша 3
3) сараптама ұйымының дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың мамандандырылған сараптамасы мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімше басшысынан төмен емес біреуден аспайтын жұмыскерін (келісу бойынша);
Тармақша 4
4) бірыңғай дистрибьютордың құрылымдық бөлімшелер басшыларынан төмен емес жұмыскерлерін;
Тармақша 5
5) «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер (бұдан әрі – «Атамекен» ҰКП) палатасының бір жұмыскерін және (немесе) өкілін (келісу бойынша);
Тармақша 6
6) денсаулық сақтау саласындағы үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктердің бір жұмыскерін қамтитын мүшелерден (келісу бойынша) тұрады.
Тармақ 274
274. Бірыңғай дистрибьютордың басшысы комиссияның төрағасы болып тағайындалады. Комиссия төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды.
Тармақ 275
275. Комиссия өз қызметін берудің ұзақ мерзімді шарты жасалған немесе берудің ұзақ мерзімді шартын жасасуға конкурс өтпеді деп танылған кезден бастап тоқтатады.
Тармақ 276
276. Комиссия хатшысы бірыңғай дистрибьютор жұмыскерлерінің қатарынан тағайындалады, ол комиссия мүшесі болып табылмайды және комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы болмайды, ол:
Тармақша 1
1) веб-порталда конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялауды;
Тармақша 2
2) комиссияның дауыс беру қорытындысы бойынша алдын ала рұқсат беру хаттамасының жобасын, сондай-ақ рұқсат беру хаттамасын қалыптастыруды;
Тармақша 3
3) алдын ала рұқсат беру хаттамасын, сондай-ақ рұқсат беру хаттамасын веб-порталда жариялауды;
Тармақша 4
4) комиссия мүшесінің жоқ екенін растайтын ұсынылған құжаттың (бар болған жағдайда) электрондық көшірмесін веб-порталда орналастыруды;
Тармақша 5
5) конкурстың күшін жою немесе жарамсыз деп тану туралы шешім қабылданған кезде оның көшірмесін орналастыра отырып, тұтастай конкурстың немесе қандай да бір лоттың күшін веб-порталда жоюды;
Тармақша 6
6) шарт жасасу үшін конкурс қорытындылары туралы хабардар етуді уақтылы қамтамасыз етеді.
Тармақ 277
277. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған қатысып отырған комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған кезде комиссия төрағасы немесе ол болмаған кезде төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Тармақ 278
278. Комиссия арнайы білімді және (немесе) техникалық білікті талап ететін мәселелер бойынша өтінімнің конкурс шарттарына сәйкестігін бағалау үшін тиісті салалардан сарапшыны (сарапшыларды) тартады.
Тармақ 279
279. Сарапшылар конкурстық өтінімдер ашылғанға дейін веб-порталда оның пайдаланушысы ретінде тіркеледі.
Тармақ 280
280. Сараптама қорытындысы ұсынымдық сипатта болады және өтінімдерді бағалау кезінде ескеріледі. Веб-портал сараптама қорытындысын сарапшы қол қойғаннан кейін оны комиссия мүшелеріне автоматты түрде жібереді.
Тармақ 281
281. Мына:
Тармақша 1
1) сатып алу рәсімдерінің нәтижелеріне мүдделі;
Тармақша 2
2) бірыңғай дистрибьютордың не ведомстволық бағынысты, еншілес және қарамағындағы ұйымдардың бірінші басшыларының жақын туысы, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаты болып табылатын адам сарапшы бола алмайды.
Тармақ 282
282. Конкурс өткізу туралы хабарландыру бірыңғай дистрибьютор шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде конкурстық өтінімдер ашылатын күнге дейін кемінде күнтізбелік 20 (жиырма) күн қалғанда веб-порталда қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.
Тармақ 283
283. Өнім берудің ұзақ мерзімді шартын жасауға конкурс өткізу туралы хабарландыруда:
Тармақша 1
1) бірыңғай дистрибьютордың атауы, мекенжайы және банктік деректемелері;
Тармақша 2
2) дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың халықаралық патенттелмеген атауы немесе құрамы, олардың техникалық сипаттамалары көрсетілген дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың номенклатурасы (лоттың нөмірі көрсетілген);
Тармақша 3
3) өтінімдерді қабылдау аяқталатын күні мен уақыты қамтылады.
Тармақ 284
284. Берудің ұзақ мерзімді шартын жасасуға конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші веб-порталда тіркеледі және өтінімге құжаттарды қоса тіркеу немесе оларды веб-порталда көзделген нысандар бойынша электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен толтыру жолымен өтінім береді.
Тармақ 285
285. осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (электрондық көшірмелерде) әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтінімінде: техникалық-экономикалық негіздеме немесе мынадай бөлімдер: инвестициялық жобаның мақсаты және операторы туралы ақпарат; инвестициялық жобаның құны және қаржыландыру көздері туралы ақпарат; дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың Қазақстан Республикасында және (немесе) басқа елдерде тіркелуі туралы ақпарат, сондай-ақ тіркеу куәлігінің нөмірлері мен күндері көрсетілген өндірілетін дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың тізімі; өндіру жоспарланатын дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың тізімі; өнімді өткізу бағдарламасын қоса алғанда, коммерциялық бөлім; технологияның сипаттамасын мен сипаттамасы бар технологиялық жабдықтың тізбесін қоса алғанда, техникалық бөлім; экологиялық бөлім; қаржы бөлімі; әлеуметтік-экономикалық бөлім; жобалық тәуекелдер туралы ақпарат; дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар өндірісін құру және (немесе) жаңғырту жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру мерзімдері және кезеңдері туралы ақпарат; осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар өндірісін құру және (немесе) жаңғырту жөніндегі инвестициялық жобаны іске асырудың тоқсандық графигі; әрбір атау бойынша дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды беру кезеңінің басталатын күндері туралы ақпарат; инфрақұрылым туралы ақпарат; дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды өткізуге байланысты үшінші тұлғалардың патенттік және өзге де құқықтары мен талаптарын бұзбау туралы кепілдік хат қамтылатын бизнес-жоспар болады.
Тармақ 286
286. Өтінімдер дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды шығару бойынша әртүрлі өндірістік желілерге ұсынылған кезде техникалық-экономикалық негіздемедегі және (немесе) бизнес-жоспардағы ақпарат әрбір өндірістік желі бойынша жеке-жеке көрсетіледі.
Тармақ 287
287. Конкурстық өтінім әлеуетті өнім берушіге веб-портал хабарлама жіберген кезде берілді деп есептеледі, әлеуетті өнім берушінің қалауы бойынша ол ашылған кезге дейін өзгертіледі немесе кері қайтарып алынады.
Тармақ 288
288. Веб-портал әлеуетті өнім берушіге:
Тармақша 1
1) өтінімді ашқаннан кейін оны кері қайтарып алуға;
Тармақша 2
2) хабарландыруда көзделген мерзім өткеннен кейін өтінім беруге мүмкіндік бермейді.
Тармақ 289
289. Комиссия мүшелері конкурс жарияланғанға дейін веб-порталда тіркеледі, онда өтінімдерді қарайды, әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтініміне рұқсат беруге немесе қабылдамауға дауыс береді.
Тармақ 290
290. Өтінімдер болмаған кезде веб-портал ашу қорытындыларын және хаттамаларын автоматты түрде және бір мезгілде жариялайды.
Тармақ 291
291. Өтінімдерді қабылдау мерзімі өткеннен кейін веб-портал оларды қарау үшін қолжетімді етеді және ашу хаттамасын оның нөмірін, жариялау уақытын және мәртебесін көрсете отырып, автоматты түрде жариялайды, онда:
Тармақша 1
1) конкурстың нөмірі мен атауы;
Тармақша 2
2) бірыңғай дистрибьютордың атауы, БСН және заңды мекенжайы;
Тармақша 3
3) хабарландырудағы лоттардың тізбесі;
Тармақша 4
4) әлеуетті өнім берушілердің атаулары БСН (ЖСН), өтінімдер берген уақыты мен күні;
Тармақша 5
5) өтінімдер берілмеген лоттар;
Тармақша 6
6) лоттар және өтінімдер берген әлеуетті өнім берушілердің атаулары қамтылады.
Тармақ 292
292. Комиссия хатшысы ашу хаттамасы жарияланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде салалық қорытынды алу үшін әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға веб-портал арқылы жібереді.
Тармақ 293
293. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган өтінімдерді веб-портал арқылы алған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьюторға инвестициялық жобаны комиссияның қарауы үшін веб-порталда көзделген нысан бойынша инвестициялық жобаның орындылығы немесе орынсыздығы туралы салалық қорытындыны жібереді.
Тармақ 294
294. Веб-портал салалық қорытындыға денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қол қойғаннан кейін оны комиссия мүшелеріне автоматты түрде жібереді.
Тармақ 295
295. Салалық қорытынды техникалық-экономикалық негіздеме негізінде мынадай өлшемшарттар бойынша беріледі:
Тармақша 1
1) нарық пен саланы талдау, оның ішінде нарықтың даму үрдісі; өсу әлеуеті; өнімге сұраныс болжамы;
Тармақша 2
2) әлеуметтік аспектілер, оның ішінде жобаның әлеуметтік әл-ауқатқа қосқан үлесі; жобаның жұмыспен қамтуға және халықтың өмір сүру деңгейіне әсері;
Тармақша 3
3) экономикалық аспектілер, жобаның экономикалық тиімділігін бағалауды қоса алғанда, жобаның өңірдің экономикалық дамуына әсері.
Тармақ 296
296. Әлеуетті өнім берушілердің веб-порталдағы конкурстық өтінімдері ашық болып табылады және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның салалық қорытындысы алынғаннан кейін келесі күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде комиссияның қарауына жатады.
Тармақ 297
297. Комиссия ұсынылған құжаттардың (бағалау өлшемшарттарын (балдық жүйе) растау үшін ұсынылған құжаттарды қоспағанда) осы Қағидалардың шарттарына сәйкессіздігін анықтаған кезде мұндай әлеуетті өнім берушілерге алдын ала рұқсат беру хаттамасы веб-порталда жарияланған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтінімдерді сәйкес келтіру құқығын береді. Бағалау өлшемшарттарын (балдық жүйе) растау үшін ұсынылған құжаттарды комиссия өтінімге толықтыру ретінде қарамайды.
Тармақ 298
298. Өтінімге толықтыруларды ашу конкурстық өтінімдерге толықтыруларды ұсыну мерзімі өткеннен кейінгі бірыңғай оператордың жұмыс күні сағат 10.00-де жүргізіледі.
Тармақ 299
299. Конкурстық өтінімдерге толықтыруларды конкурстық комиссия оларды ашқан күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды, оның қорытындысы бойынша рұқсат беру хаттамасына қол қойылады және жарияланады.
Тармақ 300
300. Осы тараудың талаптарына сәйкес кері қайтарылмаған екі және одан көп өтінім ұсынылған (лотта бәсекелес ортаның болуы) дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың атаулары бойынша жеңімпазды комиссия балдық жүйемен айқындайды.
Тармақ 301
301. Дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар өндірісін құруға ниеті бар әлеуетті өнім берушілердің өтініміне мынадай бағалау өлшемшарттары (балдық жүйе) қолданылады:
Тармақша 1
1) инвестициялық жобаның іске асырылуын толық жабатын қаржы қаражатының бар-жоғын растау (әрбір техникалық-экономикалық негіздеме немесе бизнес-жоспар үшін қолданылады): инвестициялық жобаның іске асырылуын толық жабатын өзінің қаржы қаражаты (әлеуетті өнім берушінің шотында тиісті қаржы қаражатының бар-жоғы туралы банктің анықтамасы, актілермен және (немесе) қаржылық құжаттармен расталған мүлікті сатып алу-сату шарттары) – 2 балл; немесе инвестициялық жобаның іске асырылуын толық жабатын тартылатын қаржы қаражатын (қарыз берушінің осындай қаражатының бар екенін растайтын құжаттармен қоса, қаржы қаражатын қарызға алу шарты, кредиттік лимит беру туралы шарт) – 1 балл;
Тармақша 2
2) дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар өндірісін құру үшін пайдаланылатын жер учаскесінің бар-жоғын растау (әрбір техникалық-экономикалық негіздеме немесе бизнес-жоспар үшін қолданылады): меншігінде (инвестициялық жобаға сәйкес келетін нысаналы мақсаты көрсетілген жер учаскесіне акт, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және конкурс жарияланған күннен кейін берілген оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама) – 2 балл; немесе жалдауда, сенімгерлік басқаруда, уақытша жер пайдалануда (инвестициялық жобаға сәйкес келетін нысаналы мақсаты көрсетілген жер учаскесіне акт) немесе жергілікті атқарушы органның жер учаскесін бөлу туралы оң шешімі – 1 балл;
Тармақша 3
3) құрылысқа жобалау-сметалық құжаттаманың мемлекеттік сараптама қорытындысының болуы (әрбір техникалық-экономикалық негіздеме немесе бизнес-жоспар үшін қолданылады) – 1 балл;
Тармақша 4
4) техникалық-экономикалық негіздемеге және немесе бизнес-жоспарға сәйкес дәрілік заттар және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдар өндірісіне арналған технологиялық жабдықтың бар-жоғын растау (технологиялық жабдықтың меншік құқығында (өзге заттық құқықта) болуын растайтын құжат) – 2 балл;
Тармақша 5
5) мәлімделген өнімге ғылыми-технологиялық бастаманы растау (өтінімдегі әрбір лот үшін қолданылады): дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар үшін технологиялар трансфері (қаржылық және коммерциялық бөлікті қоспағанда, технологиялар трансфері туралы шарт) – 2 балл; немесе дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың меншікті әзірлемелері (дәрілік заттар үшін меншікті фармацевтикалық әзірлемелерді растайтын құжат және медициналық бұйымдар үшін патент) – 3 балл;
Тармақша 6
6) ғылыми-зерттеу институттарымен (Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары), зертханалармен, «Ғылым қоры» акционерлік қоғамымен бірлескен әзірлемелерді және (немесе) әлеуетті өнім беруші үшін кадрлар даярлауға арналған келісімнің және (немесе) меморандумның болуы (өтінім үшін қолданылады) – 1 балл.
Тармақша 7
7) жергілікті қамту үлесі: Қазақстан Республикасының аумағында дайындалған өнімнен толығымен өндірілген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндірісі – 3 балл; Қазақстан Республикасының аумағында дайындалған өнімнен ішінара өндірілген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндірісі – 1 балл.
Тармақ 302
302. Дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар өндірісін жаңғыртуға ниеті бар әлеуетті өнім берушілердің өтініміне мынадай бағалау өлшемшарттары (балдық жүйе) қолданылады:
Тармақша 1
1) инвестициялық жобаның іске асырылуын толық жабатын қаржы қаражатының бар-жоғын растау (әрбір техникалық-экономикалық негіздеме және (немесе) бизнес-жоспар үшін қолданылады): инвестициялық жобаның іске асырылуын толық жабатын өзінің қаржы қаражаты (әлеуетті өнім берушінің шотында тиісті қаржы қаражатының бар-жоғы туралы банктің анықтамасы, актілермен және/немесе қаржы құжаттарымен расталған мүлікті сатып алу-сату шарты) – 2 балл; немесе инвестициялық жобаның іске асырылуын толық жабатын тартылатын қаржы қаражаты (қарыз берушінің осындай қаражатының бар екенін растайтын құжаттармен қоса, қаржы қаражатын қарызға алу шарты, кредиттік лимит беру туралы шарт) – 1 балл;
Тармақша 2
2) әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасының аумағындағы бес жылдан астам фармацевтикалық өндіріс тәжірибесі (дәрілік заттар немесе медициналық бұйымдар өндірісіне рұқсат беретін лицензия немесе құжат) (өтінім үшін қолданылады) – 1 балл;
Тармақша 3
3) белгіленген тәртіппен берілген қолданыстағы индустриялық сертификаттың болуы (өтінім үшін қолданылады) – 0,5 балл;
Тармақша 4
4) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген тіркеу куәлігінің болуы (өтінім үшін қолданылады) – 1 балл;
Тармақша 5
5) дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың экспортына келісімшарттардың болуы (өтінім үшін қолданылады) – 1 балл;
Тармақша 6
6) мәлімделген өнімге ғылыми-технологиялық бастаманы растау (өтінімдегі әрбір лот үшін қолданылады): дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар үшін технологиялар трансфері (қаржылық және коммерциялық бөлікті қоспағанда, технологиялар трансфері туралы шарт) – 2 балл; немесе дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың меншікті әзірлемелері (дәрілік заттарға меншікті әзірлемелерді растайтын құжат және медициналық бұйымдарға патент) – 3 балл;
Тармақша 7
7) ғылыми-зерттеу институттарымен (Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары), зертханалармен, «Ғылым қоры» акционерлік қоғамымен бірлескен әзірлемелерге және (немесе) әлеуетті өнім беруші үшін кадрлар даярлауға арналған келісімнің және (немесе) меморандумның болуы (өтінім үшін қолданылады) – 1 балл.
Тармақша 8
8) жергілікті қамту үлесі: Қазақстан Республикасының аумағында дайындалған өнімнен толығымен өндірілген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндірісі – 3 балл; Қазақстан Республикасының аумағында дайындалған өнімнен ішінара өндірілген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндірісі – 1 балл.
Тармақ 303
303. Балл алу үшін барлық құжаттар (электрондық, сканерленген көшірмелер) веб-порталда конкурстық өтінімнің тиісті бөлімінде тіркеледі.
Тармақ 304
304. Қағидалардың осы тарауының шарттарына сәйкес келетін және осы Қағидалардың 301 және 302-тармақтарында көзделген әрбір бағалау өлшемшарты бойынша балдарды қосу жолымен өтінімде көрсетілген лоттар бойынша ең көп балл жинаған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.
Тармақ 305
305. Бір лот бойынша бірнеше әлеуетті өнім берушінің балдары тең болған кезде жеңімпаз аукцион қорытындысы бойынша айқындалады.
Тармақ 306
306. Аукционға өтінімдерге толықтыруларды қарау қорытындылары бойынша рұқсат беру хаттамасында оған жіберілген әлеуетті өнім берушілер қатысады.
Тармақ 307
307. Аукцион рұқсат беру хаттамасы жарияланғаннан кейін бір жұмыс күнінен кейінгі бірыңғай оператордың жұмыс күні сағат 10.00-де басталады және веб-порталда нақты уақыт режимінде қашықтан өткізіледі.
Тармақ 308
308. Веб-портал аукционға қатысушыларға, конкурстың комиссия мүшелері мен хатшысына аукционның басталғаны туралы хабарламаны автоматты түрде жібереді және веб-порталда әрбір лот бойынша аукцион уақытының басталғаны туралы ақпаратты «Аукцион» бөлімінде көрсетеді.
Тармақ 309
309. Аукцион әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті тұлғаларының электрондық цифрлық қолтаңбаларының көмегімен аукционға қатысушылардың лот бойынша шартты баға жеңілдігін дәйекті ұсынуы жолымен өткізіледі. Бәсекелестің лот бойынша аукцион уақыты басталған немесе бәсекелес баға ұсынысын берген сәттен бастап отыз минут ішінде бір рет шартты баға жеңілдігін ұсыну мүмкіндігі аукцион қадамы болып табылады.
Тармақ 310
310. Аукцион қадамының уақытын кері есептеу бір лот бойынша аукционға жіберілген бәсекелестердің біреуі баға жеңілдігін берген сәттен басталады. Веб-портал отыз минуттық уақытты кері есептеуді аукцион қадамы аяқталғанға дейін қалған минуттар мен секундтар арқылы көрсетеді.
Тармақ 311
311. Аукцион лот бойынша баға жеңілдігінің ағымдағы ұсынысынан баға жеңілдігін арттыру жолымен өткізіледі. Аукционның ең төмен қадамы үш пайызды құрайды. Аукционда лот бойынша қадамдар саны шектелмейді. Лот бойынша бәсекелестердің бірі баға жеңілдігін берместен бұрын аукционға қатысушы кезекті баға жеңілдігін бере алмайды.
Тармақ 312
312. Веб-портал аукцион қорытындысы бойынша ең жоғары баға жеңілдігін ұсынған аукцион жеңімпазын автоматты түрде айқындайды. Егер аукцион басталғаннан кейін отыз минут ішінде аукционға қатысушылардың ешқайсысы бастапқы баға жеңілдігін бермесе, осы лот бойынша аукцион аяқталады және конкурсқа қатысуға өтінім берген бірінші әлеуетті өнім беруші аукцион жеңімпазы болып танылады. Аукцион жеңімпазы конкурс жеңімпазы болып табылады.
Тармақ 313
313. Комиссия:
Тармақша 1
1) осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келмейтін өтінім ұсынылған;
Тармақша 2
2) инвестициялық жобаны іске асырудың осы Қағидаларда белгіленген мерзімі асып кеткен;
Тармақша 3
3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның инвестициялық жобаны іске асырудың орынсыздығы туралы салалық қорытындысы алынған кезде өтінімді тұтастай немесе жекелеген лоттар бөлігінде кері қайтарады.
Тармақ 314
314. Берудің ұзақ мерзімді шартын жасауға арналған конкурс тұтас немесе жекелеген лоттар бөлігінде:
Тармақша 1
1) лот бойынша бірде-бір өтінім ұсынылмаған;
Тармақша 2
2) лот бойынша барлық өтінімдер қабылданбаған;
Тармақша 3
3) осы тараудың шарттарына сәйкес келген кезде онымен өнім берудің ұзақ мерзімді шарты конкурс өткізбей жасалатын әлеуетті өнім беруші бір ғана өтінім ұсынған кезде өткізілмеді деп танылады.
Тармақ 315
315. Алдын ала рұқсат беру немесе рұқсат беру хаттамаларын веб-портал комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижелері негізінде қалыптастырады, олар хаттамаларда әрбір әлеуетті өнім беруші, лот және өтінімге осы Қағидаларда қойылатын шарттар бөлінісінде көрсетіледі. Ашу және қорытынды хаттамасын веб-портал автоматты түрде жариялайды, комиссия мүшелері мен хатшысы қол қоймайды.
Тармақ 316
316. Қорытындылар хаттамасын қоспағанда, хаттамалар веб-порталда бірыңғай дистрибьютордың жұмыс уақытында ғана жариялануға тиіс.
Тармақ 317
317. Конкурс қорытындылары бойынша веб-портал автоматты түрде қорытындылар хаттамасын қалыптастырады және оның нөмірін, жариялану уақыты мен мәртебесін көрсетіп жариялайды, онда мынадай ақпарат қамтылады:
Тармақша 1
1) конкурстың нөмірі мен атауы;
Тармақша 2
2) бірыңғай дистрибьютордың атауы, БСН және заңды мекенжайы;
Тармақша 3
3) хабарландыруға сәйкес лоттардың тізбесі;
Тармақша 4
4) бірде-бір өтінім берілмеген лоттардың тізбесі;
Тармақша 5
5) өтінім берілген дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар (лоттар көрсетіліп), әрбір лот бойынша жиналған балдардың саны, бірыңғай дистрибьютор ұзақ мерзімді шарт жасасатын әрбір лот бойынша жеңімпаздар көрсетілген әлеуетті өнім берушілер туралы;
Тармақша 6
6) негіздемесі көрсетіліп, өтінімдері қабылданбаған әлеуетті өнім берушілер туралы;
Тармақша 7
7) өтінімі осы тараудың шарттарына сәйкес келген кезде өнім берудің ұзақ мерзімді шарты конкурс өткізбей жасалатын әлеуетті өнім берушінің бір ғана өтінім ұсынғаны туралы;
Тармақша 8
8) лоттар, аукционға қатысушылардың атаулары, беру уақыты және аукцион қадамдарының мөлшері көрсетілген аукцион нәтижелері туралы;
Тармақша 9
9) бәсекелес лоттар және баға ұсыныстары көрсетіліп, аукцион жеңімпаздарының атаулары;
Тармақша 10
10) бәсекелес лоттар және баға ұсыныстарының деректері көрсетіліп, аукционда екінші орын алған әлеуетті өнім берушілердің атаулары.
Тармақ 318
318. Веб-порталды пайдалануға мүмкіндік бермейтін немесе хаттамаларды қатемен қалыптастыратын техникалық ақаулар туындаған кезде бірыңғай оператор мұны тіркейді және бұл туралы веб-порталдың тиісті бөлімінде хабарландыру жариялайды, конкурсқа қатысушылардың барлығына автоматты түрде тиісті хабарламалар жібереді.
Тармақ 319
319. Бұл ретте конкурс мерзімдері техникалық ақауларды жою үшін шамамен талап етілген уақытқа жылжиды.
Тармақ 320
320. Жарияланған қате хаттамаларды бірыңғай оператор веб-порталдан алып тастамайды, оған «жарамсыз» деген мәртебе береді. Жаңадан қалыптастырылған қатесі жойылған хаттаманы бірыңғай оператор веб-порталда «жарамды» деген мәртебемен жариялайды.
Тармақ 321
321. Хаттама ауыстырылған кезде конкурсқа қатысушыларға веб-портал автоматты түрде тиісті хабарлама жібереді.
Тармақ 322
322. Конкурс қорытындысы бойынша осы Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берудің ұзақ мерзімді шарты веб-порталда 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жасалуға тиіс. Бұл ретте өтінім берудің ұзақ мерзімді шартының ажырамас бөлігі болып табылады.
Тармақ 322-1
322-1. Есепті кезеңнен кейінгі оныншы күннен кешіктірмей өнім беруші веб-порталда растайтын құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 21-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыстар аяқталғаннан кейін инвестициялық жобаның іске асырылу барысы және өнімді тіркеу процесі туралы жартыжылдық есепті бірыңғай дистрибьюторға ұсынады.
Тармақ 322-2
322-2. Өнім беруші есепті кезеңнен кейінгі оныншы күннен кешіктірмей веб-порталда осы Қағидаларға 21-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірушінің өндірістік қуаттылықтарының көрсеткіштерін және оның негізгі сипаттамаларын көрсететін ақпаратты толтырады.
Тармақ 322-3
322-3. Бірыңғай дистрибьютор ұзақ мерзімді шарттардан автоматты түрде қалыптастырылған деректерді ескере отырып, өнім берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың электрондық тізбесін тұрақты негізде сүйемелдейді (ұзақ мерзімді шарт бойынша позициялар, әрбір позиция бойынша ұзақ мерзімді шарттың қолданылу мерзімі, өнім беруден бас тарту, ұзақ мерзімді шартты толық немесе ішінара бұзу, тіркеу куәлігіне сәйкес техникалық сипаттамадағы өзгеріс).
Тармақ 323
323. Берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды беру басталғанға дейін бірыңғай дистрибьютор оларды осы Қағидаларда белгіленген тәсілдермен сатып алады.
Тармақ 324
324. Берудің ұзақ мерзімді шарты жасалған кезден бастап дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды беру басталған күнге дейінгі кезеңі 5 (бес) жылдан аспайды, оның ішінде: объектіні пайдалануға беру және (немесе) оны жаңғырту кезеңі 2 (екі) жылдан аспайды; Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өткізу, бағаны тіркеу, ішкі айналысқа арналған дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың шығу тегі туралы «СТ-KZ» сертификат алу кезеңі 3 (үш) жылдан аспайды. Көрсетілген мерзімнен асып кеткен және өнім беруші объектіні пайдалануға беру актісін және (немесе) жаңғырту туралы егжей-тегжейлі есебі бар хабарламаны көрсетілген кезең аяқталған уақыттап бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынбаған кезде бірыңғай дистрибьютор берудің ұзақ мерзімді шартын біржақты тәртіппен бұзады. Құрылысты немесе объектіні жаңғыртуды аяқтау құрамында: денсаулық сақтау саласында және инвестициялар тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар, сараптама ұйымы, бірыңғай дистрибьютор бар комиссиялық тексеру актісімен расталады.
Тармақ 325
325. Өнім беруші бірыңғай дистрибьюторды дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды беруге әзірлік туралы беру дайын болғанға дейін кемінде 6 ай бұрын хабардар етеді. Бірыңғай дистрибьютор ағымдағы жылғы 1 қазаннан кешіктірмей денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға 88 бұйрыққа енгізу үшін ұсыныстар жібереді.
Тармақ 326
326. Өнім беру басталатын күн бірыңғай дистрибьюторға веб-портал арқылы мынадай құжаттар ұсынылғаннан кейін басталады:
Тармақша 1
1) фармацевтикалық қызметке лицензия;
Тармақша 2
2) дәрілік заттарға және (немесе) медициналық бұйымдарға тиісті тіркеу куәліктері;
Тармақша 3
3) ішкі айналысқа арналған дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың шығу тегі туралы «СТ-KZ» сертификаты;
Тармақша 4
4) дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар өндірісі үшін ISO 13485 сапаны басқару жүйесі стандартының талаптарына сәйкес тиісті өндірістік практика (GМP) стандарттарының енгізілуін растайтын құжат.
Тармақ 327
327. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды беру кезеңінде 10 (он) жыл ішінде қазақстандық тауар өндіруші бірыңғай дистрибьюторға тиісті өлшемшарттарды (балдық шкала бойынша) растайтын мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) тіркеу дерекнамасының үшінші модулінің болуы және (немесе) жобасы (сараптама ұйымынан хат) – 3 балл;
Тармақша 2
2) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру саласындағы зерттеулер мен әзірлемелер (өндірушінің ғылыми-зерттеу сынақ орталығының -R&D, research and development болуы туралы хаты) және (немесе) ғылыми-зерттеу институттарымен Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарымен және (немесе) зертханалармен және (немесе) «Ғылым қоры» акционерлік қоғамымен бірлескен әзірлемелерге келісімнің көшірмесі немесе меморандум) – 3 балл;
Тармақша 3
3) кадр әлеуетін арттыру, фармацевтика өнеркәсібі саласындағы кадрларды кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан және олардың біліктілігін арттырудан өту (диплом, біліктілігін арттыру туралы құжаттар, маман сертификаты) – 2 балл.
Тармақша 4
4) бөлшек сауда желісінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізу (бір жылдағы электрондық шот-фактуралар бойынша жиынтық есеп) – 2 балл;
Тармақша 5
5) «СТ-1» растауымен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды экспортқа өткізу және (немесе) әкетуге рұқсат – 2 балл; Құжаттар бірінші жеткізілген күннен бастап 5 (бес) жылдан кешіктірілмей ұсынылады.
Тармақ 328
328. Бірыңғай дистрибьютордың дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шартына денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша тіркеу куәлігіне сәйкес дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың техникалық сипаттамасы бөлігінде өзгерістер енгізуіне жол беріледі.
Тармақ 329
329. Дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар өндірісін құруға және (немесе) жаңғыртуға ниеті бар өнім берушімен берудің ұзақ мерзімді шартын бұзуға:
Тармақша 1
1) инвестициялық жобаны іске асыру осы Қағидаларда белгіленген мерзімнен асып кетуі;
Тармақша 2
2) өнім берудің ұзақ мерзімді шартында көзделген міндеттемелердің бұзылуы;
Тармақша 3
3) өндіруден және (немесе) өнім беруден бас тарту;
Тармақша 4
4) инвестициялық жобаны іске асыру графигінің 12 (он екі) айдан астам мерзімге бұзылуы;
Тармақша 5
5) өнім берудің ұзақ мерзімді шартында ұсынылуы көзделген инвестициялық жобаның іске асырылу барысы туралы жартыжылдық есептің ұсынылмауы не оның екі және одан көп айға кешіктіріп ұсынылуы;
Тармақша 6
6) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның дәрілік заттың және (немесе) медициналық бұйымның дәлелденбеген клиникалық тиімділігі туралы құжаты;
Тармақша 7
7) ұзақ мерзімді шартта көзделген өнім берудің басталу күнін бұзуы. Бұл ретте өнім беруді бастау мерзімі бұзылған тауардың атаулары бойынша ішінара бұзуға жол беріледі;
Тармақша 8
8) сот тәртібімен белгіленген дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды өткізуге байланысты үшінші тұлғалардың патенттік және өзге де құқықтары мен талаптарын бұзу;
Тармақша 9
9) тапсырыс берушіде қатарынан 3 (үш) жыл ішінде дәрілік заттарға және (немесе) медициналық бұйымдарға қажеттіліктің болмауы;
Тармақша 10
10) осы Қағидалардың 327-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбау немесе тұтас алғанда кемінде 6 балл өлшемшарттарға қол жеткізбеу негіз болып табылады. Берудің ұзақ мерзімді шарты осы тармақта көзделген негіздер бойынша бұзылған кезде оны дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың жеткізілмейтін немесе айтарлықтай бұзушылықпен жеткізілетін жекелеген позициялары бойынша ішінара бұзуға жол беріледі.
Тармақ 330
330. Берудің ұзақ мерзімді шарты бұзылған кезде дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алуды бірыңғай дистрибьютор осы Қағидаларда көзделген тәсілдермен жүзеге асырады.
Тармақ 2. 2-параграф. Берудің ұзақ мерзімді шарттарын ұзарту және (немесе) 3 (үш) жылға дейінгі мерзімге берудің ұзақ мерзімді шартын жасасу тәртібі
2-параграф. Берудің ұзақ мерзімді шарттарын ұзарту және (немесе) 3 (үш) жылға дейінгі мерзімге берудің ұзақ мерзімді шартын жасасу тәртібі
Тармақ 331
331. Берудің ұзақ мерзімді шартын ұзарту үшін қазақстандық тауар өндірушілер қолданыстағы ұзақ мерзімді шарт шеңберінде берілетін дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың тізбесін қоса бере отырып, бірыңғай дистрибьюторға өтінім береді. Өтінім бірыңғай дистрибьюторға осы Қағидалардың 344-тармағына сәйкес берудің ұзақ мерзімді шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін бір жылдан ерте емес, тиісті қаржы жылына берудің дайын екендігін растауды ұсынумен бір мезгілде ұсынылады.
Тармақ 332
332. Өтінімді ұсынбау не уақтылы ұсынбау осы Қағидаларда белгіленген тәсілдермен берудің ұзақ мерзімді шартының қолданылу мерзімі өткеннен кейін сатып алуды жүргізу үшін негіз болып табылады.
Тармақ 333
333. Бірыңғай дистрибьютор өтінімді алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде мәлімделген халықаралық патенттелмеген атауы бойынша дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды көрсете отырып, дәрілік нысанын және (немесе) сипаттамасын, белгіленген дозалану және (немесе) концентрациясын, өлшем бірлігін көрсете отырып, қазақстандық тауар өндірушілердің саудалық атауы бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімінде дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар тіркелген тізімді ұсыну үшін сараптама ұйымына сұрату жібереді. Сараптама ұйымы сұратуды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде мәлімделген халықаралық патенттелмеген атауы бойынша дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды көрсете отырып, дәрілік нысанын және (немесе) сипаттамасын, белгіленген дозалану және (немесе) концентрациясын, өлшем бірлігін көрсете отырып, қазақстандық тауар өндірушілердің саудалық атауы бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімінде дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар тіркелген тізімді бірыңғай дистрибьюторға ұсынады.
Тармақ 334
334. Берудің ұзақ мерзімді шартын ұзарту және (немесе) 3 (үш) жылға дейінгі мерзімге ұзақ мерзімді шарт жасасу үшін бірыңғай дистрибьютор комиссия құрады және оның құрамын бекітеді.
Тармақ 335
335. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімінде бір қазақстандық тауар өндірушінің тіркеуі бар дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар бойынша халықаралық патенттелмеген атауы, дозалануы, концентрациясы немесе техникалық сипаттамасы бойынша осы Қағидалардың 327-тармағында көзделген өлшемшарттарға (балдық шкала бойынша) сәйкестігін растайтын құжаттар қосымша ұсынылады. Осы Қағидалардың 327-тармағында көзделген өлшемшарттарға (балдық шкала бойынша) сәйкестікті растайтын құжаттар берудің ұзақ мерзімді шартын 3 (үш) жылға дейінгі мерзімге ұзартуға өтінім берілген жылдан ерте берілмеуге тиіс және оларды бірыңғай дистрибьютор сұратуды жіберген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей қазақстандық тауар өндірушілер ұсынады. Оларды ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау өтінімді қабылдамау үшін негіз болып табылады. Бірыңғай дистрибьютор тұтас алғанда өлшемшарттардың кемінде 6 балға қол жеткізген қазақстандық тауар өндірушімен қолданыстағы берудің ұзақ мерзімді шартына қосымша келісім жасасады.
Тармақ 336
336. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімінде екі және одан да көп қазақстандық тауар өндірушілер тіркелген дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар бойынша бірыңғай дистрибьютор 3 (үш) жылға дейінгі мерзімге берудің ұзақ мерзімді шартын жасасуға конкурсқа қатысу үшін шақыру жібереді.
Тармақ 337
337. Конкурсқа қатысу үшін қазақстандық тауар өндірушілер шақыруды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 8, 9 және 11-тармақтарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынады.
Тармақ 338
338. Комиссия қазақстандық тауар өндірушілердің құжаттарын 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды.
Тармақ 339
339. Ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың шарттарына сәйкессіздігін анықтаған кезде комиссия мұндай қазақстандық тауар өндірушілерге алдын ала рұқсат беру хаттамасы жарияланған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларды сәйкес келтіру құқығын береді.
Тармақ 340
340. Комиссия толықтыруларды комиссия олар ашылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды, оның қорытындысы бойынша рұқсат беру хаттамасына қол қойылады және жарияланады. Бәсекелестік болмаған кезде құжаттарын комиссия осы Қағидалардың шарттарына сәйкес деп танитын қазақстандық тауар өндіруші жеңімпаз болып танылады және онымен қолданыстағы берудің ұзақ мерзімді шарты аяқталғаннан кейін осы Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 3 (үш) жылға дейінгі мерзімге берудің ұзақ мерзімді шарты жасалады.
Тармақ 341
341. Лоттар бойынша бәсекелестік болған кезде осы Қағидалардың 306, 307, 308, 309, 310, 311 және 312-тармақтарына сәйкес аукцион өткізіледі. Комиссия аукционға рұқсат беру хаттамасына сәйкес жіберген қазақстандық тауар өндірушілер қатысады.
Тармақ 342
342. Конкурс қорытындысы бойынша бірыңғай дистрибьютор қолданыстағы берудің ұзақ мерзімді шарты аяқталғаннан кейін осы Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 3 (үш) жылға дейінгі мерзімге берудің ұзақ мерзімді шартын жасасады.
Тармақ 3. 3-параграф. Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алуды веб-портал арқылы тиісті қаржы жылына арналған берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша жүзеге асыру тәртібі
3-параграф. Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алуды веб-портал арқылы тиісті қаржы жылына арналған берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 343
343. Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша сатып алу өнім беруші бірыңғай дистрибьюторға жүгінген кезден бастап тиісті қаржы жылына жүзеге асырылады. Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алу рәсімі тиісті қаржы жылына өзге тәсілмен жүзеге асырылып жатқан кезде берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша сатып алу келесі қаржы жылына жүзеге асырылады.
Тармақ 344
344. Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша сатып алу оның қолданылу мерзімі ішінде тиісті қаржы жылына веб-порталда дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың көлемі, бағасы, оларды беру міндеттемелерін орындаудың қамтамасыз етілуі және шарттары көрсетіліп, осы Қағидаларға 23-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қосымша келісім жасасу жолымен тиісті қаржы жылына:
Тармақша 1
1) дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар 88 бұйрыққа енгізілген;
Тармақша 2
2) тапсырыс берушілер дәрілік заттарға және (немесе) медициналық бұйымдарға өтінімдер ұсынған;
Тармақша 3
3) өнім беруші осы Қағидалардың 8, 9 және 11-тармақтарында көзделген шарттарға сәйкестігін растаған;
Тармақша 4
4) өнім беруші қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізілген немесе «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ішкі айналысқа арналған дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың шығу тегі туралы «СТ-KZ» сертификатты, сондай-ақ тиісті өндірістік практика талаптарына сәйкес дәрілік заттарды өндіруге арналған және (немесе) ISO 13485 сапа менеджменті жүйесі стандартының талаптарына сәйкес медициналық бұйымдарды өндіруге арналған сертификатты (GMP) ұсынған;
Тармақша 5
5) беру графигі ұсынылған;
Тармақша 6
6) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың саудалық атауына шекті баға болған кезде жүзеге асырылады. Бірыңғай дистрибьютор олардың сапасын сақтау мақсатында сатып алынатын дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың санын өз қалауы бойынша (санын ұлғайту не азайту жағына қарай) қайталама қаптамаға дейін дөңгелектеуге жол беріледі.
Тармақ 345
345. Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша сатып алуды жүзеге асыру кезінде бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органнан дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың тізбесін алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде және сатып алуды өткізу туралы шешім қабылданған күннен бастап тиісті қаржы жылына бірыңғай дистрибьютор дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасқан қазақстандық тауар өндірушілерге веб-портал арқылы осы Қағидалардың 344-тармағының 3) және 4) тармақшаларында белгіленген растайтын құжаттарды қоса бере отырып, тиісті қаржы жылына берудің әзірлігін растау туралы хабарландыру-сұранымды жібереді. Тиісті қаржы жылына сатып алуды өткізу туралы хабарландыру қазақстандық тауар өндірушінің құжаттары қаралған күнге дейін кемінде 10 (он) жұмыс күні бұрын веб-порталда қазақ және орыс тілдерінде жарияланады. Қазақстандық тауар өндірушілердің құжаттарды ұсыну мерзімі сатып алуды өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап он жұмыс күнінен аспайды.
Тармақ 346
346. Веб-порталда тиісті қаржы жылына сатып алу мынадай жүйелі кезеңдердің жиынтығын білдіреді:
Тармақша 1
1) комиссия хатшысының бірыңғай дистрибьютордан сатып алуға жататын дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың тізбесімен қоса сатып алу туралы хабарландыруды орналастыруы;
Тармақша 2
2) қазақстандық тауар өндірушінің осы Қағидалардың 344-тармағының 3) және 4) тармақшаларында белгіленген растайтын құжаттарды ұсынуы;
Тармақша 3
3) веб-порталдың ұсынылған құжаттарды автоматты түрде ашуы;
Тармақша 4
4) комиссияның қазақстандық тауар өндірушінің құжаттарын қарауы және олардың осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігі тұрғысынан дауыс беруі;
Тармақша 5
5) қорытындылар хаттамасын жариялау;
Тармақша 6
6) комиссияның тиісті қаржы жылына өнім берудің түпкілікті бағасын айқындау жөнінде келіссөздер жүргізуі;
Тармақша 7
7) бірыңғай дистрибьютордың және қазақстандық тауар өндірушінің электрондық цифрлық қолтаңбалардың көмегімен веб-порталда тиісті қаржы жылына қосымша келісім жасасуы.
Тармақ 347
347. Сатып алу үшін бірыңғай дистрибьютор комиссия құрамын бекітеді және комиссия хатшысын айқындайды. Бірыңғай дистрибьютордың шешімімен комиссия құрамына басшыны немесе оның міндетін атқарушы адамды қоса алғанда, саны тақ кемінде үш адамнан тұратын оның жұмыскерлері енгізіледі. Комиссия өз қызметін тиісті қаржы жылына қосымша келісім жасалған не сатып алу өткізілмеді деп танылған кезден бастап тоқтатады.
Тармақ 348
348. Комиссия хатшысы бірыңғай дистрибьютор жұмыскерлерінің қатарынан тағайындалады, ол комиссия мүшесі болып табылмайды және комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы болмайды, ол:
Тармақша 1
1) веб-порталда сатып алудың өткізілетіні туралы хабарландыру жариялауды;
Тармақша 2
2) комиссияның дауыс беру қорытындысы бойынша қорытынды хаттамасының жобасын қалыптастыруды;
Тармақша 3
3) қорытынды хаттамасын веб-порталда жариялауды;
Тармақша 4
4) комиссия мүшесінің болмағанын растайтын ұсынылған құжаттың (бар болған жағдайда) электрондық көшірмесін веб-порталда орналастыруды;
Тармақша 5
5) сатып алудың күшін жою немесе жарамсыз деп тану туралы шешім қабылданған жағдайда оның көшірмесін орналастыра отырып, тұтастай сатып алудың немесе қандай да бір лоттың күшін веб-порталда жоюды;
Тармақша 6
6) қосымша келісім жасасу үшін конкурс қорытындылары туралы хабардар етуді уақтылы қамтамасыз етеді.
Тармақ 349
349. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған қатысып отырған комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған кезде комиссия төрағасы, ал ол болмаған кезде төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Тармақ 350
350. Қазақстандық тауар өндіруші веб-портал арқылы осы Қағидалардың 344-тармағының 3) және 4) тармақшаларында белгіленген растайтын құжаттарды (электрондық көшірмелерде) бекіту немесе оларды электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен веб-порталда көзделген нысандар бойынша толтыру жолымен тиісті қаржы жылына беруге әзірлігін растауды жібереді.
Тармақ 351
351. Қазақстандық тауар өндіруші сатып алуға қатысу үшін веб-порталда оның пайдаланушысы ретінде тіркеледі және осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігін растау мақсатында өз бетінде веб-порталда көзделген нысан бойынша қатысушылардың немесе акционерлердің құрамы туралы ақпаратты орналастырады және қажеттілігіне қарай өзектендіреді. Веб-портал хронологиялық тәртіппен осы тармақта көзделген құжаттарды орналастыру уақыты мен күнін көрсетеді және оларды, оның ішінде өзектендіргеннен кейін жоюға мүмкіндік бермейді.
Тармақ 352
352. Веб-портал қазақстандық тауар өндірушіге:
Тармақша 1
1) өтінімді ашқаннан кейін оны қайтарып алуға;
Тармақша 2
2) хабарландыруда көзделген мерзім өткеннен кейін өтінім беруге автоматты түрде мүмкіндік бермейді.
Тармақ 353
353. Өтінім веб-портал қазақстандық тауар өндірушіге хабарлама жіберген сәтте берілген болып есептеледі, ол қазақстандық тауар өндірушінің қалауы бойынша оны ашқан сәтке дейін өзгертіледі немесе кері қайтарылады.
Тармақ 354
354. Комиссия мүшелері қазақстандық тауар өндірушінің құжаттарының осы Қағидаларда көзделген шарттарға сәйкестігі туралы шешімдер қабылдаған кезде әлеуетті өнім берушінің веб-порталдағы парақшасында, өтінімдегі құжаттарды, сондай-ақ ақпараттық жүйелердегі және өзге де қолжетімді дереккөздердегі ақпаратты қарайды.
Тармақ 355
355. Қазақстандық тауар өндірушінің веб-порталдағы құжаттары ашық болып табылады және комиссияның 10 (он) жұмыс күні ішінде қарауына жатады.
Тармақ 356
356. Өтінімдерді қарау мерзімі өткен уақытта комиссия хатшысы комиссия мүшелерінің дауыс беруі негізінде веб-порталда дауыс беру хаттамасының жобасын қалыптастырады, онымен танысқаннан кейін комиссия мүшелері дәлелді себептермен дауыс бермегендерді қоспағанда, оған қол қояды.
Тармақ 357
357. Комиссия хатшысы веб-порталда оның нөмірі, уақыты және мәртебесі көрсетілген дауыс беру хаттамасын жариялайды, онда:
Тармақша 1
1) сатып алу нөмірі мен атауы;
Тармақша 2
2) бірыңғай дистрибьютордың атауы, БСН және заңды мекенжайы;
Тармақша 3
3) комиссияның әрбір мүшесінің өтінімді тұтастай немесе лот бойынша жіберу немесе қабылдамау туралы шешімдерін көрсете отырып, лоттар бөлінісінде комиссияның дауыс беру нәтижелері қамтылады.
Тармақ 358
358. Қажет болған кезде қазақстандық тауар өндірушіге ұсынылған құжаттарды толықтыруға мүмкіндік беріледі. Қосымша құжаттар дауыс беру хаттамасы жарияланған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылады.
Тармақ 359
359. Қазастандық тауар өндірушінің құжаттарына комиссияның ескертулері болмаған, сондай-ақ дауыс беру хаттамасында көрсетілген қайта қаралған кезде оларды осы Қағидалардың шарттарына толық сәйкестендіру және ескертулерді жою тұрғысынан қорытындылар хаттамасы жасалады, олармен танысқаннан кейін комиссия оған қол қояды не комиссия хатшысы қабылданған шешімдерді түзету үшін (қажет болған кезде) дауыс бермегендерді қоспағанда, комиссияның барлық мүшелері қорытындылар хаттамасына қол қоймайынша дауыс беруді қайта бастайды.
Тармақ 360
360. Комиссия мүшелері қорытындылар хаттамасының жобасымен танысып, қазақстандық тауар өндірушінің құжаттарына өзінің ескертулерін жарияланғанға дейін қайта қарайды. Мұндай жағдайда конкурстық комиссияның хатшысы дауыс беруді қайта бастайды.
Тармақ 361
361. Дауыс бермеген комиссия мүшесі дәлелді себебі туралы комиссия хатшысына хабарлайды және оған растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады. Комиссия мүшесінің шешім қабылдау мерзімі өткенге дейін дауыс бермеуінің себебі белгісіз болған жағдайда қорытынды хаттамасына қол қою олсыз жүргізіледі. Хатшы веб-порталда мұндай себептің белгісіз екендігі туралы белгіні орналастырады.
Тармақ 362
362. Хаттамаға қол қоймаған комиссия мүшесінің барлық шешімдерін, оның ішінде ол дауыс берген жекелеген лоттар бойынша шешімдерін веб-портал комиссия шешімінде есепке алмайды және ол қорытындылар хаттамасында көрсетіледі.
Тармақ 363
363. Қорытындылар хаттамасында веб-портал әрбір лот бойынша комиссияның әрбір мүшесінің дауыс беру нәтижелерін ықтимал мәртебелердің біреуімен автоматты түрде көрсетеді, сондай-ақ онда мынадай ақпарат қамтылады:
Тармақша 1
1) «дауыс берген жоқ»;
Тармақша 2
2) «рұқсат берілді»;
Тармақша 3
3) «қабылданбады», веб-порталдағы шешімге сәйкес себебі негізделеді;
Тармақша 4
4) дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды берудің тиісті қаржы жылына арналған ұзақ мерзімді шарттары бойынша сатып алу нөмірі мен атауы;
Тармақша 5
5) бірыңғай дистрибьютордың атауы, БСН және заңды мекенжайы;
Тармақша 6
6) «сатып алу өтті» немесе «сатып алу өтпеді» деген мәртебе көрсетіліп, 88 бұйрыққа сәйкес лоттардың тізбесі;
Тармақша 7
7) тиісті қаржы жылына қосымша келісім жасалатын қазақстандық тауар өндірушінің атауы мен орналасқан жері;
Тармақша 8
8) осы Қағидалардың 344-тармағының 3) және 4) тармақшаларына сәйкестігі.
Тармақ 364
364. Қосымша келісімге қол қою алдында комиссия тиісті қаржы жылына өнім берудің түпкілікті бағасын айқындау жөнінде келіссөздер жүргізеді. Қорытынды хаттамасы жарияланғаннан кейін комиссия қазақстандық тауар өндірушімен аудио- және бейнетіркеуді қолдана отырып, өнім берудің түпкілікті бағасын айқындау жөнінде келіссөздер жүргізеді, келіссөздердің қорытындысы бойынша өнім берудің ұзақ мерзімді шарттарына қосымша келісімдер жасасу алдындағы хаттама жасалады. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарғадың, сондай-ақ медициналық бұйымдардың шекті бағалары мен үстеме бағаларын реттеу және қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-247/2020 бұйрығындағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21766 болып тіркелген) өлшемшарттар ескеріле отырып есептелетін бірыңғай дистрибьютордың сатып алу бағасы төмендетілетін бастапқы баға болып табылады. Қазақстандық тауар өндіруші шартты жеңілдіктің ұзақ мерзімді шартта көзделуі шартымен шартты жеңілдікті ескере отырып, сондай-ақ бірыңғай дистрибьютор ұсынған дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың бағаларын талдауды ескере отырып, бағаны төмендетуге ұсыныс береді. Қазақстандық тауар өндірушінің бағаны төмендетуге ұсынысы бірыңғай дистрибьютордың ағымдағы ең төменгі сатып алу бағасынан төмен болуы тиіс. Қазақстандық тауар өндірушінің ұсынысы бірыңғай дистрибьютордың сатып алуының ағымдағы ең төменгі бағасы болып табылса, оның бағаны төмендетуге ұсыныс беруіне жол берілмейді. Дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың бағасын төмендету келісілмеген кезде бірыңғай дистрибьютор дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алуды осы Қағидаларда көзделген тәсілдермен жүзеге асырады.
Тармақ 365
365. Бірыңғай дистрибьютор веб-портал арқылы ұзақ мерзімді шарт жасасқан қазақстандық тауар өндірушіге тиісті қаржы жылына қосымша келісімді жібереді.
Тармақ 366
366. Қазақстандық тауар өндіруші веб-портал арқылы тиісті қаржы жылына арналған қосымша келісімге қол қояды және оны бірыңғай дистрибьюторға жібереді.
Тармақ 367
367. Егер қазақстандық тауар өндіруші:
Тармақша 1
1) осы Қағидалардың 8 және 9-тармақтарында көзделген шарттарға сәйкес келмесе;
Тармақша 2
2) осы Қағидалардың 8 және 9-тармақтарында көзделген шарттар және осы Қағидалардың шеңберінде сатып алынатын дәрілік заттарға және (немесе) медициналық бұйымдарға қойылатын осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген шарттар бойынша дәйексіз ақпарат ұсынса;
Тармақша 3
3) тіркеу куәлігін ұсынбаса;
Тармақша 4
4) қолданылу мерзімі өткен тіркеу куәлігін ұсынса;
Тармақша 5
5) сатып алу талаптарына сәйкес келмейтін тіркеу куәлігін ұсынса;
Тармақша 6
6) өнім беруші қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімінде болмаса;
Тармақша 7
7) тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына сәйкес дәрілік заттар өндірісіне және (немесе) ISO 13485 сапаны басқару жүйесі стандартының талаптарына сәйкес медициналық бұйымдар өндірісіне сертификат ұсынылмаса немесе оның қолданылу мерзімі өтіп кеткен болса, қабылданбайды.
Тармақ 368
368. Сатып алу немесе оның қандай да бір лоты мынадай негіздердің бірі бойынша өтпеді деп танылады:
Тармақша 1
1) егер қазақстандық тауар өндіруші құжаттарды ұсынбаса;
Тармақша 2
2) егер қазақстандық тауар өндіруші сатып алуға жіберілмесе.
Тармақ 369
369. Егер сатып алу өтпеді деп танылса, бірыңғай дистрибьютор мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
Тармақша 1
1) сатып алуды қайта өткізу туралы;
Тармақша 2
2) тендер тәсілімен сатып алуды өткізу туралы.
Тармақ 370
370. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның тапсырмасы бойынша дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың өндірісі үшін шикізаттың қажетті көлемінің болуына кепілдік берілуі шартымен мынадай:
Тармақша 1
1) инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу;
Тармақша 2
2) төтенше жағдайларды болғызбау және олардың салдарын жою кезінде қосымша келісім сомасының 50 (елу) пайызынан аспайтын мөлшерде аванстық (алдын ала) төлемге жол беріледі.
Тарау 7. 7-тарау. Келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушілерімен патенттелген бірегей дәрілік заттарды берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу
7-тарау. Келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушілерімен патенттелген бірегей дәрілік заттарды берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу
Тармақ 371
371. Келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісі бірыңғай дистрибьютордың атына патенттелген бірегей дәрілік заттарды берудің ұзақ мерзімді шартын жасасу ниеті туралы өтінішті қосымшамен бірге:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумағында келісімшарттық өндіріс шеңберінде өндіруге жоспарланатын бірегей дәрілік заттардың тізімін;
Тармақша 2
2) халықаралық патенттелмеген атауы немесе құрамы, дәрілік нысаны, белгіленген дозалануы және (немесе) концентрациясы, өлшем бірлігі, саудалық атауы, өндіруші көрсетілген дәрілік заттардың бірегейлігі туралы сараптама ұйымының қорытындысын;
Тармақша 3
3) қолданылу мерзімі көрсетілген бірегей дәрілік заттарға қолданыстағы патенттің болуы туралы не оның болмауы туралы Қазақстан Республикасының Патенттік заңы негізінде әрекет ететін сараптама ұйымының қорытындысын жібереді.
Тармақ 372
372. Бірыңғай дистрибьютор келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісінің өтінішін алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісіне патенттелген бірегей дәрілік заттарды берудің ұзақ мерзімді шартын жасасу рәсіміне қатысу үшін шақыру жібереді.
Тармақ 373
373. Бірегей дәрілік заттарды берудің ұзақ мерзімді шартын жасасу үшін келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісі Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өндірушімен келісімшарттық өндіріске арналған шарттың нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады.
Тармақ 374
374. Келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісінен Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өндірушімен бірегей патенттелген дәрілік заттарды келісімшарттық өндіруге арналған шартты алу негізінде бірыңғай дистрибьютор келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісімен берудің ұзақ мерзімді шартын жасасады.
Тармақ 375
375. Патенттелген бірегей дәрілік заттарды берудің ұзақ мерзімді шарты жасалған кезден бастап және патенттелген бірегей дәрілік заттарды беру басталған күнге дейінгі кезең 3 (үш) жылдан аспайды (көрсетілген мерзімге бірыңғай дистрибьютордың тізбесіне енгізу мерзімдері кірмейді). Көрсетілген мерзімнен асқан жағдайда бірыңғай дистрибьютор келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісімен патенттелген бірегей дәрілік заттарды берудің ұзақ мерзімді шартын біржақты тәртіппен бұзады.
Тармақ 376
376. Келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісімен және өндірушімен өнім берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша патенттелген бірегей дәрілік заттарды беру басталғанға дейін бірыңғай дистрибьютор оларды осы Қағидаларда белгіленген тәсілдермен сатып алады.
Тармақ 377
377. Келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісі бірыңғай дистрибьюторды саудалық атауына баға тіркелген және тіркеу куәлігіне өзгеріс енгізілген жағдайда денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша патенттелген бірегей дәрілік заттарды беруге дайын екендігі туралы хабардар етеді. Бірыңғай дистрибьютор денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға 88 Бұйрыққа енгізу үшін ұсыныстар жібереді.
Тармақ 378
378. Келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушілерімен патенттелген бірегей дәрілік заттарды берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша оның қолданылу мерзімі ішінде сатып алу бірыңғай дистрибьюторға өнім беруші тиісті қаржы жылына өтініш берген кезден бастап веб-порталда дәрілік заттардың көлемін, бағасын, оларды беру міндеттемелерін орындаудың қамтамасыз етілуін және шарттарын көрсетіп қосымша келісім жасасу жолымен:
Тармақша 1
1) патенттелген бірегей дәрілік заттар 88 бұйрыққа енгізілген;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өндірістік алаңда өндірістің бір немесе одан да көп сатысын көрсетіле отырып, тиісті тіркеу куәлігі ұсынылған;
Тармақша 3
3) тапсырыс берушілер дәрілік заттарға өтінімдер ұсынған;
Тармақша 4
4) тапсырыс беруші келісімшарттық өндіріске шарт жасасқан өндірушінің Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімінде болған;
Тармақша 5
5) беру графигі ұсынылған кезде жүзеге асырылады.
Тармақ 379
379. Қазақстандық тауар өндірушімен жасалған ұзақ мерзімді шарт келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісімен ұзақ мерзімді шартқа қосымша келісімге қол қойылған күннен бастап бірегей дәрілік затқа патенттің қолданылу кезеңіне тоқтатыла тұрады.
Тармақ 380
380. Келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісімен жасалған ұзақ мерзімді шарттар бойынша бірегей патенттелген дәрілік заттарды сатып алу келесі қаржы жылына жүзеге асырылады.
Тармақ 381
381. Бірыңғай дистрибьютормен келісу бойынша ұзақ мерзімді шарт жасасу үшін негіз болған сапаның және басқа да талаптардың өзгермеуі шартымен келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісімен патенттелген бірегей дәрілік заттарды берудің ұзақ мерзімді шартына өзгерістер енгізуге жол беріледі.
Тармақ 382
382. Келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісімен берудің ұзақ мерзімді шартына қосымша келісімге қол қоюдың алдында аудио- және бейнетіркеуді қолдана отырып, тиісті қаржы жылына беру бағасын төмендету бойынша келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісімен келіссөздер жүргізу қажет.
Тармақ 383
383. Келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушілерімен бірегей дәрілік заттарды берудің ұзақ мерзімді шартын бұзу үшін берудің ұзақ мерзімді шартында көзделген міндеттемелерді бұзу негіз болып табылады. Келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушілерімен патенттелген бірегей дәрілік заттарды берудің ұзақ мерзімді шартын жекелеген позициялары бойынша ішінара бұзуға жол беріледі.
Тарау 8. 8-тарау. Медициналық техника өндірісі бар әлеуетті өнім берушілерден веб-портал арқылы берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
8-тарау. Медициналық техника өндірісі бар әлеуетті өнім берушілерден веб-портал арқылы берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 384
384. Медициналық техниканы сатып алуды берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша ұйымдастыру мақсатында қазақстандық тауар өндірушілер бірыңғай дистрибьюторға:
Тармақша 1
1) тіркеу куәлігінің нөмірі, бір бірлік үшін құны көрсетілген осы Қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша («docx» форматындағы қосымшамен) өндірілетін медициналық техниканың тізбесін;
Тармақша 2
2) өндіріс үшін жеткілікті, бірақ күнтізбелік 120 (жүз жиырма) күннен аспайтын беру мерзімдері және жиынтықғы көрсетілген осы Қағидаларға 25-қосымшаға сәйкес нысан бойынша («docx» форматындағы қосымшамен) техникалық ерекшелікті;
Тармақша 3
3) сараптама ұйымы берген медициналық техниканың шекті бағаларын талдау нәтижелері бойынша қорытындыны ұсынады. Бірыңғай дистрибьютор қазақстандық тауар өндірушілерден ақпарат алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде медициналық техниканың атауларын, медициналық техниканың шекті бағаларын талдау нәтижелері бойынша алынған қорытындыға сәйкес бір бірлігі үшін құнын, беру мерзімін, техникалық ерекшелігін қамтитын медициналық техниканың алдын ала тізбесін қалыптастырады және медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу бойынша әлеуетті өнім берушілердің өтініштерін ескере отырып, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға келісу үшін жібереді.
Тармақ 385
385. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган медициналық техниканың алдын ала тізбесін алғаннан кейін күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде бірыңғай дистрибьюторға медициналық техниканың атауларын медициналық техниканың шекті бағаларын талдау нәтижелері бойынша алынған қорытындыға сәйкес бір бірліктің құны, өнім беру мерзімі, өнім берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша сатып алынуға тиіс медициналық техниканың әрбір атауы бойынша медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартының қолданылу мерзімі қамтылған келісілген тізбе жібереді.
Тармақ 386
386. Бірыңғай дистрибьютор денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органнан келісілген тізбені алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушілерден ұсынылған құжаттарды хабарландыру шарттары мен осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігі тұрғысынан қарау үшін комиссия құрады және комиссия хатшысын айқындайды және веб-портал арқылы медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартын жасасу рәсіміне қатысу үшін әлеуетті өнім берушілерге шақыру жібереді.
Тармақ 387
387. Әлеуетті өнім беруші веб-портал арқылы бірыңғай дистрибьюторға ұсынады:
Тармақша 1
1) веб-порталда көзделген нысан бойынша медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартын жасасу рәсіміне қатысуға өтінім;
Тармақша 2
2) ішкі айналысқа арналған медициналық техниканың шығу тегі туралы белгіленген үлгідегі «СТ-KZ» сертификатының көшірмесі;
Тармақша 3
3) медициналық техника өндірісінің ISO 13485 сапаны басқару жүйесі стандартына сәйкестігін растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған медициналық бұйымдарды өндіру жөніндегі фармацевтикалық көрсетілетін қызметке арналған лицензия;
Тармақша 5
5) ұсынылатын медициналық техниканың осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген шарттарға сәйкестігін растайтын құжаттар;
Тармақша 6
6) «электрондық үкімет» веб-порталы немесе «салық төлеуші кабинеті» веб-қосымшасы арқылы алынған, мемлекеттік кіріс органдарында есепке алу жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;
Тармақша 7
7) осы Қағидалардың 384-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ұсынылған техникалық ерекшелік. Осы тармақта көзделген құжаттарды ұсынбау медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартын жасасудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Тармақ 388
388. Әлеуетті өнім беруші осы Қағидалардың 8 және 9-тарамақтарында көзделген шарттарға сәйкес келеді.
Тармақ 389
389. Комиссия 10 (он) жұмыс күні ішінде өнім беруші ұсынған құжаттарды олардың толықтығы және осы Қағидалардың 387-тармағына сәйкестігі тұрғысынан қарайды. Әлеуетті өнім берушілердің құжаттарын қарау қорытындылары бойынша шартты жеңілдікті беру және келіссөздер жүргізу туралы шақыру веб-портал арқылы жіберіледі. Келіссөздер қорытындылары бойынша комиссия қарау қорытындысының хаттамасын қалыптастырады.
Тармақ 390
390. Ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың 387-тармағына сәйкессіздігі анықталған кезде комиссия осындай әлеуетті өнім берушілерге алдын ала рұқсат беру хаттамасы веб-порталда жарияланған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтінімдерді сәйкес келтіру мүмкіндігін береді.
Тармақ 391
391. Қосымша құжаттарды комиссия келіп түскен күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.
Тармақ 392
392. Қарау қорытындысының хаттамасы негізінде бірыңғай дистрибьютор 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 26-қосымшаға сәйкес нысан бойынша веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушімен медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартын жасасады.
Тармақ 393
393. Медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шарттары жасалған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьютор денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартын жасасу рәсімінің қорытынды хаттамасын қоса бере отырып, ақпараттық хат жібереді.
Тармақ 394
394. Бірыңғай дистрибьютор «Медициналық бұйымдарға белгіленген шекті бағалар бойынша медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттары шеңберінде бірыңғай дистрибьютор сатып алатын медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-252/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21778 болып тіркелді) өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін, 2 (екі) жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында медициналық техниканың атауларын, бір бірлігі үшін бағасын және жинақтау бөлігінде медициналық техниканың әрбір атауы бойынша беру мерзімдері көрсетілген, техникалық ерекшеліктерді қоса берілген, медициналық техниканың тізбесін орналастырады.
Тармақ 395
395. Тапсырыс берушілер дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттары шеңберінде бірыңғай дистрибьютор сатып алатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесі бойынша медициналық техникаға қажеттілік туындағанда бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесі арқылы сатып алуға бірыңғай дистрибьюторға өтінім жібереді.
Тармақ 396
396. Сатып алуға өтінім:
Тармақша 1
1) ұзақ мерзімді шарттың деректеріне сәйкес атаулары, саны, бір бірлігі үшін бағасы және сомасы көрсетілген сатып алынатын медициналық техниканың тізбесі;
Тармақша 2
2) техникалық ерекшелігі, жиынтықталуы, саны, мерзімі, беру шарттары мен орны;
Тармақша 3
3) мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың көшірмесі, тапсырыс берушінің деректемелері, мекенжайы (пошталық және заңды), байланыс телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы, басшыны немесе оны алмастыратын адамды тағайындау туралы бұйрық, банк деректемелері қоса берілген тапсырыс берушілердің толық атауы қамтылады.
Тармақ 397
397. Бірыңғай дистрибьютор медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартын жасасқаннан кейін жыл сайын тапсырыс берушілердің өтінімдері негізінде алдағы әрбір күнтізбелік жылға арналған сатып алуды жүзеге асырады, ол осы Қағидаларға 27-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартының ажырамас бөлігі болып табылатын үшжақты сатып алу шартымен ресімделеді, бұл ретте:
Тармақша 1
1) «Медициналық бұйымдарға белгіленген шекті бағалар бойынша медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттары шеңберінде бірыңғай дистрибьютор сатып алатын медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-252/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21778 болып тіркелді) медициналық техниканың енгізу;
Тармақша 2
2) тапсырыс берушілердің медициналық техниканы беру санын (көлемін) айқындауы;
Тармақша 3
3) медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартының талаптарында белгіленген медициналық техниканы әлеуетті берушіге қойылатын талаптарға сәйкестікгін растауы шарт.
Тармақ 398
398. Бірыңғай дистрибьютор тапсырыс берушілерден өтінімдер алған сәттен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күннен кешіктірмей бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде медициналық техниканы сатып алудың үшжақты шартының жобасын қалыптастырады және өнім беруші мен тапсырыс берушіге қол қоюға жібереді. Өнім беруші мен тапсырыс беруші оны алған күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы медициналық техниканы сатып алудың үшжақты шартына қол қояды.
Тармақ 399
399. Қазақстандық тауар өндіруші сараптама қорытындысының алдыңғы күнімен салыстырғанда өнеркәсіптік өнімді өндірушілер бағалары индексінің ресми өзгерісін ескере отырып, техникалық сипаттамаларды жақсару және (немесе) бағасы ұлғаю немесе азаю жағына қарай өзгерген жағдайларда сараптамалық бағалау жүргізілгеннен кейін берілетін медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартына бағаларына жылына бір реттен жиі емес өзгерістер енгізу үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға жүгінеді.
Тармақ 400
400. Қазақстандық тауар өндіруші медициналық техниканың саудалық атауына және техникалық сипаттамасына арналған шекті бағаларға талдау жүргізу үшін сараптама ұйымына жүгінеді.
Тармақ 401
401. Сараптамалық бағалау ақылы қызмет көрсету туралы жасалған шарт негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 402
402. Сараптамалық бағалау «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың, сондай-ақ медициналық бұйымдардың шекті бағалары мен үстеме бағаларын реттеу және қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-247/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21766 болып тіркелді) сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 403
403. Сараптама ұйымы қазақстандық тауар өндірушіге сараптама қорытындысын ақылы қызмет көрсету туралы шартта белгіленген мерзімдерде ұсынады.
Тармақ 404
404. Қазақстандық тауар өндіруші сараптама қорытындысының түпнұсқасын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға жібереді.
Тармақ 405
405. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қазақстандық тауар өндірушіден техникалық ерекшелікпен тігілген сараптамалық қорытындыны алғаннан кейін бірыңғай дистрибьюторға берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша сатып алуға жататын жиынтықтау бөлінісінде медициналық техниканың тізбесін жібереді.
Тармақ 406
406. Мыналар:
Тармақша 1
1) шартта көзделген міндеттемелердің бірнеше рет бұзылуы;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген лицензияланатын қызметті орындауға лицензияның қайтарып алынуы;
Тармақша 3
3) қатарынан 2 (екі) жыл бойы өнім беруден бас тарту;
Тармақша 4
4) сапасы лайықсыз медициналық техниканы бірнеше рет беру жағдайлары медициналық техника өндірісі бар өнім берушімен өнім берудің ұзақ мерзімді шартын бұзуға негіз болып табылады.
Тарау 9. 9-тарау. Келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушілерімен медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу
9-тарау. Келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушілерімен медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу
Тармақ 407
407. Келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушілерімен медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу мақсатында мынадай жүйелі іс-шараларды орындау көзделеді:
Тармақша 1
1) келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушілері бірыңғай дистрибьюторға: өндірілетін медициналық техниканың тізбесін; техникалық ерекшелік және жинақтау қамтылуы тиіс өтінімдерді ұсынады;
Тармақша 2
2) бірыңғай дистрибьютор келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушілерінің өтінімдерін ескере отырып, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға тапсырыс берушілердің медициналық техниканың келісімшарттық өндірісіне арналған өтінімдері мен өтініштерін жібереді;
Тармақша 3
3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган 10 (он) жұмыс күні ішінде медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартын жасасу мүмкіндігін келіседі не келісуден бас тартады;
Тармақша 4
4) оң келісім алғаннан кейін бірыңғай дистрибьютор 5 (бес) жұмыс күні ішінде келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісіне медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартын жасасу рәсіміне қатысу туралы шақыру жібереді.
Тармақ 463
463. Келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушілерімен медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу үшін бірыңғай дистрибьютор ұсынылған құжаттарды қарау үшін комиссия құрады және бекітеді. Комиссия құрамына басшыны немесе оны алмастыратын адамды қоса алғанда, кемінде үш адамнан тұратын тақ сандағы оның жұмыскерлері енгізіледі.
Тармақ 409
409. Медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартын жасасу үшін келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісі:
Тармақша 1
1) шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын растайтын қазақ және (немесе) орыс тілдеріне нотариат куәландырған аудармасы бар құжатының заңдастырылған немесе апостиль қойылған көшірмесін не егер шетелдік тауар өндірушінің Қазақстан Республикасының аумағында өкілдігі (филиалы) болса – өкілдікті (филиалды) есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті (анықтаманы) және өкілдік (филиал) туралы ережені;
Тармақша 2
2) медициналық техниканы өндіруге және (немесе) өткізуге шетелдік тауар өндірушінің құқығын растайтын мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аудармасы бар нотариат куәландырған құжаттардың заңдастырылған немесе апостиль қойылған көшірмелерін, (ISO 13485) сапаны басқару жүйесі стандартын;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өндірушімен келісімшарттық өндіріске шартты;
Тармақша 4
4) қазақстандық қамту үлесінің кезең кезеңмен ұлғайтылатынын растай отырып, жобаны іске асыру мерзімдері мен кезеңдері, медициналық техниканы беру кезеңі басталатын күндері мен құны туралы ақпарат қамтылған бизнес-жоспарды;
Тармақша 5
5) өндірісі жоспарланған медициналық техниканың тізімін ұсынады. Осы тармақта көзделген құжаттарды ұсынбау берудің ұзақ мерзімді шартын жасасудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Тармақ 410
410. Комиссия 10 (он) жұмыс күні ішінде келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісі ұсынған құжаттарды олардың толықтығы және осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды. Қарау қорытындысы бойынша комиссия қарау қорытындысының хаттамасын қалыптастырады.
Тармақ 411
411. Қажет болған жағдайда келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісіне ұсынылған құжаттарды толықтыруға мүмкіндік беріледі. Қосымша құжаттар қосымша құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы хабардар етілген кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылады.
Тармақ 412
412. Қарау қорытындысы хаттамасының негізінде бірыңғай дистрибьютор келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісімен медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартын жасасады.
Тармақ 413
413. Келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісімен берудің ұзақ мерзімді шарты жасалған кезден бастап медициналық техниканы беру басталған күнге дейінгі кезең 3 (үш) жылдан аспайды. Көрсетілген мерзімнен асырылған кезде бірыңғай дистрибьютор өнім берудің ұзақ мерзімді шартын біржақты тәртіппен бұзады.
Тармақ 414
414. Медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша беру басталғанға дейін бірыңғай дистрибьютор оларды осы Қағидаларда белгіленген тәсілдермен сатып алады.
Тармақ 415
415. Келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісі бірыңғай дистрибьюторға медициналық техниканы беруге дайын екендігі туралы, мыналарды:
Тармақша 1
1) ұсынылатын медициналық техниканың осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген шарттарға сәйкестігін растайтын құжаттарды;
Тармақша 2
2) медициналық техникаға шекті бағаларды талдау нәтижелері бойынша қорытындыларды ұсына отырып хабарлайды.
Тармақ 416
416. Тапсырыс берушілер дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттары шеңберінде бірыңғай дистрибьютор сатып алатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесі бойынша медициналық техникаға қажеттілік туындаған кезде бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесі арқылы сатып алуға өтінімді бірыңғай дистрибьюторға жібереді.
Тармақ 417
417. Бірыңғай дистрибьютор медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартын жасасқаннан кейін жыл сайын тапсырыс берушілердің өтінімдері негізінде алдағы әрбір күнтізбелік жылға арналған сатып алуды жүзеге асырады, ол денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартының ажырамас бөлігі болып табылатын үшжақты сатып алу шартымен ресімделеді, бұл ретте:
Тармақша 1
1) «Медициналық бұйымдарға белгіленген шекті бағалар бойынша медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттары шеңберінде бірыңғай дистрибьютор сатып алатын медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-252/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21778 болып тіркелді) медициналық техниканы енгізу;
Тармақша 2
2) тапсырыс берушілер медициналық техниканы беру санын (көлемін) айқындауы;
Тармақша 3
3) әлеуетті өнім берушінің осы Қағидалардың талаптарына және медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартының талаптарына сәйкестігіне растау шарт.
Тармақ 418
418. Бірыңғай дистрибьютор жыл сайын тапсырыс берушілерден өтінімдер алған сәттен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күннен кешіктірмей келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісіне берудің ұзақ мерзімді шарты шеңберінде сатып алынатын медициналық техниканы сатып алудың үшжақты шартын қол қоюға жібереді.
Тармақ 419
419. Келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісі оны алған күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей үшжақты сатып алу шартына қол қояды. Бірыңғай дистрибьютор өнім берушіден қол қойылған үшжақты сатып алу шартын алған күннен бастап оны тапсырыс берушіге қол қоюға береді. Тапсырыс беруші үшжақты сатып алу шартын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей оған қол қояды және оны бірыңғай дистрибьюторға жібереді.
Тарау 9-1. 9-1 тарау. Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру жөніндегі инвестициялар туралы келісім жасасқан өнім берушілерден дәрілік заттарды және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
9-1 тарау. Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру жөніндегі инвестициялар туралы келісім жасасқан өнім берушілерден дәрілік заттарды және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 419-1
419-1. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін дәрілік заттарды және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес үлгілік нысан бойынша Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 295-2-бабына сәйкес инвестициялар туралы келісім жасасқан өнім берушімен тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырылады. Қазақстандық тауар өндіруші өндіретін дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды беру шарты осы Қағидалардың 3-бөлімінің 6-тарауының 2-параграфына сәйкес 3 (үш) жылға ұзарту мүмкіндігімен 10 (он) жыл мерзімге жасалады Әрбір қаржы жылына сатып алудың бірінші жылын қоспағанда, беру шартына қосымша келісім жасалады.
Тармақ 419-2
419-2. Әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде инвестициялар туралы келісімде көзделген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу (өтінімдердің болмауына байланысты бірыңғай дистрибьютор соңғы үш жылда сатып алмаған) осы Қағидалардың 7-тармағының 1) және 3) тармақшаларына сәйкес тәсілдермен сатып алынады. Инвестициялар туралы келісім жасасқан өнім беруші, егер мұндай шарттар инвестициялар туралы келісімде көзделсе, көрсетілген сатып алуларға қатысады.
Тармақ 419-3
419-3. Егер дәрілік заттарды және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу рәсімі тиісті қаржы жылына жүзеге асырылса, сатып алу келесі қаржы жылына арналған инвестициялар туралы келісім жасасқан өнім берушіден жүзеге асырылады.
Тармақ 419-4
419-4. Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдарды инвестициялар туралы келісім жасасқан өнім берушілерден сатып алу:
Тармақша 1
1) дәрілік заттар және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдар 88 бұйрыққа енгізілген;
Тармақша 2
2) тапсырыс берушілер дәрілік заттарға және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдарға өтінімдер ұсынған;
Тармақша 3
3) өнім беруші осы Қағидалардың 8, 9 және 11-тармақтарында көзделген шарттарға сәйкестігін растаған;
Тармақша 4
4) өнім беруші қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізілген немесе тиісті өндірістік практика талаптарына сәйкес дәрілік заттарды өндіруге арналған және (немесе) ISO 13485 сапа менеджменті жүйесі стандартының талаптарына сәйкес медициналық бұйымдарды өндіруге арналған сертификат (GMP) ұсынылған;
Тармақша 5
5) беру графигі ұсынылған;
Тармақша 6
6) дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың саудалық атауына шекті баға болған кезде жүзеге асырылады. Бірыңғай дистрибьютор сатып алынатын дәрілік заттардың және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдардың санын олардың сапасын сақтау мақсатында қайталама қаптамаға дейін дөңгелектеуге жол беріледі.
Тармақ 419-5
419-5. Бірыңғай дистрибьютор инвестициялар туралы келісім жасасқан өнім берушілерге тиісті қаржы жылына өнімді беруге әзірлігін растау және осы Қағидалардың 419-4-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген растау құжаттарын қоса беру қажеттігі туралы веб-порталда хабарландыру-сұрау жібереді. Тиісті қаржы жылына сатып алу өткізілетіні туралы хабарландыру веб-порталда құжаттар қаралатын күнге дейін кемінде 10 (он) жұмыс күні қалғанда қазақ және орыс тілдерінде жарияланады. Құжаттарды ұсыну мерзімі сатып алудың өткізілетіні туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап он жұмыс күнінен аспайды.
Тармақ 419-6
419-6. Веб-порталда инвестициялар туралы келісім жасасқан өнім берушілерден дәрілік заттарды және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу мынадай дәйекті кезеңдердің жиынтығын білдіреді:
Тармақша 1
1) комиссия хатшысының дәрілік заттардың және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін қоса бере отырып, сатып алу туралы хабарландыруды орналастыруы;
Тармақша 2
2) инвестициялар туралы келісім жасасқан өнім берушінің осы Қағидалардың 419-4-тармағының 3) және 4) тармақшаларында белгіленген растау құжаттарын ұсынуы;
Тармақша 3
3) веб-порталдың ұсынылған құжаттарды автоматты түрде ашуы;
Тармақша 4
4) комиссияның құжаттарды қарауы және олардың осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігі тұрғысынан дауыс беруі;
Тармақша 5
5) қорытындылар хаттамасын жариялауы;
Тармақша 6
6) тиісті қаржы жылына берудің түпкілікті бағасын айқындау жөніндегі комиссияның келіссөздер жүргізуі;
Тармақша 7
7) электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен веб-порталда тиісті қаржы жылына инвестициялар туралы келісім жасасқан бірыңғай дистрибьютордың және өнім берушінің беру шартын немесе оған қосымша келісім жасасуы.
Тармақ 419-7
419-7. Сатып алу осы Қағидалардың 347, 348, 349, 352-363-тармақтарында көзделген тәртіп сақтала отырып жүргізіледі.
Тармақ 419-8
419-8. Инвестициялар туралы келісім жасасқан өнім беруші веб-портал арқылы осы Қағидалардың 419-4-тармағымен растайтын құжаттарды (электрондық көшірмелерде) бекіту немесе оларды электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен веб-порталда көзделген нысандар бойынша толтыру жолымен тиісті қаржы жылына беруге әзірлігін растауды жібереді.
Тармақ 419-9
419-9. Өнім беруші сатып алуға қатысу үшін веб-порталда оның пайдаланушысы ретінде тіркеледі және осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігін растау мақсатында өз парақшасында веб-порталда көрсетілген нысан бойынша қатысушылардың немесе акционерлердің құрамы туралы ақпаратты орналастырады және қажетіне қарай өзектендіріліп тұрады. Веб-портал осы тармақта көзделген құжаттарды орналастырған уақыты мен күнін хронологиялық тәртіппен көрсетеді және оларды, оның ішінде өзектендірілгеннен кейін жоюға мүмкіндік бермейді.
Тармақ 419-10
419-10. Беру шартына немесе қосымша келісімге қол қоюдың алдында веб-портал арқылы тиісті қаржы жылына өнім берудің түпкілікті бағасын айқындау бойынша келіссөздер жүргізіледі. Беру шартының бағасын азайту туралы ұсыныс өнім берушіге веб-портал арқылы жіберіледі.
Тармақ 419-11
419-11. Бірыңғай дистрибьютор веб-портал арқылы беру шартын немесе оған қосымша келісімді жібереді.
Тармақ 419-12
419-12. Өнім беруші веб-портал арқылы беру шартына немесе тиісті қаржы жылына арналған оған қосымша келісімге қол қояды және оны бірыңғай дистрибьюторға жібереді.
Тармақ 419-13
419-13. Егер өнім беруші:
Тармақша 1
1) осы Қағидалардың 8 және 9-тармақтарында көзделген шарттарға сәйкес келмесе;
Тармақша 2
2) осы Қағидалардың 8 және 9-тармақтарында көзделген шарттар және осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген шарттар бойынша дәйексіз ақпарат ұсынса;
Тармақша 3
3) тіркеу куәлігін ұсынбаса;
Тармақша 4
4) қолданылу мерзімі өткен тіркеу куәлігін ұсынса;
Тармақша 5
5) сатып алу талаптарына сәйкес келмейтін тіркеу куәлігін ұсынса;
Тармақша 6
6) өнім беруші қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімінде болмаса;
Тармақша 7
7) тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына сәйкес дәрілік заттар өндірісіне және (немесе) ISO 13485 сапаны басқару жүйесі стандартының талаптарына сәйкес медициналық мақсаттағы бұйымдар өндірісіне сертификат (Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялар туралы келісім шеңберінде өндірілетін дәрілік заттарды немесе медициналық мақсаттағы бұйымдарды беру кезінде) ұсынылмаса немесе оның қолданылу мерзімі өтіп кеткен болса, қабылданбайды.
Тармақ 419-14
419-14. Сатып алу немесе оның қандай да бір лоты мынадай негіздердің бірі бойынша өтпеді деп танылады:
Тармақша 1
1) егер өнім беруші құжаттарды ұсынбаса;
Тармақша 2
2) егер өнім беруші сатып алуға жіберілмесе.
Тармақ 419-15
419-15. Егер сатып алу өтпеді деп танылса, Бірыңғай дистрибьютор сатып алуды осы Қағидаларда көзделген өзге де тәсілдермен жүзеге асырады.
Тармақ 419-16
419-16. Инвестициялар туралы келісім жасасқан өнім берушімен беру шартын бұзу үшін негіздер болып табылады:
Тармақша 1
1) инвестициялар туралы келісімнің қолдану мерзімінің тоқтатылуы немесе бұзылуы;
Тармақша 2
2) беру шартының міндеттемелерін бұзуы;
Тармақша 3
3) өнім берушінің өндіруден және (немесе) беруден бас тартуы;
Тармақша 4
4) дәрілік заттың және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымның дәлелденбеген клиникалық тиімділігі туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құжатының болуы;
Тармақша 5
5) сот тәртібімен белгіленген дәрілік заттарды және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуге байланысты үшінші тұлғалардың патенттік және өзге де құқықтары мен талаптарын бұзуы;
Тармақша 6
6) тапсырыс берушіде қатарынан 3 (үш) жыл ішінде дәрілік заттарға және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдарға қажеттіліктің болмауы. Осы тармақта көзделген негіздер бойынша беру шартын бұзуға берілмейтін немесе талаптар бұзылып берілетін дәрілік заттардың және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдардың жеке атаулары бойынша жол беріледі.
Тармақ 419-17
419-17. Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарты бұзылған кезде бірыңғай дистрибьютор осы Қағидаларда көзделген тәсілдермен жүзеге асырады.
Тарау 10. 10-тарау. Сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы сатып алу
10-тарау. Сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы сатып алу
Тармақ 420
420. Медициналық техниканың мынадай түрлерін сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы сатып алуға | жол беріледі:
Тармақша 1
1) компьютерлік томограф;
Тармақша 2
2) магнитті-резонанстық томограф;
Тармақша 3
3) ангиограф;
Тармақша 4
4) позитронды-эмиссиялық томограф;
Тармақша 5
5) өндірісі сағатына кемінде 1000 тест автоматтандырылған биохимиялық талдауыш;
Тармақша 6
6) өндірісі сағатына кемінде 300 тест автоматтандырылған иммундық-химиялық талдауыш;
Тармақша 7
7) өндірісі тәулігіне кемінде 500 тесттен кем емес болатын полимеразды тізбекті реакцияның автоматтандырылған талдауыш.
Тармақ 421
421. Тапсырыс берушілер сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы сатып алуды жүзеге асыру үшін жыл сайын 1 мамырдан кешіктірмей бірыңғай дистрибьюторға осы Қағидаларға 28-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім жіберіледі. Бұл ретте облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қарамағындағы тапсырыс берушілер өздерінің аумақтық бойынша жергілікті мемлекеттік денсаулық сақтауды басқару органдарына өтінімдер береді. Денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті атқарушы органы денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативіне сәйкес бір деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық тапсырмаларын өзінің аумақтылығы бойынша біріктіреді және бірыңғай дистрибьюторға жиынтық өтінімдер жібереді.
Тармақ 422
422. Бірыңғай дистрибьютор жыл сайын 5 мамырдан кешіктірмей комиссия құрады және медициналық тапсырмаларды біріктіру және одан әрі сараптама тобының қарауына жіберу үшін комиссия хатшысын айқындайды.
Тармақ 423
423. Комиссия құрылған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде медициналық тапсырмаларды біріктіру рәсімін жүргізеді және біріккен медициналық тапсырманы сараптама тобына жібереді.
Тармақ 424
424. Сараптама тобы біріккен медициналық тапсырмаларды алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативінің деңгейіне, медициналық ұйымның бейініне және клиникалық хаттамаларға сәйкес көрсетілген диагностикалық зерттеулердің және (немесе) медициналық манипуляциялардың сәйкестігіне біріккен медициналық тапсырманы тексеру рәсімін жүргізеді. Қарау қорытындысы бойынша сараптама тобы себептерін көрсете отырып, келіседі не келісуден бас тартады. Келісу не келісуден бас тарту туралы шешім қорытындымен ресімделеді, ол комиссияның қарауына жіберіледі.
Тармақ 425
425. Комиссия сараптама тобынан қорытынды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде біріккен медициналық тапсырманы сараптама тобының қорытындысына сәйкес келтіреді және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға келісуге жібереді.
Тармақ 426
426. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган біріккен медициналық тапсырманы алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде біріккен медициналық тапсырманы келіседі және сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған өнім беру шартының қолданылу мерзімін айқындайды.
Тармақ 427
427. Комиссия денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның келісімін алған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсында сервистік қызмет көрсетудің ұзартылған мерзімі шарттарында техникалық ерекшеліктердің және медициналық техниканы берудің коммерциялық ұсыныстарын сұрату туралы хабарландыруды орналастырады.
Тармақ 428
428. Сервистік қызмет көрсетудің ұзартылған мерзімі шарттарында техникалық ерекшеліктерді және медициналық техниканы берудің коммерциялық ұсыныстарын сұрату туралы хабарландыру мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) хабарландырудың атауы мен нөмірі;
Тармақша 2
2) бірыңғай дистрибьютордың атауы, заңды мекенжайы және байланыс деректері;
Тармақша 3
3) медициналық техниканың атаулары, медициналық тапсырма және талап етілетін саны;
Тармақша 4
4) медициналық техниканы беру мерзімдері мен орындары;
Тармақша 5
5) өтінімдерді қабылдаудың басталу және аяқталу уақыты;
Тармақша 6
6) комиссия мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы;
Тармақша 7
7) комиссия хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы, телефоны және электрондық поштасы.
Тармақ 429
429. Өтінімдерді қабылдау хабарландыру жарияланған сәттен басталады және 10 (он) жұмыс күні өткеннен кейін бірыңғай дистрибьютордың жұмыс күні сағат 10.00-де аяқталады.
Тармақ 430
430. Әлеуетті өнім берушілер өтінімдерді бірыңғай дистрибьюторға осы Қағидаларға 29-қосымшаға сәйкес нысан бойынша («docx» форматындағы қосымшамен) жібереді.
Тармақ 431
431. Бірыңғай дистрибьютор өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін сараптама тобына жібереді.
Тармақ 432
432. Сараптама тобы техникалық ерекшеліктерді алған кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оларды біріккен медициналық тапсырмаға сәйкестігі тұрғысынан қарайды. Қарау қорытындысы бойынша сараптама тобы өтінім берген әлеуетті өнім берушілердің әрбір техникалық ерекшелігі бойынша ескертулерді көрсете отырып, келіседі немесе келісуден бас тартады.
Тармақ 433
433. Бірыңғай дистрибьютор сараптама тобы әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қарауды аяқтаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде сараптама тобы келіскен әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін сараптама ұйымына жібереді.
Тармақ 434
434. Сараптама ұйымы өтінімдерді алған кезден бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушілердің техникалық ерекшеліктерінің функционалдық параметрлеріне салыстырмалы талдау жүргізеді, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен біріктірілген техникалық ерекшелік үшін параметрлердің бірыңғай мәндері және әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері негізінде сервистік қызмет көрсетудің ұзартылған мерзімі шарттарында медициналық техниканы сатып алу сомасын айқындайды. Талдау қорытындысы бойынша қорытынды қалыптастырылады және 2 (екі) жұмыс күні ішінде («docx» форматындағы қосымшамен) бірыңғай дистрибьюторға жіберіледі.
Тармақ 435
435. Комиссия сараптама ұйымының қорытындысын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 31-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық ерекшелікті қалыптастырады және оны бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесі арқылы медициналық техниканың құнын көрсете отырып, тапсырыс берушілерге келісуге жібереді. Тапсырыс берушілер 10 (он) жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканың техникаға ерекшелікті және оның құнын келіседі және бірыңғай дистрибьюторға осы Қағидаларға 32-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынатын медициналық техниканың тізбесін жібереді. Келісуден бас тартылған не уақтылы келісілмеген жағдайда тапсырыс берушілердің өтінімі қаралмайды.
Тармақ 436
436. Бірыңғай дистрибьютордың сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы сатып алу рәсімі осы Қағидалардың 3-бөлімінің 1-тарауына сәйкес тапсырыс берушілермен келісілген техникалық ерекшелік және тапсырыс берушілердің сатып алынатын медициналық техникасының тізбесі негізінде жүргізіледі.
Тармақ 437
437. Әлеуетті өнім беруші осы Қағидалардың 3-бөлімінің 1-тарауына сәйкес тендерге қатысады және мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) әлеуетті өнім берушінің алдыңғы 3 (үш) жылдағы медициналық техниканы өндіру көлемі туралы, тендерге қатысушының уәкілетті тұлғасы куәландырған, жылдарға бөлінген, құжаттар;
Тармақша 2
2) медициналық техниканы өндіруші заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы құжаттар (тиісті шыққан елдің шетелдік заңды тұлғаларының тізілімінен үзінді не заңды тұлғаның шыққан елінің сауда тізілімінен үзінді немесе шетелдік заңды тұлғаның заңды мәртебесін растайтын заң күші бойынша тең өзге де құжат) (бұдан әрі – шетелдік тұлғаның заңды мәртебесін растайтын құжаттар). Шетелдік тұлғаның заңды мәртебесін растайтын құжатты ұсыну мүмкін болмаған жағдайда, шетелдік заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелері ұсынылады. Көрсетілген құжаттар қазақ және (немесе) орыс тілдеріне нотариат куәландырған аудармасымен қоса шет тілінде ұсынылады.
Тармақ 438
438. Сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы тәжірибесінің болуын растау үшін әлеуетті өнім берушілер мынадай құжаттардың бірін ұсынады:
Тармақша 1
1) сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы жеткізу туралы шарттың (келісімшарттың) көшірмесі;
Тармақша 2
2) қабылдау-беру актілерінің көшірмесі және (немесе) сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы жеткізу бойынша орындалған жұмыстар актісі. Осы тармақта көрсетілген құжаттарды тендерге қатысуға ұсынбау тендерге қатысуға жіберуден бас тарту үшін негіз болып табылмайды. Бұл ретте көрсетілген құжаттарды осы Қағидалардың 441-тармағына сәйкес жеңімпаз анықталған кезде комиссия ескереді.
Тармақ 439
439. Тендер қорытындысы бойынша қабылданбаған екі және одан да көп өтінімдер (лотта бәсекелес ортаның болуы) ұсынылған медициналық техниканың атаулары бойынша жеңімпазды балдық жүйе бойынша комиссия айқындайды. Ең жоғары қорытынды балл жинаған өтінім осы Қағидаларға 33-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы беру шарты жасалатын жеңімпаз болып танылады.
Тармақ 440
440. Егер тендерге қатысуға арналған бірнеше өтінімдерде шартты орындаудың бірдей талаптары болса және бірдей балл жинаса, тендерге қатысуға өтінімі басқаларынан бұрын берілген әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.
Тармақ 441
441. Әрбір өтінім бойынша қорытынды балды есептеу әрбір бағалау өлшемшарты бойынша балдарды қосу жолымен жүргізіледі. Өлшемшарттардың маңыздылығы пайызбен айқындалады, бұл ретте балдарды есептеу үшін 100-ге бөлінген пайызбен тиісті өлшемшарттың мәніне тең маңыздылық коэффициенті қолданылады. Өтінімдерді бағалау өлшемшарттарының маңыздылығының сомасы 100 пайызды құрайды, тиісінше көрсеткіштердің маңыздылық коэффициенттерінің сомасы 1-ге тең.
Тармақша 1
1) Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бірлігі үшін құны (аукцион қорытындысы бойынша): Өлшемшарттың маңыздылық коэффициенті 0,6, өлшемшарттың маңыздылығы: 60%, балл саны 60. Балл саны формула бойынша айқындалады: Си=(Смин/Су) х100х КЗ; Си=Баллдардағы жиынтық құны; КЗ – көрсеткіштің (өлшемшарттың) маңыздылық коэффициенті; Су – әлеуетті өнім берушінің бағаланатын ұсынысы, өтінімі (ұсынысы); Cmin – әлеуетті өнім берушілер (аукцион жеңімпазы) ұсынған бағалау көрсеткіші бойынша ұсыныстардың ең аз ұсынысы.
Тармақша 2
2) Құрал-жабдық өндірісінің бар болуы: Көрсеткіштің маңыздылық коэффициенті: 0,15, өлшемшарттың маңыздылығы: 15%, балл саны-15. Балл саны мына формула бойынша анықталады: Ни = КЗ х Ну; Ни – баллдағы өндірістің болуы; КЗ – көрсеткіштің маңыздылық коэффициенті; Ну – әлеуетті өнім берушінің баллмен бағаланатын ұсынысы, өтінімі (ұсынысы). Құжаттамамен расталған құрал-жабдық өндірісі бар болған кезде қатысушыға 100 балл беріледі, 0 балдық баға жабдық өндірісі жоқ немесе құжаттамамен расталмаған қатысушыға беріледі.
Тармақша 3
3) Сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы жеткізу тәжірибесінің болуы: Көрсеткіштің маңыздылық коэффициенті: 0,15, өлшемшарттың маңыздылығы: 15%, балл саны-15. Балл саны мына формула бойынша анықталады: Зки= КЗ x 100 x (Зу / Зк); Зки - осы көрсеткіш бойынша балдардың қорытынды саны; КЗ – көрсеткіштің маңыздылық коэффициенті; Зу – әлеуетті өнім берушінің бағаланатын ұсынысы, өтінімі (ұсынысы); Зк – салыстырмалы келісімшарттар (шарттар) санының ең қажетті шекті мәні. Бұл ретте Зк 5 (бес) шартқа (келісімшартқа) тең ретінде белгіленеді. 0 баллдық баға салыстырмалы сипаттағы шарттарды (келісімшарттарды) орындау шеңберінде жұмыстарды орындау (қызмет көрсету, тауарды жеткізу) тәжірибесі жоқ не растайтын құжаттары жоқ қатысушыға беріледі.
Тармақша 4
4) Құрал-жабдықтың бір тоқсанда тұрып қалуына рұқсат етілген мерзімі: Өлшемшарттың маңыздылық коэффициенті 0,1 құрайды, өлшемшарттың маңыздылығы: 10%, балл саны-10. Жабдықтың бір тоқсанда тұрып қалуына рұқсат етілген мерзімі (бастапқы мәні: 15 (күнтізбелік күн) Балл саны мына формула бойынша айқындалады: Пи= (КЗхПmin/Пу) х 100, КЗ - Көрсеткіштің маңыздылық коэффициенті; Пу – әлеуетті өнім берушінің бағаланатын ұсынысы, өтінімі (ұсынысы); Пmіn – әлеуетті өнім берушілер ұсынған бағалау көрсеткіші бойынша ұсыныстардың ең аз ұсынысы. Егер конкурсқа қатысушы конкурстық ұсыныста 0-ді көрсетсе, балдарды есептеу кезінде ең төменгі мән 1 күн қолданылады (формула 0-ге бөлуге жол бермейді), ұсыныстар болмаған жағдайлар балдардың нөлдік санымен бағаланады.
Тарау 11. 11-тарау. Бірыңғай дистрибьютордың дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың төмендемейтін қорын қалыптастыру және пайдалану тәртібі
11-тарау. Бірыңғай дистрибьютордың дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың төмендемейтін қорын қалыптастыру және пайдалану тәртібі
Тармақ 442
442. Дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың төмендемейтін қоры бірыңғай дистрибьютордың өз қаражаты есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 443
443. Бірыңғай дистрибьютор келесі қаржы жылына мәлімделген көлемнің 25 (жиырма бес) пайызына дейін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың төмендемейтін қорын сатып алады. Төмендемейтін қордың тізбесі мен көлемдерін бірыңғай дистрибьютор денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның келісуімен бекітеді.
Тармақ 443-1
443-1. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бірыңғай дистрибьютордың төмендемейтін қорының тізбесінен немесе бірыңғай дистрибьютордың тізбесінен алып тастаған кезде сатып алынған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың төмендемейтін қорының көлемін азайтуға және (немесе) өнім берушіге кері қайтаруға жол беріледі.
Тармақ 444
444. Төмендемейтін қордың дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын бірыңғай дистрибьютор мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) өнім берушілер бірыңғай дистрибьюторға беру мерзімін бұзған кезде;
Тармақша 2
2) өнім берушілер беруден бас тартқан кезде;
Тармақша 3
3) өнім берушінің кінәсінен шарттар бұзылған кезде;
Тармақша 4
4) тапсырыс берушілерден қосымша өтінім келіп түскен және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының бюджеттік өтінімін дәл сол қаржы жылы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың көлемін ұлғайту жағына түзеткен кезде;
Тармақша 5
5) осы Қағидаларға сәйкес сатып алу тәсілдерінің бірімен жасалатын шарттар есебінен жарамдылық мерзімін жаңарту шартымен тапсырыс берушілерден келесі қаржы жылына өтінімдер келіп түскен кезде пайдаланады.
Тармақ 445
445. Төмендемейтін қордың дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын осы Қағидалардың 3-бөлімінің 1, 2 және 3-тарауларымен көзделген тәсілдермен (дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қалдығын ескере отырып) бірыңғай дистрибьютор толықтырып отырады.
Тарау 12. 12-тарау. Лизинг берушінің медициналық техниканы сатып алуы
12-тарау. Лизинг берушінің медициналық техниканы сатып алуы
Тармақ 1. 1-параграф. Лизинг берушінің медициналық техниканы тендер өткізу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
1-параграф. Лизинг берушінің медициналық техниканы тендер өткізу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 445-1
445-1. Қаржы лизингі шарттарында денсаулық сақтау субъектілеріне одан әрі беру үшін лизинг берушінің тартылған және (немесе) өз ақшасы есебінен сатып алынатын медициналық техника үшін лизинг беруші осы тарауға және немесе осы Қағидалардың 3-бөлімінің 1-тарауына сәйкес тендер тәсілімен сатып алуды ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Тармақ 445-2
445-2. Денсаулық сақтау субъектілері бірыңғай дистрибьютордың тізбесіне кіретін немесе кірмейтін медициналық техниканы қаржы лизингі шарттарында сатып алу үшін лизинг берушіге өтінім береді. Өтінімде ұйымдық сараптама жүргізу үшін лизинг беруші айқындайтын құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттар, сондай-ақ «Медициналық бұйымдардың оңтайлы техникалық сипаттамалары мен клиникалық-техникалық негіздемесіне сараптамалық бағалауды жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 қаңтардағы № ҚР ДСМ-1 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22040 болып тіркелген) сәйкес сараптама ұйымы берген оңтайлы техникалық сипаттамаларды және клиникалық-техникалық негіздемені сараптамалық бағалау қорытындылары қамтылады. Өтінімдегі мәліметтердің дұрыстығы тапсырыс берушілерге (өтінім берушілерге) жүктеледі.
Тармақ 445-3
445-3. Лизинг беруші оңтайлы техникалық сипаттамаларды, клиникалық-техникалық негіздемені бағалау жөніндегі сараптама ұйымының нәтижелері болған кезде денсаулық сақтау субъектісінен өтінім келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде ұйымдастыру сараптамасын жүргізеді.
Тармақ 445-4
445-4. Лизинг беруші ұйымдық сараптама жүргізілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде сатып алуға жоспарланатын медициналық техниканың тізбесін жасайды және жеткізілім атауы, құны, саны, мерзімі және орны бөлігінде лизинг төлемдерді өтеу көзіне байланысты денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органды және (немесе) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органын хабардар етеді. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган және (немесе) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органы Қағидалардың осы тармағында көзделген хабарламаны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ескертулер бар болған кезде жібереді.
Тармақ 445-5
445-5. Лизинг беруші сатып алуды осы тарауға және (немесе) осы Қағидалардың 3-бөлімінің 1-тарауына сәйкес ұйымдастырады. Хабарландыруда тізбесі, саны, мерзімі, өнім беру шарттары мен орны, сатып алу үшін бөлінген баға мен сома, ақы төлеу шарттары, медициналық техника шығарылған жердің атаулары, үлгілері, атаулары және өндірушінің атауы көрсетілген техникалық сипаттамалар (техникалық ерекшеліктер) көрсетілген сатып алынатын медициналық техниканың тізімі көрсетіледі. Бірыңғай дистрибьютордың тізбесіне кіретін қаржы лизингі шартында медициналық техниканы сатып алу кезінде лизинг беруші осы Қағидалардың 445-4-тармағында көрсетілген хабарлама рәсімінен кейін жиырма жұмыс күні ішінде лизинг беруші айқындайтын нысан бойынша денсаулық сақтау субъектілерімен және қазақстандық тауар өндіруші болып табылатын өнім берушімен қаржы лизингі шартын жасасады.
Тармақ 445-6
445-6. Лизинг беруші тендерлерді осы тараудың немесе осы Қағидалардың 3-бөлімінің 1-тарауының нормаларына сәйкес өткізеді. Тендер өткізу тәсілімен медициналық техниканы сатып алу туралы лизинг беруші тендерлік өтінімдерді қабылдау аяқталатын күннен кемінде күнтізбелік 20 (жиырма) күн бұрын, қайталама тендер кезінде кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күн бұрын лизинг берушінің интернет-ресурсында хабарландыру орналастыру жолымен әлеуетті өнім берушілерді хабардар етеді.
Тармақ 445-7
445-7. Тендер өткізу тәсілімен медициналық техниканы сатып алуды өткізу туралы хабарландыру лизинг берушінің интернет-ресурсында орналастырылады және мынадай ақпарат қамтылады:
Тармақша 1
1) лизинг берушінің атауы және мекенжайы;
Тармақша 2
2) сатып алынатын медициналық техниканың тізбесі, саны, мерзімі, жеткізу шарттары мен орны, сатып алу үшін бөлінген баға мен соманы, ақы төлеу шарттары, медициналық техниканың шыққан жерінің атаулары, үлгілері, атаулары және өндірушінің атауы көрсетіле отырып, техникалық сипаттамалары (техникалық ерекшеліктері) қамтылатын тізім;
Тармақша 3
3) тендерлік құжаттаманы беру тәртібі мен көзі;
Тармақша 4
4) құжаттарды ұсыну (қабылдау) орны және тендерлік өтінімдерді соңғы беру соңғы мерзімі;
Тармақша 5
5) тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу күні, уақыты мен орны.
Тармақ 445-8
445-8. Тендер өткізу үшін лизинг беруші тендерлік комиссия құрады. Әрбір тендерге бөлек комиссия құрамы бекітіледі.
Тармақ 445-9
445-9. Тендерлік комиссияның құрамына денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның, оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының және лизинг берушінің тақ санды кемінде үш адамнан тұратын жұмыскерлері енгізілуі мүмкін.
Тармақ 445-10
445-10. Тендерлік комиссия оны құру туралы шешім күшіне енген күннен бастап жұмыс істейді және өз қызметін қаржы лизингі шарты жасалған не тендер өткізілмеген деп танылған күні не қаржы лизингі шарты жасалғанға дейін сатып алу өткізу кезінде бұзушылық анықталған жағдайда қорытындыларының күші жойылғанда тоқтатады.
Тармақ 445-11
445-11. Тендерлік комиссияның төрағасы болып лизинг берушінің бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам айқындалады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын комиссия төрағасының орынбасары жүзеге асырады.
Тармақ 445-12
445-12. Лизинг беруші басшысының бұйрығымен лизинг беруші жұмыскерлерінің қатарынан тендерлік комиссия хатшысы тағайындалады, ол комиссия құрамына кірмейді және дауыс беру құқығы болмайды.
Тармақ 445-13
445-13. Тендерлік комиссия хатшысы әлеуетті өнім берушілерге тендерлік құжаттаманы ұсынады, олардан тендерлік өтінімдер салынған конверттерді қабылдайды, тендерлік комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар мен материалдарды дайындайды, тендерлік комиссия отырысының хаттамасын жасайды, тендерлік өтінімдерді тіркеу журналын жүргізеді, онда оларды ұсыну күні мен уақыты, тендерлік өтінім салынған конвертті ұсынған адамның тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) көрсетіледі. Журнал тігіледі, беттер нөмірленеді, соңғы беті лизинг берушінің уәкілетті адамының қолтаңбасымен куәландырылады.
Тармақ 445-14
445-14. Лизинг беруші қажет болған кезде арнайы білімді және (немесе) техникалық білімді талап ететін мәселелер бойынша бейінді мамандықтардан сарапшыны немесе сарапшыларды тартады.
Тармақ 445-15
445-15. Мыналар:
Тармақша 1
1) сатып алу рәсімдерінің нәтижесіне мүдделі (лизинг берушінің, әлеуетті өнім берушінің өкілдері);
Тармақша 2
2) тендерлік комиссия мүшелерінің жақын туысы, жұбайы (зайыбы) немесе туысы болып табылатын адам сарапшы болмайды.
Тармақ 445-16
445-16. Сарапшы комиссия шешім қабылдағанға дейін әлеуетті өнім берушілер ұсынып отырған медициналық техниканы тендерлік құжаттаманың шарттарына сәйкестігіне медициналық техниканың техникалық ерекшелігі (сипаттамасы) бойынша сараптамалық қорытынды береді.
Тармақ 445-17
445-17. Сарапшы тендерлік комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беруге қатыспайды. Сараптамалық қорытынды жазбаша түрде ресімделеді, сарапшы қол қояды және комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі.
Тармақ 445-18
445-18. Сараптамалық қорытындыны комиссия тендерлік өтінімдерді бағалау және салыстырып тексеру, жеңімпазды айқындау кезінде қарайды. Сараптамалық қорытынды ұсынымдық сипатта болады. Тендерлік комиссияның мүшесі сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда оны назарға алмайды.
Тармақ 445-19
445-19. Тендерлік комиссия отырысы оның жалпы санынан кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда өткізіледі. Тендерлік комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер қатысып отырған комиссия мүшелерінің жалпы санынан қарапайым көпшілік дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болса тендерлік комиссия төрағасы, ал ол болмаған кезде тендерлік комиссия төрағасының орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Тармақ 445-20
445-20. Тендерлік комиссияның қандай да бір мүшесі болмаған кезде отырыс хаттамасында оның болмау себебі және осы фактіні растайтын құжатқа сілтеме көрсетіледі.
Тармақ 445-21
445-21. Егер тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі тендерлік комиссияның отырысы кворумның болмауы себебінен белгіленген күні және уақытта өткізілмесе, тендерлік комиссияның хатшысы тендерге ұсынылған тендерлік өтінімдер салынған конверттердің сақталуын қамтамасыз етеді және тендерлік комиссияның өткізілмеген отырысы күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде белгіленетін конверттерді ашудың жаңа күні мен уақыты туралы хабарлайды. Бұл ретте қайта берілген тендерлік өтінімдер салынған конверттер қабылданбайды.
Тармақ 445-22
445-22. Егер белгіленген уақытта тендерлік комиссия мүшелерінің қажетті саны қамтамасыз етілмесе, онда лизинг беруші тендерлік комиссияның өткізілмеген отырысы күнінен кейінгі 3 (үш) жұмыс күні ішінде тендерлік комиссия құрамына өзгерістер енгізеді.
Тармақ 445-23
445-23. Тендерлік комиссия отырысының хаттамасына оның барлық мүшелері, тендерлік комиссия төрағасы, оның орынбасары мен комиссия хатшысы қол қояды және әрбір параққа қол қойылады.
Тармақ 445-24
445-24. Лизинг беруші осы Қағидаларға сәйкес медициналық техниканы сатып алуға арналған тендерлік құжаттаманы бекітеді, ол оның интернет-ресурсына орналастырылады және:
Тармақша 1
1) әлеуетті өнім беруші өзінің осы Қағидалардың 8 және 9-тармақтарында көзделген шарттарға және сатып алынатын медициналық техниканың осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкестігін растау үшін ұсынуға тиіс тендерлік құжаттаманың құрамынан, құжаттар тізбесінен;
Тармақша 2
2) медициналық техниканың техникалық ерекшеліктерінен;
Тармақша 3
3) сатып алынатын медициналық техниканың көлемінен және әрбір лот бойынша оларды сатып алу үшін бөлінген сомадан;
Тармақша 4
4) медициналық техниканы жеткізу орнынан, мерзімі мен басқа да шарттарынан;
Тармақша 5
5) төлем шарттарынан және медициналық техниканы сатып алу қаржы лизингі шартының жобасынан;
Тармақша 6
6) тендерлік өтінімнің, қаржы лизингі шартының тіліне қойылатын талаптардан;
Тармақша 7
7) тендерлік өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптардан;
Тармақша 8
8) тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді енгізу нысаны мен мерзімдерінен;
Тармақша 9
9) тендерлік өтінімді кері қайтарып алу мүмкіндігі мен тәртібіне нұсқаудан;
Тармақша 10
10) тендерлік өтінімдерді қабылдау орны мен соңғы мерзімі және олардың қолданылу мерзімінен;
Тармақша 11
11) әлеуетті өнім берушілердің тендерлік құжаттаманың мазмұны, қажет болған кезде олармен кездесу өткізу тәртібі бойынша түсініктеме алу үшін жүгіну нысандарынан;
Тармақша 12
12) тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу орны, күні, уақыты мен рәсімінен;
Тармақша 13
13) тендерлік өтінімдерді қарау рәсімінен;
Тармақша 14
14) әлеуетті өнім берушілерге-қазақстандық тауар өндірушілерге осы Қағидаларда айқындалған қолдау көрсету шарттарынан;
Тармақша 15
15) қаржы лизингі шартын кепілдікті қамтамасыз етуді енгізу шарттары, нысаны, көлемі мен тәсілінен тұрады.
Тармақ 445-25
445-25. Тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей әлеуетті өнім беруші қажет болған кезде лизинг берушіге тендерлік құжаттама бойынша түсініктеме беруге жүгінеді, оларға лизинг беруші сұрау салуды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей сұрау салу авторын көрсетпей түсініктеме береді, ол сұрату келіп түскен күнде тендерлік құжаттама алған барлық әлеуетті өнім берушілерге жіберіледі.
Тармақ 445-26
445-26. Тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен кешіктірмей лизинг беруші өз бастамасымен немесе әлеуетті өнім берушілердің сұратуына жауап ретінде тендерлік құжаттамаға өзгерістер енгізеді, бұл туралы тендерлік өтінімдер ұсынған немесе тендерлік құжаттаманы алған барлық әлеуетті өнім берушілерге дереу хабарланады. Бұл ретте тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі кемінде күнтізбелік 5 (бес) күнге ұзартылады.
Тармақ 445-27
445-27. Лизинг беруші тендерлік құжаттамада айқындалған жерде және уақытта тендер шарттарын түсіндіру үшін әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізеді, бұл туралы кездесудің барысы және мазмұны туралы мәліметтер қамтылатын хаттама жасалады, ол тендерлік өтінімдер ұсынған немесе тендерлік құжаттама алған барлық әлеуетті өнім берушілерге жіберіледі.
Тармақ 2. 2-параграф. Тендерлік өтінімдердің қолданылу мерзімі, мазмұны, оларды ұсыну және кері қайтарып алу
2-параграф. Тендерлік өтінімдердің қолданылу мерзімі, мазмұны, оларды ұсыну және кері қайтарып алу
Тармақ 445-28
445-28. Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін тендерлік құжаттама ережелеріне сәйкес жасалған тендерлік өтінімді жабық күйінде лизинг берушіге ұсынады.
Тармақ 445-29
445-29. Тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін келіп түскен тендерлік өтінім ашылмайды және әлеуетті өнім берушіге қайтарылады.
Тармақ 445-30
445-30. Тендерлік өтінім негізгі бөліктен, техникалық бөліктен және кепілдікті қамтамасыз етуден тұрады.
Тармақ 445-31
445-31. Тендерлік өтінімнің негізгі бөлігі:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тендерге қатысуға өтінімнен (электрондық жеткізгіште өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізімдемесі ұсынылады);
Тармақша 2
2) заңды тұлға үшін жарғы көшірмесінен (егер жарғыда құрылтайшылардың, қатысушылар немесе акционерлер құрамы көрсетілмесе, құрылтайшылар, қатысушылар құрамы туралы үзінді немесе құрылтай шартының көшірмесі немесе хабарландыру күнінен кейінгі қолданыстағы акция ұстаушылардың тізілімінен үзінді ұсынылады);
Тармақша 3
3) заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін тиісті мемлекеттік орган берген құжаттың көшірмесінен;
Тармақша 4
4) медициналық бұйымдарды көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыруға арналған тиісті лицензия көшірмелерін не «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңға сәйкес электрондық құжат түрінде алынған көшірмелерін, олар туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталады. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған кезде әлеуетті өнім беруші «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңға сәйкес алынған әлеуетті өнім беруші фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерге тиісті лицензияның және (немесе) медициналық бұйымдарды көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның нотариат куәландырған көшірмесін, иондаушы сәулеленудің радиоизотоптық көздері бар немесе иондаушы сәуле шығаратын медициналық техниканы сатып алған жағдайда әлеуетті өнім беруші оған қол қоюға өкілеттігі бар адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық құжатты не атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсетуге арналған тиісті лицензияның нотариат куәландырған көшірмесінен;
Тармақша 5
5) осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баға ұсынысынан;
Тармақша 6
6) тиісті мемлекеттік кіріс органының бюджетке берешегінің жоқтығын растайтын, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашқан сәттен бастап күнтізбелік 30 күннен ерте емес мерзімде берілген мәліметтерден тұрады.
Тармақ 445-32
445-32. Тендерлік өтінімнің техникалық бөлігі:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 15-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәлімделген медициналық техниканың нақты техникалық сипаттамалары көрсетілген қағаз жеткізгіштегі техникалық ерекшеліктерден (сондай-ақ «docx» форматындағы электрондық жеткізгіште);
Тармақша 2
2) медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу туралы құжаттың не медициналық техниканы Қазақстан Республикасына әкелуге денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның рұқсатының (қорытындысының) көшірмесінен тұрады.»; Тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген және өндірілген медициналық техникаға: оларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы әкелінгенін, оларды әлеуетті өнім берушінің кіріске алғанын растайтын құжаттың көшірмелері; қазақстандық тауар өндірушінің өндіруі, «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және «Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуге (әкетуге) келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-237/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21749 болып тіркелген) сәйкес берілген қауіпсіздік туралы қорытынды ұсынылады.
Тармақ 445-33
445-33. Әлеуетті өнім беруші тендерлік өтініммен бірге медициналық техниканы сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде кепілдікті қамтамасыз етуді енгізеді.
Тармақ 445-34
445-34. Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету (бұдан әрі – кепілдікті қамтамасыз ету):
Тармақша 1
1) лизинг берушінің банктік шотына енгізілетін кепілдікті ақшалай жарна;
Тармақша 2
2) осы Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банк кепілдігі түрінде ұсынылады.
Тармақ 445-35
445-35. Кепілдікті қамтамасыз ету әлеуетті өнім берушіге 5 (бес) жұмыс күні ішінде:
Тармақша 1
1) тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін әлеуетті өнім беруші оны кері қайтарып алған;
Тармақша 2
2) тендерлік құжаттама ережелеріне сәйкес келмеу негіздемесі бойынша тендерлік өтінім қабылданбаған;
Тармақша 3
3) басқа әлеуетті өнім беруші тендер жеңімпазы деп танылған;
Тармақша 4
4) сатып алу рәсімі тендер жеңімпазын айқындамай тоқтатылған;
Тармақша 5
5) қаржы лизингі шарты күшіне енген және тендер жеңімпазы қаржы лизингі шартын орындауды кепілдікті қамтамасыз етуді енгізген жағдайда қайтарылады.
Тармақ 445-36
445-36. Кепілдікті қамтамасыз ету әлеуетті өнім берушіге, егер:
Тармақша 1
1) ол тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін тендерлік өтінімді кері қайтарып алса немесе өзгертсе;
Тармақша 2
2) тендер жеңімпазы деп танылғаннан кейін жеңімпаз қаржы лизингі шартын жасаудан жалтарса;
Тармақша 3
3) жеңімпаз деп танылса және қаржы лизингі шартын кепілдікті қамтамасыз етуді енгізбесе не уақтылы енгізбесе, қайтарылмайды.
Тармақ 445-37
445-37. Әлеуетті өнім беруші өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін оны жазбаша нысанда кері қайтарып алады. Тендерлік өтінімдерді ұсыну мерзімі өткеннен кейін тендерлік өтінімдерге өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
Тармақ 445-38
445-38. Тендерлік өтінім басылып шығарылады не өшірілмейтін сиямен жазылады, тігілген және нөмірленген түрде ұсынылады, соңғы беті әлеуетті өнім беруші өкілінің қолтаңбасымен бекітіледі. Грамматикалық немесе арифметикалық қатені түзету қажет болған жағдайды қоспағанда, тендерлік өтінімнің мәтініне жолдар арасына қосымша жазулар жазуға, сөздерді өшіруге немесе толықтырулар енгізуге жол берілмейді. Техникалық ерекшелік тігілген және нөмірленген түрде ұсынылады, соңғы беті әлеуетті өнім беруші өкілінің қолтаңбасымен бекітіледі. Тендерлік өтінімнің техникалық ерекшелігі және сатып алуды кепілдікті қамтамасыз етудің түпнұсқасы тендерлік өтінімге бөлек қоса беріледі және тендерлік өтініммен бір конвертке салынып жабылады. Конвертте әлеуетті өнім берушінің атауы мен заңды мекенжайы жазылады, ол тендерлік құжаттамада көрсетілген мекенжай бойынша лизинг берушіге жіберілуге тиіс және «_______ (тендердің атауы көрсетіледі) сатып алу жөніндегі тендер» және «_______ (тендерлік құжаттамада көрсетілген конверттерді ашу күні мен уақыты көрсетіледі) дейін ашпаңыз» деген сөздер жазылады.
Тармақ 3. 3-параграф. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу
3-параграф. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу
Тармақ 445-39
445-39. Тендерлік өтінімдерді қабылдауды аяқтау мен тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашудың басталуы арасындағы уақыттың ұзақтығы 2 (екі) сағаттан аспайды.
Тармақ 445-40
445-40. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді тендерлік комиссия тендерлік құжаттамада айқындалған уақытта және орында аудио және видео тіркеуді қолданып ашады. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсіміне әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері қатыса алады. Тендерлік комиссия хатшысы конверттерді ашып, тендерлік өтінімдер келіп түскен әлеуетті өнім берушілердің атауы мен мекенжайын, әрбір лот бойынша мәлімделген бағаны, жеткізу мен ақы төлеу шарттарын, тендерлік өтінімдерді кері қайтарып алу тәртібін, тендерлік өтінімді құрайтын құжаттар туралы ақпаратты хабарлайды және осы мәліметтерді конверттерді ашу хаттамасына енгізеді.
Тармақ 4. 4-параграф. Тендерлік өтінімдерді бағалау және салыстыру
4-параграф. Тендерлік өтінімдерді бағалау және салыстыру
Тармақ 445-41
445-41. Тендерлік комиссия тендерлік өтінімдерді бағалау мен салыстыруды жүзеге асырады. Әлеуетті өнім берушілердің банкроттық не тарату рәсіміне қатыстылығы бөлігінде осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігін нақтылау мақсатында тендерлік комиссия банкроттық не тарату рәсімінің жүргізілуіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылған ақпаратты қарайды.
Тармақ 445-42
445-42. Тендерлік комиссия:
Тармақша 1
1) осы Қағидалардың шарттарына сәйкес тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету ұсынылмаған;
Тармақша 2
2) жарғы көшірмесі немесе құрылтайшылар, қатысушылар құрамы туралы үзінді немесе акцияларды ұстаушылар тізілімінен үзінді немесе осы Қағидаларда көзделген жағдайда құрылтай шартының көшірмесі ұсынылмаған;
Тармақша 3
3) заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін тиісті мемлекеттік орган берген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлға үшін) құжаттың көшірмесі ұсынылмаған;
Тармақша 4
4) медициналық бұйымдарды көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыруға арналған тиісті лицензия көшірмелерін не «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңға сәйкес электрондық құжат түрінде алынған көшірмелерін, олар туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталады. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған кезде әлеуетті өнім беруші «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңға сәйкес алынған әлеуетті өнім беруші фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерге тиісті лицензияның және (немесе) медициналық бұйымдарды көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның нотариат куәландырған көшірмесін, иондаушы сәулеленудің радиоизотоптық көздері бар немесе иондаушы сәуле шығаратын медициналық техниканы сатып алған жағдайда әлеуетті өнім беруші оған қол қоюға өкілеттігі бар адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық құжатты не атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсетуге арналған тиісті лицензияның нотариат куәландырған көшірмесі ұсынылмаған;
Тармақша 5
5) тиісті мемлекеттік кірістер органының мәліметтерінде бюджетке берешегі, міндетті зейнетақы жарнасы, міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдары және (немесе) жарналары бойынша берешек (олар бойынша төлем мерзімдері өзгертілген, берешектің жалпы сомасында көрсетілмеген соманы қоспағанда) туралы ақпарат болған;
Тармақша 6
6) осы Қағидаларда көзделген шарттарға сәйкес техникалық ерекшелік ұсынылмаған;
Тармақша 7
7) әлеуетті өнім беруші тендерлік құжаттаманың және осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келмейтін техникалық ерекшелікті ұсынған;
Тармақша 8
8) осы Қағидалар шеңберінде сатып алынатын медициналық техникаға осы Қағидаларда көзделген шарттар бойынша дәйексіз ақпарат ұсыну фактісі анықталған;
Тармақша 9
9) банкроттық не тарату рәсіміне қатыстылығы болған;
Тармақша 10
10) ұсынылған медициналық техниканың осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкестігін растайтын құжаттар ұсынылмаған;
Тармақша 11
11) егер мәлімделген медициналық техниканың техникалық сипаттамасы ұсынылатын медициналық техникаға тіркеу куәліктерінде көрсетілген техникалық сипаттамаға және (немесе) жинағына және (немесе) ұсынылатын медициналық техниканың тіркеу куәліктерінің нөмірлері бойынша сараптама ұйымының интернет-ресурсында орналастырылған Қазақстан Республикасының дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімінде көрсетілген деректерге сәйкес келмеген;
Тармақша 12
12) осы Қағидалардың 10-тармағының шарттарына сәйкес келмеген;
Тармақша 13
13) осы Қағидалардың 15-тармағында белгіленген талаптарға;
Тармақша 14
14) баға ұсынысы ұсынылмаған не баға ұсынысы осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес нысанда ұсынылмаған;
Тармақша 15
15) әлеуетті өнім беруші медициналық техника бағасын тиісті лот бойынша сатып алу үшін бөлінген бағасынан жоғары ұсынған;
Тармақша 16
16) тендерлік өтінім тігілмеген түрде, беттері нөмірленбей, қолтаңбамен бекітілмей, конвертте әлеуетті өнім берушінің, лизинг берушінің атауы немесе заңды мекенжайы көрсетілмей ұсынылған;
Тармақша 17
17) әлеуетті өнім беруші осы Қағидалардың 8 және 9-тармақтарында көзделген шарттарға сәйкес келмеген;
Тармақша 18
18) осы Қағидалардың шарттарын бұзып үлестес болу фактісі анықталған жағдайда тендерлік өтінімді тұтастай немесе лот бойынша қабылдамайды.
Тармақ 445-43
445-43. Егер тендер тұтастай немесе оның қандай да бір лоты өткен жоқ деп танылса, лизинг беруші қайта тендер өткізеді.
Тармақ 445-44
445-44. Тендер тәсілімен сатып алу немесе оның қандай да бір лоты мынадай негіздемелердің бірі бойынша:
Тармақша 1
1) тендерлік өтінімдер болмаса;
Тармақша 2
2) әлеуетті өнім берушілердің барлық тендерлік өтінімдері қабылданбаса, өткізілмеді деп танылады.
Тармақ 445-45
445-45. Тендер жеңімпазы тендерлік өтінімдері тендерлік комиссия ең төмен баға ұсынысы негізінде хабарландыру шарттарына және осы Қағидалардың шарттарына сәйкес деп танылған әлеуетті өнім берушілер арасынан айқындалады. Лот бойынша бәсекелес болмаған немесе лот бойынша бәсекелестің тендерлік өтінімдері қабылданбаған кезде тендерлік өтінімін тендерлік комиссия хабарландыру шарттары мен осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келетін жалғыз өтінім деп таныған әлеуетті өнім беруші тендер жеңімпазы болып танылады.
Тармақ 5. 5-параграф. Тендердің қорытындысын шығару
5-параграф. Тендердің қорытындысын шығару
Тармақ 445-46
445-46. Тендер қорытындысы тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде шығарылады, ол туралы хаттама жасалады, оған:
Тармақша 1
1) медициналық техниканың атауы;
Тармақша 2
2) сатып алу сомасы;
Тармақша 3
3) тендерлік өтінімдерді ұсынған әлеуетті өнім берушілердің атауы, орналасқан жері және біліктілік деректері;
Тармақша 4
4) тендерлік құжаттамаға сәйкес әрбір тендерлік өтінімнің бағасы және шарттары;
Тармақша 5
5) бағалауды жазу және тендерлік өтінімдерді салыстыру;
Тармақша 6
6) тендерлік өтінімдерді қабылдамау негіздемесі;
Тармақша 7
7) саудалық атауын көрсетіп, тендердің әрбір лоты бойынша жеңімпаз(дар)дың атауы мен орналасқан жері және олар бойынша жеңімпаз айқындалған талаптар;
Тармақша 8
8) саудалық атауын көрсетіп, әрбір тендер лотының ұсынысы жеңімпаз ұсынысынан кейінгі екінші болып табылатын қатысушының атауы мен орналасқан жері;
Тармақша 9
9) егер тендер жеңімпазы айқындалмаса, негіздемесі;
Тармақша 10
10) қаржы лизингі шарты жасалуға тиіс мерзім;
Тармақша 11
11) сарапшыны (ларды) тарту туралы ақпарат енгізіледі.
Тармақ 445-47
445-47. Тендер қорытындысы шығарылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде лизинг беруші тендерге қатысқан әлеуетті өнім берушілерге лизинг берушінің интернет-ресурсына қорытынды хаттамасын орналастыру арқылы тендердің нәтижесі туралы хабарлайды.
Тармақ 445-48
445-48. Тендердің қорытындысы туралы хаттама лизинг берушінің интернет-ресурсына орналастырылады.
Тармақ 445-49
445-49. Лизинг беруші сатып алу қорытындылары шығарылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде лизинг беруші айқындайтын нысан бойынша денсаулық сақтау субъектілерімен және медициналық техниканың жеңімпазымен қаржы лизингі шартын жасасады.
Тармақ 445-50
445-50. Қаржы лизингі шарты жасалғаннан кейін өнім беруші денсаулық сақтау субъектісіне лизинг нысанасын ұсынады, осы шартта көзделген тәртіппен және талаптарда іске қосу мен жөндеу жұмыстары, персоналды оқытуды және медициналық техникаға кепілдікті сервистік қызмет көрсетуді жүргізеді. Бұл ретте медициналық техникаға кепілдікті сервистік қызмет көрсету медициналық техника пайдалануға берілген күннен бастап қаржы лизингі шартының қолданыста болу мерзіміне қолданылады.
Тармақ 6. 6-параграф. Қаржы лизингі шартын кепілдікті қамтамасыз ету
6-параграф. Қаржы лизингі шартын кепілдікті қамтамасыз ету
Тармақ 445-51
445-51. Қаржы лизингі шартының кепілдікті қамтамасыз етуді (бұдан әрі – кепілдікті қамтамасыз ету) енгізу мазмұнын, нысаны мен талаптарын осы Қағидалардың ережелеріне лизинг беруші сәйкес сатып алу кезінде айқындайды және қаржы лизингі шартының тендерлік құжаттамасына енгізілуге тиіс.
Тармақ 445-52
445-52. Кепілдікті қамтамасыз ету қаржы лизингі шартының бағасының үш пайызын құрайды және:
Тармақша 1
1) лизинг берушіге қызмет көрсетілетін банкте орналастырылатын ақшалай қаражат түріндегі кепілдік жарна;
Тармақша 2
2) осы Қағидаларға 10-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банк кепілдігі түрде ұсынылады. Ақшалай қаражатты кепілдік жарна түріндегі кепілдікті қамтамасыз етуді әлеуетті өнім беруші лизинг берушінің тиісті шотына енгізеді.
Тармақ 445-53
445-53. Қаржы лизингі шартының орындалуын кепілдікті қамтамасыз етуді өнім беруші, егер басқаны көздемесе, шарт күшіне енген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей енгізеді.
Тармақ 445-54
445-54. Қаржы лизингі шарты бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін енгізілген кепілдікті ақшалай жарнаға тұтастай не бір бөлігінде талап ету құқығының үшінші тұлғаларда туындауына әкеп соғатын өнім берушінің іс-әрекеттер жасауына жол берілмейді.
Тармақ 445-55
445-55. Қаржы лизингі шартының орындалуын кепілдікті қамтамасыз ету өнім беруші осы шарт бойынша өзінің барлық міндеттемелерін толық және тиісінше орындағаннан кейін өнім берушіге оның жазбаша өтініші бойынша қайтарылады.
Тармақ 445-56
445-56. Қаржы лизингі шартының орындалуын кепілдікті қамтамасыз етуді лизинг беруші өнім берушіге:
Тармақша 1
1) өнім берушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты қаржы лизингі шарты бұзылған;
Тармақша 2
2) қаржы лизингі шарты бойынша өзінің міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған (беру мерзімінің бұзылуы және шарттың басқа да талаптарының бұзылуы);
Тармақша 3
3) қаржы лизингі шартында көзделген талаптарды орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін айыппұл санкциясын төлемеген кезде қайтармайды.
Бөлім 4. 4-бөлім. Арнайы ережелер
4-бөлім. Арнайы ережелер
Тармақ 446
446. Осы Қағидалардың сақталуын бақылауды мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 447
447. Сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің және бірыңғай дистрибьютордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағымдануды мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары мен оның жоғары тұрған органы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен қарайды.
Тармақ 448
448. Сатып алуды өткізу кезінде бұзушылықтар, Қағидалардың шарттарына сәйкессіздіктер анықталған кезде тапсырыс берушінің басшысы, сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютор мұндай сатып алуды тұтастай не тиісті лоттар бойынша жарамсыз деп таниды.
Тармақ 449
449. Сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің және бірыңғай дистрибьютордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының және оның жоғары тұрған органының шағымды қарау нәтижелері бойынша қабылдаған шешімдеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шағымдануға болады.
Тармақ 450
450. Бірыңғай дистрибьютор және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейінгі мерзімде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға қазақстандық тауар өндірушілерден дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сандық және жиынтық мәнде сатып алудың жалпы көлемінен сатып алынғандардың үлесі туралы ақпаратты ұсынады.
Тармақ 451
451. Осы Қағидалардың 3-бөлімі 6-тарауының 2-параграфында көзделген берудің ұзақ мерзімді шарттарын ұзарту және (немесе) берудің ұзақ мерзімді шартын 3 (үш) жылға дейінгі мерзімге жасасу рәсімін қағаз жеткізгіште жүргізуге жол беріледі.
Тармақ 452
452. Бірыңғай оператор веб-порталды дамытуды, сүйемелдеуді және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады, веб-порталда орналастырылған субъектілердің электрондық ақпараттық ресурстарын сақтаудың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, веб-порталдың жұмыс істеу мәселелері бойынша пайдаланушыларға өтеусіз негізде консультациялық көмек көрсетеді, мемлекеттік мекемелер меншік нысанын қоспағанда, пайдаланушыларға веб-порталды пайдалану (қолжетімділік) бойынша ақылы негізде қызметтер көрсетеді. Веб-порталды пайдаланушылардың пайдалану (қолжетімділік) бойынша көрсетілетін қызметтердің бағасын бірыңғай оператор белгілейді, ол бірыңғай оператордың өкілеттіктерін жүзеге асыруға жұмсаған бірыңғай оператордың шығындарын толық өтеуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 453
453. Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сатып алу мониторингі денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның сатып алуды жүзеге асыру туралы ақпаратты жинау, жалпылау, талдау, жүйелеу және бағалау негізінде жүзеге асырылады. Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сатып алу мониторингін уәкілетті орган веб-портал арқылы және ондағы ақпарат негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 454
454. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және (немесе) медициналық техниканы сатып алу инвестициялар туралы келісімді іске асыру шеңберінде жасалған инвестициялар туралы келісімнің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 1. Тендерге қатысуға өтінім
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына 1-қосымша Нысан (Кімге)______________________ (тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының немесе бірыңғай дистрибьютордың атауы) Тендерге қатысуға өтінім ______________________________________________________________ (әлеуетті өнім берушінің атауы), тендер өткізу жөніндегі хабарландыруды/ тендерлік құжаттаманы қарап, № ____________________________________________________ ______________________________________________ (тендердің атауы) осымен алуды куәландыратын (егер тендерлік құжаттама алынса, көрсетіледі), осы өтініммен мынадай лоттар бойынша хабарландыру шарттарына/тендерлік құжаттамаға сәйкес дәрілік заттарды/медициналық бұйымдарды/фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді беруді: 1) ______________ (лот нөмірі) ___________________________________ (дәрілік заттарды/медициналық бұйымдарды/фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді егжей-тегжейлі сипаттау) 2) ______________ (лот нөмірі) ____________________________________ (дәрілік заттарды/медициналық бұйымдарды/фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді егжей-тегжейлі сипаттау) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) шарттарына сәйкес жүзеге асыруға келісімін білдіреді. Әлеуетті өнім беруші осы Қағидаларда көзделген шарттармен танысқанын және конкурстық комиссияға өзінің құқығы, біліктілігі, медициналық техниканы берудің сапалық және өзге де сипаттамалары туралы дәйексіз мәліметтер бергені үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулер жөніндегі жауапкершілік туралы хабардар етілгенін растайды. Әлеуетті өнім беруші осы өтінімдегі мәліметтердің және оған қоса берілетін құжаттардың дұрыстығын растайды: Р/с № Құжат атауы Парақтар саны Осы өтінім тендердің қорытындылары шығарылғанға дейін жарамды. Тендерлік өтінімге атынан және тапсырмасы _______________________ (әлеуетті өнім берушінің атауы) бойынша қол қоюға өкілеттігі бар тұлғаның лауазымы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және қолы Мөрі (бар болған жағдайда) «___» _______ 20__ж.
Басқа 1-1. Тендерге қатысуға өтінім
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына 1-1-қосымша Нысан (Кімге) ___________________ (лизинг берушінің атауы) Тендерге қатысуға өтінім _______________________________________________________________________________ (әлеуетті өнім берушінің атауы), тендер өткізу жөніндегі хабарландыруды/ тендерлік құжаттаманы қарап, № _______________________________________________________________________________ (тендердің атауы) осымен алуды куәландыратын (егер тендерлік құжаттама алынса, көрсетіледі), осы өтініммен мынадай лоттар бойынша хабарландыру шарттарына/тендерлік құжаттамаға сәйкес медициналық техниканы беруді: 1) _______________________________ (лот нөмірі) ___________________________________ (лоттың атауы) 2) _______________________________ (лот нөмірі) ___________________________________ (лоттың атауы) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) шарттарына сәйкес жүзеге асыруға келісімін білдіреді. Әлеуетті өнім беруші осы Қағидаларда көзделген шарттармен танысқанын және конкурстық комиссияға өзінің құқығы, біліктілігі, медициналық техниканы берудің сапалық және өзге де сипаттамалары туралы дәйексіз мәліметтер бергені үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулер жөніндегі жауапкершілік туралы хабардар етілгенін растайды. Әлеуетті өнім беруші осы өтінімдегі мәліметтердің және оған қоса берілетін құжаттардың дұрыстығын растайды: Р/с № Құжат атауы Парақтар саны Осы өтінім тендердің қорытындылары шығарылғанға дейін жарамды. Тендерлік өтінімге _______________________ (әлеуетті өнім берушінің атауы) атынан және тапсырмасы бойынша қол қоюға өкілеттігі бар адамның лауазымы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және қолы Мөрі (бар болған жағдайда) «___» _______ 20__ж.
Басқа 2. Дәрілік затты және (немесе) медициналық бұйымды беруге әлеуетті өнім берушінің _____________________________ (әлеуетті өнім берушінің атауы) баға ұсынысы
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына 2-қосымша Нысан Дәрілік затты және (немесе) медициналық бұйымды беруге әлеуетті өнім берушінің _____________________________ (әлеуетті өнім берушінің атауы) баға ұсынысы Сатып алу № ____________ Сатып алу тәсілі ____________ Лот № _____________ Р/с № Дә­рі­лік затты/ме­ди­ци­на­лық бұй­ым­ды бе­ру­ге ба­ға ұсы­ны­сы­ның маз­мұ­ны Маз­мұ­ны (әле­ует­ті өнім бе­ру­ші тол­ты­ру үшін) 1 Дә­рі­лік заттың неме­се ме­ди­ци­на­лық бұй­ым­ның ата­уы (ха­лы­қа­ра­лық па­тент­тел­ме­ген ата­уы неме­се құ­ра­мы) 2 Си­патта­ма­сы 3 Өл­шем бір­лі­гі 4 Тір­кеу ку­ә­лі­гі­нің (ку­ә­лік­тер­дің)/бір­жол­ғы әке­лу­ге рұқ­сат­тың № 5 Дә­рі­лік заттың неме­се ме­ди­ци­на­лық бұй­ым­ның са­уда­лық ата­уы 6 Тір­кеу ку­ә­лі­гі/бір­жол­ғы әке­лу­ге рұқ­сат бой­ын­ша дә­рі­лік ны­са­ны/си­патта­ма­сы (шы­ға­ру ны­са­ны) 7 Тір­кеу ку­ә­лі­гі/бір­жол­ғы әке­лу­ге рұқ­сат бой­ын­ша өл­шем бір­лі­гі 8 Тір­кеу ку­ә­лі­гі/бір­жол­ғы әке­лу­ге рұқ­сат бой­ын­ша өн­ді­ру­ші 9 Тір­кеу ку­ә­лі­гі/бір­жол­ғы әке­лу­ге рұқ­сат бой­ын­ша өн­ді­ру­ші елі 10 Тір­кеу ку­ә­лі­гі/бір­жол­ғы әке­лу­ге рұқ­сат бой­ын­ша өл­шеп-ора­луы (қап­та­ма­да­ғы өл­шем бір­лік­те­рі­нің са­ны) 11 Жет­кі­зу пунк­тіне (пункт­те­ріне) дей­ін DDP ИН­КО­ТЕРМС 2020 шар­тта­рын­да тең­ге­мен бір­лік ба­ға­сы/Бі­рың­ғай дис­три­бью­тор­дың үсте­ме ба­ға­сы (Бі­рың­ғай дис­три­бью­тор са­тып ал­ған жағ­дай­да) 12 Өл­шем бір­лі­гін­де­гі са­ны (кө­ле­мі) 13 Әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­нің та­сы­мал­да­у­ға, сақ­тан­ды­ру­ға, ке­ден­дік баж­дар­ды, ҚҚС-ты және бас­қа да са­лық­тар­ды, тө­лем­дер мен алым­дар­ды тө­ле­у­ге ар­нал­ған бар­лық шы­ғы­ста­рын, бас­қа да шы­ғы­стар­ды қо­са ал­ған­да, жет­кі­зу пунк­тіне (пункт­те­ріне) дей­ін DDP ИН­КО­ТЕРМС 2020 бе­ру шар­тта­ры­мен тең­ге­мен жет­кі­зу со­ма­сы 14 Бе­ру гра­фи­гі *әлеуетті өнім берушінің бағасы/Бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағасы ескеріледі. Күні «___» ____________ 20___ ж. Лауазымы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) __________ _______________ Қолы _____________ Мөр (бар болған жағдайда)
Басқа 2-1. Медициналық техниканы беруге әлеуетті өнім берушінің __________________________________________________________ (әлеуетті өнім берушінің атауы) баға ұсынысы
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына 2-1-қосымша Нысан Медициналық техниканы беруге әлеуетті өнім берушінің __________________________________________________________ (әлеуетті өнім берушінің атауы) баға ұсынысы Тендер № ____________ Лот № _____________ Р/с № Дәрілік затты/медициналық бұйымды беруге баға ұсынысының мазмұны Мазмұны (әлеуетті өнім беруші толтыру үшін) 1 Медициналық техниканың атауы 2 Сипаттамасы Техникалық ерекшелікке сәйкес 3 Өлшем бірлігі 4 Тіркеу куәлігінің (куәліктердің)/біржолғы әкелуге рұқсаттың № 5 Медициналық техниканың саудалық атауы 6 Тіркеу куәлігі/біржолғы әкелуге рұқсат бойынша өндіруші 7 Тіркеу куәлігі/біржолғы әкелуге рұқсат бойынша өндіруші елі 8 Жеткізу пунктіне (пункттеріне) дейін DDP ИНКОТЕРМС 2020 шарттарында теңгемен бірлік бағасы 9 Өлшем бірлігіндегі саны (көлемі) 10 Әлеуетті өнім берушінің тасымалдауға, сақтандыруға, кедендік баждарды, ҚҚС-ты және басқа да салықтарды, төлемдер мен алымдарды төлеуге арналған барлық шығыстарын, басқа да шығыстарды қоса алғанда, жеткізу пунктіне (пункттеріне) дейін DDP ИНКОТЕРМС 2020 беру шарттарымен теңгемен жеткізу сомасы 11 Беру мерзімі Күні «___» ____________ 20___ ж. Лауазымы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) __________ _______________ Қолы _____________ Мөр (бар болған жағдайда)
Басқа 3. Банк кепілдігі (тендерлік өтінімді қамтамасыз ету түрі) Банктің атауы (банк филиалы) _________________________________________________________________ (банктің атауы, БСН және басқа деректемелері) Кепілдікті қамтамасыз ету № ____________________
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына 3-қосымша Нысан Шығ. № __________ Күні ____________ Кімге: ___________________ _________________________ (сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің атауы мен деректемелері) Банк кепілдігі (тендерлік өтінімді қамтамасыз ету түрі) Банктің атауы (банк филиалы) _________________________________________________________________ (банктің атауы, БСН және басқа деректемелері) Кепілдікті қамтамасыз ету № ____________________ «__» _____ 20__ жыл Банк (банк филиалы) ____________________________________________ (атауы) (бұдан әрі – Банк) _______________________________________________________ (атауы) бұдан әрі «Әлеуетті өнім беруші» ____________________________________________________________________ (тапсырыс берушінің/сатып алуды ұйымдастырушының атауы) ____________________________________________________________ жарияланған _________________ (хабарландырудың күні, айы, жылы) сатып алу бойынша тендерге қатысатыны және жалпы сомасы ________________ (жазумен) теңгеге, оның ішінде (бірнеше лот бойынша сатып алуға қатысқан кезде) (тауардың атауы және көлемі) қызмет көрсетуді (қызметтің атауы)/беруді жүзеге асыруға дайын екені хабардар етілді: 1) № ____ лот бойынша (хабарландырудағы нөмірі) – мынадай мөлшерде ____________________ (сомасы санмен және жазумен) теңге; 2) ... Осыған байланысты Банк ________________________________________ (банктің атауы) тапсырыс берушінің/сатып алуды ұйымдастырушының бірінші талабымен кепілдік қамтамасыз ету сомасын қоса алғанда, Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) көзделген негіздер бойынша төлемге қойылатын талапты алғаннан кейін № ____ лот бойынша ________________ (сомасы санмен және жазумен) теңге, лот № _____ сомаға ________________ (сомасы санмен және жазумен) теңге ______________ (сомасы санмен және жазумен) тең 1 (бір) пайыз мөлшерінде кепілдікті қамтамасыз ету сомасын төлеуге кері қайтарылмайтын міндеттемені өзіне алады. Осы кепілдік Әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінімін ашқан сәттен бастап күшіне енеді және Қағидаларға сәйкес мәні бойынша шешім қабылданғанға дейін, ал Әлеуетті өнім беруші сатып алу жеңімпазы деп танылған жағдайда, ол жасалған шарт бойынша тиісті кепілдікті қамтамасыз етуді ұсынғанға дейін қолданылады. Лауазымы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) ____________ Банк мөрі
Басқа 3-1
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына 3-1-қосымша Нысан Кімге: ________________________ ________________________ (лизинг берушінің атауы мен деректемелері) Шығ. № __________ Күні _____________ Банк кепілдігі (тендерлік өтінімді қамтамасыз ету түрі) Банктің атауы (банк филиалы) ___________________________________________________________________ (банктің атауы, БСН және басқа деректемелері) Кепілдікті қамтамасыз ету № ____________________ «__» _____ 20__ жыл Банк (банк филиалы) _______________________________________________ (атауы) (бұдан әрі – Банк) __________________________________________________________________ (атауы) бұдан әрі «Әлеуетті өнім беруші» __________________________________________________________________ (лизинг берушінің атауы) __________________________________________________________________ жарияланған (хабарландырудың күні, айы, жылы) сатып алу бойынша тендерге қатысатыны және жалпы сомасы ________________ (жазумен) теңгеге, оның ішінде (бірнеше лот бойынша сатып алуға қатысқан кезде) (тауардың атауы және көлемі) беруді жүзеге асыруға дайын екені хабардар етілді: 1) № ____ лот бойынша (хабарландырудағы нөмірі) – мынадай мөлшерде ____________________ (сомасы санмен және жазумен) теңге; 2) ... Осыған байланысты Банк ___________________________________________ (банктің атауы) лизинг берушінің бірінші талабымен кепілдік қамтамасыз ету сомасын қоса алғанда, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) көзделген негіздер бойынша төлемге қойылатын талапты алғаннан кейін № ____ лот бойынша ________________ (сомасы санмен және жазумен) теңге, лот № _____ сомаға ________________ (сомасы санмен және жазумен) теңге ______________ (сомасы санмен және жазумен) тең 1 (бір) пайыз мөлшерінде кепілдікті қамтамасыз ету сомасын төлеуге кері қайтарылмайтын міндеттемені өзіне алады. Осы кепілдік Әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінімін ашқан сәттен бастап күшіне енеді және Қағидаларға сәйкес мәні бойынша шешім қабылданғанға дейін, ал Әлеуетті өнім беруші сатып алу жеңімпазы деп танылған жағдайда, ол жасалған шарт бойынша тиісті кепілдікті қамтамасыз етуді ұсынғанға дейін қолданылады. Лауазымы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) __________________________________ Банк мөрі
Басқа 4. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарландыру
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына 4-қосымша Нысан Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарландыру Тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының атауы және мекенжайы ___________________________________________________ атауы - пациенттің жеке өзіне жақпаған кезде), сауда маркасы және өндірушісі көрсетілмеген медициналық бұйымдардың атаулары және олардың қысқаша сипаттамасы, сатып алу көлемі, беру орны, әрбір дәрілік затқа және (немесе) медициналық бұйымға сатып алу үшін бөлінген сомалар Беру мерзімдері және шарттары __________________________________ Құжаттарды ұсыну (қабылдау) орны және баға ұсыныстарын берудің соңғы мерзімі _______________________________________________________ Баға ұсыныстарын қарау күні және уақыты _________________________
Басқа 5. Тауарды сатып алу үлгі шарты (тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында)
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына 5-қосымша Тауарды сатып алу үлгі шарты (тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында) ___________________ «___» ___________ ж. (орналасқан жері) Бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын ________________________ (тапсырыс берушінің толық атауы) ______________________________ атынан уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) бір тараптан және бұдан әрі «Өнім беруші» деп аталатын _____________________ (өнім беруші – тендер жеңіпазының толық атауы) ________________________ атынан уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) _______________ (жарғының, ереженің) негізінде әрекет ететін екінші тараптан, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар), № ______ «___» __________ _____ жылы (сатып алу затын көрсету) сатып алу бойынша ______________________ тәсілмен (тәсілін көрсету) сатып алу қорытындылары туралы хаттаманың негізінде № 1 қосымшаның тізбесіне сәйкес осы Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алу шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты және төмендегілер туралы келісті: 1-тарау. Шартта қолданылатын терминдер 1. Осы Шартта төменде санамаланған ұғымдарға мынадай түсінік беріледі: 1) Өнім беруші – Тапсырыс берушімен жасалған сатып алу туралы Шартта оның контрагенті ретінде әрекет ететін және Шарт талаптарында көрсетілген тауарларды беруді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға; 2) Тапсырыс беруші – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, медициналық қызметтер көрсететін әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер, ведомстволық бөлімшелер (ұйымдар), сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілері; 3) тауарлар – Өнім беруші Тапсырыс берушіге Шарттың талаптарына сәйкес беруі тиіс дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар және ілеспе көрсетілетін қызметтер; 4) Шарт – Тапсырыс беруші мен Өнім берушінің арасында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жасалған, жазбаша нысанда тіркелген, Тараптар оған барлық қосымшаларымен және толықтыруларымен бірге, сондай-ақ Шартта сілтеме бар барлық құжаттамамен бірге қол қойған азаматтық-құқықтық акт; 5) Шарттың бағасы – Тапсырыс берушінің Өнім берушіге Шарт талаптарына сәйкес төлеуі тиіс сома; 6) ілеспе көрсетілетін қызметтер – тасымалдау және сақтандыру сияқты тауарларды беруді қамтамасыз ететін көрсетілетін қызметтер және Өнім берушінің Шартты орындауға бағытталған басқа да міндеттерін қамтитын, монтаждау, іске қосу, техникалық жәрдем көрсету, оқыту және басқа да қосалқы көрсетілетін қызметтер. 2-тарау. Шарттың мәні 2. Өнім беруші тауарды Шарттың талаптарына сәйкес, осы Шартқа қосымшаларда айқындалған мөлшерде және сапада беруге, ал Тапсырыс беруші оны қабылдауға және Шарттың талаптарына сәйкес төлеуге міндеттенеді. 3. Төменде санамаланған құжаттар және оларда келісілген талаптар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады, атап айтқанда: 1) осы Шарт; 2) 1-қосымша «Сатып алынатын тауарларды беру ерекшелігі мен графигі»; 3) 2-қосымша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптар». 4) Шарттың орындалуын қамтамасыз ету (бұл тармақша егер тендерлік құжаттамада немесе Қағидаларда Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу көзделсе көрсетіледі). 3-тарау. Шарттың бағасы және төлемі 4. Шарттың бағасы (ММ үшін бюджеттік бағдарламаға/ерекшелікке сәйкес тауарлардың атауын көрсету) ______________________________________ теңгені (соманы цифрмен және жазумен көрсету) құрайды. Тауардың атауы, сипаттамасы, саны, бірлігінің бағасы, тауарды беру сомасы мен мерзімдері Шартқа 1-қосымшада көрсетілген. 5. Өнім берушіге берілген тауарлар үшін ақы төлеу мынадай шарттарда жүргізіледі: Төлем түрі аудару. Төлеу мерзімі жыл бойында (мысалы: % межелі пунктке тауарды қабылдағаннан кейінгі немесе алдын ала төлем немесе өзгелер). 6. Төлем алдындағы қажетті құжаттар: 1) шарттың көшірмесі немесе Өнім беруші ұсынатын, оның өндіруші, ресми дистрибьютор не өндірушінің ресми өкілі ретіндегі мәртебесін растайтын өзге де құжаттар; 2) шот-фактура, жүкқұжат, қабылдау-беру актісі; 3) тауардың нақты түріне тән өзге де құжаттар (медициналық техниканы сатып алу кезінде: кедендік декларация, сервистік қызмет көрсетуді жүргізу графигі; егер тауар өлшеу құралы болып табылса, өлшеу құралының бастапқы тексеруден өткені туралы сертификат; тапсырыс берушінің медициналық және техникалық мамандарын оқытуды растайтын құжаттар). 4-тарау. Тауарды беру және қабылдау шарттары 7. Шарт шеңберінде берілетін тауарлар техникалық ерекшелікте көрсетілген стандарттарға сәйкес келуі немесе олардан жоғары болуы тиіс. 8. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Шарттың немесе оның қандай да бір ережелерінің, сондай-ақ Тапсырыс беруші немесе осы Шартты орындау үшін Өнім беруші тартқан персоналды қоспағанда, оның атынан басқа тұлғалар ұсынған техникалық құжаттаманың, жоспарлардың, сызбалардың, модельдердің, үлгілердің немесе ақпараттың мазмұнын ешкімге ашпауға тиіс. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және шарттық міндеттемелерді орындау үшін қаншалықты қажет болса, сондай шамада берілуге тиіс. 9. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз жоғарыда аталған қандай да бір құжаттарды немесе ақпаратты Шартты іске асыру мақсатынан басқа мақсатта пайдаланбауға тиіс. 10. Өнім беруші тауарларды соңғы межелі пунктіне тасымалдау кезінде олардың бүлінуінен немесе бүлінуінен алдын алатын қаптаманы қамтамасыз етуге тиіс. Қаптама қандай да бір шектеусіз қарқынды көтеру-тасымалдау өңдеуіне және тасымалдау кезінде экстремалды температуралардың, тұздар мен жауын-шашынның, сондай-ақ ашық сақтаудың әсеріне төзуі тиіс. Қаптама жәшіктердің габариттерін және олардың салмағын айқындау кезінде жеткізудің межелі пунктінің алыстығын және тауарларды алып жүрудің барлық пункттерінде қуатты жүк көтергіш құралдардың болуын ескеру қажет. 11. Тауардың қаптамасы және таңбалау, сондай-ақ оның ішіндегі және сыртындағы құжаттама Қазақстан Республикасының заңнамасына қатаң сәйкес келуі тиіс. 12. Тауарларды беруді Өнім беруші сатып алынатын тауарлар тізбесінде айтылған Тапсырыс берушінің/сатып алуды ұйымдастырушының талаптарына сәйкес жүзеге асырады. 13. Өнім беруші тауарларды тендерлік құжаттамаға қосымшада көрсетілген межелі пунктке дейін жеткізуге тиіс. Бұл тауарларды межелі пунктке дейін тасымалдауды Өнім беруші жүзеге асырады және төлем жүргізеді, ал осыған байланысты шығыстар Шарттың бағасына енгізіледі. 5-тарау. Медициналық техниканы беру және қабылдау ерекшеліктері 14. Жеткізілетін медициналық техникаға кепілдікті сервистік қызмет көрсету орнатылғаннан және пайдалануға берілгеннен кейін 37 (отыз жеті) ай ішінде жарамды, осы кезең ішінде кепілдікті сервистік қызмет көрсету құны Шарттың бағасына енгізілген және өзіне регламенттік және жөндеу жұмыстарын, сондай-ақ бұл ретте дайындаушы зауыт өндірген пайдаланылатын қосалқы бөлшектер мен тораптарды қамтиды. Бұл ретте кепілдікті сервистік қызмет көрсету медициналық техниканың тораптары мен жинақтауыштарының бұзылуы, жөнделуі, ауыстырылуы себебінен тоқтап тұру кезеңіне мөлшерлес мерзімге ұзартылады немесе Тапсырыс берушіге көрсетілген кезеңге Өнім беруші осыған ұқсас жұмыс істейтін медициналық техниканы ұсынады. 15. Осы Шарт шеңберінде Өнім беруші тендерлік құжаттамада көрсетілген қызметтерді ұсынуы тиіс. 16. Ілеспе қызметтердің бағасы Шарттың бағасына кіреді. 17. Тапсырыс беруші Өнім берушіден Өнім беруші дайындайтын немесе өткізетін қосалқы бөлшектер туралы ақпаратты, атап айтқанда Тапсырыс беруші Өнім берушіден сатып алу үшін таңдай алатын және кепілдік мерзімі өткеннен кейін оларды пайдалана алатын қосалқы бөлшектердің құны мен номенклатурасын ұсынуды талап ете алады. 18. Өнім беруші қосалқы бөлшектерді өндіруді тоқтатқан кезде: а) Тапсырыс берушіге қажетті мөлшерде қажетті сатып алуды жүргізуге мүмкіндік беру үшін өндірістің алдағы тоқтауы туралы алдын ала хабарлауы; б) қажет болған жағдайда өндіріс тоқтатылғаннан кейін Тапсырыс берушіге қосалқы бөлшектерге жоспарларды, сызбаларды және техникалық құжаттаманы тегін беруі тиіс. 19. Өнім беруші Шарт шеңберінде берілген тауарлардың: 1) егер шартта өзгеше көзделмесе, конструкциялар мен материалдардың барлық соңғы модификацияларын көрсететін жаңа, пайдаланылмаған, ең жаңа не сериялық модельдер болып табылатынына; 2) Тапсырыс берушінің елі үшін әдеттегі жағдайларда берілген тауарларды қалыпты пайдалану кезінде конструкциясына, материалдарына немесе жұмысына байланысты ақаулары болмайтынына кепілдік береді. 20. Тапсырыс беруші ұсынған техникалық ерекшелікке қатаң сәйкестікте Өнім беруші дайындаған конструкцияларда, материалдарда ақаулар пайда болса Өнім беруші Тапсырыс берушінің техникалық ерекшелікте жол берген олқылықтары үшін жауапты болмайды. 21. Бұл кепілдік тауарлардың бүкіл партиясын немесе оның бір бөлігін нақты жағдайға байланысты жеткізгеннен және оларды Шартта көрсетілген соңғы межелі пунктте қабылдағаннан кейін жыл бойы жарамды. 22. Тапсырыс беруші осы кепілдікке байланысты барлық наразылықтар туралы Өнім берушіні жазбаша түрде жедел хабардар етуге міндетті. 23. Тауардың істен шығуы туралы хабарламаны алғаннан кейін Өнім беруші хабарламаны алған кезден бастап 72 (жетпіс екі) сағаттан аспайтын мерзімде болжамды жөндеудің себептерін, мерзімдерін айқындау үшін білікті маманның жергілікті жерге шығуын қамтамасыз етуге тиіс. Өнім беруші дайындаушы зауыт өндірген қосалқы бөлшектер мен тораптарды пайдалана отырып жөндеу немесе Тапсырыс беруші тарапынан қандай да бір шығыстарсыз ақаулы тауарды немесе оның бөлігін ауыстыруды бір ай ішінде жүргізуге тиіс. 24. Егер Өнім беруші хабарламаны алып, бір ай ішінде ақауды(ларды) түзетпесе, Тапсырыс беруші Өнім берушінің есебінен және Тапсырыс берушінің Өнім берушіге қатысты Шарт бойынша иелене алатын басқа құқықтарына қандай да бір залалсыз ақауларды түзету бойынша қажетті санкциялар мен шараларды қолдана алады. 25. Екі тарап қол қойған жазбаша өзгерістерді қоспағанда, Шарт құжаттарына ешқандай ауытқуларға немесе өзгерістерге (сызбалар, жобалар немесе техникалық ерекшеліктер, тиеп-жөнелту, буып-түю әдісі, жеткізу орны немесе Өнім беруші ұсынатын қызметтер және өзгелер) жол берілмейді. 26. Егер кез келген өзгеріс Өнім берушіге Шарт бойынша тауарлардың кез келген бөлігін беру үшін қажетті құнның немесе мерзімдердің азаюына әкелетін болса, онда шарттың бағасы немесе беру графигі немесе екеуі де тиісті түрде түзетіледі, ал Шартқа тиісті түзетулер енгізіледі. Өнім берушінің осы баптың шеңберінде түзету жүргізуге барлық сұрау салулары Өнім беруші тапсырыс берушіден өзгерістер туралы өкім алған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде ұсынылуға тиіс. 6-тарау. Тараптардың жауапкершілігі 27. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін біреуге толықтай да, ішінара да бермеуге тиіс. 28. Тауарларды беруді және қызметтерді көрсетуді Өнім беруші баға кестесінде көрсетілген кестеге сәйкес жүзеге асыруға тиіс. 29. Өнім беруші тарапынан жеткізудің орындалуының кешіктірілуі Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді ұстап қалуға және тұрақсыздық айыбын төлеуге алып келеді. 30. Егер Шартты орындау кезеңінде Өнім беруші кез келген сәтте тауарларды уақтылы беруге кедергі келтіретін жағдайларға тап болса, Өнім беруші Тапсырыс берушіге кешіктіру фактісі, оның болжамды ұзақтығы және себебі (себептері) туралы дереу жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Өнім берушіден хабарлама алғаннан кейін Тапсырыс беруші жағдайды бағалауға тиіс және бюджеттік бағдарлама әкімшісімен келісу бойынша Өнім берушінің Шартты орындау мерзімін ұзарта алады. Бұл жағдайда мұндай ұзартуды тараптар Шартқа түзетулер енгізу арқылы ратификациялауға тиіс. 31. Егер өнім беруші тауарларды шартта көзделген мерзімдерде жеткізе алмаса, форс-мажорлық талаптарды қоспағанда, тапсырыс беруші шарт шеңберінде өзінің басқа құқықтарына нұқсан келтірмей, берілмеген немесе мерзімдерін бұза отырып берілген тауар сомасының 10 (он) пайызынан аспайтын әрбір мерзімі өткен күн үшін 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайыз мөлшеріндегі соманы тұрақсыздық айыбы түрінде шарттың бағасынан шегереді. 32. Егер Шартты орындауды кешіктіру форс-мажор жағдайлардың нәтижесі болып табылса, Өнім беруші өзінің Шарттың орындалуын қамтамасыз етуінен айырылмайды және тұрақсыздық айыбын төлеуге немесе Шарттың талаптарын орындамауына байланысты оны бұзуға жауапты болмайды. 33. Шарттың мақсаттары үшін форс-мажор Тараптың қателікке немесе немқұрайлыққа байланысты емес және бұл жағдайлар Тараптардың кез келгенінің шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауын мүмкін емесжағдайда, күтпеген сипатқа ие оқиғаны білдіреді және еңсерілмейтін күш (дүлей зілзалалар, міндеттемелерді орындауға тыйым салатын немесе қандай да бір өзгеше түрде кедергі келтіретін мемлекеттік органдардың нормативтік актілерін немесе өкімдерін шығару, әскери іс-қимылдар, өндірісті тоқтата тұру немесе тоқтату және еңсерілмейтін күштің (форс-мажордың) туындағанын дәлелдейтін көрсетілген жағдайлар) оқиғаны білдіреді. 34. Форс-мажор жағдайлар туындаған кезде, олар туындаған Тарап екінші Тарапқа осындай жағдайлар және олардың себептері туралы жазбаша хабарлама жібереді және форс-мажор жағдайлар туындаған кезден бастап күнтізбелік он күн ішінде олардың туындағанын тиісті құжаттармен растайды. Бұл жағдайда Шарттың қолданылуы форс-мажор жағдайлар тоқтатылғанға дейін тоқтатыла тұрады және Шарттың қолданылу мерзімі форс-мажор жағдайлардың қолданылу мерзіміне сәйкес ұзартылады. Тараптың хабарламауы немесе уақтылы хабарламау Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босататын негіз ретінде жоғарыда көрсетілген жағдайлардың кез келгеніне сілтеме жасау құқығынан айырады. 35. Егер форс-мажор жағдайлар күнтізбелік бір айдан астам уақытқа созылса, Тараптар бұл туралы жазбаша келісім жасасу жолымен Шарттың қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдауға құқылы. Бұл ретте Тараптар нақты берілген тауар үшін өзара есеп айырысуды жүргізеді. 36. Егер Өнім беруші банкрот немесе төлеуге қабілетсіз болса, Тапсырыс беруші Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, Шартты кез келген уақытта бұза алады. Бұл жағдайда бұзу дереу жүзеге асырылады және егер Шартты бұзу зиян келтірмесе немесе іс-әрекеттерді жасауға немесе Тапсырыс берушіге қойылған немесе кейіннен қойылатын санкцияларды қолдануға қандай да бір құқықтарды қозғамаса, Тапсырыс беруші Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндет көтермейді. 37. Тапсырыс беруші Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, Шартты одан әрі орындаудың орынсызд болуына байланысты оны кез келген уақытта бұза алады. Хабарламада Шартты бұзудың себебі көрсетілуге тиіс, күші жойылған шарттық міндеттемелердің көлемі, сондай-ақ Шартты бұзудың күшіне енген күні көрсетілуге тиіс. Шарт осындай жағдайларға байланысты күшін жойған кезде Өнім беруші Шартты бұзуға байланысты бұзатын күнге іс жүзіндегі шығындар үшін ғана ақы талап етуге құқылы. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша немесе оған байланысты олардың арасында туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды тікелей келіссөздер процесінде шешуге барлық күш-жігерін салуға тиіс. 38. Егер осындай келіссөздер басталғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн ішінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша дауды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады. 39. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ осы Шартты жасасуға немесе тоқтатуға байланысты Тараптар мен олардың қызметкерлері және Тараптарға белгілі болғандай, олардың үлестес тұлғалары, агенттері, өкілдері, делдалдары және (немесе) қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) Қазақстан Республикасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын бұзатын не бұзуға ықпал ететін әрекеттерді жасамайтынын, ондай іс-әрекет жасауға түрткі болмайды, сондай-ақ Шартқа қосымшаға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды сақтайтынын растайды. 7-тарау. Құпиялылық 40. Шарттың қолданысының нәтижесінде бір Тараптың екінші Тарап үшін ұсынған ақпараты Шарттың уақыты өткеннен кейін немесе оны бұзғаннан кейін 3 (үш) жылға дейін құпия болып табылады, келесі жағдайлардан басқа, егер ақпарат: 1) ашу кезінде жария қол жетімді болуы; 2) жария етілгеннен кейін екінші Тарапқа жария етуші Тарап Шартты жариялау жолымен немесе оны бұзбай өзгеше түрде (мемлекеттік, құқық қорғау және сот органдарының сұрату бойынша ұсыну жолымен) жария пайдалануға түссе; 3) басқа Тарап ашқан кезде Тараптардың иелігінде болып және осындай Тараптан тікелей немесе жанама алынбаса; 4) үшінші тараптан алынды, алайда мұндай ақпарат құпиялылықты кепілдендіретін Тараптан тікелей немесе жанама ұсынылмаса; 5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда сотқа, мемлекеттік органдарға, жеке сот орындаушыларына ұсынылса құпия болып табылмайды. 41. Шартқа сәйкес өзінің міндеттемелерін растайтын Тарап осындай міндеттемелердің бұзушылығы белгіленген кезде өзіне дәлелдеу ауыртпалығын жүктейді. 8-тарау. Қорытынды ережелер 42. Шарт қазақ және орыс тілдерінде жасалады. Егер Шарттың екінші тарабы шетелдік ұйым болып табылған жағдайда, екінші данасы Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес тілге аударылуы мүмкін. Шартты сот тәртібімен қарау қажет болған жағдайда шарттың қазақ немесе орыс тілдеріндегі данасы қаралады. Тараптар алмасатын Шартқа қатысты барлық хат алмасу және басқа да құжаттама осы талаптарға сәйкес келуге тиіс. 43. Шартқа сәйкес бір тарап екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама кейіннен түпнұсқасы беріле отырып, хат, жеделхат, телекс немесе факс түрінде жіберіледі. 44. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе күшіне енудің көрсетілген күні (егер хабарламада көрсетілсе) осы күндердің қайсысы кешірек болатынына байланысты күшіне енеді. 45. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер Қазақстан 46. Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді тендерлік құжаттамада көзделген нысанда, көлемде және шарттарда енгізуге міндетті. 47. Осы Шарт Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органында тіркегеннен кейін (мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер үшін) не Тараптар қол қойғаннан және Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін күшіне енеді. 48. Осы тауарды сатып алу Шарты Тапсырыс берушінің дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуды жүзеге асыруы процесінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді. Осы Шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына, Тапсырыс берушінің тендерлік құжаттамасына, Өнім берушінің тендерлік өтініміне және тендер қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес келуге тиіс. 9-тарау. Тараптардың мекенжайлары, банктік деректемелері және қолдары Тапсырыс беруші: _____________________ БСН Заңды мекенжайы: Банктік деректемелер Телефон, e-mail Лауазымы _____________ Қолы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) Мөрі (бар болған жағдайда) Өнім беруші: _____________________ БСН Заңды мекенжайы: Банктік деректемелер Телефон, e-mail Лауазымы _____________ Қолы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) Мөрі (бар болған жағдайда)
Басқа 1. Шартқа сатып алынатын тауарларды берудің ерекшелігі мен графигі (тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында) ____________ жылғы № _______
____________ № _______ тауарды сатып алудың үлгі шартына (тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында) 1-қосымша Шартқа сатып алынатын тауарларды берудің ерекшелігі мен графигі (тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында) ____________ жылғы № _______ Р/с № Та­у­ар­дың ата­уы Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы Өл­шем бір­лі­гі Өлш.бірл. үшін ба­ға­сы Пре­па­рат­тың өлш. бірл шақ­қан­да­ғы са­ны Со­ма­сы, тең­ге­мен Са­уда­лық ата­уы, өл­шеп ора­луы Өн­ді­ру­ші, ел Бе­ру гра­фи­гі Тапсырыс беруші: ______________________ БСН Заңды мекенжайы: Банк деректемелері Телефон, e-mail Лауазымы ____________________ Қолы, аты-жөні (әкесінің аты, бар болған жағдайда) Мөр (бар болған жағдайда) Өнім беруші: _____________________ БСН Заңды мекенжайы: Банк деректемелері Телефон, e-mail Лауазымы ____________________ Қолы, аты-жөні (әкесінің аты, бар болған жағдайда) Мөр (бар болған жағдайда
Басқа 2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптар
____________ жылғы № _______ тауарды сатып алу үлгі шартына (тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында) 2-қосымша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптар
Тармақ 1
1. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ осы Шартты жасасуға немесе тоқтатуға байланысты Тараптар мен олардың жұмыскерлері және Тараптарға белгілі болғандай, олардың үлестес тұлғалары, агенттері, өкілдері, делдалдары және (немесе) қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) Қазақстан Республикасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын бұзатын не бұзуға ықпал ететін әрекеттерді жасамайды, оларды жасауға ынталандырмайды, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында қандай да бір заңсыз артықшылықтарды немесе өзге де заңсыз мақсаттарды алу мақсатында осы тұлғалардың әрекеттеріне немесе шешімдеріне ықпал ету үшін кез келген тұлғаларға тікелей немесе жанама түрде қандай да бір ақшалай қаражатты немесе құндылықтарды төлемейді, төлеуді ұсынбайды және төлеуге рұқсат бермейді деп сендіреді.
Тармақ 2
2. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ осы Шартты жасасуға немесе тоқтатуға байланысты Тараптар мен олардың жұмыскерлері және Тараптарға белгілі болғандай, олардың үлестес тұлғалары, агенттері, өкілдері, делдалдары және (немесе) қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) осы Шарттың мақсаттары үшін қолданылатын заңнамада қолданылатын пара беру/алу, коммерциялық сатып алу сияқты әрекеттерді, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын бұзатын әрекеттерді жүзеге асырмайтындығына сендіреді.
Тармақ 3
3. Осы Шарт Тараптарының әрқайсысы басқа Тараптың жұмыскерлерін қандай да бір жолмен, оның ішінде ақшалай сомаларды, сыйлықтарды беру, олардың атына жұмыстарды (қызметтерді) өтеусіз орындау жолымен және жұмыскерді белгілі бір тәуелділікке қоятын және осы жұмыскердің оны ынталандыратын тараптың пайдасына қандай да бір іс-әрекеттерді орындауын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да тәсілдермен ынталандырудан бас тартады.
Тармақ 4
4. Тараптардың әрқайсысы екінші Тараптан осы Шарттың орындалу барысын талдау мақсатында осы Шарттың орындалуы жөніндегі мәліметтерді қамтитын құжаттарды сұратады.
Тармақ 5
5. Тарапта қандай да бір сыбайлас жемқорлыққа қарсы жағдайлардың бұзылғаны немесе орын алуы мүмкін деген күдік туындаған жағдайда, тиісті Тарап екінші Тарапты жазбаша нысанда хабардар етеді.
Тармақ 6
6. Жазбаша хабарламада Тарап контрагенттің, оның үлестес тұлғаларының, жұмыскерлерінің, агенттерінің, өкілдерінің, делдалдардың және (немесе) қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) осы шарттардың қандай да бір ережелерін бұзу болғанын немесе болуы мүмкін екенін анық растайтын немесе болжауға негіз болатын, қолданылатын заңнамада пара беру немесе алу, коммерциялық сатып алу ретінде сараланатын әрекеттерден, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын бұзатын әрекеттерден көрінетін фактілерге сілтеме жасайды немесе материалдарды ұсынады.
Тармақ 7
7. Осы Шарттың Тараптары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі рәсімдердің жүргізілуін мойындайды және олардың сақталуын бақылайды. Бұл ретте тараптар сыбайлас жемқорлық қызметіне болжалды түрде тартылған контрагенттермен іскерлік қатынастардың болуын барынша азайту үшін ақылға қонымды күш-жігер жұмсайды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бір-біріне өзара жәрдем көрсетеді.
Тармақ 8
8. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптардың 5-тармағына сәйкес жазбаша хабарлама алған Тарап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде тергеу жүргізеді және оның нәтижелерін екінші Тараптың атына береді.
Басқа 6. Фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған үлгі шарт (тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында)
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына 6-қосымша Нысан Фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған үлгі шарт (тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында) ___________________ «____» ___________ ж. (орналасқан жері) Бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын ________________________ (бюджеттік бағдарлама әкімшісінің толық атауы) ___________________________ атынан (уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) _______________ негізінде әрекет ететін бір тараптан және бұдан әрі «Өнім беруші» деп аталатын _____________________ (Өнім берушінің толық атауы) ____________________ атынан (уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) _______________ (Жарғының, Ереженің) негізінде әрекет ететін екінші тараптан, «Халық денсаулығы және жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің, «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 110 бұйрығы негізінде (бұдан әрі – Қағидалар), төмендегілер туралы осы «____» ___________ 20___ жылы өткізілген фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу қорытындыларының негізінде Фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты:
Тарау 1. 1-тарау. Шарттың мәні
1-тарау. Шарттың мәні
Тармақ 1
1. Өнім беруші елді мекендерде Шартқа 1-қосымшада көрсетілген амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету жүзеге асырылатын дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізу объектілерінің тізбесін көрсетеді.
Тармақ 2
2. Тапсырыс беруші Шартқа 2-қосымшаға сәйкес тізбе және сома бойынша Өнім берушінің шығындарын өтейді.
Тарау 2. 2-тарау. Есептеу тәртібі
2-тарау. Есептеу тәртібі
Тармақ 3
3. Шарттың сомасы ____________ жылға __________ теңгені (соманы сандармен және жазумен көрсету) құрайды: БСК __________________, мұнда _____ - (ММ тапсырыс берушінің атауы) Бюджеттік бағдарлама _____ - «Облыстардың жергілікті өкілді органдарының шешімі бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қосымша қамтамасыз ету», _____ - «жергілікті бюджет қаражаты есебінен» Шығыстардың ерекшелігі - (Басқа қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу)
Тармақ 4
4. Төлем нысаны: көрсетілген қызметтер фактісі бойынша төлем кестесіне (6-қосымша) сәйкес өнім берушінің есеп шотына ақша қаражатын аудару. Шарттың жалпы сомасынан 30% – ____________ теңге (______________ теңге ______ тиын) мөлшерінде позицияны аванстауға жол беріледі – _________________ теңге (________________________ теңге 00 тиын), 70% көрсетілген қызметтер фактісі бойынша-______________ (____________ теңге _____ тиын) құрайды.
Тармақ 5
5. Тапсырыс беруші Өнім берушінің іс жүзінде көрсетілетін қызметтерінің шығындарын бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларында көзделген қаражат шегінде өтейді. Аванс сомасы орындалған қызметтер көлемі бойынша ай сайын ұсталады.
Тармақ 6
6. Шығындарды өтеу ұсынылған рецептілер тізілімін салыстыру негізінде көрсетілген фармацевтикалық қызмет актісіне сәйкес ай сайын жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Санаттар мен нозологиялар бойынша жинақ ДҚАЖ-дан қалыптастырылады және ҚР ДСМ «Салидат Қайырбекова атындағы ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК НҚС директоры куәландырады.
Тармақ 8
8. Төлем орындалған жұмыстар актісін және санаттар мен нозологиялар бойынша жинақтауды ұсыну фактісі бойынша жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Шарттың сомасы фармацевтикалық көрсетілген қызметтер ескеріле отырып, түзетілуі тиіс.
Тармақ 10
10. Өнім беруші шартқа 2-қосымшаға сәйкес дәрілік заттарды сатып алу бойынша ҚҚС төлеуші болып табылмайды.
Тарау 3. 3-тарау. Тараптардың міндеттері мен құқықтары
3-тарау. Тараптардың міндеттері мен құқықтары
Тармақ 11
11. Өнім беруші: 11.1 Шартқа 1-қосымшаға сәйкес халыққа Тапсырыс беруші белгілеген тізбе бойынша елді мекендерде фармацевтикалық қызметтер көрсетуге; 11.2 халыққа ауру түрлерінің тізбесі және амбулаториялық емдеген кезде дәрілік заттар мен арнайы емдік өнімдер тегін және жеңілдік шарттармен берілетін халықтың жекелеген санаттары туралы, өткізетін бағасы мен дәрілік заттардың құнын өтеу сомалары туралы көрнекі ақпарат беруге; 11.3 «ДҚАЖ» амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету бойынша дерек қорға нақты деректер енгізуге; 11.4 ҚР ДСМ «Салидат Қайырбекова атындағы ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК НҚС-қа (филиал атына) ҚР ДСМ «ДҚАЖ» бағдарламасындағы электрондық нұсқадағы рецепттер тізілімі (3-қосымша), сондай-ақ осы Шартқа 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басшының қолымен және мөрімен расталған қағаз жеткізгіштердегі санаттар мен нозологиялар бойынша жиынтықты ай сайын 25 күніне дейін ұсынуға; 11.5 Тапсырыс берушіге осы Шарттың орындалуына тексеру жүргізу үшін қажетті барлық құжаттаманы беруге. 11.6 медициналық ұйымдардың базасында жазылған және босатылған рецепттер бойынша медициналық ұйымдармен салыстырып тексеруді апта сайын жүзеге асыруға; 11.7 тауарды беруді дереу бастау мақсатында әлеуетті өнім беруші өзінің қоймасында айлық қажеттіліктің кемінде 1/10 көлемінде дәрілік заттардың міндетті түрде болуын қамтамасыз етуге; 11.8 5-қосымшаға сәйкес медициналық ұйымдар бөлінісінде Тапсырыс берушінің бөлінуіне және беру графигіне сәйкес халыққа рецепт бойынша дәрілік заттарды уақтылы босатуды қамтамасыз етуге; 11.9 ТМККК шеңберінде амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету үшін келіп түскен дәрілік заттар «Тегін» деген белгісі бар арнайы мөртабанмен белгіленеді; 11.10 Өнім беруші ____________ жылға дейінгі мерзімге Тапсырыс берушінің шотына 3% мөлшерінде тендерлік құжаттамада көзделген нысанда, көлемде және талаптарда шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуге міндетті.
Тармақ 12
12. Тапсырыс беруші 12.1 орындалған жұмыстардың актілері мен санат және нозология бойынша жинақтар негізінде көрсетілген фармацевтикалық қызметтер үшін Өнім берушінің шығындарын уақтылы өтеуге; 12.2 Өнім берушіні тегін және жеңілдікті рецепттер беруді жүзеге асыратын дәрігерлер мен емдеу-профилактикалық ұйымдар туралы ақпаратпен қамтамасыз етуге; 12.3 Қазақстан Республикасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету мәселелері жөнінде халықты ақпараттандыруға бағытталған қажетті ұйымдастыру іс-шараларын өткізуге міндеттенеді.
Тарау 4. 4-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
4-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
Тармақ 13
13. Өнім беруші: 13.1 Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес фармацевтикалық қызмет көрсету бойынша жіберілген бұзушылық жағдайлары (Тапсырыс беруші белгілеген дәрілік заттармен қамтамасыз етуден бас тарту, сапасыз препараттарды босату) үшін; 13.2 дәрілік заттарды өткізуге рұқсаты (құқығы) жоқ объектілерден дәрілік заттарды өткізгені үшін; 13.3 заңнамада белгіленген тәртіппен Тапсырыс берушіден алынған қаражатты мақсатсыз пайдаланғаны үшін; 13.4 «ДҚАЖ» амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету бойынша дерек қорына енгізілетін деректердің дәйектілігі үшін; 13.5 Тапсырыс берушіге ай сайын дәрілік заттарды босату жүзеге асырылған рецепттер тізілімін беруге жауапты болады.
Тармақ 14
14. Тапсырыс беруші: 14.1 Өнім берушіні тегін және жеңілдікті рецепттер беруді жүзеге асыратын дәрігерлер мен емдеу-профилактикалық ұйымдары туралы ақпаратпен қамтамсыз етуге; 14.2 Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындалған жұмыстар актісін салыстыру негізінде Өнім берушінің іс жүзінде көрсеткен медициналық көмектің көлемі үшін шығындарды өтеуге ақша қаражатын уақтылы аударуға; 14.3 амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету бойынша автомттандырылған дерек қорын жүргізуге жауапты болады.
Тармақ 15
15. Өнім берушінің тарапынан фармацевтикалық қызмет көрсету жөніндегі Шарттың талаптарын бұзу оған жүктелген мынадай санкцияларға: беру графигіне сәйкес берілмеген немесе мерзімдері бұзылып берілген әрбір мерзімі өткен күнтізбелік күн үшін орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,01% (нөл бүтін жүзден бір) пайыз мөлшерінде тұрақсыздықты төлеуге немесе Шарттың күшін жоюға әкелуі мүмкін.
Тармақ 16
16. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ осы Шартты жасасуға немесе тоқтатуға байланысты Тараптар мен олардың жұмыскерлері және Тараптарға белгілі болғандай, олардың үлестес тұлғалары, агенттері, өкілдері, делдалдары және (немесе) қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) Қазақстан Республикасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын бұзатын не бұзуға ықпал ететін әрекеттер жасамайтынын, оларды жасауға түрткі болмайтынын, сондай-ақ Шартқа 4-қосымшаға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды сақтайтынын растайды.
Тарау 5. 5-тарау. Шартты өзгерту және бұзу
5-тарау. Шартты өзгерту және бұзу
Тармақ 17
17. Осы Шарттың талаптары Тараптардың жазбаша келісуі бойынша өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін.
Тармақ 18
18. Шартты мерзімінен бұрын тоқтату ниеті туралы Тараптар Шартты тоқтатудың болжамды күніне дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын бірін-бірі хабардар етуге міндетті.
Тармақ 19
19. Шарттың талаптарын бұзғаны үшін Тапсырыс беруші міндеттемелерді орындамағаны туралы Өнім берушіге жазбаша хабарлама жіберіп, Шартты бір жақты тәртіппен бұза алады.
Тарау 6. 6-тарау. Форс-мажор
6-тарау. Форс-мажор
Тармақ 20
20. Форс-мажор жағдайлары туындаған кезде Өнім беруші Тапсырыс берушіге кідіртпей осы жағдайлар мен олардың себептері туралы жазбаша хабарлама жіберуі тиіс.
Тармақ 21
21. Шарттың мақсаттары үшін форс-мажор Тараптың жаңсақтығына немесе салғырттығына байланысты емес және бұл жағдайлар Тараптардың кез келгенінің шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауын мүмкін етпеген жағдайда, Тараптардың кез келгенінің бақылауына бағынбайтын күтпеген сипатқа ие (дүлей зілзалалар, міндеттемелерді орындауға тыйым салатын немесе қандай да бір өзгеше түрде кедергі келтіретін мемлекеттік органдардың нормативтік актілерін немесе өкімдерін шығару, әскери іс-қимылдар, өндірісті тоқтата тұру немесе тоқтату және еңсерілмейтін күштің (форс-мажордың) туындағаны туралы куәлікте көрсетілген жағдайлар) оқиғаны білдіреді.
Тарау 7. 7-тарау. Құпиялылық
7-тарау. Құпиялылық
Тармақ 22
22. Шарттың қолданысының нәтижесінде бір Тараптың екінші Тарап үшін ұсынған ақпараты Шарттың уақыты біткеннен кейін немесе бұзғаннан кейін 3 (үш) жылға дейін құпия болып табылады, келесі жағдайлардан басқа, егер ақпарат:
Тармақша 1
1) ашу кезінде жұртшылықтың қолы жетімді;
Тармақша 2
2) жария етілгеннен кейін екінші Тарапқа жария етуші Тарап Шартты жариялау жолымен немесе өзгеше түрде бұзбай (мемлекеттік, құқық қорғау және сот органдарының сұрау салулары бойынша ұсыну жолымен) жария пайдалануға түссе;
Тармақша 3
3) басқа Тарап ашу кезінде Тараптардың иелігінде болып және осындай Тараптан тікелей немесе жанама алынбаса;
Тармақша 4
4) үшінші тараптан алынды, алайда мұндай ақпарат құпиялылықты кепілдендіретін Тараптан тікелей немесе жанама ұсынылмаса;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда сотқа, мемлекеттік органдарға, жеке сот орындаушыларына ұсынылса құпия болып табылмайды.
Тармақ 23
23. Шартқа сәйкес өзінің міндеттемелерін растайтын Тарап осындай міндеттемелерді бұзуды белгілеген кезде өзіне дәлелдеу ауыртпалығын жүктейді.
Тарау 8. 8-тарау. Қорытынды ережелер
8-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 24
24. Тараптардың ешқайсысының екінші тараптың жазбаша келісімінсіз осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін үшінші тарапқа беруге құқығы жоқ.
Тармақ 25
25. Осы Шарт бірдей заңды күші бар 2 (екі) данада жасалған, бір дана Тапсырыс берушіде, екіншісі Өнім берушіде болады.
Тармақ 26
26. Осы Шарт Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің аумақтық органында тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және 20___ жылғы ____________ дейін қолданылады.
Тарау 9. 9-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік деректемелері және қолдары
9-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік деректемелері және қолдары ТАПСЫРЫС БЕРУШІ: ӨНІМ БЕРУШІ: Тапсырыс беруші _____________________ БСН Заңды мекенжайы: Банктік деректемелер Телефон, e-mail Лауазымы _____________ Қолы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) Мөрі (бар болған жағдайда) Күні Өнім беруші: ____________________ БСН Заңды мекенжайы: Банктік деректемелер Телефон, e-mail Лауазымы _____________ Қолы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) Мөрі (бар болған жағдайда) Күні
Басқа 1. Амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді жүзеге асыратын дәрілік заттарды бөлшек саудада сату объектілерінің тізбесі
___________ ж. фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған № ______ шартқа 1-қосымша Амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді жүзеге асыратын дәрілік заттарды бөлшек саудада сату объектілерінің тізбесі Елді мекеннің атауы Бөлшек саудада сату объектісінің атауы (дәріхана, дәріхана пункті, дәріхана дүңгіршегі, ауылдық ОДА, АУА, ФАП, ФП) Мекенжайы Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері ТАПСЫРЫС БЕРУШІ: ӨНІМ БЕРУШІ: Тапсырыс беруші _____________________ БСН Заңды мекенжайы: Банктік деректемелер Телефон, e-mail Лауазымы _____________ Қолы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) Мөрі (бар болған жағдайда) Күні Өнім беруші: ____________________ БСН Заңды мекенжайы: Банктік деректемелер Телефон, e-mail Лауазымы _____________ Қолы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) Мөрі (бар болған жағдайда) Күні
Басқа 2. _______ жылғы № ___ Шартқа ерекшелік
Фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шартқа 2-қосымша _______ жылғы № ___ Шартқа ерекшелік Р/с № Ау­ру­дың ата­уы Пре­па­рат­тың ата­уы, до­за­ла­нуы және шы­ға­ры­лу ны­са­ны Өлш. бірл. На­у­қа­стар­дың са­ны Өлш. бірл. ба­ға­сы Өлш. бірл. пре­па­рат­тар са­ны Со­ма­сы Қап­та­ма үшін ба­ға­сы Қап­та­ма­да­ғы пре­па­рат са­ны Со­ма­сы Са­уда­лық ата­уы, до­за­ла­нуы және ора­луы Тапсырыс беруші Өнім беруші
Басқа 5. _______ жылғы № ___ шартқа беру графигі
Фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шартқа 5-қосымша _______ жылғы № ___ шартқа беру графигі Р/с № Ау­ру­дың ата­уы Пре­па­рат­тың ата­уы, до­за­ла­нуы және шы­ға­ры­лу ны­са­ны Өлш. бірл. На­у­қа­стар­дың са­ны Өлш. бірл. ба­ға­сы Өлш. бірл. пре­па­рат тар са­ны Со­ма­сы Қап­та­ма үшін ба­ға­сы Қап­та­ма­да­ғы пре­па­рат са­ны Со­ма­сы Са­уда­лық ата­уы, до­за­ла­нуы және ора­луы Бе­ру мер­зі­мі Тапсырыс беруші Өнім беруші Заказчик Поставщик
Басқа 3
______________ жылғы фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған № ______ шартқа 3-қосымша _________ 2024 жылғы _________ дейінгі кезеңде __________________ өнім берушінің амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету бойынша рецепттердің жиынтық тізілімі Рецепттер № Тегін және (немесе) жеңілдікті рецепттер жазып берген медициналық ұйымның атаулары Дәрілік заттардың атаулары Дозалануы және шығарылу нысаны Саны Сату бағасы Өтеуге арналған сома Құрастырды: Босатылған дәрілік заттар туралы мәліметтер «ДҚАЖ» дерекқорымен салыстырылды Өнім беруші ҚР ДСМ «Салидат Қайырбекова атындағы ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК НҚС директоры ТАӘ _________________________ «___» _________ 202 __ ж. ТАӘ _________________________ «___» _________ 202 __ ж.
Басқа 4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптар
______________ жылғы фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған № ______ шартқа 4-қосымша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптар
Тармақ 1
1. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ осы Шартты жасасуға немесе тоқтатуға байланысты Тараптар мен олардың жұмыскерлері және Тараптарға белгілі болғандай, олардың үлестес тұлғалары, агенттері, өкілдері, делдалдары және (немесе) қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) Қазақстан Республикасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын бұзатын не бұзуға ықпал ететін әрекеттерді жасамайды, оларды жасауға ынталандырмайды, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында қандай да бір заңсыз артықшылықтарды немесе өзге де заңсыз мақсаттарды алу мақсатында осы тұлғалардың әрекеттеріне немесе шешімдеріне ықпал ету үшін кез келген тұлғаларға тікелей немесе жанама түрде қандай да бір ақшалай қаражатты немесе құндылықтарды төлемейді, төлеуді ұсынбайды және төлеуге рұқсат бермейді деп сендіреді.
Тармақ 2
2. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ осы Шартты жасасуға немесе тоқтатуға байланысты Тараптар мен олардың жұмыскерлері және Тараптарға белгілі болғандай, олардың үлестес тұлғалары, агенттері, өкілдері, делдалдары және (немесе) қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) осы Шарттың мақсаттары үшін қолданылатын заңнамада қолданылатын пара беру/алу, коммерциялық сатып алу сияқты әрекеттерді, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын бұзатын әрекеттерді жүзеге асырмайтындығына сендіреді.
Тармақ 3
3. Осы Шарт Тараптарының әрқайсысы басқа Тараптың жұмыскерлерін қандай да бір жолмен, оның ішінде ақшалай сомаларды, сыйлықтарды беру, олардың атына жұмыстарды (қызметтерді) өтеусіз орындау жолымен және жұмыскерді белгілі бір тәуелділікке қоятын және осы жұмыскердің оны ынталандыратын тараптың пайдасына қандай да бір іс-әрекеттерді орындауын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да тәсілдермен ынталандырудан бас тартады.
Тармақ 4
4. Тараптардың әрқайсысы екінші Тараптан осы Шарттың орындалу барысын талдау мақсатында осы Шарттың орындалуы жөніндегі мәліметтерді қамтитын құжаттарды сұратады.
Тармақ 5
5. Тарапта қандай да бір сыбайлас жемқорлыққа қарсы жағдайлардың бұзылғаны немесе орын алуы мүмкін деген күдік туындаған жағдайда, тиісті Тарап екінші Тарапты жазбаша нысанда хабардар етеді.
Тармақ 6
6. Жазбаша хабарламада Тарап контрагенттің, оның үлестес тұлғаларының, жұмыскерлерінің, агенттерінің, өкілдерінің, делдалдардың және (немесе) қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) осы шарттардың қандай да бір ережелерін бұзу болғанын немесе болуы мүмкін екенін анық растайтын немесе болжауға негіз болатын, қолданылатын заңнамада пара беру немесе алу, коммерциялық сатып алу ретінде сараланатын әрекеттерден, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын бұзатын әрекеттерден көрінетін фактілерге сілтеме жасайды немесе материалдарды ұсынады.
Тармақ 7
7. Осы Шарттың Тараптары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі рәсімдердің жүргізілуін мойындайды және олардың сақталуын бақылайды. Бұл ретте тараптар сыбайлас жемқорлық қызметіне болжалды түрде тартылған контрагенттермен іскерлік қатынастардың болуын барынша азайту үшін ақылға қонымды күш-жігер жұмсайды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бір-біріне өзара жәрдем көрсетеді.
Тармақ 8
8. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптардың 5-тармағына сәйкес жазбаша хабарлама алған Тарап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде тергеу жүргізеді және оның нәтижелерін екінші Тараптың атына береді.
Басқа 6. __________ жылғы № ____ шарт бойынша төлем графигі
______________ жылғы фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған № ______ шартқа 6-қосымша __________ жылғы № ____ шарт бойынша төлем графигі Шарттың сомасы: ___________ теңге (_____________ теңге 00 тиын). № Күні Төлем шарты Сомасы 1 жылдар 30% алдын ала төлем теңге (теңге __ тиын) 2 жылдар халыққа ДЗ босату фактісі бойынша теңге (теңге __ тиын) Барлығы: теңге (теңге __ тиын) Тапсырыс беруші _____________________ БСН Заңды мекенжайы: Банктік деректемелер Телефон, e-mail Лауазымы _____________ Қолы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) Мөрі (бар болған жағдайда) Күні Өнім беруші: ____________________ БСН Заңды мекенжайы: Банктік деректемелер Телефон, e-mail Лауазымы _____________ Қолы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) Мөрі (бар болған жағдайда) Күні
Басқа 7. Санаттар мен нозологиялар бойынша жиынтық
______________ жылғы фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған № ______ шартқа 7-қосымша Санаттар мен нозологиялар бойынша жиынтық Ха­лы­қа­ра­лық па­тент­тел­ме­ген ата­уы Са­уда лық ата­уы Өн­ді­ру­ші Шарт Қапт. Қап­та­ма­да­ғы бірл. 1 бірл. ба­ға­сы 1 қапт. ба­ға­сы Шар­тта­ғы бірл. Шар­тта­ғы со­ма Қам­ту бірл. Қам­ту со­ма­сы Құрастырды: Босатылған дәрілік заттар туралы мәліметтер «ДҚАЖ» дерекқорымен салыстырылды Өнім беруші ҚР ДСМ «Салидат Қайырбекова атындағы ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК НҚС директоры ТАӘ _________________________ «___» _________ 202 __ ж. ТАӘ _______________________ «___» _________ 202 __ ж.
Басқа 7. Медициналық техниканы сатып алу үшін техникалық ерекшелік сипаттамаларының сәйкестігіне қорытынды беру үшін өтініш
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына 7-қосымша Нысан Сараптама ұйымының атауы Медициналық техниканы сатып алу үшін техникалық ерекшелік сипаттамаларының сәйкестігіне қорытынды беру үшін өтініш 20___ жылғы «____» _________ 1. Өті­ніш бе­ру­ші­нің то­лық ата­уы (мен­шік ны­са­нын көр­се­те оты­рып) 2. Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка ту­ра­лы мә­лі­мет­тер Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның ата­уы Са­тып алу се­беп­те­рі (ал­ғаш рет, ескі­нің ор­ны­на және бас­қа­лар) 3. Ден­са­улық сақ­тау ұй­ы­мы­ның жал­пы мә­лі­мет­те­рі Бі­рін­ші бас­шы­ның неме­се оны ал­ма­сты­ра­тын адам­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар болған жағ­дай­да) Жо­ба­ны іс­ке асы­ру­ға жа­у­ап­ты адам­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар болған жағ­дай­да) Нақ­ты ме­кен­жайы (по­шта­лық ме­кен­жайы) Заң­ды ме­кен­жайы Банк де­ректе­ме­ле­рі ЖСН (БСН), БСК, ИИК, Кбе16 Банк - Жұ­мыс те­ле­фо­ны (бі­рін­ші бас­шы­ның неме­се оны ал­ма­сты­ра­тын адам­ның) Ұя­лы те­ле­фон Жұ­мыс те­ле­фо­ны (ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ны са­тып алу­ға жа­у­ап­ты адам­ның) Ұя­лы те­ле­фон (ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ны са­тып алу­ға жа­у­ап­ты адам­ның) Факс e-mail 4. Тех­ни­ка­лық си­патта­ма­ла­ры Тех­ни­ка­лық ерекше­лік­тен ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның са­лы­сты­ры­ла­тын па­ра­метр­ле­рі және жиын­тық­та­уы­шта­ры Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның тех­ни­ка­лық ерекше­лі­гі­нің па­ра­метр­ле­рі­нің және жиын­тық­та­уы­шта­ры­ның мән­де­рі Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның мо­дель­де­рі* Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның мо­де­лі 1 Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның мо­де­лі 2 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тір­кел­ген ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның тех­ни­ка­лық си­патта­ма­сы­ның па­ра­метр­ле­рі­нің және жиын­тық­та­уы­шта­ры­ның мән­де­рі: мо­де­лі_________, өн­ді­ру­ші, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның тір­кеу ку­ә­лі­гі­нің нө­мі­рі ____ Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тір­кел­ген ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның тех­ни­ка­лық си­патта­ма­сы­ның па­ра­метр­ле­рі­нің және жиын­тық­та­уы­шта­ры­ның мән­де­рі: мо­де­лі_________, өн­ді­ру­ші, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның тір­кеу ку­ә­лі­гі­нің нө­мі­рі ____ Осымен ұсынылған құжаттар мен материалдардың дұрыстығына, толықтығына және мазмұнына кепілдік беремін және растаймын. Аббревиатура: ЖСН (БСН) – жеке сәйкестендіру нөмірі (Бизнес сәйкестендіру нөмірі. БСК – Банктік сәйкестендіру коды. ЖСК – Клиенттің жеке сәйкестендіру коды. Kбе 16 – Бенефициар коды. Басшы немесе оны алмастыратын адам ______________________________________________________ (лауазымы тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)
Басқа 8. Медициналық техниканы сатып алу үшін техникалық ерекшелік сипаттамаларының сәйкестігіне қорытынды беру үшін өтініш
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына 8-қосымша Нысан БЕКІТЕМІН _____________ лауазымы ______________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) ________________ қолы _________________ күні Медициналық техниканы сатып алу үшін техникалық ерекшелік сипаттамаларының сәйкестігіне қорытынды беру үшін өтініш 20___ жылғы «____» _________ 1. Өті­ніш бе­ру­ші­нің то­лық ата­уы (мен­шік ны­са­нын көр­се­те оты­рып) 2. Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка ту­ра­лы мә­лі­мет­тер Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның ата­уы Са­тып алу се­беп­те­рі (ал­ғаш рет, ескі­нің ор­ны­на және бас­қа­лар) 3. Ден­са­улық сақ­тау ұй­ы­мы­ның жал­пы мә­лі­мет­те­рі Бі­рін­ші бас­шы­ның неме­се оны ал­ма­сты­ра­тын адам­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар болған жағ­дай­да) Жо­ба­ны іс­ке асы­ру­ға жа­у­ап­ты адам­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар болған жағ­дай­да) Нақ­ты ме­кен­жайы (по­шта­лық ме­кен­жайы) Заң­ды ме­кен­жайы Банк де­ректе­ме­ле­рі ЖСН (БСН), БСК, ИИК, Кбе16 Банк - Жұ­мыс те­ле­фо­ны (бі­рін­ші бас­шы­ның неме­се оны ал­ма­сты­ра­тын адам­ның) Ұя­лы те­ле­фон Жұ­мыс те­ле­фо­ны (ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ны са­тып алу­ға жа­у­ап­ты адам­ның) Ұя­лы те­ле­фон (ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ны са­тып алу­ға жа­у­ап­ты адам­ның) Факс e-mail 4. Тех­ни­ка­лық си­патта­ма­ла­ры Тех­ни­ка­лық ерекше­лік­тен ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның са­лы­сты­ры­ла­тын па­ра­метр­ле­рі және жиын­тық­та­уы­шта­ры Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның тех­ни­ка­лық ерекше­лі­гі­нің па­ра­метр­ле­рі­нің және жиын­тық­та­уы­шта­ры­ның мән­де­рі Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның мо­дель­де­рі* Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның мо­де­лі 1 Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның мо­де­лі 2 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тір­кел­ген ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның тех­ни­ка­лық си­патта­ма­сы­ның па­ра­метр­ле­рі­нің және жиын­тық­та­уы­шта­ры­ның мән­де­рі: мо­де­лі_________, өн­ді­ру­ші, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның тір­кеу ку­ә­лі­гі­нің нө­мі­рі ____ Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тір­кел­ген ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның тех­ни­ка­лық си­патта­ма­сы­ның па­ра­метр­ле­рі­нің және жиын­тық­та­уы­шта­ры­ның мән­де­рі: мо­де­лі_________, өн­ді­ру­ші, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның тір­кеу ку­ә­лі­гі­нің нө­мі­рі ____ Осымен ұсынылған құжаттар мен материалдардың дұрыстығына, толықтығына және мазмұнына кепілдік беремін және растаймын. Аббревиатура: ЖСН (БСН) – жеке сәйкестендіру нөмірі (Бизнес сәйкестендіру нөмірі. БСК – Банктік сәйкестендіру коды. ЖСК – Клиенттің жеке сәйкестендіру коды. Kбе 16 – Бенефициар коды. Басшы немесе оны алмастыратын адам ______________________________________________________ (лауазымы тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)
Басқа 9. Медициналық техниканы сатып алуға өтінім
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына 9-қосымша Нысан Медициналық техниканы сатып алуға өтінім Кімге: ____________________________ (бірыңғай дистрибьютордың атауы ____________________________________________________ (тапсырыс берушінің атауы) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) ____ тармағына сәйкес позициялардың жалпы саны ____ бірлік, жалпы сомасы ________________ теңгеге медициналық техниканы өтінімге қосымшаларға сәйкес сатып алуға өтінім жібереді. Өтінімге міндетті түрде 1 және 2-қосымша қоса беріледі. Басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) _____________
Басқа 9.1. Медициналық техниканың тізбесі
Медициналық техниканы сатып алуға өтінімге 1-қосымша Нысан «Бекітілді» Басшы ______________________ (өтініш берушінің атауы) ___________________________ (тегі, аты, әкесінің аты.) ___________________________ (қолы) ___________________________ (күні) Медициналық техниканың тізбесі № ҚРМБН нө­мі­рі Ба­ға, (тең­ге) Са­ны Со­ма­сы, (тең­ге) Бе­ру шар­тта­ры Тап­сы­рыс бе­ру­ші­нің ата­уы Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ны бе­ру ме­кен­жайы Тө­лем шар­тта­ры (% ал­дын ала тө­лем бар болған жағ­дай­да) Бе­ру мер­зі­мі, күн­тіз­бе­лік күн «__» ______ ж. ке­шік­тір­мей
Басқа 9.2. Техникалық ерекшелік*
Медициналық техниканы сатып алуға өтінімге 2-қосымша Нысан «Келісілді» Басшы ______________________ (өтініш берушінің атауы) ___________________________ (тегі, аты, әкесінің аты) ___________________________ (қолы) ___________________________ (күні) Техникалық ерекшелік* р/с № Өлшемшарттар Сипаттау 1 Медициналық техниканың атауы 2 Жиынтықтауға талаптар р/с № Медициналық техниканың жиынтықтаушылар ының атауы Медициналық техниканың жиынтықтаушылар ының техникалық сипаттамасы Талап етілетін саны (өлшем бірлігін көрсете отырып) Негізгі жиынтықтаушылар Қосымша жиынтықтаушылар Шығыс материалдары және тозатын түйіндер: 3 Пайдалану шарттарына қойылатын талаптар: Өндіруші зауыттың талаптарына сәйкес. 4 Медициналық техниканы беруді жүзеге асыру шарттары (ИНКОТЕРМС 2020 сәйкес) DDP белгіленген пункт 5 Медициналық техниканы беру мерзімі және орналасқан жері ___күнтізбелік күн, «__» ______ ж. кешіктірмей Мекенжайы 6 Өнім берушінің, оның Қазақстан Республикасындағы сервистік орталықтарының не үшінші құзыретті тұлғаларды тарта отырып, медициналық техникаға кепілдікті сервистік қызмет көрсету жағдайлары Медициналық техникаға кемінде 37 ай кепілдікті сервистік қызмет көрсету. Жоспарлы техникалық қызмет көрсету тоқсанына кемінде 1 рет жүргізілуі тиіс. Техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстар пайдалану құжаттамасының талаптарына сәйкес орындалады және мыналарды қамтуы тиіс: - пайдаланылған ресурстық құрамдас бөліктерді ауыстыру; - медициналық техниканың жекелеген бөліктерін ауыстыру немесе қалпына келтіру; - медициналық техниканы баптау және реттеу; осы медициналық техникаға тән жұмыстар және т.б.; - негізгі механизмдер мен тораптарды тазалау, майлау және қажет болған кезде іріктеу; - медициналық техника корпусының сыртқы және ішкі беттерінен оның құрамдас бөліктерінің шаңын, кірін, тоттану және тотығу іздерін жою (ішінара блоктық-тораптық бөлшектеумен); - медициналық техниканың нақты түріне тән пайдалану құжаттамасында көрсетілген өзге де операциялар. 7 Қосарлас қызметтерге қойылатын талаптар Тауардың әрбір жиынтығы мәтінінің қазақ немесе орыс тілдеріне аудармасы бар техникалық және пайдалану құжаттамасының жиынтығымен жабдықталады. Тауарларды өткізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Беру жиынтығы осы кестенің әрбір тармағы (жиынтық немесе жабдық бірлігі) үшін тауардың және барлық жиынтықтың нақты техникалық сипаттамаларын көрсете отырып сипатталады. Егер техникалық ерекшелікте өзгеше көрсетілмесе, қосымша адаптерлерсіз немесе трансформаторларсыз, электр қуаты 220 Вольт. Аспаптармен бірге берілетін, тапсырыс берушінің орнатылған жабдығының бағдарламалық жасақтамамен үйлесімді бағдарламалық қамтылым. Өнім беруші тауарды беру процесін білікті мамандармен сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. Тауарды беруді жүзеге асыру кезінде өнім беруші тапсырыс берушіге тауардың бағдарламалық жасақтамасына қол жеткізу үшін барлық сервис-кодтарды ұсынады. Өлшеу құралдарына жататын тауар Қазақстан Республикасының өлшеу құралдарының тізіліміне енгізілуге тиіс. Жабдық орнатылғанға дейін күнтізбелік 40 (қырық) күннен кешіктірмей өнім беруші тапсырыс берушіні жабдықты сәтті іске қосу үшін қажетті инсталляция алдындағы талаптар туралы хабардар етеді. Есіктердің стандартты ойықтарынан өтетін (ені 80 сантиметр, биіктігі 200 сантиметр) сыртқы габариттері бойынша бөлме-жайды инсталляциялау алдындағы дайындықпен күрделі монтаждау жұмыстарын жүргізуді болжамайтын ірі жабдық. Жабдықты жұмыс орнына жеткізуді, түсіруді, аспаптарды қаптамадан алуды, орнатуды, реттеуді және іске қосуды, олардың сипаттамаларының осы құжатқа және фирманың ерекшелігіне (дәлдік, сезімталдық, өнімділік және басқалар) сәйкестігін тексеруді, штатта тиісті мамандар, өндірушінің қызметкерлері болмаған кезде, тапсырыс берушінің медицина (аппликациялық тренинг) және техника персоналын оқытуды (растайтын құжат бере отырып, қызмет көрсетудің базалық деңгейіне) өнім беруші жүзеге асырады. * - техникалық ерекшелікте тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ егер мұндай нұсқау сатып алынатын тауардың жекелеген әлеуетті өнім берушіге/өндірушіге тиесілігін айқындаса өзге де сипаттамаларға нұсқаулар болмауға тиіс. Тапсырыс берушінің басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Басқа 9-1. Құны 20 000 000 теңгеден жоғары медициналық техника бойынша мәлімет
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына 9-1-қосымша Нысан Құны 20 000 000 теңгеден жоғары медициналық техника бойынша мәлімет Р/с № Өңір Ме­ди­ци­на­лық ұй­ым Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның ата­уы Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның бе­ру­ші Тен­дер­дің № Лот­тың № МТ са­ны (да­на) 1 бір­лік МТ үшін құ­ны Қо­ры­тын­ды құ­ны, тең­ге Жа­сал­ған шар­ттың № және кү­ні Қа­был­дау-бе­ру ак­ті­сі­нің № және кү­ні Шарт бой­ын­ша қам­та­ма­сыз ету­дің ен­гі­зі­луі ту­ра­лы ақ­па­рат (№ және кү­ні) Ес­керт­пе (шар­ттың жа­сал­мауы, ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның бе­ріл­меу се­беп­те­рін көр­се­ту) 1 2
Басқа 9-2. Медициналық техниканы сатып алу мониторингі бойынша ________ жылғы мәлімет
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына 9-2-қосымша Нысан «СҚ-Фармация» ЖШС «___» ___________ ж. №________________ хатына қосымша Медициналық техниканы сатып алу мониторингі бойынша ________ жылғы мәлімет Р/с№ Өңір Ме­ди­ци­на­лық ұй­ым Өнім бе­ру­ші Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка ның ата­уы Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка ның ата­уы, мо­де­лі, өн­ді­ру­ші Са­ны Ба­ға­сы, тең­ге Со­ма­сы, тең­ге Оның ішін­де іс жү­зін­де ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­дар­ға жет­кі­зіл­ді ___________ Ес­керт­пе Са­ны Со­ма­сы, тең­ге
Басқа 10. Банк кепілдігі (шарттың орындалуын қамтамасыз ету түрі)
Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде, бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына 10-қосымша Нысан Шығ. № __________ Күні ____________ Кімге: ___________________ _________________________ (сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің атауы мен деректемелері) Банк кепілдігі (шарттың орындалуын қамтамасыз ету түрі) Банктің атауы: ___________________________________________________________________ (атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі және банктің басқа деректері) Кепілдік міндеттеме №_____________________ _________________ (орналасқан жері) «___» ___________ _____ ж. ____________________________ (Өнім берушінің/Орындаушының атауы) (бұдан әрі – Өнім беруші/Орындаушы) №________ «__» ______ ж. Шарт/Қосымша келісім (бұдан әрі – Шарт/Қосымша келісім) жасасқанын назарға ала отырып, _________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________ (тауарлардың немесе қызметтердің сипаттамасы) және Сіз Шартта/Қосымша келісімде Өнім беруші/Орындаушы оның орындалуын қамтамасыз етуді жалпы сомасы ________________________________ (сомасы санмен және жазумен) теңгеде банк кепілдігі түрінде енгізетінін қарастырдыңыз. Осымен Банк __________________________________ (банктің атауы) жоғарыда көрсетілген Шарт бойынша кепілдік беруші болып табылатынын растайды және қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде, бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларында көзделген негіздемелер бойынша Сіздің ақы төлеуге жазбаша талабыңызды, сондай-ақ Өнім берушінің/Орындаушының Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны туралы жазбаша растауын алғаннан кейін Сізге Сіздің талабыңызбен _______________________________ соманы (сомасы санмен және жазумен) төлеуге кері қайтарылмайтын міндеттемені өзіне алады. Осы кепілдік оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындаған сәтке дейін қолданылады. Банктің уәкілетті адамдарының қолдары (лауазымы мен Т.А.Ә. көрсетіліп) (бар болған жағдайда) Банк мөрі
Басқа 10-1
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына 10-1-қосымша Нысан Шығ. № __________ Күні ____________ Кімге: ___________________ _________________________ (лизинг берушінің атауы мен деректемелері) Банк кепілдігі (шарттың орындалуын қамтамасыз ету түрі) Банктің атауы: ___________________________________________________________________ (банктің атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі және басқа деректері) Кепілдік міндеттеме №_____________________ _________________ (орналасқан жері) «___» ___________ _____ ж. ____________________________ (Өнім берушінің/Орындаушының атауы) (бұдан әрі – Өнім беруші/Орындаушы) №________ «__» ______ ж. Шарт/Қосымша келісім (бұдан әрі – Шарт/Қосымша келісім) жасасқанын назарға ала отырып, _________________________________________________________ _________________________________________________________ (тауарлардың немесе қызметтердің сипаттамасы) және Сіз Шартта/Қосымша келісімде Өнім беруші/Орындаушы оның орындалуын қамтамасыз етуді жалпы сомасы ________________________________ (сомасы санмен және жазумен) теңгеде банк кепілдігі түрінде енгізетінін қарастырдыңыз. Осымен Банк __________________________________ (банктің атауы) жоғарыда көрсетілген Шарт бойынша кепілдік беруші болып табылатынын растайды және қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде, бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларында көзделген негіздемелер бойынша Сіздің ақы төлеуге жазбаша талабыңызды, сондай-ақ Өнім берушінің/Орындаушының Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны туралы жазбаша растауын алғаннан кейін Сізге Сіздің талабыңызбен _______________________________ соманы (сомасы санмен және жазумен) төлеуге кері қайтарылмайтын міндеттемені өзіне алады. Осы кепілдік оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындаған сәтке дейін қолданылады. Банктің уәкілетті адамдарының қолдары (лауазымы мен Т.А.Ә. көрсетіліп) (бар болған жағдайда) Банк мөрі
Басқа 11. Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алу шарты (бірыңғай дистрибьютор мен тапсырыс беруші арасында)
Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде, бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына 11-қосымша Нысан Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алу шарты (бірыңғай дистрибьютор мен тапсырыс беруші арасында) ___________________ (орналасқан жері) «____» ___________ ж. Осы дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алу шарты (бұдан әрі – Шарт) «СҚ-Фармация» ЖШС (бұдан әрі – Бірыңғай дистрибьютор) мен денсаулық сақтау субъектісі (бұдан әрі – Тапсырыс беруші) арасындағы қатынастарды реттейді және қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде, бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес Тапсырыс беруші ұсынған өтінім негізінде жасалды.
Тарау 1. 1-тарау. Шартта қолданылатын терминдер
1-тарау. Шартта қолданылатын терминдер
Тармақ 1
1. Осы Шартта төменде санамаланған ұғымдарға мынадай түсінік беріледі:
Тармақша 1
1) Шарт – Тапсырыс беруші мен Бірыңғай дистрибьютор арасында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жасалған, жазбаша нысанда тіркелген, Тараптар оған барлық қосымшаларымен және толықтыруларымен бірге, сондай-ақ Шартта сілтеме бар барлық құжаттамамен бірге қол қойған азаматтық-құқықтық акт;
Тармақша 2
2) Шарттың бағасы – денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тауардың (халықаралық патенттелмеген атаудың) шекті бағасымен айқындалатын және Шарт бойынша авансты есептеу үшін пайдаланылатын шартты баға;
Тармақша 3
3) тауар – Бірыңғай дистрибьютор Шарттың талаптарына сәйкес Тапсырыс берушіге беруі тиіс дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар;
Тармақша 4
4) ауыспалы қалдық – өнім берушілерден бірыңғай дистрибьютордың қоймасына өткен қаржы жылдарында қабылданған, оның ішінде төмендемейтін қордан тапсырыс берушілер өткізбеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар;
Тармақша 5
5) тауарға ілеспе құжаттар – шот-фактура, қабылдап алу - беру актісі, тауарларды басқа жаққа жіберуге жүкқұжат, сенімхат;
Тармақша 6
6) өкіл (уәкілетті өкіл) – Шарттың талаптарын іске асыру бойынша белгілі бір іс-әрекеттер жасауға Тарап заңнамада белгіленген тәртіппен берген жеке және (немесе) заңды тұлға.
Тарау 2. 2-тарау. Шарттың мәні
2-тарау. Шарттың мәні
Тармақ 2
2. Бірыңғай дистрибьютор тауарды осы Шартқа қосымшаларға сәйкес беруге, ал Тапсырыс беруші оны қабылдауға және осы Шарттың талаптарына сәйкес төлеуге міндеттенеді.
Тармақ 3
3. Төменде санамаланған құжаттар және оларда келісілген талаптар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады, атап айтқанда:
Тармақша 1
1) 1-қосымша «Сатып алынатын тауарлардың ерекшелігі»;
Тармақша 2
2) 2-қосымша «Беру орны және графигі»;
Тармақша 3
3) 3-қосымша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптар».
Тармақша 4
4) құрамында есірткі, психотроптық заттар бар дәрілік заттарды (бұдан әрі – ЕқПз) сатып алу кезінде – «Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын медициналық мақсатта пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 32 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10404 болып тіркелді) сәйкес есірткі құралдарына, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларына қойылатын талап.
Тармақ 4
4. Тараптар шарт жасасу және орындау үшін барлық өкілеттіктерге ие екендігін, үшінші тұлғалардың талаптарымен ауыртпалық салынбағанын және болашақта үшінші тұлғалар тарапынан наразылықтар туындаған кезде оларды дербес реттейтінін мәлімдейді және кепілдік береді.
Тарау 3. 3-тарау. Тараптардың міндеттері
3-тарау. Тараптардың міндеттері
Тармақ 5
5. Бірыңғай дистрибьютор:
Тармақша 1
1) Тапсырыс берушіге Шартқа 1-қосымшада көзделген шекті бағадан жоғары емес мөлшерде және бағалар бойынша қолда бар кез келген саудалық атауы бар тауарды беруге;
Тармақша 2
2) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар Тапсырыс берушіге ЕқПз жеткізген кезде Шартқа 1-қосымшада көзделген шекті бағадан аспайтын мөлшерде және бағалар бойынша беруге;
Тармақша 3
3) тауарды Шартқа 2-қосымшаға сәйкес, ал ЕқПз жеткізу кезінде – есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларына талап қойып беруге;
Тармақша 4
4) тауарға ілеспе құжаттарға қорытындының көшірмесін немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытындының (рұқсат беру құжатының) нөмірін қоса бермей, дәрілік заттың, медициналық бұйымның әрбір атауына және партиясына (сериясына) тауардың қауіпсіздігі мен сапасы туралы қорытындының (бұдан әрі – Қорытынды) нөмірі мен қолданылу мерзімін көрсетуге;
Тармақша 5
5) ілеспе құжаттарда әрбір атауға сериясын/партиясын, жарамдылық мерзімдерін көрсетуге міндетті.
Тармақ 6
6. Бірыңғай дистрибьютор Тапсырыс берушінің Бірыңғай дистрибьютордың «Бірыңғай фармацевтикалық ақпараттық жүйе» ақпараттық жүйесінде қалыптастырған электрондық құжат түрінде өтініші бойынша тауарды мерзімінен бұрын беруді жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 7
7. Тапсырыс беруші:
Тармақша 1
1) тауар жеткізу орнына келген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей қабылдау-беру актісіне қол қою жолымен Шарт талаптарына сәйкес берілген тауарды қабылдап алуға;
Тармақша 2
2) Бірыңғай дистрибьютор ұсынған шот-фактураға және Прайс-парақтың бағасы бойынша шығыс жүкқұжатына сәйкес Шарт талаптарына сәйкес тауарға төлем жүргізуге;
Тармақша 3
3) Бірыңғай дистрибьюторға Тапсырыс берушіге оны бергеннен кейін 24 сағаттан кешіктірмей шағым жасау актісін ресімдеу жолымен алынған тауарға барлық наразылықтар туралы жазбаша түрде шұғыл хабарлауға міндетті.
Тармақша 4
4) ЕқПз сатып алған кезде – есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болуы тиіс.
Тарау 4. 4-тарау. Шарттың бағасы және төлемі
4-тарау. Шарттың бағасы және төлемі
Тармақ 8
8. Бірыңғай дистрибьютордың Шарт бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты барлық шығыстарын жабатын Шарттың бағасы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен халықаралық патенттелмеген атау бойынша шекті бағалардың жиынтық көрінісінде аспауға тиіс, бұл _____________ (сомасы санмен және жазумен) теңгені құрайды. Шартқа 1-қосымшада санамаланған тауарларға ҚҚС салынбайды.
Тармақ 9
9. Шарт бойынша тауарға ақы төлеу мынадай түрде жүргізіледі:
Тармақша 1
1) Тапсырыс беруші шарт күшіне енген күннен бастап 10 (он) банктік күн ішінде шарт бағасынан 50 (елу) пайыз мөлшерінде алдын ала төлем жүргізеді. Шарттың бағасы ұлғайған кезде тапсырыс беруші шарт бағасының ұлғаю сомасының 50 (елу) пайызы мөлшерінде алдын ала төлемді жүзеге асырады. Тауарды тапсырыс берушінің мекенжайына жөнелту бірыңғай дистрибьютордың шотына алдын ала төлем енгізілген сәттен басталады.
Тармақша 2
2) одан әрі төлем бірыңғай дистрибьютор ұсынған электрондық шот-фактура немесе қол қойылған қабылдау беру актісінің негізінде 10 (он) жұмыс күні ішінде тауарды беру фактісі бойынша шарт бағасынан алдын ала төлемге пропорционалды түрде жүргізіледі; Антиретровирустық және туберкулезге қарсы препараттарды берген кезде тапсырыс беруші осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларын қолданбай дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ақпараттық жүйесінде (ДҚАЖ) рецепттерді қамтамасыз ету фактісі бойынша шарт бойынша тауарға ақы төлеуді жүргізеді.
Тармақ 10
10. Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес тиісті салық төлеуші тарап төлеуге тиіс.
Тарау 5. 5-тарау. Тауарды беру және қабылдау шарттары
5-тарау. Тауарды беру және қабылдау шарттары
Тармақ 11
11. Бірыңғай дистрибьютор тауарды Тапсырыс берушіге тасымалдау кезінде оның зақымдануының немесе бүлінуінің алдын алуға қабілетті көліктік қаптамада жүзеге асырады. Көліктік қаптама қандай да бір шектеусіз қарқынды көтеру-тасымалдау өңдеуіне және тасымалдау кезінде экстремалды температуралардың, тұздар мен жауын-шашынның, сондай-ақ ашық сақтаудың әсеріне төзуі тиіс.
Тармақ 12
12. Тауарды буып-түю және таңбалау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында айқындалған талаптарға сәйкес келуге тиіс.
Тармақ 13
13. Тапсырыс берушінің тауарды саны мен сапасы бойынша қабылдауын Тапсырыс беруші мен Бірыңғай дистрибьютордың өкілдері жүргізеді және тауарды қабылдау-беру актісімен ресімделеді. Беру кезінде Бірыңғай дистрибьютордың өкілі тауарға ілеспе құжаттардың болуын қамтамасыз етуі тиіс. Тауарды қабылдау-беру актісі жасалған күн тауарды беру күні болып есептеледі. Шарт бойынша берілетін тауар Бірыңғай дистрибьютор берген және Тапсырыс беруші қабылдаған болып есептеледі:
Тармақша 1
1) тауардың нақты саны тауарды қабылдау-беру актісінде көрсетілген санға сәйкес келген кезде;
Тармақша 2
2) тауардың қалдық жарамдылық мерзімі Шарт талаптарына сәйкес келген кезде;
Тармақша 3
3) ілеспе құжаттарда әрбір атауға тауардың қауіпсіздігі мен сапасы туралы қорытындының нөмірі мен қолданылу мерзімін немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытындының (рұқсат беру құжатының) нөмірін көрсеткен кезде;
Тармақша 4
4) тауар қаптамасында көрсетілген серия/партия, жарамдылық мерзімі және ілеспе құжаттарда көрсетілген серия/партия, жарамдылық мерзімі сәйкес келген кезде.
Тармақ 14
14. Тапсырыс беруші тауарды қабылдауды электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған түпнұсқалар немесе электрондық нысандар, мынадай тауарға ілеспе құжаттар болған кезде жүзеге асырады: ауыстыруға арналған жүкқұжат/қорларды басқа жаққа беруге арналған жүкқұжат; орау парағы/шот-фактура; тауарды қабылдау-беру актісі; тауар-көлік жүкқұжаты; жол парағы; тауар алушыға берілетін сенімхат.
Тармақ 15
15. Тауарды қабылдауды Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілінен Тапсырыс берушінің уәкілетті өкілі жүргізеді. Тауарды беру күні Тапсырыс берушінің өкілі тауардың ілеспе құжаттарға сәйкестігін тексереді.
Тармақ 16
16. Тапсырыс беруші тауарға ілеспе құжаттарға қол қояды және оларды тауар берілген кезден бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкіліне береді (қайтарады). Тапсырыс беруші қол қойылған тауарға ілеспе құжаттардың бір данасын өзінде қалдырады.
Тармақ 17
17. Берілген тауардың ілеспе құжаттарға сәйкессіздігі анықталған кезде, бұл сәйкессіздіктер қабылдау-беру актісінде көрсетіледі. Тапсырыс беруші тауар бойынша барлық наразылықтар туралы жазбаша түрде, бірақ тауарды қабылдау-беру актісіне қол қойылғаннан кейін 24 сағаттан кешіктірмей Бірыңғай дистрибьюторды жедел хабардар етуге тиіс. Бұл ретте Бірыңғай дистрибьютор 30 (отыз) жұмыс күні ішінде Тапсырыс берушінің берілген тауарға қатысты барлық ескертулерін жоюға міндеттенеді, олай болмаған жағдайда Тапсырыс беруші Бірыңғай дистрибьютордың іс-әрекетін тауарды уақтылы бермеу деп бағалайтын болады. Бірыңғай дистрибьютор Тапсырыс берушінің хабарламасын алғаннан кейін келесі күннен кешіктірмей (егер хабарламада өзге мерзім көрсетілмесе) берілген тауарды тексеруге қатысу үшін өз өкілін жіберуге міндетті.
Тармақ 18
18. Тапсырыс беруші ілеспе құжаттарға және Шартқа сәйкес келетін тауарды қабылдаудан бас тартқан кезде Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілі тауарды қабылдаудан бас тарту туралы акт жасайды, бұл жағдайда жүкқұжатта көрсетілген күн тауарды беру күні болып есептеледі. Тапсырыс беруші тарапынан бас тарту туралы актіге Тапсырыс берушінің бірінші басшысы немесе оны алмастыратын тұлға немесе басшысының орынбасары, сондай-ақ тауарды қабылдауға жауапты тұлға қол қояды. Бірыңғай дистрибьютор тарапынан бас тарту туралы актіге Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілі қол қояды. Тапсырыс беруші актіге қол қоюдан бас тартқан кезде Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілі тауарды қайтаруды қабылдаудан бас тартуға құқылы. Бұл ретте Тапсырыс беруші нақты берілген, оның ішінде Шарттың 5-тарауына сәйкес Тапсырыс беруші қабылдамаған тауар көлемі үшін ақы төлеуге міндеттенеді.
Тармақ 19
19. Егер Шартты орындау кезеңінде Бірыңғай дистрибьютор кез келген сәтте тауарларды уақтылы беруге кедергі келтіретін жағдайларға тап болса, Бірыңғай дистрибьютор Тапсырыс берушіге тауардың атауын, кідірудің болжамды ұзақтығын, кідірудің себебін (себептерін) көрсете отырып, дереу жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Бірыңғай дистрибьютордан хабарлама алғаннан кейін Тапсырыс беруші 5 (бес) жұмыс күні ішінде жағдайды бағалауға және Бірыңғай дистрибьюторды өзінің шешімі туралы жазбаша хабардар етуге тиіс: Бірыңғай дистрибьютордың міндеттемелерді орындау мерзімін ұзарту және (немесе) Шартта осындай тауарлардың көлемін (санын) азайту. Бұл жағдайда Тараптардың барлық өзгерістері қосымша келісімге қол қою арқылы ресімделуі тиіс.
Тармақ 20
20. Жалпы жарамдылық мерзімі екі жылдан кем тауарды беру сәтіндегі қалдық жарамдылық мерзімі беру сәтіндегі жалпы жарамдылық мерзімінің кемінде 30 (отыз) пайызын құрауы тиіс, жарамдылық мерзімі екі жылдан кем емес тауар үшін вакциналарды қоспағанда, жарамдылық мерзімі беру сәтінде кемінде 8 (сегіз) айды құрауы тиіс, жалпы жарамдылық мерзімі 2 (екі) жылдан кем тауарды беру сәтіндегі қалдық жарамдылық мерзімі беру сәтіндегі жалпы жарамдылық мерзімінің кемінде 40 (қырық) пайызын құрауға тиіс және жарамдылық мерзімі кемінде екі жыл тауар үшін беру сәтіндегі қалдық жарамдылық мерзімі кемінде 10 (он) айды құрауы тиіс.
Тармақ 21
21. Ауыспалы қалдық болып табылатын тауар үшін Шарттың 20-тармағында көрсетілгеннен аз жарамдылық мерзімі бар болса беруге жол беріледі.
Тармақ 22
22. Тапсырыс беруші ол таратылған, қайта ұйымдастырылған, қаржыландыру, төсек қоры қысқартылған жағдайларда Бірыңғай дистрибьюторды Шарттың 2-қосымшасына сәйкес тауарларды беруді жүзеге асырғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей тауарды қабылдаудан бас тарту туралы жазбаша хабардар етуге міндетті. Бұл ретте Тапсырыс беруші осындай жағдайдың басталғаны туралы тиісті құжаттарды ұсынуға міндетті.
Тармақ 23
23. Тапсырыс беруші Тараптардың заңды құқықтық мирасқорларын қоспағанда, Бірыңғай дистрибьютордың бұған алдын ала жазбаша келісімінсіз Шарт бойынша өз міндеттерін үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
Тарау 6. 6-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
6-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
Тармақ 24
24. Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
Тармақ 25
25. Тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерін ішінара немесе толық орындамағаны үшін, егер ол еңсерілмейтін күш жағдайларының (форс-мажор жағдайлар) салдары болып табылса, жауапкершіліктен босатылады.
Тармақ 26
26. Шарттың мақсаттары үшін форс-мажор Тараптың жаңсақтығына немесе салғырттығына байланысты емес және бұл жағдайлар Тараптардың кез келгенінің шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауын мүмкін етпеген жағдайда, Тараптардың кез келгенінің бақылауына бағынбайтын күтпеген сипатқа ие (дүлей зілзалалар, міндеттемелерді орындауға тыйым салатын немесе қандай да бір өзгеше түрде кедергі келтіретін мемлекеттік органдардың нормативтік актілерін немесе өкімдерін шығару, әскери іс-қимылдар, өндірісті тоқтата тұру немесе тоқтату және еңсерілмейтін күштің (форс-мажордың) туындағаны туралы куәлікте көрсетілген жағдайлар) оқиғаны білдіреді.
Тармақ 27
27. Форс-мажор жағдайлар туындаған кезде, олар туындаған Тарап екінші Тарапқа осындай жағдайлар және олардың себептері туралы жазбаша хабарлама жібереді және форс-мажор жағдайлар туындаған кезден бастап күнтізбелік он күн ішінде олардың туындағанын тиісті құжаттармен растайды. Бұл жағдайда Шарттың қолданылуы форс-мажор жағдайлар тоқтатылғанға дейін тоқтатыла тұрады және Шарттың қолданылу мерзімі форс-мажор жағдайлардың қолданылу мерзіміне сәйкес ұзартылады. Хабарламау немесе уақтылы хабарламау Тарапты Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босататын негіз ретінде жоғарыда көрсетілген жағдайлардың кез келгеніне сілтеме жасау құқығынан айырады.
Тармақ 28
28. Егер форс-мажор жағдайлар күнтізбелік бір айдан астам уақытқа созылса, Тараптар бұл туралы жазбаша келісім жасасу жолымен Шарттың қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдауға құқылы. Бұл ретте Тараптар нақты берілген тауар үшін өзара есеп айырысуды жүргізеді.
Тармақ 29
29. Егер Бірыңғай дистрибьютор форс-мажор жағдайларды қоспағанда, тауарды беру графигін сақтамаса, Тапсырыс беруші бірыңғай дистрибьюторды жазбаша нысанда хабардар еткеннен кейін Шарт шеңберінде өзінің басқа құқықтарына нұқсан келтірмей, Шарттың сомасынан тұрақсыздық айыбы түрінде, Бірыңғай дистрибьютор келісім алғаннан кейін мерзімі өткен әрбір күн үшін уақтылы берілмеген тауарлар сомасының 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызы, бірақ Прайс-парақтың бағасы бойынша уақтылы берілмеген тауар құнының 5 (бес) пайызынан аспайтын мөлшердегі соманы шегеруге құқылы.
Тармақ 30
30. Егер Тапсырыс беруші Шарттың 9-тармағында көзделген тауарға ақы төлеу тәртібін бұзса, Бірыңғай дистрибьютор Шарттың шеңберінде басқа құқықтарға залал келтірмей, Шарттың сомасынан Шарт бойынша уақтылы төленбеген соманың 0,02 (нөл бүтін жүзден екі) пайызын, бірақ Шарт бойынша уақтылы төленбеген соманың 0,5 (нөл бүтін оннан бес) пайызынан аспайтын мөлшерде тұрақсыздық төлемі түрінде соманы есептеуге құқылы. Осы санкцияға қосымша Бірыңғай дистрибьютор Тапсырыс берушінің басшысынан және құрылтайшысынан(-ларынан) аталған соманы сот тәртібінде қайтарып алуға құқығы бар. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ осы Шартты жасасуға немесе тоқтатуға байланысты Тараптар мен олардың қызметкерлері және Тараптарға белгілі болғандай, олардың үлестес тұлғалары, агенттері, өкілдері, делдалдары және (немесе) қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) Қазақстан Республикасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын бұзатын не бұзуға ықпал ететін әрекеттерді жасамайды, оларды жасауға ынталандырмайды, сондай-ақ Шартқа 3-қосымшаға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды сақтайды деп сендіреді.
Тарау 7. 7-тарау. Хат-хабар
7-тарау. Хат-хабар
Тармақ 31
31. Шарт бойынша барлық коммуникативтік құжаттарда Шарттың күні мен нөмірі көрсетілген Тараптардың деректемелері болуы тиіс.
Тармақ 32
32. Шарт бойынша Тараптардан талап етілетін немесе талап етілуі мүмкін кез келген хабарламалар немесе хабарлар жазбаша түрде ұсынылады және тапсырыс хатпен немесе курьер қызметінің көмегімен және (немесе) Бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат түрінде жіберіледі. Көрсетілген хат-хабар Шартқа 1-қосымшада көрсетілген Тараптардың электрондық поштасының көмегімен сканерленген түрде де берілуі мүмкін, мұндай жағдайда хат-хабар Тарапқа тиісті түрде жеткізілген болып есептеледі.
Тармақ 33
33. Тапсырыс хатпен немесе курьер қызметінің көмегімен жіберілген хат-хабар екінші Тарапта пошта бөлімшесінің немесе курьер қызметінің оны жеткізгенін растайтын мөртабаны бар хабарлама болған жағдайда, хат-хабар жіберілген Тарапқа оны алған күні (сағатта) жеткізілген болып есептеледі. Электрондық поштаның көмегімен жіберілген хат-хабар ол жіберілген Тарапқа берілген күні (сағатта) жеткізілген болып есептеледі.
Тарау 8. 8-тарау. Құпиялылық
8-тарау. Құпиялылық
Тармақ 34
34. Шарттың қолданысының нәтижесінде бір Тараптың екінші Тарап үшін ұсынған ақпараты Шарттың уақыты біткеннен кейін немесе бұзғаннан кейін 3 (үш) жылға дейін құпия болып табылады, мынадай жағдайлардан басқа, егер ақпарат:
Тармақша 1
1) ашу кезінде жұртшылықтың қолы жетімді;
Тармақша 2
2) жария етілгеннен кейін екінші Тарапқа жария етуші Тарап Шартты жариялау жолымен немесе өзгеше түрде бұзбай (мемлекеттік, құқық қорғау және сот органдарының сұрау салулары бойынша ұсыну жолымен) жария пайдалануға түссе;
Тармақша 3
3) басқа Тарап ашу кезінде Тараптардың иелігінде болып және осындай Тараптан тікелей немесе жанама алынбаса;
Тармақша 4
4) үшінші тараптан алынды, алайда мұндай ақпарат үшінші тарапқа құпиялылықты кепілдендіретін Тараптан тікелей немесе жанама ұсынылмаса;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда сотқа, мемлекеттік органдарға, жеке сот орындаушыларына ұсынылса құпия болып табылмайды.
Тармақ 35
35. Шартқа сәйкес өзінің міндеттемелерін растайтын Тарап осындай міндеттемелерді бұзуды белгілеген кезде өзіне дәлелдеу ауыртпалығын жүктейді.
Тарау 9. 9-тарау. Қорытынды ережелер
9-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 36
36. Тараптар екінші Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз Шарттың немесе оның қандай да бір ережелерінің мазмұнын, сондай-ақ Тараптар Шартты орындау үшін Тараптар тартқан персоналды қоспағанда, Тараптар немесе олардың атынан басқа тұлғалар берген ақпаратты біреуге ашуға құқығы жоқ. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және Шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қаншалықты қажет болса, сондай шамада берілуге тиіс.
Тармақ 37
37. Құқықтар мен міндеттемелер құқықтық мирасқорға ауысатын жағдайларды қоспағанда, тараптар Шартта көрсетілген өз құқықтары мен міндеттемелерін (талап ету құқығын) үшінші тұлғаларға беруге/қайта беруге құқығы жоқ.
Тармақ 38
38. Шарт Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және Тараптардың міндеттемелері толық орындалғанға дейін БФАЖ порталында өзара есеп айырысуды салыстыру актілеріне қол қоя отырып, 20__ жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда, ал төлем бөлігінде – Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерді толық орындағанға дейін қолданылады.
Тармақ 39
39. Шарт мынадай жағдайларда өз қолданысын тоқтатады:
Тармақша 1
1) Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған кезде;
Тармақша 2
2) Тараптардың бірі банкрот деп танылған жағдайда;
Тармақша 3
3) Шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындаған кезде. Шарттың қолданылуы тоқтатылған кезде тараптар өзара есеп айырысуды салыстыру актісіне қол қояды.
Тармақ 40
40. Бірыңғай дистрибьютордың, егер Тапсырыс беруші төлемге қабілетсіз болса, шартты бұзу себебін, күші жойылған шарттық міндеттемелердің көлемін, сондай-ақ шартты бұзу күшіне енген күнді көрсете отырып, болжамды бұзу күніне дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей Тапсырыс берушіге алдын ала тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, Шартты бұзуға құқығы бар.
Тармақ 41
41. Бірыңғай дистрибьютор Шарттың 40-тармағының талаптарын сақтаған кезде Бірыңғай дистрибьютордың шартты бұзу күніне оны бұзуға байланысты нақты шығыстар үшін ғана төлемді талап етуге құқығы бар.
Тармақ 42
42. Тараптар арасында туындайтын келіспеушіліктер немесе даулар шарт бойынша келіссөздер процесінде немесе оған байланысты шешіледі.
Тармақ 43
43. Дауларды келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған кезде Тараптардың кез келгені Бірыңғай дистрибьютордың орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды шешу үшін сотқа жүгінуге құқылы.
Тармақ 44
44. Шарт тараптардың әрқайсысы үшін бірдей заңды күші бар қазақ және орыс тілдерінде бір-бір данадан 2 (екі) данада жасалады.
Тармақ 45
45. Шарт бойынша қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларымен реттеледі.
Тармақ 46
46. Қандай да бір Тараптың қайта ұйымдастырылуы, таратылуы, банкроттығы, атауының, заңды мекенжайының және басқа да деректемелерінің өзгеруі туралы ол күнтізбелік 10 (он) күн ішінде басқа Тарапты жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті.
Тармақ 47
47. Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар, егер олар Шарт жасасу нысанында жасалса және Тараптар қол қойса, ал қағаз жеткізгіште жасалған Шарттар үшін Тараптардың мөрімен расталса, күшіне ие болады.
Тармақ 48
48. 24 сағат ішінде ақпарат беруге қатысты сілтеме жасалатын барлық Шарт бойынша міндеттемелер, егер 24 сағаттың аяқталуы осы міндеттеме бар Тарап үшін демалыс және мереке күндеріне түскен кезде аяқталу мерзімі келесі жұмыс күніне дейін автоматты түрде ұзартылады деп келісті.
Тармақ 49
49. Қазақстан Республикасының заңнамасы Шарттың талаптарына қатысты бөлігінде өзгерген кезде Тараптар Шартқа тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуге міндеттенеді.
Басқа 11.1. Сатып алынатын тауарлардың ерекшелігі
« » 20 № Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алу шартына (бірыңғай дистрибьютор мен тапсырыс беруші арасында) 1-қосымша Сатып алынатын тауарлардың ерекшелігі р/с№ Бі­рың­ғай дис­три­бью­тор­дың Тіз­бе­сі бой­ын­ша бұй­рық­тың ар­найы по­зи­ци­я­сы Ха­лы­қа­ра­лық па­тент­тел­ме­ген ата­уы Си­патта­ма­сы Өл­шем бір­лі­гі Шек­ті ба­ға Са­ны Со­ма, тең­ге­мен Жиы­ны: Тараптардың деректемелері:
Басқа 11.2. Беру орны және графигі
« » 20 № Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алу шартына (бірыңғай дистрибьютор мен тапсырыс беруші арасында) 2-қосымша Беру орны және графигі р/с№ Бі­рыңғай дис­три­бью­тор­дың Тіз­бесі бой­ынша бұйрықтың ар­найы по­зици­я­сы Ха­лы­қа­ра­лық па­тент­тел­меген ата­уы Өлш.бірл. Жал­пы са­ны Кестенің жалгасы Ай сай­ын­ғы қа­жет­ті­лік* қаң­тар ақпан на­урыз сәуір мамыр мау­сым шіл­де тамыз қыркүйек қазан қа­ра­ша желтоқсан Беру орны (мекенжайы) _______________________________________ *беру басталған күніне байланысты толтырылады. Беру болжанбаған бағандарда «0» немесе «-.» қойылады.
Басқа 11.3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптар
« » 20 № Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алу шартына (бірыңғай дистрибьютор мен тапсырыс беруші арасында) 3-қосымша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптар
Тармақ 1
1. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ осы Шартты жасасуға немесе тоқтатуға байланысты Тараптар мен олардың қызметкерлері және Тараптарға белгілі болғандай, олардың үлестес тұлғалары, агенттері, өкілдері, делдалдары және (немесе) қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) Қазақстан Республикасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын бұзатын не бұзуға ықпал ететін әрекеттерді жасамайды, оларды жасауға ынталандырмайды, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында қандай да бір заңсыз артықшылықтарды немесе өзге де заңсыз мақсаттарды алу мақсатында осы тұлғалардың әрекеттеріне немесе шешімдеріне ықпал ету үшін кез келген тұлғаларға тікелей немесе жанама түрде қандай да бір ақшалай қаражатты немесе құндылықтарды төлемейді, төлеуді ұсынбайды және төлеуге рұқсат бермейді деп сендіреді.
Тармақ 2
2. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ осы Шартты жасасуға немесе тоқтатуға байланысты Тараптар мен олардың жұмыскерлері және Тараптарға белгілі болғандай, олардың үлестес тұлғалары, агенттері, өкілдері, делдалдары және (немесе) қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) осы Шарттың мақсаттары үшін қолданылатын заңнамада қолданылатын пара беру/алу, коммерциялық сатып алу сияқты әрекеттерді, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын бұзатын әрекеттерді жүзеге асырмайтындығына сендіреді.
Тармақ 3
3. Осы Шарт Тараптарының әрқайсысы басқа Тараптың қызметкерлерін қандай да бір жолмен, оның ішінде ақшалай сомаларды, сыйлықтарды беру, олардың атына жұмыстарды (қызметтерді) өтеусіз орындау жолымен және қызметкерді белгілі бір тәуелділікке қоятын және осы қызметкердің оны ынталандыратын тараптың пайдасына қандай да бір іс-әрекеттерді орындауын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да тәсілдермен ынталандырудан бас тартады.
Тармақ 4
4. Тараптардың әрқайсысы екінші Тараптан осы Шарттың орындалу барысын талдау мақсатында осы Шарттың орындалуы жөніндегі мәліметтерді қамтитын құжаттарды сұратады.
Тармақ 5
5. Тарапта қандай да бір Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жағдайлардың бұзылғаны немесе орын алуы мүмкін деген күдік туындаған кезде, тиісті Тарап екінші Тарапты жазбаша нысанда хабардар етеді, сондай-ақ бұл туралы жоғары тұрған басшыға және (немесе) қызметкері болып табылатын мемлекеттік органның не ұйымның басшылығына және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 1-тармағына сәйкес хабарлайды.
Тармақ 6
6. Жазбаша хабарламада Тарап контрагенттің, оның үлестес тұлғаларының, жұмыскерлерінің, агенттерінің, өкілдерінің, делдалдардың және (немесе) қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) осы шарттардың қандай да бір ережелерін бұзу болғанын немесе болуы мүмкін екенін анық растайтын немесе болжауға негіз болатын, қолданылатын заңнамада пара беру немесе алу, коммерциялық сатып алу ретінде сараланатын әрекеттерден, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын бұзатын әрекеттерден көрінетін фактілерге сілтеме жасайды немесе материалдарды ұсынады.
Тармақ 7
7. Осы Шарттың Тараптары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі рәсімдердің жүргізілуін мойындайды және олардың сақталуын бақылайды. Бұл ретте тараптар сыбайлас жемқорлық қызметіне болжалды түрде тартылған контрагенттермен іскерлік қатынастардың болуын барынша азайту үшін ақылға қонымды күш-жігер жұмсайды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бір-біріне өзара жәрдем көрсетеді.
Тармақ 8
8. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптардың 5-тармағына сәйкес жазбаша хабарлама алған Тарап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде тергеу жүргізеді және оның нәтижелерін екінші Тараптың атына береді.
Басқа 12. Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алудың үлгі шарты (бірыңғай дистрибьютор мен тапсырыс беруші арасында)
Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде, бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына 12-қосымша Нысан Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алудың үлгі шарты (бірыңғай дистрибьютор мен тапсырыс беруші арасында) ___________________ (орналасқан жері) «____» ___________ ж. Бюджеттік бағдарлама (мемлекеттік мекемелер үшін) Бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын ________________________ атынан ______________ бір тараптан және бұдан әрі «Бірыңғай дистрибьютор» деп аталатын ___________________ атынан екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталып, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде, бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына және Тапсырыс беруші ұсынған өтінімге сәйкес төмендегілер туралы осы Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алудың шартын (Бірыңғай дистрибьютор мен Тапсырыс беруші арасында) (бұдан әрі – Шарт) жасасты:
Тарау 1. 1-тарау. Шартта қолданылатын терминдер
1-тарау. Шартта қолданылатын терминдер
Тармақ 1
1. Осы Шартта төменде санамаланған ұғымдарға мынадай түсінік беріледі:
Тармақша 1
1) Шарт – Тапсырыс беруші мен Бірыңғай дистрибьютор арасында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жасалған, жазбаша нысанда тіркелген, Тараптар оған барлық қосымшаларымен және толықтыруларымен бірге, сондай-ақ Шартта сілтеме бар барлық құжаттамамен бірге қол қойған азаматтық-құқықтық акт;
Тармақша 2
2) Шарттың бағасы – – Тапсырыс берушінің Шарттың шеңберінде Бірыңғай дистрибьюторға төлеуі тиіс сома;
Тармақша 3
3) тауарлар – Бірыңғай дистрибьютор Шарттың талаптарына сәйкес Тапсырыс берушіге беруі тиіс дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар;
Тармақша 4
4) ауыспалы қалдық – өнім берушілерден бірыңғай дистрибьютордың қоймасына өткен қаржы жылдарында қабылданған, оның ішінде төмендемейтін қордан тапсырыс берушілер өткізбеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар;
Тармақша 5
5) тауарға ілеспе құжаттар – шот-фактура, қабылдап алу - беру актісі, тауарларды басқа жаққа жіберуге жүкқұжат, сенімхат;
Тармақша 6
6) өкіл (уәкілетті өкіл) – Шарттың талаптарын іске асыру бойынша белгілі бір іс-әрекеттер жасауға Тарап заңнамада белгіленген тәртіппен берген жеке және (немесе) заңды тұлға.
Тарау 2. 2-тарау. Шарттың мәні
2-тарау. Шарттың мәні
Тармақ 2
2. Бірыңғай дистрибьютор тауарды осы Шартқа қосымшаларға сәйкес беруге, ал Тапсырыс беруші оны қабылдауға және осы Шарттың талаптарына сәйкес төлеуге міндеттенеді.
Тармақ 3
3. Төменде санамаланған құжаттар және оларда келісілген талаптар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады, атап айтқанда:
Тармақша 1
1) осы Шарт;
Тармақша 2
2) сатып алынатын тауарлардың ерекшелігі (Шартқа 1-қосымша);
Тармақша 3
3) беру орны және графигі (Шартқа 2-қосымша);
Тармақша 4
4) құрамында есірткі, психотроптық заттар бар дәрілік заттарды (бұдан әрі – ЕқПз) сатып алу кезінде – «Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын медициналық мақсатта пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 32 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10404 болып тіркелді) сәйкес есірткі құралдарына, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларына қойылатын талап.
Тармақ 4
4. Тараптар шарт жасасу және орындау үшін барлық өкілеттіктерге ие екендігін, үшінші тұлғалардың талаптарымен ауыртпалық салынбағанын және болашақта үшінші тұлғалар тарапынан наразылықтар туындаған кезде оларды дербес реттейтінін мәлімдейді және кепілдік береді.
Тарау 3. 3-тарау. Тараптардың міндеттері
3-тарау. Тараптардың міндеттері
Тармақ 5
5. Бірыңғай дистрибьютор:
Тармақша 1
1) тауарды Тапсырыс берушіге, ал ЕқПз сатып алған кезде – есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар Тапсырыс берушіге –Шартқа сәйкес санда және сапада және сатып алынатын тауарлардың ерекшелігінде (Шартқа 1-қосымша) көзделген бағалар бойынша беруге;
Тармақша 2
2) тауарды беру графигіне (Шартқа 2-қосымша) сәйкес, ал ЕқПз сатып алған кезде – есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларына талап қойып беруге;
Тармақша 3
3) тауарға ілеспе құжаттарға қорытындының көшірмесін немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытындының (рұқсат беру құжатының) нөмірін қоса бермей, дәрілік заттың, медициналық бұйымның әрбір атауына және партиясына (сериясына) тауардың қауіпсіздігі мен сапасы туралы қорытындының (бұдан әрі – Қорытынды) нөмірі мен қолданылу мерзімін көрсетуге;
Тармақша 4
4) ерекшелікке (Шартқа 1-қосымша) сәйкес тауарға ілеспе құжаттард әрбір атауға сериясын/партиясын, жарамдылық мерзімдерін көрсетуге міндетті.
Тармақ 6
6. Бірыңғай дистрибьютор Тапсырыс берушінің Бірыңғай дистрибьютордың «Бірыңғай фармацевтикалық ақпараттық жүйе» ақпараттық жүйесінде қалыптастырған электрондық құжат түрінде өтініші бойынша тауарды мерзімінен бұрын беруді жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 7
7. Тапсырыс беруші:
Тармақша 1
1) тауар жеткізу орнына келген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей қабылдау-беру актісіне қол қою арқылы Шарт талаптарына сәйкес берілген тауарды қабылдап алуға;
Тармақша 2
2) Шарттың талаптарына сәйкес тауарға төлем жүргізуге;
Тармақша 3
3) Бірыңғай дистрибьюторға Тапсырыс берушіге оны бергеннен кейін 24 сағаттан кешіктірмей шағым жасау актісін ресімдеу жолымен алынған тауарға барлық наразылықтар туралы жазбаша түрде шұғыл хабарлауға міндетті.
Тармақша 4
4) ЕқПз сатып алған кезде – есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болуы тиіс.
Тарау 4. 4-тарау. Шарттың бағасы және төлемі
4-тарау. Шарттың бағасы және төлемі
Тармақ 8
8. Шарттың бағасы ________ (сомасы санмен және жазумен) теңгені құрайды. Шартқа 1-қосымшада санамаланған тауарларға ҚҚС салынбайды.
Тармақ 9
9. Шарт бойынша тауарға ақы төлеу мынадай түрде жүргізіледі:
Тармақша 1
1) Тапсырыс беруші Шарт күшіне енген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде соманы кейіннен ұстап қалумен шарт бағасының 50 (елу) пайызы мөлшерінде алдын ала төлем жүргізеді.
Тармақша 2
2) төлем бірыңғай дистрибьютор ұсынған шот-фактура, беру қабылдау актісі негізінде берілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүргізіледі; Антиретровирустық және туберкулезге қарсы препараттарды берген кезде тапсырыс беруші осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларын қолданбай дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ақпараттық жүйесінде (ДҚАЖ) рецепттерді қамтамасыз ету фактісі бойынша шарт бойынша тауарға ақы төлеуді жүргізеді.
Тармақ 10
10. Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес тиісті салық төлеуші тарап төлеуге тиіс.
Тармақ 11
11. Шарттың бағасы сатып алу үшін бөлінген сомаға тең немесе одан асатын болып табылмайды.
Тарау 5. 5-тарау. Тауарды беру және қабылдау шарттары
5-тарау. Тауарды беру және қабылдау шарттары
Тармақ 12
12. Бірыңғай дистрибьютордың Тапсырыс берушінің мекенжайына тауарды жеткізуі мынадай мекенжай бойынша жүзеге асырылады: ___________________________________________________________________.
Тармақ 13
13. Бірыңғай дистрибьютор тауарды Тапсырыс берушіге тасымалдау кезінде оның зақымдануының немесе бүлінуінің алдын алуға қабілетті көліктік қаптамада жүзеге асырады. Көліктік қаптама қандай да бір шектеусіз қарқынды көтеру-тасымалдау өңдеуіне және тасымалдау кезінде экстремалды температуралардың, тұздар мен жауын-шашынның, сондай-ақ ашық сақтаудың әсеріне төзуі тиіс.
Тармақ 14
14. Тауарды буып-түю және таңбалау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында айқындалған талаптарға сәйкес келуге тиіс.
Тармақ 15
15. Тапсырыс берушінің тауарды саны мен сапасы бойынша қабылдауын Тапсырыс беруші мен Бірыңғай дистрибьютордың өкілдері жүргізеді және тауарды қабылдау-беру актісімен ресімделеді. Беру кезінде Бірыңғай дистрибьютордың өкілі тауарға ілеспе құжаттардың болуын қамтамасыз етуі тиіс. Тауарды қабылдау-беру актісі жасалған күн тауарды беру күні болып есептеледі. Шарт бойынша берілетін тауар Бірыңғай дистрибьютор берген және Тапсырыс беруші қабылдаған болып есептеледі:
Тармақша 1
1) тауардың нақты саны тауарды қабылдау-беру актісінде көрсетілген санға сәйкес келген кезде;
Тармақша 2
2) тауардың қалдық жарамдылық мерзімі Шарт талаптарына сәйкес келген кезде;
Тармақша 3
3) ілеспе құжаттарда ерекшелікке (Шартқа 1-қосымша) сәйкес әрбір атауға тауардың қауіпсіздігі мен сапасы туралы қорытындының нөмірі мен қолданылу мерзімін немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытындының (рұқсат беру құжатының) нөмірін көрсеткен кезде;
Тармақша 4
4) тауар қаптамасында көрсетілген серия/партия, жарамдылық мерзімі және ілеспе құжаттарда көрсетілген серия/партия, жарамдылық мерзімі сәйкес келген кезде.
Тармақ 16
16. Тапсырыс беруші тауарды қабылдауды электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған түпнұсқалар немесе электрондық нысандар, мынадай тауарға ілеспе құжаттар болған кезде жүзеге асырады: ауыстыруға арналған жүкқұжат/қорларды басқа жаққа беруге арналған жүкқұжат; орау парағы/шот-фактура; тауарды қабылдау-беру актісі; тауар-көлік жүкқұжаты; жол парағы; тауар алушыға берілетін сенімхат.
Тармақ 17
17. Тауарды қабылдауды Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілінен Тапсырыс берушінің уәкілетті өкілі жүргізеді. Тауарды беру күні Тапсырыс берушінің өкілі тауардың ілеспе құжаттарға сәйкестігін тексереді.
Тармақ 18
18. Тапсырыс беруші тауарға ілеспе құжаттарға қол қояды және оларды тауар берілген кезден бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкіліне береді (қайтарады). Тапсырыс беруші қол қойылған тауарға ілеспе құжаттардың бір данасын өзінде қалдырады.
Тармақ 19
19. Берілген тауардың ілеспе құжаттарға сәйкессіздігі анықталған кезде, бұл сәйкессіздіктер қабылдау-беру актісінде көрсетіледі. Тапсырыс беруші тауар бойынша барлық наразылықтар туралы жазбаша түрде, бірақ тауарды қабылдау-беру актісіне қол қойылғаннан кейін 24 сағаттан кешіктірмей Бірыңғай дистрибьюторды жедел хабардар етуге тиіс. Бұл ретте Бірыңғай дистрибьютор 30 (отыз) жұмыс күні ішінде Тапсырыс берушінің берілген тауарға қатысты барлық ескертулерін жоюға міндеттенеді, олай болмаған жағдайда Тапсырыс беруші Бірыңғай дистрибьютордың іс-әрекетін тауарды уақтылы бермеу деп бағалайтын болады. Бірыңғай дистрибьютор Тапсырыс берушінің хабарламасын алғаннан кейін келесі күннен кешіктірмей (егер хабарламада өзге мерзім көрсетілмесе) берілген тауарды тексеруге қатысу үшін өз өкілін жіберуге міндетті.
Тармақ 20
20. Берілетін тауарды немесе оның бір бөлігін Тараптардың жазбаша келісімі бойынша осындай тауардың бағасы сақталған немесе азайған жағдайда шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу жолымен ауыстыруға жол беріледі.
Тармақ 21
21. Тапсырыс беруші ілеспе құжаттарға және Шартқа сәйкес келетін тауарды қабылдаудан бас тартқан кезде Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілі тауарды қабылдаудан бас тарту туралы акт жасайды, бұл жағдайда жүкқұжатта көрсетілген күн тауарды беру күні болып есептеледі. Тапсырыс беруші тарапынан бас тарту туралы актіге Тапсырыс берушінің бірінші басшысы немесе оны алмастыратын тұлға немесе басшысының орынбасары, сондай-ақ тауарды қабылдауға жауапты тұлға қол қояды. Бірыңғай дистрибьютор тарапынан бас тарту туралы актіге Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілі қол қояды. Тапсырыс беруші актіге қол қоюдан бас тартқан кезде Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілі тауарды қайтаруды қабылдаудан бас тартуға құқылы. Бұл ретте Тапсырыс беруші нақты берілген, оның ішінде Шарттың 5-тарауына сәйкес Тапсырыс беруші қабылдамаған тауар көлемі үшін ақы төлеуге міндеттенеді.
Тармақ 22
22. Егер Шартты орындау кезеңінде Бірыңғай дистрибьютор кез келген сәтте тауарларды уақтылы беруге кедергі келтіретін жағдайларға тап болса, Бірыңғай дистрибьютор Тапсырыс берушіге тауардың атауын, кідірудің болжамды ұзақтығын, кідірудің себебін (себептерін) көрсете отырып, дереу жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Бірыңғай дистрибьютордан хабарлама алғаннан кейін Тапсырыс беруші 5 (бес) жұмыс күні ішінде жағдайды бағалауға және Бірыңғай дистрибьюторды өзінің шешімі туралы жазбаша хабардар етуге тиіс: Бірыңғай дистрибьютордың міндеттемелерді орындау мерзімін ұзарту және (немесе) Шартта осындай тауарлардың көлемін (санын) азайту. Бұл жағдайда Тараптардың барлық өзгерістері қосымша келісімге қол қою жолымен ресімделуі тиіс.
Тармақ 23
23. Жалпы жарамдылық мерзімі екі жылдан кем тауарды беру сәтіндегі қалдық жарамдылық мерзімі беру сәтіндегі жалпы жарамдылық мерзімінің кемінде 30 (отыз) пайызын құрауы тиіс, жарамдылық мерзімі екі жылдан кем емес тауар үшін вакциналарды қоспағанда, жарамдылық мерзімі беру сәтінде кемінде 8 (сегіз) айды құрауы тиіс, жалпы жарамдылық мерзімі 2 (екі) жылдан кем тауарды беру сәтіндегі қалдық жарамдылық мерзімі беру сәтіндегі жалпы жарамдылық мерзімінің кемінде 40 (қырық) пайызын құрауға тиіс және жарамдылық мерзімі кемінде екі жыл тауар үшін беру сәтіндегі қалдық жарамдылық мерзімі кемінде 10 (он) айды құрауы тиіс.
Тармақ 24
24. Ауыспалы қалдық болып табылатын тауар үшін Шарттың 23-тармағында көрсетілгеннен аз жарамдылық мерзімі бар болса беруге жол беріледі.
Тармақ 25
25. Тапсырыс беруші ол таратылған, қайта ұйымдастырылған, қаржыландыру, төсек қоры қысқартылған жағдайларда Бірыңғай дистрибьюторды Шарттың 2-қосымшасына сәйкес тауарларды беруді жүзеге асырғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей тауарды қабылдаудан бас тарту туралы жазбаша хабардар етуге міндетті. Бұл ретте Тапсырыс беруші осындай жағдайдың басталғаны туралы тиісті құжаттарды ұсынуға міндетті.
Тармақ 26
26. Тапсырыс беруші Тараптардың заңды құқықтық мирасқорларын қоспағанда, Бірыңғай дистрибьютордың бұған алдын ала жазбаша келісімінсіз Шарт бойынша өз міндеттерін үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
Тарау 6. 6-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
6-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
Тармақ 27
27. Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
Тармақ 28
28. Тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерін ішінара немесе толық орындамағаны үшін, егер ол еңсерілмейтін күш жағдайларының (форс-мажор жағдайлар) салдары болып табылса, жауапкершіліктен босатылады.
Тармақ 29
29. Шарттың мақсаттары үшін форс-мажор Тараптың жаңсақтығына немесе салғырттығына байланысты емес және бұл жағдайлар Тараптардың кез келгенінің шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауын мүмкін етпеген жағдайда, Тараптардың кез келгенінің бақылауына бағынбайтын күтпеген сипатқа ие (дүлей зілзалалар, міндеттемелерді орындауға тыйым салатын немесе қандай да бір өзгеше түрде кедергі келтіретін мемлекеттік органдардың нормативтік актілерін немесе өкімдерін шығару, әскери іс-қимылдар, өндірісті тоқтата тұру немесе тоқтату және еңсерілмейтін күштің (форс-мажордың) туындағаны туралы куәлікте көрсетілген жағдайлар) оқиғаны білдіреді.
Тармақ 30
30. Форс-мажор жағдайлар туындаған кезде, олар туындаған Тарап екінші Тарапқа осындай жағдайлар және олардың себептері туралы жазбаша хабарлама жібереді және форс-мажор жағдайлар туындаған кезден бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде олардың туындағанын тиісті құжаттармен растайды. Бұл жағдайда Шарттың қолданылуы форс-мажор жағдайлар тоқтатылғанға дейін тоқтатыла тұрады және Шарттың қолданылу мерзімі форс-мажор жағдайлардың қолданылу мерзіміне сәйкес ұзартылады. Хабарламау немесе уақтылы хабарламау Тарапты Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босататын негіз ретінде жоғарыда көрсетілген жағдайлардың кез келгеніне сілтеме жасау құқығынан айырады.
Тармақ 31
31. Егер форс-мажор жағдайлар күнтізбелік бір айдан астам уақытқа созылса, Тараптар бұл туралы жазбаша келісім жасасу жолымен Шарттың қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдауға құқылы. Бұл ретте Тараптар нақты берілген тауар үшін өзара есеп айырысуды жүргізеді.
Тармақ 32
32. Егер Бірыңғай дистрибьютор форс-мажор жағдайларды қоспағанда, тауарды беру графигін сақтамаса, Тапсырыс беруші бірыңғай дистрибьюторды жазбаша нысанда хабардар еткеннен кейін Шарт шеңберінде өзінің басқа құқықтарына нұқсан келтірмей, Шарттың сомасынан тұрақсыздық айыбы түрінде, Бірыңғай дистрибьютор келісім алғаннан кейін мерзімі өткен әрбір күн үшін уақтылы берілмеген тауарлар сомасының 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызы, бірақ уақтылы берілмеген тауар құнының 5 (бес) пайызынан аспайтын мөлшердегі соманы шегеруге құқылы.
Тармақ 33
33. Егер Тапсырыс беруші Шарттың 9-тармағында көзделген тауарға ақы төлеу тәртібін бұзса, Бірыңғай дистрибьютор Шарттың шеңберінде басқа құқықтарға залал келтірмей, Шарттың сомасынан Шарт бойынша уақтылы төленбеген соманың 0,02 (нөл бүтін жүзден екі) пайызын, бірақ Шарт бойынша уақтылы төленбеген соманың 0,5 (нөл бүтін оннан бес) пайызынан аспайтын мөлшерде тұрақсыздық төлемі түрінде соманы есептеуге құқылы. Осы санкцияға қосымша Бірыңғай дистрибьютор Тапсырыс берушінің басшысынан және құрылтайшысынан(-ларынан) аталған соманы сот тәртібінде қайтарып алуға құқығы бар.
Тармақ 34
34. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ осы Шартты жасасуға немесе тоқтатуға байланысты Тараптар мен олардың қызметкерлері және Тараптарға белгілі болғандай, олардың үлестес тұлғалары, агенттері, өкілдері, делдалдары және (немесе) қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) Қазақстан Республикасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын бұзатын не бұзуға ықпал ететін әрекеттерді жасамайды, оларды жасауға ынталандырмайды, сондай-ақ Шартқа 3-қосымшаға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды сақтайды деп сендіреді.
Тарау 7. 7-тарау. Хат-хабар
7-тарау. Хат-хабар
Тармақ 36
36. Шарт бойынша барлық коммуникативтік құжаттарда Шарттың күні мен нөмірі көрсетілген Тараптардың деректемелері болуы тиіс.
Тармақ 37
37. Шарт бойынша Тараптардан талап етілетін немесе талап етілуі мүмкін кез келген хабарламалар немесе хабарлар жазбаша түрде ұсынылады және тапсырыс хатпен немесе курьер қызметінің көмегімен және (немесе) Бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат түрінде жіберіледі. Көрсетілген хат-хабар Шарттың 9-тарауында көрсетілген Тараптардың электрондық поштасының көмегімен сканерленген түрде де берілуі мүмкін, мұндай жағдайда хат-хабар Тарапқа тиісті түрде жеткізілген болып есептеледі.
Тармақ 38
38. Тапсырыс хатпен немесе курьер қызметінің көмегімен жіберілген хат-хабар екінші Тарапта пошта бөлімшесінің немесе курьер қызметінің оны жеткізгенін растайтын мөртабаны бар хабарлама болған жағдайда, хат-хабар жіберілген Тарапқа оны алған күні (сағатта) жеткізілген болып есептеледі. Электрондық поштаның көмегімен жіберілген хат-хабар ол жіберілген Тарапқа берілген күні (сағатта) жеткізілген болып есептеледі.
Тармақ 39
39. Шарт бойынша хат-хабар Шарттың 10-тарауында көрсетілген деректемелер бойынша Тараптарға жіберілуі тиіс.
Тарау 8. 8-тарау. Құпиялылық
8-тарау. Құпиялылық
Тармақ 40
40. Шарттың қолданысының нәтижесінде бір Тараптың екінші Тарап үшін ұсынған ақпараты Шарттың уақыты біткеннен кейін немесе бұзғаннан кейін 3 (үш) жылға дейін құпия болып табылады, мынадай жағдайлардан басқа, егер ақпарат:
Тармақша 1
1) ашу кезінде жұртшылықтың қолы жетімді;
Тармақша 2
2) жария етілгеннен кейін екінші Тарапқа жария етуші Тарап Шартты жариялау жолымен немесе өзгеше түрде бұзбай (мемлекеттік, құқық қорғау және сот органдарының сұрау салулары бойынша ұсыну жолымен) жария пайдалануға түссе;
Тармақша 3
3) басқа Тарап ашу кезінде Тараптардың иелігінде болып және осындай Тараптан тікелей немесе жанама алынбаса;
Тармақша 4
4) үшінші тараптан алынды, алайда мұндай ақпарат құпиялылықты кепілдендіретін Тараптан тікелей немесе жанама ұсынылмаса;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда сотқа, мемлекеттік органдарға, жеке сот орындаушыларына ұсынылса құпия болып табылмайды.
Тармақ 41
41. Шартқа сәйкес өзінің міндеттемелерін растайтын Тарап осындай міндеттемелерді бұзуды белгілеген кезде өзіне дәлелдеу ауыртпалығын жүктейді.
Тарау 9. 9-тарау. Қорытынды ережелер
9-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 42
42. Тараптар екінші Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз Шарттың немесе оның қандай да бір ережелерінің мазмұнын, сондай-ақ Тараптар Шартты орындау үшін Тараптар тартқан персоналды қоспағанда, Тараптар немесе олардың атынан басқа тұлғалар берген ақпаратты біреуге ашуға құқығы жоқ. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және Шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қаншалықты қажет болса, сондай шамада берілуге тиіс.
Тармақ 43
43. Құқықтар мен міндеттемелер құқықтық мирасқорға ауысатын жағдайларды қоспағанда, тараптар Шартта көрсетілген өз құқықтары мен міндеттемелерін (талап ету құқығын) үшінші тұлғаларға беруге/қайта беруге құқығы жоқ.
Тармақ 44
44. Шарт Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшесінде міндетті тіркегеннен кейін күшіне енеді және 20__ жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда (мемлекеттік мекемелер үшін) қолданылады. Шарт Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және 20__ жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда қолданылады, ал төлем бөлігінде – Тараптар толық орындағанға дейін (меншіктің өзге нысанындағы ұйымдар үшін) қолданылады.
Тармақ 45
45. Шарт мынадай жағдайларда өз қолданысын тоқтатады:
Тармақша 1
1) Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған кезде;
Тармақша 2
2) Тараптардың бірі банкрот деп танылған жағдайда;
Тармақша 3
3) Шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындаған кезде. Шарттың қолданылуы тоқтатылған кезде тараптар өзара есеп айырысуды салыстыру актісіне қол қояды.
Тармақ 46
46. Бірыңғай дистрибьютордың, егер Тапсырыс беруші төлемге қабілетсіз болса, шартты бұзу себебін, күші жойылған шарттық міндеттемелердің көлемін, сондай-ақ шартты бұзу күшіне енген күнді көрсете отырып, болжамды бұзу күніне дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей Тапсырыс берушіге алдын ала тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, Шартты бұзуға құқығы бар.
Тармақ 47
47. Бірыңғай дистрибьютор Шарттың 46-тармағының талаптарын сақтаған кезде Бірыңғай дистрибьютордың шартты бұзу күніне оны бұзуға байланысты нақты шығыстар үшін ғана төлемді талап етуге құқығы бар.
Тармақ 48
48. Тараптар арасында туындайтын келіспеушіліктер немесе даулар шарт бойынша келіссөздер процесінде немесе оған байланысты шешіледі.
Тармақ 49
49. Дауларды келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған кезде Тараптардың кез келгені Бірыңғай дистрибьютордың орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды шешу үшін сотқа жүгінуге құқылы.
Тармақ 50
50. Шарт тараптардың әрқайсысы үшін бірдей заңды күші бар қазақ және орыс тілдерінде бір-бір данадан 2 (екі) данада жасалады.
Тармақ 51
51. Шарт бойынша қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларымен реттеледі.
Тармақ 52
52. Қандай да бір Тараптың қайта ұйымдастырылуы, таратылуы, банкроттығы, атауының, заңды мекенжайының және басқа да деректемелерінің өзгеруі туралы ол күнтізбелік 10 (он) күн ішінде басқа Тарапты жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті.
Тармақ 53
53. Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар, егер олар Шарт жасасу нысанында жасалса және Тараптар қол қойса, ал қағаз жеткізгіште жасалған Шарттар үшін Тараптардың мөрімен расталса, күшіне ие болады.
Тармақ 54
54. 24 сағат ішінде ақпарат беруге қатысты сілтеме жасалатын барлық Шарт бойынша міндеттемелер, егер 24 сағаттың аяқталуы осы міндеттеме бар Тарап үшін демалыс және мереке күндеріне түскен кезде аяқталу мерзімі келесі жұмыс күніне дейін автоматты түрде ұзартылады деп келісті.
Тармақ 55
55. Қазақстан Республикасының заңнамасы Шарттың талаптарына қатысты бөлігінде өзгерген кезде Тараптар Шартқа тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуге міндеттенеді.
Тарау 10. 10-тарау. Тараптардың мекенжайлары, банктік деректемелері және қолдары:
10-тарау. Тараптардың мекенжайлары, банктік деректемелері және қолдары: Тапсырыс беруші: Бірыңғай дистрибьютор:
Басқа 12.1. Сатып алынатын тауарлардың ерекшелігі
« » 20 № Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алудың үлгі шартына (бірыңғай дистрибьютор мен тапсырыс беруші арасында) 1-қосымша Нысан Сатып алынатын тауарлардың ерекшелігі р/с № Бі­рың­ғай фар­ма­цев­ти­ка­лық ақ­па­рат­тық жүйе (БФАЖ) бой­ын­ша та­у­ар прай­сы­ның ар­найы по­зи­ци­я­сы Са­уда­лық ата­уы Ха­лы­қа­ра­лық па­тент­тел­ме­ген ата­уы Шы­ға­ры­лу ны­са­ны Өн­ді­ру­ші Өл­шеп-ора­луы Өл­шем бір­лі­гі Ба­ға,тең­ге­мен Са­ны Со­ма, тең­ге­мен ЖИЫ­НЫ: Тараптардың деректемелері:
Басқа 12.2. Беру орны және графигі
« » 20 № Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алудың үлгі шартына (бірыңғай дистрибьютор мен тапсырыс беруші арасында) 2-қосымша Нысан Беру орны және графигі р/с № Бі­рың­ғай фар­ма­цев­ти­ка­лық ақ­па­рат­тық жүйе (БФАЖ) бой­ын­ша та­у­ар прай­сы­ның ар­найы по­зи­ци­я­сы Са­уда­лық ата­уы Өл­шем бір­лі­гі Жал­пы са­ны Кестенің жалғасы Ай сай­ын­ғы қа­жет­ті­лік* қаң­тар ақ­пан на­урыз сәу­ір ма­мыр мау­сым шіл­де та­мыз қыр­күй­ек қа­зан қа­ра­ша жел­тоқ­сан Беру орны (мекенжайы) _______________________________________ *беру басталған күніне байланысты толтырылады. Беру болжанбаған бағандарда «0» немесе «-.» қойылады.
Басқа 12.3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптар
« » 20 № Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алудың үлгі шартына (бірыңғай дистрибьютор мен тапсырыс беруші арасында) 3-қосымша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптар
Тармақ 1
1. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ осы Шартты жасасуға немесе тоқтатуға байланысты Тараптар мен олардың қызметкерлері және Тараптарға белгілі болғандай, олардың үлестес тұлғалары, агенттері, өкілдері, делдалдары және (немесе) қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) Қазақстан Республикасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын бұзатын не бұзуға ықпал ететін әрекеттерді жасамайды, оларды жасауға ынталандырмайды, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында қандай да бір заңсыз артықшылықтарды немесе өзге де заңсыз мақсаттарды алу мақсатында осы тұлғалардың әрекеттеріне немесе шешімдеріне ықпал ету үшін кез келген тұлғаларға тікелей немесе жанама түрде қандай да бір ақшалай қаражатты немесе құндылықтарды төлемейді, төлеуді ұсынбайды және төлеуге рұқсат бермейді деп сендіреді.
Тармақ 2
2. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ осы Шартты жасасуға немесе тоқтатуға байланысты Тараптар мен олардың жұмыскерлері және Тараптарға белгілі болғандай, олардың үлестес тұлғалары, агенттері, өкілдері, делдалдары және (немесе) қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) осы Шарттың мақсаттары үшін қолданылатын заңнамада қолданылатын пара беру/алу, коммерциялық сатып алу сияқты әрекеттерді, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын бұзатын әрекеттерді жүзеге асырмайтындығына сендіреді.
Тармақ 3
3. Осы Шарт Тараптарының әрқайсысы басқа Тараптың қызметкерлерін қандай да бір жолмен, оның ішінде ақшалай сомаларды, сыйлықтарды беру, олардың атына жұмыстарды (қызметтерді) өтеусіз орындау жолымен және қызметкерді белгілі бір тәуелділікке қоятын және осы қызметкердің оны ынталандыратын тараптың пайдасына қандай да бір іс-әрекеттерді орындауын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да тәсілдермен ынталандырудан бас тартады.
Тармақ 4
4. Тараптардың әрқайсысы екінші Тараптан осы Шарттың орындалу барысын талдау мақсатында осы Шарттың орындалуы жөніндегі мәліметтерді қамтитын құжаттарды сұратады.
Тармақ 5
5. Тарапта қандай да бір Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жағдайлардың бұзылғаны немесе орын алуы мүмкін деген күдік туындаған кезде, тиісті Тарап екінші Тарапты жазбаша нысанда хабардар етеді, сондай-ақ бұл туралы жоғары тұрған басшыға және (немесе) қызметкері болып табылатын мемлекеттік органның не ұйымның басшылығына және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 1-тармағына сәйкес хабарлайды.
Тармақ 6
6. Жазбаша хабарламада Тарап контрагенттің, оның үлестес тұлғаларының, жұмыскерлерінің, агенттерінің, өкілдерінің, делдалдардың және (немесе) қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) осы шарттардың қандай да бір ережелерін бұзу болғанын немесе болуы мүмкін екенін анық растайтын немесе болжауға негіз болатын, қолданылатын заңнамада пара беру немесе алу, коммерциялық сатып алу ретінде сараланатын әрекеттерден, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын бұзатын әрекеттерден көрінетін фактілерге сілтеме жасайды немесе материалдарды ұсынады.
Тармақ 7
7. Осы Шарттың Тараптары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі рәсімдердің жүргізілуін мойындайды және олардың сақталуын бақылайды. Бұл ретте тараптар сыбайлас жемқорлық қызметіне болжалды түрде тартылған контрагенттермен іскерлік қатынастардың болуын барынша азайту үшін ақылға қонымды күш-жігер жұмсайды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бір-біріне өзара жәрдем көрсетеді.
Тармақ 8
8. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптардың 5-тармағына сәйкес жазбаша хабарлама алған Тарап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде тергеу жүргізеді және оның нәтижелерін екінші Тараптың атына береді.
Басқа 13. Фармацевтикалық қызметтер көрсетудің үлгі өтеусіз шарты
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына 13-қосымша Фармацевтикалық қызметтер көрсетудің үлгі өтеусіз шарты Осы фармацевтикалық қызметтер көрсетудің өтеусіз шарты (бұдан әрі – Шарт) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесі шеңберінде бекітілген халықты амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету мақсатында «СҚ-Фармация» ЖШС (бұдан әрі – Бірыңғай дистрибьютор) мен денсаулық сақтау субъектісі (бұдан әрі – Тапсырыс беруші) арасындағы қатынастарды реттейді.
Тарау 1
1-тарау. Шарттың нысанасы
Тармақ 1
1. Жөнелтуге рұқсат қағазына сәйкес (бұдан әрі – рұқсат қағазы) Бірыңғай дистрибьютор Тапсырыс берушіге дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды (бұдан әрі – тауар) беруге міндеттенеді. Тапсырыс беруші рұқсат қағазына сәйкес тауарды қабылдауға және халыққа рецепт бойынша тауар жіберуді жүзеге асыруға міндеттенеді.
Тармақ 2
2. Бірыңғай дистрибьютор Шарт шеңберінде Тапсырыс берушіге берілген, бірақ әлі өткізілмеген тауарға меншік құқығын өзінде сақтайды.
Тарау 2
2-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
Тармақ 3
3. Бірыңғай дистрибьютор:
Тармақша 1
1) Тапсырыс берушіге «СҚ-Фармация» сервер «Бірыңғай фармацевтикалық ақпараттық жүйесі» порталында өткен жылғы тұтыну қарқынын және Тапсырыс берушіде тауардың қалдығын (бұдан әрі – БФАЖ) ескере отырып, автоматты түрде қалыптастырылған өтінімді келісуге жіберуге;
Тармақша 2
2) Тапсырыс берушімен келісілген тауарды өтінім бойынша БФАЖ жөнелтуге;
Тармақша 3
3) қаржы жылының соңына дейін болжамды көлемдерді ескере отырып, тауар қорларына мониторингті жүзеге асыруға және басқаруға;
Тармақша 4
4) тауарды тиісті сападағы тауарға ілеспе құжаттар бойынша тауардың сақталуын қамтамасыз ететін қаптамада және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес таңбамен беруге;
Тармақша 5
5) есірткі, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар Тапсырыс берушіге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде бөлінген бюджет қаражаты шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде Бірыңғай дистрибьютордың тізбесі бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен ұсынылған талаптар мен тұтыну нормативтеріне сәйкес құрамында есірткі, психотроптық заттар бар тауарларды беруге;
Тармақша 6
6) Тапсырыс берушіде алдағы ай көлемінде тауар қорын құруға міндетті.
Тармақ 4
4. Бірыңғай дистрибьютор тауарды түгендеуді жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 5
5. Тапсырыс беруші:
Тармақша 1
1) Шарт талаптарына сәйкес берілген тауарды қабылдауға;
Тармақша 2
2) тиісті қызмет түріне лицензиясы болуы;
Тармақша 3
3) тауарды заңнама талаптарына сәйкес сақтауға және оның сақталуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 4
4) тауарды босатудың есебін жүргізуге;
Тармақша 5
5) бірінші кезектегі тәртіппен ең аз қалдық жарамдылық мерзімі бар халыққа тауар жіберуге (FEFO әдістемесі);
Тармақша 6
6) есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы заңнаманың талаптарын сақтай отырып, құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар тауарды халыққа рецепттер бойынша беруді жүзеге асыруға;
Тармақша 7
7) берілген тауар және оның кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну тәуекелі үшін жауапты болуға;
Тармақша 8
8) тауар жоғалған, ұрланған немесе бүлінген жағдайларда бұл туралы Бірыңғай дистрибьюторды жазбаша нысанда күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде дереу хабардар етуге;
Тармақша 9
9) жазбаша талап бойынша Бірыңғай дистрибьюторға тауардың құнын өтеуге;
Тармақша 10
10) Бірыңғай дистрибьютордың өкілдерін Шарттың орындалуына мониторинг жүргізуі және тауарды түгендеуі үшін дәріханалардың (дәріхана пункттерінің) бөлме-жайларына кіргізуге;
Тармақша 11
11) тауарды сериялық есепке алуды және тауар қалдықтары мен олардың жарамдылық мерзімдеріне күнделікті бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 12
12) Бірыңғай дистрибьютордың талабы бойынша тауарды кері қайтаруға;
Тармақша 13
13) тауарды босату кезінде амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету жөніндегі деректерді ДҚАЖ-ға уақтылы енгізуге;
Тармақша 14
14) тауарды босату кезінде амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету бойынша ДҚАЖ-ға дұрыс деректерді енгізуге;
Тармақша 15
15) амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету және (немесе) халыққа тауарды босату жөніндегі есептілік бойынша рецепттердің жиынтық тізілімдерін уақтылы жіберуге;
Тармақша 16
16) Бірыңғай дистрибьютор беретін тауар туралы ақпаратты мемлекеттік және орыс тілдерінде өз бөлме-жайында халыққа көрінетін жерге орналастыруға;
Тармақша 17
17) «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнын төлеу қағидалары туралы»Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-210/2020 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21715 болып тіркелді) 8-тармағына сәйкес Бірыңғай дистрибьюторға есепті ұсынуға міндетті.
Тармақ 6
6. Тапсырыс беруші:
Тармақша 1
1) берілетін тауарды тексеруді және қарауды жүргізуге;
Тармақша 2
2) Бірыңғай дистрибьютордан тауарға ілеспе құжаттарды сұратуға;
Тармақша 3
3) Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкіліне тауар Шартта немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында қойылатын талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда оны қабылдаудан бас тартуға құқылы.
Тарау 3
3-тарау. Тапсырыс берушінің тауарды қабылдауы
Тармақ 7
7. Тапсырыс беруші тауарды беру күні Шарттың 9-тармағында көрсетілген тауарға ілеспе құжаттар бойынша Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілінен қабылдауға тиіс.
Тармақ 8
8. Тауарды қабылдаудан бас тартқан кезде Тапсырыс беруші мұндай бас тарту туралы себебін көрсете отырып, бас тарту туралы актіні ресімдеу жолымен тауар берілген күннен бастап 24 (жиырма төрт) сағат ішінде Бірыңғай дистрибьюторға хабарлайды.
Тармақ 9
9. Тапсырыс беруші тауарды қабылдауды электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық нысандардың түпнұсқалары, мынадай тауарға ілеспе құжаттар болған кезде жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) ауыстыруға арналған жүкқұжат;
Тармақша 2
2) қаптама парағы;
Тармақша 3
3) тауарды қабылдау-беру актісі;
Тармақша 4
4) тауар-көлік жүкқұжаты;
Тармақша 5
5) жол парағы;
Тармақша 6
6) тауар алушыға берілетін сенімхат болуға тиіс.
Тармақ 10
10. Тауарды қабылдау кезінде Тапсырыс беруші Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілінің қатысуымен тауарды қарап, олардың санын, сыртқы жай-күйін тексеруді жүргізеді, Шарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарға сәйкестігін, оның ішінде температуралық режим бойынша талаптарды сақтау тұрғысынан тексереді.
Тармақ 11
11. Жасырын ақаулар анықталған кезде (сыну, ақау, нұсқаулықтардың болмауын қоса алғанда, жетіспеушілік, бүлінбеген қайталама қаптамадағы бастапқы қаптамадағы ақау, жетіспеушілік, жиынтықталмау және өзгелер), Тапсырыс беруші жасырын ақаулардың анықталғанын растайтын барлық құжаттарды қоса бере отырып, Бірыңғай дистрибьюторға дереу жазбаша хабарлайды.
Тармақ 12
12. Тараптардың тауарды қабылдау-беру актісіне қол қойған күні Шарт бойынша тауарды беру күні болып есептеледі.
Тармақ 13
13. Тапсырыс беруші тауарға ілеспе құжаттарға қол қояды және оларды тауар берілген кезден бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкіліне береді (кері қайтарады). Тапсырыс беруші қол қойылған тауарға ілеспе құжаттардың бір данасын өзінде қалдырады.
Тарау 4
4-тарау. Тапсырыс берушінің тауарды сақтауы
Тармақ 14
14. Тапсырыс беруші тауарды Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында айқындалған тауарды сақтау және тасымалдау қағидаларына және тауарды медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда сәйкес сақтауға тиіс.
Тармақ 15
15. Тапсырыс беруші қабылданған тауарды халыққа рецепт бойынша бергенге және (немесе) Бірыңғай дистрибьюторға қайтарғанға дейін оның сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Тарау 5
5-тарау. Тапсырыс берушінің тауарды есепке алуы және халыққа босатуы
Тармақ 16
16. Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде тауарды тегін алуға арналған рецепттер бойынша ғана халыққа тауар босатады.
Тармақ 17
17. Тапсырыс беруші рецепттерді сақтауды, сақтауды, бөлуді, босатуды, арнайы рецептілік бланкілер мен талаптарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес есепке алуды және жоюды қамтамасыз етуге міндеттенеді.
Тармақ 18
18. Тапсырыс берушінің тауарды тұрғындардан басқа, олардың нысаналы мақсаты бойынша өткізуіне, тауарды басқа тауармен ауыстыруына, тауарды басқа медициналық ұйымдар арасында қайта бөлуіне жол берілмейді.
Тармақ 19
19. Тапсырыс беруші ДҚАЖ-да олардың атауларын, санын, бағасын, серияларын, партияларын көрсете отырып, тауар шығысының есебін жүргізеді. Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес тауардың заттық-сандық есебін қамтамасыз етеді.
Тармақ 20
20. ДҚАЖ-да шығысты есепке алуды жүргізу мүмкіндігі болмаған кезде Тапсырыс беруші тауарды босатуды есепке алу журналына жазба жүргізеді. Бұл ретте тауарды босату пациенттің немесе оның өкілінің (туысының) қолымен тауардың босатылуын есепке алу журналында куәландырылады. Техникалық ақауларды жойғаннан кейін Тапсырыс беруші деректерді ДҚАЖ-ға енгізеді.
Тармақ 21
21. Тауардың шығыс құжаттарының ДҚАЖ-дағы және (немесе) тауарды босатуды есепке алу журналындағы күні пациенттің тауарды босатқан күніне сәйкес келуі тиіс.
Тармақ 22
22. Халыққа тауарды босату кезінде Бірыңғай дистрибьютордың тауарын басқа тауармен, оның ішінде басқа сауда атауларымен, партиялармен немесе сериялармен ауыстыруға жол берілмейді. Тапсырыс беруші халыққа ең аз қалдық жарамдылық мерзімі бар тауарды бірінші кезекте береді (FEFO әдістемесі).
Тармақ 23
23. Бірыңғай дистрибьютор тауарды түгендеуді түгендеу басталғанға дейін 8 (сегіз) жұмыс сағатынан кешіктірмей Тапсырыс берушіні жазбаша хабардар ете отырып, Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерді тікелей Тапсырыс берушіде толық орындағанға дейін түгендеу тізімдемесін сақтай отырып, күнтізбелік айда кемінде 1 (бір) рет түгендеуді жүзеге асырады. Бұл ретте Тапсырыс беруші тауар сақталатын бөлме-жайларға Бірыңғай дистрибьютордың өкілдерін түгендеу жүргізу немесе тауарды босатуды есепке алу журналының деректерін салыстырып тексеру үшін жіберуге міндетті.
Тарау 6
6-тарау. Тауарды Бірыңғай дистрибьюторға кері қайтару
Тармақ 24
24. Тауарды кері қайтару қажет болған кезде, оның ішінде шартты бұзған кезде Бірыңғай дистрибьютор Тапсырыс берушіге «СҚ-Фармация сервер» Бірыңғай фармацевтикалық ақпараттық жүйесі» (бұдан әрі – БФАЖ) порталында рұқсат қағаз немесе тауарды күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде кері қайтару талабымен жазбаша хабарлама жібереді.
Тармақ 25
25. Тапсырыс беруші тауарды қабылдау-беру (кері қайтару) актісі, кері қайтару жүкқұжаты, тауар-көлік жүкқұжаты негізінде Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкіліне беру арқылы халыққа босатылмаған тауарды Бірыңғай дистрибьюторға кері қайтаруды жүзеге асырады.
Тармақ 26
26. Тауарды кері қайтару Тапсырыс берушінің бөлме-жайында Шарттың қолданылу мерзімі өткенге дейін Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкіліне жүргізіледі. Тауарды Бірыңғай дистрибьюторға кері қайтару кезінде Тапсырыс беруші тауарды қабылдау-беру актілеріне сәйкес Бірыңғай дистрибьютор оған берген сериялар мен партияларды кері қайтарады. Тапсырыс беруші тауарды басқа сериядағы, партиядағы немесе басқа да саудалық атаулардағы тауарға Бірыңғай дистрибьюторға кері қайтарған кезде оны ауыстыруға жол берілмейді.
Тармақ 27
27. Тапсырыс берушінің тауарды жарамдылық мерзімі өткен Бірыңғай дистрибьюторға кері қайтаруына жол берілмейді.
Тарау 7
7-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
Тармақ 28
28. Тауар жоғалған немесе бүлінген кезде Тапсырыс беруші бұл туралы Бірыңғай дистрибьюторға жоғалған немесе бүлінген тауардың атауын, техникалық сипаттамаларын, сериясын, санын, бағасы мен сомасын және жоғалу/бүліну себептерін көрсете отырып, күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын дереу жазбаша хабарлайды
Тармақ 29
29. Тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерін ішінара немесе толық орындамағаны үшін, егер ол форс-мажор жағдайлардың салдары болып табылса, жауапкершіліктен босатылады.
Тармақ 30
30. Форс-мажор жағдайлар туындаған кезде, олар туындаған Тарап екінші Тарапқа осындай жағдайлар және олардың себептері туралы жазбаша хабарлама жібереді және форс-мажор жағдайлар туындаған кезден бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде олардың туындағанын тиісті құжаттармен растайды. Бұл жағдайда Шарттың қолданылуы форс-мажор жағдайлар тоқтатылғанға дейін тоқтатыла тұрады және Шарттың қолданылу мерзімі форс-мажор жағдайлардың қолданылу мерзіміне сәйкес ұзартылады. Хабарламау немесе уақтылы хабарламау Тарапты Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босататын негіз ретінде жоғарыда көрсетілген жағдайлардың кез келгеніне сілтеме жасау құқығынан айырады.
Тармақ 31
31. Егер форс-мажор жағдайлар күнтізбелік бір айдан астам уақытқа созылса, Тараптар бұл туралы жазбаша келісім жасасу жолымен Шарттың қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдауға құқылы.
Тармақ 32
32. Тапсырыс беруші Бірыңғай дистрибьютордың алдында Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін толық мүліктік жауаптылықта болады.
Тармақ 33
33. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Бірыңғай дистрибьютордан амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету бойынша рецепттердің жиынтық тізілімдерін қабылдаудан бас тартқан кезде Тапсырыс берушінің халыққа заңнама талаптарын бұза отырып тауар беруі себебінен Тапсырыс беруші заңнама талаптарын бұза отырып босатылған тауардың құнын өтеуге міндетті.
Тармақ 34
34. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ осы Шартты жасасуға немесе тоқтатуға байланысты Тараптар мен олардың қызметкерлері және Тараптарға белгілі болғандай, олардың үлестес тұлғалары, агенттері, өкілдері, делдалдары және (немесе) қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) Қазақстан Республикасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын бұзатын не бұзуға ықпал ететін әрекеттерді жасамайды, оларды жасауға ынталандырмайды, сондай-ақ Шартқа қосымшаға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды сақтайды деп сендіреді.
Тарау 8
8-тарау. Хат-хабар
Тармақ 35
35. Шарт бойынша барлық құжаттарда Шарттың күні мен нөмірі көрсетілген Тараптардың деректемелері болуға тиіс. Осы Шартта көзделген құжаттарда жолдар арасындағы ендірмелерге, өшірулерге немесе қосып жазуларға жол берілмейді.
Тармақ 36
36. Шарт бойынша Тараптардан талап етілетін немесе талап етілуі мүмкін кез келген хабарламалар немесе хабарлар жазбаша түрде ұсынылады және тапсырыс хатпен немесе курьер қызметінің көмегімен және (немесе) Бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат түрінде жіберіледі. Көрсетілген хат-хабар тараптардың электрондық поштасының көмегімен сканерленген түрде де берілуі мүмкін, мұндай жағдайда хат-хабар Тарапқа тиісті түрде жеткізілген болып есептеледі.
Тармақ 37
37. Тапсырыс хатпен немесе курьер қызметінің көмегімен жіберілген хат-хабар екінші Тарапта пошта бөлімшесінің немесе курьер қызметінің оны жеткізгенін растайтын мөртабаны бар хабарлама болған жағдайда, хат-хабар жіберілген Тарапқа оны алған күні (сағатта) жеткізілген болып есептеледі. Электрондық поштаның көмегімен жіберілген хат-хабар ол жіберілген Тарапқа берілген күні (сағатта) жеткізілген болып есептеледі.
Тарау 9
9-тарау. Құпиялылық
Тармақ 38
38. Шарттың қолданысының нәтижесінде бір Тараптың екінші Тарап үшін ұсынған ақпараты Шарттың уақыты біткеннен кейін немесе бұзғаннан кейін 3 (үш) жылға дейін құпия болып табылады, мынадай жағдайлардан басқа, егер ақпарат:
Тармақша 1
1) ашу кезінде жұртшылықтың қолы жетімді;
Тармақша 2
2) жария етілгеннен кейін екінші Тарапқа жария етуші Тарап Шартты жариялау жолымен немесе өзгеше түрде бұзбай (мемлекеттік, құқық қорғау және сот органдарының сұрау салулары бойынша ұсыну жолымен) жария пайдалануға түссе;
Тармақша 3
3) басқа Тарап ашу кезінде Тараптардың иелігінде болып және осындай Тараптан тікелей немесе жанама алынбаса;
Тармақша 4
4) үшінші тараптан алынды, алайда мұндай ақпарат үшінші тарапқа құпиялылыққа кепілдік беретін Тараптан тікелей немесе жанама ұсынылмаса;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда сотқа, мемлекеттік органдарға, жеке сот орындаушыларына ұсынылса құпия болып табылмайды.
Тармақ 39
39. Шартқа сәйкес өзінің міндеттемелерін растайтын Тарап осындай міндеттемелерді бұзуды белгілеген кезде өзіне дәлелдеу ауыртпалығын жүктейді.
Тарау 10
10-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 40
40. Шарт бойынша Тараптар арасында туындайтын барлық даулар сол немесе өзге Тарап өтініш жасаған кезден бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде келіссөздер жолымен (ауызша және (немесе) жазбаша нысанда) шешіледі.
Тармақ 41
41. Дауларды келіссөздер жолымен (ауызша және (немесе) жазбаша нысанда) шешу мүмкін болмаған кезде Тараптардың кез келгені оларды шешу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бірыңғай дистрибьютордың орналасқан жері бойынша сотқа жүгінуге құқылы.
Тармақ 42
42. Осы Шартпен реттелмеген құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледі.
Тармақ 43
43. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда немесе, егер еңсерілмейтін күш жағдайлар Тараптарға шарт бойынша міндеттемелерді күнтізбелік 2 (екі) ай ішінде үздіксіз орындауға мүмкіндік бермесе, Тараптардың келісімі бойынша Шартты бұзады.
Тармақ 44
44. Шарттың қалған бөлігінде бұзылғаннан кейін Тараптардың міндеттемелері толығымен тоқтатылады.
Тармақ 45
45. Шарт бірдей заңды күші бар қазақ және орыс тілдерінде жасалды.
Тармақ 46
46. Шарт Тапсырыс беруші БФАЖ порталына электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойған күннен бастап күшіне енеді және Тараптар міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.
Тармақ 47
47. Тапсырыс берушінің осы Шартқа қол қоюы осы Шарттың талаптарын сөзсіз қабылдауы (акцепті) болып есептеледі.
Тармақ 48
48. Қазақстан Республикасының заңнамасы Шарттың талаптарына қатысты бөлігінде өзгерген кезде Тараптар Шартқа тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуге міндеттенеді.
Тарау 11
11-тарау. Тараптардың мекенжайлары, банктік деректемелері және қолдары: Тапсырыс беруші: Бірыңғай дистрибьютор:
Басқа 13.1. Тауарды жөнелтуге рұқсат қағазы
Фармацевтикалық қызметтер көрсетудің үлгі өтеусіз шартына 1-қосымша Тауарды жөнелтуге рұқсат қағазы Р/с № Ха­лы­қа­ра­лық па­тент­тел­ме­ген ата­уы Си­патта­ма­сы Өл­шем бір­лі­гі Орау Өл­шем бір­лі­гі­нің ба­ға­сы, тең­ге Өл­шем бір­лі­гі­нің са­ны Со­ма­сы, тең­ге Кестенің жалғасы Ай сай­ын­ғы қа­жет­ті­лік * қаң­тар ақ­пан на­урыз сәу­ір ма­мыр мау­сым шіл­де та­мыз қыр­күй­ек қа­зан қа­ра­ша жел­тоқ­сан Беру орны (мекенжайы) _______________________________________
Басқа 13.2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптар
Фармацевтикалық қызметтер көрсетудің үлгі өтеусіз шартына 2-қосымша Нысан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптар
Тармақ 1
1. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ осы Шартты жасасуға немесе тоқтатуға байланысты Тараптар мен олардың қызметкерлері және Тараптарға белгілі болғандай, олардың үлестес тұлғалары, агенттері, өкілдері, делдалдары және (немесе) қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) Қазақстан Республикасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын бұзатын не бұзуға ықпал ететін әрекеттерді жасамайды, оларды жасауға ынталандырмайды, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында қандай да бір заңсыз артықшылықтарды немесе өзге де заңсыз мақсаттарды алу мақсатында осы тұлғалардың әрекеттеріне немесе шешімдеріне ықпал ету үшін кез келген тұлғаларға тікелей немесе жанама түрде қандай да бір ақшалай қаражатты немесе құндылықтарды төлемейді, төлеуді ұсынбайды және төлеуге рұқсат бермейді деп сендіреді.
Тармақ 2
2. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ осы Шартты жасасуға немесе тоқтатуға байланысты Тараптар мен олардың жұмыскерлері және Тараптарға белгілі болғандай, олардың үлестес тұлғалары, агенттері, өкілдері, делдалдары және (немесе) қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) осы Шарттың мақсаттары үшін қолданылатын заңнамада қолданылатын пара беру/алу, коммерциялық сатып алу сияқты әрекеттерді, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын бұзатын әрекеттерді жүзеге асырмайтындығына сендіреді.
Тармақ 3
3. Осы Шарт Тараптарының әрқайсысы басқа Тараптың қызметкерлерін қандай да бір жолмен, оның ішінде ақшалай сомаларды, сыйлықтарды беру, олардың атына жұмыстарды (қызметтерді) өтеусіз орындау жолымен және қызметкерді белгілі бір тәуелділікке қоятын және осы қызметкердің оны ынталандыратын тараптың пайдасына қандай да бір іс-әрекеттерді орындауын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да тәсілдермен ынталандырудан бас тартады.
Тармақ 4
4. Тараптардың әрқайсысы екінші Тараптан осы Шарттың орындалу барысын талдау мақсатында осы Шарттың орындалуы жөніндегі мәліметтерді қамтитын құжаттарды сұратады.
Тармақ 5
5. Тарапта қандай да бір Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жағдайлардың бұзылғаны немесе орын алуы мүмкін деген күдік туындаған кезде, тиісті Тарап екінші Тарапты жазбаша нысанда хабардар етеді, сондай-ақ бұл туралы жоғары тұрған басшыға және (немесе) қызметкері болып табылатын мемлекеттік органның не ұйымның басшылығына және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 1-тармағына сәйкес хабарлайды.
Тармақ 6
6. Жазбаша хабарламада Тарап контрагенттің, оның үлестес тұлғаларының, жұмыскерлерінің, агенттерінің, өкілдерінің, делдалдардың және (немесе) қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) осы шарттардың қандай да бір ережелерін бұзу болғанын немесе болуы мүмкін екенін анық растайтын немесе болжауға негіз болатын, қолданылатын заңнамада пара беру немесе алу, коммерциялық сатып алу ретінде сараланатын әрекеттерден, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын бұзатын әрекеттерден көрінетін фактілерге сілтеме жасайды немесе материалдарды ұсынады.
Тармақ 7
7. Осы Шарттың Тараптары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі рәсімдердің жүргізілуін мойындайды және олардың сақталуын бақылайды. Бұл ретте тараптар сыбайлас жемқорлық қызметіне болжалды түрде тартылған контрагенттермен іскерлік қатынастардың болуын барынша азайту үшін ақылға қонымды күш-жігер жұмсайды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бір-біріне өзара жәрдем көрсетеді.
Тармақ 8
8. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптардың 5-тармағына сәйкес жазбаша хабарлама алған Тарап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде тергеу жүргізеді және оның нәтижелерін екінші Тараптың атына береді.
Басқа 14. Медициналық техниканы беруге әлеуетті өнім берушінің __________________________________ (әлеуетті өнім берушінің атауы) баға ұсынысы
Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде, бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына 14-қосымша Нысан Медициналық техниканы беруге әлеуетті өнім берушінің __________________________________ (әлеуетті өнім берушінің атауы) баға ұсынысы Сатып алу № ____________ Сатып алу тәсілі ____________ Лот № _____________ р/с № Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ны бе­ру­ге ба­ға ұсы­ны­сы­ның маз­мұ­ны Маз­мұ­ны (әле­ует­ті өнім бе­ру­ші тол­ты­ру үшін) 1 Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның ата­уы 2 Си­патта­ма­сы Тех­ни­ка­лық ерекше­лік­ке сәй­кес 3 Тір­кеу ку­ә­лі­гі/бір­жол­ғы әке­лу­ге рұқ­сат бой­ын­ша өн­ді­ру­ші 4 Тір­кеу ку­ә­лі­гі/бір­жол­ғы әке­лу­ге рұқ­сат бой­ын­ша өн­ді­ру­ші елі 5 Тір­кеу ку­ә­лі­гі­нің (ку­ә­лік­тер­дің)/бір­жол­ғы әке­лу­ге рұқ­сат­тың № 6 Өл­шем бір­лі­гі 7 Бар­лық қа­жет­ті іле­с­пе қыз­мет­тер­дің құ­нын ес­ке­ре оты­рып, жет­кі­зу пунк­тіне (пункт­те­ріне) дей­ін DDP ИН­КО­ТЕРМС 2020 шар­тта­рын­да тең­ге­мен бір­лік ба­ға­сы 8 Өл­шем бір­лі­гін­де­гі са­ны (кө­ле­мі) 9 Әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­нің та­сы­мал­да­у­ға, сақ­тан­ды­ру­ға, ке­ден­дік баж­дар­ды, ҚҚС-ты және бас­қа да са­лық­тар­ды, тө­лем­дер мен алым­дар­ды тө­ле­у­ге ар­нал­ған бар­лық шы­ғы­ста­рын, бас­қа да шы­ғы­стар­ды қо­са ал­ған­да, жет­кі­зу пунк­тіне (пункт­те­ріне) дей­ін DDP ИН­КО­ТЕРМС 2020 бе­ру шар­тта­ры­мен тең­ге­мен жет­кі­зу со­ма­сы Күні «___» ____________ 20___ ж. Лауазымы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) _______________________
Басқа 15. Әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтініміне техникалық ерекшелік
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына 15-қосымша Нысан Әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтініміне техникалық ерекшелік р/с № Өл­шем­шар­ттар Си­паттау 1 Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның ата­уы 2 Жиын­тық­та­у­ға та­лап­тар р/с № Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның жиын­тық­та­у­шы­лар ының ата­уы (ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның тір­кеу ку­ә­лі­гіне сәй­кес құ­рам­дас бөл­шек­те­рі­нің ата­уы) Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның жиын­тық­та­у­шы­лар ының тех­ни­ка­лық си­патта­ма­сы Та­лап еті­ле­тін са­ны (өл­шем бір­лі­гін көр­се­те оты­рып) Негіз­гі жиын­тық­та­у­шы­лар Қо­сым­ша жиын­тық­та­у­шы­лар Шы­ғыс ма­те­ри­ал­да­ры және то­за­тын түй­ін­дер 3 Пай­да­ла­ну шар­тта­ры­на қой­ы­ла­тын та­лап­тар 4 Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ны бе­ру­ді жү­зе­ге асы­ру шар­тта­ры (ИН­КО­ТЕРМС 2020 сәй­кес) DDP бел­гі­лен­ген пункт 5 Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ны бе­ру мер­зі­мі және ор­на­лас­қан же­рі ___күн­тіз­бе­лік күн, «__» ______ ж. ке­шік­тір­мей Ме­кен­жайы 6 Өнім бе­ру­ші­нің, оның Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы сер­ви­стік ор­та­лық­та­ры­ның не үшін­ші құ­зы­рет­ті тұ­лға­лар­ды тар­та оты­рып, ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ға ке­піл­дік­ті сер­ви­стік қыз­мет көр­се­ту жағ­дай­ла­ры Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ға ке­мін­де 37 ай ке­піл­дік­ті сер­ви­стік қыз­мет көр­се­ту. Жос­пар­лы тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту тоқ­са­ны­на ке­мін­де 1 рет жүр­гі­зі­луі ти­іс. Тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту бой­ын­ша жұ­мыстар пай­да­ла­ну құ­жат­та­ма­сы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес орын­да­ла­ды және мы­на­лар­ды қам­туы ти­іс: - пай­да­ла­ны­л­ған ре­сур­стық құ­рам­дас бө­лік­тер­ді ауы­сты­ру; - ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның же­ке­ле­ген бө­лік­те­рін ауы­сты­ру неме­се қал­пы­на кел­ті­ру; - ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ны бап­тау және рет­теу; осы ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ға тән жұ­мыстар және т.б.; - негіз­гі ме­ха­низмдер мен то­рап­тар­ды та­за­лау, май­лау және қа­жет болған кез­де ірік­теу; - ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка кор­пу­сы­ның сырт­қы және іш­кі бет­те­рі­нен оның құ­рам­дас бө­лік­те­рі­нің ша­ңын, кі­рін, тот­та­ну және то­тығу із­де­рін жою (іші­на­ра бл­ок­тық-то­рап­тық бөл­шек­те­умен); - ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның нақ­ты тү­ріне тән пай­да­ла­ну құ­жат­та­ма­сын­да көр­се­ті­л­ген өзге де опе­ра­ци­я­лар. 7 Қо­сар­лас қыз­мет­тер­ге қой­ы­ла­тын та­лап­тар Та­у­ар­дың әр­бір жиын­тығы мәті­ні­нің қа­зақ неме­се орыс тіл­де­ріне аудар­ма­сы бар тех­ни­ка­лық және пай­да­ла­ну құ­жат­та­ма­сы­ның жиын­тығ­ы­мен жаб­дық­та­ла­ды. Та­у­ар­лар­ды өт­кі­зу Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. Бе­ру жиын­тығы осы кесте­нің әр­бір тар­ма­ғы (жиын­тық неме­се жаб­дық бір­лі­гі) үшін та­у­ар­дың және бар­лық жиын­тық­тың нақ­ты тех­ни­ка­лық си­патта­ма­ла­рын көр­се­те оты­рып си­патта­ла­ды. Егер тех­ни­ка­лық ерекше­лік­те өзге­ше көр­се­тіл­ме­се, қо­сым­ша адап­тер­лер­сіз неме­се транс­фор­ма­тор­лар­сыз, электр қу­а­ты 220 Вольт. Ас­пап­тар­мен бір­ге бе­рі­ле­тін, Тап­сы­рыс бе­ру­ші­нің ор­на­ты­л­ған жабды­ғы­ның бағ­дар­ла­ма­лық жа­сақ­та­ма­мен үй­ле­сім­ді бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым. Өнім бе­ру­ші та­у­ар­ды бе­ру про­це­сін бі­лік­ті ма­ман­дар­мен сүй­е­мел­де­уді қам­та­ма­сыз ете­ді. Та­у­ар­ды бе­ру­ді жү­зе­ге асы­ру ке­зін­де өнім бе­ру­ші тап­сы­рыс бе­ру­ші­ге та­у­ар­дың бағ­дар­ла­ма­лық жа­сақ­та­ма­сы­на қол жет­кі­зу үшін бар­лық сер­вис-код­тар­ды ұсы­на­ды. Өл­шеу құ­рал­да­ры­на жа­та­тын та­у­ар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның өл­шеу құ­рал­да­ры­ның ті­зі­лі­міне ен­гі­зі­лу­ге ти­іс. Жаб­дық ор­на­ты­л­ған­ға дей­ін күн­тіз­бе­лік 40 (қы­рық) күн­нен ке­шік­тір­мей өнім бе­ру­ші тап­сы­рыс бе­ру­ші­ні жаб­дық­ты сәт­ті іс­ке қо­су үшін қа­жет­ті ин­стал­ля­ция ал­дын­да­ғы та­лап­тар ту­ра­лы ха­бар­дар ете­ді. Есік­тер­дің стан­дарт­ты ой­ық­та­ры­нан өте­тін (ені 80 сан­ти­метр, би­ік­ті­гі 200 сан­ти­метр) сырт­қы га­ба­рит­те­рі бой­ын­ша бөл­ме-жай­ды ин­стал­ля­ци­я­лау ал­дын­да­ғы дай­ын­дық­пен күр­де­лі мон­таж­дау жұ­мыста­рын жүр­гі­зу­ді бо­лжа­май­тын ірі жаб­дық. Жаб­дық­ты жұ­мыс ор­ны­на жет­кі­зу­ді, тү­сі­ру­ді, ас­пап­тар­ды қап­та­ма­дан алу­ды, ор­на­ту­ды, рет­те­уді және іс­ке қо­су­ды, олар­дың си­патта­ма­ла­ры­ның осы құ­жат­қа және фир­ма­ның ерекше­лі­гіне (дәл­дік, се­зім­тал­дық, өнім­ді­лік және бас­қа­лар) сәй­кест­і­гін тек­се­ру­ді, штат­та ти­іс­ті ма­ман­дар, өн­ді­ру­ші­нің қыз­мет­кер­ле­рі бол­ма­ған кез­де, тап­сы­рыс бе­ру­ші­нің ме­ди­ци­на (ап­пли­ка­ци­я­лық тре­нинг) және тех­ни­ка пер­со­на­лын оқы­ту­ды (рас­тай­тын құ­жат бе­ре оты­рып, қыз­мет көр­се­ту­дің ба­за­лық дең­гей­іне) өнім бе­ру­ші жү­зе­ге асы­ра­ды. 8 Әле­ует­ті өнім бе­ру­ші ту­ра­лы де­ректер: (өнім бе­ру­ші­нің то­лық ата­уы), (де­ректе­ме­лер, (по­шта­лық және заң­ды) ме­кен­жайы), (бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры­ның нө­мір­ле­рі), (элек­трон­дық по­шта ме­кен­жайы)
Басқа 15-1. Әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтініміне техникалық ерекшелік
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына 15-1-қосымша Нысан Әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтініміне техникалық ерекшелік р/с № Өлшемшарттар Суреттеу 1 Медициналық техниканың саудалық атауы Н е г і з г і ж и ы н т ы қ т а у ы ш т а р Жиынтықтауға талаптар р/с № Медициналық техниканың құрамдас бөлшектерінің атауы (медициналық техниканың тіркеу куәлігіне сәйкес құрамдас бөлшектерінің атауы) Медициналық техниканың құрамдас бөлшектерінің техникалық сипаттамасы Талап етілетін саны (өлшем бірлігін көрсете отырып) Негізгі жиынтықтаушылар Қосымша жиынтықтаушылар Шығыс материалдары және тозатын түйіндер 3 Пайдалану шарттарына қойылатын талаптар 4 Медициналық техниканы беруді жүзеге асыру шарттары (ИНКОТЕРМС 2020 сәйкес) DDP белгіленген пункт 5 Медициналық техниканы беру мерзімі және орналасқан жері ___күнтізбелік күн, «__» ______ ж. Мекенжайы 6 Өнім берушінің, оның Қазақстан Республикасындағы сервистік орталықтарының не үшінші құзыретті тұлғаларды тарта отырып, медициналық техникаға кепілдікті сервистік қызмет көрсету жағдайлары Медициналық техникаға 37 айдан кем емес мерзімде кепілді сервистік қызмет көрсету. Жоспарлы техникалық қызмет көрсету тоқсанына кемінде 1 рет жүргізілуі тиіс. Техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстар пайдалану құжаттамасының талаптарына сәйкес орындалады және мыналарды қамтуы тиіс: - пайдаланылған ресурстық құрамдас бөліктерді ауыстыру; - медициналық техниканың жекелеген бөліктерін ауыстыру немесе қалпына келтіру; - медициналық техниканы баптау және реттеу; осы медициналық техникаға тән жұмыстар және т.б.; - негізгі механизмдер мен тораптарды тазалау, майлау және қажет болған кезде іріктеу; - медициналық техника корпусының сыртқы және ішкі беттерінен оның құрамдас бөліктерінің шаңын, кірін, тоттану және тотығу іздерін жою (ішінара блоктық-тораптық бөлшектеумен); - медициналық техниканың нақты түріне тән пайдалану құжаттамасында көрсетілген өзге де операциялар. 7 Ілеспе қызметтерге қойылатын талаптар Тауардың әрбір жиынтығы мәтінінің қазақ немесе орыс тілдеріне аудармасы бар техникалық және пайдалану құжаттамасының жиынтығымен жабдықталады. Тауарларды өткізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Беру жиынтығы осы кестенің әрбір тармағы (жиынтық немесе жабдық бірлігі) үшін тауардың және барлық жиынтықтың нақты техникалық сипаттамаларын көрсете отырып сипатталады. Егер техникалық ерекшелікте өзгеше көрсетілмесе, қосымша адаптерлерсіз немесе трансформаторларсыз, электр қуаты 220 Вольт. Аспаптармен бірге берілетін, Тапсырыс берушінің орнатылған жабдығының бағдарламалық жасақтамамен үйлесімді бағдарламалық қамтылым. Өнім беруші тауарды беру процесін білікті мамандармен сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. Тауарды беруді жүзеге асыру кезінде иӨнім беруші Тапсырыс берушіге тауардың бағдарламалық жасақтамасына қол жеткізу үшін барлық сервис-кодтарды ұсынады. Өлшеу құралдарына жататын тауар Қазақстан Республикасының өлшеу құралдарының тізіліміне енгізілуге тиіс. Жабдық орнатылғанға дейін күнтізбелік 40 (қырық) күннен кешіктірмей Өнім беруші Тапсырыс берушіні жабдықты сәтті іске қосу үшін қажетті инсталляция алдындағы талаптар туралы хабардар етеді. Есіктердің стандартты ойықтарынан өтетін (ені 80 сантиметр, биіктігі 200 сантиметр) сыртқы габариттері бойынша үй-жайды инсталляциялау алдындағы дайындықпен күрделі монтаждау жұмыстарын жүргізуді болжамайтын ірі жабдық. Жабдықты жұмыс орнына жеткізуді, түсіруді, аспаптарды қаптамадан алуды, орнатуды, реттеуді және іске қосуды, олардың сипаттамаларының осы құжатқа және фирманың ерекшелігіне (дәлдік, сезімталдық, өнімділік және басқалар) сәйкестігін тексеруді, штатта тиісті мамандар, өндірушінің қызметкерлері болмаған кезде, Тапсырыс берушінің медициналық (аппликациялық тренинг) және техникалық персоналды оқытуды (растайтын құжат бере отырып, қызмет көрсетудің базалық деңгейіне) Өнім беруші жүзеге асырады.
Басқа 16. Электрондық банк кепілдігі (тендерлік өтінімді қамтамасыз ету түрі)
Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде, бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына 16-қосымша Нысан Кімге: ___________________ _________________________ (Бірыңғай дистрибьютордың, тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен деректемелері) Электрондық банк кепілдігі (тендерлік өтінімді қамтамасыз ету түрі) Банктің атауы (банк филиалы) _________________________________________________________________ (банктің атауы, БСН және басқа деректемелері) Кепілдікті қамтамасыз ету № ____________________ «__» _____ 20__ жыл Банк (банк филиалы) ______________________________________ (атауы) (бұдан әрі – Банк) _____________________________________________________ (атауы) бұдан әрі «Әлеуетті өнім беруші» ___________________________________________ (бірыңғай дистрибьютордың, тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының атауы) жариялаған __________________________________________________________ _________________ (хабарландырудың күні, айы, жылы) сатып алу бойынша тендерге қатысатыны және жалпы сомасы ________________ (жазумен) теңгеге, оның ішінде (бірнеше лот бойынша сатып алуға қатысқан кезде) _____________________________________ (тауардың немесе қызметтің атауы және көлемі) беруді жүзеге асыруға/қызметті көрсетуге дайын екендігінен хабардар етілді: 1) № ____ лот бойынша (хабарландырудағы/сатып алу веб-порталындағы нөмірі) – мынадай мөлшерде ____________________ (сомасы санмен және жазумен) теңге; 2) ... Осыған байланысты Банк ________________________________________ (банктің атауы) Бірыңғай дистрибьютордың бірінші талабымен сатып алу веб-порталындағы электронды түрдегі талапты қоса алғанда, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде, бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) көзделген негіздер бойынша төлемге қойылатын талапты алғаннан кейін № ____ лот бойынша ________________ (сомасы санмен және жазумен) теңге, лот № _____ сомаға ________________ (сомасы санмен және жазумен) теңге ______________ (сомасы санмен және жазумен) тең 1 (бір) пайыз мөлшерінде кепілдікті қамтамасыз ету сомасын төлеуге кері қайтарылмайтын міндеттемені өзіне алады. Осы кепілдік Әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінімін ашқан сәттен бастап күшіне енеді және ол бойынша Қағидаларға сәйкес мәні бойынша шешім қабылданғанға дейін, ал Әлеуетті өнім беруші сатып алу жеңімпазы деп танылған жағдайда, ол жасалған шарт бойынша тиісті кепілдікті қамтамасыз етуді ұсынғанға дейін қолданылады. Лауазымы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) _________________
Басқа 17. Берудің үлгі шарты (бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында) ______________ жылғы №________
Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде, бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына 17-қосымша Нысан Берудің үлгі шарты (бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында) ______________ жылғы №________ ___________________ (орналасқан жері) «____» ___________ ж. Бұдан әрі «Бірыңғай дистрибьютор» деп аталатын «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, __________________ атынан, Жарғының негізінде әрекет ететін, бір тараптан және бұдан әрі «Өнім беруші» деп аталатын ________________ атынан, ___________________ негізінде әрекет ететін, екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталып, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде, бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес және _______________________________________________ негізінде төмендегілер туралы осы беру шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты:
Тарау 1. 1-тарау. Шарттың мәні
1-тарау. Шарттың мәні
Тармақ 1
1. Өнім беруші Бірыңғай дистрибьюторға Шартқа 1-қосымшада көрсетілген дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды (бұдан әрі – тауар) беруге міндеттенеді, ал Бірыңғай дистрибьютор Шарттың 8-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, тауарды қабылдауға және шарттың тәртібі мен талаптары бойынша төлеуге міндеттенеді.
Тармақ 2
2. Өнім беруші тауарды жеткізу пункттеріне (қабылдау орындарына) (бөлу орталықтары, Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілдерінің операциялық қоймалары) және Бірыңғай дистрибьютордың жөнелтуге рұқсат қағаздарында көрсетілген мөлшерде жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Шарттың мынадай қосымшалары Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады:
Тармақша 1
1) 1-қосымша «Берілетін тауар тізбесі»;
Тармақша 2
2) 2-қосымша «Иммунологиялық дәрілік препараттар (иммунобиологиялық дәрілік препараттар) партиясын қабылдау актісі»;
Тармақша 3
3) 3-қосымша «Қабылдау-беру актісі»;
Тармақша 4
4) 4-қосымша «Берілетін тауардың өлшемдері (физикалық сипаттамалары) және салмағы туралы ақпарат»;
Тармақша 5
5) 5-қосымша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптар»;
Тармақша 6
6) 6-қосымша «Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілдерінің тізімі»;
Тармақша 7
7) 7-қосымша «Тауарлық-көліктік жүкқұжат».
Тарау 2. 2-тарау. Шарттың бағасы
2-тарау. Шарттың бағасы
Тармақ 4
4. Шарттың бағасы ____________________________ теңгені (соманы санмен және жазумен) құрайды. Шартқа 1-қосымшада тауардың атауы, сипаттамасы, саны, бірлігі үшін бағасы, тауарды беру сомасы мен мерзімдері көрсетілген.
Тармақ 5
5. Шарттың бағасы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық салықтарды, алымдарды және басқа да міндетті төлемдерді, тауарды орау мен таңбалауға арналған шығындарды, сондай-ақ өнім берушінің тауардың жетіспеушілігін, жиынтықталмауын немесе тиісті емес сапасын (жасырын ақауларын), оның бүлінуін анықтауға, тауарды сақтандыру мен беруге байланысты барлық шығыстарын қамтиды.
Тармақ 6
6. Тауар бірлігі үшін баға Тараптар өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін (тауар бірлігі үшін бағаның азаюын қоспағанда) тіркелген болып қалады.
Тармақ 7
7. Өнім берушіні таңдауға негіз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермеуі шартымен Шартқа өзгерістер енгізуге тараптардың келісімі бойынша мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың бағасы және тиісінше Шарт бағасы азайғанда;
Тармақша 2
2) Қағидаларда көзделген жағдайларда дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың көлемі өзгергенде;
Тармақша 3
3) өндіруші, тіркеу куәлігін ұстаушы немесе өндіріс орны (өндірістік алаң) өзгергенде;
Тармақша 4
4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның рұқсаты (қорытындысы) негізінде дәрілік заттың және (немесе) медициналық бұйымның қалған партиясын тіркеу куәлігінің қолданылу және Қазақстан Республикасына әкелу мерзімінің аяқталуында жол беріледі.
Тармақ 8
8. Қағидаларда көзделген жағдайларда тараптар беру көлемін тиісінше азайту және шарт сомасын мөлшерлес өзгерту бойынша шартқа өзгерістер енгізуге міндетті. Қажет болған жағдайда Өнім беруші талап етілмеген тауарды алуға міндеттенеді.
Тармақ 9
9. Бірыңғай дистрибьютордың төмендетілмейтін қорын қамтамасыз ету мақсатында немесе сатып алынатын дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың көлемі ұлғайғанда тауарды жеткізу көлемін және Шарт бағасын мөлшерлес ұлғайтуға жол беріледі.
Тарау 3. 3-тарау. Төлем тәртібі
3-тарау. Төлем тәртібі
Тармақ 10
10. Шарт бойынша берілген тауар үшін төлемді Бірыңғай дистрибьютор тауардың тиісті партиясы берілген күннен бастап 90 (тоқсан) банктік күн ішінде теңгемен жүргізеді. Егер Өнім беруші қазақстандық тауар өндіруші болып табылса, Бірыңғай дистрибьютор өзі өндірген және берген тауар үшін төлемді тауар берілген күннен бастап 60 (алпыс) банктік күн ішінде жүргізеді.
Тармақ 11
11. Төлем Өнім беруші уақтылы ұсынған және Бірыңғай дистрибьютор тауарды беруді растайтын құжаттардың тиісті түрде ресімделген түпнұсқаларын немесе электрондық нысандарын алған жағдайда жүргізіледі:
Тармақша 1
1) Өнім берушінің қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда жазып берілген шот-фактуралары. Өнім беруші электрондық шот-фактураны электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жазып бергенде баспа нысанындағы шот-фактура. Қағаз жеткізгіштегі және электрондық нысандағы шот-фактуралар салық заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиіс;
Тармақша 2
2) қауіпсіздік және сапа туралы қорытындының нөмірі мен қолданылу мерзімі көрсетілген деректерді, шығарылған жерінің белгісін, Тауардың СЭҚ ТН кодын, тауарларға арналған декларацияның нөмірін, тауарларға арналған декларациядан алынған тауар позициясының нөмірін немесе тауарларды әкелу немесе жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті немесе біржолғы әкелуге рұқсат беру құжатының нөмірін қамтитын тарапқа тауарды босатуға арналған жүкқұжат;
Тармақша 3
3) Шартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тараптар қол қойған тауарды қабылдау-беру актісі;
Тармақша 4
4) Шартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тараптар қол қойған иммунологиялық дәрілік препараттар (иммунобиологиялық дәрілік препараттар) партиясын қабылдау актісі (иммунологиялық дәрілік препараттар (иммунобиологиялық дәрілік препараттар) болған жағдайда);
Тармақша 5
5) Бірыңғай дистрибьютордың немесе оның уәкілетті өкілінің тауарды қабылдағаны туралы белгісі бар тауар-көлік жүкқұжаты;
Тармақша 6
6) тауардың саны мен сапасы бойынша қабылданғаны туралы Бірыңғай дистрибьютордың немесе оның өкілінің белгісі бар Өнім берушінің орау парағы;
Тармақша 7
7) Шартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілетін тауардың мөлшері (физикалық сипаттамалары) және салмағы туралы ақпарат (тауар партиясын бірінші рет берген кезде не тауардың мөлшері мен салмағы өзгерген кезде);
Тармақша 8
8) Тараптар қол қойған өзара есеп айырысуларды салыстыру актісінің түпнұсқасы (Өнім беруші осы құжатты тауардың соңғы партиясымен ұсынады).
Тарау 4. 4-тарау. Өнім берушінің Шарт бойынша міндеттемелерді
4-тарау. Өнім берушінің Шарт бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету
Тармақ 12
12. Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілі ретінде Бірыңғай дистрибьютордың банктік шотына және (немесе) электрондық банктік кепілдікке енгізілетін кепілдікті ақшалай жарнаны таңдайды.
Тармақ 13
13. Өнім беруші Шарттың орындалуын кепілдікті қамтамасыз ету ретінде ақшалай жарнаны таңдаған кезде:
Тармақша 1
1) Өнім беруші Шартқа қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ақшалай жарна ретінде Шарт сомасының 3 (үш) пайызы мөлшерінде Бірыңғай дистрибьютордың Шартта көрсетілген банктік шотына ақша аударуды жүзеге асырады.
Тармақша 2
2) Шарт сомасы ұлғаю жағына қарай өзгерген кезде Өнім беруші өзгерістер енгізілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Шартта көрсетілген Бірыңғай дистрибьютордың банк шотына оның жалпы сомасы Шарттың жаңа сомасының 3 (үш) пайызына тең болатындай қосымша ақшалай жарнаны аударады;
Тармақша 3
3) Шарт сомасы азаю жағына қарай өзгерген кезде – Өнім берушінің жазбаша өтініші бойынша Бірыңғай дистрибьютор Шартта көрсетілген Өнім берушінің банк шотына оның жалпы сомасы Шарттың жаңа сомасының 3 (үш) пайызына тең болатындай тиісті айырманы аударады;
Тармақша 4
4) Өнім берушінің Шарт бойынша міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету сомасын ұстап қалу үшін негіздер болмаған кезде Шарт бойынша тауарды беру жөніндегі міндеттемелердің толық көлемде орындалуымен бір мезгілде тоқтатылады. Өнім берушіге кепілдік ақшалай жарна сомасын аударуды Өнім беруші Шарт бойынша міндеттемелерді толық орындағаннан кейін Өнім берушінің жазбаша өтініші бойынша бірыңғай дистрибьютор жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) кепілдік ақшалай жарнаны ұстап қалу негізі басталған кезде Бірыңғай дистрибьютор Өнім берушіге ақшаны ұстап қалу туралы хабарлама жібереді.
Тармақ 14
14. Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз ету ретінде электрондық банк кепілдігін таңдаған кезде:
Тармақша 1
1). Өнім беруші Шартқа қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Бірыңғай дистрибьюторға денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша Шарт сомасының 3 (үш) пайызы мөлшерінде электрондық банк кепілдігін береді.
Тармақша 2
2) Шарт сомасы ұлғаю жағына қарай өзгерген кезде Өнім беруші 10 (он) жұмыс күні ішінде Бірыңғай дистрибьюторға міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету сомасын Шарттың жаңа сомасына 3 (үш) пайызға дейін келтіре отырып, бұрын берілген электрондық банк кепілдігіне өзгеріс не Шарттың ұлғаю сомасынан 3 (үш) пайыз мөлшерінде жеке электрондық банк кепілдігін ұсынады;
Тармақша 3
3) Шарт сомасы азаю жағына қарай өзгерген кезде Өнім беруші Бірыңғай дистрибьюторға міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету сомасын Шарттың жаңа сомасына 3 (үш) пайызға дейін келтіре отырып, бұрын берілген электрондық банк кепілдігіне өзгеріс не Шарттың талаптары сақталған кезде бұрын ұсынылған электрондық банк кепілдігін кейіннен қайтарып бере отырып, Шарттың жаңа сомасына 3 (үш) пайызы мөлшерінде жаңа электрондық банк кепілдігін беруге құқылы;
Тармақша 4
4) Бірыңғай дистрибьютор Өнім берушінің жазбаша өтініші бойынша Шарт бойынша міндеттемелерді Өнім беруші толық орындағаннан кейін Шарт талаптары сақталған кезде кепілгер банкке электрондық банк кепілдігін қайтарады;
Тармақша 5
5) Бірыңғай дистрибьютор міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету сомасын электрондық банк кепілдігі түрінде ұстап қалу жағдайы туындаған кезде кепілгер банкке Өнім берушіні веб-портал арқылы бір мезгілде хабардар ете отырып, электрондық банк кепілдігі сомасын төлеу туралы талапты жібереді. Банк электрондық банк кепілдігінің сомасын төлеуден бас тартқан немесе оны электрондық банк кепілдігінде көзделген мерзімде төлемеген кезде, Бірыңғай дистрибьютор Бірыңғай дистрибьютордың орналасқан жері бойынша сотқа жүгініп, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен банктен электрондық банк кепілдігінің сомасын өндіріп алады.
Тармақ 15
15. Қамтамасыз ету сомасын ұстап қалу негізі болмаған кезде Бірыңғай дистрибьютор Шарттың 8-тарауына сәйкес Өнім берушінің өсімпұл және (немесе) айыппұл төлеу жөніндегі міндеттемелерін өтеу есебіне орындауды қамтамасыз ету сомасын ұстап қалуға құқылы.
Тармақ 16
16. Мынадай жағдайлар Бірыңғай дистрибьютордың Өнім берушінің Шарт бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету сомасын ұстап қалуға негіз болып табылады:
Тармақша 1
1) өнім беруші өнім беруден бас тартқан;
Тармақша 2
2) бірыңғай дистрибьютор Шарттың 59-тармағына және Қағидалардың 260-тармағына сәйкес шартты біржақты тәртіппен бұзған;
Тармақша 3
3) Өнім берушінің шартта көзделген дәрілік затты немесе медициналық бұйымды жеткізу мерзімдерін бұзуы немесе дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның мерзімінде берілмеген көлеміне қарамастан, жиынтық мәнде мерзімін өткізіп алу күнтізбелік 90 (тоқсан) күнге жеткен Бірыңғай дистрибьютор Өнім берушінің Шарт бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету шарасын Өнім берушіні Шартта жол берілген бұзылу туралы жазбаша хабардар ету жолымен қабылдайды.
Тармақ 17
17. Өнім берушінің тауарды беру мерзімдерін бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбын төлеуі Өнім берушіні Шарт бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету сомасын Бірыңғай дистрибьютордың пайдасына төлеуден босатпайды.
Тармақ 18
18. Өнім берушінің Шарт бойынша міндеттемелерді толық орындағанға дейін міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету тұрғысынан үшінші тұлғаларда тұтастай не оның бір бөлігін талап ету құқығының туындауына алып келетін қандай да бір іс-әрекеттер немесе мәмілелер жасауына жол берілмейді.
Тарау 5. 5-тарау. Тауарды орау және таңбалау
5-тарау. Тауарды орау және таңбалау
Тармақ 19
19. Өнім Бірыңғай дистрибьюторға тиеу/түсіру, оны темір жол және (немесе) автомобиль көлігімен тасымалдау, ауыстырып тиеуді қоса алғанда, түсіру кезінде тауардың бүлінуден сақталуын қамтамасыз ететін паллеттерде, тиісті қаптамада жеткізілуі тиіс.
Тармақ 20
20. Таңбалау, тұтыну қаптамасы және тауарды қолдану жөніндегі нұсқаулық Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес келуі тиіс.
Тарау 6. 6-тарау. Ерекше жағдайлар
6-тарау. Ерекше жағдайлар
Тармақ 21
21. Қабылдау орнында іс жүзінде беру күнінен кешіктірмей Өнім беруші Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілдерінің электрондық поштасына және (немесе) Бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – БФАЖ) порталында Шартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірінші жеткізілімге дейін күнтізбелік 7 (жеті) күн бұрын, сондай-ақ кейінгі жеткізілімдер кезінде, берілетін тауардың мөлшері және (немесе) салмағы өзгерген кезде берілетін тауардың мөлшері (физикалық сипаттамалары) мен салмағы туралы ақпарат беруге міндетті.
Тармақ 22
22. Өнім беруші Тараптар Тауарды қабылдау-беру актісіне қол қойғанға дейін Бірыңғай дистрибьюторға электрондық пошта арқылы және (немесе) БФАЖ порталында тауардың әрбір атауы бойынша Шарттың ағымдағы орындалуы туралы ақпаратты (өндіру, кедендік тазарту рәсімі, қауіпсіздігі мен сапасын бағалау, сақтау, жөнелту/ тасымалдау және өзге) апта сайын ұсынуға міндеттенеді.
Тармақ 23
23. Шарт бойынша өз міндеттемелерін қамтамасыз ету мақсатында Бірыңғай дистрибьютор Шарт бойынша өнім беру басталғанға дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен кешіктірмей Өнім берушіге Шартқа 1-қосымшада көрсетілген тауарды жеткізуге оның атауын, санын және қабылдау орындарын (бөлу орталықтары, операциялық қоймалар), тауарды қабылдау жөніндегі Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілдерінің мекенжайларын көрсете отырып, тиеп жөнелтуге рұқсат Өнім берушінің Шартта көрсетілген электрондық мекенжайына (e-mail) және (немесе) БФАЖ порталына жібереді. Тиеп жөнелтуге рұқсат Бірыңғай дистрибьютор Өнім берушіге оны жөнелткен күні Өнім берушінің электрондық мекенжайына (e-mail) және/немесе БФАЖ порталына жеткізілген болып есептеледі. Тауарға қажеттілік ұлғайған кезде Бірыңғай дистрибьютор берудің негізгі графигіндегі санымен бірге тиеп жөнелтуге жататын тиеп жөнелтуге рұқсат қағазындағы (мерзімінен бұрын жеткізу) санын қолжетімді тауар болған кезде арттырады. Бұл ретте мерзімінен бұрын беру үшін саны жеткіліксіз болған жағдайда, Өнім беруші тауарды беру графигінен тыс беруді жеделдету үшін барлық күш-жігерін жұмсайды.
Тармақ 24
24. Өнім беруші тауарды тиеп жөнелту басталғанға дейін 24 (жиырма төрт) сағат бұрын Бірыңғай дистрибьютордың және (немесе) БФАЖ уәкілетті өкілдерінің электрондық мекенжайларына мынадай ақпаратты көрсете отырып:
Тармақша 1
1) Шарттың нөмірі мен күні;
Тармақша 2
2) берілетін тауардың атауы;
Тармақша 3
3) жөнелту күні;
Тармақша 4
4) орын саны мен тауардың салмағы;
Тармақша 5
5) жөнелтілетін тауар құнын көрсете отырып, алдағы тиеп жөнелту туралы хабарлама жіберуге міндеттенеді.
Тармақ 25
25. Тауарды қабылдау орнына іс жүзінде беру күнінен кешіктірмей Өнім беруші Бірыңғай дистрибьюторға толық көлемде және Шарттың 11-тармағында көрсетілген тауарды тиеп жөнелтуге қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес құжаттарды ұсынуға міндетті.
Тармақ 26
26. Көрсетілген құжаттарға ескертулер анықталған кезде Бірыңғай дистрибьютордың немесе оның уәкілетті өкілінің талап етуі бойынша Өнім беруші 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде көрсетілген құжаттарға ескертулерді жоюға міндетті.
Тармақ 27
27. Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілдері тауарды қабылдау туралы құжаттарды тексергеннен және қол қойғаннан кейін Өнім беруші өз данасын Бірыңғай дистрибьютордың өкілдерінен қолма-қол және өз есебінен алады.
Тармақ 28
28. Өнім беруші қағаз жеткізгіштегі шот-фактураны және электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жазып берілген шот-фактураның баспа нысанын қабылдау-беру актісіне қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілдеріне ұсынуға міндетті. Бұл ретте шот-фактураларды электрондық нысанда жазып беруді Өнім беруші салық заңнамасының талаптарына, «Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электрондық нысанда жазып беру қағидаларын және оның нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 370 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18583 болып тіркелді) сәйкес жүзеге асырады. Шот-фактураны электрондық нысанда жазып берген кезде айналым жасалған күн қабылдау-беру актісіне қол қойылған күнге сәйкес келуге тиіс.
Тармақ 29
29. Түзетілген және қосымша шот-фактура жазып берілген кезде өнім беруші бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілдеріне шот-фактура жазып берілген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей шот-фактуралардың баспа нысандарын беруге міндетті. Бірыңғай дистрибьютордың талабымен Өнім беруші берілетін тауар бойынша қосымша деректерді ұсынуға міндетті.
Тармақ 30
30. Шарттың 3-қосымшасында көрсетілген қабылдау орнында Тараптардың тауарды қабылдау-беру актісіне қол қойған күні тауарды беру күні болып есептеледі.
Тармақ 31
31. Өнім беруші тауарды тапсырған және Бірыңғай дистрибьютор қабылдаған болып есептеледі:
Тармақша 1
1) Тараптар қол қойған тауарды қабылдау-беру актісінде көрсетілген саны бойынша;
Тармақша 2
2) тауардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжатта және тауардың шығарылған елін куәландыратын құжатта көрсетілген сапаға сәйкес сапасы бойынша егер тауарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсыну міндетті болса.
Тармақ 32
32. Бірыңғай дистрибьюторға Өнім берушінің беру күніне сатып алынатын тауардың жарамдылық мерзімі: сатып алу жүргізілетін алдағы жылдың қараша, желтоқсан және басталған қаржы жылының қаңтар кезеңінде тауарды жеткізген кезде қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде 60 (алпыс) пайызын (жарамдылық мерзімі 2 (екі) жылдан аз болса) және қаржы жылы ішінде келесі беру кезінде кемінде 50 (елу) пайызын; сатып алу жүргізілетін алдағы жылдың қараша, желтоқсан және басталған қаржы жылының қаңтар кезеңінде тауарды жеткізген кезде қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде 14 (он төрт) айын (жарамдылық мерзімі 2 (екі) жыл және одан көп болса) және қаржы жылы ішінде келесі беру кезінде кемінде 12 (он екі) айын құрайды.
Тармақ 33
33. «Салқындату тізбегін» сақтау шарттарын талап ететін тауарды тасымалдауды Өнім беруші салқындатқыш элементтері бар термоконтейнерлерде немесе барынша қысқа мерзімде тоңазытқышпен (авторефрижератормен) жабдықталған арнайы автокөлікте жүзеге асыруға тиіс. Иммунологиялық дәрілік препараттарды (иммунобиологиялық дәрілік препараттарды) (бұдан әрі – ИДП) тасымалдауды Өнім беруші Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асыруға тиіс.
Тармақ 34
34. «Салқындату тізбегін» сақтау шарттарын талап ететін тауарды жеткізу кезінде Өнім беруші Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілдеріне дайындаушы ұйымның қоймасынан Бірыңғай дистрибьютордың қоймасына дейінгі барлық жүру жолында тасымалдау кезінде температуралық режимді көрсететін құжаттарды ұсынуға міндетті.
Тармақ 35
35. Өнім берушінің өкілі Бірыңғай дистрибьютордың қоймасында температуралық режимді сақтау фактісін және тауардың Қазақстан Республикасы заңнамасының белгіленген талаптарына сәйкестігін растау үшін қатысуға тиіс.
Тармақ 36
36. Өнім берушінің тауарды Бірыңғай дистрибьюторға оның қоймасында беруі Шартқа 3-қосымшада көзделген тауарды қабылдау-беру актісіне қол қоюымен ресімделеді (ИДП беру Шартқа 2-қосымшада көзделген актімен қосымша ресімделеді).
Тармақ 37
37. Тауарды тасымалдаудың ұйғарылған температуралық шарттарының бұзылуы немесе жол берілмейтін ауытқуы анықталған кезде, тауар партиясы карантинге жатқызылады және өткізуге арналған тауардан физикалық оқшауланады.
Тармақ 38
38. Тауарды қабылдау кезінде сәйкессіздік, оның ішінде берілетін тауардың мөлшері (физикалық сипаттамалары) мен салмағы, тауардың жетіспеушілігі, жиынтықталмауы немесе сапасының тиісті еместігі, тасымалдаудың ұйғарылған температуралық шарттарының бұзылу фактісі туралы ақпарат ұсынылмаған немесе дұрыс емес ақпарат ұсынылған кезде Бірыңғай дистрибьютор немесе оның уәкілетті өкілі осындай фактілер (ескертулер немесе ақаулар) анықталған кезден бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей алшақтық (наразылық) актісін жасауға және Өнім берушіге оның Шартта көрсетілген электрондық мекенжайына жіберуге тиіс.
Тармақ 39
39. Өнім беруші алшақтық (наразылық) актісіне оны алғаннан кейін күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде жауап беруі тиіс.
Тармақ 40
40. Өнім беруші көрсетілген мерзімде жауап бермеген кезде алшақтық (наразылық) актісін Өнім беруші қабылдаған болып есептеледі.
Тармақ 41
41. Жасырын ақаулардың (сыну, ақау, нұсқаулықтардың болмауын қоса алғанда, жетіспеушілік, бүлінбеген екінші орамдағы бастапқы орамның ақауы, орамдағы таңбаның сәйкессіздігі, жетіспеушілік, жиынтықталмау) немесе тауардың тиісінше сапасыздығының (бұдан әрі – ақаулы тауар) анықталғаны туралы Тараптар қабылдау-беру актісіне қол қойғаннан кейін Бірыңғай дистрибьютор немесе оның уәкілетті өкілдері 1 (бір) жұмыс күні ішінде алшақтық (наразылық) актісін жасауға және Өнім берушіге оның Шартта көрсетілген электрондық мекенжайына жіберуге міндетті.
Тармақ 42
42. Өнім беруші алшақтық (наразылық) актісіне оны алғаннан кейін күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде жауап беруі тиіс.
Тармақ 43
43. Өнім беруші көрсетілген мерзімде жауап бермеген кезде алшақтық (наразылық) актісін өнім беруші қабылдаған болып есептеледі.
Тармақ 44
44. Ақаулы тауар карантинге ұшырайды және сатуға арналған тауардан осы мақсат үшін бөлінген және тиісті жерде физикалық оқшауланады.
Тармақ 45
45. Өнім беруші ақаулы тауарды толық алып қоюды (қайтаруды) және ауыстыруды не алшақтық (наразылық) актісі болған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде тауар құнын өтеуді жүргізуге міндетті. Бұл ретте тауарды ауыстырудың міндетті шарты оның сапасы мен басқа да техникалық сипаттамаларының Шартта айқындалған талаптарға сәйкестігі болып табылады.
Тармақ 46
46. Осы Шарттың 38, 41-тармақтарында айқындалған тауардың кемшіліктерін жоймау не уақтылы жоймау тауар берушіге тауарға ескертулер ұсынылған күннен бастап тауарды уақтылы жеткізбеу ретінде бағаланады және Өнім берушінің осы Шартта көзделген жауапкершілігіне алып келеді.
Тармақ 47
47. Өнім беруші берген, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін тауар «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 250-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалған тәртіппен Бірыңғай дистрибьютор тиісінше қайтарғаннан кейін өткізуге және медициналық қолдануға жарамсыз деп есептеледі және Өнім беруші жоюға тиіс. Бұл ретте өнім беруші күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде осындай тауарды ауыстыруға немесе бірыңғай дистрибьютордың шеккен залалдарын қоса алғанда, осындай тауардың құнын өтеуге міндетті.
Тарау 7. 7-тарау. Тауарға берілген кепілдіктер
7-тарау. Тауарға берілген кепілдіктер
Тармақ 48
48. Өнім беруші сақтау шарттарын сақтаған кезде тауардың таңбалануына немесе өзге де тану деректеріне сәйкес оның жарамдылық мерзімі ішінде тауардың барлық көлеміне кепілдік береді.
Тармақ 49
49. Кепілдік мерзімі шеңберінде Өнім беруші өз есебінен және тәуекелмен кепілді міндеттемелерді орындау жағдайының туындағаны туралы Бірыңғай дистрибьютордың жазбаша хабарламасын алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде Бірыңғай дистрибьюторда немесе денсаулық сақтау ұйымдарында (Бірыңғай дистрибьютордың тапсырыс берушілерінде) сапасыз тауарды ауыстыруды жүзеге асыруға міндеттенеді.
Тармақ 50
50. Берілетін тауардың сапасы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде және нормативтік құжаттарында белгіленген талаптарға сәйкес келуі және Шарттың 31-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тиісті құжаттамамен расталуы тиіс. Берілген Тауарға сәйкестік сертификатының қолданылу мерзімі өткен кезде Өнім беруші ол аяқталғанға дейін Бірыңғай дистрибьюторға тауардың жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін қолданылу мерзімі бар ұзартылған сәйкестік сертификатын беруге міндетті.
Тармақ 51
51. Тауардың сапасы Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуге (қайта тіркеуге) ұсынылған үлгілерге, тіркеу дерекнамасында айқындалған сипаттамаларға сәйкес келуге және уәкілетті орган бекіткен тұтынушыға арналған ақпаратты қамтитын құжаттармен сүйемелденуі тиіс.
Тармақ 52
52. Егер тауар осындай кепілдіктерге немесе сипаттамаларға сәйкес келмесе, Өнім беруші қосымша ақы төлемей сәйкес келмейтін тауарды тиісті сападағы тауармен алмастырады.
Тармақ 53
53. Өнім беруші Бірыңғай дистрибьюторға Шарт бойынша тауар үшінші бір тұлғалардың пайдасына кепіл нысанасы болып табылмайтындығына, патенттік құқықтарды қоса алғанда, үшінші бір тұлғалардың құқығынан бос екеніне және өткізу үшін ешқандай шектелмегендігіне кепілдік береді.
Тармақ 54
54. Беру сәтіне Қағидалардың талаптары өзгерген кезде тауардың жарамдылық мерзімі жаңа редакциядағы Қағидалардың талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Тарау 8. 8-тарау. Міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапкершілік
8-тарау. Міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапкершілік
Тармақ 55
55. Өнім беруші тауарды беру мерзімдерін бұзған кезде өнім беруші бірыңғай дистрибьюторға мерзімі өткен әрбір күн үшін мерзімінде берілмеген тауар құнының 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызы мөлшерінде, бірақ 0,5 (нөл бүтін оннан бес) ең төмен есептік көрсеткіштен кем емес және шартта көзделген мерзімде берілмеген тауар құнының 10 (он) пайызынан аспайтын мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті. Өнім беруші шарт бойынша орындауды қамтамасыз етуді уақтылы енгізу жөніндегі міндеттемені бұзған кезде, өнім беруші бірыңғай дистрибьюторға міндеттемені бұзған әрбір күн үшін шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасының 0,1 (нөл бүтін, оннан бір) пайызы мөлшерінде, бірақ ең төмен есептік көрсеткіштен кем емес 0,5 (нөл бүтін, оннан бес) және шарт бойынша орындауды қамтамасыз ету құнының 10 (он) пайызынан аспайтын мөлшерде айыппұл төлеуге міндетті.
Тармақ 56
56. Өнім беруші тұрақсыздық айыбын төлеуді Бірыңғай дистрибьютордың шоты негізінде Өнім беруші Бірыңғай дистрибьютордың Шартта көзделген банктік шотына тұрақсыздық айыбын аудару жолымен Бірыңғай дистрибьютордың шотын алған сәттен бастап күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде жүргізеді. Тұрақсыздық айыбы Шарт бойынша кестеде көзделген тауарды тиісінше берудің соңғы күнінен кейінгі күннен бастап және тауарды іс жүзінде берудің күнін қоса алғанда есептеледі.
Тармақ 57
57. Өнім беруші тауардың барлығын немесе бір бөлігін беруден жазбаша бас тартқан кезде Өнім беруші бірыңғай дистрибьюторға Шартта көзделген Бірыңғай дистрибьютордың банктік шотына аудару жолымен Шарт бағасының 10 (он) пайызы мөлшерінде айыппұл төлеуге міндетті.
Тармақ 58
58. Бірыңғай дистрибьютор Өнім берушіге ұсынған тұрақсыздық айыбын Өнім беруші Шарт бойынша берілген тауар үшін ақы төлеу бойынша Өнім берушінің Бірыңғай дистрибьюторға қоятын талаптарын есепке алу жолымен төлеуі мүмкін.
Тармақ 59
59. Бірыңғай дистрибьютор Өнім берушіге алынбай қалған пайданы қоса алғанда, қандай да бір шығыстар мен шығындарды өтемей-ақ, Өнім берушінің орындамаған бөлігінде Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы, егер:
Тармақша 1
1) Өнім берушінің Шарт бойынша тауарды немесе тауардың қандай да бір партиясын беру мерзімін үздіксіз бұзуы күнтізбелік 45 (қырық бес) күн ұзақтығына жетсе;
Тармақша 2
2) Өнім беруші Шартта график бойынша тауарды желтоқсан айында беру мерзімін бұзуға жол берсе, бұл Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілдеріне тауарды Өнім берушіден уақтылы қабылдауға және оны ағымдағы қаржы жылы өткенге дейін Бірыңғай дистрибьютордың тапсырыс берушілеріне беруге мүмкіндік бермейді;
Тармақша 3
3) өнім беруші қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімінде болмаса;
Тармақша 4
4) Шарт жасасу алдындағы сатып алу рәсімі кезінде Қағидалар бойынша оны қабылдамауға негіз болып табылатын Өнім берушінің үлестес болу фактісі анықталса;
Тармақша 5
5) өсімпұлды және (немесе) айыппұлды төлеуді кешіктіру күнтізбелік 15 (он бес) күннен асса;
Тармақша 6
6) өнім беруші Қағидалардың 261-тармағының талаптарын бұза отырып, Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді ұсынса;
Тармақша 7
7) өнім беруші өнім беру шартының бағасын азайтудан бас тарса не Қағидалардың 259-тармағында көзделген келіссөздерді жүргізуден бас тартса.
Тармақ 60
60. Өнім беруші Бірыңғай дистрибьютордың Шартты біржақты тәртіппен бұзуы туралы тиісті жазбаша хабарламасын алған күннен бастап Өнім берушінің орындамаған бөлігінде Шарт бұзылды деп есептеледі, онда Бірыңғай дистрибьютор Шарттың бұзылу себебін, оған қатысты Шарт бұзылатын тауардың атауын, күші жойылатын шарттық міндеттемелердің көлемін көрсетеді. Мұндай жазбаша хабарлама Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл ретте Шарттың орындалмаған бөлігінде Тараптар міндеттемелерінің тоқтатылуына қарамастан, Бірыңғай дистрибьютордың Шарт бойынша Өнім беруші бұрын берген тауарға ақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындауы Шарттың 10-тармағында көзделген мерзімдерде жүргізіледі.
Тармақ 61
61. Берілген тауар үшін төлемді негізсіз кешіктірген кезде Бірыңғай дистрибьютор Өнім берушінің жазбаша хабарламасы мен шотының негізінде Өнім берушіге мерзімі өткен әрбір күн үшін берілген тауар үшін ақы төлеу жөніндегі берешек сомасының 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызы мөлшерінде, бірақ берілген тауар үшін ақы төлеу жөніндегі берешек сомасының 10 (он) пайызынан аспайтын мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.
Тармақ 62
62. Өнім беруші сақтау орындарынан тауардың барлық ақаулы партиясын ауыстыру және (немесе) толық алып қою (қайтару) жөніндегі міндеттемелерді бұзған кезде, Өнім беруші Бірыңғай дистрибьюторға Шарт бойынша сақтау орындарынан тауардың барлық сапасыз (бүлінген және (немесе) ақаулы) партиясын ауыстыру және (немесе) толық алып қою (қайтару) жөніндегі міндеттемелерді бұзған әрбір күн үшін ауыстыруға, алып қоюға (қайтаруға) жататын тауар құнының 1 (бір) пайызы мөлшерінде, бірақ 10 (он) пайыздан аспайтын тұрақсыздық айыбын төлейді. Көрсетілген жауапкершілік Шарттың 46-тармағында көрсетілген Өнім берушінің міндеттемелерін бұзғаны үшін де қолданылады. Тұрақсыздық айыбын төлеу Тараптарды Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындаудан босатпайды.
Тармақ 63
63. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ осы Шартты жасасуға немесе тоқтатуға байланысты Тараптар мен олардың қызметкерлері және Тараптарға белгілі болғандай, олардың үлестес тұлғалары, агенттері, өкілдері, делдалдары және (немесе) қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) Қазақстан Республикасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын бұзатын не бұзуға ықпал ететін әрекеттерді жасамайды, оларды жасауға ынталандырмайды, сондай-ақ Шартқа 5-қосымшаға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды сақтайды деп сендіреді.
Тармақ 63-1
63-1. Шарттың 21-тармағында көзделген мерзімдерде берілетін тауардың мөлшері (физикалық сипаттамалары) мен салмағы туралы ақпаратты уақтылы және/немесе дұрыс ұсынбаған кезде Өнім беруші бірыңғай дистрибьюторға шарт сомасының 1 (бір) пайызы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.
Тарау 9. 9-тарау. Тараптарды Шарт бойынша жауапкершіліктен босату негіздері
9-тарау. Тараптарды Шарт бойынша жауапкершіліктен босату негіздері
Тармақ 64
64. Тараптар өз міндеттемелерін ішінара немесе толық орындамағаны үшін егер олар еңсерілмейтін күш жағдайларының (дүлей зілзалалар, тауар жеткізуге тыйым салатын немесе қандай да бір өзгеше түрде кедергі келтіретін мемлекеттік органдардың нормативтік актілерін немесе өкімдерін шығару) салдары болып табылса, бұл жағдайлар Тараптардың кез келгенінің Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауын мүмкін етпеген жағдайда жауапкершіліктен босатылады.
Тармақ 65
65. Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі еңсерілмейтін күш жағдайлары, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдарлар әрекет еткен уақытқа мөлшерлес, бірақ күнтізбелік 60 (алпыс) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.
Тармақ 66
66. Еңсерілмейтін күш жағдайларының туындағаны туралы Тараптардың кез келгені олар басталған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде екінші Тарапты хабардар етуге міндетті. Еңсерілмейтін күш жайғдайларды уәкілетті орган және (немесе) «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы растауға тиіс.
Тармақ 67
67. Еңсерілмейтін күш жағдайларының туындағаны туралы хабарламау немесе уақтылы хабарламау, еңсерілмейтін күш жағдайлар оны жүзеге асыру мүмкін еместігінің себебі болып табылған жағдайларды қоспағанда, Тараптарды міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершіліктен босататын негіз ретінде жоғарыда көрсетілген жағдайлардың кез келгеніне сілтеме жасау құқығынан айырады.
Тармақ 68
68. Егер Тараптардың міндеттемелерді толық немесе ішінара орындауы күнтізбелік 60 (алпыс) күннен астам мерзімде мүмкін болмаса, онда Тараптардың кез келгені Шартты бұзуға және өзара есеп айырысуды жүргізуге құқылы.
Тарау 10. 10-тарау. Дауларды шешу тәртібі
10-тарау. Дауларды шешу тәртібі
Тармақ 69
69. Шарт бойынша Тараптар арасында туындайтын барлық даулар сол немесе өзге Тарап өтініш жасаған кезден бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде келіссөздер жолымен (ауызша және (немесе) жазбаша нысанда) шешіледі. Дауларды келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған кезде Тараптардың кез келгені Бірыңғай дистрибьютордың орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды шешу үшін өтініш жасауға құқылы.
Тармақ 70
70. Осы Шартпен реттелмеген құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледі.
Тарау 11. 11-тарау. Хат-хабар
11-тарау. Хат-хабар
Тармақ 71
71. Шарт бойынша барлық коммуникативтік құжаттарда Шарттың күні мен нөмірі көрсетілген Тараптардың деректемелері болуға тиіс. Осы Шартта көзделген құжаттарда жолдар арасындағы ендірмелерге, өшірулерге немесе қосып жазуларға жол берілмейді.
Тармақ 72
72. Шарт бойынша Тараптардан талап етілетін немесе талап етілуі мүмкін кез келген хабарламалар немесе хабарлар жазбаша түрде ұсынылады және тапсырыс хатпен немесе курьер қызметінің көмегімен, сондай-ақ бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат түрінде жіберіледі. Жазбаша түрде жасалған хат-хабар Шартта немесе Тараптардың хаттарында көрсетілген Тараптардың электрондық мекенжайларына сканерленген түрде де берілуі мүмкін. Мұндай жағдайда хат-хабар Тарапқа тиісті түрде жеткізілген болып есептеледі.
Тармақ 73
73. Шарт бойынша хат-хабар Тараптарға Шартта көрсетілген деректемелер бойынша жіберілуге тиіс.
Тармақ 74
74. Тапсырыс хатпен немесе курьер қызметінің көмегімен жіберілген хат-хабар екінші Тарапта пошта бөлімшесінің немесе курьер қызметінің оны жеткізгенін растайтын мөртабаны бар хабарлама болған жағдайда, хат-хабар жіберілген Тарапқа оны алған күні (сағатта) жеткізілген болып есептеледі. Электрондық поштаның көмегімен жіберілген хат-хабар Шартта көрсетілген Тараптың электрондық мекенжайына оны жіберген күні жеткізілген болып есептеледі.
Тарау 12. 12-тарау. Қорытынды ережелер
12-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 75
75. Егер Өнім беруші банкрот немесе төлеуге қабілетсіз болса, Бірыңғай дистрибьютор Шартты бұзуға құқылы, бұл жағдайда Тараптардың міндеттемелерді орындауын тоқтату дереу жүзеге асырылады және Бірыңғай дистрибьютор Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндет көтермейді. Бұл ретте Өнім беруші Шартты бұзу күніне оны бұзуға байланысты нақты шығыстар үшін ғана ақы талап етуге құқылы.
Тармақ 76
76. Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар, егер олар Шарт жасасу нысанында жасалса, күшіне ие болады.
Тармақ 77
77. Тараптар өз құқықтарын, оның ішінде бір-бірінен талап ету құқықтарын және Шартта көрсетілген міндеттемелерді үшінші тұлғаларға беруге немесе қайта табыстауға құқығы жоқ.
Тармақ 78
78. Қандай да бір Тараптың заңды мекенжайы және басқа да деректемелері өзгерген кезде, ол осындай өзгерістер болған кезден бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде бұл туралы басқа Тарапты жазбаша хабардар етуге міндетті.
Тармақ 79
79. Шарт жазбаша нысанда қазақ және орыс тілдерінде бірдей заңды күші бар 2 (екі) данада, Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан жасалды.
Тармақ 80
80. Қазақстан Республикасының заңнамасы Шарттың талаптарына қатысты бөлігінде өзгерген кезде Тараптар тиісті қосымша келісім жасасу жолымен Шартқа тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуге міндеттенеді.
Тармақ 81
81. Шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 20__ жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін қолданылады. Инвестициялар туралы келісім жасасқан әлеуетті өнім берушімен (Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін дәрілік заттар, медициналық бұйымдар бойынша) беру шарты жасалған жағдайда, шарт Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және әрбір атау бойынша Тауардың бірінші партиясын беру басталған күннен бастап 3 (үш) жылға ұзарту мүмкіндігімен 10 (он) жыл бойы қолданылады.
Тармақ 82
82. Тараптар, егер Тараптардың міндеттемелерін орындау мерзімінің аяқталуы еңбек заңнамасына сәйкес демалыс күніне немесе мемлекеттік мерекелерге түссе, осы міндеттеме бар Тарап үшін аяқталу мерзімі келесі жұмыс күніне дейін автоматты түрде ұзартылады деп келісті.
Тарау 13. 13-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік және өзге де деректемелері
13-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік және өзге де деректемелері Бірыңғай дистрибьютор: БСН Заңды мекенжайы: Банктік деректемелер Телефон, e-mail ________________ лауазымы Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) Мөрі (бар болған жағдайда) Өнім беруші: БСН Заңды мекенжайы: Банктік деректемелер Телефон, e-mail ________________ лауазымы Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) Мөрі (бар болған жағдайда)
Басқа 17.1. Берілетін тауардың тізбесі
Берудің үлгі шартына (бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында) ______________ №________ 1-қосымша Нысан Берілетін тауардың тізбесі № Өнімнің арнайы коды (ӨАК) Халықаралық патенттелмеген атауы Саудалық атауы Дәрілік нысаны/Техникалық сипаттамасы Өндіруші Өлшеп-оралуы Өлшем бірлігі Бірлігі үшін бағасы, теңге Бірліктер саны Сомасы (теңге) Оның ішінде қосылған құн салығы (ҚҚС) Беру графигі ЖИЫНЫ: Сома _______ теңгені құрайды, оның ішінде қосылған құн салығы (ҚҚС) сомасы 0,00 (нөл теңге) құрайды. Бірыңғай дистрибьютор: Өнім беруші: _______________________ _____________________
Басқа 17.2. Иммунологиялық дәрілік препараттар (иммунобиологиялық дәрілік препараттар) партиясын қабылдау актісі
Берудің үлгі шартына (бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында) ______________ №________ 2-қосымша Нысан Иммунологиялық дәрілік препараттар (иммунобиологиялық дәрілік препараттар) партиясын қабылдау актісі Жөнелту адресаты: _______________________________________________ Тасымалдау барысында жоспарланған аялдамалар: ____________________ Жөнелту күні (әуе/теміржол жүкқұжаттарының деректеріне сәйкес): _________________________________________________________________ Жүктің (тауардың) межелі пунктке келген күні мен уақыты: _____________ Препараттың атауы: _______________________________________________ Ұйым, өндіруші: __________________________________________________ Қаптамалардың немесе құтылардың (ампулалардың) саны: ______________ Дозалар (литр, таблетка) саны: ______________________________________ Серия нөмірі, бақылау нөмірі: _______________________________________ Иммунобиологиялық дәрілік препараттардың (иммунобиологиялық дәрілік препараттардың жарамдылық мерзімі: ________________________________ Еріткіш құтылардың (ампулалардың) саны: ____________________________ Серия нөмірі, бақылау нөмірі: _______________________________________ Еріткіштің жарамдылық мерзімі: _____________________________________ Термоиндикаторлардың көрсеткіштері (әрқайсысының саны, көрсеткіші, олардың орналастыру орындарын көрсете отырып): _____________________ Жүктің (тауардың) жай-күйі : _______________________________________ Контейнерлердің жалпы саны: _______________________________________ Таңбалаудың болуы: _______________________________________________ Жеткізу кезіндегі қаптамалардың жай-күйі (бүтіндіктің бұзылуы, зақымданудың, деформацияның, ылғал іздерінің болуы, жазбалардың өшірілуі): ________________________________________________________ Тапсырды: ________________________________________________________ Мөр (бар болған жағдайда) (Өнім берушінің уәкілетті өкілінің қолы) Қабылдады: _______________________________________________________ Мөр (бар болған жағдайда) (Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілінің қолы және күні)
Басқа 17.3. Қабылдау-беру актісі
Берудің үлгі шартына (бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында) ______________ №________ 3-қосымша Нысан Қабылдау-беру актісі ___________________ (Тауар қабылдау орны) «___» _______ 20__ жыл (Тауарды қабылдау күні (қабылдау- беру фактісі бойынша толтырылады) № Ата­уы Се­рия Өл­шем бір­лі­гі Са­ны Бір­лік үшін ба­ға­сы, тең­ге Со­ма­сы, тең­ге Жиы­ны: Жиыны: (__________ теңге ___________ тиын) Буып-түю және таңбалау бойынша талаптарды сақтау шарттары _________________________________________________________________ Тауарға қауіпсіздік және сапа туралы қорытындылар (сәйкестік сертификаттары) қоса беріледі және тексерілді __________________________________________________________________ Температура датчиктерінің/индикаторларының көрсеткіштері (бар болған жағдайда) _________________________________________________________ Температуралық режимді сақтау ______________________________________ Тауарға жүкқұжаттарға және шот-фактураларға Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойды. Алшақтық актісінің болуы __________________________________________ Сенімхаттар бойынша Тараптар өкілдерінің өкілеттіктері белгіленді. Тапсырды: _________________________________________________________ Мөр (бар болған жағдайда) (Өнім берушінің уәкілетті өкілінің қолы) Қабылдады: _____________________________________________________ Мөр (бар болған жағдайда) (сенімхат бойынша Бірыңғай дистрбьютордың уәкілетті өкілінің қолы)
Басқа 17.4. Берілетін тауардың өлшемдері (физикалық сипаттамасы) және салмағы туралы ақпарат
Берудің үлгі шартына (бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында) ______________ №________ 4-қосымша Нысан Берілетін тауардың өлшемдері (физикалық сипаттамасы) және салмағы туралы ақпарат Өнім­нің ар­найы ко­ды (ӨАК) Ха­лы­қа­ра­лық па­тент­тел­ме­ген ата­уы (ХПА) Са­уда­лық ата­уы Дә­рі­лік ны­са­ны/Тех­ни­ка­лық си­патта­ма­сы Өл­шем бір­лі­гі Өн­ді­ру­ші Өнім бе­ру­ші­нің ата­уы Өл­шеп-ора­луы екін­ші қап­та­ма та­сы­мал­дау қап­та­ма­сы Кестенің жалғасы Қап­та­ма­ның өл­ше­мі Сал­ма­ғы, грам­мен Пал­лет­ке (түп­қой­ма­ға) ор­на­ла­сты­ру үшін кө­лік­тік қап­та­ма­лар­дың ұсы­ны­ла­тын би­ік­ті­гі, мил­ли­метр­де Би­ік­ті­гі мм Ұзынды­ғы мм Ені мм екін­ші қап­та­ма та­сы­мал­дау қап­та­ма­сы екін­ші қап­та­ма та­сы­мал­дау қап­та­ма­сы екін­ші қап­та­ма та­сы­мал­дау қап­та­ма­сы екін­ші қап­та­ма та­сы­мал­дау қап­та­ма­сы
Басқа 17.5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптар
Берудің үлгі шартына (бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында) ______________ №________ 5-қосымша Нысан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптар 1. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ осы Шартты жасасуға немесе тоқтатуға байланысты Тараптар мен олардың қызметкерлері және Тараптарға белгілі болғандай, олардың үлестес тұлғалары, агенттері, өкілдері, делдалдары және (немесе) қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) Қазақстан Республикасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын бұзатын не бұзуға ықпал ететін әрекеттерді жасамайды, оларды жасауға ынталандырмайды, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында қандай да бір заңсыз артықшылықтарды немесе өзге де заңсыз мақсаттарды алу мақсатында осы тұлғалардың әрекеттеріне немесе шешімдеріне ықпал ету үшін кез келген тұлғаларға тікелей немесе жанама түрде қандай да бір ақшалай қаражатты немесе құндылықтарды төлемейді, төлеуді ұсынбайды және төлеуге рұқсат бермейді деп сендіреді. 2. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ осы Шартты жасасуға немесе тоқтатуға байланысты Тараптар мен олардың жұмыскерлері және Тараптарға белгілі болғандай, олардың үлестес тұлғалары, агенттері, өкілдері, делдалдары және (немесе) қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) осы Шарттың мақсаттары үшін қолданылатын заңнамада қолданылатын пара беру/алу, коммерциялық сатып алу сияқты әрекеттерді, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын бұзатын әрекеттерді жүзеге асырмайтындығына сендіреді. 3. Осы Шарт Тараптарының әрқайсысы басқа Тараптың қызметкерлерін қандай да бір жолмен, оның ішінде ақшалай сомаларды, сыйлықтарды беру, олардың атына жұмыстарды (қызметтерді) өтеусіз орындау жолымен және қызметкерді белгілі бір тәуелділікке қоятын және осы қызметкердің оны ынталандыратын тараптың пайдасына қандай да бір іс-әрекеттерді орындауын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да тәсілдермен ынталандырудан бас тартады. 4. Тараптардың әрқайсысы екінші Тараптан осы Шарттың орындалу барысын талдау мақсатында осы Шарттың орындалуы жөніндегі мәліметтерді қамтитын құжаттарды сұратады. 5. Тарапта қандай да бір Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жағдайлардың бұзылғаны немесе орын алуы мүмкін деген күдік туындаған кезде, тиісті Тарап екінші Тарапты жазбаша нысанда хабардар етеді, сондай-ақ бұл туралы жоғары тұрған басшыға және (немесе) қызметкері болып табылатын мемлекеттік органның не ұйымның басшылығына және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 1-тармағына сәйкес хабарлайды. 6. Жазбаша хабарламада Тарап контрагенттің, оның үлестес тұлғаларының, жұмыскерлерінің, агенттерінің, өкілдерінің, делдалдардың және (немесе) қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) осы шарттардың қандай да бір ережелерін бұзу болғанын немесе болуы мүмкін екенін анық растайтын немесе болжауға негіз болатын, қолданылатын заңнамада пара беру немесе алу, коммерциялық сатып алу ретінде сараланатын әрекеттерден, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын бұзатын әрекеттерден көрінетін фактілерге сілтеме жасайды немесе материалдарды ұсынады. 7. Осы Шарттың Тараптары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі рәсімдердің жүргізілуін мойындайды және олардың сақталуын бақылайды. Бұл ретте тараптар сыбайлас жемқорлық қызметіне болжалды түрде тартылған контрагенттермен іскерлік қатынастардың болуын барынша азайту үшін ақылға қонымды күш-жігер жұмсайды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бір-біріне өзара жәрдем көрсетеді. 8. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптардың 5-тармағына сәйкес жазбаша хабарлама алған Тарап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде тергеу жүргізеді және оның нәтижелерін екінші Тараптың атына береді.
Басқа 17.6. Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілдерінің тізімі
Берудің үлгі шартына (бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында) ______________ №________ 6-қосымша Нысан Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілдерінің тізімі Уәкі­лет­ті өкіл­дер­дің ата­уы Қа­был­дау ор­ны Элек­трон­дық по­шта ме­кен­жайы
Басқа 17.7
Берудің үлгі шартына (бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында) ______________ №________ 7-қосымша Нысан 1-ші дана - жүк жіберушіге 2-ші дана - жүк алушыға 3-ші және 4-ші дана - тасымалдаушыға №ТАУАРЛЫҚ-КӨЛІКТІК ЖҮКҚҰЖАТ_______ 20___ ж. «___» ___________________. Автомобиль _______________________ жол жүру парағына №_____ серия _______ код маркасы, мемлекеттік нөмірлік белгісі Тасымалдаушы______________________ Жүргізуші _____________Тасымалдау түрі ___________________ код атауы тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Тапсырыс беруші (төлеуші) __________________________________________ __________________________________код атауы Жүк жіберуші _____________________________________________________ _____________________________код атауы Жүк алушы _______________________________________________________ _____________________________код атауы Тиеу пункті ________________________ Түсіру пункті _______________________ Бағдар № Басқа мекенжайға жіберу ____________________ 1. Тіркеме _________________ Гар. № Тіркемеге берілген кепілдік нөмірі № жаңа алушының атауы мен мекенжайы маркасы, мемлекеттік нөмірлік белгісі __________________________________________ 2. Тіркеме _________________ Гар. № Тіркемеге берілген кепілдік нөмірі № жауапты адамның қолы, маркасы, мемлекеттік нөмірлік белгісі ЖҮК ТУ­РА­ЛЫ МӘ­ЛІ­МЕТ*) Н- о- м-е-нкл. №, код прейск. № По­зи­ция та­у­ар(жүк) өні­мі­нің ата­уы неме­се кон­тей­нер­лер­дің нө­мі­рі Ө л- ш-е- м б- і-рл-і- г- і с-ан-ы б-ағ-ас-ы С-ом ас-ы Ж-ү- к- п- е- н б- і- р- г- е- қ- ұ- ж- а- т қ- а- п- т- а- м- а- н- ы- ң т- ү р- і о-р-ы-н с-ан-ы п а- л- л- е- т ао- р- ы нн ы ң- с а н ы жүк- тің кө- ле- мі (м3) с а л ма ғ ы н а ны қт ау т ә с і л і жү кт і ң к о ды ж ү к т ің кл а сы с а л м а ғы бр у т т , т н е т т о с а л м а ғы , т 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 ЖИЫ­НЫ.... Барлығы сомаға келіп түсті ____________ босатуға рұқсат берді ___________ жазумен лауазымы қолы Түзет. көрсетілген жүк. саны пломбымен, ыдыспен, қаптамамен__________ орны _____________ таңба жазумен Брутто салмағы, т _____________________ тасымалдауға жазумен тапсырды ____________ лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, мөртабан (бар болған жағдайда) жүргізуші -экспедитор қабылдады ________________ лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) жүргізушінің қолы Түзет. көрсетілген жүк. саны пломбымен, ыдыспен, қаптамамен ____________ орны__________ таңба жазумен Брутто салмағы, т _______________ тасымалдауға жазумен жүргізуші-экспедитор тапсырды ___________ жүргізушінің қолы қабылдады _______________ лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) , қолы, мөртабан _________________ берілген 20___ ж. «__» ______ № _________сенімхат бойынша жүкті алды _____________ лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) _______________ жүк алушының қолы ТИ­ЕУ-ТҮ­СІ­РУ ОПЕ­РА­ЦИ­Я­ЛА­РЫ Кө­лік қыз­мет­те­рі _______________ _______________ _______________ _______________ Тә­сіл Уа­қыт, са­ғат, мин Қо­сым­ша опе­ра­ци­я­лар Опе­ра­ция Орын­да­у­шы. (та­сы­мал­да­у­шы, жі­бе­ру­ші, алушы) Қол., қалп. мех. жүк кө­тер­гіш., сый­ымд. қа­у­ға КОД ке­лу ке­ту тұ­рып қа­лу уа­қыт, мин. ата­уы, са­ны жа­у­ап­ты адам­ның қо­лы 15 16 17 18 19 20 21 22 23 ти­еу тү­сі­ру БАС­ҚА ДА МӘ­ЛІ­МЕТ­ТЕР (та­сы­мал­да­у­шы тол­ты­ра­ды) Жа­сал­ған ак­ті­лер ту­ра­лы бел­гі­лер: _________ _________ _________ _________ _________ жол топ­та­ры бой­ын­ша та­сы­мал­дау қа­шық­тығы, км пай­да­ла­ну ко­ды кли­нет­тен кө­лік қыз­ме­ті үшін тү­зе­ту ко­эфф. ай­ып­пұл бар­лы­ғы қа­ла­ға I топ. II топ III топ кли­ент­тен жүр­гі­зу­ші­ге жүр­гі­зу. ба­ға­сы негіз­гі, та­риф 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 Ба­ға­сын есеп­теу Тон­на­сы үшін Ав­то­кө­лік пен тір­ке­ме­ні тол­ты­ра ти­е­меу Ар­найы кө­лік үшін Кө­лік қыз­ме­ті үшін Ти­еу-тү­сі­ру жұ­мысы (тон­на) Нор­ма­тив­тен тыс тұ­рып қа­лу бас­қа да қо­сым­ша тө­лем Тұ­рып қал­ған үшін же­ңіл­дік­тер Бар­лы­ғы Жүк­ті ба­ға­лау _____________ _____________ _____________ _____________ _____________ Жүк­ті ба­ға­ла­у­шы­ның қо­лы _____________ ти­еу тү­сі­ру 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 Орын­дал­ды Ба­ға­лау Тө­ле­у­ге *) «Жүк туралы мәлімет» деген бөлімде тауарлық-көліктік жүкқұжатта босатылатын барлық тауарлық-материалдық құндылықтардың атаулары мен сипаттамаларын атап көрсету мүмкіндік болмаса тауарлық-көліктік жүкқұжатқа тауарлық бөлім ретінде оның ажырамас бөлігі ретінде белгіленген тәртіппен бекітілген арнайы нысандар (тауарлық жүкқұжат мен басқа да нысандар) қоса берілуі тиіс, онда жүк жіберушілердің тауарлық-материалдық құндылықтарын тізімнен шығару және жүк алушыларға оны тіркеу жүргізіледі, сондай-ақ қоймалық, жедел және бухгалтерлік есепке алу жүргізіледі. Мұндай жағдайларда «Жүк туралы мәлімет» деген бөлімнің 1, 2, 4, 5, 6 және 7-бағандары тауарлық-көліктік жүкқұжатпен толтырылмайды. Көрсетілген бағандардың бос жолдарында олардың көшірмелерінің арнайы нысандарының атауы, нөмірлері мен күндері жазылады.
Басқа 18. Электрондық банк кепілдігі (шарттың орындалуын қамтамасыз ету түрі)
Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде, бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына 18-қосымша Нысан Кімге: ____________________________ __________________________________ (бірыңғай дистрибьютордың, тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен деректемелері) Электрондық банк кепілдігі (шарттың орындалуын қамтамасыз ету түрі) Банктің атауы: __________________________________________________ (атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі және банктің басқа деректері) №_____________________ кепілдік міндеттеме _________________ (орналасқан жері) «___» ___________ _____ ж. ____________________________ (Өнім берушінің атауы) (бұдан әрі – Өнім беруші) №________ «__» ______ ж. _______________ (саудалық атауы, дәрілік нысаны/тауардың техникалық сипаттамасы немесе қызметі көрсетіледі) беруге (көрсетуге) Шарт/Қосымша келісім (бұдан әрі – Шарт/Қосымша келісім) жасасқанын назарға ала отырып, және Сіз Шартта/Қосымша келісімде Өнім беруші оның орындалуын қамтамасыз етуді жалпы сомасы ________________________________ (сомасы санмен және жазумен) теңгеде электрондық банк кепілдігі түрінде енгізетінін қарастырдыңыз. Осымен Банк ______________________________________ (банктің атауы) жоғарыда көрсетілген Шарт бойынша кепілдік беруші болып табылатынын растайды, Шартта және қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде, бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) көзделген негіздемелер бойынша Сіздің ақы төлеуге жазбаша талабыңызды алғаннан кейін Сізге Сіздің талабыңыз бойынша ____________________________ соманы (сомасы санмен және жазумен) төлеуге кері қайтарылмайтын міндеттемені өзіне алады. Осы кепілдік оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындаған сәтке дейін қолданылады. Лауазымы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) _________________
Басқа 19. Берудің ұзақ мерзімді шартын жасасу конкурсына қатысуға өтінім
Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде, бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына 19-қосымша Нысан Берудің ұзақ мерзімді шартын жасасу конкурсына қатысуға өтінім 1. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­ды тұл­ға­сы ту­ра­лы мә­лі­мет 1. Әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­нің ата­уы 2. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­ды тұл­ға­сы­ның тір­ке­уден (қай­та тір­ке­уден) өт­ке­ні ту­ра­лы ақ­па­рат 3. Ор­на­лас­қан же­рі: заң­ды ме­кен­жайы/ор­на­лас­қан же­рі, нақ­ты ор­на­лас­қан же­рі 4. Биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (БСН) 5. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­ды тұл­ға­сы­ның бас­шы­сы (ла­у­а­зы­мы, Т.А.Ә. (бар болған жағ­дай­да) (те­ле­фон, факс, элек­трон­дық по­шта) 2. Жо­ба ту­ра­лы мә­лі­мет­тер 6. Жо­ба­ның ата­уы 7. Жо­ба­ны іс­ке асы­ра­тын ор­ны 8. Заң­ды тұл­ға­ның бе­кі­ті­л­ген ак­тив­те­ріне ин­ве­сти­ци­я­лар­дың кө­ле­мі (ағым­да­ғы және ке­ле­шек­те­гі ке­зең­дер­де­гі ин­ве­сти­ци­я­лар ес­ке­рі­ле­ді) (тең­ге) 9. Жо­ба­ны қар­жы­лан­ды­ру көз­де­рі мен­шік­ті­қарыз қа­ра­жа­ты, оның ішін­де өті­нім бе­ру кү­ніне жо­ба­ға са­лын­ған қа­ра­жат (мен­шік­ті қа­ра­жа­ты бар еке­нін рас­тай­тын құ­жат) (қар­жы­лан­ды­ру көз­де­рін және жо­ба­ны қар­жы­лан­ды­ру­ға ке­піл­дік­ті бел­гі­лей­тін құ­жат) Жер учас­ке­сі­нің бар-жо­ғы ту­ра­лы ақ­па­рат 10 Жо­ба­ны іс­ке асы­ру мер­зім­де­рі 11. Құ­ры­лы­сқа ар­нал­ған жо­ба­лау-сме­та­лық құ­жат­та­ма­ға мем­ле­кет­тік са­рап­та­ма қо­ры­тындыс­ы­ның бо­луы ту­ра­лы ақ­па­рат (дә­рі­лік заттар және (неме­се) ме­ди­ци­на­лық бұй­ым­дар өн­ді­рі­сін құ­ру­ға ни­ет біл­дір­ген кез­де көр­се­ті­ле­ді) 12. Дә­рі­лік заттар­дың және (неме­се) ме­ди­ци­на­лық мақ­сат­та­ғы бұй­ым­дар­дың өн­ді­рі­сін құ­ру және (неме­се) жаң­ғыр­ту жос­пар­ла­на­тын дә­рі­лік заттар­дың және (неме­се) ме­ди­ци­на­лық мақ­сат­та­ғы бұй­ым­дар­дың ата­уы 3. Ғы­лы­ми-тех­но­ло­ги­я­лық негіз­де­ме 13. Дә­рі­лік заттар­ды және (неме­се) ме­ди­ци­на­лық мақ­сат­та­ғы бұй­ым­дар­ды өн­ді­ру­ге ар­нал­ған тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық­тың бо­луы ту­ра­лы ақ­па­рат (мен­шік құқы­ғын­да тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық­тың бо­луын рас­тай­тын құ­жат (өзге де заттық құқық) 14. Же­ке әзір­ле­ме­нің ата­уы/ тех­но­ло­гия транс­фе­рі/ мәр­те­бе­сін көр­се­те оты­рып, ғы­лы­ми-зерт­теу ин­сти­тут­та­ры­мен ке­лі­сім­нің және (неме­се) ме­мо­ран­дум­ның бо­луы (ұй­ым игер­ді / иге­ру жос­пар­ла­ну­да / әзір­леу жос­пар­ла­ну­да / өзге) (мә­лім­дел­ген өнім­ге ғы­лы­ми-тех­но­ло­ги­я­лық ба­ста­ма­ны рас­тай­тын құ­жат) 4. Өнім­нің экс­порт­тық әле­уе­ті 15. Экс­порт­қа шы­ға­ры­л­ған дә­рі­лік заттар­дың және (неме­се) ме­ди­ци­на­лық мақ­сат­та­ғы бұй­ым­дар­дың ата­уы Өтінімге қосымша: ____________________________________ (әлеуетті өнім беруші) өтінімдегі және қоса берілген құжаттардағы ақпараттың дұрыстығын (анықтығын) мәлімдейді және кепілдік береді және берудің ұзақ мерзімді шартын бұзу талаптарымен танысты. Қазақстан Республикасы заңды тұлғасы басшысының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)/жеке кәсіпкер __________________________ Қолы, мөрі (бар болған жағдайда)
Басқа 20. Дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың өндірісін құру және (немесе) жаңғырту жөніндегі инвестициялық жобаны іске асырудың тоқсан сайынғы графигі
Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде, бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына 20-қосымша Нысан Дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың өндірісін құру және (немесе) жаңғырту жөніндегі инвестициялық жобаны іске асырудың тоқсан сайынғы графигі № Дә­рі­лік заттар, ме­ди­ци­на­лық бұй­ым­дар өн­ді­рі­сін құ­ру және (неме­се) жаң­ғыр­ту жө­нін­де­гі ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­ның ата­уы Іс­ке асы­ру ке­зең­де­рі (тоқ­сан сай­ын) Тоқ­сан сай­ын­ғы іс­ке асы­ру гра­фи­гі Жұ­мыс маз­мұ­ны Қо­сым­ша­лар мен ес­керт­пе­лер Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының басшысы ___________________________ Қолы, мөрі (бар болған жағдайда) ___________________________
Басқа 21. Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді үлгі шарты (бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында) ________ жылғы №______________
Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде, бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына 21-қосымша Нысан Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді үлгі шарты (бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында) ________ жылғы №______________ _________________ (орналасқан жері) «___» ___________ _____ ж. Бұдан әрі «Бірыңғай дистрибьютор» деп аталатын «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, _________________________ Басқарма төрағасының атынан, ______________ негізінде әрекет ететін, бір тараптан және бұдан әрі «Өнім беруші» деп аталатын ________________________ атынан, ________________________ негізінде әрекет ететін, екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар», ал жеке-жеке «Тарап» деп аталып, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде, бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) негізінде, осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасуға арналған конкурсқа қатысуға Өнім берушінің өтінімі, «___» _______ ж. № ____ Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасуға арналған конкурстың қорытындылары туралы хаттамасының негізінде төмендегілер туралы осы Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты:
Тарау 1. 1-тарау. Шарттың мәні
1-тарау. Шарттың мәні
Тармақ 1
1. Өнім беруші:
Тармақша 1
1) осы Шартқа № 1 қосымшада санамаланған дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың (бұдан әрі – Тауар) ___________________ мекенжайы бойынша (бұдан әрі – Инвестициялық жоба), осы Шартқа № 2 қосымшада көрсетілген Инвестициялық жобаны іске асыру графигі мен кезеңдеріне сәйкес _____________ (өндірісін құруға немесе өндірісін жаңғыртуға ниетін көрсету) жолымен құрып және осы Шарт жасалған күннен бастап 2 (екі) жылдан кешіктірілмейтін мерзімде Бірыңғай дистрибьюторға объектіні пайдалануға беру актісінің нотариалды куәландырылған көшірмесін оны алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде немесе жаңғырту жөніндегі жұмыстар аяқталған кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жаңғырту туралы егжей-тегжейлі есебі бар хабарлама ұсынуға;
Тармақша 2
2) Өнім беруші өндіретін тауарды (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеуге жатпайтын Тауарды қоспағанда) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру және тауарды беру басталғанға дейін Бірыңғай дистрибьюторға мынадай құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін ұсыну: - фармацевтикалық көрсетілетін қызметке лицензияны; - Инвестициялық жобаны іске асыру нәтижесінде өндірілетін Тауарға тіркеу куәлігін; - Тауар Инвестициялық жобаны іске асыру нәтижесінде өндірілетін тауарға «СТ-KZ» ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатты; - дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды өндіру үшін ИСО 13485 сапаны басқару жүйесі стандартының талаптарына сәйкес тиісті өндірістік практика (GМP) стандарттарының енгізілуін растайтын құжат.
Тармақша 3
3) осы Шартқа 2-қосымшада көрсетілген Инвестициялық жобаны іске асыру графигі мен кезеңдеріне сәйкес Бірыңғай дистрибьюторға объектіні пайдалануға беру актісін және (немесе) жаңғырту жөніндегі жұмыстардың аяқталғаны туралы егжей-тегжейлі есеппен Бірыңғай дистрибьюторға хабарлама ұсынылған сәттен бастап 3 (үш) жылдан кешіктірмейтін мерзімде тауарды беруді бастауға;
Тармақша 4
4) Қағидаларда, осы Шартта және оған қосымша келісімдерде белгіленген тәртіппен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) жүйесінде Бірыңғай дистрибьюторға Тауарды беру басталғаннан бастап 10 (он) жыл ішінде беруге міндетті. Тауардың бірінші партиясын әрбір атауы бойынша жеке беру күні жеткізілімнің басталуы болып табылады.
Тармақ 2
2. Бірыңғай дистрибьютор денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган Өнім беруші өндіретін Тауарды Бірыңғай дистрибьютордың тізіміне енгізгеннен, тауарға шекті бағалар белгіленгеннен, Өнім беруші осы Шарттың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген міндеттемелерді орындағаннан және тиісті қаржы жылына арналған беру графигі ұсынылғаннан кейін Өнім берушіден Тауарды ТМККК және МӘМС шеңберінде оны беру басталғаннан бастап 10 (он) жыл ішінде медициналық ұйымдар (тапсырыс берушілер) мәлімдеген және ТМККК және МӘМС шеңберінде оларға қажетті көлемде, Өнім берушімен осы Шартқа олардың қолданылу мерзімі бір қаржы жылына арналған жыл сайынғы қосымша келісімдер жасасу жолымен сатып алуға, Өнім берушіге Тауарды осы Шартқа қосымша келісімдерде айқындалған бағалармен және мерзімдерде Өнім берушінің банктік шотына ақша аудару жолымен төлеуге міндеттенеді.
Тарау 2. 2-тарау. Тараптардың Тауарды беру жөніндегі міндеттемелері
2-тарау. Тараптардың Тауарды беру жөніндегі міндеттемелері
Тармақ 3
3. Беру кезеңі басталғаннан кейін Бірыңғай дистрибьютор Тапсырыс берушілерден алдын ала өтінімдерді алған және келесі қаржы жылына арналған жыл сайынғы қажеттілікті қалыптастырған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей Өнім берушіге Тауардың халықаралық патенттелмеген атауы, оның саны/көлемі, графигі, беру орын(дары) және техникалық сипаттамалары туралы мәліметтерді қамтуға тиіс алдын ала өтінімді ұсынады.
Тармақ 4
4. Бірыңғай дистрибьютор түпкілікті өтінімді Өнім берушіге түпкілікті өтінімдерді қалыптастырғаннан және Тапсырыс берушілердің жыл сайынғы қажеттілігінен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады.
Тармақ 5
5. Өнім берушіні таңдау үшін негіз болған сапаның және басқа да талаптардың өзгермеуі шартымен осы шартқа жекелеген қаржы жылына арналған қосымша келісімге:
Тармақша 1
1) тауардың бағасы және тиісінше шарт бағасы азайғанда;
Тармақша 2
2) Қағидаларда көзделген жағдайларда тауардың көлемі өзгергенде;
Тармақша 3
3) Қосымша келісім бойынша тауардың саудалық атауының өзгермеуі шартымен өндіруші, тіркеу куәлігін ұстаушы немесе өндіріс орны (өндірістік алаң) өзгергенде;
Тармақша 4
4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның рұқсаты (қорытындысы) негізінде тауардың қалған партиясын тіркеу куәлігінің қолданылу және Қазақстан Республикасына әкелу мерзімінің аяқталуында жол беріледі.
Тармақ 6
6. Өнім беруші Бірыңғай дистрибьютор Өнім берушіге берген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей осы Шартқа жеке қаржы жылына қосымша келісімдерге қол қоюға міндеттенеді. Мұндай қосымша келісімдерде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, Қағидаларда және осы Шартта көзделген тауар жеткізілімінің елеулі талаптары қамтылуға тиіс.
Тармақ 7
7. Өнім беруші өнімді алғаш жеткізген күннен бастап 5 (бес) жылдан кешіктірмей бірыңғай дистрибьюторға тиісті өлшемшарттарды (балдық шкала бойынша) растайтын мынадай құжаттарды ұсынуға міндеттенеді:
Тармақша 1
1) тіркеу дерекнамасының үшінші модулінің болуы және (немесе) жобасы (сараптама ұйымынан хат) – 3 балл;
Тармақша 2
2) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру саласындағы зерттеулер мен әзірлемелер (өндірушінің ғылыми-зерттеу сынақ орталығының -R&D, research and development болуы туралы хаты) және (немесе) ғылыми-зерттеу институттарымен Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарымен және (немесе) зертханалармен және (немесе) «Ғылым қоры» акционерлік қоғамымен бірлескен әзірлемелерге келісімнің көшірмесі немесе меморандум) – 3 балл;
Тармақша 3
3) кадр әлеуетін арттыру, фармацевтика өнеркәсібі саласындағы кадрларды кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан және олардың біліктілігін арттырудан өту (диплом, біліктілігін арттыру туралы құжаттар, маман сертификаты) – 2 балл.
Тармақша 4
4) бөлшек сауда желісінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізу (бір жылдағы электрондық шот-фактуралар бойынша жиынтық есеп) – 2 балл;
Тармақша 5
5) «СТ-1» растауымен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды экспортқа өткізу және (немесе) әкетуге рұқсат – 2 балл; Тиісті өлшемшарттармен (балдық шкала бойынша) растайтын ұсынылған құжаттар жиынтық мәнде кемінде 6 баллды құрауға тиіс.
Тарау 3. 3-тарау. Өнім берушінің есебі
3-тарау. Өнім берушінің есебі
Тармақ 8
8. Өнім беруші есепті кезеңнен кейінгі оныншы күннен кешіктірмей Бірыңғай дистрибьюторға Инвестициялық жобаны іске асыру барысы туралы және жұмыстар аяқталғаннан кейін Тауарды тіркеу процесі туралы жартыжылдық есеп беруге міндетті. Өнім берушінің Бірыңғай дистрибьютордың сұрау салуы бойынша ол сұратқан нысан бойынша қосымша есептерді/ақпаратты ұсынуы Тараптармен келісілген мерзімдерде жүзеге асырылады. Өнім беруші тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың жиырмасынан кешіктірмей, Бірыңғай дистрибьюторға өндірілетін тауарлардың атаулары бөлінісінде заттай көріністегі өсу қорытындысымен өндірістік қуаттар, өнімді бөлшек саудада, экспортқа және ТМККК мен МӘМС шеңберінде өткізу туралы ақпаратты, сондай-ақ ғылыми-зерттеу институттарымен (Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары), зертханалармен, "Ғылым қоры" акционерлік қоғамымен әлеуетті өнім беруші үшін кадрлар даярлауға және (немесе) бірлескен әзірлемелерге қолданыстағы келісімдер/меморандумдар туралы мәліметтерді, сондай-ақ өнім берушінің құрылымында іске асырылған жобалардың тізбесін қоса бере отырып, R&D ғылыми-зерттеу сынақ орталығының бар-жоғы туралы ақпаратты ұсынуға міндетті. Өнім беруші жыл сайын, желтоқсан айынан кешіктірмей, денсаулық сақтау субъектілерімен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, денсаулық сақтау субъектілеріне анықтамалық, медициналық әдебиет, ғылыми журналдар, ғылыми-ақпараттық материалдар, медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтар түрінде ақпарат беруді, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жарнама таратуды, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қоса алғанда (бірақ бұдан әрі санамаланғандармен шектелмей), тауарды ілгерілету жөнінде есептілік беруге міндетті.
Тармақ 9
9. Бірыңғай дистрибьютор кез келген кезеңде Инвестициялық жобаның іске асырылу барысын тексеруді жүзеге асыруға құқылы, ол үшін Бірыңғай дистрибьютор комиссия құрады.
Тармақ 10
10. Бірыңғай дистрибьютор алдағы тексеру туралы Өнім берушіні ол басталғанға дейін кемінде 10 (он) жұмыс күні бұрын жазбаша хабардар етеді.
Тармақ 11
11. Өнім беруші Бірыңғай дистрибьютордың хабарламасын алғаннан кейін Инвестициялық жобаны іске асыру барысын бақылауды және тексеруді жүзеге асыру үшін Бірыңғай дистрибьютордың өкілдеріне және Комиссия мүшелеріне кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз етуге міндеттенеді.
Тармақ 12
12. Инвестициялық жобаны бақылауды және іске асыру барысын тексеруді жүзеге асыру нәтижелері бойынша комиссия тексеру актісін жасайды, оған Өнім берушінің өкілі қол қояды. Өнім беруші актіге қол қоюдан бас тартқан кезде актіде бас тарту туралы тиісті жазба жасалады.
Тарау 4. 4-тарау. Баға белгілеу
4-тарау. Баға белгілеу
Тармақ 13
13. Осы Шартқа қосымша келісімде тиісті қаржы жылына арналған Тауарды жеткізуге арналған Тауардың бағасы Бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағасын, сондай-ақ Шартқа № 1 қосымшаға сәйкес шартты баға жеңілдігін (бар болған жағдайда) ескере отырып, Қағидалардың 4-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекітетін шекті бағадан аспауға тиіс.
Тармақ 14
14. Шартты бағалық жеңілдік сатып алу жылына Тауар бағаларына мынадай формула бойынша қолданылады: (Р-N) - S = D Р – денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен шекті баға; N –Бірыңғай дистрибьютордың N-үстеме бағасы; S – Өнім берушінің шартты жеңілдігі; D – Тараптардың келісімі бойынша азаю жағына қарай өзгертілуі мүмкін Тауар бағасы.
Тармақ 15
15. Осы Шартқа қосымша келісімді жыл сайын жасасу кезінде Тараптар денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейтін шекті бағаны және Бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағасын ескере отырып, хаттамамен ресімделген келіссөздер жүргізу жолымен Тауардың бағасына төмендеу жағына түзетулер енгізуге құқылы.
Тармақ 16
Тармақ 17
17. Тауар бағасы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық салықтар мен алымдарды және басқа да міндетті төлемдерді, Тауарды орауға, таңбалауға арналған шығындарды, сондай-ақ Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына Тауарды беруге байланысты Өнім берушінің шығыстарын қамтиды.
Тармақ 18
18. Егер Тауардың тиісті қаржы жылына оны беру туралы осы Шартқа қосымша келісім жасалған болса, оның бағасы Тараптармен келісілген болып есептеледі.
Тарау 5. 5-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі
5-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі
Тармақ 19
19. Осы Шарт Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және Тауардың бірінші партиясын әрбір атауы бойынша беру басталған күннен бастап 10 (он) жыл ішінде қолданылады.
Тарау 6. 6-тарау. Шартты бұзу
6-тарау. Шартты бұзу
Тармақ 20
20. Осы Шартты бұзу үшін негіздер болып табылады:
Тармақша 1
1) Өнім берушінің инвестициялық жобаны іске асыруы Шартқа 2 қосымшада көрсетілген мерзімнен асып кетуі;
Тармақша 2
2) осы Шартта көзделген өнім берудің басталу күнін бұзуы. Бұл ретте өнім беруді бастау мерзімі бұзылған тауардың атаулары бойынша ішінара бұзуға жол беріледі;
Тармақша 3
3) осы Шартта көзделген міндеттемелерді бұзуы;
Тармақша 4
4) Өнім берушінің өндіруден және (немесе) өнім беруден бас тартуы;
Тармақша 5
Тармақша 6
6) Өнім берушінің Бірыңғай дистрибьюторға ұсынылуы осы Тауар жеткізілімі шартында көзделген инвестициялық жобаның іске асырылу барысы туралы жартыжылдық есепті ұсынбауы не оны осы Шартта көзделген екі және одан да көп айға кешіктіріп ұсынуы;
Тармақша 7
7) Өнім беруші өндіретін дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың дәлелденбеген клиникалық тиімділігі туралы уәкілетті органның құжаты. Бұл ретте Шартқа 1 қосымшада көзделген осы Шарттың тізімінен алып тастауға жататын тауардың позициялары бойынша ішінара бұзуға жол беріледі.
Тармақша 8
8) сот тәртібімен белгіленген дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды өткізуге байланысты үшінші тұлғалардың патенттік және өзге де құқықтары мен талаптарын бұзуы;
Тармақша 9
9) тапсырыс берушіде қатарынан 3 (үш) жыл ішінде дәрілік заттарға және (немесе) медициналық бұйымдарға қажеттіліктің болмауы;
Тармақша 10
10) осы Шарттың 7-тармағында және Қағидалардың 327-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбау немесе тұтас алғанда кемінде 6 балл өлшемшарттарға қол жеткізбеу.
Тармақ 21
21. Бірыңғай дистрибьютор Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, Өнім берушіге қандай да бір шығыстар мен шығындарды өтемей, осы Шарттың 19-тармағында көзделген негіздердің кез келгені бойынша осы Шартты толық немесе ішінара біржақты тәртіппен бұзуға құқылы. Хабарламада осы Шартты бұзудың себебі күші жойылған шарттық міндеттемелердің көлемі, сондай-ақ оны бұзудың күшіне енген күні көрсетілуге тиіс.
Тармақ 22
22. Шарт Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен Тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін.
Тарау 7. 7-тарау. Тараптарды жауапкершіліктен босату негіздері
7-тарау. Тараптарды жауапкершіліктен босату негіздері
Тармақ 23
23. Тараптар осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін ішінара немесе толық орындамағаны үшін егер олар еңсерілмейтін күш жағдайларының (дүлей зілзалалар, міндеттемелерді орындауға тыйым салатын немесе қандай да бір өзгеше түрде кедергі келтіретін мемлекеттік органдардың нормативтік актілерін немесе өкімдерін шығару, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін Бірыңғай дистрибьютор тізімінде Тауардың болмауы және тиісті қаржы жылына Тапсырыс берушілердің өтінімдерінің болмауы (оның ішінде көлемі азайған кезде) салдары болып табылса, жауапкершіліктен босатылады.
Тармақ 24
24. Еңсерілмейтін күш жағдайлар мұндай жағдайлар қатарынан 3 (үш) айдан астам уақытқа созылатын жағдайларды қоспағанда, осы Шарттың қолданысын тоқтату үшін негіз бола алмайды. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі еңсерілмейтін күш жағдайлар, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдарлар әрекет еткен уақытқа мөлшерлес кейінге шегеріледі. Еңсерілмейтін күш жағдайларының қолданылуы тоқтатылғаннан кейін осы Шартты орындауды екі Тарап қайтадан жалғастырады.
Тармақ 25
25. Тараптардың кез келгені еңсерілмейтін күш жағдайлар туындаған кезде олар басталған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде екінші Тарапты осы жағдайлардың туындағаны туралы жазбаша түрде хабардар етуге міндетті. Осы жағдайларды тиісті уәкілетті мемлекеттік орган/ ұйым растауға тиіс.
Тармақ 26
26. Еңсерілмейтін күш жағдайларының туындағаны туралы хабарламау немесе уақтылы хабарламау Тарапты осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершіліктен босататын негіз ретінде жоғарыда көрсетілген кез келген жағдайға сілтеме жасау құқығынан айырады.
Тарау 8. 8-тарау. Дауларды шешу тәртібі
8-тарау. Дауларды шешу тәртібі
Тармақ 27
27. Осы Шарттан немесе оған байланысты Тараптар арасында туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келіссөздер (хат алмасу) арқылы шешіледі.
Тармақ 28
28. Тараптар арасындағы дауды (және) немесе келіспеушілікті келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған кезде мұндай дау және (немесе) келіспеушілік Бірыңғай дистрибьютордың орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен шешілуге тиіс.
Тарау 9. 9-тарау. Хат-хабар
9-тарау. Хат-хабар
Тармақ 29
29. Осы Шарт бойынша Тараптардан талап етілетін немесе талап етілуі мүмкін кез келген хабарламалар немесе хабарлар жазбаша түрде ұсынылады және тапсырыс хатпен немесе курьер қызметінің көмегімен жіберіледі. Шұғыл жағдайда, көрсетілген хат-хабар міндетті түрде тапсырыс хатпен немесе курьер қызметінің көмегімен жіберіле отырып, оның жеткізілуін тіркеуді көздейтін электрондық поштаның немесе өзге де телекоммуникациялық байланыс құралдарының көмегімен берілуі мүмкін.
Тармақ 30
30. Осы Шарт бойынша хат-хабар Тараптарға немесе олардың өкілдеріне осы Шартта көрсетілген деректемелер бойынша жіберілуге тиіс.
Тармақ 31
31. Тапсырыс хатпен немесе курьер қызметінің көмегімен жіберілген хат-хабар екінші Тарапта пошта бөлімшесінің немесе курьер қызметінің оны жеткізгенін растайтын мөртабаны бар хабарлама болған жағдайда, ол жолданған Тарап оны алған күні (сағатта) жеткізілген болып есептеледі. Электрондық поштаның немесе оның жеткізілуін тіркеуді көздейтін өзге де телекоммуникациялық байланыс құралдарының көмегімен жіберілген хат-хабар шартта белгіленген талаптар сақталған кезде электрондық пошта жүйесінде алғаны туралы жауап хабарламамен хат-хабарды алғанын растау болған кезде ол жолданған Тарапқа берілген күні (сағатта) жеткізілген болып есептеледі.
Тарау 10. 10-тарау. Өзге жағдайлар
10-тарау. Өзге жағдайлар
Тармақ 32
32. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар, егер олар Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша келісім түрінде жазбаша нысанда жасалса, оған Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойса және Тараптардың мөрлерімен куәландырылса, күшіне ие болады.
Тармақ 33
33. Тараптың екінші Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз осы Шарт бойынша өз міндеттерін үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
Тармақ 34
34. Қандай да бір Тараптың атауы, заңды мекенжайы және басқа да деректемелері өзгерген кезде, ол осындай өзгерістер туындаған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде бұл туралы басқа Тарапты жазбаша хабардар етуге міндетті.
Тармақ 35
35. Тараптардың осы Шартпен реттелмеген өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Тармақ 36
36. Осы Шарт Бірыңғай дистрибьютор мен Өнім беруші үшін бір-бір данадан қазақ және орыс тілдерінде бірдей 2 (екі) данада жасалды. Осы Шарттың қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндері арасында келіспеушіліктер туындаған кезде, осы Шарттың орыс тіліндегі мәтініне артықшылық беріледі.
Тармақ 37
37. Халықаралық патенттелмеген атаулары бар Тауардың Тізімін, техникалық сипаттамаларын, жеткізу кезеңін және әрбір өнімге шартты баға жеңілдігін (болған жағдайда) қамтитын Шартқа 1 қосымша және Инвестициялық жобаны іске асыру кезеңдері мен графигін қамтитын осы Шартқа № 2 қосымша осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
Тармақ 38
38. Тараптардың осы Шартта айқындалған халықаралық патенттелмеген Тауар атауларын өзгертуіне жол берілмейді.
Тармақ 39
39. Бірыңғай дистрибьютордың тіркеу куәлігіне сәйкес Тауардың техникалық сипаттамасы бөлігінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шартына өзгерістер енгізуіне жол беріледі.
Тармақ 40
40. Тараптар жыл сайын әрбір қаржы жылына жасалатын осы Шартқа Тауар беруге арналған қосымша келісімдер оның ажырамас бөлігі болып табылады.
Тарау 11. 11-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік деректемелері және қолдары:
11-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік деректемелері және қолдары: Өнім беруші: ___________________ мөр орны Бірыңғай дистрибьютор: _________________ мөр орны
Басқа 21.1. Тауардың атауы және техникалық сипаттамалары
Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді үлгі шартына (бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында) ______________ №________ 1-қосымша Нысан Тауардың атауы және техникалық сипаттамалары р/с № Ха­лы­қа­ра­лық па­тент­тел­ме­ген ата­уы Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы Өл­шем бір­лі­гі Бе­ру ке­зе­ңі Шар­тты ба­ға­лық же­ңіл­дік 1 2 Өнім беруші: ___________________ мөр орны Бірыңғай дистрибьютор: __________________ мөр орны
Басқа 21.2. Инвестициялық жобаны іске асыру графигі мен кезеңдері
Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді үлгі шартына (бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында) ______________ №________ 2-қосымша Нысан Инвестициялық жобаны іске асыру графигі мен кезеңдері Ке­зең­дер Жар­ты­жыл­дық іс­ке асы­ру гра­фи­гі (тоқ­сан сай­ын) Жұ­мыстар­дың маз­мұ­ны 1. 2. Өнім беруші: ___________________ мөр орны Бірыңғай дистрибьютор: __________________ мөр орны
Басқа 21-1. Инвестициялық жобаны іске асыру туралы есеп
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына 21-1-қосымша Нысан Инвестициялық жобаны іске асыру туралы есеп Кезең _______________ ОТӨ атауы _______________ ҰМШ күні мен нөмірі _______________ 1. Инвестициялық жобаларды тексеру сәтінен бастап не өзгерді (күнін көрсете отырып). 2. Инвестициялық жобаларды іске асыру жағдайы (бизнес-жоспарға сәйкес іске асыру графигі есепті кезеңдегі нәтижемен салыстырыла отырып көрсетілсін). Өнім берудің ұзақ мерзімді шартының графигі бойынша іс-шара (ТЭН/бизнес-жоспар) Өнім берудің ұзақ мерзімді шартының графигі бойынша іс-шараны іске асыру күні ________ (күні) жағдайы бойынша орындалуы туралы ақпарат Ескертпе Орындалу күні Атқарылған жұмыстың мазмұны 3. Жасалған ұзақ мерзімді шарттар шеңберінде ДЗ мен ММБ тіркеу куәліктерінің мәртебесі. Р/с № ХПА бойынша атауы Саудалық атауы ДЗ мен ММБ сипаттамасы Өлшем бірлігі ҰМШ № және күні ТК мәртебесі ТК нөмірі және күні СТ-KZ мәртебесі 4. Бүгінгі күнгі проблемалар. Ескертпе* есеп инвестициялық жобалар бойынша объектілердің фотосуреттері және т.б. қоса беріле отырып, тігілген және нөмірленген түрде ұсынылады. Объектіні салу және жаңғырту жөніндегі жұмыстар аяқталған жағдайда өнім өндіру процесінің бейне жазбасы қоса берілсін.
Басқа 21-2. Қазақстандық тауар өндірушінің паспорты (бизнес-дерекнама)
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына 21-2-қосымша Нысан Қазақстандық тауар өндірушінің паспорты (бизнес-дерекнама) № Көрсеткіштің атауы 1 Қазақстандық тауар өндіруші 2 Басшы 3 Қызмет түрі 4 Мекенжайы 5 Штат саны 6 Қазақстанның фармацевтикалық нарығындағы жұмыс тәжірибесі (айлар) 7 Өндірістік қуаты жоспар факт 8 Ұзақ мерзімді шарт бойынша ДЗ, МБ позицияларының саны 9 СТ-КЗ деректеріне сәйкес жергіліктендіру тереңдігі (әрбір ұзақ мерзімді шарт бөлінісіндегі атаулар саны) 10 Фармакологиялық топ/ медициналық бұйымдарды өндіру тобы 11 Байланыстар
Басқа 22. Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды үш жылға дейінгі мерзімге берудің ұзақ мерзімді үлгі шарты (бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында)
Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде, бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына 22-қосымша Нысан Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды үш жылға дейінгі мерзімге берудің ұзақ мерзімді үлгі шарты (бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында) _________________ (орналасқан жері) «___» ___________ _____ ж. Бұдан әрі «Бірыңғай дистрибьютор» деп аталатын «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, _________________________ Басқарма төрағасының атынан, ______________ негізінде әрекет ететін, бір тараптан және бұдан әрі «Өнім беруші» деп аталатын ________________________ атынан, ________________________ негізінде әрекет ететін, екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар», ал жеке-жеке «Тарап» деп аталып, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде, бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларының, «___» _______ ж. № ____ Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасуға арналған конкурстың қорытындылары туралы хаттамасының негізінде төмендегілер туралы осы Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды үш жылға дейінгі мерзімге берудің ұзақ мерзімді шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты:
Тарау 1. 1-тарау. Шарттың мәні
1-тарау. Шарттың мәні
Тармақ 1
1. Өнім беруші Бірыңғай дистрибьюторға осы Шартқа қосымшада көрсетілген дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды (бұдан әрі – «Тауар») беруге міндеттенеді.
Тармақ 2
2. Өнім беруші өнім беру кезеңі басталғаннан кейін тиісті қаржы жылына өнім беруден бас тартқан кезде өнім берудің көрсетілген жылы өнім беру кезеңіне енгізіледі.
Тармақ 3
3. Бірыңғай дистрибьютор өнім беру кезеңі басталғаннан кейін әрбір қаржы жылы Шарт бойынша оның қолданылу мерзімі ішінде тиісті қаржы жылына Тауарды осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын тиісті қаржы жылына дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдардың көлемі, бағасы, оларды беру міндеттемелерін орындаудың қамтамасыз етілуі және шарттары көрсетіліп, қосымша келісім жасасу жолымен сатып алуды жүзеге асыруға міндеттенеді. шарттары:
Тармақша 1
1) дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар бірыңғай дистрибьютордың тізбесіне енгізілген;
Тармақша 2
2) тапсырыс берушілер дәрілік заттарға және (немесе) медициналық бұйымдарға өтінімдер ұсынған;
Тармақша 3
3) өнім беруші Қағидалардың 8, 9 және 11-тармақтарында көзделген шарттарға сәйкестігін растаған;
Тармақша 4
4) ішкі айналысқа арналған дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың шығу тегі туралы «СТ-KZ» сертификатын, сондай-ақ тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына сәйкес дәрілік заттар өндірісіне және (немесе) ISO 13485 сапаны басқару жүйесі стандартының талаптарына сәйкес медициналық бұйымдар өндірісіне сертификат ұсынылған;
Тармақша 5
5) беру графигін ұсынған кезде жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Осы Шартқа қосымша осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады және мыналар: тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі – ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (бұдан әрі – МӘМС) көрсетуге арналған Өнім берушіден Бірыңғай дистрибьютор сатып алуға жоспарланатын тауардың халықаралық патенттелмеген атауы, техникалық сипаттамалары, өнім беру кезеңі, шартты бағалық жеңілдік әр тауарға (бар болған жағдайда) қамтылады.
Тарау 2. 2-тарау. Тараптардың Тауарды беру жөніндегі міндеттемелері
2-тарау. Тараптардың Тауарды беру жөніндегі міндеттемелері
Тармақ 5
5. Беру кезеңі басталғаннан кейін Бірыңғай дистрибьютор Тапсырыс берушілерден алдын ала өтінімдерді алған және келесі қаржы жылына арналған жыл сайынғы қажеттілікті қалыптастырған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей Өнім берушіге Тауардың халықаралық патенттелмеген атауы, оның саны/көлемі, графигі, беру орын(дары) және техникалық сипаттамалары туралы мәліметтерді қамтуға тиіс алдын ала өтінімді ұсынады.
Тармақ 6
6. Бірыңғай дистрибьютор түпкілікті өтінімді Өнім берушіге түпкілікті өтінімдерді қалыптастырғаннан және Тапсырыс берушілердің жыл сайынғы қажеттілігінен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады.
Тармақ 7
7. Өнім берушіні таңдау үшін негіз болған сапаның және басқа да талаптардың өзгермеуі шартымен осы шартқа жекелеген қаржы жылына арналған қосымша келісімге:
Тармақша 1
1) тауардың бағасы және тиісінше шарт бағасы азайғанда;
Тармақша 2
2) Қағидаларда көзделген жағдайларда тауардың көлемі өзгергенде;
Тармақша 3
3) өндіруші, тіркеу куәлігін ұстаушы немесе өндіріс орны (өндірістік алаң) өзгергенде;
Тармақша 4
4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның рұқсаты (қорытындысы) негізінде тауардың қалған партиясын тіркеу куәлігінің қолданылу және Қазақстан Республикасына әкелу мерзімінің аяқталуында жол беріледі.
Тармақ 8
8. Өнім беруші Бірыңғай дистрибьютор Өнім берушіге берген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей осы Шартқа жеке қаржы жылына қосымша келісімдерге қол қоюға міндеттенеді.
Тарау 3. 3-тарау. Баға белгілеу
3-тарау. Баға белгілеу
Тармақ 9
9. Осы Шартқа қосымша келісімде тиісті қаржы жылына арналған Тауарды жеткізуге арналған Тауардың бағасы Бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағасын, сондай-ақ Шартқа № 1 қосымшаға сәйкес шартты баға жеңілдігін (бар болған жағдайда) ескере отырып, Қағидалардың 4-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекітетін шекті бағадан аспауға тиіс.
Тармақ 10
10. Шартты бағалық жеңілдік сатып алу жылына Тауар бағаларына мынадай формула бойынша қолданылады: (Р-N) - S = D Р – денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен шекті баға; N –Бірыңғай дистрибьютордың N-үстеме бағасы; S – Өнім берушінің шартты жеңілдігі; D – Тараптардың келісімі бойынша азаю жағына қарай өзгертілуі мүмкін Тауар бағасы.
Тармақ 11
11. Осы Шартқа қосымша келісімді жыл сайын жасасу кезінде Тараптар денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейтін шекті бағаны және Бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағасын ескере отырып, хаттамамен ресімделген келіссөздер жүргізу жолымен Тауардың бағасына төмендеу жағына түзетулер енгізуге құқылы.
Тармақ 12
12. Тауар бағасы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық салықтар мен алымдарды және басқа да міндетті төлемдерді, Тауарды орауға, таңбалауға арналған шығындарды, сондай-ақ Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына Тауарды беруге байланысты Өнім берушінің шығыстарын қамтиды.
Тармақ 13
13. Егер Тауардың тиісті қаржы жылына оны беру туралы осы Шартқа қосымша келісім жасалған болса, оның бағасы Тараптармен келісілген болып есептеледі.
Тарау 4. 4-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі
4-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі
Тармақ 14
14. Осы Шарт Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және 3 (үш) жыл ішінде қолданылады.
Тарау 5. 5-тарау. Шартты бұзу
5-тарау. Шартты бұзу
Тармақ 15
15. Осы Шартты бұзу үшін негіздер болып табылады:
Тармақша 1
1) осы Шартта көзделген міндеттемелерді бұзуы;
Тармақша 2
2) Өнім берушінің өнім беруден бас тартуы. Бұл ретте Өнім берушінің Өнім беруден бас тартуы бар тауардың атаулары бойынша Бірыңғай дистрибьютордың ішінара бұзуына жол беріледі;
Тармақша 3
3) Өнім берушінің Тауарды өндіруді тоқтатуы;
Тармақша 4
4) Бірыңғай дистрибьютор тізбесінен Тауар атауларын алып тастауы;
Тармақша 5
5) Өнім беруші өндіретін дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың дәлелденбеген клиникалық тиімділігі туралы уәкілетті органның құжаты. Бұл ретте осы Шартқа қосымшада көзделген осы Шарттың тізімінен алып тастауға жататын тауардың позициялары бойынша ішінара бұзуға жол беріледі.
Тармақша 6
6) сот тәртібімен белгіленген дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды өткізуге байланысты үшінші тұлғалардың патенттік және өзге де құқықтары мен талаптарын бұзуы.
Тармақ 16
16. Бірыңғай дистрибьютор Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, Өнім берушіге қандай да бір шығыстар мен шығындарды өтемей, осы Шарттың 15-тармағында көзделген негіздердің кез келгені бойынша осы Шартты толық немесе ішінара біржақты тәртіппен бұзуға құқылы. Хабарламада осы Шартты бұзудың себебі күші жойылған шарттық міндеттемелердің көлемі, сондай-ақ оны бұзудың күшіне енген күні көрсетілуге тиіс. Өнім беруші осындай хабарламаны алған күні шарт бұзылған болып есептеледі.
Тармақ 17
17. Тараптар осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін ішінара немесе толық орындамағаны үшін егер олар еңсерілмейтін күш жағдайларының (дүлей зілзалалар, міндеттемелерді орындауға тыйым салатын немесе қандай да бір өзгеше түрде кедергі келтіретін мемлекеттік органдардың нормативтік актілерін немесе өкімдерін шығару, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін Бірыңғай дистрибьютор тізімінде Тауардың болмауы және тиісті қаржы жылына Тапсырыс берушілердің өтінімдерінің болмауы (оның ішінде көлемі азайған кезде) салдары болып табылса, жауапкершіліктен босатылады.
Тармақ 18
18. Еңсерілмейтін күш жағдайлар мұндай жағдайлар қатарынан 3 (үш) айдан астам уақытқа созылатын жағдайларды қоспағанда, осы Шарттың қолданысын тоқтату үшін негіз бола алмайды. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі еңсерілмейтін күш жағдайлар, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдарлар әрекет еткен уақытқа мөлшерлес кейінге шегеріледі. Еңсерілмейтін күш жағдайларының қолданылуы тоқтатылғаннан кейін осы Шартты орындауды екі Тарап қайтадан жалғастырады.
Тармақ 19
19. Тараптардың кез келгені еңсерілмейтін күш жағдайлар туындаған кезде олар басталған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде екінші Тарапты осы жағдайлардың туындағаны туралы жазбаша түрде хабардар етуге міндетті. Осы жағдайларды тиісті уәкілетті мемлекеттік орган/ ұйым растауға тиіс.
Тармақ 20
20. Еңсерілмейтін күш жағдайларының туындағаны туралы хабарламау немесе уақтылы хабарламау Тарапты осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершіліктен босататын негіз ретінде жоғарыда көрсетілген кез келген жағдайға сілтеме жасау құқығынан айырады.
Тарау 6. 6-тарау. Дауларды шешу тәртібі
6-тарау. Дауларды шешу тәртібі
Тармақ 21
21. Осы Шарттан немесе оған байланысты Тараптар арасында туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келіссөздер (хат алмасу) арқылы шешіледі.
Тармақ 22
22. Тараптар арасындағы дауды (және) немесе келіспеушілікті келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған кезде мұндай дау және (немесе) келіспеушілік Бірыңғай дистрибьютордың орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен шешілуге тиіс.
Тарау 7. 7-тарау. Хат-хабар
7-тарау. Хат-хабар
Тармақ 23
23. Осы Шарт бойынша Тараптардан талап етілетін немесе талап етілуі мүмкін кез келген хабарламалар немесе хабарлар жазбаша түрде ұсынылады және тапсырыс хатпен немесе курьер қызметінің көмегімен жіберіледі. Шұғыл жағдайда, көрсетілген хат-хабар міндетті түрде тапсырыс хатпен немесе курьер қызметінің көмегімен жіберіле отырып, оның жеткізілуін тіркеуді көздейтін электрондық поштаның немесе өзге де телекоммуникациялық байланыс құралдарының көмегімен берілуі мүмкін.
Тармақ 24
24. Осы Шарт бойынша хат-хабар Тараптарға немесе олардың өкілдеріне осы Шартта көрсетілген деректемелер бойынша жіберілуге тиіс.
Тармақ 25
25. Тапсырыс хатпен немесе курьер қызметінің көмегімен жіберілген хат-хабар екінші Тарапта пошта бөлімшесінің немесе курьер қызметінің оны жеткізгенін растайтын мөртабаны бар хабарлама болған жағдайда, ол жолданған Тарап оны алған күні (сағатта) жеткізілген болып есептеледі. Электрондық поштаның немесе оның жеткізілуін тіркеуді көздейтін өзге де телекоммуникациялық байланыс құралдарының көмегімен жіберілген хат-хабар шартта белгіленген талаптар сақталған кезде электрондық пошта жүйесінде алғаны туралы жауап хабарламамен хат-хабарды алғанын растау болған кезде ол жолданған Тарапқа берілген күні (сағатта) жеткізілген болып есептеледі.
Тарау 8. 8-тарау. Өзге жағдайлар
8-тарау. Өзге жағдайлар
Тармақ 26
26. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар, егер олар Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша келісім түрінде жазбаша нысанда жасалса, оған Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойса және Тараптардың мөрлерімен куәландырылса, күшіне ие болады.
Тармақ 27
27. Тараптың екінші Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз осы Шарт бойынша өз міндеттерін үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
Тармақ 28
28. Қандай да бір Тараптың атауы, заңды мекенжайы және басқа да деректемелері өзгерген кезде, ол осындай өзгерістер туындаған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде бұл туралы басқа Тарапты жазбаша хабардар етуге міндетті.
Тармақ 29
29. Тараптардың осы Шартпен реттелмеген өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Тармақ 30
30. Осы Шарт Бірыңғай дистрибьютор мен Өнім беруші үшін бір-бір данадан қазақ және орыс тілдерінде бірдей 2 (екі) данада жасалды. Осы Шарттың қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндері арасында келіспеушіліктер туындаған кезде, осы Шарттың орыс тіліндегі мәтініне артықшылық беріледі.
Тармақ 31
31. Тараптардың осы Шартта айқындалған халықаралық патенттелмеген Тауар атауларын өзгертуіне жол берілмейді.
Тармақ 32
32. Бірыңғай дистрибьютордың тіркеу куәлігіне сәйкес Тауардың техникалық сипаттамасы бөлігінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шартына өзгерістер енгізуіне жол беріледі.
Тармақ 33
33. Тараптар жыл сайын әрбір қаржы жылына жасалатын осы Шартқа Тауар беруге арналған қосымша келісімдер оның ажырамас бөлігі болып табылады.
Тарау 9. 9-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік деректемелері және қолдары:
9-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік деректемелері және қолдары: Өнім беруші: ___________________ мөр орны Бірыңғай дистрибьютор: _________________ мөр орны
Басқа 22.1. Тауардың атауы және техникалық сипаттамалары
Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды үш жылға дейінгі мерзімге берудің ұзақ мерзімді үлгі шартына (бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында) ______________ №________ қосымша Нысан Тауардың атауы және техникалық сипаттамалары р/с № Ха­лы­қа­ра­лық па­тент­тел­ме­ген ата­уы Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы Өл­шем бір­лі­гі Бе­ру ке­зе­ңі Шар­тты ба­ға­лық же­ңіл­дік 1 2 Өнім беруші: ___________________ мөр орны Бірыңғай дистрибьютор: __________________ мөр орны
Басқа 23. ________ жылғы №______________ Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді үлгі шартына (бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында) үлгі қосымша келісім №
Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде, бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына 23-қосымша Нысан ________ жылғы №______________ Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді үлгі шартына (бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында) үлгі қосымша келісім № __________________ (орналасқан жері) «___» __________ ____ ж. Бұдан әрі «Бірыңғай дистрибьютор» деп аталатын «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, __________________ атынан, Жарғының негізінде әрекет ететін, бір тараптан және бұдан әрі «Өнім беруші» деп аталатын ________________ атынан, ___________________ негізінде әрекет ететін, екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталып, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде, бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес және _______________________________________________ негізінде төмендегілер туралы осы Қосымша келісімді (бұдан әрі – Қосымша келісім) жасасты:
Тарау 1. 1-тарау. Қосымша келісімнің мәні
1-тарау. Қосымша келісімнің мәні
Тармақ 1
1. Өнім беруші Бірыңғай дистрибьюторға Қосымша келісімге 1-қосымшада көрсетілген дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды (бұдан әрі – тауар) беруге міндеттенеді, ал Бірыңғай дистрибьютор тауарды қабылдауға және Қосымша келісімнің тәртібі мен талаптары бойынша төлеуге міндеттенеді.
Тармақ 2
2. Өнім беруші тауарды жеткізу пункттеріне (қабылдау орындарына) (бөлу орталықтары, Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілдерінің операциялық қоймалары) және Бірыңғай дистрибьютордың жөнелтуге рұқсат қағаздарында көрсетілген мөлшерде жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Қосымша келісімнің мынадай қосымшалары Қосымша келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады:
Тармақша 1
1) 1-қосымша «Берілетін тауар тізбесі»;
Тармақша 2
2) 2-қосымша «Иммунологиялық дәрілік препараттар (иммунобиологиялық дәрілік препараттар) партиясын қабылдау актісі»;
Тармақша 3
3) 3-қосымша «Қабылдау-беру актісі»;
Тармақша 4
4) 4-қосымша «Берілетін тауардың өлшемдері (физикалық сипаттамалары) және салмағы туралы ақпарат»;
Тармақша 5
5) 5-қосымша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптар»;
Тармақша 6
6) 6-қосымша «Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілдерінің тізімі»;
Тармақша 7
7) 7-қосымша «Тауарлық-көліктік жүкқұжат».
Тарау 2. 2-тарау. Қосымша келісімнің бағасы
2-тарау. Қосымша келісімнің бағасы
Тармақ 4
4. Қосымша келісімнің бағасы ____________________________ теңгені (соманы санмен және жазумен) құрайды. Қосымша келісімге 1-қосымшада тауардың атауы, сипаттамасы, саны, бірлігі үшін бағасы, тауарды беру сомасы мен мерзімдері көрсетілген.
Тармақ 5
5. Қосымша келісімнің бағасы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық салықтарды, алымдарды және басқа да міндетті төлемдерді, тауарды орау мен таңбалауға арналған шығындарды, сондай-ақ өнім берушінің тауардың жетіспеушілігін, жиынтықталмауын немесе тиісті емес сапасын (жасырын ақауларын), оның бүлінуін анықтауға, тауарды сақтандыру мен беруге байланысты барлық шығыстарын қамтиды.
Тармақ 6
6. Тауар бірлігі үшін баға Тараптар өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін (тауар бірлігі үшін бағаның азаюын қоспағанда) тіркелген болып қалады.
Тармақ 7
7. Өнім берушіні таңдауға негіз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермеуі шартымен Қосымша келісімге өзгерістер енгізуге тараптардың келісімі бойынша мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың бағасы және тиісінше Шарт бағасы азайғанда;
Тармақша 2
2) Қағидаларда көзделген жағдайларда дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың көлемі өзгергенде;
Тармақша 3
3) өндіруші, тіркеу куәлігін ұстаушы немесе өндіріс орны (өндірістік алаң) өзгергенде;
Тармақша 4
4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның рұқсаты (қорытындысы) негізінде дәрілік заттың және (немесе) медициналық бұйымның қалған партиясын тіркеу куәлігінің қолданылу және Қазақстан Республикасына әкелу мерзімінің аяқталуында жол беріледі.
Тармақ 8
8. Қағидаларда көзделген жағдайларда тараптар беру көлемін тиісінше азайту және қосымша келісім сомасын мөлшерлес өзгерту бойынша қосымша келісімге өзгерістер енгізуге міндетті. Қажет болған жағдайда өнім беруші талап етілмеген тауарды алуға міндеттенеді.
Тармақ 9
9. Бірыңғай дистрибьютордың төмендетілмейтін қорын қамтамасыз ету мақсатында немесе сатып алынатын дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың көлемі ұлғайғанда тауарды жеткізу көлемін және Шарт бағасын мөлшерлес ұлғайтуға жол беріледі.
Тарау 3. 3-тарау. Төлем тәртібі
3-тарау. Төлем тәртібі
Тармақ 10
10. Шарт бойынша берілген тауар үшін төлемді Бірыңғай дистрибьютор тауардың тиісті партиясы берілген күннен бастап 90 (тоқсан) банктік күн ішінде теңгемен жүргізеді. Егер Өнім беруші қазақстандық тауар өндіруші болып табылса, Бірыңғай дистрибьютор өзі өндірген және берген тауар үшін төлемді тауар берілген күннен бастап 60 (алпыс) банктік күн ішінде жүргізеді.
Тармақ 11
11. Төлем Өнім беруші уақтылы ұсынған және Бірыңғай дистрибьютор тауарды беруді растайтын құжаттардың тиісті түрде ресімделген түпнұсқаларын немесе электрондық нысандарын алған жағдайда жүргізіледі:
Тармақша 1
1) Өнім берушінің қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда жазып берілген шот-фактуралары. Өнім беруші электрондық шот-фактураны электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жазып берген кезде баспа нысанындағы шот-фактура. Қағаз жеткізгіштегі және электрондық нысандағы шот-фактуралар салық заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиіс;
Тармақша 2
2) қауіпсіздік және сапа туралы қорытындының нөмірі мен қолданылу мерзімі көрсетілген деректерді, шығарылған жерінің белгісін, Тауардың СЭҚ ТН кодын, тауарларға арналған декларацияның нөмірін, тауарларға арналған декларациядан алынған тауар позициясының нөмірін немесе тауарларды әкелу немесе жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті немесе біржолғы әкелуге рұқсат беру құжатының нөмірін қамтитын тарапқа тауарды босатуға арналған жүкқұжат;
Тармақша 3
3) Қосымша келісімнің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Тараптар қол қойған тауарды қабылдау-беру актісі;
Тармақша 4
4) Қосымша келісімге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тараптар қол қойған иммунологиялық дәрілік препараттар (иммунобиологиялық дәрілік препараттар) партиясын қабылдау актісі (иммунологиялық дәрілік препараттар (иммунобиологиялық дәрілік препараттар) болған жағдайда);
Тармақша 5
5) Бірыңғай дистрибьютордың немесе оның уәкілетті өкілінің тауарды қабылдағаны туралы белгісі бар тауар-көлік жүкқұжаты;
Тармақша 6
6) тауардың саны мен сапасы бойынша қабылданғаны туралы Бірыңғай дистрибьютордың немесе оның өкілінің белгісі бар Өнім берушінің орау парағы;
Тармақша 7
7) Қосымша келісімге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілетін тауардың мөлшері (физикалық сипаттамалары) және салмағы туралы ақпарат (тауар партиясын бірінші рет берген кезде не тауардың мөлшері мен салмағы өзгерген кезде);
Тармақша 8
8) Тараптар қол қойған өзара есеп айырысуларды салыстыру актісінің түпнұсқасы (Өнім беруші осы құжатты тауардың соңғы партиясымен ұсынады).
Тарау 4. 4-тарау. Өнім берушінің Қосымша келісім бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету
4-тарау. Өнім берушінің Қосымша келісім бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету
Тармақ 12
12. Өнім беруші Қосымша келісім бойынша өз міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілі ретінде Бірыңғай дистрибьютордың банктік шотына және (немесе) электрондық банктік кепілдікке енгізілетін кепілдікті ақшалай жарнаны таңдайды.
Тармақ 13
13. Өнім беруші Шарттың орындалуын кепілдікті қамтамасыз ету ретінде ақшалай жарнаны таңдаған кезде:
Тармақша 1
1) Өнім беруші Шартқа қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ақшалай жарна ретінде Қосымша келісім сомасының 3 (үш) пайызы мөлшерінде Бірыңғай дистрибьютордың Қосымша келісімде көрсетілген банктік шотына ақша аударуды жүзеге асырады.
Тармақша 2
2) Қосымша келісім сомасы ұлғаю жағына қарай өзгерген кезде Өнім беруші өзгерістер енгізілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Қосымша келісімде көрсетілген Бірыңғай дистрибьютордың банк шотына оның жалпы сомасы Қосымша келісімнің жаңа сомасының 3 (үш) пайызына тең болатындай қосымша ақшалай жарнаны аударады;
Тармақша 3
3) Қосымша келісім сомасы азаю жағына қарай өзгерген кезде – Өнім берушінің жазбаша өтініші бойынша Бірыңғай дистрибьютор Қосымша келісімде көрсетілген Өнім берушінің банк шотына оның жалпы сомасы Қосымша келісімнің жаңа сомасының 3 (үш) пайызына тең болатындай тиісті айырманы аударады;
Тармақша 4
4) Өнім берушінің Шарт бойынша міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету сомасын ұстап қалу үшін негіздер болмаған кезде Шарт бойынша тауарды беру жөніндегі міндеттемелердің толық көлемде орындалуымен бір мезгілде тоқтатылады. Өнім берушіге кепілдік ақшалай жарна сомасын аударуды Өнім беруші Шарт бойынша міндеттемелерді толық орындағаннан кейін Өнім берушінің жазбаша өтініші бойынша бірыңғай дистрибьютор жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) кепілдік ақшалай жарнаны ұстап қалу негізі басталған кезде Бірыңғай дистрибьютор Өнім берушіге ақшаны ұстап қалу туралы хабарлама жібереді.
Тармақ 14
14. Өнім беруші Қосымша келісімнің орындалуын қамтамасыз ету ретінде электрондық банк кепілдігін таңдаған кезде:
Тармақша 1
1). Өнім беруші Қосымша келісімге қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Бірыңғай дистрибьюторға денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша Қосымша келісім сомасының 3 (үш) пайызы мөлшерінде электрондық банк кепілдігін береді.
Тармақша 2
2) Қосымша келісім сомасы ұлғаю жағына қарай өзгерген кезде Өнім беруші 10 (он) жұмыс күні ішінде Бірыңғай дистрибьюторға міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету сомасын Қосымша келісімнің жаңа сомасына 3 (үш) пайызға дейін келтіре отырып, бұрын берілген электрондық банк кепілдігіне өзгеріс не Қосымша келісімнің ұлғаю сомасынан 3 (үш) пайыз мөлшерінде жеке электрондық банк кепілдігін ұсынады;
Тармақша 3
3) Қосымша келісім сомасы азаю жағына қарай өзгерген кезде Өнім беруші Бірыңғай дистрибьюторға міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету сомасын Қосымша келісімнің жаңа сомасына 3 (үш) пайызға дейін келтіре отырып, бұрын берілген электрондық банк кепілдігіне өзгеріс не Қосымша келісімнің талаптары сақталған кезде бұрын ұсынылған электрондық банк кепілдігін кейіннен қайтарып бере отырып, Қосымша келісімнің жаңа сомасына 3 (үш) пайызы мөлшерінде жаңа электрондық банк кепілдігін беруге құқылы;
Тармақша 4
4) Бірыңғай дистрибьютор Өнім берушінің жазбаша өтініші бойынша Қосымша келісім бойынша міндеттемелерді Өнім беруші толық орындағаннан кейін Қосымша келісім талаптары сақталған кезде кепілгер банкке электрондық банк кепілдігін қайтарады;
Тармақша 5
5) Бірыңғай дистрибьютор міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету сомасын электрондық банк кепілдігі түрінде ұстап қалу жағдайы туындаған кезде кепілгер банкке Өнім берушіні веб-портал арқылы бір мезгілде хабардар ете отырып, электрондық банк кепілдігі сомасын төлеу туралы талапты жібереді. Банк электрондық банк кепілдігінің сомасын төлеуден бас тартқан немесе оны электрондық банк кепілдігінде көзделген мерзімде төлемеген кезде, Бірыңғай дистрибьютор Бірыңғай дистрибьютордың орналасқан жері бойынша сотқа жүгініп, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен банктен электрондық банк кепілдігінің сомасын өндіріп алады.
Тармақ 15
15. Қамтамасыз ету сомасын ұстап қалу негізі болмаған кезде Бірыңғай дистрибьютор Қосымша келісімнің 8-тарауына сәйкес Өнім берушінің өсімпұл және (немесе) айыппұл төлеу жөніндегі міндеттемелерін өтеу есебіне орындауды қамтамасыз ету сомасын ұстап қалуға құқылы.
Тармақ 16
16. Мынадай жағдайлар Бірыңғай дистрибьютордың Өнім берушінің Қосымша келісім бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету сомасын ұстап қалуға негіз болып табылады:
Тармақша 1
1) өнім беруші өнім беруден бас тартқан;
Тармақша 2
2) бірыңғай дистрибьютор Шарттың 59-тармағына және Қағидалардың 260-тармағына сәйкес шартты біржақты тәртіппен бұзған;
Тармақша 3
3) Өнім берушінің шартта көзделген дәрілік затты немесе медициналық бұйымды жеткізу мерзімдерін бұзуы немесе дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның мерзімінде берілмеген көлеміне қарамастан, жиынтық мәнде мерзімін өткізіп алу күнтізбелік 90 (тоқсан) күнге жеткен Бірыңғай дистрибьютор Өнім берушінің Қосымша келісім бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету шарасын Өнім берушіні Қосымша келісімде жол берілген бұзылу туралы жазбаша хабардар ету жолымен қабылдайды.
Тармақ 17
17. Өнім берушінің тауарды беру мерзімдерін бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбын төлеуі Өнім берушіні Қосымша келісім бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету сомасын Бірыңғай дистрибьютордың пайдасына төлеуден босатпайды.
Тармақ 18
18. Өнім берушінің Қосымша келісім бойынша міндеттемелерді толық орындағанға дейін міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету тұрғысынан үшінші тұлғаларда тұтастай не оның бір бөлігін талап ету құқығының туындауына алып келетін қандай да бір іс-әрекеттер немесе мәмілелер жасауына жол берілмейді.
Тарау 5. 5-тарау. Тауарды орау және таңбалау
5-тарау. Тауарды орау және таңбалау
Тармақ 19
19. Өнім Бірыңғай дистрибьюторға тиеу/түсіру, оны темір жол және (немесе) автомобиль көлігімен тасымалдау, ауыстырып тиеуді қоса алғанда, түсіру кезінде тауардың бүлінуден сақталуын қамтамасыз ететін паллеттерде, тиісті қаптамада жеткізілуі тиіс.
Тармақ 20
20. Таңбалау, тұтыну қаптамасы және тауарды қолдану жөніндегі нұсқаулық Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес келуі тиіс.
Тарау 6. 6-тарау. Ерекше жағдайлар
6-тарау. Ерекше жағдайлар
Тармақ 21
21. Қабылдау орнында іс жүзінде беру күнінен кешіктірмей Өнім беруші Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілдерінің электрондық поштасына және (немесе) Бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – БФАЖ) порталында Қосымша келісімге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірінші жеткізілімге дейін күнтізбелік 7 (жеті) күн бұрын, сондай-ақ кейінгі жеткізілімдер кезінде, берілетін тауардың мөлшері және (немесе) салмағы өзгерген кезде берілетін тауардың мөлшері (физикалық сипаттамалары) мен салмағы туралы ақпарат беруге міндетті.
Тармақ 22
22. Өнім беруші Тараптар Тауарды қабылдау-беру актісіне қол қойғанға дейін Бірыңғай дистрибьюторға электрондық пошта арқылы және (немесе) БФАЖ порталында тауардың әрбір атауы бойынша Қосымша келісімнің ағымдағы орындалуы туралы ақпаратты (өндіру, кедендік тазарту рәсімі, қауіпсіздігі мен сапасын бағалау, сақтау, жөнелту/ тасымалдау және өзге) апта сайын ұсынуға міндеттенеді.
Тармақ 23
23. Қосымша келісім бойынша өз міндеттемелерін қамтамасыз ету мақсатында Бірыңғай дистрибьютор Қосымша келісім бойынша өнім беру басталғанға дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен кешіктірмей Өнім берушіге Қосымша келісімге 1-қосымшада көрсетілген тауарды жеткізуге оның атауын, санын және қабылдау орындарын (бөлу орталықтары, операциялық қоймалар), тауарды қабылдау жөніндегі Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілдерінің мекенжайларын көрсете отырып, тиеп жөнелтуге рұқсат Өнім берушінің Қосымша келісімде көрсетілген электрондық мекенжайына (e-mail) және (немесе) БФАЖ порталына жібереді. Тиеп жөнелтуге рұқсат Бірыңғай дистрибьютор Өнім берушіге оны жөнелткен күні Өнім берушінің электрондық мекенжайына (e-mail) және/немесе БФАЖ порталына жеткізілген болып есептеледі. Тауарға қажеттілік ұлғайған кезде Бірыңғай дистрибьютор берудің негізгі графигіндегі санымен бірге тиеп жөнелтуге жататын тиеп жөнелтуге рұқсат қағазындағы (мерзімінен бұрын жеткізу) санын қолжетімді тауар болған кезде арттырады. Бұл ретте мерзімінен бұрын беру үшін саны жеткіліксіз болған жағдайда, Өнім беруші тауарды беру графигінен тыс беруді жеделдету үшін барлық күш-жігерін жұмсайды.
Тармақ 24
24. Өнім беруші тауарды тиеп жөнелту басталғанға дейін 24 (жиырма төрт) сағат бұрын Бірыңғай дистрибьютордың және (немесе) БФАЖ уәкілетті өкілдерінің электрондық мекенжайларына мынадай ақпаратты көрсете отырып:
Тармақша 1
1) Қосымша келісімнің нөмірі мен күні;
Тармақша 2
2) берілетін тауардың атауы;
Тармақша 3
3) жөнелту күні;
Тармақша 4
4) орын саны мен тауардың салмағы;
Тармақша 5
5) жөнелтілетін тауар құнын көрсете отырып, алдағы тиеп жөнелту туралы хабарлама жіберуге міндеттенеді.
Тармақ 25
25. Тауарды қабылдау орнына іс жүзінде беру күнінен кешіктірмей Өнім беруші Бірыңғай дистрибьюторға толық көлемде және Қосымша келісімнің 11-тармағында көрсетілген тауарды тиеп жөнелтуге қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес құжаттарды ұсынуға міндетті.
Тармақ 26
26. Көрсетілген құжаттарға ескертулер анықталған кезде Бірыңғай дистрибьютордың немесе оның уәкілетті өкілінің талап етуі бойынша Өнім беруші 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде көрсетілген құжаттарға ескертулерді жоюға міндетті.
Тармақ 27
27. Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілдері тауарды қабылдау туралы құжаттарды тексергеннен және қол қойғаннан кейін Өнім беруші өз данасын Бірыңғай дистрибьютордың өкілдерінен қолма-қол және өз есебінен алады.
Тармақ 28
28. Өнім беруші қағаз жеткізгіштегі шот-фактураны және электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жазып берілген шот-фактураның баспа нысанын қабылдау-беру актісіне қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілдеріне ұсынуға міндетті. Бұл ретте шот-фактураларды электрондық нысанда жазып беруді Өнім беруші салық заңнамасының талаптарына, «Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электрондық нысанда жазып беру қағидаларын және оның нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 370 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18583 болып тіркелді) сәйкес жүзеге асырады. Шот-фактураны электрондық нысанда жазып берген кезде айналым жасалған күн қабылдау-беру актісіне қол қойылған күнге сәйкес келуге тиіс.
Тармақ 29
29. Түзетілген және қосымша шот-фактура жазып берілген кезде өнім беруші бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілдеріне шот-фактура жазып берілген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей шот-фактуралардың баспа нысандарын беруге міндетті. Бірыңғай дистрибьютордың талабымен Өнім беруші берілетін тауар бойынша қосымша деректерді ұсынуға міндетті.
Тармақ 30
30. Қосымша келісімнің 3-қосымшасында көрсетілген қабылдау орнында Тараптардың тауарды қабылдау-беру актісіне қол қойған күні тауарды беру күні болып есептеледі.
Тармақ 31
31. Өнім беруші тауарды тапсырған және Бірыңғай дистрибьютор қабылдаған болып есептеледі:
Тармақша 1
1) Тараптар қол қойған тауарды қабылдау-беру актісінде көрсетілген саны бойынша;
Тармақша 2
2) тауардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжатта және тауардың шығарылған елін куәландыратын құжатта көрсетілген сапаға сәйкес сапасы бойынша егер тауарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсыну міндетті болса.
Тармақ 32
32. Бірыңғай дистрибьюторға Өнім берушінің беру күніне сатып алынатын тауардың жарамдылық мерзімі: сатып алу жүргізілетін алдағы жылдың қараша, желтоқсан және басталған қаржы жылының қаңтар кезеңінде тауарды жеткізген кезде қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде 60 (алпыс) пайызын (жарамдылық мерзімі 2 (екі) жылдан аз болса) және қаржы жылы ішінде келесі беру кезінде кемінде 50 (елу) пайызын; сатып алу жүргізілетін алдағы жылдың қараша, желтоқсан және басталған қаржы жылының қаңтар кезеңінде тауарды жеткізген кезде қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде 14 (он төрт) айын (жарамдылық мерзімі 2 (екі) жыл және одан көп болса) және қаржы жылы ішінде келесі беру кезінде кемінде 12 (он екі) айын құрайды.
Тармақ 33
33. «Салқындату тізбегін» сақтау шарттарын талап ететін тауарды тасымалдауды Өнім беруші салқындатқыш элементтері бар термоконтейнерлерде немесе барынша қысқа мерзімде тоңазытқышпен (авторефрижератормен) жабдықталған арнайы автокөлікте жүзеге асыруға тиіс. Иммунологиялық дәрілік препараттарды (иммунобиологиялық дәрілік препараттарды) (бұдан әрі – ИДП) тасымалдауды Өнім беруші Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асыруға тиіс.
Тармақ 34
34. «Салқындату тізбегін» сақтау шарттарын талап ететін тауарды жеткізу кезінде Өнім беруші Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілдеріне дайындаушы ұйымның қоймасынан Бірыңғай дистрибьютордың қоймасына дейінгі барлық жүру жолында тасымалдау кезінде температуралық режимді көрсететін құжаттарды ұсынуға міндетті.
Тармақ 35
35. Өнім берушінің өкілі Бірыңғай дистрибьютордың қоймасында температуралық режимді сақтау фактісін және тауардың Қазақстан Республикасы заңнамасының белгіленген талаптарына сәйкестігін растау үшін қатысуға тиіс.
Тармақ 36
36. Өнім берушінің тауарды Бірыңғай дистрибьюторға оның қоймасында беруі Қосымша келісімге 3-қосымшада көзделген тауарды қабылдау-беру актісіне қол қоюымен ресімделеді (ИДП беру Шартқа 2-қосымшада көзделген актімен қосымша ресімделеді).
Тармақ 37
37. Тауарды тасымалдаудың ұйғарылған температуралық шарттарының бұзылуы немесе жол берілмейтін ауытқуы анықталған кезде, тауар партиясы карантинге жатқызылады және өткізуге арналған тауардан физикалық оқшауланады.
Тармақ 38
38. Тауарды қабылдау кезінде сәйкессіздік, оның ішінде берілетін тауардың мөлшері (физикалық сипаттамалары) мен салмағы, тауардың жетіспеушілігі, жиынтықталмауы немесе сапасының тиісті еместігі, тасымалдаудың ұйғарылған температуралық шарттарының бұзылу фактісі туралы ақпарат ұсынылмаған немесе дұрыс емес ақпарат ұсынылған кезде Бірыңғай дистрибьютор немесе оның уәкілетті өкілі осындай фактілер (ескертулер немесе ақаулар) анықталған кезден бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей алшақтық (наразылық) актісін жасауға және Өнім берушіге оның Қосымша келісімде көрсетілген электрондық мекенжайына жіберуге тиіс.
Тармақ 39
39. Өнім беруші алшақтық (наразылық) актісіне оны алғаннан кейін күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде жауап беруі тиіс.
Тармақ 40
40. Өнім беруші көрсетілген мерзімде жауап бермеген кезде алшақтық (наразылық) актісін Өнім беруші қабылдаған болып есептеледі.
Тармақ 41
41. Жасырын ақаулардың (сыну, ақау, нұсқаулықтардың болмауын қоса алғанда, жетіспеушілік, бүлінбеген екінші орамдағы бастапқы орамның ақауы, орамдағы таңбаның сәйкессіздігі, жетіспеушілік, жиынтықталмау) немесе тауардың тиісінше сапасыздығының (бұдан әрі – ақаулы тауар) анықталғаны туралы Тараптар қабылдау-беру актісіне қол қойғаннан кейін Бірыңғай дистрибьютор немесе оның уәкілетті өкілдері 1 (бір) жұмыс күні ішінде алшақтық (наразылық) актісін жасауға және Өнім берушіге оның Қосымша келісімде көрсетілген электрондық мекенжайына жіберуге міндетті.
Тармақ 42
42. Өнім беруші алшақтық (наразылық) актісіне оны алғаннан кейін күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде жауап беруі тиіс.
Тармақ 43
43. Өнім беруші көрсетілген мерзімде жауап бермеген кезде алшақтық (наразылық) актісін Өнім беруші қабылдаған болып есептеледі.
Тармақ 44
44. Ақаулы тауар карантинге ұшырайды және сатуға арналған тауардан осы мақсат үшін бөлінген және тиісті жерде физикалық оқшауланады.
Тармақ 45
45. Өнім беруші ақаулы тауарды толық алып қоюды (қайтаруды) және ауыстыруды не алшақтық (наразылық) актісі болған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде тауар құнын өтеуді жүргізуге міндетті. Бұл ретте тауарды ауыстырудың міндетті шарты оның сапасы мен басқа да техникалық сипаттамаларының Қосымша келісімде айқындалған талаптарға сәйкестігі болып табылады.
Тармақ 46
46. Осы Қосымша келісімнің 38, 41-тармақтарында айқындалған тауардың кемшіліктерін жоймау не уақтылы жоймау тауар берушіге тауарға ескертулер ұсынылған күннен бастап тауарды уақтылы жеткізбеу ретінде бағаланады және Өнім берушінің осы Қосымша келісімде көзделген жауапкершілігіне алып келеді.
Тармақ 47
47. Өнім беруші берген, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін тауар «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 250-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалған тәртіппен Бірыңғай дистрибьютор тиісінше қайтарғаннан кейін өткізуге және медициналық қолдануға жарамсыз деп есептеледі және Өнім беруші жоюға тиіс. Бұл ретте өнім беруші күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде осындай тауарды ауыстыруға немесе Бірыңғай дистрибьютордың шеккен залалдарын қоса алғанда, осындай тауардың құнын өтеуге міндетті.
Тарау 7. 7-тарау. Тауарға берілген кепілдіктер
7-тарау. Тауарға берілген кепілдіктер
Тармақ 48
48. Өнім беруші сақтау шарттарын сақтаған кезде тауардың таңбалануына немесе өзге де тану деректеріне сәйкес оның жарамдылық мерзімі ішінде тауардың барлық көлеміне кепілдік береді.
Тармақ 49
49. Кепілдік мерзімі шеңберінде Өнім беруші өз есебінен және тәуекелмен кепілді міндеттемелерді орындау жағдайының туындағаны туралы Бірыңғай дистрибьютордың жазбаша хабарламасын алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде Бірыңғай дистрибьюторда немесе денсаулық сақтау ұйымдарында (Бірыңғай дистрибьютордың тапсырыс берушілерінде) сапасыз тауарды ауыстыруды жүзеге асыруға міндеттенеді.
Тармақ 50
50. Берілетін тауардың сапасы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде және нормативтік құжаттарында белгіленген талаптарға сәйкес келуі және Қосымша келісімнің 31-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тиісті құжаттамамен расталуы тиіс. Берілген Тауарға сәйкестік сертификатының қолданылу мерзімі өткен кезде Өнім беруші ол аяқталғанға дейін Бірыңғай дистрибьюторға тауардың жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін қолданылу мерзімі бар ұзартылған сәйкестік сертификатын беруге міндетті.
Тармақ 51
51. Тауардың сапасы Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуге (қайта тіркеуге) ұсынылған үлгілерге, тіркеу дерекнамасында айқындалған сипаттамаларға сәйкес келуге және уәкілетті орган бекіткен тұтынушыға арналған ақпаратты қамтитын құжаттармен сүйемелденуі тиіс.
Тармақ 52
52. Егер тауар осындай кепілдіктерге немесе сипаттамаларға сәйкес келмесе, Өнім беруші қосымша ақы төлемей сәйкес келмейтін тауарды тиісті сападағы тауармен алмастырады.
Тармақ 53
53. Өнім беруші Бірыңғай дистрибьюторға Қосымша келісім бойынша тауар үшінші бір тұлғалардың пайдасына кепіл нысанасы болып табылмайтындығына, патенттік құқықтарды қоса алғанда, үшінші бір тұлғалардың құқығынан бос екеніне және өткізу үшін ешқандай шектелмегендігіне кепілдік береді.
Тармақ 54
54. Беру сәтіне Қағидалардың талаптары өзгерген кезде тауардың жарамдылық мерзімі жаңа редакциядағы Қағидалардың талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Тарау 8. 8-тарау. Міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапкершілік
8-тарау. Міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапкершілік
Тармақ 55
55. Өнім беруші тауарды беру мерзімдерін бұзған кезде өнім беруші бірыңғай дистрибьюторға мерзімі өткен әрбір күн үшін мерзімінде берілмеген тауар құнының 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызы мөлшерінде, бірақ 0,5 (нөл бүтін оннан бес) ең төмен есептік көрсеткіштен кем емес және шартта көзделген мерзімде берілмеген тауар құнының 10 (он) пайызынан аспайтын мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті. Өнім беруші шарт бойынша орындауды қамтамасыз етуді уақтылы енгізу жөніндегі міндеттемені бұзған кезде, өнім беруші бірыңғай дистрибьюторға міндеттемені бұзған әрбір күн үшін шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасының 0,1 (нөл бүтін, оннан бір) пайызы мөлшерінде, бірақ ең төмен есептік көрсеткіштен кем емес 0,5 (нөл бүтін, оннан бес) және шарт бойынша орындауды қамтамасыз ету құнының 10 (он) пайызынан аспайтын мөлшерде айыппұл төлеуге міндетті.
Тармақ 56
56. Өнім беруші тұрақсыздық айыбын төлеуді Бірыңғай дистрибьютордың шоты негізінде Өнім беруші Бірыңғай дистрибьютордың Қосымша келісімде көзделген банктік шотына тұрақсыздық айыбын аудару жолымен Бірыңғай дистрибьютордың шотын алған сәттен бастап күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде жүргізеді. Тұрақсыздық айыбы Қосымша келісім бойынша кестеде көзделген тауарды тиісінше берудің соңғы күнінен кейінгі күннен бастап және тауарды іс жүзінде берудің күнін қоса алғанда есептеледі.
Тармақ 57
57. Өнім беруші тауардың барлығын немесе бір бөлігін беруден жазбаша бас тартқан кезде Өнім беруші бірыңғай дистрибьюторға Қосымша келісімде көзделген Бірыңғай дистрибьютордың банктік шотына аудару жолымен Қосымша келісім бағасының 10 (он) пайызы мөлшерінде айыппұл төлеуге міндетті.
Тармақ 58
58. Бірыңғай дистрибьютор Өнім берушіге ұсынған тұрақсыздық айыбын Өнім беруші Қосымша келісім бойынша берілген тауар үшін ақы төлеу бойынша Өнім берушінің Бірыңғай дистрибьюторға қоятын талаптарын есепке алу жолымен төлеуі мүмкін.
Тармақ 59
59. Бірыңғай дистрибьютор Өнім берушіге алынбай қалған пайданы қоса алғанда, қандай да бір шығыстар мен шығындарды өтемей-ақ, Өнім берушінің орындамаған бөлігінде Қосымша келісімді біржақты тәртіппен бұзуға құқылы, егер:
Тармақша 1
1) Өнім берушінің Қосымша келісім бойынша тауарды немесе тауардың қандай да бір партиясын беру мерзімін үздіксіз бұзуы күнтізбелік 45 (қырық бес) күн ұзақтығына жетсе;
Тармақша 2
2) Өнім беруші Қосымша келісімде график бойынша тауарды желтоқсан айында беру мерзімін бұзуға жол берсе, бұл Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілдеріне тауарды Өнім берушіден уақтылы қабылдауға және оны ағымдағы қаржы жылы өткенге дейін Бірыңғай дистрибьютордың тапсырыс берушілеріне беруге мүмкіндік бермейді;
Тармақша 3
3) өнім беруші қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімінде болмаса (қазақстандық тауар өндірушілер үшін);
Тармақша 4
4) Қосымша келісім жасасу алдындағы сатып алу рәсімі кезінде Қағидалар бойынша оны қабылдамауға негіз болып табылатын Өнім берушінің үлестес болу фактісі анықталса.
Тармақша 5
5) өсімпұлды және (немесе) айыппұлды төлеуді кешіктіру күнтізбелік 15 (он бес) күннен асса;
Тармақша 6
6) Өнім беруші Қағидалардың 261-тармағының талаптарын бұза отырып, Қосымша келісімнің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынса.
Тармақ 60
60. Өнім беруші Бірыңғай дистрибьютордың Қосымша келісімді біржақты тәртіппен бұзуы туралы тиісті жазбаша хабарламасын алған күннен бастап Өнім берушінің орындамаған бөлігінде Қосымша келісім бұзылды деп есептеледі, онда Бірыңғай дистрибьютор Қосымша келісімнің бұзылу себебін, оған қатысты Қосымша келісім бұзылатын тауардың атауын, күші жойылатын шарттық міндеттемелердің көлемін көрсетеді. Мұндай жазбаша хабарлама Қосымша келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл ретте Қосымша келісімнің орындалмаған бөлігінде Тараптар міндеттемелерінің тоқтатылуына қарамастан, Бірыңғай дистрибьютордың Қосымша келісім бойынша Өнім беруші бұрын берген тауарға ақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындауы Қосымша келісімнің 10-тармағында көзделген мерзімдерде жүргізіледі.
Тармақ 61
61. Берілген тауар үшін төлемді негізсіз кешіктірген кезде Бірыңғай дистрибьютор Өнім берушінің жазбаша хабарламасы мен шотының негізінде Өнім берушіге мерзімі өткен әрбір күн үшін берілген тауар үшін ақы төлеу жөніндегі берешек сомасының 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызы мөлшерінде, бірақ берілген тауар үшін ақы төлеу жөніндегі берешек сомасының 10 (он) пайызынан аспайтын мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.
Тармақ 62
62. Өнім беруші сақтау орындарынан тауардың барлық ақаулы партиясын ауыстыру және (немесе) толық алып қою (қайтару) жөніндегі міндеттемелерді бұзған кезде, Өнім беруші Бірыңғай дистрибьюторға Қосымша келісім бойынша сақтау орындарынан тауардың барлық сапасыз (бүлінген және (немесе) ақаулы) партиясын ауыстыру және (немесе) толық алып қою (қайтару) жөніндегі міндеттемелерді бұзған әрбір күн үшін ауыстыруға, алып қоюға (қайтаруға) жататын тауар құнының 1 (бір) пайызы мөлшерінде, бірақ 10 (он) пайыздан аспайтын тұрақсыздық айыбын төлейді. Көрсетілген жауапкершілік Қосымша келісімнің 46-тармағында көрсетілген Өнім берушінің міндеттемелерін бұзғаны үшін де қолданылады. Тұрақсыздық айыбын төлеу Тараптарды Қосымша келісім бойынша өз міндеттемелерін орындаудан босатпайды.
Тармақ 63
63. Осы Қосымша келісім бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ осы Шартты жасасуға немесе тоқтатуға байланысты Тараптар мен олардың қызметкерлері және Тараптарға белгілі болғандай, олардың үлестес тұлғалары, агенттері, өкілдері, делдалдары және (немесе) қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) Қазақстан Республикасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын бұзатын не бұзуға ықпал ететін әрекеттерді жасамайды, оларды жасауға ынталандырмайды, сондай-ақ Қосымша келісімге 5-қосымшаға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды сақтайды деп сендіреді.
Тармақ 63-1
63-1. Шарттың 21-тармағында көзделген мерзімдерде берілетін тауардың мөлшері (физикалық сипаттамалары) мен салмағы туралы ақпаратты уақтылы және/немесе дұрыс ұсынбаған кезде Өнім беруші бірыңғай дистрибьюторға шарт сомасының 1 (бір) пайызы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.
Тарау 9. 9-тарау. Тараптарды Қосымша келісім бойынша жауапкершіліктен босату негіздері
9-тарау. Тараптарды Қосымша келісім бойынша жауапкершіліктен босату негіздері
Тармақ 64
64. Тараптар өз міндеттемелерін ішінара немесе толық орындамағаны үшін егер олар еңсерілмейтін күш жағдайларының (дүлей зілзалалар, тауар жеткізуге тыйым салатын немесе қандай да бір өзгеше түрде кедергі келтіретін мемлекеттік органдардың нормативтік актілерін немесе өкімдерін шығару) салдары болып табылса, бұл жағдайлар Тараптардың кез келгенінің Қосымша келісім бойынша өз міндеттемелерін орындауын мүмкін етпеген жағдайда жауапкершіліктен босатылады.
Тармақ 65
65. Тараптардың Қосымша келісім бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі еңсерілмейтін күш жағдайлары, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдарлар әрекет еткен уақытқа мөлшерлес, бірақ күнтізбелік 60 (алпыс) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.
Тармақ 66
66. Еңсерілмейтін күш жағдайларының туындағаны туралы Тараптардың кез келгені олар басталған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде екінші Тарапты хабардар етуге міндетті. Еңсерілмейтін күш жайғдайларды уәкілетті орган және (немесе) «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы растауға тиіс.
Тармақ 67
67. Еңсерілмейтін күш жағдайларының туындағаны туралы хабарламау немесе уақтылы хабарламау, еңсерілмейтін күш жағдайлар оны жүзеге асыру мүмкін еместігінің себебі болып табылған жағдайларды қоспағанда, Тараптарды міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершіліктен босататын негіз ретінде жоғарыда көрсетілген жағдайлардың кез келгеніне сілтеме жасау құқығынан айырады.
Тармақ 68
68. Егер Тараптардың міндеттемелерді толық немесе ішінара орындауы күнтізбелік 60 (алпыс) күннен астам мерзімде мүмкін болмаса, онда Тараптардың кез келгені Шартты бұзуға және өзара есеп айырысуды жүргізуге құқылы.
Тарау 10. 10-тарау. Дауларды шешу тәртібі
10-тарау. Дауларды шешу тәртібі
Тармақ 69
69. Қосымша келісім бойынша Тараптар арасында туындайтын барлық даулар сол немесе өзге Тарап өтініш жасаған кезден бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде келіссөздер жолымен (ауызша және (немесе) жазбаша нысанда) шешіледі. Дауларды келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған кезде Тараптардың кез келгені Бірыңғай дистрибьютордың орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды шешу үшін өтініш жасауға құқылы.
Тармақ 70
70. Осы Қосымша келісіммен реттелмеген құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледі.
Тарау 11. 11-тарау. Хат-хабар
11-тарау. Хат-хабар
Тармақ 71
71. Қосымша келісім бойынша барлық коммуникативтік құжаттарда Қосымша келісімнің күні мен нөмірі көрсетілген Тараптардың деректемелері болуға тиіс. Осы Қосымша келісімде көзделген құжаттарда жолдар арасындағы ендірмелерге, өшірулерге немесе қосып жазуларға жол берілмейді.
Тармақ 72
72. Қосымша келісім бойынша Тараптардан талап етілетін немесе талап етілуі мүмкін кез келген хабарламалар немесе хабарлар жазбаша түрде ұсынылады және тапсырыс хатпен немесе курьер қызметінің көмегімен, сондай-ақ бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат түрінде жіберіледі. Жазбаша түрде жасалған хат-хабар Қосымша келісімде немесе Тараптардың хаттарында көрсетілген Тараптардың электрондық мекенжайларына сканерленген түрде де берілуі мүмкін. Мұндай жағдайда хат-хабар Тарапқа тиісті түрде жеткізілген болып есептеледі.
Тармақ 73
73. Қосымша келісім бойынша хат-хабар Тараптарға Қосымша келісімде көрсетілген деректемелер бойынша жіберілуге тиіс.
Тармақ 74
74. Тапсырыс хатпен немесе курьер қызметінің көмегімен жіберілген хат-хабар екінші Тарапта пошта бөлімшесінің немесе курьер қызметінің оны жеткізгенін растайтын мөртабаны бар хабарлама болған жағдайда, хат-хабар жіберілген Тарапқа оны алған күні (сағатта) жеткізілген болып есептеледі. Электрондық поштаның көмегімен жіберілген хат-хабар Қосымша келісімде көрсетілген Тараптың электрондық мекенжайына оны жіберген күні жеткізілген болып есептеледі.
Тарау 12. 12-тарау. Қорытынды ережелер
12-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 75
75. Егер Өнім беруші банкрот немесе төлеуге қабілетсіз болса, Бірыңғай дистрибьютор Қосымша келісімді бұзуға құқылы, бұл жағдайда Тараптардың міндеттемелерді орындауын тоқтату дереу жүзеге асырылады және Бірыңғай дистрибьютор Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндет көтермейді. Бұл ретте Өнім беруші Қосымша келісімді бұзу күніне оны бұзуға байланысты нақты шығыстар үшін ғана ақы талап етуге құқылы.
Тармақ 76
76. Қосымша келісімде барлық өзгерістер мен толықтырулар, егер олар Қосымша келісім жасасу нысанында жасалса, күшіне ие болады.
Тармақ 77
77. Тараптар өз құқықтарын, оның ішінде бір-бірінен талап ету құқықтарын және Қосымша келісімде көрсетілген міндеттемелерді үшінші тұлғаларға беруге немесе қайта табыстауға құқығы жоқ.
Тармақ 78
78. Қандай да бір Тараптың заңды мекенжайы және басқа да деректемелері өзгерген кезде, ол осындай өзгерістер болған кезден бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде бұл туралы басқа Тарапты жазбаша хабардар етуге міндетті.
Тармақ 79
79. Қосымша келісім жазбаша нысанда қазақ және орыс тілдерінде бірдей заңды күші бар 2 (екі) данада, Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан жасалды.
Тармақ 80
80. Қазақстан Республикасының заңнамасы Шарттың талаптарына қатысты бөлігінде өзгерген кезде Тараптар тиісті қосымша келісім жасасу жолымен Қосымша келісімге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуге міндеттенеді.
Тармақ 81
81. Қосымша келісім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 20__ жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін, ал Тараптардың тауарға ақы төлеу, қандай да бір айыппұл санкцияларын төлеу, Қосымша келісімде көзделген жағдайларда тауарға сәйкестік сертификатын ұсыну, тауарды ауыстыру/қайтару және міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуді ұстап қалу жөніндегі міндеттемелерді орындау бөлігінде Тараптар оларды толық орындағанға дейін қолданылады.
Тармақ 82
82. Тараптар, егер Тараптардың міндеттемелерін орындау мерзімінің аяқталуы еңбек заңнамасына сәйкес демалыс күніне немесе мемлекеттік мерекелерге түссе, осы міндеттеме бар Тарап үшін аяқталу мерзімі келесі жұмыс күніне дейін автоматты түрде ұзартылады деп келісті.
Тарау 13. 13-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік және өзге де деректемелері
13-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік және өзге де деректемелері Бірыңғай дистрибьютор: БСН Заңды мекенжайы: Банктік деректемелер Телефон, e-mail ________________ лауазымы Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) Мөрі (бар болған жағдайда) Өнім беруші: БСН Заңды мекенжайы: Банктік деректемелер Телефон, e-mail ________________ лауазымы Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) Мөрі (бар болған жағдайда)
Басқа 23.1. Берілетін тауардың тізбесі
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді үлгі шартына (бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында) үлгі қосымша келісімге № __ 1-қосымша Нысан Берілетін тауардың тізбесі № Өнім­нің ар­найы ко­ды (ӨАК) Ха­лы­қа­ра­лық па­тент­тел­ме­ген ата­уы Са­уда­лық ата­уы Дә­рі­лік ны­са­ны/Тех­ни­ка­лық си­патта­ма­сы Өн­ді­ру­ші Өл­шеп-ора­луы Өл­шем бір­лі­гі Бір­лі­гі үшін ба­ға­сы, тең­ге Бір­лік­тер са­ны Со­ма­сы (тең­ге) Оның ішін­де қо­сы­л­ған құн са­лы­ғы (ҚҚС) Бе­ру гра­фи­гі ЖИЫНЫ: Сома _______ теңгені құрайды, оның ішінде қосылған құн салығы (ҚҚС) сомасы 0,00 (нөл теңге) құрайды. Бірыңғай дистрибьютор: Өнім беруші: _______________________ _____________________
Басқа 23.2. Иммунологиялық дәрілік препараттар (иммунобиологиялық дәрілік препараттар) партиясын қабылдау актісі
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді үлгі шартына (бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында) үлгі қосымша келісімге № __ 2-қосымша Нысан Иммунологиялық дәрілік препараттар (иммунобиологиялық дәрілік препараттар) партиясын қабылдау актісі Жөнелту адресаты: _______________________________________________ Тасымалдау барысында жоспарланған аялдамалар: ____________________ Жөнелту күні (әуе/теміржол жүкқұжаттарының деректеріне сәйкес): _________________________________________________________________ Жүктің (тауардың) межелі пунктке келген күні мен уақыты: _____________ Препараттың атауы: _______________________________________________ Ұйым, өндіруші: __________________________________________________ Қаптамалардың немесе құтылардың (ампулалардың) саны: ______________ Дозалар (литр, таблетка) саны: ______________________________________ Серия нөмірі, бақылау нөмірі: _______________________________________ Иммунобиологиялық дәрілік препараттардың (иммунобиологиялық дәрілік препараттардың жарамдылық мерзімі: ________________________________ Еріткіш құтылардың (ампулалардың) саны: ____________________________ Серия нөмірі, бақылау нөмірі: _______________________________________ Еріткіштің жарамдылық мерзімі: _____________________________________ Термоиндикаторлардың көрсеткіштері (әрқайсысының саны, көрсеткіші, олардың орналастыру орындарын көрсете отырып): _____________________ Жүктің (тауардың) жай-күйі : _______________________________________ Контейнерлердің жалпы саны: _______________________________________ Таңбалаудың болуы: _______________________________________________ Жеткізу кезіндегі қаптамалардың жай-күйі (бүтіндіктің бұзылуы, зақымданудың, деформацияның, ылғал іздерінің болуы, жазбалардың өшірілуі): ________________________________________________________ Тапсырды: ________________________________________________________ Мөр (бар болған жағдайда) (Өнім берушінің уәкілетті өкілінің қолы) Қабылдады: _______________________________________________________ Мөр (бар болған жағдайда) (Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілінің қолы және күні)
Басқа 23.3. Қабылдау-беру актісі
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді үлгі шартына (бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында) үлгі қосымша келісімге № __ 3-қосымша Нысан Қабылдау-беру актісі ___________________ (Тауар қабылдау орны) «___» _______ 20__ жыл (Тауарды қабылдау күні (қабылдау- беру фактісі бойынша толтырылады) № Ата­уы Се­рия Өл­шем бір­лі­гі Са­ны Бір­лік үшін ба­ға­сы, тең­ге Со­ма­сы, тең­ге Жиы­ны: Жиыны: (__________ теңге ___________ тиын) Буып-түю және таңбалау бойынша талаптарды сақтау шарттары _________________________________________________________________ Тауарға қауіпсіздік және сапа туралы қорытындылар (сәйкестік сертификаттары) қоса беріледі және тексерілді __________________________________________________________________ Температура датчиктерінің/индикаторларының көрсеткіштері (бар болған жағдайда) _________________________________________________________ Температуралық режимді сақтау ______________________________________ Тауарға жүкқұжаттарға және шот-фактураларға Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойды. Алшақтық актісінің болуы __________________________________________ Сенімхаттар бойынша Тараптар өкілдерінің өкілеттіктері белгіленді. Тапсырды: _________________________________________________________ Мөр (бар болған жағдайда) (Өнім берушінің уәкілетті өкілінің қолы) Қабылдады: _____________________________________________________ Мөр (бар болған жағдайда) (сенімхат бойынша Бірыңғай дистрбьютордың уәкілетті өкілінің қолы)
Басқа 23.4. Берілетін тауардың өлшемдері (физикалық сипаттамасы) және салмағы туралы ақпарат
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді үлгі шартына (бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында) үлгі қосымша келісімге № __ 4-қосымша Нысан Берілетін тауардың өлшемдері (физикалық сипаттамасы) және салмағы туралы ақпарат Өнім­нің ар­найы ко­ды (ӨАК) Ха­лы­қа­ра­лық па­тент­тел­ме­ген ата­уы (ХПА) Са­уда­лық ата­уы Дә­рі­лік ны­са­ны/Тех­ни­ка­лық си­патта­ма­сы Өл­шем бір­лі­гі Өн­ді­ру­ші Өнім бе­ру­ші­нің ата­уы Өл­шеп-ора­луы екін­ші қап­та­ма та­сы­мал­дау қап­та­ма­сы Кестенің жалғасы Қап­та­ма­ның өл­ше­мі Сал­ма­ғы, грам­мен Пал­лет­ке (түп­қой­ма­ға) ор­на­ла­сты­ру үшін кө­лік­тік қап­та­ма­лар­дың ұсы­ны­ла­тын би­ік­ті­гі, мил­ли­метр­де Би­ік­ті­гі мм Ұзынды­ғы мм Ені мм екін­ші қап­та­ма та­сы­мал­дау қап­та­ма­сы екін­ші қап­та­ма та­сы­мал­дау қап­та­ма­сы екін­ші қап­та­ма та­сы­мал­дау қап­та­ма­сы екін­ші қап­та­ма та­сы­мал­дау қап­та­ма­сы
Басқа 23.5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптар
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді үлгі шартына (бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында) үлгі қосымша келісімге № __ 5-қосымша Нысан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптар
Тармақ 1
1. Осы Қосымша келісім бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ осы Қосымша келісімді жасасуға немесе тоқтатуға байланысты Тараптар мен олардың қызметкерлері және Тараптарға белгілі болғандай, олардың үлестес тұлғалары, агенттері, өкілдері, делдалдары және (немесе) қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) Қазақстан Республикасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын бұзатын не бұзуға ықпал ететін әрекеттерді жасамайды, оларды жасауға ынталандырмайды, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында қандай да бір заңсыз артықшылықтарды немесе өзге де заңсыз мақсаттарды алу мақсатында осы тұлғалардың әрекеттеріне немесе шешімдеріне ықпал ету үшін кез келген тұлғаларға тікелей немесе жанама түрде қандай да бір ақшалай қаражатты немесе құндылықтарды төлемейді, төлеуді ұсынбайды және төлеуге рұқсат бермейді деп сендіреді.
Тармақ 2
2. Осы Қосымша келісім бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ осы Қосымша келісімді жасасуға немесе тоқтатуға байланысты Тараптар мен олардың жұмыскерлері және Тараптарға белгілі болғандай, олардың үлестес тұлғалары, агенттері, өкілдері, делдалдары және (немесе) қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) осы Қосымша келісімнің мақсаттары үшін қолданылатын заңнамада қолданылатын пара беру/алу, коммерциялық сатып алу сияқты әрекеттерді, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын бұзатын әрекеттерді жүзеге асырмайтындығына сендіреді.
Тармақ 3
3. Осы Қосымша келісім Тараптарының әрқайсысы басқа Тараптың қызметкерлерін қандай да бір жолмен, оның ішінде ақшалай сомаларды, сыйлықтарды беру, олардың атына жұмыстарды (қызметтерді) өтеусіз орындау жолымен және қызметкерді белгілі бір тәуелділікке қоятын және осы қызметкердің оны ынталандыратын тараптың пайдасына қандай да бір іс-әрекеттерді орындауын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да тәсілдермен ынталандырудан бас тартады.
Тармақ 4
4. Тараптардың әрқайсысы екінші Тараптан осы Қосымша келісімнің орындалу барысын талдау мақсатында осы Қосымша келісімнің орындалуы жөніндегі мәліметтерді қамтитын құжаттарды сұратады.
Тармақ 5
5. Тарапта қандай да бір Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жағдайлардың бұзылғаны немесе орын алуы мүмкін деген күдік туындаған кезде, тиісті Тарап екінші Тарапты жазбаша нысанда хабардар етеді, сондай-ақ бұл туралы жоғары тұрған басшыға және (немесе) қызметкері болып табылатын мемлекеттік органның не ұйымның басшылығына және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 1-тармағына сәйкес хабарлайды.
Тармақ 6
6. Жазбаша хабарламада Тарап контрагенттің, оның үлестес тұлғаларының, жұмыскерлерінің, агенттерінің, өкілдерінің, делдалдардың және (немесе) қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) осы шарттардың қандай да бір ережелерін бұзу болғанын немесе болуы мүмкін екенін анық растайтын немесе болжауға негіз болатын, қолданылатын заңнамада пара беру немесе алу, коммерциялық сатып алу ретінде сараланатын әрекеттерден, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын бұзатын әрекеттерден көрінетін фактілерге сілтеме жасайды немесе материалдарды ұсынады.
Тармақ 7
7. Осы Қосымша келісімнің Тараптары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі рәсімдердің жүргізілуін мойындайды және олардың сақталуын бақылайды. Бұл ретте тараптар сыбайлас жемқорлық қызметіне болжалды түрде тартылған контрагенттермен іскерлік қатынастардың болуын барынша азайту үшін ақылға қонымды күш-жігер жұмсайды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бір-біріне өзара жәрдем көрсетеді.
Тармақ 8
8. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптардың 5-тармағына сәйкес жазбаша хабарлама алған Тарап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде тергеу жүргізеді және оның нәтижелерін екінші Тараптың атына береді.
Басқа 23.6. Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілдерінің тізімі
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді үлгі шартына (бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында) үлгі қосымша келісімге № __ 6-қосымша Нысан Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілдерінің тізімі Уәкі­лет­ті өкіл­дер­дің ата­уы Қа­был­дау ор­ны Элек­трон­дық по­шта ме­кен­жайы
Басқа 23.7
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді үлгі шартына (бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында) үлгі қосымша келісімге № __ 7-қосымша Нысан 1-ші дана - жүк жіберушіге 2-ші дана - жүк алушыға 3-ші және 4-ші дана - тасымалдаушыға №ТАУАРЛЫҚ-КӨЛІКТІК ЖҮКҚҰЖАТ_______ 20___ ж. «___» ___________________. Автомобиль _______________________ жол жүру парағына №_____ серия _______ код маркасы, мемлекеттік нөмірлік белгісі Тасымалдаушы______________________ Жүргізуші _____________Тасымалдау түрі ___________________ код атауы тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Тапсырыс беруші (төлеуші) __________________________________________ __________________________________код атауы Жүк жіберуші _____________________________________________________ _____________________________код атауы Жүк алушы _______________________________________________________ _____________________________код атауы Тиеу пункті ________________________ Түсіру пункті _______________________ Бағдар № Басқа мекенжайға жіберу ____________________ 1. Тіркеме _________________ Гар. № Тіркемеге берілген кепілдік нөмірі № жаңа алушының атауы мен мекенжайы маркасы, мемлекеттік нөмірлік белгісі __________________________________________ 2. Тіркеме _________________ Гар. № Тіркемеге берілген кепілдік нөмірі № жауапты адамның қолы, маркасы, мемлекеттік нөмірлік белгісі ЖҮК ТУ­РА­ЛЫ МӘ­ЛІ­МЕТ*) Н- о- м-е-нкл. №, код прейск. № По­зи­ция та­у­ар(жүк) өні­мі­нің ата­уы неме­се кон­тей­нер­лер­дің нө­мі­рі Ө л- ш-е- м б- і-рл-і- г- і с-ан-ы б-ағ-ас-ы С-ом ас-ы Ж-ү- к- п- е- н б- і- р- г- е- қ- ұ- ж- а- т қ- а- п- т- а- м- а- н- ы- ң т- ү р- і о-р-ы-н с-ан-ы п а- л- л- е- т ао- р- ы нн ы ң- с а н ы жүк- тің кө- ле- мі (м3) с а л ма ғ ы н а ны қт ау т ә с і л і жү кт і ң к о ды ж ү к т ің кл а сы с а л м а ғы бр у т т , т н е т т о с а л м а ғы , т 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 ЖИЫ­НЫ.... Бар­лы­ғы со­ма­ға ке­ліп тү­сті ______________ боса­ту­ға рұқ­сат бер­ді _____________ жа­зу­мен ла­у­а­зы­мы қо­лы Тү­зет. көр­се­ті­л­ген жүк. са­ны плом­бы­мен, ыдыспен, қап­та­ма­мен__________ ор­ны _____________ таң­ба жа­зу­мен Брут­то сал­ма­ғы, т _____________________ та­сы­мал­да­у­ға жа­зу­мен тап­сыр­ды ____________ ла­у­а­зы­мы, те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар болған жағ­дай­да) қо­лы, мөр­та­бан (бар болған жағ­дай­да) жүр­гі­зу­ші -экс­пе­ди­тор қа­был­да­ды _____________________ ла­у­а­зы­мы, те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар болған жағ­дай­да) жүр­гі­зу­ші­нің қо­лы Тү­зет. көр­се­ті­л­ген жүк. са­ны плом­бы­мен, ыдыспен, қап­та­ма­мен ____________ ор­ны __________ таң­ба жа­зу­мен Брут­то сал­ма­ғы, т _________________ та­сы­мал­да­у­ға жа­зу­мен жүр­гі­зу­ші-экс­пе­ди­тор тап­сыр­ды _____________ жүр­гі­зу­ші­нің қо­лы қа­был­да­ды _________________ ла­у­а­зы­мы, те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар болған жағ­дай­да) , қо­лы, мөр­та­бан _________________ бе­рі­л­ген 20___ ж. «__» ______ № _________­се­нім­хат бой­ын­ша жүк­ті ал­ды _______________ ла­у­а­зы­мы, те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар болған жағ­дай­да) _______________ жүк алушы­ның қо­лы ТИ­ЕУ-ТҮ­СІ­РУ ОПЕ­РА­ЦИ­Я­ЛА­РЫ Кө­лік қыз­мет­те­рі _______________ _______________ _______________ _______________ Тә­сіл Уа­қыт, са­ғат, мин Қо­сым­ша опе­ра­ци­я­лар Опе­ра­ция Орын­да­у­шы. (та­сы­мал­да­у­шы, жі­бе­ру­ші, алушы) Қол., қалп. мех. жүк кө­тер­гіш., сый­ымд. қа­у­ға КОД ке­лу ке­ту тұ­рып қа­лу уа­қыт, мин. ата­уы, са­ны жа­у­ап­ты адам­ның қо­лы 15 16 17 18 19 20 21 22 23 ти­еу тү­сі­ру БАС­ҚА ДА МӘ­ЛІ­МЕТ­ТЕР (та­сы­мал­да­у­шы тол­ты­ра­ды) Жа­сал­ған ак­ті­лер ту­ра­лы бел­гі­лер: ________ ________ ________ ________ ________ жол топ­та­ры бой­ын­ша та­сы­мал­дау қа­шық­тығы, км пай­да­ла­ну ко­ды кли­нет­тен кө­лік қыз­ме­ті үшін тү­зе­ту ко­эфф. ай­ып­пұл бар­лы­ғы қа­ла­ға I топ. II топ III топ кли­ент­тен жүр­гі­зу­ші­ге жүр­гі­зу. ба­ға­сы негіз­гі, та­риф 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 Ба­ға­сын есеп­теу Тон­на­сы үшін Ав­то­кө­лік пен тір­ке­ме­ні тол­ты­ра ти­е­меу Ар­найы кө­лік үшін Кө­лік қыз­ме­ті үшін Ти­еу-тү­сі­ру жұ­мысы (тон­на) Нор­ма­тив­тен тыс тұ­рып қа­лу бас­қа да қо­сым­ша тө­лем Тұ­рып қал­ған үшін же­ңіл­дік­тер Бар­лы­ғы Жүк­ті ба­ға­лау ____________ ____________ ____________ ____________ ____________ Жүк­ті ба­ға­ла­у­шы­ның қо­лы ____________ ти­еу тү­сі­ру 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 Орын­дал­ды Ба­ға­лау Тө­ле­у­ге *) «Жүк туралы мәлімет» деген бөлімде тауарлық-көліктік жүкқұжатта босатылатын барлық тауарлық-материалдық құндылықтардың атаулары мен сипаттамаларын атап көрсету мүмкіндік болмаса тауарлық-көліктік жүкқұжатқа тауарлық бөлім ретінде оның ажырамас бөлігі ретінде белгіленген тәртіппен бекітілген арнайы нысандар (тауарлық жүкқұжат мен басқа да нысандар) қоса берілуі тиіс, онда жүк жіберушілердің тауарлық-материалдық құндылықтарын тізімнен шығару және жүк алушыларға оны тіркеу жүргізіледі, сондай-ақ қоймалық, жедел және бухгалтерлік есепке алу жүргізіледі. Мұндай жағдайларда «Жүк туралы мәлімет» деген бөлімнің 1, 2, 4, 5, 6 және 7-бағандары тауарлық-көліктік жүкқұжатпен толтырылмайды. Көрсетілген бағандардың бос жолдарында олардың көшірмелерінің арнайы нысандарының атауы, нөмірлері мен күндері жазылады.
Басқа 24. Өндірілетін медициналық техниканың тізбесі
Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде, бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына 24-қосымша Нысан Өндірілетін медициналық техниканың тізбесі р/с № Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның ата­уы Жиын­тық­та­уыш тар­дың ата­уы Са­ны, бір­лі­гі Құ­ны, тең­ге Бе­ру мер­зі­мі Жиы­ны: Өнім бе­ру­ші: ______________ мөр ор­ны
Басқа 25. Техникалық ерекшелік
Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде, бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына 25-қосымша Нысан Техникалық ерекшелік Та­у­ар­дың ата­уы: Тір­кел­ген ата­уы: Са­тып ала­тын мо­дель: Өн­ді­ру­ші: Тір­кеу нө­мі­рі: Тір­кеу ку­ә­лі­гі­нің қол­да­ны­лу мер­зі­мі: Ег­жей-тег­жей­лі тех­ни­ка­лық си­патта­ма­сы: Пай­да­ла­ну шар­тта­ры­на та­лап­тар: Бе­ру мер­зі­мі: Та­у­ар жа­ңа әрі бұ­рын қол­да­ныл­ма­ған түр­де жет­кі­зі­ле­ді. Та­у­ар­дың әр жиын­тығы қа­зақ және орыс тіл­де­рін­де­гі аудар­ма­сы бар тех­ни­ка­лық және пай­да­ла­ну құ­жат­та­ма­сы­мен жаб­дық­та­ла­ды. Та­у­ар­ды әке­лу және са­ту Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. Жет­кі­зу жиын­тығы та­у­ар­лар­дың және бар­лық жиын­тығ­ы­ның нақ­ты тех­ни­ка­лық си­патта­ма­ла­ры көр­се­ті­ліп және осы кесте­нің әр­бір тар­ма­ғы­на же­ке­леп (жиын­тығы неме­се жаб­дық бір­лі­гі) си­патта­ла­ды. Егер тех­ни­ка­лық ерекше­лік­те өзге­ше көр­се­тіл­ме­се, электр қу­а­ты еш­қан­дай қо­сым­ша жал­ға­сты­ру те­ті­гін­сіз неме­се тран­фор­ма­тор­сыз 220 Вольт бо­луы ти­іс. Ас­пап­тар­мен бір­ге бе­рі­л­ген бағ­дар­ла­ма­лық жа­сақ­та­ма түп­кі алушы­ның ор­на­ты­л­ған жабды­ғы­ның бағ­дар­ла­ма­лық жа­сақ­та­ма­сы­на сәй­кес бо­луы ти­іс. Өнім бе­ру­ші та­у­ар­ды жет­кі­зу рә­сі­мін атал­ған та­у­ар­мен жұ­мыс іс­теу үшін пер­со­нал­ды оқы­ту­ға құ­жат­пен рас­тал­ған бі­лік­ті ма­ман­дар­дың қол­да­уын, та­у­ар­ды ор­на­ту­ды, жөн­де­уді және іс­ке қо­су­ды қам­та­ма­сыз ете­ді. Та­у­ар­ды жет­кі­зу­ді жү­зе­ге асы­ру ке­зін­де Өнім бе­ру­ші тап­сы­рыс бе­ру­ші­ге та­у­ар­дың бағ­дар­ла­ма­лық жа­сақ­та­ма­сы­на қол жет­кі­зу үшін бар­лық сер­вис-код­тар­ды бе­ре­ді. Ке­піл­дік­ті сер­ви­стік және тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту және жөн­деу мер­зі­мі түп­кі алушы­ға ре­сми ха­бар­лан­ған сәті­нен ба­стап күн­тіз­бе­лік 30 (отыз) күн­нен ас­пай­тын мер­зім­де іс­тен шық­қан жаб­дық­қа жөн­деу жүр­гі­зу неме­се оны ауы­сты­ра оты­рып, жаб­дық­ты пай­да­ла­ну­ға бе­ру сәті­нен ба­стап ке­мін­де 37 (отыз же­ті) ай­ды құ­рай­ды. Қыз­мет көр­се­ту­дің ке­піл­дік­ті мер­зі­мі ішін­де сер­ви­стік қыз­мет көр­се­ту­ді Өнім бе­ру­ші­нің бі­лік­ті ма­ма­ны тоқ­са­ны­на ке­мін­де 1 рет жү­зе­ге асы­ра­ды. Тех­ни­ка­лық ерекше­лік­ке тех­ни­ка­лық және пай­да­ла­ну си­патта­ма­ла­рын, сон­дай-ақ мо­дель­дер мен өн­ді­ру­ші­лер­ді көр­се­ту­ден бас­қа, жет­кі­зі­ле­тін та­у­ар­лар­дың фо­то­су­рет­те­рі де қо­са бе­рі­ле­ді. Өл­шеу құ­рал­да­ры­на жа­та­тын та­у­ар­лар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның өл­шем құ­рал­да­ры­ның ті­зі­лі­міне ен­гі­зі­л­ген. Жаб­дық­ты ор­на­ту­ға дей­ін күн­тіз­бе­лік 40 (қы­рық) күн­нен ке­шік­тір­мей Өнім бе­ру­ші Тап­сы­рыс бе­ру­ші­ні жаб­дық­ты сәт­ті іс­ке қо­су үшін қа­жет­ті ор­на­ту ал­дын­да­ғы та­лап­тар ту­ра­лы ха­бар­дар ете­ді. Бөл­ме жай­ды сырт­қы пі­ші­ні бой­ын­ша есік­тер­дің стан­дарт­ты ой­ы­ғы­нан өте­тін (ені 80 сан­ти­метр, би­ік­ті­гі 200 сан­ти­метр), ин­стал­ля­ци­я­лық дай­ын­да­у­мен күр­де­лі мон­таж­дау жұ­мыста­рын жүр­гі­зу­ді бо­лжа­май­тын кө­лем­ді жаб­дық. Жұ­мыс ор­ны­на жет­кі­зу­ді, жаб­дық­ты тү­сі­ру­ді, қап­та­ма­сын ашу­ды, ор­на­ту­ды, ас­пап­тар­ды жөн­де­уді және іс­ке қо­су­ды, олар­дың си­патта­ма­сы­ның осы құ­жат­қа және фир­ма­ның ерекше­лі­гіне сәй­кест­і­гін (дәл­ді­гі, сезгіш­ті­гі, өнім­ді­лі­гі және өзге­лер) тек­се­ру­ді, пер­со­нал­ды оқы­ту­ды Өнім бе­ру­ші жү­зе­ге асы­ра­ды. Өнім бе­ру­ші: ______________ мөр ор­ны
Басқа 26. Медициналық техниканы берудің үлгі ұзақ мерзімді шарты (бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында) ______________ №________
Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде, бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына 26-қосымша Нысан Медициналық техниканы берудің үлгі ұзақ мерзімді шарты (бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында) ______________ №________ __________________ (орналасқан жері) «___» __________ _____ж. Бұдан әрі «Бірыңғай дистрибьютор» деп аталатын «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, __________________ атынан, __________ негізінде әрекет ететін, бір тараптан және бұдан әрі «Өнім беруші» деп аталатын ________________ атынан, ___________________ негізінде әрекет ететін, екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталып, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде, бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларымен (бұдан әрі – Қағидалар) және «___» _______ ж. № ____медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасуға арналған қарау қорытындылары хаттамасының негізінде төмендегілер туралы осы Медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты:
Тарау 1. 1-тарау. Шарттағы ұғымдар
1-тарау. Шарттағы ұғымдар
Тармақ 1
1. Шартта төменде санамаланған ұғымдар мынадай мағынаға ие:
Тармақша 1
1) Медициналық техниканы сатып алудың үшжақты шарты (бұдан әрі – Сатып алудың үшжақты шарты) – осы Шарт шеңберінде Бірыңғай дистрибьютор, Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында жасалатын шарт;
Тармақша 2
2) Тапсырыс берушілер – медициналық қызметтер көрсететін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер, ведомстволық бөлімшелер (ұйымдар), сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілері;
Тармақша 3
3) қаржы жылы – күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан басталатын және 31 желтоқсанында аяқталатын Шарт орындалатын уақыт кезеңі;
Тармақша 4
4) тауар – сатып алудың үшжақты шарттарының талаптарына сәйкес Өнім беруші Тапсырыс берушілерге беретін, Шартта көзделген медициналық техника және ілеспе көрсетілетін қызметтер;
Тармақша 5
5) ілеспе көрсетілетін қызметтер – сатып алудың үшжақты шарты бойынша тауарды беру процесінде Тапсырыс берушілерге көрсететін қызметтер, оның ішінде тасымалдау, монтаждау, іске қосу-баптау жұмыстары, Тапсырыс берушінің медициналық персоналын тауарды пайдалану бойынша оқыту, Техникалық жәрдем көрсету;
Тармақша 6
6) жеткізу пункті – Сатып алудың үшжақты шарттары бойынша Өнім берушінің Тапсырыс берушілерге тауарды беру орны;
Тармақша 7
7) беру сәті – тауарды қабылдау-беру актісіне сәйкес Өнім берушінің Тапсырыс берушілерге тауарды беру уақыты;
Тармақша 8
8) кепілдікті сервистік қызмет көрсету – техникалық қызмет көрсетудің кез келген түрлерін, жабдықтың техникалық диагностикасын және ақауын анықтауды, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын, өнім беруші (дайындаушы, орындаушы), оның ішінде қашықтықтан (мамандандырылған бағдарламалар мен жабдықтарды пайдалана отырып, онлайн режимінде, баркодпен сәйкестендірілген деректерді беру арнасы немесе өзге де әдіспен) көрсететін техникалық консультацияларды қамтитын, қойылған медициналық техниканы ақаусыз күйде ұстау жөніндегі өндіруші зауыт белгілеген шығыс материалдары мен тозатын тораптарды қалпына келтіруді қоспағанда, осы Шартта, Сатып алудың үшжақты шарттарында айқындалған мерзімге тегін тиісінше пайдаланылған және сақталған қызметтер кешені.
Тарау 2. 2-тарау. Шарттың мәні
2-тарау. Шарттың мәні
Тармақ 2
2. Өнім беруші ____ (______) жыл ішінде Тапсырыс берушілерге жиынтықтағы тауарды Сатып алудың үшжақты шарттарына сәйкес Шартқа 1-қосымшаға және Шартқа 2-қосымшада көзделген техникалық ерекшелікке сәйкес жеткізу пункттеріне жеткізуге, ал Бірыңғай дистрибьютор қаржы жылында Тапсырыс берушілерде осындай тауарға қажеттілік болған кезде осындай қажеттілік туралы Өнім берушіге жеткізуге және Бірыңғай дистрибьютор, Өнім беруші мен Тапсырыс берушілер арасында Сатып алудың үшжақты шарттарын жасасуды қамтамасыз етуге міндеттенеді.
Тарау 3. 3-тарау. Баға белгілеу
3-тарау. Баға белгілеу
Тармақ 3
3. Тауардың бағасы Шартқа 1-қосымшада көзделген және Қағидаларда көзделген жағдайларды қоспағанда, Шарттың қолданылу мерзімі ішінде өзгеріссіз қалады.
Тармақ 4
4. Шартқа 1-қосымшадағы тауардың бағасы Бірыңғай дистрибьютор ұйымдастырған және Қағидаларға сәйкес Шарт жасасу алдында конкурс өткізу кезінде Өнім беруші ұсынған ___ (пайыз) мөлшерінде баға жеңілдігін ескереді.
Тармақ 5
5. Шартты орындауға байланысты салық салуды Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізеді.
Тармақ 6
6. Өнім берушінің тауарды жеткізу пункттеріне және басқа да ілеспе қызметтерге дейін тасымалдау құны Сатып алудың үшжақты шартының бағасына кіреді.
Тармақ 7
7. Сатып алудың үшжақты шартын жасасу кезінде оның бағасы Шартта көзделген тауар бағасынан және тауар санынан жиынтықта қалыптастырылады.
Тармақ 8
8. Тауар бағасын өзгертуге Қағидаларда көзделген жағдайларда және тәртіппен Тараптардың Шартқа және (немесе) Сатып алудың үшжақты шартына қосымша келісім жасасуы арқылы жол беріледі.
Тармақ 9
9. Егер денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган Қағидаларға сәйкес тауарға шекті бағаны Өнім беруші жасасқан Сатып алудың үшжақты шарты бойынша осындай тауарды беру мерзімі аяқталғанға дейін өзгерткен жағдайда, Сатып алудың үшжақты шартында тауар бағасын өзгертуге Тапсырыс берушінің келісімімен ғана жол беріледі.
Тармақ 10
10. Өнім беруші Бірыңғай дистрибьюторды және (немесе) Тапсырыс берушіні жазбаша хабардар ете отырып, Шарттың қолданылу мерзімі ішінде тауарға бағаны азайтуға құқылы. Мұндай жағдайда Тараптар Шартқа және (немесе) Сатып алудың үшжақты шартына тиісті қосымша келісім жасасады.
Тарау 4. 4-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
4-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
Тармақ 11
11. Бірыңғай дистрибьютор:
Тармақша 1
1) жыл сайын Шарттың қолданылу мерзімі ішінде Шартта көзделген тауарға Тапсырыс берушілердің өтінімдерін алған кезден бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күннен кешіктірмей, Тапсырыс берушілер қажеттілік мәлімдеген тауар көлемдерімен Сатып алудың үшжақты шарттарына қол қоюға және оларды Өнім берушіге қол қоюға жіберуге;
Тармақша 2
2) Өнім беруші Үшжақты шарттарға қол қойғаннан және қайтарғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде оларды Тапсырыс берушілерге қол қоюға жіберуге міндетті.
Тармақ 12
12. Бірыңғай дистрибьютор:
Тармақша 1
1) Өнім берушіден Шартта көзделген мерзімдерде Шартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тапсырыс берушілерге тауар беру туралы есеп алуға;
Тармақша 2
2) Қағидаларда немесе Шартта көзделген жағдайларда Өнім берушімен шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.
Тармақ 13
13. Өнім беруші:
Тармақша 1
1) Бірыңғай дистрибьютор ұсынған Шартта көзделген тауарды беруге Сатып алудың үшжақты шарттарына оларды Бірыңғай дистрибьютордан алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қол қоюға;
Тармақша 2
2) Тапсырыс берушіден банктік кепілдік немесе кепілдікті ақшалай жарна түрінде Сатып алудың үшжақты шарты бағасынан 1 (бір) пайыз мөлшерінде Тапсырыс берушінің банктік шотына Сатып алудың үшжақты шарты бойынша Өнім берушінің міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуді 10 (он) жұмыс күні ішінде Тапсырыс берушінің пайдасына енгізуге;
Тармақша 3
3) Тапсырыс берушілерге Сатып алудың үшжақты шарттарына сәйкес ____ (____) жыл ішінде Шартта көзделген тауарға қойылатын талаптарға сәйкес келетін тауарды беруге;
Тармақша 4
4) Тапсырыс берушіні 5 (бес) жұмыс күні бұрын Сатып алудың үшжақты шартында көрсетілген Тапсырыс берушінің электрондық поштасына хабарлама жіберу арқылы тауардың берілетіні туралы хабардар етуге;
Тармақша 5
5) Сатып алудың үшжақты шарттарында көзделген тәртіппен және мерзімдерде тауарды беру орындарында тауарды пайдалану бойынша Тапсырыс берушілердің медициналық персоналын тауарды монтаждауды, іске қосу-баптау жұмыстарын және оқытуды жүзеге асыруға;
Тармақша 6
6) Шартта және Сатып алудың үшжақты шарттарында көзделген тәртіппен және мерзімдерге сәйкес тауарға кепілдікті сервистік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға;
Тармақша 7
7) Бірыңғай дистрибьюторға Шартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тапсырыс берушілерге тауарды беру туралы есепті тауар берілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде, ал тауарды беру кідіртілген кезде Шарт бойынша берудің болжамды мерзімі басталған күнге дейін 3 (үш) жұмыс күні бұрын ұсынуға;
Тармақша 8
8) тауарды беру жөніндегі міндеттемелерді орындау мүмкін болмаған немесе тауарды беру мерзімдері бұзылған жағдайларда Шарттағы және (немесе) Сатып алудың үшжақты шартындағы бұзушылықтарды жою үшін қолданылатын шаралар туралы ақпаратты ұсына отырып, Бірыңғай дистрибьюторды және Тапсырыс берушілерді жазбаша түрде дереу хабардар етуге;
Тармақша 9
9) Сатып алудың үшжақты шартында көзделген жағдайларда Тапсырыс берушінің пайдасына айыппұлдар мен тұрақсыздық айыбын төлеуге;
Тармақша 10
10) Шартта көзделген мерзімдерде немесе Бірыңғай дистрибьютордың талап етуі бойынша оған Тапсырыс берушіге кепілдікті сервистік қызмет көрсетуді жүзеге асырғанын растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.
Тармақ 14
14. Өнім беруші:
Тармақша 1
1) Бірыңғай дистрибьюторға мәлімделген Тапсырыс берушілердің Шартта көзделген тауарға қажеттілігі кезінде Шарттың қолданылу мерзімі ішінде онымен Сатып алудың үшжақты шарттарын жасасуды талап етуге;
Тармақша 2
2) Сатып алудың үшжақты шартында көзделген мерзімдерде Тапсырыс берушіден алдын ала төлемді және Сатып алудың үшжақты шарты бойынша берілген тауар үшін төлемді алуға құқылы;
Тармақша 3
3) Сатып алудың үшжақты шарттарында көзделген жағдайларда Тапсырыс берушілерден оның пайдасына тұрақсыздық айыбын төлеуді талап етуге, мынадай жағдайларда:
Тармақша 4
4) Сатып алудың үшжақты шарты бойынша міндеттемелер толық орындалған кезде Тапсырыс берушіден Сатып алудың үшжақты шарты бойынша Өнім беруші ұсынған кепілдікті қамтамасыз етуді қайтаруға;
Тармақша 5
5) Тапсырыс берушімен Сатып алудың үшжақты шартына қол қойылғанға дейін Шарт бойынша тауарды беруден бас тартуға құқылы, бірақ қатарынан 2 (екі) жылдан артық болмауы тиіс.
Тарау 5. 5-тарау. Тауарды беру
5-тарау. Тауарды беру
Тармақ 15
15. Өнім беруші тауарды жеткізу пункттеріне тасымалдау кезінде оның зақымдануының немесе бүлінуінің алдын алуға қабілетті қаптамадағы Сатып алудың үшжақты шарттарына сәйкес жеткізу пункттеріне Тапсырыс берушілерге тікелей беруді жүзеге асырады.
Тармақ 16
16. Тауарды саны мен сапасы бойынша қабылдауды Тапсырыс беруші мен Өнім беруші беру сәтінде олардың өкілдерінің тауарды қабылдау-беру актісіне қол қою жолымен жүргізеді.
Тармақ 17
17. Тауарды қабылдау-беру актісіне қол қойылған күн тауарды беру күні болып есептеледі.
Тармақ 18
18. Сатып алудың үшжақты шарты бойынша берілетін тауар Өнім беруші берген және Тапсырыс беруші қабылдаған болып есептеледі:
Тармақша 1
1) саны бойынша: тауарды қабылдау-беру актісінде көрсетілгенге сәйкес;
Тармақша 2
2) жиынтықтау бойынша: сатып алынатын медициналық техниканың жиынтықталуына сәйкес (Шартқа 1-қосымша);
Тармақша 3
3) сапа бойынша: техникалық ерекшелікте көрсетілген (Шартқа 2-қосымша) сапаға, тіркеу куәлігіне сәйкес нөмірі мен қолданылу мерзіміне сәйкес;
Тармақша 4
4) тауарды қабылдау-беру актісіне сәйкес монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізгеннен кейін.
Тарау 6. 6-тарау. Тауарға кепілдік және кепілдікті сервистік қызмет көрсету
6-тарау. Тауарға кепілдік және кепілдікті сервистік қызмет көрсету
Тармақ 19
19. Өнім беруші Шарт шеңберінде берілетін тауардың үшінші бір тұлғалардың құқығынан және тәуелдіктерінен еркін екеніне, конструкциялар мен материалдардың барлық соңғы модификацияларын көрсететін жаңа, пайдаланылмаған, ең жаңа не сериялық модель болып табылатынына кепілдік береді.
Тармақ 20
20. Өнім беруші өзіне беру сәтіне 24 (жиырма төрт) айдан кешіктірмей өндірілген тауарды беру бойынша міндеттемелер қабылдайды.
Тармақ 21
21. Кепілдікті сервистік қызмет көрсетуді Өнім беруші тауарды қабылдау-беру актісіне қол қойылған күннен бастап 37 (отыз жеті) ай ішінде қамтамасыз етеді.
Тармақ 22
22. Кепілдіктің және кепілдікті сервистік қызмет көрсетудің егжей-тегжейлі шарттары Сатып алудың үшжақты шарттарымен реттеледі.
Тарау 7. 7-тарау. Жауапкершілік және Шартты бұзу негіздері
7-тарау. Жауапкершілік және Шартты бұзу негіздері
Тармақ 23
23. Тапсырыс беруші Өнім берушіге тұрақсыздық айыбын төлеуге арналған шотты жібереді, Өнім беруші оны алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде төлеуге міндетті.
Тармақ 24
24. Мыналар:
Тармақша 1
1) Шартта көзделген міндеттемелерді бірнеше рет бұзу;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген лицензияланатын қызметті орындауға арналған лицензияны кері қайтарып алу;
Тармақша 3
3) қатарынан 2 (екі) жыл ішінде беруден бас тарту;
Тармақша 4
4) сапасыз тауарды бірнеше рет беру жағдайлары Шартты бұзу үшін негіздер болып табылады.
Тармақ 25
25. Шартты бұзу негіздері туындаған кезде Бірыңғай дистрибьютор Өнім берушіге шартты толық немесе ішінара біржақты тәртіппен бұзу туралы жазбаша хабарлама жібереді. Өнім беруші осындай хабарламаны алған күннен бастап Шарт бұзылды деп есептеледі.
Тармақ 26
26. Тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерін ішінара немесе толық орындамағаны үшін, егер олар еңсерілмейтін күш жағдайларының (дүлей зілзалалар, міндеттемелерді орындауға тыйым салатын немесе қандай да бір өзгеше түрде кедергі келтіретін мемлекеттік органдардың нормативтік актілерін немесе өкімдерін шығару) салдары болып табылса, Шарт бойынша міндеттемелерді Тараптардың орындауына тыйым салатын немесе қандай да бір өзгеше түрде кедергі келтіретін болса жауапкершіліктен босатылады.
Тармақ 27
27. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ осы Шартты жасасуға немесе тоқтатуға байланысты Тараптар мен олардың қызметкерлері және Тараптарға белгілі болғандай, олардың үлестес тұлғалары, агенттері, өкілдері, делдалдары және (немесе) қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) Қазақстан Республикасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын бұзатын не бұзуға ықпал ететін әрекеттерді жасамайды, оларды жасауға ынталандырмайды, сондай-ақ Шартқа 4-қосымшаға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды сақтайды деп сендіреді.
Тарау 8. 8-тарау. Дауларды шешу тәртібі
8-тарау. Дауларды шешу тәртібі
Тармақ 28
28. Шарт бойынша Тараптар арасында туындайтын барлық даулар Тараптар арасындағы келіссөздер жолымен (ауызша немесе жазбаша нысанда) шешіледі.
Тармақ 29
29. Тараптар арасында дауды шешу мүмкін болмаған кезде Тараптардың бірі Бірыңғай дистрибьютор орналасқан жердегі мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа тиісті талап-арызбен екінші Тарапқа жүгінуге құқылы.
Тарау 9. 9-тарау. Хат-хабар
9-тарау. Хат-хабар
Тармақ 30
30. Шарт бойынша барлық құжаттарда Шарттың күні мен нөмірі көрсетілген Тараптардың деректемелері болуға тиіс. Шарт бойынша Тараптардан талап етілетін немесе талап етілуі мүмкін кез келген хабарламалар немесе хабарлар жазбаша түрде ұсынылады және тапсырыс хатпен немесе курьер қызметінің көмегімен жіберіледі. Көрсетілген хат-хабар Шартта көрсетілген Тараптардың электрондық поштасының көмегімен сканерленген түрде де берілуі мүмкін, мұндай жағдайда хат-хабар Тарапқа тиісті түрде жеткізілген болып есептеледі.
Тармақ 31
31. Шарт бойынша хат-хабар Тараптардың Шартта көрсетілген деректемелері бойынша Тараптарға жіберілуге тиіс. Тапсырыс хатпен немесе курьер қызметінің көмегімен жіберілген хат-хабар екінші Тарапта пошта бөлімшесінің немесе курьер қызметінің оны жеткізгенін растайтын мөртабаны бар хабарлама болған жағдайда, ол жолданған Тарап оны алған күні (сағатта) жеткізілген болып есептеледі. Электрондық поштаның көмегімен жіберілген хат-хабар ол жіберілген Тарапқа берілген күні (сағатта) жеткізілген болып есептеледі.
Тармақ 32
32. Өнім беруші тарапынан Бірыңғай дистрибьютордың Сатып алудың үшжақты шартына қол қоюға ұсынысына жазбаша жауаптың болмауы немесе оның 5 (бес) жұмыс күні ішінде қол қойылған түрде қайтарылмауы Өнім берушінің Шарт бойынша тауарды беруден бас тартуы ретінде қаралады.
Тарау 10. 10-тарау. Қорытынды ережелер
10-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 33
33. Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар, егер олар Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша келісім түрінде жазбаша нысанда жасалса, оған Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойса және Тараптардың мөрлерімен куәландырылса, күшіне ие болады.
Тармақ 34
34. Тарап екінші Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз Шарт бойынша өз құқықтары мен міндеттерін үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
Тармақ 35
35. Қандай да бір Тараптың атауы, заңды мекенжайы және басқа да деректемелері өзгерген кезде, ол осындай өзгерістер болған кезден бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде бұл туралы басқа Тарапты жазбаша хабардар етеді. Мұндай жағдайда Шартқа өзгерістер енгізу талап етілмейді.
Тармақ 36
36. Тараптардың Шартпен реттелмеген өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Тармақ 37
37. Шарт тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан қазақ және орыс тілдерінде 2 (екі) данада жасалды.
Тарау 11. 11-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік деректемелері және қолдары
11-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік деректемелері және қолдары Бірыңғай дистрибьютор: БСН Заңды мекенжайы: Банктік деректемелер Телефон, e-mail ________________ лауазымы Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) Мөрі (бар болған жағдайда) Өнім беруші: БСН Заңды мекенжайы: Банктік деректемелер Телефон, e-mail ________________ лауазымы Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) Мөрі (бар болған жағдайда)
Басқа 26.1. Тауардың тізбесі мен жиынтықталуы
Медициналық техниканы берудің үлгі ұзақ мерзімді шартына (бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында) ______________ №________ 1-қосымша Нысан Тауардың тізбесі мен жиынтықталуы р/с № Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның ата­уы Жиын­тық­та­уыш тар­дың ата­уы Са­ны, бір­лі­гі Құ­ны, тең­ге Ең жо­ға­ры ба­ға же­ңіл­ді­гін ес­ке­ре оты­рып, то­лық жиын­тық­та­ғы ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка бір­лі­гі­нің құ­ны, тең­ге Бе­ру мер­зі­мі Жиы­ны Бі­рың­ғай дис­три­бью­тор _____________________ мөр ор­ны Өнім бе­ру­ші _____________________ мөр ор­ны
Басқа 26.2. Техникалық ерекшелік
Медициналық техниканы берудің үлгі ұзақ мерзімді шартына (бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында) ______________ №________ 2-қосымша Нысан Техникалық ерекшелік Та­у­ар­дың ата­уы: Тір­кел­ген ата­уы: Са­тып ала­тын мо­дель: Өн­ді­ру­ші: Тір­кеу нө­мі­рі: Тір­кеу ку­ә­лі­гі­нің қол­да­ны­лу мер­зі­мі: Ег­жей-тег­жей­лі тех­ни­ка­лық си­патта­ма­сы: Пай­да­ла­ну шар­тта­ры­на та­лап­тар: Бе­ру мер­зі­мі: Та­у­ар жа­ңа әрі бұ­рын қол­да­ныл­ма­ған түр­де жет­кі­зі­ле­ді. Та­у­ар­дың әр жиын­тығы қа­зақ және орыс тіл­де­рін­де­гі аудар­ма­сы бар тех­ни­ка­лық және пай­да­ла­ну құ­жат­та­ма­сы­мен жаб­дық­та­ла­ды. Та­у­ар­ды әке­лу және са­ту Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. Жет­кі­зу жиын­тығы та­у­ар­лар­дың және бар­лық жиын­тығ­ы­ның нақ­ты тех­ни­ка­лық си­патта­ма­ла­ры көр­се­ті­ліп және осы кесте­нің әр­бір тар­ма­ғы­на же­ке­леп (жиын­тығы неме­се жаб­дық бір­лі­гі) си­патта­ла­ды. Егер тех­ни­ка­лық ерекше­лік­те өзге­ше көр­се­тіл­ме­се, электр қу­а­ты еш­қан­дай қо­сым­ша жал­ға­сты­ру те­ті­гін­сіз неме­се тран­фор­ма­тор­сыз 220 Вольт бо­луы ти­іс. Ас­пап­тар­мен бір­ге бе­рі­л­ген бағ­дар­ла­ма­лық жа­сақ­та­ма түп­кі алушы­ның ор­на­ты­л­ған жабды­ғы­ның бағ­дар­ла­ма­лық жа­сақ­та­ма­сы­на сәй­кес бо­луы ти­іс. Өнім бе­ру­ші та­у­ар­ды жет­кі­зу рә­сі­мін атал­ған та­у­ар­мен жұ­мыс іс­теу үшін пер­со­нал­ды оқы­ту­ға құ­жат­пен рас­тал­ған бі­лік­ті ма­ман­дар­дың қол­да­уын, та­у­ар­ды ор­на­ту­ды, жөн­де­уді және іс­ке қо­су­ды қам­та­ма­сыз ете­ді. Та­у­ар­ды жет­кі­зу­ді жү­зе­ге асы­ру ке­зін­де Өнім бе­ру­ші тап­сы­рыс бе­ру­ші­ге та­у­ар­дың бағ­дар­ла­ма­лық жа­сақ­та­ма­сы­на қол жет­кі­зу үшін бар­лық сер­вис-код­тар­ды бе­ре­ді. Ке­піл­дік­ті сер­ви­стік және тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту және жөн­деу мер­зі­мі түп­кі алушы­ға ре­сми ха­бар­лан­ған сәті­нен ба­стап күн­тіз­бе­лік 30 (отыз) күн­нен ас­пай­тын мер­зім­де іс­тен шық­қан жаб­дық­қа жөн­деу жүр­гі­зу неме­се оны ауы­сты­ра оты­рып, жаб­дық­ты пай­да­ла­ну­ға бе­ру сәті­нен ба­стап ке­мін­де 37 (отыз же­ті) ай­ды құ­рай­ды. Қыз­мет көр­се­ту­дің ке­піл­дік­ті мер­зі­мі ішін­де сер­ви­стік қыз­мет көр­се­ту­ді Өнім бе­ру­ші­нің бі­лік­ті ма­ма­ны тоқ­са­ны­на ке­мін­де 1 рет жү­зе­ге асы­ра­ды. Тех­ни­ка­лық ерекше­лік­ке тех­ни­ка­лық және пай­да­ла­ну си­патта­ма­ла­рын, сон­дай-ақ мо­дель­дер мен өн­ді­ру­ші­лер­ді көр­се­ту­ден бас­қа, жет­кі­зі­ле­тін та­у­ар­лар­дың фо­то­су­рет­те­рі де қо­са бе­рі­ле­ді. Өл­шеу құ­рал­да­ры­на жа­та­тын та­у­ар­лар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның өл­шем құ­рал­да­ры­ның ті­зі­лі­міне ен­гі­зі­л­ген. Жаб­дық­ты ор­на­ту­ға дей­ін күн­тіз­бе­лік 40 (қы­рық) күн­нен ке­шік­тір­мей Өнім бе­ру­ші Тап­сы­рыс бе­ру­ші­ні жаб­дық­ты сәт­ті іс­ке қо­су үшін қа­жет­ті ор­на­ту ал­дын­да­ғы та­лап­тар ту­ра­лы ха­бар­дар ете­ді. Бөл­ме жай­ды сырт­қы пі­ші­ні бой­ын­ша есік­тер­дің стан­дарт­ты ой­ы­ғы­нан өте­тін (ені 80 сан­ти­метр, би­ік­ті­гі 200 сан­ти­метр), ин­стал­ля­ци­я­лық дай­ын­да­у­мен күр­де­лі мон­таж­дау жұ­мыста­рын жүр­гі­зу­ді бо­лжа­май­тын кө­лем­ді жаб­дық. Жұ­мыс ор­ны­на жет­кі­зу­ді, жаб­дық­ты тү­сі­ру­ді, қап­та­ма­сын ашу­ды, ор­на­ту­ды, ас­пап­тар­ды жөн­де­уді және іс­ке қо­су­ды, олар­дың си­патта­ма­сы­ның осы құ­жат­қа және фир­ма­ның ерекше­лі­гіне сәй­кест­і­гін (дәл­ді­гі, сезгіш­ті­гі, өнім­ді­лі­гі және өзге­лер) тек­се­ру­ді, пер­со­нал­ды оқы­ту­ды Өнім бе­ру­ші жү­зе­ге асы­ра­ды. Өнім бе­ру­ші: ______________ мөр ор­ны
Басқа 26.3. Өнім берушінің тауарды беруі туралы есебі
Медициналық техниканы берудің үлгі ұзақ мерзімді шартына (бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында) ______________ №________ 3-қосымша Нысан Кімге: Бірыңғай дистрибьюторға Өнім берушінің тауарды беруі туралы есебі р/с№ Өңір Тапсырыс беруші Медициналық техниканың атауы (модель) Үшжақты шарттың нөмірі мен күні Саны, бірлігі Құны, теңге Сомасы, теңге Қабылдау-беру актісіне қол қою күні Өнім беруші ______________________ мөр орны
Басқа 26.4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптар
Медициналық техниканы берудің үлгі ұзақ мерзімді шартына (бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында) ______________ №________ 4-қосымша Нысан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптар
Тармақ 1
1. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ осы Шартты жасасуға немесе тоқтатуға байланысты Тараптар мен олардың қызметкерлері және Тараптарға белгілі болғандай, олардың үлестес тұлғалары, агенттері, өкілдері, делдалдары және (немесе) қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) Қазақстан Республикасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын бұзатын не бұзуға ықпал ететін әрекеттерді жасамайды, оларды жасауға ынталандырмайды, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында қандай да бір заңсыз артықшылықтарды немесе өзге де заңсыз мақсаттарды алу мақсатында осы тұлғалардың әрекеттеріне немесе шешімдеріне ықпал ету үшін кез келген тұлғаларға тікелей немесе жанама түрде қандай да бір ақшалай қаражатты немесе құндылықтарды төлемейді, төлеуді ұсынбайды және төлеуге рұқсат бермейді деп сендіреді.
Тармақ 2
2. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ осы Шартты жасасуға немесе тоқтатуға байланысты Тараптар мен олардың жұмыскерлері және Тараптарға белгілі болғандай, олардың үлестес тұлғалары, агенттері, өкілдері, делдалдары және (немесе) қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) осы Шарттың мақсаттары үшін қолданылатын заңнамада қолданылатын пара беру/алу, коммерциялық сатып алу сияқты әрекеттерді, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын бұзатын әрекеттерді жүзеге асырмайтындығына сендіреді.
Тармақ 3
3. Осы Шарт Тараптарының әрқайсысы басқа Тараптың қызметкерлерін қандай да бір жолмен, оның ішінде ақшалай сомаларды, сыйлықтарды беру, олардың атына жұмыстарды (Қызметтерді) өтеусіз орындау жолымен және қызметкерді белгілі бір тәуелділікке қоятын және осы қызметкердің оны ынталандыратын тараптың пайдасына қандай да бір іс-әрекеттерді орындауын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да тәсілдермен ынталандырудан бас тартады.
Тармақ 4
4. Тараптардың әрқайсысы екінші Тараптан осы Шарттың орындалу барысын талдау мақсатында осы Шарттың орындалуы жөніндегі мәліметтерді қамтитын құжаттарды сұратады.
Тармақ 5
5. Тарапта қандай да бір Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жағдайлардың бұзылғаны немесе орын алуы мүмкін деген күдік туындаған кезде, тиісті Тарап екінші Тарапты жазбаша нысанда хабардар етеді, сондай-ақ бұл туралы жоғары тұрған басшыға және (немесе) қызметкері болып табылатын мемлекеттік органның не ұйымның басшылығына және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 1-тармағына сәйкес хабарлайды.
Тармақ 6
6. Жазбаша хабарламада Тарап контрагенттің, оның үлестес тұлғаларының, жұмыскерлерінің, агенттерінің, өкілдерінің, делдалдардың және (немесе) қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) осы шарттардың қандай да бір ережелерін бұзу болғанын немесе болуы мүмкін екенін анық растайтын немесе болжауға негіз болатын, қолданылатын заңнамада пара беру немесе алу, коммерциялық сатып алу ретінде сараланатын әрекеттерден, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын бұзатын әрекеттерден көрінетін фактілерге сілтеме жасайды немесе материалдарды ұсынады.
Тармақ 7
7. Осы Шарттың Тараптары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі рәсімдердің жүргізілуін мойындайды және олардың сақталуын бақылайды. Бұл ретте тараптар сыбайлас жемқорлық қызметіне болжалды түрде тартылған контрагенттермен іскерлік қатынастардың болуын барынша азайту үшін ақылға қонымды күш-жігер жұмсайды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бір-біріне өзара жәрдем көрсетеді.
Тармақ 8
8. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптардың 5-тармағына сәйкес жазбаша хабарлама алған Тарап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде тергеу жүргізеді және оның нәтижелерін екінші Тараптың атына береді.
Тармақ 9
9. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шеңберінде Бірыңғай дистрибьютор Өнім берушіге комплаенс-тексеру жүргізу құқығын өзіне қалдырады.
Тармақ 10
10. Комплаенс-тексеру жүргізу барысында Бірыңғай дистрибьютор Өнім берушіні ынтымақтастықтан бас тарту үшін негіздердің/теріс ақпараттың/өзге де мәліметтердің болуын, оның ішінде, бірақ онымен шектелмей, сыбайлас жемқорлық көріністерін, ақшаның ізін жасыруды және терроризмді қаржыландыруды қоса алғанда, қандай да бір заңсыз қызметке қатыстылығын, Өнім берушінің, оның акционерлерінің/ құрылтайшыларының/ қатысушыларының, басшыларының ынтымақтастыққа тыйым салатын халықаралық санкцияларға ұшыраған адамдар тізімінде болуын тексереді.
Басқа 27. Медициналық техниканы сатып алудың үлгі үшжақты шарты (бірыңғай дистрибьютор, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында)
Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде, бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына 27-қосымша Нысан Медициналық техниканы сатып алудың үлгі үшжақты шарты (бірыңғай дистрибьютор, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында) __________________ (орналасқан жері) «___» __________ _____ ж. Бұдан әрі Бірыңғай дистрибьютор деп аталатын «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, __________________ атынан, __________ негізінде әрекет ететін, бір тараптан және бұдан әрі Өнім беруші деп аталатын ________________ атынан, ___________________ негізінде әрекет ететін, екінші тараптан, және бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын ________________ атынан, ___________________ негізінде әрекет ететін бірлесіп «Тараптар» деп аталып, Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде, бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) және Бірыңғай дистрибьютор мен Өнім беруші арасында «___» _______ ж. № ____ Медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартына (бұдан әрі – Ұзақ мерзімді шарт) сәйкес төмендегілер туралы осы медициналық техниканы берудің үшжақты шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты:
Тарау 1. 1-тарау. Шарттың мәні
1-тарау. Шарттың мәні
Тармақ 1
1. Өнім беруші Тапсырыс берушіге: ___________ мекенжайы бойынша Шартқа 1-қосымшаға сәйкес жиынтықта және Шартқа 2-қосымшада көзделген техникалық ерекшелікке сәйкес медициналық техниканы (бұдан әрі – тауар) беруге, тауарды монтаждауды, іске қосу-баптау жұмыстарын және Тапсырыс берушінің медициналық персоналын тауарды пайдалану бойынша оқытуды жүзеге асыруға, Шартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Шарт бойынша Тапсырыс берушіге тауарды өткізу туралы Бірыңғай дистрибьюторға ай сайын тауарды беру туралы есеп беруге міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші тауарды Өнім берушіден қабылдауға және Шартта көзделген тәртіппен Өнім берушінің банктік шотына ақша аудару жолымен оны төлеуге міндеттенеді.
Тарау 2. 2-тарау. Шарттың бағасы
2-тарау. Шарттың бағасы
Тармақ 2
2. Шарттың бағасы ____________________________ теңгені ( цифрмен және жазумен) құрайды.
Тармақ 3
3. Тауардың бағасы Ұзақ мерзімді шарт негізінде Шартқа 1-қосымшада көзделген және Қағидаларда көзделген жағдайларды қоспағанда, Шарттың қолданылу мерзімі ішінде өзгеріссіз қалады.
Тармақ 4
4. Шартты орындауға байланысты салық салуды Тараптар Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргізеді.
Тармақ 5
5. Өнім берушінің тауарды жеткізу пунктіне дейін тасымалдау және басқа да ілеспе қызметтер құны Шарттың бағасына кіреді.
Тармақ 6
6. Егер денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган Шарт бойынша Өнім берушінің тауарды жеткізу мерзімі аяқталғанға дейін Қағидаларға сәйкес тауарға шекті бағаны өзгертсе, Шартта тауарға бағаны өзгертуге Тапсырыс берушінің жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.
Тарау 3. 3-тарау. Төлем тәртібі
3-тарау. Төлем тәртібі
Тармақ 7
7. Шарт бойынша тауарға ақы төлеуді Тапсырыс беруші Өнім берушінің Шартта көрсетілген банктік шотына ақша аудару жолымен жүргізеді.
Тармақ 8
8. Тапсырыс беруші Өнім берушіге шарт бағасының 30 % (отыз) пайызы мөлшерінде алдын ала төлемді Шарт жасалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде төлейді. Жүргізілген алдын ала төлем тауардың берілуіне қарай оның жекелеген атауына қатысты пропорционалды түрде тауарға ақы төлеу шотына есепке алынады.
Тармақ 9
9. Тапсырыс беруші тауар бағасының 70% (жетпіс пайыз) мөлшерінде берілген тауар үшін түпкілікті төлемді Өнім берушіге тауарды қабылдау-беру актісіне қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оның берілуіне қарай тауардың жекелеген атауына қатысты пропорционалды түрде жүргізеді.
Тармақ 10
10. Өнім берушінің Тапсырыс берушіге мынадай құжаттарды ұсынуы берілген тауар үшін толық ақы төлеудің шарты болып табылады:
Тармақша 1
1) шот-фактуралар;
Тармақша 2
2) босатуға арналған жүкқұжат;
Тармақша 3
3) Шартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыстардың атауы және ауыстыруға жататын сервистік қызмет көрсету үшін шығыс материалдары көрсетілген сервистік қызмет көрсетуді жүргізу графигі;
Тармақша 4
4) Шартқа 5-қосымшаға сәйкес тауарды қабылдау-беру актісі;
Тармақша 5
5) егер тауар өлшеу құралы болып табылса, өлшеу құралын бастапқы тексеруден және сынақ жабдығын аттестаттаудан өткені туралы сертификат не өндіруші зауыттың бастапқы тексеруін тану туралы тиісті құжат;
Тармақша 6
6) Шартқа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік және (немесе) орыс тіліндегі техникалық және (немесе) пайдалану құжаттамасы;
Тармақша 7
7) рентген жабдығына жататын тауарға пайдалану параметрлерін бақылау хаттамасының көшірмесі;
Тармақша 8
8) тауардың тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 9
9) тауардың өлшеу құралы болып табылмайтынын немесе Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілгенін, тексеруден не метрологиялық аттестаттаудан өткенін немесе өлшеу құралының типін бекіту туралы ақпаратты растайтын құжаттың көшірмесі.
Тарау 4. 4-тарау. Тауарды беру
4-тарау. Тауарды беру
Тармақ 11
11. Өнім беруші тауарды тікелей Тапсырыс берушіге Шартта көзделген мөлшерде және мерзімде тасымалдау кезінде тауардың зақымдануының немесе бүлінуінің алдын алуға қабілетті орамада жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Тауар ыдысының қаптамасы мен таңбалануы, сондай-ақ ішкі және сыртқы құжаттамасы тауарды беру кезінде қолданылатын Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Тармақ 13
13. Тауарды саны мен сапасы бойынша қабылдауды Тапсырыс беруші мен Өнім беруші беру сәтінде олардың өкілдерінің тауарды қабылдау-беру актісіне қол қоюы арқылы жүргізеді. Тауар тиісінше жеткізілген кезде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші қабылдау-беру актісіне қол қоюға немесе қол қоюдан жазбаша дәлелді бас тартуды ұсынуға міндетті. Тараптардың бірінің тауарды қабылдау-беру актісіне уәжді түрде қол қоймауы осы актіге қол қою жөніндегі кедергілерді дереу жоюға алып келеді.
Тармақ 14
14. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші тауарды қабылдау-беру актісіне қол қойған күн тауарды беру күні болып есептеледі. Егер Шартты орындау кезеңінде кез келген сәтте Өнім беруші тауарды уақтылы беруге кедергі келтіретін жағдайларға тап болса, онда ол Тапсырыс берушіге (көшірмесін – Бірыңғай дистрибьюторға) кідірту фактісі, оның болжамды ұзақтығы мен себебі туралы жазбаша хабарламаны электрондық пошта арқылы дереу жіберуге міндеттенеді.
Тармақ 15
15. Шарт бойынша берілетін Өнім беруші берген және Тапсырыс беруші қабылдаған болып есептеледі:
Тармақша 1
1) тауарды қабылдау-беру актісінде көрсетілген санда монтаждаудан және іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізгеннен кейін;
Тармақша 2
2) сатып алынатын тауарды жиынтықтауға сәйкес жиынтықтау бойынша;
Тармақша 3
3) техникалық ерекшелікте көрсетілген сапа, тіркеу куәлігінің және тауардың әрбір атауына арналған тауардың қауіпсіздігі мен сапасы туралы қорытындының нөмірі мен қолданылу мерзімі бойынша.
Тармақ 16
16. Егер тауарды монтаждау үшін бөлме жайды арнайы дайындау талап етілсе, Өнім беруші Шартқа қол қойылған сәттен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде Тапсырыс берушіні бөлме жайды дайындау қажеттілігі және монтаждау үшін жағдайлар туралы жазбаша хабардар етеді.
Тармақ 17
17. Тапсырыс беруші беру басталғанға дейін күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей Өнім берушіні арнайы бөлме жайдың дайындығы және монтаждау үшін жағдайлар туралы жазбаша хабардар етеді.
Тармақ 18
18. Өнім беруші тауармен жұмыс істеу, тауарды монтаждау, орнату, баптау және қосу үшін персоналды оқытуға құжаттамалық растамасы бар білікті мамандардың тауарды беру және монтаждау процесін сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 19
19. Тауарды беруді жүзеге асыру кезінде Өнім беруші Тапсырыс берушіге қызмет көрсетудің кепілдік мерзімі өткеннен кейін тауарға бағдарламалық қамтамасыз етуге қол жеткізу үшін сервис-кодтарды ұсынады.
Тармақ 20
20. Тапсырыс беруші тауарды қабылдау-беру актісіне қол қойылған күннен бастап 37 (отыз жеті) ай өткенге дейін Шарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша тауардың орналасқан жерін және пайдаланылуын қамтамасыз етуге міндеттенеді, объективті қажеттілік болған кезде көшіру Өнім берушімен келісу бойынша жүзеге асырылады, сондай-ақ Бірыңғай дистрибьюторға хабарлама жіберіледі.
Тарау 5. 5-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
5-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
Тармақ 21
21. Бірыңғай дистрибьютор:
Тармақша 1
1) Шарт бойынша тауарды Берушінің медициналық техниканы беру мерзімінің мониторингін жүзеге асыруға міндетті.
Тармақ 22
22. Бірыңғай дистрибьютор:
Тармақша 1
1) Өнім берушіден Шартта көзделген мерзімдерде Шартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тапсырыс берушілерге тауар беру туралы есеп алуға;
Тармақша 2
2) Қағидаларда, Ұзақ мерзімді шартта немесе Шартта көзделген жағдайларда Өнім берушімен Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.
Тармақ 23
23. Өнім беруші:
Тармақша 1
1) 10 (он) жұмыс күні ішінде Тапсырыс берушіден Шарт бағасын алған күннен бастап оның бағасының 1 (бір) пайызы мөлшерінде Тапсырыс берушінің банктік шотына банктік кепілдік немесе кепілдікті ақшалай жарна түрінде Өнім берушінің Шарт бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз етуді Тапсырыс берушінің пайдасына енгізуге;
Тармақша 2
2) Тапсырыс берушіге Шартта көзделген мерзімде Ұзақ мерзімді шартта, Шартта көрсетілген оған қойылатын талаптарға сәйкес келетін тауар беруге;
Тармақша 3
3) Тапсырыс берушіні 5 (бес) жұмыс күні бұрын Шартта көрсетілген Тапсырыс берушінің электрондық поштасына хабарлама жіберу арқылы тауардың жеткізілгені туралы хабардар етуге;
Тармақша 4
4) Шартта көзделген тәртіппен және мерзімдерде тауарды жеткізу орнында тауарды пайдалану бойынша тауарды монтаждауды, іске қосу-баптау жұмыстарын және Тапсырыс берушінің медициналық персоналын оқытуды жүзеге асыруға;
Тармақша 5
5) Шартта көзделген тәртіпке және мерзімдерге сәйкес тауарға кепілдікті қызмет көрсетуді жүзеге асыруға;
Тармақша 6
6) Бірыңғай дистрибьюторға Шартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тапсырыс берушілерге тауарды беру туралы есепті тауар берілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде, ал тауарды беру кідіртілген кезде Шарт бойынша берудің болжамды мерзімі басталған күнге дейін 3 (үш) жұмыс күні бұрын ұсынуға;
Тармақша 7
7) тауарды беру жөніндегі міндеттемелерді орындау мүмкін болмаған немесе тауарды беру мерзімдері бұзылған жағдайларда, Бірыңғай дистрибьюторды және Тапсырыс берушіні Шартты және (немесе) Ұзақ мерзімді шартты бұзушылықтарды жою үшін қолданылатын шаралар туралы ақпаратты ұсына отырып, жазбаша түрде дереу хабардар етуге;
Тармақша 8
8) Шартта көзделген жағдайларда Тапсырыс берушінің пайдасына айыппұлдар мен тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.
Тармақ 24
24. Өнім беруші:
Тармақша 1
1) Шартта көзделген мерзімдерде Тапсырыс берушіден алдын ала ақы төлеуді және Шарт бойынша берілген тауар үшін төлемді алуға;
Тармақша 2
2) Шартта көзделген жағдайларда Тапсырыс берушінің Өнім берушінің пайдасына тұрақсыздық айыбын төлеуін талап етуге;
Тармақша 3
3) Шарт бойынша міндеттемелер толық орындалған кезде Тапсырыс берушіден Шарт бойынша Өнім беруші ұсынған кепілдікті қамтамасыз етуді қайтаруға құқылы.
Тармақ 25
25. Тапсырыс берушіі:
Тармақша 1
1) Шарт талаптарына сәйкес Шарт бойынша Өнім берушіге Шартта белгіленген мерзімдерде тауар ақысын төлеуге;
Тармақша 2
2) Шарт бойынша тауар жеткізілімін төлеу мерзімі бұзылған кезде Өнім берушінің пайдасына Шартта көзделген тұрақсыздық айыбын төлеуге;
Тармақша 3
3) Тараптар тауарды қабылдау-беру актісіне қол қойғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде Өнім берушіге Шарт бойынша кепілдікті қамтамасыз етуді қайтаруға;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасында медициналық бұйымдарға сервистік қызмет көрсетуді жүзеге асыру қағидаларында айқындалған, жеткізілген Тауарды пайдалану жөніндегі шарттарды сақтауға міндетті.
Тармақ 26
26. Тапсырыс беруші:
Тармақша 1
1) Өнім берушіден Шарт бойынша тауар жеткізілімін талап етуге;
Тармақша 2
2) Өнім берушінің Тапсырыс берушінің пайдасына Шартта көзделген жағдайларда тұрақсыздық айыбын төлеуін талап етуге құқылы.
Тарау 6. 6-тарау. Өнім берушінің кепілдіктері мен міндеттемелері
6-тарау. Өнім берушінің кепілдіктері мен міндеттемелері
Тармақ 27
27. Өнім беруші Шарт шеңберінде берілетін тауардың конструкциялар мен материалдардың барлық соңғы модификацияларын көрсететін жаңа, пайдаланылмаған, ең жаңа не сериялық модель болып табылатынына кепілдік береді, бұл ретте Өнім беруші беру сәтіне 24 (жиырма төрт) айдан кешіктірмей өндірілген тауарды беру бойынша міндеттемелерді өзіне қабылдайды.
Тармақ 28
28. Өнім беруші Шарт бойынша берілген тауардың қалыпты пайдалану кезінде конструкциясына, материалдарына немесе жұмысына байланысты ақаулары болмайтынына кепілдік береді.
Тармақ 29
29. Кепілдікті сервистік қызмет көрсетуді Өнім беруші тауарды қабылдау-беру актісіне қол қойылған күннен бастап 37 (отыз жеті) ай ішінде қамтамасыз етеді.
Тармақ 30
30. Тауарға кепілдікті сервистік қызмет көрсету мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) жекелеген бөліктерді ауыстыру немесе қалпына келтіру;
Тармақша 2
2) осы тауарға тән баптау және реттеу және өзгелер;
Тармақша 3
3) негізгі механизмдер мен тораптарды тазалау, майлау және қажет болған жағдайда іріктеу;
Тармақша 4
4) Тауар корпусының сыртқы және ішкі беттерінен коррозия мен тотығуды жою;
Тармақша 5
5) пайдалану құжаттамасында көрсетілген тауардың нақты түріне тән өзге де жұмыстар.
Тармақ 31
31. Кепілдікті сервистік қызмет көрсетуді Өнім берушінің білікті маманы кепілдіктің барлық мерзімі ішінде және Шартқа 2-қосымшаға сәйкес тоқсанына кемінде 1 (бір) рет жүзеге асырады.
Тармақ 32
32. Кепілдікті сервистік қызмет көрсету нәтижелері бойынша Өнім беруші Тапсырыс беруші мен Өнім берушінің уәкілетті өкілдері қол қоятын шартқа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарға кепілдікті сервистік қызмет көрсетудің орындалған жұмыстарының актісін жасайды.
Тармақ 33
33. Тауар сынған кезде Тапсырыс беруші Өнім берушіні жазбаша түрде хабардар етеді.
Тармақ 34
34. Осындай хабарламаны алғаннан кейін Өнім беруші хабарламаны алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей болжамды жөндеудің себептерін, мерзімдерін айқындау үшін білікті маманның тауар орналасқан жерге келуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 35
35. Жөндеу жүргізу кезінде Өнім беруші, Тапсырыс берушінің кінәсінен тауардың зақымдануы, сондай-ақ Тапсырыс берушінің тауарды өз бетінше жөндеу белгілері анықталған жағдайларды қоспағанда, дайындаушы зауыт өндірген қосалқы бөлшектер мен тораптарды пайдаланады немесе ақаулы тауарды немесе оның бөліктерін Тапсырыс беруші тарапынан қандай да бір шығыстарсыз ауыстырады.
Тармақ 36
36. Екі тарап қол қойған жазбаша өзгерістерді қоспағанда, Шарт құжаттарына ешқандай ауытқулар немесе өзгерістер (сызбалар, жобалар немесе техникалық ерекшеліктер, жөнелту, буып-түю әдісі, жеткізу орны немесе Тапсырыс беруші ұсынатын қызметтер) жіберілмейді.
Тармақ 37
37. Берілген тауардың саны мен сапасы бойынша ілеспе құжаттарға сәйкессіздігі анықталған кезде, бұл сәйкессіздіктер Шартқа 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сәйкессіздіктер туралы актіде көрсетіледі.
Тармақ 38
38. Тапсырыс беруші алынған тауардың сапасына байланысты барлық наразылықтар туралы Өнім берушіні жазбаша түрде, бірақ тауарды қабылдау-беру актілеріне қол қойылғаннан кейін 72 (жетпіс екі) сағаттан кешіктірмей жедел хабардар етеді. Бұл ретте өнім беруші 30 (отыз) жұмыс күні ішінде Тапсырыс берушінің берілген тауарға қатысты барлық ескертулерін жоюға міндеттенеді.
Тармақ 39
39. Өнім беруші Тапсырыс берушінің хабарламасын алғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей (егер хабарламада өзге мерзім көрсетілмесе) тауардың саны мен сапасын тексеруге қатысу үшін өз өкілін жібереді.
Тармақ 40
40. Сапасы мен саны жақсарған, сондай-ақ осындай тауардың бағасы, көлемі мен беру мерзімі сақталған кезде берілетін тауарды немесе оның бір бөлігін тауардың басқа атауымен ауыстыруға жол беріледі. Тауарды ауыстыру кезінде Өнім беруші мен Тапсырыс беруші Шартқа 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарды ауыстыру актісін жасайды және оған қол қояды.
Тарау 7. 7-тарау. Өзге жағдайлар
7-тарау. Өзге жағдайлар
Тармақ 41
41. Өнім беруші Тапсырыс берушімен қабылдау-беру актісіне қол қойылғанға дейін Бірыңғай дистрибьюторға Шартты орындаудың барлық кезеңдері (өндіру, сақтау, жөнелту) туралы ақпаратты айына бір рет беруге міндеттенеді.
Тармақ 42
42. Тауарды беру басталғанға дейін 5 (бес) жұмыс күні бұрын Өнім беруші Тапсырыс берушіге және Бірыңғай дистрибьюторға Шарттың нөмірі мен күнін, берілетін тауардың атауын, тауардың бағасын көрсете отырып, алдағы беру туралы ақпаратты электрондық поштаға жазбаша түрде хабарлауға міндетті.
Тармақ 43
43. Өнім беруші Тапсырыс берушіге тауарды Шартта көзделген межелі жерге дейін жеткізуге тиіс.
Тармақ 44
44. Өнім беруші Тапсырыс берушіге Өнім беруші дайындайтын немесе өткізетін қосалқы бөлшектер туралы ақпаратты, атап айтқанда Тапсырыс беруші Өнім берушіден сатып алу үшін таңдай алатын және кепілдік мерзімі өткеннен кейін оларды пайдалана алатын қосалқы бөлшектердің құны мен номенклатурасын ұсынуға міндеттенеді.
Тармақ 45
45. Егер қандай да бір себептер бойынша Өнім беруші қосалқы бөлшектер өндіруді тоқтату жоспарланса Өнім беруші Тапсырыс берушіге қажетті мөлшерде қажетті сатып алуды жүргізуге мүмкіндік беру және мәлімет үшін Бірыңғай дистрибьюторды хабардар ету үшін осындай оқиға туралы дереу жазбаша хабарлауға тиіс.
Тармақ 46
46. Тараптар қол қойған және келіскен жазбаша өзгерістерді қоспағанда, Шарт құжаттарына ешқандай ауытқуларға немесе өзгерістерге (сызбалар, жобалар немесе техникалық ерекшеліктер, жөнелту, буып-түю әдісі, жеткізу орны немесе Өнім беруші ұсынатын қызметтер) жол берілмейді.
Тармақ 47
47. Егер кез келген өзгеріс Өнім берушіге Шарт бойынша тауар беру үшін қажетті құнның немесе мерзімдердің азаюына әкелетін болса, онда Шарттың бағасы немесе екеуі де Шартқа тиісті өзгерістер енгізу жолымен тиісті түрде түзетіледі. Өнім берушінің осы тармақ шеңберінде түзету жүргізуге барлық сұрау салулары Өнім беруші Тапсырыс берушіден өзгерістер туралы өкім алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде ұсынылуға тиіс.
Тармақ 48
48. Тапсырыс беруші Шарттың орындалуын кепілдікті қамтамасыз етуді Өнім берушіге мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) Өнім берушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты шартты бұзуы;
Тармақша 2
2) Өнім беруші Шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған;
Тармақша 3
3) Шартта көзделген орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін айыппұл санкцияларын төлемегенде қайтармайды;
Тармақ 49
49. Тапсырыс беруші Шарт бойынша тауарға алдын ала ақы төлеуді жүргізгенге дейін Өнім беруші тауарды беруді жүргізбейді.
Тарау 8. 8-тарау. Наразылық
8-тарау. Наразылық
Тармақ 50
50. Тауар сынған немесе зауыттық/өндірістік ақаулар анықталған кезде Тапсырыс беруші кез келген белгілі байланыс тәсілімен (ұялы байланыс, телефон, e-mail) Өнім берушіні және Бірыңғай дистрибьюторды жазбаша түрде хабардар етеді.
Тармақ 51
51. Осындай хабарламаны алғаннан кейін Өнім беруші хабарламаны алған кезден бастап (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тауардың ақау немесе сыну себептерін айқындау үшін білікті маманның тауар орналасқан жерге келуін қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 52
52. Тауардың немесе оның белгілі бір бөлігінің ақаулары расталған кезде Өнім беруші мұндай ауыстыру тауардың сапасы мен басқа да техникалық сипаттамаларының нашарлауына алып келмейтін жағдайда, ақаулы тауарды немесе белгілі бір бөлігін тегін ауыстыруды жүргізуге міндетті.
Тармақ 53
53. Ақаулы тауарды жөндеуді немесе ауыстыруды Өнім беруші Тапсырыс берушінің жазбаша хабарламасын алған кезден бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде жүргізуге тиіс.
Тармақ 54
54. Өнім беру жөндеу жүргізу кезінде Өнім беруші (дайындаушы зауыт) өндірген жаңа және бұрын пайдаланылмаған қосалқы бөлшектер мен тораптарды пайдалануға немесе Тапсырыс беруші тарапынан қандай да бір шығыстарсыз ақаулы тауарды немесе оның бөлігін ауыстыруға міндетті.
Тармақ 55
55. Егер ақаулы тауарды жөндеу немесе ауыстыру мерзімі күнтізбелік 20 (жиырма) күннен артық белгіленген болса, онда Өнім беруші жөндеу жүргізу мерзіміне немесе ақаулы тауарды ауыстырғанға дейін Тапсырыс берушіге ақаулы тауарды ауыстырғанға немесе жөнделген тауарды қайтарғанға дейін соған ұқсас жұмыс істейтін тауарды беруге міндетті.
Тармақ 56
56. Өнім беруші ұқсас жұмыс істейтін тауарды (жиынтықтауыштарды, торапты) ұсынбаған кезде, Өнім беруші тауарды жөндеу кезеңіне кепілді сервистік қызмет көрсету мерзімін ұзартуға міндеттенеді.
Тармақ 57
57. Сапасы мен саны жақсарған, сондай-ақ беру бағасы, көлемі мен мерзімі сақталған кезде тауарды немесе оның белгілі бір бөлігін тауардың басқа атауымен ауыстыруға жол беріледі.
Тарау 9. 9-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
9-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
Тармақ 58
58. Өнім берушіге Тапсырыс берушінің алдында Шарт талаптарын бұзғаны үшін мүліктік жауапкершіліктің мынадай түрлері жүктеледі:
Тармақша 1
1) тауардың барлығын немесе бір бөлігін беруден бас тарту берілмеген (берілмей қалған) тауар бағасының 10 (он) пайызы мөлшерінде айыппұл салу және алдын ала төлемді қайтару;
Тармақша 2
2) Шарт бұзылған кезде Тапсырыс берушіге Шарт бойынша алдын ала төлемді қайтармау немесе уақтылы қайтармау мерзімі өткен әрбір күн үшін алдын ала төлем мөлшерінің 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызы мөлшерінде, бірақ алдын ала төлем мөлшерінің 10 (он) пайызынан аспайтын өсімпұл;
Тармақша 3
3) тауарды Шартта көзделген мерзімде уақтылы бермеу, сондай-ақ сапасыз немесе ақаулы тауарды ауыстыру, оның кемшіліктерін жою мерзімдері бұзылған кезде мерзімі өткен әрбір күн үшін шарт бойынша берілмеген тауар бағасының 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызы мөлшерінде, бірақ Шарт бойынша берілмеген тауар бағасының 10 (он) пайызынан аспайтын өсімпұл;
Тармақша 4
4) тауарға кепілдікті қызмет көрсетуді уақтылы жүргізбеу – мерзімі өткен әрбір күн үшін тауар бағасының 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызы мөлшерінде, бірақ тауар бағасының 10 (он) пайызынан аспайтын өсімпұл.
Тармақ 59
59. Тапсырыс беруші Өнім берушіге тұрақсыздық айыбын төлеуге арналған шотты жібереді, Өнім беруші оны алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде төлеуге міндетті.
Тармақ 60
60. Тапсырыс берушіге Өнім берушінің алдында Шарт талаптарын бұзғаны үшін мүліктік жауапкершіліктің мынадай түрлері жүктеледі:
Тармақша 1
1) тауарды қабылдау-беру актісіне қол қоюдан негізсіз бас тарту Шарт бойынша тауар бағасының 10 (он) пайызы мөлшерінде айыппұл;
Тармақша 2
2) Шарттың 3-бөлімінде көрсетілген төлем тәртібін бұзғаны үшін мерзімі өткен әрбір күн үшін Шарт бойынша уақтылы төленбеген сома мөлшерінің 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайыз мөлшерінде, бірақ Шарт бойынша уақтылы төленбеген сома мөлшерінің 10 (он) пайызынан аспайтын тұрақсыздық айыбы;
Тармақша 3
3) кепілдікті сервистік қызмет көрсету бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қоюдан негізсіз бас тартқаны үшін тауар бағасының 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайыз мөлшерінде айыппұл.
Тармақ 61
61. Шарт бойынша тұрақсыздық айыбын төлеуді екінші Тараптан шағым мен тиісті шотты алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Шарт бойынша Тарап жүргізеді.
Тармақ 62
62. Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптарға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жауапкершілік шаралары жүктеледі.
Тармақ 63
63. Тұрақсыздық айыбын немесе айыппұлды төлеу Тараптарды Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындаудан босатпайды.
Тармақ 64
64. Тапсырыс беруші және (немесе) Бірыңғай дистрибьютор:
Тармақша 1
1) Шартта көзделген міндеттемелерді бірнеше рет бұзғаны үшін;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген лицензияланатын қызметті орындауға арналған лицензияны кері қайтарып алғанда;
Тармақша 3
3) қатарынан екі жыл бойы беруден бас тарту (себептері мен мән-жайларына қарамастан);
Тармақша 4
4) сапасы лайықсыз медициналық техника бірнеше рет берілген жағдайда Шартты бұзуға құқылы.
Тармақ 65
65. Шартты бұзу негіздері туындаған кезде Тапсырыс беруші және (немесе) Бірыңғай дистрибьютор Өнім берушіге Шартты толық немесе ішінара біржақты тәртіппен бұзу туралы жазбаша хабарлама жібереді. Өнім беруші осындай хабарламаны алған күннен бастап Шарт бұзылды деп есептеледі.
Тармақ 66
66. Тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерін ішінара немесе толық орындамағаны үшін, егер ол еңсерілмейтін күш жағдайларының (дүлей зілзалалар, міндеттемелерді орындауға тыйым салатын немесе қандай да бір өзгеше түрде кедергі келтіретін мемлекеттік органдардың нормативтік актілерін немесе өкімдерін шығару) салдары болып табылса, Шарт бойынша міндеттемелерді Тараптардың орындауына тыйым салатын немесе қандай да бір өзгеше түрде кедергі келтіретін болса жауапкершіліктен босатылады.
Тармақ 67
67. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ осы Шартты жасасуға немесе тоқтатуға байланысты Тараптар мен олардың қызметкерлері және Тараптарға белгілі болғандай, олардың үлестес тұлғалары, агенттері, өкілдері, делдалдары және (немесе) қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) Қазақстан Республикасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын бұзатын не бұзуға ықпал ететін әрекеттерді жасамайды, оларды жасауға ынталандырмайды, сондай-ақ Шартқа 9-қосымшаға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды сақтайды деп сендіреді.
Тарау 10. 10-тарау. Құпиялылық
10-тарау. Құпиялылық
Тармақ 68
68. Шарттың қолданысының нәтижесінде бір Тараптың екінші Тарап үшін ұсынған ақпараты Шарттың уақыты біткеннен кейін немесе бұзғаннан кейін 3 (үш) жылға дейін құпия болып табылады, мынадай жағдайлардан басқа, егер ақпарат:
Тармақша 1
1) ашу кезінде жұртшылықтың қолы жетімді;
Тармақша 2
2) жария етілгеннен кейін екінші Тарапқа жария етуші Тарап Шартты жариялау жолымен немесе өзгеше түрде бұзбай (мемлекеттік, құқық қорғау және сот органдарының сұрау салулары бойынша ұсыну жолымен) жария пайдалануға түссе;
Тармақша 3
3) басқа Тарап ашу кезінде Тараптардың иелігінде болып және осындай Тараптан тікелей немесе жанама алынбаса;
Тармақша 4
4) үшінші тараптан алынды, алайда мұндай ақпарат құпиялылықты кепілдендіретін Тараптан үшінші тарапқа тікелей немесе жанама ұсынылмаса;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда сотқа, мемлекеттік органдарға, жеке сот орындаушыларына ұсынылса құпия болып табылмайды.
Тармақ 69
69. Шартқа сәйкес өзінің міндеттемелерін растайтын Тарап осындай міндеттемелерді бұзуды белгілеген кезде өзіне дәлелдеу ауыртпалығын жүктейді.
Тарау 11. 11-тарау. Қорытынды ережелер
11-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 70
70. Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар, егер олар Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша келісім түрінде жазбаша нысанда жасалса, оған Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойса және Тараптардың мөрлерімен куәландырылса, күшіне ие болады.
Тармақ 71
71. Тарап екінші Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз Шарт бойынша өз құқықтары мен міндеттерін үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
Тармақ 72
72. Қандай да бір Тараптың атауы, заңды мекенжайы және басқа да деректемелері өзгерген кезде, ол осындай өзгерістер болған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде бұл туралы басқа Тарапты жазбаша хабардар етеді. Мұндай жағдайда Шартқа өзгерістер енгізу талап етілмейді.
Тармақ 73
73. Тараптардың Шартпен реттелмеген өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі. Тараптар арасында дауды шешу мүмкін болмаған кезде Тараптардың бірі Тапсырыс берушінің және (немесе) Бірыңғай дистрибьютордың орналасқан жері бойынша сот тәртібімен тиісті талап қоюмен екінші Тарапқа жүгінуге құқылы.
Тармақ 74
74. Шарт Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан қазақ және орыс тілдерінде 3 (үш) данада жасалды.
Тармақ 75
75. Шарт оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және ____ жылғы 31 желтоқсанға дейін, ал өзара есеп айырысу және кепілдікті сервистік қызмет көрсету бөлігінде Тараптар оларды толық орындағанға дейін қолданылады.
Тарау 12. 12-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік деректемелері және қолдары
12-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік деректемелері және қолдары Бірыңғай дистрибьютор: БСН Заңды мекенжайы: Банктік деректемелер Телефон, e-mail Лауазымы _____________ Қолы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) мөр Өнім беруші: БСН Заңды мекенжайы: Банктік деректемелер Телефон, e-mail Лауазымы _____________ Қолы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) мөр Тапсырыс беруші: БСН Заңды мекенжайы: Банктік деректемелер Телефон, e-mail Лауазымы _____________ Қолы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) мөр
Басқа 27.1. Тауардың тізбесі мен жиынтықталуы
Медициналық техниканы сатып алудың үлгі үшжақты шартына (бірыңғай дистрибьютор, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында) 1-қосымша Нысан Тауардың тізбесі мен жиынтықталуы р/с№ Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның тіз­бе­сіне сәй­кес р/с № Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның ата­уы Жиын­тық­та­луы Са­ны, бір­лі­гі Құ­ны, тең­ге Ең жо­ға­ры ба­ға же­ңіл­ді­гін ес­ке­ре оты­рып, то­лық жиын­тық­та­ғы ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка бір­лі­гі­нің құ­ны, тең­ге Са­тып алы­на­тын ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның бір­лік са­ны Со­ма­сы, тең­ге Бе­ру мер­зі­мі _____ күн­тіз­бе­лік күн ке­шік­тір­мей _____ ж. Жиы­ны Жиы­ны Бірыңғай дистрибьютор Өнім беруші Тапсырыс беруші _____________________ _____________________ _____________________ мөр орны мөр орны мөр орны
Басқа 27.2. Техникалық ерекшелік
Медициналық техниканы сатып алудың үлгі үшжақты шартына (бірыңғай дистрибьютор, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында) 2-қосымша Нысан Техникалық ерекшелік Та­у­ар­дың ата­уы: Тір­кел­ген ата­уы: Са­тып ала­тын мо­дель: Өн­ді­ру­ші: Тір­кеу нө­мі­рі: Тір­кеу ку­ә­лі­гі­нің қол­да­ны­лу мер­зі­мі: Ег­жей-тег­жей­лі тех­ни­ка­лық си­патта­ма­сы: Пай­да­ла­ну шар­тта­ры­на та­лап­тар: Бе­ру мер­зі­мі: Та­у­ар жа­ңа әрі бұ­рын қол­да­ныл­ма­ған түр­де жет­кі­зі­ле­ді. Та­у­ар­дың әр жиын­тығы қа­зақ және орыс тіл­де­рін­де­гі аудар­ма­сы бар тех­ни­ка­лық және пай­да­ла­ну құ­жат­та­ма­сы­мен жаб­дық­та­ла­ды. Та­у­ар­ды әке­лу және са­ту Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. Жет­кі­зу жиын­тығы та­у­ар­лар­дың және бар­лық жиын­тығ­ы­ның нақ­ты тех­ни­ка­лық си­патта­ма­ла­ры көр­се­ті­ліп және осы кесте­нің әр­бір тар­ма­ғы­на же­ке­леп (жиын­тығы неме­се жаб­дық бір­лі­гі) си­патта­ла­ды. Егер тех­ни­ка­лық ерекше­лік­те өзге­ше көр­се­тіл­ме­се, электр қу­а­ты еш­қан­дай қо­сым­ша жал­ға­сты­ру те­ті­гін­сіз неме­се тран­фор­ма­тор­сыз 220 Вольт бо­луы ти­іс. Ас­пап­тар­мен бір­ге бе­рі­л­ген бағ­дар­ла­ма­лық жа­сақ­та­ма түп­кі алушы­ның ор­на­ты­л­ған жабды­ғы­ның бағ­дар­ла­ма­лық жа­сақ­та­ма­сы­на сәй­кес бо­луы ти­іс. Өнім бе­ру­ші та­у­ар­ды жет­кі­зу рә­сі­мін атал­ған та­у­ар­мен жұ­мыс іс­теу үшін пер­со­нал­ды оқы­ту­ға құ­жат­пен рас­тал­ған бі­лік­ті ма­ман­дар­дың қол­да­уын, та­у­ар­ды ор­на­ту­ды, жөн­де­уді және іс­ке қо­су­ды қам­та­ма­сыз ете­ді. Та­у­ар­ды жет­кі­зу­ді жү­зе­ге асы­ру ке­зін­де Өнім бе­ру­ші тап­сы­рыс бе­ру­ші­ге та­у­ар­дың бағ­дар­ла­ма­лық жа­сақ­та­ма­сы­на қол жет­кі­зу үшін бар­лық сер­вис-код­тар­ды бе­ре­ді. Ке­піл­дік­ті сер­ви­стік және тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту және жөн­деу мер­зі­мі түп­кі алушы­ға ре­сми ха­бар­лан­ған сәті­нен ба­стап күн­тіз­бе­лік 30 (отыз) күн­нен ас­пай­тын мер­зім­де іс­тен шық­қан жаб­дық­қа жөн­деу жүр­гі­зу неме­се оны ауы­сты­ра оты­рып, жаб­дық­ты пай­да­ла­ну­ға бе­ру сәті­нен ба­стап ке­мін­де 37 (отыз же­ті) ай­ды құ­рай­ды. Қыз­мет көр­се­ту­дің ке­піл­дік­ті мер­зі­мі ішін­де сер­ви­стік қыз­мет көр­се­ту­ді Өнім бе­ру­ші­нің бі­лік­ті ма­ма­ны тоқ­са­ны­на ке­мін­де 1 рет жү­зе­ге асы­ра­ды. Тех­ни­ка­лық ерекше­лік­ке тех­ни­ка­лық және пай­да­ла­ну си­патта­ма­ла­рын, сон­дай-ақ мо­дель­дер мен өн­ді­ру­ші­лер­ді көр­се­ту­ден бас­қа, жет­кі­зі­ле­тін та­у­ар­лар­дың фо­то­су­рет­те­рі де қо­са бе­рі­ле­ді. Өл­шеу құ­рал­да­ры­на жа­та­тын та­у­ар­лар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның өл­шем құ­рал­да­ры­ның ті­зі­лі­міне ен­гі­зі­л­ген. Жаб­дық­ты ор­на­ту­ға дей­ін күн­тіз­бе­лік 40 (қы­рық) күн­нен ке­шік­тір­мей Өнім бе­ру­ші Тап­сы­рыс бе­ру­ші­ні жаб­дық­ты сәт­ті іс­ке қо­су үшін қа­жет­ті ор­на­ту ал­дын­да­ғы та­лап­тар ту­ра­лы ха­бар­дар ете­ді. Бөл­ме жай­ды сырт­қы пі­ші­ні бой­ын­ша есік­тер­дің стан­дарт­ты ой­ы­ғы­нан өте­тін (ені 80 сан­ти­метр, би­ік­ті­гі 200 сан­ти­метр), ин­стал­ля­ци­я­лық дай­ын­да­у­мен күр­де­лі мон­таж­дау жұ­мыста­рын жүр­гі­зу­ді бо­лжа­май­тын кө­лем­ді жаб­дық. Жұ­мыс ор­ны­на жет­кі­зу­ді, жаб­дық­ты тү­сі­ру­ді, қап­та­ма­сын ашу­ды, ор­на­ту­ды, ас­пап­тар­ды жөн­де­уді және іс­ке қо­су­ды, олар­дың си­патта­ма­сы­ның осы құ­жат­қа және фир­ма­ның ерекше­лі­гіне сәй­кест­і­гін (дәл­ді­гі, сезгіш­ті­гі, өнім­ді­лі­гі және өзге­лер) тек­се­ру­ді, пер­со­нал­ды оқы­ту­ды Өнім бе­ру­ші жү­зе­ге асы­ра­ды. Бі­рың­ғай дис­три­бью­тор: мөр ор­ны Өнім бе­ру­ші: мөр ор­ны Тап­сы­рыс бе­ру­ші: мөр ор­ны
Басқа 27.3. Өнім берушінің тауарды беруі туралы есебі
Медициналық техниканы сатып алудың үлгі үшжақты шартына (бірыңғай дистрибьютор, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында) 3-қосымша Нысан Кімге: Бірыңғай дистрибьюторға Өнім берушінің тауарды беруі туралы есебі р/с № Өңір Тап­сы­рыс бе­ру­ші Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның ата­уы (мо­дель) Үш­жақ­ты шар­ттың нө­мі­рі мен кү­ні Са­ны, бір­лі­гі Құ­ны, тең­ге Со­ма­сы, тең­ге Қа­был­дау-бе­ру ак­ті­сіне қол қою кү­ні Өнім беруші ______________________ мөр орны
Басқа 27.4. Кепілдікті сервистік қызмет көрсету графигі
Медициналық техниканы сатып алудың үлгі үшжақты шартына (бірыңғай дистрибьютор, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында) 4-қосымша Нысан Кепілдікті сервистік қызмет көрсету графигі «____» __________20___жыл Тапсырыс беруші: __________________________________________________ Медициналық техниканы орнату орны: __________________________________ __ _________ 20__ жылғы № _____ Медициналық техниканы берудің үшжақты шартына сәйкес № Жаб­дық­тың ата­уы Са­ны, бір­лі­гі Ке­піл­дік­ті сер­ви­стік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де жүр­гі­зі­ле­тін жұ­мыстар­дың ата­уы Ке­піл­дік­ті сер­ви­стік қыз­мет көр­се­ту­ді жүр­гізу­ге ар­нал­ған шы­ғыс ма­те­ри­ал­да­ры Ке­піл­дік­ті сер­ви­стік қыз­мет көр­се­ту­ді жүр­гі­зу ке­зе­ңі Өнім беруші _______________________ мөр орны
Басқа 27.5. Тауарды қабылдау-беру актісі
Медициналық техниканы сатып алудың үлгі үшжақты шартына (бірыңғай дистрибьютор, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында) 5-қосымша Нысан Тауарды қабылдау-беру актісі _______________________________________________ Тауарды қабылдау және акті жасау орны (бұдан әрі - МТ) «____» ______ 20__ ж 1. Өнім берушінің тарабы ______________________________________________ (лауазымы, жұмыс орны, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)) 2. Тапсырыс берушінің тарабы __________________________________________ (лауазымы, жұмыс орны, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)) Құрамдағы комиссия (әр тараптан): ______________________________________ (лауазымы, жұмыс орны, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)) Өнім берушінің атауы _________________________________________________ Жөнелтушінің (өндірушінің) атауы мен мекенжайы ________________________ МТ атауы ____________________________________________________________ Шот-фактураның күні мен нөмірі ___________ Босатуға арналған жүкқұжаттың күні мен нөмірі ______________ МТ орнату күні _____________________ МТ орнату орны ___________________ МТ іске қосу-баптау күні ________________ МТ жай-күйі ___________________ Сериялық нөмірі __________________ Шыққан жылы ______________________ Көрсетілген жабдық монтаждалған, ретке келтірілген, толық жинақталған (қажеттінің астын сызу). Қызмет көрсететін медициналық персоналды оқыту жүргізілді _______________ Анықталған ақаулардың, ауытқулардың толық сипаттамасы және олардың сипаты: ______________________________________________________________ Ақау себептері, саны мен сапасының ауытқуы туралы комиссияның қорытындысы: _______________________________________________________ Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) көрсетілген комиссия мүшелерінің қолдары: 1. ______________ 2. ______________ 3. ________________ 4. _______________ Өнім беруші _________________ Тапсырыс беруші ___________________ мөр орны мөр орны
Басқа 27.6. Кепілдікті сервистік қызмет көрсетудің орындалған жұмыстарының актісі
Медициналық техниканы сатып алудың үлгі үшжақты шартына (бірыңғай дистрибьютор, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында) 6-қосымша Нысан Кепілдікті сервистік қызмет көрсетудің орындалған жұмыстарының актісі «____» ___________20___жыл Тапсырыс беруші: __________________________________________________________ Тауарды ораластыру орны (бұдан әрі – МТ): _________________________________________ Кепілдікті сервистік қызмет көрсету жұмыстарын орындау орны: Тапсырыс берушінің аумағында, Өнім берушінің сервистік орталығының жағдайларында (қажеттінің астын сызу) МТ сатып алудың үшжақты шартының нөмірі мен күні: ____________________________ Орындалған жұмыстар: ______________________________________________________ МТ жөндеу кезінде жұмсалған материалдар _____________________________________ Бағдарлама қатесі, техникалық ақаулық, механикалық ақаулық (қажеттінің астын сызу) Жөндеу түрлері: кепілдік жөндеу, кепілдік емес жөндеу (қажеттінің астын сызу) Техникалық қорытынды: ____________________________________________ МТ тапсырды: ______________________________________________________________ Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) (Тапсырыс беруші) ________________________ МТ қабылдады: Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) (Өнім беруші) ________________________
Басқа 27.7. Сәйкессіздіктер туралы акт
Медициналық техниканы сатып алудың үлгі үшжақты шартына (бірыңғай дистрибьютор, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында) 7-қосымша Нысан Сәйкессіздіктер туралы акт Қабылдау-беру күні ___________________________________________________ Тапсырыс берушінің атауы мен мекенжайы _______________________________ Өнім берушінің атауы _________________________________________________ Медициналық техиканың атауы _________________________________________ Зауыттық/сериялық нөмірі _____________________________________________ Медициналық техиканың орналасқан орны _______________________________ Жиынтықталуы: ______________________________________________________ Жұмысқа жарамдылық және опциялар, режимдердің бар болуы және тағы басқалар: ____________________________________________________________ Айқындалған ақаулардың, ауытқулардың егжей-тегжейлі сипатталуы және олардың сипаты: _____________________________________________________ Ақаулардың, сан мен сапасының ауытқуларының себептері туралы комиссияның қорытындысы: ___________________________________________ Өнім беруші (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)) _____________ (қолы) ____________ Тапсырыс беруші (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)) ____________ (қолы) ____________
Басқа 27.8. Тауарды ауыстыру актісі
Медициналық техниканы сатып алудың үлгі үшжақты шартына (бірыңғай дистрибьютор, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында) 8-қосымша Нысан Тауарды ауыстыру актісі __________________________________________ Акт жасау және тауарды қабылдау орны (бұдан әрі – МТ) «____» ________ 20__ жыл 1. Өнім берушінің тарабы ____________________________________________________________________ (лауазымы, жұмыс орны, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)) 2. Тапсырыс берушінің тарабы ____________________________________________________________________ (лауазымы, жұмыс орны, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)) Құрамдағы комиссия (әр тараптан): ____________________________________________________________________ (лауазымы, жұмыс орны, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)) Өнім берушінің атауы ____________________________________________________________________ Жөнелтушінің (өндірушінің) атауы мен мекенжайы ____________________________________________________________________ Мт атауы ____________________________________________________________________ Шот-фактураның күні мен нөмірі _______ Босатуға арналған жүкқұжаттың күні мен нөмірі __________ МТ орнату күні __________________ МТ орнату орны _____________________ МТ іске қосу-баптау күні _______________ МТ жай-күйі ___________________ Сериялық нөмірі _____________________ Шыққан жылы ___________________ Көрсетілген жабдық монтаждалған, ретке келтірілген, толық жинақталған (қажеттінің астын сызу) Көрсетілген МБ ауыстыру __________________________________________________ себебінен жүргізілді Анықталған ақаулардың, ауытқулардың толық сипаттамасы және олардың сипаты: ____________________________________________________________________ Ақау себептері, саны мен сапасының ауытқуы туралы комиссияның қорытындысы: ____________________________________________________________________ Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) көрсетілген комиссия мүшелерінің қолдары: 1. ______________ 2. _______________ 3. ______________ 4. _________________ Өнім беруші _________________ Тапсырыс беруші ___________________ мөр орны мөр орны
Басқа 27.9. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптар
Медициналық техниканы сатып алудың үлгі үшжақты шартына (бірыңғай дистрибьютор, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында) 9-қосымша Нысан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптар
Тармақ 1
1. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ осы Шартты жасасуға немесе тоқтатуға байланысты Тараптар мен олардың қызметкерлері және Тараптарға белгілі болғандай, олардың үлестес тұлғалары, агенттері, өкілдері, делдалдары және (немесе) қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) Қазақстан Республикасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын бұзатын не бұзуға ықпал ететін әрекеттерді жасамайды, оларды жасауға ынталандырмайды, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында қандай да бір заңсыз артықшылықтарды немесе өзге де заңсыз мақсаттарды алу мақсатында осы тұлғалардың әрекеттеріне немесе шешімдеріне ықпал ету үшін кез келген тұлғаларға тікелей немесе жанама түрде қандай да бір ақшалай қаражатты немесе құндылықтарды төлемейді, төлеуді ұсынбайды және төлеуге рұқсат бермейді деп сендіреді.
Тармақ 2
2. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ осы Шартты жасасуға немесе тоқтатуға байланысты Тараптар мен олардың жұмыскерлері және Тараптарға белгілі болғандай, олардың үлестес тұлғалары, агенттері, өкілдері, делдалдары және (немесе) қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) осы Шарттың мақсаттары үшін қолданылатын заңнамада қолданылатын пара беру/алу, коммерциялық сатып алу сияқты әрекеттерді, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын бұзатын әрекеттерді жүзеге асырмайтындығына сендіреді.
Тармақ 3
3. Осы Шарт Тараптарының әрқайсысы басқа Тараптың қызметкерлерін қандай да бір жолмен, оның ішінде ақшалай сомаларды, сыйлықтарды беру, олардың атына жұмыстарды (қызметтерді) өтеусіз орындау жолымен және қызметкерді белгілі бір тәуелділікке қоятын және осы қызметкердің оны ынталандыратын тараптың пайдасына қандай да бір іс-әрекеттерді орындауын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да тәсілдермен ынталандырудан бас тартады.
Тармақ 4
4. Тараптардың әрқайсысы екінші Тараптан осы Шарттың орындалу барысын талдау мақсатында осы Шарттың орындалуы жөніндегі мәліметтерді қамтитын құжаттарды сұратады.
Тармақ 5
5. Тарапта қандай да бір Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жағдайлардың бұзылғаны немесе орын алуы мүмкін деген күдік туындаған кезде, тиісті Тарап екінші Тарапты жазбаша нысанда хабардар етеді, сондай-ақ бұл туралы жоғары тұрған басшыға және (немесе) қызметкері болып табылатын мемлекеттік органның не ұйымның басшылығына және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 1-тармағына сәйкес хабарлайды.
Тармақ 6
6. Жазбаша хабарламада Тарап контрагенттің, оның үлестес тұлғаларының, жұмыскерлерінің, агенттерінің, өкілдерінің, делдалдардың және (немесе) қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) осы шарттардың қандай да бір ережелерін бұзу болғанын немесе болуы мүмкін екенін анық растайтын немесе болжауға негіз болатын, қолданылатын заңнамада пара беру немесе алу, коммерциялық сатып алу ретінде сараланатын әрекеттерден, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын бұзатын әрекеттерден көрінетін фактілерге сілтеме жасайды немесе материалдарды ұсынады.
Тармақ 7
7. Осы Шарттың Тараптары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі рәсімдердің жүргізілуін мойындайды және олардың сақталуын бақылайды. Бұл ретте тараптар сыбайлас жемқорлық қызметіне болжалды түрде тартылған контрагенттермен іскерлік қатынастардың болуын барынша азайту үшін ақылға қонымды күш-жігер жұмсайды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бір-біріне өзара жәрдем көрсетеді.
Тармақ 8
8. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптардың 5-тармағына сәйкес жазбаша хабарлама алған Тарап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде тергеу жүргізеді және оның нәтижелерін екінші Тараптың атына береді.
Тармақ 9
9. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шеңберінде Бірыңғай дистрибьютор Өнім берушіге комплаенс-тексеру жүргізу құқығын өзіне қалдырады.
Тармақ 10
10. Комплаенс-тексеру жүргізу барысында Бірыңғай дистрибьютор Өнім берушіні ынтымақтастықтан бас тарту үшін негіздердің/теріс ақпараттың/өзге де мәліметтердің болуын, оның ішінде, бірақ онымен шектелмей, сыбайлас жемқорлық көріністерін, ақшаның ізін жасыруды және терроризмді қаржыландыруды қоса алғанда, қандай да бір заңсыз қызметке қатыстылығын, Өнім берушінің, оның акционерлерінің/ құрылтайшыларының/ қатысушыларының, басшыларының ынтымақтастыққа тыйым салатын халықаралық санкцияларға ұшыраған адамдар тізімінде болуын тексереді.
Басқа 28. Сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы сатып алуға өтінім
Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде, бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына 28-қосымша Нысан Сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы сатып алуға өтінім Кімге: ________________________________ (бірыңғай дистрибьютордың атауы) _____________________________________(тапсырыс берушінің атауы) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде, бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларының (бұдан – Қағидалар) _____ тармағына сәйкес позициялардың жалпы саны ______ бірлік, жалпы сомасы ________________ теңгеге сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы өтінімге қосымшаларға сәйкес сатып алуға өтінім жібереді. Басшының Т.А.Ә. _____________
Басқа 28.1. Медициналық техниканың тізбесі
Сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы сатып алуға арналған өтінімге 1-қосымша Нысан «Бекітілді» Басшы _____________________ (тапсырыс берушінің атауы) _________________________________ (Т.А.Ә.) __________________________________ (қолы) __________________________________ (күні) Медициналық техниканың тізбесі № Ме­ди­ци­на лық тех­ни­ка ның ата­уы Са­ны Бе­ру шар­тта­ры Тап­сы­рыс бе­ру­ші­нің ата­уы Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ны бе­ру ме­кен­жайы Бе­ру мер­зі­мі, күн­тіз­бе­лік күн ағым­да­ғы жыл­дың «10» жел­тоқ­сан­нан ке­шік­тір­мей DDP
Басқа 28.2. Медициналық тапсырма*
Сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы сатып алуға арналған өтінімге 2-қосымша Нысан Медициналық тапсырма* № Ден­са­улық сақ­тау ұй­ы­мы­ның то­лық ата­уы (мен­шік ны­са­нын көр­се­те оты­рып) 1 Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка ту­ра­лы мә­лі­мет­тер Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның ата­уы (өн­ді­ру­ші мен мо­дель­ді көр­сет­пей) Ден­са­улық сақ­тау ұй­ы­мы же­лі­сі­нің мем­ле­кет­тік нор­ма­ти­віне сәй­кес жа­рақ­тан­ды­ру дең­гейі Ден­са­улық сақ­тау ұй­ы­мы көр­се­те­тін ме­ди­ци­на­лық кө­мек­тің ны­са­ны Са­тып алы­на­тын ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның са­ны 2 Ден­са­улық сақ­тау ұй­ы­мын­да­ғы ұқсас және (неме­се) бір­дей ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка ту­ра­лы ақ­па­рат: Ұқсас және (неме­се) бір­дей ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның ата­уы (мо­де­лі, өн­ді­ру­ші­сі, елі) 3 Сұ­ра­ты­л­ған ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ға жос­пар­лан­ған ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­тер бой­ын­ша ақ­па­рат Функ­ци­о­нал­дық мақ­са­тын ег­жей-тег­жей­лі си­паттай оты­рып, ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­тер­дің ата­уы (сұ­ра­ты­л­ған ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ға көр­се­ту­ге жос­пар­лан­ған) Сұ­ра­ты­ла­тын ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ға жы­лы­на көр­се­ті­ле­тін ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­тер­дің жос­пар­ла­на­тын са­ны Сұ­ра­ты­л­ған ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ны пай­да­ла­ну қа­жет бө­лім­ше неме­се но­зо­ло­гия 4 Сұ­ра­ты­л­ған ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ны пай­да­ла­ну үшін ден­са­улық сақ­та­уды ұй­ым­да­сты­ру шар­тта­ры Бөл­ме-жай­дың ауда­ны (ш.м.) (бө­лім­ше неме­се ка­би­нет) Бөл­ме-жай­дың би­ік­ті­гі Еден­ге жүк­те­ме Электр­мен жаб­дық­тау Ерекше па­ра­метр­лер (бар болған жағ­дай­да) 5 Бе­ру мер­зі­мі Бе­ру мер­зі­мі ағым­да­ғы жыл­дың «10» жел­тоқ­са­ны­нан ке­шік­тір­мей 6 Бе­ру шар­тта­ры DDP 7 Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ны бе­ру ме­кен­жайы 8 Өнім бе­ру­ші­нің, оның Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы сер­ви­стік ор­та­лық­та­ры­ның не үшін­ші құ­зы­рет­ті тұ­лға­лар­ды тар­та оты­рып, ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ға ке­піл­дік­ті сер­ви­стік қыз­мет көр­се­ту жағ­дай­ла­ры Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ға 37 ай­дан кем емес мер­зім­де ке­піл­ді сер­ви­стік қыз­мет көр­се­ту. Ке­піл­дік­тен кей­ін­гі сер­ви­стік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі __ ай­ды құ­рай­ды (уәкі­лет­ті ор­ган ай­қын­дай­ды). Жос­пар­лы тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту тоқ­са­ны­на ке­мін­де 1 рет жүр­гі­зі­луі ти­іс. Тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту бой­ын­ша жұ­мыстар пай­да­ла­ну құ­жат­та­ма­сы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес орын­да­ла­ды және мы­на­лар­ды қам­туы ти­іс: - пай­да­ла­ны­л­ған ре­сур­стық құ­рам­дас бө­лік­тер­ді ауы­сты­ру; - ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның же­ке­ле­ген бө­лік­те­рін ауы­сты­ру неме­се қал­пы­на кел­ті­ру; - ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ны бап­тау және рет­теу; осы ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ға тән жұ­мыстар - негіз­гі ме­ха­низмдер мен то­рап­тар­ды та­за­лау, май­лау және қа­жет болған кез­де ірік­теу; - ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка кор­пу­сы­ның сырт­қы және іш­кі бет­те­рі­нен оның құ­рам­дас бө­лік­те­рі­нің ша­ңын, кі­рін, тот­та­ну және то­тығу із­де­рін жою (іші­на­ра бл­ок­тық-то­рап­тық бөл­шек­те­умен); - ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның нақ­ты тү­ріне тән пай­да­ла­ну құ­жат­та­ма­сын­да көр­се­ті­л­ген өзге де опе­ра­ци­я­лар. 9 Іле­с­пе қыз­мет­тер­ге қой­ы­ла­тын та­лап­тар Та­у­ар­дың әр­бір жиын­тығы мәті­ні­нің қа­зақ неме­се орыс тіл­де­ріне аудар­ма­сы бар тех­ни­ка­лық және пай­да­ла­ну құ­жат­та­ма­сы­ның жиын­тығ­ы­мен жаб­дық­та­ла­ды. Та­у­ар­лар­ды өт­кі­зу Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. Бе­ру жиын­тығы осы кесте­нің әр­бір тар­ма­ғы (жиын­тық неме­се жаб­дық бір­лі­гі) үшін та­у­ар­дың және бар­лық жиын­тық­тың нақ­ты тех­ни­ка­лық си­патта­ма­ла­рын көр­се­те оты­рып си­патта­ла­ды. Егер тех­ни­ка­лық ерекше­лік­те өзге­ше көр­се­тіл­ме­се, қо­сым­ша адап­тер­лер­сіз неме­се транс­фор­ма­тор­лар­сыз, электр қу­а­ты 220 Вольт. Ас­пап­тар­мен бір­ге бе­рі­ле­тін, Тап­сы­рыс бе­ру­ші­нің ор­на­ты­л­ған жабды­ғы­ның бағ­дар­ла­ма­лық жа­сақ­та­ма­мен үй­ле­сім­ді бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым. Өнім бе­ру­ші та­у­ар­ды бе­ру про­це­сін бі­лік­ті ма­ман­дар­мен сүй­е­мел­де­уді қам­та­ма­сыз ете­ді. Та­у­ар­ды бе­ру­ді жү­зе­ге асы­ру ке­зін­де Өнім бе­ру­ші Тап­сы­рыс бе­ру­ші­ге та­у­ар­дың бағ­дар­ла­ма­лық жа­сақ­та­ма­сы­на қол жет­кі­зу үшін бар­лық сер­вис-код­тар­ды ұсы­на­ды. Өл­шеу құ­рал­да­ры­на жа­та­тын та­у­ар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның өл­шеу құ­рал­да­ры­ның ті­зі­лі­міне ен­гі­зі­лу­ге ти­іс. Жаб­дық ор­на­ты­л­ған­ға дей­ін күн­тіз­бе­лік 40 (қы­рық) күн­нен ке­шік­тір­мей Өнім бе­ру­ші Тап­сы­рыс бе­ру­ші­ні жаб­дық­ты сәт­ті іс­ке қо­су үшін қа­жет­ті ин­стал­ля­ция ал­дын­да­ғы та­лап­тар ту­ра­лы ха­бар­дар ете­ді. Есік­тер­дің стан­дарт­ты ой­ық­та­ры­нан өте­тін (ені 80 сан­ти­метр, би­ік­ті­гі 200 сан­ти­метр) сырт­қы га­ба­рит­те­рі бой­ын­ша үй-жай­ды ин­стал­ля­ци­я­лау ал­дын­да­ғы дай­ын­дық­пен күр­де­лі мон­таж­дау жұ­мыста­рын жүр­гі­зу­ді бо­лжа­май­тын ірі жаб­дық. Жаб­дық­ты жұ­мыс ор­ны­на жет­кі­зу­ді, тү­сі­ру­ді, ас­пап­тар­ды қап­та­ма­дан алу­ды, ор­на­ту­ды, рет­те­уді және іс­ке қо­су­ды, олар­дың си­патта­ма­ла­ры­ның осы құ­жат­қа және фир­ма­ның ерекше­лі­гіне (дәл­дік, се­зім­тал­дық, өнім­ді­лік және бас­қа­лар) сәй­кест­і­гін тек­се­ру­ді, штат­та ти­іс­ті ма­ман­дар, өн­ді­ру­ші­нің қыз­мет­кер­ле­рі бол­ма­ған кез­де, Тап­сы­рыс бе­ру­ші­нің ме­ди­ци­на­лық (ап­пли­ка­ци­я­лық тре­нинг) және тех­ни­ка­лық пер­со­нал­ды оқы­ту­ды (рас­тай­тын құ­жат бе­ре оты­рып, қыз­мет көр­се­ту­дің ба­за­лық дең­гей­іне) Өнім бе­ру­ші жү­зе­ге асы­ра­ды.
Басқа 29. Сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканың әлеуетті өнім берушісінің өтінімі
Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде, бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына 29-қосымша Нысан Сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканың әлеуетті өнім берушісінің өтінімі ______________________________________ (әлеуетті өнім берушінің атауы) сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы беруге өтінім Интернет-ресурстағы хабарландыру № _________________ р/с № Сер­ви­стік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі ұзар­ты­л­ған ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ны бе­ру­ге ар­нал­ған өті­нім­нің маз­мұ­ны Маз­мұ­ны (әле­ует­ті өнім бе­ру­ші тол­ты­ру үшін) 1 Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның са­уда­лық ата­уы 2 Си­патта­ма­сы Тех­ни­ка­лық ерекше­лік­ке сәй­кес 3 Тір­кеу ку­ә­лі­гі/бір­жол­ғы әке­лу­ге рұқ­сат бой­ын­ша өн­ді­ру­ші 4 Тір­кеу ку­ә­лі­гі/бір­жол­ғы әке­лу­ге рұқ­сат бой­ын­ша өн­ді­ру­ші елі 5 Тір­кеу ку­ә­лі­гі­нің (ку­ә­лік­тер­дің)/бір­жол­ғы әке­лу­ге рұқ­сат­тың № 6 Өл­шем бір­лік­тер­де­гі са­ны (бір­лік) 7 Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ны жет­кіз­ген сәт­тен ба­стап 37 ай ішін­де сер­ви­стік қыз­мет көр­се­ту­ді қо­са ал­ған­да, бар­лық қа­жет­ті іле­с­пе қыз­мет­тер­дің құ­нын ес­ке­ре оты­рып, жет­кі­зу пунк­тіне (пункт­те­ріне) дей­ін DDP ИН­КО­ТЕРМС 2020 шар­тта­рын­да тең­ге­мен бір­лік ба­ға­сы 8 Сер­ви­стік қыз­мет көр­се­ту­дің ке­піл­дік бе­рі­л­ген мер­зі­мі өт­кен­нен кей­ін­гі мер­зім­ге тең­ге­мен сер­ви­стік қыз­мет көр­се­ту­ге ар­нал­ған ба­ға (37 ай­дан астам) 9 Әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­нің та­сы­мал­да­у­ға, сақ­тан­ды­ру­ға, ке­ден­дік баж­дар­ды, ҚҚС-ты және бас­қа да са­лық­тар­ды, тө­лем­дер мен алым­дар­ды тө­ле­у­ге ар­нал­ған бар­лық шы­ғы­ста­рын, бас­қа да шы­ғы­стар­ды қо­са ал­ған­да, жет­кі­зу пунк­тіне (пункт­те­ріне) дей­ін DDP ИН­КО­ТЕРМС 2020 бе­ру шар­тта­ры­мен тең­ге­мен жет­кі­зу со­ма­сы *(Ке­ле­сі фор­му­ла бой­ын­ша есеп­те­ле­ді: (7-ба­ған + 8-ба­ған) * 6-ба­ған) Күні «___» ____________ 20___ ж. Лауазымы, Т.А.Ә. _________________ __________________
Басқа 30. Әлеуетті өнім берушілердің техникалық ерекшелігінің функционалдық параметрлерін салыстырмалы талдау бойынша қорытынды №___________ «____» __________20___ жылғы
Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде, бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына 30-қосымша Нысан Әлеуетті өнім берушілердің техникалық ерекшелігінің функционалдық параметрлерін салыстырмалы талдау бойынша қорытынды №___________ «____» __________20___ жылғы 1. Жал­пы ақ­па­рат: 2. Өті­нім­ді алу кү­ні – 3. Ағым­да­ғы да­та - 4. Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның ата­уы– 5. Жүр­гі­зі­л­ген са­рап­та­ма­ның қо­ры­тындысы: Әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­лер­дің ата­уы Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның тех­ни­ка­лық ерекше­лі­гі­нің па­ра­метр­ле­рі­нің жал­пы мән­де­рі № Құ­рам­дас бөл­шек­тер­дің ата­уы Құ­рам­дас бөл­шек­тер­дің са­ны (бір­лік) Тех­ни­ка­лық ерекше­лік­тен ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның са­лы­сты­ры­ла­тын па­ра­метр­ле­рі Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның мо­де­лі 1 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тір­кел­ген ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның тех­ни­ка­лық си­патта­ма­сы па­ра­метр­ле­рі­нің мән­де­рі: мо­де­лі_________, өн­ді­ру­ші, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның тір­кеу ку­ә­лі­гі­нің нө­мі­рі ____ Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның мо­де­лі 2 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тір­кел­ген ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның тех­ни­ка­лық си­патта­ма­сы па­ра­метр­ле­рі­нің мән­де­рі: мо­де­лі_________, өн­ді­ру­ші, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның тір­кеу ку­ә­лі­гі­нің нө­мі­рі ____ … 1 2 … Ке­піл­ден­ді­рі­л­ген сер­ви­стік қыз­мет көр­се­ту­ді ес­ке­ре оты­рып, ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның құ­ны _____ тең­ге (ариф­ме­ти­ка­лық ор­та­ша құ­ны) Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ны пай­да­ла­ну­дың бар­лық мер­зі­міне ке­піл­дік­тен кей­ін­гі сер­ви­стік қыз­мет көр­се­ту құ­ны (37 ай­дан астам) _____ тең­ге (ариф­ме­ти­ка­лық ор­та­ша құ­ны) Бар­лық шы­ғын­дар­ды ес­ке­ре оты­рып, ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ны бе­ру­дің жал­пы құ­ны _____ тең­ге (сер­ви­стік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі ұзар­ты­л­ған ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ны са­тып алу­ға ар­нал­ған со­ма) Сер­ви­стік қыз­мет көр­се­ту­дің ке­піл­дік бе­рі­л­ген мер­зі­мін ес­ке­ре оты­рып, ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ға ке­піл­дік­тен кей­ін­гі сер­ви­стік қыз­мет көр­се­ту құ­ны­ның ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка құ­ны­на ара­қа­ты­на­сы __ % (ке­піл­дік­тен кей­ін­гі сер­ви­стік қыз­мет көр­се­ту құ­ны­ның ор­та­ша пай­ы­зы) Са­рап­шы­________________________________________________________­__ те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар болған жағ­дай­да) қо­лы Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы неме­се оны ал­ма­сты­ра­тын адам _______________________________________________________________­_­__ те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар болған жағ­дай­да) қо­лы
Басқа 31. Сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканың техникалық ерекшелігі
Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде, бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына 31-қосымша Нысан Сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканың техникалық ерекшелігі р/с № Өл­шем­шар­ттар Си­паттау 1 Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның ата­уы 2 Жиын­тық­та­у­ға та­лап­тар р/с № Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның құ­рам­дас бөл­шек­те­рі­нің ата­уы Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның құ­рам­дас бөл­шек­те­рі­нің тех­ни­ка­лық си­патта­ма­сы Та­лап еті­ле­тін са­ны (өл­шем бір­лі­гін көр­се­те оты­рып) Негіз­гі жиын­тық­та­у­шы­лар Қо­сым­ша жиын­тық­та­у­шы­лар Шы­ғыс ма­те­ри­ал­да­ры және то­за­тын түй­ін­дер 3 Пай­да­ла­ну шар­тта­ры­на қой­ы­ла­тын та­лап­тар 4 Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ны бе­ру­ді жү­зе­ге асы­ру шар­тта­ры (ИН­КО­ТЕРМС 2020 сәй­кес) DDP бел­гі­лен­ген пункт 5 Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ны бе­ру мер­зі­мі және ор­на­лас­қан же­рі ___күн­тіз­бе­лік күн­нен ке­шік­тір­мей «__»_________ ж. Ме­кен­жайы: 6 Өнім бе­ру­ші­нің, оның Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы сер­ви­стік ор­та­лық­та­ры­ның не үшін­ші құ­зы­рет­ті тұ­лға­лар­ды тар­та оты­рып, ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ға ке­піл­дік­ті сер­ви­стік қыз­мет көр­се­ту жағ­дай­ла­ры Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ға 37 ай­дан кем емес мер­зім­де ке­піл­ді сер­ви­стік қыз­мет көр­се­ту. Ке­піл­дік­тен кей­ін­гі сер­ви­стік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі __ ай­ды құ­рай­ды. Са­рап­та­ма ұй­ы­мы­ның қо­ры­тындыс­ы­на сәй­кес, ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ға ке­піл­дік­тен кей­ін­гі сер­ви­стік қыз­мет көр­се­ту құ­ны лот­тың жал­пы құ­ны­нан __% құ­рай­ды. Жос­пар­лы тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту тоқ­са­ны­на ке­мін­де 1 рет жүр­гі­зі­луі ти­іс. Тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту бой­ын­ша жұ­мыстар пай­да­ла­ну құ­жат­та­ма­сы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес орын­да­ла­ды және мы­на­лар­ды қам­туы ти­іс: - пай­да­ла­ны­л­ған ре­сур­стық құ­рам­дас бө­лік­тер­ді ауы­сты­ру; - ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның же­ке­ле­ген бө­лік­те­рін ауы­сты­ру неме­се қал­пы­на кел­ті­ру; - ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ны бап­тау және рет­теу; осы ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ға тән жұ­мыстар - негіз­гі ме­ха­низмдер мен то­рап­тар­ды та­за­лау, май­лау және қа­жет болған кез­де ірік­теу; - ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка кор­пу­сы­ның сырт­қы және іш­кі бет­те­рі­нен оның құ­рам­дас бө­лік­те­рі­нің ша­ңын, кі­рін, тот­та­ну және то­тығу із­де­рін жою (іші­на­ра бл­ок­тық-то­рап­тық бөл­шек­те­умен); - ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның нақ­ты тү­ріне тән пай­да­ла­ну құ­жат­та­ма­сын­да көр­се­ті­л­ген өзге де опе­ра­ци­я­лар. 7 Іле­с­пе қыз­мет­тер­ге қой­ы­ла­тын та­лап­тар Та­у­ар­дың әр­бір жиын­тығы мәті­ні­нің қа­зақ неме­се орыс тіл­де­ріне аудар­ма­сы бар тех­ни­ка­лық және пай­да­ла­ну құ­жат­та­ма­сы­ның жиын­тығ­ы­мен жаб­дық­та­ла­ды. Та­у­ар­лар­ды өт­кі­зу Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. Бе­ру жиын­тығы осы кесте­нің әр­бір тар­ма­ғы (жиын­тық неме­се жаб­дық бір­лі­гі) үшін та­у­ар­дың және бар­лық жиын­тық­тың нақ­ты тех­ни­ка­лық си­патта­ма­ла­рын көр­се­те оты­рып си­патта­ла­ды. Егер тех­ни­ка­лық ерекше­лік­те өзге­ше көр­се­тіл­ме­се, қо­сым­ша адап­тер­лер­сіз неме­се транс­фор­ма­тор­лар­сыз, электр қу­а­ты 220 Вольт. Ас­пап­тар­мен бір­ге бе­рі­ле­тін, Тап­сы­рыс бе­ру­ші­нің ор­на­ты­л­ған жабды­ғы­ның бағ­дар­ла­ма­лық жа­сақ­та­ма­мен үй­ле­сім­ді бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым. Өнім бе­ру­ші та­у­ар­ды бе­ру про­це­сін бі­лік­ті ма­ман­дар­мен сүй­е­мел­де­уді қам­та­ма­сыз ете­ді. Та­у­ар­ды бе­ру­ді жү­зе­ге асы­ру ке­зін­де Өнім бе­ру­ші Тап­сы­рыс бе­ру­ші­ге та­у­ар­дың бағ­дар­ла­ма­лық жа­сақ­та­ма­сы­на қол жет­кі­зу үшін бар­лық сер­вис-код­тар­ды ұсы­на­ды. Өл­шеу құ­рал­да­ры­на жа­та­тын та­у­ар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның өл­шеу құ­рал­да­ры­ның ті­зі­лі­міне ен­гі­зі­лу­ге ти­іс. Жаб­дық ор­на­ты­л­ған­ға дей­ін күн­тіз­бе­лік 40 (қы­рық) күн­нен ке­шік­тір­мей Өнім бе­ру­ші Тап­сы­рыс бе­ру­ші­ні жаб­дық­ты сәт­ті іс­ке қо­су үшін қа­жет­ті ин­стал­ля­ция ал­дын­да­ғы та­лап­тар ту­ра­лы ха­бар­дар ете­ді. Есік­тер­дің стан­дарт­ты ой­ық­та­ры­нан өте­тін (ені 80 сан­ти­метр, би­ік­ті­гі 200 сан­ти­метр) сырт­қы га­ба­рит­те­рі бой­ын­ша үй-жай­ды ин­стал­ля­ци­я­лау ал­дын­да­ғы дай­ын­дық­пен күр­де­лі мон­таж­дау жұ­мыста­рын жүр­гі­зу­ді бо­лжа­май­тын ірі жаб­дық. Жаб­дық­ты жұ­мыс ор­ны­на жет­кі­зу­ді, тү­сі­ру­ді, ас­пап­тар­ды қап­та­ма­дан алу­ды, ор­на­ту­ды, рет­те­уді және іс­ке қо­су­ды, олар­дың си­патта­ма­ла­ры­ның осы құ­жат­қа және фир­ма­ның ерекше­лі­гіне (дәл­дік, се­зім­тал­дық, өнім­ді­лік және бас­қа­лар) сәй­кест­і­гін тек­се­ру­ді, штат­та ти­іс­ті ма­ман­дар, өн­ді­ру­ші­нің қыз­мет­кер­ле­рі бол­ма­ған кез­де, Тап­сы­рыс бе­ру­ші­нің ме­ди­ци­на­лық (ап­пли­ка­ци­я­лық тре­нинг) және тех­ни­ка­лық пер­со­нал­ды оқы­ту­ды (рас­тай­тын құ­жат бе­ре оты­рып, қыз­мет көр­се­ту­дің ба­за­лық дең­гей­іне) Өнім бе­ру­ші жү­зе­ге асы­ра­ды.
Басқа 32. Медициналық техниканың тізбесі
Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде, бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына 32-қосымша Нысан Медициналық техниканың тізбесі № Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның ата­уы Ба­ға­сы (тең­ге) Са­ны Со­ма­сы (тең­ге) Бе­ру шар­тта­ры Тап­сы­рыс бе­ру­ші­нің ата­уы Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ны бе­ру ме­кен­жайы Тө­лем шар­тта­ры Бе­ру мер­зі­мі, күн­тіз­бе­лік күн «__» ______ ж. ке­шік­тір­мей Ал­дын ала тө­лем­сіз
Басқа 33. Сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы сатып алудың үлгі шарты (тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында)
Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде, бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына 33-қосымша Нысан Сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы сатып алудың үлгі шарты (тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында) __________________ (орналасқан жері) «___» __________ _____ж. Бұдан әрі Тапсырыс беруш» деп аталатын ___________, _________________ атынан, __________ негізінде әрекет ететін, бір тараптан және бұдан әрі Өнім беруші деп аталатын ___________, _______________ атынан, __________________ негізінде әрекет ететін, екінші тараптан, бірлесіп «Тараптар» деп аталып, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде, бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес, № _______ конкурс (тендер) қорытындыларының хаттамасын (бұдан әрі – Хаттама) назарға ала отырып, төмендегілер туралы осы сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы сатып алудың ұзақ мерзімді шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты:
Тарау 1. 1-тарау. Шарттың мәні
1-тарау. Шарттың мәні
Тармақ 1
1. Өнім беруші Тапсырыс берушіге: ___________ мекенжайы бойынша Шарт жасалған сәттен бастап _____ күнтізбелік күн ішінде, Шартқа 1-қосымшаға сәйкес жиынтықта және Шартқа 2-қосымшада көзделген техникалық ерекшелікке сәйкес медициналық техниканы (бұдан әрі – Тауар) беруге, Тауарды монтаждауды, іске қосу-баптау жұмыстарын және Тапсырыс берушінің медициналық персоналын Тауарды пайдалану бойынша оқытуды жүзеге асыруға, Шартқа 3-қосымшаға және (немесе) 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Шарт бойынша Тауарды жеткізу және сервистік қызмет көрсету туралы есептерді Бірыңғай дистрибьюторға беруге, Тапсырыс беруші Тауарды Өнім берушіден қабылдауға және Шартта көзделген тәртіппен Өнім берушінің банктік шотына ақша аудару жолымен оны төлеуге міндеттенеді.
Тарау 2. 2-тарау. Шарттың бағасы
2-тарау. Шарттың бағасы
Тармақ 2
2. Шарттың бағасы ____________________________ теңгені ( цифрмен және жазумен) құрайды, оның ішінде:
Тармақша 1
1) кепілді сервистік қызмет көрсетуді ескере отырып, медициналық техниканың құны _____________ (цифрмен және жазумен) теңге мөлшерінде;
Тармақша 2
2) кепілдіктен кейінгі сервистік қызмет көрсету құны ______(санмен және жазумен) теңге. Бұл ретте кепілдіктен кейінгі сервистік қызмет көрсету құны лоттың техникалық ерекшелігіне сәйкес сервистік қызмет көрсетудің кепілдіктен кейінгі мерзімі құнының пайызын лоттың жалпы құнынан алу жолымен айқындалады.
Тармақ 2.2
2.2. Шарттың бағасы өнім берушінің барлық шығындарын, шығыстарын және өзге де шығыстарын қоса алғанда, оның ішінде осы Шарттың орындалуына байланысты ілеспе шығыстарды, жабдықты жеткізу, монтаждау және орнату, тауардың жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтердің, жоспарлы және шұғыл жөндеу үшін қажетті салық салуды, материалдар мен қосалқы бөлшектерді қоса алғанда, құнын қамтиды.
Тармақ 2.3
2.3. Тауардың бағасы хаттама негізінде Шартқа 1-қосымшада көзделген және Қағидаларда көзделген жағдайларды қоспағанда, Шарттың қолданылу мерзімі ішінде өзгеріссіз қалады.
Тармақ 2.4
2.4. Шартты орындаумен байланысты салынатын салықты Тараптар Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргізеді.
Тарау 3. 3-тарау. Төлем тәртібі
3-тарау. Төлем тәртібі
Тармақ 3.1
3.1. Шарт бойынша тауарға ақы төлеуді Тапсырыс беруші Шартта көрсетілген Өнім берушінің банктік шотына ақша аудару жолымен мынадай тәртіппен жүргізеді:
Тармақша 1
1) Тапсырыс беруші Өнім берушіге осы Шарттың 2.1-тармақтың
Тармақша 1
1) тармақшасына сәйкес кепілді сервистік қызмет көрсетуді ескере отырып, тауарды қабылдау-берудің тиісті актісіне қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оны жеткізу фактісі бойынша медициналық техниканың құнын төлейді;
Тармақша 2
2) кепілдіктен кейінгі сервистік қызмет көрсету құнын Тапсырыс беруші Шарттың 7-тарауына сәйкес өнім берушінің жауапкершілік сомасын шегергенде, Тапсырыс беруші қабылдаған орындалған жұмыстар актілерінің негізінде тоқсанына 1 (бір) рет төлейді.
Тарау 4. 4-тарау. Тауарды беру
4-тарау. Тауарды беру
Тармақ 4.1
4.1. Тауарды беру және қабылдау осы Шарттың және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 4.2
4.2. Тауарды беру басталғанға дейін 10 (он) жұмыс күні бұрын Өнім беруші Тапсырыс берушіге Шарттың нөмірі мен күнін, берілетін Тауардың атауын көрсете отырып, алдағы жеткізілім туралы жазбаша түрде хабарлауға міндетті.
Тармақ 4.3
4.3. Егер Тауарды монтаждау үшін бөлме жайды арнайы дайындау талап етілсе, Өнім беруші Шартқа қол қойылған сәттен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде және медициналық техниканы беру басталғанға дейін күнтізбелік кемінде 40 (қырық) күн бұрын бөлме жайды дайындау қажеттігі туралы Тапсырыс берушіні жазбаша хабардар етеді және медициналық техниканы монтаждау үшін талаптарды хабарлайды.
Тармақ 4.4
4.4. Тапсырыс беруші медициналық техниканы беру басталғанға дейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей Өнім берушіні арнайы бөлме жайдың дайындығы және Тауарды монтаждау үшін жағдайлар туралы жазбаша хабардар етеді.
Тармақ 4.5
4.5. Тауарды беруді Өнім беруші тікелей тапсырыс берушіге тасымалдау кезінде тауардың бүлінуіне немесе бүлінуіне жол бермейтін қаптамада шартта көзделген мөлшерде және мерзімдерде жүзеге асырады.
Тармақ 4.6
4.6. Тауардың қаптамасын және ыдысын таңбалау, сондай-ақ ішіндегі және сыртындағы құжаттама тауарды беру сәтінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Тармақ 4.7
4.7. Өнім беруші Шарт шеңберінде берілетін Тауардың конструкциялар мен материалдардың барлық соңғы модификацияларын көрсететін жаңа, пайдаланылмаған, ең жаңа не сериялық модель болып табылатынына кепілдік береді, бұл ретте Өнім беруші өнім беру сәтіне дейін 24 (жиырма төрт) айдан ерте емес өндірілген Тауарды беру бойынша міндеттемелерді өзіне қабылдайды.
Тармақ 4.8
4.8. Өнім беруші Шарт бойынша берілген Тауардың қалыпты пайдалану кезінде конструкцияға, материалдарға немесе жұмысқа байланысты ақаулары болмауын қамтамасыз етеді.
Тармақ 4.9
4.9. Тауар Тауар өндірушінің техникалық және (немесе) пайдалану құжаттамасын қазақ және (немесе) орыс тілінде қамтуға тиіс.
Тармақ 4.10
4.10. Тауарды саны мен сапасы бойынша қабылдауды Тапсырыс беруші мен Өнім беруші беру сәтінде олардың өкілдері Шартқа 5-қосымшаға сәйкес тауарды қабылдау-беру актісіне қол қою арқылы жүргізеді.
Тармақ 4.11
4.11. Қабылдау-беру актісіне Тапсырыс беруші мен Өнім беруші қол қояды және Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан 2 (екі) данада жасалады.
Тармақ 4.12
4.12. Тапсырыс беруші мен Өнім берушінің тауарды қабылдау-беру актісіне қол қойған күні Тауарды жеткізу күні болып есептеледі. Егер Шартты орындау кезеңінде кез келген сәтте өнім беруші Тауарды уақтылы жеткізуге мүмкіндік бермейтін жағдайларға кез болса, онда ол Тапсырыс берушіге (көшірмесі – Бірыңғай дистрибьюторға) кешіктіру фактісі, оның болжамды ұзақтығы және кешіктіру себебі туралы жазбаша хабарлама жіберуге міндеттенеді.
Тармақ 4.13
4.13. Шарт бойынша берілетін Тауар Өнім беруші берген Тапсырыс беруші қабылдаған болып есептеледі:
Тармақша 1
1) Тауарды қабылдау-беру актісінде көрсетілген сан бойынша монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізгеннен кейін;
Тармақша 2
2) сатып алынатын Тауарды жиынтықтауға сәйкес жинақтау бойынша;
Тармақша 3
3) техникалық ерекшелікте көрсетілген сапа, тіркеу куәлігінің нөмірі мен қолданылу мерзімі және Тауардың әрбір атауына Тауардың қауіпсіздігі мен сапасы туралы қорытынды бойынша.
Тармақ 4.14
4.14. Өнім беруші Тауармен жұмыс істеу, Тауарды монтаждау, орнату, баптау және қосу үшін персоналды оқытуға құжаттамалық растамасы бар білікті мамандардың Тауарды жеткізу және монтаждау процесін сүйемелдеуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 4.15
4.15. Тауарды беруді жүзеге асыру кезінде Өнім беруші Тапсырыс берушіге Тауарды бағдарламалық қамтамасыз етуге қол жеткізу үшін сервис-кодтарды ұсынады.
Тармақ 4.16
4.16. Тапсырыс беруші сервистік қызмет көрсетудің кепілдіктен кейінгі мерзімі аяқталғанға дейін Шарттың 1-тарауында көрсетілген мекенжай бойынша тауардың орналасқан жерін және пайдаланылуын қамтамасыз етуге міндеттенеді. Объективті қажеттілік кезінде қайта орналастыру Өнім берушімен келісу бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 4.17
4.17. Берілген Тауардың саны мен сапасы бойынша ілеспе құжаттарға сәйкессіздігі анықталған кезде бұл сәйкессіздіктер шартқа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сәйкессіздіктер туралы актіде көрсетіледі.
Тармақ 4.18
4.18. Өнім беруші осы Шартқа 6-қосымшаға сәйкес берілген Тауарға Тапсырыс берушінің барлық ескертулерін күнтізбелік __ (______) күн ішінде жоюға міндеттенеді.
Тармақ 4.19
4.19. Тапсырыс берушінің мамандарына Тауарды пайдалану қағидаларына нұсқау беру бойынша қызметтерді Өнім беруші көрсетеді не осындай жұмыстарды орындауға/қызметтер көрсетуге қажетті рұқсаттары/лицензиялары бар бірлесіп орындаушыларды тарта отырып орындайды.
Тармақ 4.20
4.20. Тапсырыс берушінің Тауарды пайдаланатын мамандарына нұсқау беру Тауарды өндірушінің (дайындаушының) техникалық және (немесе) пайдалану құжаттамасында көзделген Тауарды пайдалану қағидалары туралы, Тауарды өндірушінің (дайындаушының) техникалық және (немесе) пайдалану құжаттамасында көзделген көлемде және тәртіппен нұсқауды қамтиды.
Тармақ 4.21
4.21. Өнім беруші берілген Тауардың әрбір бірлігіне қатысты Тапсырыс берушінің кемінде 2 (екі) маманының (дәрігерлерінің) және Тауарға ағымдағы бақылауды жүзеге асыру үшін кемінде 1 (бір) маман-инженердің (жоғары немесе арнаулы орта білімі бар маман-инженер болған кезде) Тауарды пайдалану қағидалары туралы нұсқау жүргізуге міндетті.
Тармақ 4.22
4.22. Егер Тапсырыс беруші мен Өнім беруші өзге мерзімді ескертпесе, оқыту Жабдықты қабылдау-беру актісіне Тараптар қол қойған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тармақ 4.23
4.23. Оқытудың (нұсқаудың) ұзақтығы кемінде 3 (үш) жұмыс күнін және күніне кемінде 3 (үш) сағатты құрайды.
Тармақ 4.24
4.24. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші оқуды аяқтағаннан кейін оқудан (нұсқаудан) өткен адамдар көрсетіліп және қолдары қойылып оқудан (нұсқаудан) өтуі туралы еркін нысанда акт жасалады.
Тармақ 4.25
4.25. Тапсырыс берушінің сұрауымен Өнім беруші Тапсырыс берушінің мамандарына көрсетілген сұрау салуды жібергеннен кейін 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде, бірақ жылына 1 (бір) реттен аспайтын нұсқау беруді (оқытуды) жүргізеді. Қосымша нұсқау қажет болған жағдайда оқыту Тараптардың келісуімен жүргізіледі.
Тарау 5. 5-тарау. Тауарға сервистік қызмет көрсету
5-тарау. Тауарға сервистік қызмет көрсету
Тармақ 5.1
5.1. Тауарға сервистік қызмет көрсету кепілді және кепілдіктен кейінгі сервистік қызмет көрсету болып бөлінеді.
Тармақ 5.2
5.2. Тауарға сервистік қызмет көрсету Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 5.3
5.3. Тауарға сервистік қызмет көрсету мыналардан тұрады:
Тармақша 1
1) Тауардың техникалық жай-күйін ағымдағы бақылау;
Тармақша 2
2) Тауардың техникалық жай-күйін мерзімді бақылау;
Тармақша 3
3) Тауарды ағымдағы және күрделі жөндеу.
Тармақ 5.4
5.4. Тауардың техникалық жай-күйін ағымдағы бақылауды Тапсырыс берушінің мамандары жүзеге асырады.
Тармақ 5.5
5.5. Тауардың техникалық жай-күйін ағымдағы бақылау мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) жұмыс орнын және Тауардың өзін сыртынан тексеру;
Тармақша 2
2) Тауарды жұмысқа дайындау кезінде қауіпсіздік шараларының сақталуын тексеру (желілік сымдар мен аспаптық ашалардың, аппараттардың жалғау сымдарының тұтастығы, қорғаныс экрандарының, қоршаулардың, қорғау құрылғыларының болуы);
Тармақша 3
3) Тауардың пайдалануға дайындығын тексеру (басқару органдарының, шығыс материалдарының бастапқы қалыптарын тексеру);
Тармақша 4
4) Тауардың жұмысқа қабілеттілігін, бағдарламалық қамтамасыз етудің, оның құрамдас бөліктері мен құрылғыларын қосу және тексеру, дабыл және бұғаттау органдары болған кезде Тауардың өзін-өзі тестілеу функциясы болған жағдайда өзін-өзі тестілеуді жүргізу.
Тармақ 5.6
5.6. Өнім беруші Тапсырыс берушіге Тауарды дұрыс және тиімді пайдалануға қатысты мәселелерде, оның ішінде қашықтықтан консультациялық көмек көрсетеді;
Тармақ 5.7
5.7. Тауардың техникалық жай-күйін мерзімді бақылауды Өнім берушінің білікті маманы сервистік қызмет көрсетудің соңғы күнінен бастап күнтізбелік 3 (үш) ай ішінде кемінде 1 (бір) рет немесе сервистік қызмет көрсетудің бүкіл мерзімі ішінде және Шартқа 4-қосымшаға сәйкес Тауарды қабылдау беру актісін жүзеге асырады.
Тармақ 5.8
5.8. Техникалық жай-күйді мерзімді бақылау мынадай жұмыс түрлерін қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
Тармақша 1
1) индикация мен дабылды тұтастығына, анық бекітілуіне, люфттардың болмауына, қорғаныс құрылғылары мен бұғаттаулардың іске қосылуына бақылау жасау;
Тармақша 2
2) жоғары тозуға ұшырайтын бөлшектердің, тораптардың, тетіктердің жай-күйін бақылау;
Тармақша 3
3) негізгі және қосалқы тораптардың, өлшеу, тіркеу және қорғау құрылғыларының жұмыс істеуін тексеру;
Тармақша 4
4) Тауардың электр қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін тексеру;
Тармақша 5
5) негізгі техникалық сипаттамаларды аспаптық бақылау пайдалану құжаттамасында көрсетілген Тауардың нақты түріне тән өзге де операциялар.
Тармақша 6
6) Тауардың техникалық жай-күйіне жүргізілген кезеңді бақылау Шартқа 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындалған жұмыстар актісімен ресімделеді.
Тармақ 5.9
5.9. Жөндеу жүргізу қажеттігі туралы шешім Тауардың техникалық жай-күйін бақылау нәтижелері бойынша айқындалады.
Тармақ 5.10
5.10. Тауардың техникалық жай-күйіне ағымдағы бақылауды жүзеге асыру кезінде сәйкессіздіктер, зауыттық/өндірістік ақаулар немесе бұзылулар анықталған кезде 7-қосымшаға сәйкес анықталған сәйкессіздіктер, ақаулар немесе бұзылулар жөнінде техникалық жай-күйі туралы журналға жазба енгізіледі және Тапсырыс берушінің өкілі Өнім берушіге жазбаша хабарлама түрінде өтінішті растай отырып, Өнім берушіні дереу хабардар етеді.
Тармақ 5.11
5.11. Өнім беруші Тапсырыс берушінің хабарламасын алғаннан кейін күнтізбелік 3 (үш) күннен кешіктірмей (егер хабарламада өзге мерзім көрсетілмесе) сервистік қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін өз өкілін жібереді.
Тармақ 5.12
5.12. Тауарды ағымдағы және (немесе) күрделі жөндеуді Өнім беруші Тауарды пайдалану орнында не Өнім берушінің өндірістік алаңдарында, жұмыстардың күрделілігіне, көлеміне және тауарды тасымалдау мүмкіндіктеріне қарай орындайды, ал Тауар шартқа 12-қосымшаға сәйкес қабылдау-беру актісімен беріледі. Тауарды жөндеу мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
Тармақша 1
1) жекелеген бөліктерді, бөлшектерді, оның ішінде істен шыққандарды ауыстыру немесе қалпына келтіру;
Тармақша 2
2) Тауардың бағдарламалық қамтамасыз етілуін өзекті және жарамды күйде ұстау;
Тармақша 3
3) осы Тауарға тән және өзге де баптау және реттеу;
Тармақша 4
4) негізгі тетіктер мен тораптарды тазалау, майлау және қажет болған жағдайда іріктеу;
Тармақша 5
5) Тауар корпусының сыртқы және ішкі беттерінен коррозия мен тотығуды жою;
Тармақша 6
6) пайдалану құжаттамасында көрсетілген Тауардың нақты түріне тән өзге де жұмыстар.
Тармақ 5.13
5.13. Жөндеу жүргізу кезінде Өнім беруші өндіруші зауыт шығарған қосалқы бөлшектер мен тораптарды пайдаланады немесе, Тапсырыс берушінің кінәсінен туындаған Тауардың зақымдануы анықталған, сондай-ақ Тапсырыс берушінің Тауарды өз бетінше жөндеу белгілері болған жағдайлардан басқа, Тапсырыс беруші тарапынан қандай да бір шығынсыз тауардың сапасының және басқа да техникалық сипаттамаларының нашарлауына әкеп соқпаса ақаулы Тауарды немесе оның бөліктерін жаңасына ауыстырады.
Тармақ 5.14
5.14. Тапсырыс беруші Тауарды пайдалану бойынша басшылықтың талаптарын сақтаған кезде Өнім беруші жөнделген тораптарға, ауыстырылған торапты (бөлікті) дайындаушы зауыт берген кепілді мерзімі бар Тауар бөлігіне кепілдік береді.
Тарау 6. 6-тарау. Кепілді сервистік қызмет көрсету
6-тарау. Кепілді сервистік қызмет көрсету
Тармақ 6.1
6.1. Кепілді сервистік қызмет көрсету осы Шарттың 5 және 6-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 6.2
6.2. Кепілді сервистік қызмет көрсетуді Өнім беруші тауарды қабылдау-беру актісіне қол қойылған күннен бастап 37 (отыз жеті) ай ішінде қамтамасыз етеді.
Тармақ 6.3
6.3. Кепілді сервистік қызмет көрсету нәтижелері бойынша Өнім беруші Шартқа 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тауарға сервистік қызмет көрсетудің орындалған жұмыстарының актісін жасайды, оған Тапсырыс беруші мен Өнім берушінің уәкілетті өкілдері Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан 2 (екі) данаға қол қояды.
Тармақ 6.4
6.4. Сапасы мен саны жақсарған, сондай-ақ бағасы, көлемі мен беру мерзімі сақталған кезде Тауарды немесе оның белгілі бір бөлігін Тауардың басқа атауымен ауыстыруға жол беріледі. Тауарды немесе оның бір бөлігін ауыстыру кезінде Шартқа 11-қосымшаға сәйкес ауыстыру актісі жасалады.
Тармақ 6.5
6.5. Өнім беруші осыған ұқсас жұмыс істеп тұрған Тауарды (жиынтықтауыштар, торап) ұсынбаған кезде, Өнім беруші Тауарды жөндеу кезеңіне кепілдікті сервистік қызмет көрсету мерзімін ұзартуға міндеттенеді.
Тарау 7. 7-тарау. Кепілдіктен кейінгі қызмет көрсету
7-тарау. Кепілдіктен кейінгі қызмет көрсету
Тармақ 7.1
7.1. Кепілдіктен кейінгі сервистік қызмет көрсету Шарттың 5 және 7-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 7.2
7.2. Кепілдіктен кейінгі сервистік қызмет көрсетуді Өнім беруші кепілді сервистік қызмет көрсету мерзімі аяқталған күннен бастап __(____________) ай ішінде қамтамасыз етеді.
Тармақ 7.3
7.3. Кепілдіктен кейінгі сервистік қызмет көрсету нәтижелері бойынша Өнім беруші Шартқа 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тауарға сервистік қызмет көрсетудің орындалған жұмыстарының актісін жасайды, оған Тапсырыс беруші мен Өнім берушінің уәкілетті өкілдері Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан 2 (екі) данаға қол қояды.
Тармақ 7.4
7.4. Тауардың жұмыс істемей тоқтап қалуына жол бермеу мақсатында хаттамаға сәйкес Тауарды жөндеуді жүзеге асырудың рұқсат етілген мерзімі жиынтығында Өнім беруші Тапсырыс берушіден Тауардың бұзылғаны туралы тиісті хабарламаны алған сәттен бастап қаржы тоқсанындағы ___ күнтізбелік күннен аспайды.
Тармақ 7.5
7.5. Тауар сынған және жөндеу қажет болған кезде сапасы мен саны жақсарған, сондай-ақ бағасы, көлемі мен беру мерзімі сақталған кезде Тауарды немесе оның белгілі бір бөлігін Тауардың басқа атауымен ауыстыруға жол беріледі. Тауарды немесе оның бір бөлігін ауыстыру кезінде Шартқа 11-қосымшаға сәйкес ауыстыру актісі жасалады.
Тармақ 7.6
7.6. Өнім беруші ұқсас жұмыс істейтін тауарды (жинақтауыштар, торап) ұсынбаған және 7.3-тармаққа сәйкес Тауардың рұқсат етілген тоқтап қалу мерзімінен асқан кезде Тапсырыс беруші Шартқа 9-қосымшаға сәйкес есептелетін Тауардың рұқсат етілген тоқтап қалу мерзімінен асқан уақыт үшін соманы ұстап қалады.
Тармақ 7.7
7.7. Тапсырыс берушінің кінәсінен Тауар сынған кезде Тауардың жұмыс істемеуі Тауардың жұмыс істемей тоқтап қалу кезеңін айқындау кезінде ескерілмейді.
Тарау 8. 8-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
8-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
Тармақ 8.1
8.1. Тапсырыс беруші:
Тармақша 1
1) Шартта белгіленген мерзімдерде Шарттың талаптарына сәйкес Өнім берушіге Шарттың құнын төлеуге;
Тармақша 2
2) Шарт бойынша жеткізілімге төлем жасау мерзімі бұзылған кезде Өнім берушінің пайдасына Шартта көзделген тұрақсыздық айыбын төлеуге;
Тармақша 3
3) Өнім берушіге Шарттың талаптарына сәйкес кепілді қамтамасыз етуді қайтаруға;
Тармақша 4
4) Шарт талаптарында көзделген өз міндеттемелерін орындауға;
Тармақша 5
5) Шарт Тараптарынан шағым, талаптар, жазбаша өтініштер алынған кезде 15 (он бес) жұмыс күні ішінде өтінішке жазбаша жауап беруге;
Тармақша 6
6) өз мамандарын (инженерлерді, мамандарды, қызметкерлерді) нұсқамадан (оқытудан, тренингтен) өту үшін жіберуге;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасында медициналық бұйымдарға сервистік қызмет көрсетуді жүзеге асыру қағидаларында айқындалған берілген Тауарды пайдалану шарттарын сақтауға;
Тармақша 8
8) Тауарды өз бетінше жөндеу жұмыстарын жүргізбеуге;
Тармақша 9
9) Тауарды монтаждау, орнату үшін бөлме-жайларды дайындауға;
Тармақша 10
10) Бірыңғай дистрибьюторға Тауарды беру күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Шартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тауарды беру туралы есеп беруге міндетті.
Тармақ 8.2
8.2. Тапсырыс беруші:
Тармақша 1
1) Өнім берушіден Шартта көзделген міндеттемелердің тиісінше орындалуын талап етуге;
Тармақша 2
2) сапасыз тауарды және тиісінше көрсетілмеген қызметтерді қабылдаудан бас тартуға және кемшіліктерді өтеусіз жоюды талап етуге, оның ішінде Шартқа сәйкес Тауарды ауыстыруды талап етуге;
Тармақша 3
3) Өнім берушіден Шарт бойынша міндеттемелерінің орындалуы туралы ақпарат сұратуға;
Тармақша 4
4) Өнім берушінің Шартта көзделген жағдайларда тұрақсыздық айыбын төлеуін талап етуге;
Тармақша 5
5) сервистік қызмет көрсету қажеттілігі туралы Өнім берушіге хабарлама жіберуге немесе жөндеу жүргізу үшін тауардың техникалық ақаулары туралы хабарлауға;
Тармақша 6
6) міндеттемелерді сапасыз орындау фактілері анықталған кезде Өнім берушіден жазбаша түрде түсініктеме беруді талап етуге құқылы.
Тармақ 8.3
8.3. Өнім беруші:
Тармақша 1
1) Шарт талаптарында көзделген өз міндеттемелерін орындауға;
Тармақша 2
2) Тапсырыс берушінің пайдасына осы Шарт жасалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Өнім берушінің Шарт бойынша міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуді Тапсырыс берушінің банк шотына банк кепілдігін немесе кепілді ақшалай жарна түрінде бағаның 3 (үш) пайызы мөлшерінде енгізуге;
Тармақша 3
3) Тапсырыс берушіге Шартта көрсетілген талаптарға сәйкес келетін Шартта көзделген мерзімдерде Тауар беруге;
Тармақша 4
4) Тапсырыс берушіге жазбаша өтініш жіберу жолымен Тауарды беру туралы Тапсырыс берушіні 5 (бес) жұмыс күні бұрын хабардар етуге;
Тармақша 5
5) Тауарды монтаждауды, Тапсырыс берушінің медициналық персоналын Тауарды беру орнында оны пайдалану бойынша іске қосу-баптау жұмыстарын және оқытуды Шартта көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асыруға;
Тармақша 6
6) Шартта көзделген тәртіпке сәйкес және мерзімдерде Тауарға кепілді және кепілдіктен кейінгі сервистік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға;
Тармақша 7
7) Шартта көзделген жағдайларда Тапсырыс берушінің пайдасына айыппұлдар мен тұрақсыздық айыбын төлеуге;
Тармақша 8
8) нысаналы мақсатына сәйкес Тауарды немесе оның бөліктерін пайдалану мүмкін еместігіне әкеп соғатын жасырын ақаулар болған кезде Өнім беруші Тауарды тиісті сападағы ұқсас техникаға ауыстыруға;
Тармақша 9
9) Тапсырыс берушінің мамандарына осы Шартта көзделген тәртіппен, мерзімдерде және шарттарда нұсқама беруді қамтамасыз етуге;
Тармақша 10
10) Тапсырыс берушінің сұрауы негізінде (жылына 1 реттен жиі емес) сұрау салуды жібергеннен кейін 30 (отыз) жұмыс күні ішінде Тапсырыс берушінің мамандарына нұсқама жүргізуге;
Тармақша 11
11) Тауарды беру және сервистік қызмет көрсету үшін білікті мамандарды (персоналды) пайдалануға;
Тармақша 12
12) Тауарды орнату және Тауарға сервистік қызмет көрсету кезінде жіберілген кемшіліктерді өз күшімен және өз есебінен жоюға;
Тармақша 13
13) Тауарды берген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Тапсырыс берушіге Өнім берушінің тауарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу регламентін ұсынуға;
Тармақша 14
14) Шарт Тараптарынан шағым, талаптар, жазбаша өтініштер алынған кезде 15 (он бес) жұмыс күні ішінде өтінішке жазбаша жауап беруге міндетті.
Тармақ 8.4
8.4. Өнім беруші:
Тармақша 1
1) Шартта көзделген мерзімдерде Тапсырыс берушіден осы Шартқа сәйкес төлем алуға;
Тармақша 2
2) Тапсырыс берушінің Шартта көзделген жағдайларда тұрақсыздық айыбын Өнім берушінің пайдасына төлеуін талап етуге
Тармақша 3
3) Шарт бойынша міндеттемелер толық орындалған кезде Өнім беруші ұсынған Шарт бойынша кепілді қамтамасыз етуді Тапсырыс берушіден қайтаруды талап етуге;
Тармақша 4
4) Тараптардың Шартқа сәйкес міндеттемелерін орындауын талап етуге;
Тармақша 5
5) Шарт бойынша өз міндеттемелерін жүзеге асыру үшін Тараптардан Тауарға қол жеткізуді талап етуге;
Тармақша 6
6) Шарттың талаптарына сәйкес сапасы, техникалық және функционалдық сипаттамалары Тауардың сапасымен және тиісті техникалық және функционалдық сипаттамаларымен салыстырғанда жақсартылған ұқсас Тауарды беруді жүзеге асыруға;
Тармақша 7
7) Тапсырыс беруші осы Шартта көзделген өз міндеттемелерін бұзуы Өнім берушінің міндеттемелерді орындау мерзімін кешіктіруіне себеп болатын жағдайларда өз міндеттемелерін орындау мерзімдерін тиісті кезеңге ұзартуды талап етуге құқылы.
Тарау 9. 9-тарау. Өзге жағдайлар
9-тарау. Өзге жағдайлар
Тармақ 9.1
9.1. Тараптар келіскен және қол қойған жазбаша өзгерістерді қоспағанда, Шарт құжаттарына ешқандай ауытқуларға немесе өзгерістерге (сызбалар, жобалар немесе техникалық ерекшеліктер, жөнелту, буып-түю әдісі, өнім беру орны немесе Өнім беруші ұсынатын қызметтер) жол берілмейді.
Тармақ 9.2
9.2. Егер кез келген өзгеріс Өнім берушіге Тауарды Шарт бойынша жеткізу үшін қажетті құнның немесе мерзімдердің азаюына әкеп соқтырса, онда Шарттың бағасы немесе екеуі де Шартқа тиісті өзгерістер енгізу жолымен тиісінше түзетіледі.
Тармақ 9.3
9.3. Шарттың орындалуын кепілді қамтамасыз ету мынадай тәртіппен қайтарылады: сервистік қызмет көрсетудің кепілді мерзімі аяқталғаннан кейін орындалған міндеттемеге барабар және сервистік қызмет көрсетудің кепілдіктен кейінгі мерзімі өткеннен кейін Шарт бойынша кепілді қамтамасыз етудің қалған сомасы.
Тармақ 9.4
9.4. Шарттың орындалуын кепілді қамтамасыз етуді Тапсырыс беруші Өнім берушіге:
Тармақша 1
1) Өнім берушінің Шарттық міндеттемелерді орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты Шартты бұзған;
Тармақша 2
2) Өнім беруші Шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған;
Тармақша 3
3) Шартта көзделген міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін айыппұл санкцияларын төлемеген жағдайларда қайтармайды;
Тармақ 9.5
9.5. Тауарды қабылдау-беру актісіне қол қойылған сәтке дейін Өнім беруші өз қалауы бойынша Тауарды сақтандыруды жүзеге асыруға құқылы. Тапсырыс беруші Тауарды қабылдау-беру актісіне қол қойылған сәттен бастап Тауардың кездейсоқ жойылу қаупін көтереді.
Тармақ 9.6
9.6. Өнім беруші диагностика және (немесе) жөндеу үшін берілген Тауардың кездейсоқ жойылуына немесе бүлінуіне жауап береді.
Тармақ 9.7
9.7. Тауарды пайдалану үшін қажетті шығын материалдарының бағасы Тауарға сервистік қызмет көрсету жұмыстарының көлеміне кірмейді.
Тарау 10. 10-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
10-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
Тармақ 10.1
10.1. Өнім берушіге Тапсырыс берушінің алдында Шарт талаптарын бұзғаны үшін мүліктік жауапкершіліктің мынадай түрлері жүктеледі:
Тармақша 1
1) Тауардың барлығын немесе бір бөлігін беруден бас тарту берілмеген (берілмей қалған) Тауар бағасының 10 (он) пайызы мөлшерінде айыппұл салу және алдын ала төлемді қайтару;
Тармақша 2
2) Шарт бұзылған кезде Тапсырыс берушіге Шарт бойынша алдын ала төлемді қайтармау мерзімі өткен әрбір күн үшін алдын ала төлем мөлшерінің 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызы мөлшерінде, бірақ алдын ала төлем мөлшерінің 10 (он) пайызынан аспайтын өсімпұл;
Тармақша 3
3) Тауарды Шартта көзделген мерзімде уақтылы бермеу, сондай-ақ сапасыз немесе ақаулы тауарды ауыстыру, оның кемшіліктерін жою мерзімдері бұзылған кезде мерзімі өткен әрбір күн үшін шарт бойынша берілмеген тауар бағасының 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызы мөлшерінде, бірақ Шарт бойынша берілмеген Тауар бағасының 10 (он) пайызынан аспайтын өсімпұл;
Тармақша 4
4) Тауарға кепілдікті қызмет көрсетуді уақтылы жүргізбеу – мерзімі өткен әрбір күн үшін Тауар бағасының 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызы мөлшерінде, бірақ Тауар бағасының 10 (он) пайызынан аспайтын өсімпұл.
Тармақ 10.2
10.2. Тауардың кездейсоқ жойылуы немесе бүлінуі, егер олар Тапсырыс берушінің не өзге де үшінші тұлғалардың (Өнім беруші тартқан тұлғаларды қоспағанда) әрекеттеріне, еңсерілмейтін күш жағдайларының басталуына байланысты туындаса, Өнім беруші жауап бермейді.
Тармақ 10.3
10.3. Тапсырыс беруші Өнім берушіге тұрақсыздық айыбын төлеуге арналған шотты жібереді, Өнім беруші оны алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде төлеуге міндетті.
Тармақ 10.4
10.4. Тапсырыс берушіге Өнім берушінің алдында Шарт талаптарын бұзғаны үшін мүліктік жауапкершіліктің мынадай түрлері жүктеледі:
Тармақша 1
1) Тауарды қабылдау-беру актісіне қол қоюдан негізсіз бас тарту Шарт бойынша тауар бағасының 10 (он) пайызы мөлшерінде айыппұл;
Тармақша 2
2) Шартта көрсетілген төлем тәртібін бұзғаны үшін мерзімі өткен әрбір күн үшін Шарт бойынша уақтылы төленбеген сома мөлшерінің 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайыз мөлшерінде, бірақ Шарт бойынша уақтылы төленбеген сома мөлшерінің 10 (он) пайызынан аспайтын тұрақсыздық айыбы;
Тармақша 3
3) сервистік қызмет көрсету бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қоюдан негізсіз бас тартқаны үшін тауар бағасының 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайыз мөлшерінде айыппұл.
Тармақ 10.5
10.5. Тапсырыс берушінің кінәсінен Тауарға залал келген кезде Тапсырыс берушінің шығыстарын толық көлемде өтеуге Тапсырыс беруші міндетті.
Тармақ 10.6
10.6. Шарт бойынша тұрақсыздық айыбын төлеуді екінші Тараптан шағым мен тиісті шотты алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Шарт бойынша Тарап жүргізеді.
Тармақ 10.7
10.7. Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптарға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жауапкершілік шаралары жүктеледі.
Тармақ 10.8
10.8. Тұрақсыздық айыбын немесе айыппұлды төлеу Тараптарды Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындаудан босатпайды.
Тармақ 10.9
10.9. Тапсырыс беруші:
Тармақша 1
1) Шартта көзделген міндеттемелерді бірнеше рет бұзғаны үшін;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген лицензияланатын қызметті орындауға арналған лицензияны кері қайтарып алғанда;
Тармақша 3
3) сапасы лайықсыз Тауарды бірнеше рет берілген жағдайда Шартты бұзуға құқылы.
Тармақ 10.10
10.10. Шартты бұзу негіздері туындаған кезде Тапсырыс беруші Өнім берушіге Шартты толық немесе ішінара біржақты тәртіппен бұзу туралы жазбаша хабарлама жібереді. Өнім беруші осындай хабарламаны алған күннен бастап Шарт бұзылды деп есептеледі.
Тармақ 10.11
10.11. Тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерін ішінара немесе толық орындамағаны үшін, егер ол еңсерілмейтін күш жағдайларының (дүлей зілзалалар, міндеттемелерді орындауға тыйым салатын немесе қандай да бір өзгеше түрде кедергі келтіретін мемлекеттік органдардың нормативтік актілерін немесе өкімдерін шығару) салдары болып табылса, Шарт бойынша міндеттемелерді Тараптардың орындауына тыйым салатын немесе қандай да бір өзгеше түрде кедергі келтіретін болса жауапкершіліктен босатылады.
Тармақ 10.12
10.12. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ осы Шартты жасасуға немесе тоқтатуға байланысты Тараптар мен олардың қызметкерлері және Тараптарға белгілі болғандай, олардың үлестес тұлғалары, агенттері, өкілдері, делдалдары және (немесе) қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) Қазақстан Республикасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын бұзатын не бұзуға ықпал ететін әрекеттерді жасамайды, оларды жасауға ынталандырмайды, сондай-ақ Шартқа 10-қосымшаға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды сақтайды деп сендіреді.
Тарау 11. 11-тарау. Қорытынды ережелер
11-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 11.1
11.1. Егер Шарттың негізгі мәтінінде не оның қосымшаларында өзгеше белгіленбесе, осы Шартта мәтінде пайдаланылатын сөздер мен сөз тіркестерінің осы Шартқа 13-қосымшада қамтылған мағыналары болады.
Тармақ 11.2
11.2. Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар, егер олар Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша келісім түрінде жазбаша нысанда жасалса, оған Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойса және Тараптардың мөрлерімен куәландырылса, күшіне ие болады.
Тармақ 11.3
11.3. Тарап екінші Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз Шарт бойынша өз құқықтары мен міндеттерін үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
Тармақ 11.4
11.4. Қандай да бір Тараптың атауы, заңды мекенжайы және басқа да деректемелері өзгерген кезде, ол осындай өзгерістер болған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде бұл туралы екінші Тарапты жазбаша хабардар етеді және Шартқа тиісті өзгерістер енгізеді.
Тармақ 11.5
11.5. Тараптардың Шартпен реттелмеген өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Тармақ 11.6
11.6. Тараптар арасында дауды шешу мүмкін болмаған кезде Тараптардың бірі Тапсырыс берушінің орналасқан жері бойынша сот тәртібімен тиісті талап қоюмен екінші Тарапқа жүгінуге құқылы.
Тармақ 11.7
11.7. Шарт Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан қазақ және орыс тілдерінде 2 (екі) данада жасалды.
Тармақ 11.8
11.8. Шарт оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және ____ жылғы 31 желтоқсанға дейін, ал өзара есеп айырысу, кепілдік және кепілдіктен кейінгі сервистік қызмет көрсету бөлігінде Тараптар оларды толық орындағанға дейін қолданылады.
Тарау 12. 12-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік деректемелері және қолдары
12-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік деректемелері және қолдары Тапсырыс беруші: _____________________ БСН Заңды мекенжайы: Банктік деректемелер Телефон, e-mail Лауазымы _____________________ Қолы, Т.А.Ә. Мөрі (бар болған жағдайда) Өнім беруші: _____________________ БСН Заңды мекенжайы: Банктік деректемелер Телефон, e-mail Лауазымы _____________________ Қолы, Т.А.Ә. Мөрі (бар болған жағдайда)
Басқа 33.1. Тауардың тізбесі мен жиынтықталуы
Сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы сатып алудың үлгі шарты (тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында) 1-қосымша Тауардың тізбесі мен жиынтықталуы р/с№ Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның ата­уы Жиын­тық­та­луы Са­ны, бір­лі­гі Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның құ­ны, тең­ге Бар­лық мер­зім­ге ке­піл­дік­тен кей­ін­гі сер­ви­стік қыз­мет көр­се­ту құ­ны 1 жы­л­ға ке­піл­дік­тен кей­ін­гі сер­ви­стік қыз­мет көр­се­ту құ­ны (фор­му­ла: бар­лық мер­зім­ге ке­піл­дік­тен кей­ін­гі сер­ви­стік қыз­мет көр­се­ту құ­ны / ке­піл­дік­тен кей­ін­гі сер­ви­стік қыз­мет көр­се­ту­дің мер­зі­мі (са­ны) Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның жал­пы құ­ны, тең­ге Бе­ру мер­зі­мі Жиы­ны Тап­сы­рыс бе­ру­ші Өнім бе­ру­ші _____________________ _____________________ мөр ор­ны мөр ор­ны
Басқа 33.2. Сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканың техникалық ерекшелігі
Сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы сатып алудың үлгі шарты (тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында) 2-қосымша Сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканың техникалық ерекшелігі р/с № Өл­шем­шар­ттар Си­паттау 1 Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның ата­уы 2 Жиын­тық­та­у­ға та­лап­тар р/с № Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның құ­рам­дас бөл­шек­те­рі­нің ата­уы (ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның тір­кеу ку­ә­лі­гіне сәй­кес құ­рам­дас бөл­шек­те­рі­нің ата­уы) Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның құ­рам­дас бөл­шек­те­рі­нің тех­ни­ка­лық си­патта­ма­сы Та­лап еті­ле­тін са­ны (өл­шем бір­лі­гін көр­се­те оты­рып) Негіз­гі жиын­тық­та­у­шы­лар Қо­сым­ша жиын­тық­та­у­шы­лар Шы­ғыс ма­те­ри­ал­да­ры және то­за­тын түй­ін­дер 3 Пай­да­ла­ну шар­тта­ры­на қой­ы­ла­тын та­лап­тар 4 Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ны бе­ру­ді жү­зе­ге асы­ру шар­тта­ры (ИН­КО­ТЕРМС 2020 сәй­кес) DDP бел­гі­лен­ген пункт 5 Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ны бе­ру мер­зі­мі және ор­на­лас­қан же­рі ___күн­тіз­бе­лік күн­нен ке­шік­тір­мей «__»_________ ж. Ме­кен­жайы: 6 Өнім бе­ру­ші­нің, оның Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы сер­ви­стік ор­та­лық­та­ры­ның не үшін­ші құ­зы­рет­ті тұ­лға­лар­ды тар­та оты­рып, ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ға ке­піл­дік­ті сер­ви­стік қыз­мет көр­се­ту жағ­дай­ла­ры Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ға 37 ай­дан кем емес мер­зім­де ке­піл­ді сер­ви­стік қыз­мет көр­се­ту. Ке­піл­дік­тен кей­ін­гі сер­ви­стік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі __ ай­ды құ­рай­ды. Са­рап­та­ма ұй­ы­мы­ның қо­ры­тындыс­ы­на сәй­кес, ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ға ке­піл­дік­тен кей­ін­гі сер­ви­стік қыз­мет көр­се­ту құ­ны лот­тың жал­пы құ­ны­нан __% құ­рай­ды. Жос­пар­лы тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту тоқ­са­ны­на ке­мін­де 1 рет жүр­гі­зі­луі ти­іс. Тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту бой­ын­ша жұ­мыстар пай­да­ла­ну құ­жат­та­ма­сы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес орын­да­ла­ды және мы­на­лар­ды қам­туы ти­іс: - пай­да­ла­ны­л­ған ре­сур­стық құ­рам­дас бө­лік­тер­ді ауы­сты­ру; - ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның же­ке­ле­ген бө­лік­те­рін ауы­сты­ру неме­се қал­пы­на кел­ті­ру; - ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ны бап­тау және рет­теу; осы ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ға тән жұ­мыстар - негіз­гі ме­ха­низмдер мен то­рап­тар­ды та­за­лау, май­лау және қа­жет болған кез­де ірік­теу; - ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка кор­пу­сы­ның сырт­қы және іш­кі бет­те­рі­нен оның құ­рам­дас бө­лік­те­рі­нің ша­ңын, кі­рін, тот­та­ну және то­тығу із­де­рін жою (іші­на­ра бл­ок­тық-то­рап­тық бөл­шек­те­умен); - ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның нақ­ты тү­ріне тән пай­да­ла­ну құ­жат­та­ма­сын­да көр­се­ті­л­ген өзге де опе­ра­ци­я­лар. 7 Іле­с­пе қыз­мет­тер­ге қой­ы­ла­тын та­лап­тар Та­у­ар­дың әр­бір жиын­тығы мәті­ні­нің қа­зақ неме­се орыс тіл­де­ріне аудар­ма­сы бар тех­ни­ка­лық және пай­да­ла­ну құ­жат­та­ма­сы­ның жиын­тығ­ы­мен жаб­дық­та­ла­ды. Та­у­ар­лар­ды өт­кі­зу Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. Бе­ру жиын­тығы осы кесте­нің әр­бір тар­ма­ғы (жиын­тық неме­се жаб­дық бір­лі­гі) үшін та­у­ар­дың және бар­лық жиын­тық­тың нақ­ты тех­ни­ка­лық си­патта­ма­ла­рын көр­се­те оты­рып си­патта­ла­ды. Егер тех­ни­ка­лық ерекше­лік­те өзге­ше көр­се­тіл­ме­се, қо­сым­ша адап­тер­лер­сіз неме­се транс­фор­ма­тор­лар­сыз, электр қу­а­ты 220 Вольт. Ас­пап­тар­мен бір­ге бе­рі­ле­тін, Тап­сы­рыс бе­ру­ші­нің ор­на­ты­л­ған жабды­ғы­ның бағ­дар­ла­ма­лық жа­сақ­та­ма­мен үй­ле­сім­ді бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым. Өнім бе­ру­ші та­у­ар­ды бе­ру про­це­сін бі­лік­ті ма­ман­дар­мен сүй­е­мел­де­уді қам­та­ма­сыз ете­ді. Та­у­ар­ды бе­ру­ді жү­зе­ге асы­ру ке­зін­де Өнім бе­ру­ші Тап­сы­рыс бе­ру­ші­ге та­у­ар­дың бағ­дар­ла­ма­лық жа­сақ­та­ма­сы­на қол жет­кі­зу үшін бар­лық сер­вис-код­тар­ды ұсы­на­ды. Өл­шеу құ­рал­да­ры­на жа­та­тын та­у­ар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның өл­шеу құ­рал­да­ры­ның ті­зі­лі­міне ен­гі­зі­лу­ге ти­іс. Жаб­дық ор­на­ты­л­ған­ға дей­ін күн­тіз­бе­лік 40 (қы­рық) күн­нен ке­шік­тір­мей Өнім бе­ру­ші Тап­сы­рыс бе­ру­ші­ні жаб­дық­ты сәт­ті іс­ке қо­су үшін қа­жет­ті ин­стал­ля­ция ал­дын­да­ғы та­лап­тар ту­ра­лы ха­бар­дар ете­ді. Есік­тер­дің стан­дарт­ты ой­ық­та­ры­нан өте­тін (ені 80 сан­ти­метр, би­ік­ті­гі 200 сан­ти­метр) сырт­қы га­ба­рит­те­рі бой­ын­ша үй-жай­ды ин­стал­ля­ци­я­лау ал­дын­да­ғы дай­ын­дық­пен күр­де­лі мон­таж­дау жұ­мыста­рын жүр­гі­зу­ді бо­лжа­май­тын ірі жаб­дық. Жаб­дық­ты жұ­мыс ор­ны­на жет­кі­зу­ді, тү­сі­ру­ді, ас­пап­тар­ды қап­та­ма­дан алу­ды, ор­на­ту­ды, рет­те­уді және іс­ке қо­су­ды, олар­дың си­патта­ма­ла­ры­ның осы құ­жат­қа және фир­ма­ның ерекше­лі­гіне (дәл­дік, се­зім­тал­дық, өнім­ді­лік және бас­қа­лар) сәй­кест­і­гін тек­се­ру­ді, штат­та ти­іс­ті ма­ман­дар, өн­ді­ру­ші­нің қыз­мет­кер­ле­рі бол­ма­ған кез­де, Тап­сы­рыс бе­ру­ші­нің ме­ди­ци­на­лық (ап­пли­ка­ци­я­лық тре­нинг) және тех­ни­ка­лық пер­со­нал­ды оқы­ту­ды (рас­тай­тын құ­жат бе­ре оты­рып, қыз­мет көр­се­ту­дің ба­за­лық дең­гей­іне) Өнім бе­ру­ші жү­зе­ге асы­ра­ды. Тапсырыс беруші: ________ Өнім беруші: ________ мөр орны мөр орны
Басқа 33.3. Өнім берушінің тауарды беруі туралы есебі
Сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы сатып алудың үлгі шарты (тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында) 3-қосымша Кімге: Бірыңғай дистрибьюторға Өнім берушінің тауарды беруі туралы есебі р/с№ Өңір Тап­сы­рыс бе­ру­ші Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның ата­уы (мо­дель) Шар­ттың нө­мі­рі мен кү­ні Са­ны, бір­лі­гі Ке­піл­дік­тен кей­ін­гі қыз­мет көр­се­ту­ді есеп­ке ал­ма­ған­да та­у­ар­дың құ­ны, тең­ге Со­ма­сы, тең­ге Қа­был­дау-бе­ру ак­ті­сіне қол қою кү­ні Өнім беруші ______________________ мөр орны
Басқа 33.4. Сервистік қызмет көрсету графигі
Сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы сатып алудың үлгі шарты (тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында) 4-қосымша Сервистік қызмет көрсету графигі «____» __________20___жыл Тапсырыс беруші: ____________________________________________________ Медициналық техниканы орнату орны: ________________________________ __ _________ 20__ жылғы № _____ Сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы берудің шартына сәйкес № Жаб­дық­тың ата­уы Са­ны, бір­лі­гі Сер­ви­стік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де жүр­гі­зі­ле­тін жұ­мыстар­дың ата­уы Сер­ви­стік қыз­мет көр­се­ту­ді жүр­гізу­ге ар­нал­ған шы­ғыс ма­те­ри­ал­да­ры Сер­ви­стік қыз­мет көр­се­ту­ді жүр­гі­зу ке­зе­ңі Тапсырыс беруші ______________ Өнім беруші ______________ мөр орны мөр орны
Басқа 33.5. Тауарды қабылдау-беру актісі
Сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы сатып алудың үлгі шарты (тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында) 5-қосымша Тауарды қабылдау-беру актісі Тауарды қабылдау және акті жасау орны (бұдан әрі - МТ): __________________________________ «____» ___________ 20___ ж Өнім берушінің тарабы ____________________________________________________________________ (лауазымы, жұмыс орны, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)) Тапсырыс берушінің тарабы ____________________________________________________________________ (лауазымы, жұмыс орны, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)) Құрамдағы комиссия (әр тараптан): _____________________________________ _______________________________ (лауазымы, жұмыс орны, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)) Өнім берушінің атауы ____________________________________________________________________ Жөнелтушінің (өндірушінің) атауы мен мекенжайы ____________________________________________________________________ МТ атауы ___________________________________________________________ Шот-фактураның күні мен нөмірі ____________________________________________________________________ Босатуға арналған жүкқұжаттың күні мен нөмірі __________________________ __________________________________________ МТ орнату күні ______________________________________________________ МТ орнату орны ______________________________________________________ МТ іске қосу-баптау күні ______________________________________________ МТ жай-күйі __________________________________________________________ Сериялық нөмірі _____________________________________________________ Шыққан жылы _______________________________________________________ ____________________________________________________________________ Көрсетілген жабдық монтаждалған, ретке келтірілген, толық жинақталған (қажеттінің астын сызу). Қызмет көрсететін медициналық персоналды оқыту жүргізілді __________________ __________________________________________________ Анықталған ақаулардың, ауытқулардың толық сипаттамасы және олардың сипаты: ______________________________________________________________ Ақау себептері, саны мен сапасының ауытқуы туралы комиссияның қорытындысы: _______________________________________________________ Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) көрсетілген комиссия мүшелерінің қолдары: 1. __________________________ 2. __________________________ 3. __________________________ Өнім беруші _________________ мөр орны Тапсырыс беруші _____________ мөр орны
Басқа 33.6. Сәйкессіздіктер туралы акт
Сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы сатып алудың үлгі шарты (тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында) 6-қосымша Сәйкессіздіктер туралы акт
Тармақ 1
1. Қабылдау-беру күні _________________________________________________
Тармақ 2
2. Тапсырыс берушінің атауы мен мекенжайы _____________________________
Тармақ 3
3. Өнім берушінің атауы _______________________________________________
Тармақ 4
4. Медициналық техиканың атауы _______________________________________
Тармақ 5
5. Зауыттық/сериялық нөмірі ___________________________________________
Тармақ 6
6. Медициналық техиканың орналасқан орны _____________________________
Тармақ 7
7. Жиынтықталуы: ____________________________________________________
Тармақ 8
8. Жұмысқа жарамдылық және опциялар, режимдердің бар болуы және тағы басқалар: ____________________________________________________________
Тармақ 9
9. Айқындалған ақаулардың, ауытқулардың егжей-тегжейлі сипатталуы және олардың сипаты: _____________________________________________________
Тармақ 10
10. Ақаулардың, сан мен сапасының ауытқуларының себептері туралы комиссияның қорытындысы: ___________________________________________
Тармақ 11
11. Өнім беруші (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)) (қолы) _______________
Тармақ 12
12. Тапсырыс беруші (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)) (қолы) ____________
Басқа 33.7. Техникалық жай-күйі туралы журнал
Сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы сатып алудың үлгі шарты (тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында) 7-қосымша Техникалық жай-күйі туралы журнал Күні Медициналық техниканың жай-күйі Орындалған жұмыс түрлері Инженердің, маманның тегі, аты, әкесінің аты Қолы Ескертпе
Басқа 33.8. Сервистік қызмет көрсетудің орындалған жұмыстарының актісі
Сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы сатып алудың үлгі шарты (тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында) 8-қосымша Сервистік қызмет көрсетудің орындалған жұмыстарының актісі Ин­же­нер ко­ды Өті­нім нө­мі­рі және бе­рі­л­ген кү­ні Кел­ген уа­қы­ты Шық­қан уа­қы­ты Кет­кен уа­қыт Ден­са­улық сақ­тау ұй­ы­мы: Ел­ді ме­кен: Бө­лім­ше: Ме­кен­жайы: Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка Се­ри­я­лық нө­мі­рі Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ны мон­таж­дау кү­ні: - ке­піл­ді - ке­піл­дік­тен кей­ін­гі (бел­гі­леу) Вы­пол­нен­ные ра­бо­ты: Ди­а­гно­сти­ка Жөн­деу Жаң­ғыр­ту ӨТБ* Бөл­шек­теу Оқы­ту Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка жөн­деу ке­зін­де жұм­сал­ған ма­те­ри­ал­дар Ма­те­ри­ал ата­уы Өл­шем бір­лі­гі Са­ны Жал­пы со­ма­сы (тең­ге) Ақа­улық түр­ле­рі Бағ­дар­ла­ма қа­те­сі Тех­ни­ка­лық ақа­улық Ме­ха­ни­ка­лық ақа­улық Жөн­деу түр­ле­рі: Ке­піл­ді жөн­деу Ке­піл­дік­сіз жөн­деу Тү­сі­нік­те­ме­лер және тех­ни­ка­лық қо­ры­тын­ды: _________________________________________________
Басқа 33.9. Тауардың жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін төлемдерді есептеу тәртібі
Сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы сатып алудың үлгі шарты (тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында) 9-қосымша Тауардың жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін төлемдерді есептеу тәртібі
Тармақ 1
1. Шартқа сәйкес рұқсат етілген тоқтап қалудан тыс Тауардың жұмыс істемей тоқтап қалуы болмаған кезде тоқсанына Шарт бойынша тауардың 1 бірлігіне қатысты жұмысқа қабілеттілікті қамтамасыз ету үшін төлемнің мөлшерін есептеу мынадай формулаға сәйкес айқындалады: Тмт=Тм/4 ● Тмт– жылдың қаржы тоқсанында Тауардың 1 бірлігіне қатысты сервистік қызмет көрсету үшін Төлем мөлшері; ● Тм– жылына Тауардың 1 бірлігіне қатысты сервистік қызмет көрсету үшін Төлем мөлшері.
Тармақ 2
2. Шартқа сәйкес рұқсат етілген тоқтап қалудан тыс Тауардың жұмыс істемей тоқтап қалуы болған кезде не егер тауар қаржы кезеңі ішінде жұмыс істеуге қабілетсіз болса (көрсетілген қаржы кезеңіндегі тоқсан, жылдың қаржы кезеңіндегі шарт бойынша Тауардың 1 бірлігіне қатысты сервистік қызмет көрсету үшін төлем (тоқсан) мынадай формулаға сәйкес айқындалады: Тмт=(Тм/4) х(Нт/Жт), мұндағы ● Жт– қаржы кезеңіндегі жұмыс күндерінің саны «т» (тоқсан) (жұмыс күндері Тапсырыс берушінің жұмыс күндері болып есептеледі, онда Тауар конкурс қорытындысы бойынша анықталған рұқсат етілген тоқтап қалу мерзімін шегергенде, Қорытындылар хаттамасының негізінде белгіленген); ● Нт– берілген тауар жұмыс істей алатын қаржы кезеңінде нақты жұмыс істеген жұмыс күндерінің саны «т» (тоқсан). ● Мәні (Нт/Жт) > 1 болғанда, онда (Нт/Жт) мәні 1-ге тең деп қабылданады.
Басқа 33.10. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптар
Сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы сатып алудың үлгі шарты (тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында) 10-қосымша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптар
Тармақ 1
1. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ осы Шартты жасасуға немесе тоқтатуға байланысты Тараптар мен олардың қызметкерлері және Тараптарға белгілі болғандай, олардың үлестес тұлғалары, агенттері, өкілдері, делдалдары және (немесе) қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) Қазақстан Республикасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын бұзатын не бұзуға ықпал ететін әрекеттерді жасамайды, оларды жасауға ынталандырмайды, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында қандай да бір заңсыз артықшылықтарды немесе өзге де заңсыз мақсаттарды алу мақсатында осы тұлғалардың әрекеттеріне немесе шешімдеріне ықпал ету үшін кез келген тұлғаларға тікелей немесе жанама түрде қандай да бір ақшалай қаражатты немесе құндылықтарды төлемейді, төлеуді ұсынбайды және төлеуге рұқсат бермейді деп сендіреді.
Тармақ 2
2. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ осы Шартты жасасуға немесе тоқтатуға байланысты Тараптар мен олардың жұмыскерлері және Тараптарға белгілі болғандай, олардың үлестес тұлғалары, агенттері, өкілдері, делдалдары және (немесе) қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) осы Шарттың мақсаттары үшін қолданылатын заңнамада қолданылатын пара беру/алу, коммерциялық сатып алу сияқты әрекеттерді, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын бұзатын әрекеттерді жүзеге асырмайтындығына сендіреді.
Тармақ 3
3. Осы Шарт Тараптарының әрқайсысы басқа Тараптың қызметкерлерін қандай да бір жолмен, оның ішінде ақшалай сомаларды, сыйлықтарды беру, олардың атына жұмыстарды (қызметтерді) өтеусіз орындау жолымен және қызметкерді белгілі бір тәуелділікке қоятын және осы қызметкердің оны ынталандыратын тараптың пайдасына қандай да бір іс-әрекеттерді орындауын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да тәсілдермен ынталандырудан бас тартады.
Тармақ 4
4. Тараптардың әрқайсысы екінші Тараптан осы Шарттың орындалу барысын талдау мақсатында осы Шарттың орындалуы жөніндегі мәліметтерді қамтитын құжаттарды сұратады.
Тармақ 5
5. Тарапта қандай да бір Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жағдайлардың бұзылғаны немесе орын алуы мүмкін деген күдік туындаған кезде, тиісті Тарап екінші Тарапты жазбаша нысанда хабардар етеді, сондай-ақ бұл туралы жоғары тұрған басшыға және (немесе) қызметкері болып табылатын мемлекеттік органның не ұйымның басшылығына және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 1-тармағына сәйкес хабарлайды.
Тармақ 6
6. Жазбаша хабарламада Тарап контрагенттің, оның үлестес тұлғаларының, жұмыскерлерінің, агенттерінің, өкілдерінің, делдалдардың және (немесе) қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) осы шарттардың қандай да бір ережелерін бұзу болғанын немесе болуы мүмкін екенін анық растайтын немесе болжауға негіз болатын, қолданылатын заңнамада пара беру немесе алу, коммерциялық сатып алу ретінде сараланатын әрекеттерден, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын бұзатын әрекеттерден көрінетін фактілерге сілтеме жасайды немесе материалдарды ұсынады.
Тармақ 7
7. Осы Шарттың Тараптары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі рәсімдердің жүргізілуін мойындайды және олардың сақталуын бақылайды. Бұл ретте тараптар сыбайлас жемқорлық қызметіне болжалды түрде тартылған контрагенттермен іскерлік қатынастардың болуын барынша азайту үшін ақылға қонымды күш-жігер жұмсайды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бір-біріне өзара жәрдем көрсетеді.
Тармақ 8
8. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптардың 5-тармағына сәйкес жазбаша хабарлама алған Тарап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде тергеу жүргізеді және оның нәтижелерін екінші Тараптың атына береді.
Тармақ 9
9. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шеңберінде Бірыңғай дистрибьютор Өнім берушіге комплаенс-тексеру жүргізу құқығын өзіне қалдырады.
Тармақ 10
10. Комплаенс-тексеру жүргізу барысында Бірыңғай дистрибьютор Өнім берушіні ынтымақтастықтан бас тарту үшін негіздердің/теріс ақпараттың/өзге де мәліметтердің болуын, оның ішінде, бірақ онымен шектелмей, сыбайлас жемқорлық көріністерін, ақшаның ізін жасыруды және терроризмді қаржыландыруды қоса алғанда, қандай да бір заңсыз қызметке қатыстылығын, Өнім берушінің, оның акционерлерінің/ құрылтайшыларының/ қатысушыларының, басшыларының ынтымақтастыққа тыйым салатын халықаралық санкцияларға ұшыраған адамдар тізімінде болуын тексереді.
Басқа 33.11. Ауыстыру актісі
Сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы сатып алудың үлгі шарты (тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында) 11-қосымша Ауыстыру актісі 1. Өнім берушінің тарабы ____________________________________________________________________ (лауазымы, жұмыс орны, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)) 2. Тапсырыс берушінің тарабы ____________________________________________________________________ (лауазымы, жұмыс орны, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)) Құрамдағы комиссия (әр тараптан): ____________________________________________________________________ (лауазымы, жұмыс орны, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)) Өнім берушінің атауы ____________________________________________________________________ Жөнелтушінің (өндірушінің) атауы мен мекенжайы ____________________________________________________________________ МТ атауы ____________________________________________________________________ Шот-фактураның күні мен нөмірі ________________________________________ ____________________________ Босатуға арналған жүкқұжаттың күні мен нөмірі ___________________________ _________________________________________ МТ орнату күні ______________________________________________________ МТ орнату орны ______________________________________________________ МТ іске қосу-баптау күні ______________________________________________ МТ жай-күйі __________________________________________________________ Сериялық нөмірі _____________________________________________________ Шыққан жылы _______________________________________________________ Көрсетілген жабдық монтаждалған, ретке келтірілген, толық жинақталған (қажеттінің астын сызу) Көрсетілген МБ ауыстыру ________________________________________________ _______________________________________________________________________ _____________________________________________________ себебінен жүргізілді Анықталған ақаулардың, ауытқулардың толық сипаттамасы және олардың сипаты: _______________________________________________________________________ _________________________________________________________________ Ақау себептері, саны мен сапасының ауытқуы туралы комиссияның қорытындысы: _______________________________________________________________________ _________________________________________________________________ Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) көрсетілген комиссия мүшелерінің қолдары: 1. _______________ 2. _______________ 3. _______________ 4. _______________ Өнім беруші ____________________ мөр орны Тапсырыс беруші ________________ мөр орны
Басқа 33.12. Қабылдау-беру актісі
Сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы сатып алудың үлгі шарты (тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында) 12-қосымша Қабылдау-беру актісі Тауарды қабылдау және акті жасау орны (бұдан әрі – МТ): __________________________________ «____» ___________ 20___ ж Өнім берушінің тарабы (беруші тарап/қабылдаушы тарап - қажеттінің астын сызу) ____________________________ (лауазымы, жұмыс орны, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)) Тапсырыс берушінің тарабы (беруші тарап/қабылдаушы тарап - қажеттінің астын сызу) ________________________ (лауазымы, жұмыс орны, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)) МТ атауы ____________________________________________________________________ МТ жай-күйі ____________________________________________________________________ Сериялық нөмірі _____________________________________________________ Шыққан жылы _______________________________________________________ Анықталған ақаулардың, ауытқулардың толық сипаттамасы және олардың сипаты:___________________________ Өнім беруші _________________ мөр орны Тапсырыс беруші _____________ мөр орны
Басқа 33.13. Шартта қолданылатын терминдер мен ұғымдар
Сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы сатып алудың үлгі шарты (тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында) 13-қосымша Шартта қолданылатын терминдер мен ұғымдар
Тармақша 1
1) тапсырыс беруші – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер, медициналық қызметтер көрсететін ведомстволық бөлімшелер (ұйымдар), сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді көрсететін денсаулық сақтау субъектілері;
Тармақша 2
2) өнім беруші – Қағидаларға сәйкес шарт жасасуға үміткер, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, егер олар үшін Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе);
Тармақша 3
3) бірыңғай дистрибьютор – қызметін «Халық денсаулығы және жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 247-бабына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 4
4) шарт - сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы беру туралы Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында жасалған осы Шарт;
Тармақша 5
5) тауар – функционалдық мақсатына және өндіруші белгілеген пайдалану сипаттамаларына сәйкес медициналық көмек көрсету үшін жеке немесе өзара үйлесімде қолданылатын аппараттар, аспаптар, жабдық, кешендер, жүйелер;
Тармақша 6
6) пайдалану құжаттамасы – медициналық бұйымның, оның құрамдас бөліктерінің конструкциясы, жұмыс принциптері, параметрлері, техникалық сипаттамалары (қасиеттері) туралы мәліметтерді, медициналық техникаға сервистік қызмет көрсетуді дұрыс, уақтылы және қауіпсіз жүргізу үшін қажетті іс-қимылдар туралы нұсқауларды, дайындаушы туралы ақпаратты және олардың кепілдік міндеттемелерін қамтитын инженерлік-техникалық персонал үшін медициналық техниканы өндіруші әзірлейтін құжат;
Тармақша 7
7) медициналық техниканы ағымдағы жөндеу – медициналық техниканың жарамдылығын (жұмысқа қабілеттілігін) қалпына келтіру, сондай-ақ пайдалану көрсеткіштерін күтіп ұстау мақсатында жөндеу, оның ішінде ақаулы бөлшектерді ауыстыру;
Тармақша 8
8) медициналық техниканы күрделі жөндеу – жасырын ақауларды анықтау және бөлшектердің ресурсын бағалау мақсатында конструкцияны бөлшектеу және тексеру жүргізілетін медициналық техниканы жөндеу;
Тармақша 9
9) медициналық техниканың жұмыс істемей тоқтап тұруы – тауардың жұмыс істемейтін жай-күйінің уақыты, оның ішінде тауарды жөндеу, техникалық тексеру уақыты;
Тармақша 10
10) сервистік қызмет көрсету – нормативтік және пайдалану құжаттамасымен регламенттелген, оның ішінде қашықтықтан (мамандандырылған бағдарламалар мен жабдықтарды пайдалана отырып, онлайн режимінде, баркодпен сәйкестендірілген деректерді беру арнасы немесе өзге де әдіспен) медициналық бұйымды мақсатымен пайдалану кезінде оның жарамдылығы мен жұмысқа қабілеттілігін сақтау және қалпына келтіру бойынша іс-шаралар мен операциялар кешені;
Тармақша 11
11) сервистік қызмет көрсетудің кепілді мерзімі – техникалық қызмет көрсетудің кез келген түрлерін, жабдықтың техникалық диагностикасын және ақауын анықтауды, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын, өнім беруші (дайындаушы, орындаушы), оның ішінде қашықтықтан (мамандандырылған бағдарламалар мен жабдықтарды пайдалана отырып, онлайн режимінде, баркодпен сәйкестендірілген деректерді беру арнасы немесе өзге де әдіспен) көрсететін техникалық консультацияларды қамтитын, қойылған медициналық техниканы ақаусыз күйде ұстау бойынша шығыс материалдары қалпына келтіруді қоспағанда, сатып алу шарттарында, өнім берудің ұзақ мерзімді шарттарында, үшжақты сатып алу және қаржы лизингі шарттарында айқындалған мерзімге тегін тиісінше пайдаланылған және сақталған қызметтер кешені.
Тармақша 12
12) сервистік қызмет көрсетудің кепілдіктен кейінгі мерзімі – Өнім беруші өзінің және/немесе тартылған күштерімен және Шарт талаптарына сәйкес Тауардың анықталған кемшіліктерін өз есебінен жоюды қамтамасыз ететін уақыт кезеңі;
Тармақша 13
13) медициналық техниканың техникалық жай-күйі – техникалық, функционалдық және конструктивтік параметрлер мен сипаттамалардың нақты мәндерімен сипатталатын және олардың медициналық техника өндірушісінің техникалық құжаттамасында келтірілген параметрлер мен сипаттамаларға сәйкестігімен бағаланатын белгілі бір уақыттағы жай-күйі;
Тармақша 14
14) Тауардың рұқсат етілген тоқтап қалу уақыты – сервистік қызмет көрсету бойынша жұмыстарды жүргізу үшін, сондай-ақ Тауардың жынысы және (немесе) ақауларын жою үшін – кепілдіктен кейінгі сервистік қызмет көрсету үшін төлемді төмендетпей және Шартта көзделген санкцияларды қолданбай тауардың жұмыс істемеу уақыты;
Тармақша 15
15) қаржы кезеңі (тоқсан) - Тоқсан. Тоқсан мынадай кезеңдер болып табылады: I тоқсан – 1 қаңтардан 31 наурызға дейін, II тоқсан – 1 сәуірден 30 маусымға дейін, III тоқсан – 1 шілдеден 30 қыркүйекке дейін, IV тоқсан – 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейін;
Тармақша 16
16) қаржы жылы – күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан басталып, 31 желтоқсанында аяқталатын уақыт кезеңі.