Об установлении норматива отчисления части чистого дохода коммунальных государственных предприятий Таскалинского района Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тасқала ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес, Тасқала ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Тасқала ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Тасқала ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Тасқала ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі
Тасқала ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 6 маусымдағы № 93 қаулысына қосымша Тасқала ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі Таза кіріс 3 000 000 теңгеге дейін таза кіріс сомасынан 5 пайыз Таза кіріс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін 150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 10 пайыз Таза кіріс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін 4 850 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 15 пайыз Таза кіріс 250 000 001 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін 34 850 000 теңге + 250 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 25 пайыз Таза кіріс 500 000 001 теңгеден 1 000 000 000 теңгеге дейін 97 350 000 теңге + 500 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 30 пайыз Таза кіріс 1 000 000 001 теңге және одан жоғары 247 350 000 теңге + 1 000 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 50 пайыз