Об установлении мест для массового отдыха, туризма и спорта на водных объектах и водохозяйственных сооружениях области Жетісу Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жетісу облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 94-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жетісу облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлер осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының Жетісу облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Жетісу облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидиемиологиялық бақылау департаменті РММ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Алакөл-Балқаш бассейндік инспекциясы РММ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша экология департаменті РММ
Басқа 7
Жетісу облысы әкімдігінің 2023 жылғы 8 маусымдағы № 170 Қаулысына қосымша Жетісу облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлері № Су объектісінің атауы Халықтың жаппай демалу орындары Елді мекен Ескертпе Талдықорған қаласы 1 Қаратал өзені Қалалық жағажай Талдықорған қаласы Мемлекеттік жер қоры Алакөл ауданы 2 Алакөл көлі Алакөл көлі жағалауының жағажайлары Ақши ауылы Мемлекеттік жер қоры 3 Алакөл көлі Алакөл көлі жағалауының жағажайлары Көктұма ауылы Мемлекеттік жер қоры Сарқан ауданы 4 Балқаш көлі Балқаш көлі жағалауының жағажайлары Лепсі ауылы Мемлекеттік жер қоры Текелі қаласы 5 Ашық жүзу бассейні Қалалық бассейн Текелі қаласы Мемлекеттік жер қоры